1) тексерілетін субъектілердің басшы қызметкерлері болып табылатын жақын туыстары (жекжаттары), жұбайлары;
2) тексерілетін субъектілерде жұмыс істейтін жақын туыстары немесе жұбайлары;
3) тексерілетін субъектілерден алған қарыз және тексерілетін субъектілер алдындағы өзге де мүліктік міндеттемелер туралы жоғары тұрған басшылыққа дереу хабарлауға міндетті.
15-14-бап. Уәкілетті орган жұмыскерлерінің жауаптылығы
1. Уәкілетті органның қызметшілері мен техникалық қызметшілері жүктелген міндеттер мен еңбек тәртібін орындамағаны және тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жауапты болады.
2. Тәртіптік жазаны:
1) уәкілетті органның тәртіптік жауаптылыққа тартылатын қызметшісін лауазымға тағайындауға және лауазымынан босатуға құқығы бар лауазымды адам қолданады;
2) дәл сол бір теріс қылық үшін қайталап қолдануға болмайды;
3) уәкілетті органның актісінде айқындалатын тәртіппен қолданады.
3. Уәкілетті органның тәртіптік теріс қылыққа жол берген қызметшілерін оларды лауазымға тағайындауға және лауазымынан босатуға құқығы бар лауазымды адам белгіленген тәртіппен жауаптылығы туралы мәселе шешілгенге дейін лауазымдық міндеттерін орындаудан уақытша шеттетуі мүмкін.
4. Уәкілетті органның қызметшілері мен техникалық қызметшілері тәртіптік жауаптылыққа тартылуға байланысты барлық материалдармен міндетті түрде таныстырылуға тиіс, оларға қызметтік тергеп-тексеру рәсіміне жеке өзінің қатысу құқығы беріледі.
5. Уәкілетті органның жауаптылыққа тартылатын қызметшілері мен техникалық қызметшілері уәкілетті органның әрекеттері мен шешімдеріне сотқа шағым жасай алады.
6. Уәкілетті органның қызметшілері мен техникалық қызметшілері қылмыстық және өзге де құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерде және тәртіппен тиісінше қылмыстық, әкімшілік, материалдық жауаптылықта болады.
7. Уәкілетті орган, бұрынғы жұмыскерлері мен Басқарма мүшелерін қоса алғанда, өз жұмыскерлерінің, Басқарма мүшелерi мен өзі тартқан тұлғалардың уәкілетті органға жүктелген функцияларды жүзеге асыру мақсатындағы, оның ішінде екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының уақытша әкімшіліктері және тарату комиссиялары мүшелерінің міндеттерін орындауы кезеңіндегі әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдер қабылдауына байланысты оларға қарсы талап қоюлар берілген жағдайда, оларды құқықтық қорғауды қамтамасыз етеді.
15-15-бап. Уәкілетті орган жұмыскерлерінің демалыстары
1. Уәкілетті органның жұмыскерлеріне екі лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтізбелік отыз күн жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы беріледі.
Уәкілетті органның жұмыскерлеріне жұмыс істеген бірінші және келесі жылдары үшін жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында беріледі.
2. Уәкілетті орган жұмыскерлерінің қалауы бойынша жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалыстары оларға бөліп берілуі мүмкін. Бұл ретте жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының бір бөлігі демалыс ұзақтығының күнтізбелік екі аптасынан кем болмауға тиіс.
3. Уәкілетті органның жұмыскерлеріне Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен, оның ішінде олар жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқыған жағдайда жалақысы сақталмайтын демалыс берілуі мүмкін.
15-16-бап. Уәкілетті органның жұмыскерлеріне іссапарлар кезіндегі кепілдіктер мен өтемақылар
1. Уәкілетті органның жұмыскерлеріне қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен өтеледі.
2. Іссапардың бүкіл уақыты бойында уәкілетті органның іссапарға жіберілген жұмыскерлерінің жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақталады.
15-17-бап. Уәкілетті органның қызметін тексеру
Уәкілетті органның қызметін мемлекеттік органдардың тексеруі Қазақстан Республикасы Президентінің келісімімен немесе тапсырмасы бойынша жүзеге асырылады.»;
14) мынадай мазмұндағы 16-1-баппен толықтырылсын:
«16-1-бап. Уәкілетті органды қайта ұйымдастыру және тарату
Уәкілетті органды қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.».
30. