5-2) осы Заңның 9-бабына сәйкес уәкілетті органға депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты беруге;»;
6) тармақшадағы «ақпараттарды беруге» деген сөздер «ақпаратты беруге және депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуі мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізуге» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) тармақшадағы «жүргізуге міндетті.» деген сөздер «жүргізуге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына және осы Заңның 13-бабы 2-тармағының 5) және 5-1) тармақшаларына сәйкес алынған мәліметтерді жария етпеуге міндетті.»;
8) мынадай мазмұндағы 8-1-баппен толықтырылсын:
«8-1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның өзара іс-қимыл жасау негіздері
1. Өз функцияларын тиiсiнше және уақтылы орындау мақсатында депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты, оның ішінде банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді сұратады және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне оның сұрау салуы бойынша депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты береді. Бұл ретте депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым алған мәліметтер жария етуге жатпайды.
2. Осы Заңда көзделген жағдайда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен қарыз алуға құқылы.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның активтерін инвестициялау тәртібін айқындайды.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым өз қызметін үйлестіреді, қабылданатын құжаттарды келіседі және депозиттерге міндетті кепілдік беру жөнінде жүргізілетін іс-шаралар туралы бір-біріне хабарлайды.»;
9) 9-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Өз функцияларын тиiсiнше және уақтылы орындау мақсатында депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беруді жүзеге асыратын ұйым уәкiлеттi органнан депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты, оның ішінде банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді сұратады және уәкілетті органға оның сұрау салуы бойынша депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты береді. Бұл ретте депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым алған мәліметтер жария етуге жатпайды.»;
3 және 4-тармақтар алып тасталсын;
10) 11-баптың 2-тармағында:
2) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) шарттың нысанасы;»;
«5) қатысушы банктің депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға өз міндеттері мен функцияларын орындау үшін қажетті мәліметтерді, оның ішінде банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді ұсыну тәртібі, шарттары және мерзімдері, сондай-ақ депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның оларды сақтау тәртібі;»;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқарушы органы айқындайтын, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның қатысушы банктердің шарт талаптарын орындау сәйкестігін анықтау жөніндегі, оның ішінде қатысушы банктің кепiлдiк берiлетiн депозиттер бойынша міндеттемелерін және кепілдік берілген өтем сомаларын автоматтандырылған есепке алу жөніндегі іс-шараларды жүргізу тәртібі;»;
6) тармақшадағы «мәжбүрлеп таратылған», «кепiлдiк берiлген депозиттер бойынша және» деген сөздер тиісінше «барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған», «кепiлдiк берiлетін депозиттер және солар бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) тармақшадағы «банктегi есеп шотынан», «тұрақсыздық төлемін», «талаптар болуға тиiс.» деген сөздер тиісінше «банктік шоттарынан», «тұрақсыздық айыбын», «талаптар;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) уәкілетті органның қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айыру туралы шешімінің күші жойылған жағдайда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым төлеген кепілдік берілген өтем сомасын қайтару тәртібі мен шарттары қамтылуға тиіс.»;
11) 12-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған күннен бастап қатысушы банктің жарналарды төлеу жөніндегі міндеттемелері тоқтатылады.»;
12) 13-бапта:
2-тармақта:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның сұрау салуы бойынша депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті өзге де ақпаратты, оның ішінде банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді беруге;»;
6) тармақшадағы «сақтауға міндетті.» деген сөздер «сақтауға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) уәкілетті органның қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айыру туралы шешімінің күші жойылған жағдайда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым төлеген кепілдік берілген өтем сомасын қосылу шартында көзделген тәртіппен қайтаруға міндетті.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айыру кезеңінде тағайындалатын уақытша әкімшілік қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған күннен бастап жиырма бес жұмыс күні ішінде депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айыру күніне жасалған кепілдік берілетін депозиттер бойынша депозиторлар тізімін, сондай-ақ кепілдік берілетін депозиттер бойынша кепілдік берілген өтемнің есеп-қисабын ұсынуға міндетті.»;
13) 15-бапта:
1-тармақта:
1) тармақша «лицензиясынан» деген сөзден кейін «не барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақшадағы «қайтарып беруi негiз болып табылады.» деген сөздер «қайтарып беруi;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) қатысушы банктің осы Заңның 13-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген міндетті орындамауы негіз болып табылады.»;
2-тармақта:
1) тармақшадағы «айырған», «лицензиясынан айыру» деген сөздер тиісінше «не барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырған», «лицензиядан айыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «қатысушы банктi мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру немесе тарату кезiнде» деген сөздер «қатысушы банк мәжбүрлеп қайта ұйымдастырылған кезде» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы «күннен бастап депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнен шығарылуға тиiс.» деген сөздер «күннен бастап;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) қатысушы банк осы Заңның 13-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген міндетті орындамаған кезде - депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқарушы органы шешім қабылдаған күннен бастап депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінен шығарылуға жатады.»;
4-тармақта:
екінші бөліктегі «депозиттерді қабылдауға, жеке тұлғалардың», «сондай-ақ ерікті қайта ұйымдастыру негіздері бойынша» деген сөздер тиісінше «жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға,», «ерікті қайта ұйымдастыру негіздері бойынша, сондай-ақ осы баптың 2-тармағының 5) тармақшасында көзделген негіз бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктегі «2) тармақшасында (қатысушы банкті мәжбүрлеп тарату жағдайынан басқа) және 4) тармақшасында» деген сөздер «2) және 4) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 17-бапта:
«мәжбүрлеп таратылған» деген сөздер «барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған» деген сөздермен ауыстырылсын;
«және (немесе) салым құжаттарымен» деген сөздер алып тасталып, «теңге және шетел валютасы түрiндегi депозиттерiн» деген сөздер «теңге мен шетел валютасындағы депозиттерiн және қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған күнге есепке жазылған осындай депозиттер бойынша сыйақыны» деген сөздермен ауыстырылсын;
«олар бойынша есептелген сыйақысыз» деген сөздер алып тасталсын;
15) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«18-бап. Кепілдік берілген өтем
1. Қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған жағдайда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым кепілдік берілетін депозиттер бойынша депозиторларға:
ұлттық валютадағы жинақ салымдары (депозиттері) бойынша - он бес миллион теңгеден аспайтын;
ұлттық валютадағы өзге де депозиттер бойынша - он миллион теңгеден аспайтын;
шетел валютасындағы депозиттер бойынша - бес миллион теңгеден аспайтын қалдықтар сомасында кепілдік берілген өтем төлейді.
Депозитордың қатысушы банкте түрі мен валютасы бойынша әртүрлі бірнеше кепілдік берілетін депозиті болған кезде депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым олар бойынша он бес миллион теңгеден аспайтын сомада жиынтық кепілдік берілген өтем төлейді.
2. Кепілдік берілетін депозиттер бойынша кепілдік берілген өтемді төлеу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүргізіледі. Шетел валютасындағы депозиттер бойынша кепілдік берілген өтемді есептеу үшін валюта айырбастаудың қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айыру күніне айқындалған нарықтық бағамы пайдаланылады.»;
16) 19-баптың 4-тармағы алып тасталсын;
17) 20-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігіндегі «тәртiбi және агент банкке қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде айқындалады» деген сөздер «тәртiбiн және агент банкке қойылатын талаптарды депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқарушы органы айқындайды» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «сай келмеген», «почта» деген сөздер тиісінше «сай келмеген немесе конкурсқа қатысуға арналған конкурстық өтінімдер болмаған», «пошта» деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 21-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жариялау арқылы кепілдік берілген өтемді төлеуді жүзеге асыратын агент банктің (агент банктердің) не Ұлттық пошта операторының (агент банктi таңдау мүмкiн болмаған жағдайда) атауын көрсете отырып, кепілдік берілген өтемді төлеу басталатын күн, төлеу кезеңі мен орны (орындары) туралы не осы Заңның 23-бабында көзделген жағдайда, кепілдік берілген өтем төлеуді бастауды кейінге қалдыру туралы хабарлайды.»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Кепілдік берілген өтемді төлеу басталатын күн депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым хабарландыруды жариялаған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.»;
2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Агент банк не Ұлттық пошта операторы кепілдік берілген өтемді төлеуді кепілдік берілген өтемді агент банк не Ұлттық пошта операторы арқылы төлеу туралы келісімнің қолданылу мерзімі ішінде жүзеге асырады.
Депозитор агент банк не Ұлттық пошта операторы арқылы кепiлдiк берiлген өтемді төлеу туралы келісімнің қолданылу мерзімі ішінде өзiне кепiлдiк берiлген өтемді төлеу туралы жазбаша өтiнiш беруге құқылы. Агент банк не Ұлттық пошта операторы кепiлдiк берiлген өтемді төлеуді депозитор өзінің жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде ғана жүргізедi.
3. Депозитордың барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған қатысушы банкке талап ету құқықтары расталған кезде агент банк не Ұлттық пошта операторы кепiлдiк берiлген өтемдi құжаттар агент банкке не Ұлттық пошта операторына келiп түскен күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей төлейдi.
4. Кепілдік берілген өтемді агент банк не Ұлттық пошта операторы арқылы төлеу туралы келісімнің қолданылу мерзімі өткен соң депозитор кепілдік берілген өтемді алу үшін депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға өтініш жасауға құқылы.»;
5-тармақта:
«мәжбүрлеп таратылатын» деген сөздер «барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған» деген сөздермен ауыстырылсын;
«мөлшерi кепiлдiк берiлген», «есепке алу» деген сөздер тиісінше «мөлшерi қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған күнге кепiлдiк берiлетін», «есепке жатқызу» деген сөздермен ауыстырылсын;
19) 22-баптың 1-тармағының 6) тармақшасындағы «кiрiс шегiнде және есебiнен арнайы резерв қалыптастырады.» деген сөздер «кiрiс;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) уәкілетті органның қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айыру туралы шешімінің күші жойылған жағдайда одан алынған, депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым төлеген кепілдік берілген өтем сомасы мөлшеріндегі ақша шегiнде және есебiнен арнайы резерв қалыптастырады.»;
20) 23-бапта:
бірінші бөліктегі «уәкілетті органнан» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлікте:
«келiсім бойынша» деген сөздер «және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келiсу бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
«қатысушы банктi мәжбүрлеп тарату туралы сот шешiмi заңды күшіне енген күннен бастап күнтiзбелiк қырық бес күннен аспайтын мерзiмге ұзартылады» деген сөздер «қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған күннен бастап қырық бес жұмыс күнінен аспайтын мерзiмге кейінге қалдырылады» деген сөздермен ауыстырылсын.
41. «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 4, 32-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 8-II, 68-құжат; № 24, 124-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 44-құжат):
1) 1-баптың 7) тармақшасындағы «қызметінің ерекше түрі шетел валютасымен жасалатын айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын» деген сөздер «қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде айырбастау пункттері арқылы ғана жүзеге асыратын» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 2-бапта:
3-тармақтағы «қызметінің ерекше түрі шетел валютасымен жасалатын айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын» деген сөздер «қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде айырбастау пункттері арқылы ғана жүзеге асыратын» деген сөздермен ауыстырылсын;
41-тармақтың 2) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтары 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
4-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді және бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша есептілікті жасауды халықаралық стандарттарға және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады.»;
41-тармақтың 3) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
3) 8-баптың 2-тармағының төртінші бөлігі «ұйымдарға» деген сөзден кейін «, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына» деген сөздермен толықтырылсын;
41-тармақтың 4) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
4) 9-баптың екінші бөлігі «ұйымның» деген сөзден кейін «, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының» деген сөздермен толықтырылсын;
5) 19-бапта:
3-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1. Қаржы ұйымдары (банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда), микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар жылдық қаржылық есептерін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген мерзімдерде ұсынады.»;
4-1-тармақтағы «, еншілес ұйымдардың активтерінің құнсыздануы» деген сөздер алып тасталсын;
41-тармақтың 6) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
6) мынадай мазмұндағы 19-1-баппен толықтырылсын:
«19-1-бап. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша есептілікті ұсынуы
Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша есептілікті қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген мерзімдерде ұсынады.»;
7) 20-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
41-тармақтың 7) тармақшасының үшінші абзацының қолданысы 2020 ж. 1 қаңтардан 2020 ж. 16 желтоқсанға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац осы Заңның 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылды
«4. Қаржы ұйымдарында, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарында, Қазақстанның Даму Банкінде бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есептілік жүйесін мемлекеттік реттеуді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі нормативтік құқықтық актілер және оларға әдістемелік ұсынымдар қабылдау арқылы жүзеге асырады.»;
6-тармақта:
1) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қаржы ұйымдары, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін:»;
2) тармақшадағы «нормативтік-құқықтық» деген сөздер «құқықтық» деген сөзбен ауыстырылсын;
41-тармақтың 7) тармақшасының сегізінші және тоғызыншы абзацтары 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 3-4) тармақшамен толықтырылсын:
«3-4) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары және Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары үшін осы Заңның талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және есептілік мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгілік жоспарын әзірлейді және бекітеді;»;
4) тармақшадағы «қаржы ұйымдарының (банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда), микроқаржы ұйымдарының», «есепке алу мен» деген сөздер тиісінше «қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалардың», «есеп пен» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
41-тармақтың 7) тармақшасының он екінші абзацының қолданысы 2020 ж. 1 қаңтардан 2020 ж. 16 желтоқсанға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац осы Заңның 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылды
«7. Қаржы ұйымдарының (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда), Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарын сақтауын бақылауды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.».
42. «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2009 ж., № 19, 87-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 22-І, 140-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 23-III, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат):
1) 3-бапта:
1-тармақта:
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«11) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;»;
14) тармақша алып тасталсын;
3-тармақтағы «14),» деген цифрлар алып тасталсын;
2) 4-баптың 2-тармағының 21) тармақшасындағы «ақшамен», «ломбард операцияларын жасау» деген сөздер тиісінше «ломбардтардың ақшамен», «операцияларды жасауы» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 5-бапта:
3-1-тармақтың 2) тармақшасындағы «аспаса, қолданылмайды.» деген сөздер «аспаса;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қолма-қол ақшасыз нысанда микрокредиттер берген кезде, егер микрокредиттің сомасы 150 000 теңгеден аспаса, қолданылмайды.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Іскерлік қатынастар қашықтықтан орнатылған жағдайда осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда), 2) (тауар биржаларын қоспағанда), 3), 4), 5) және 11) тармақшаларында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілерінің клиенттерді тиісінше тексеруіне қойылатын талаптарды уәкілетті органмен келісу бойынша қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.»;
4) 11-баптың 3-2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-2. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қаржы мониторингі субъектілерінің түрлері бойынша қойылатын талаптарды:
осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда), 2) (тауар биржаларын қоспағанда), 3), 4), 5) және 11) тармақшаларында көзделген қаржы мониторингі субъектілері үшін уәкілетті органмен келісу бойынша қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган;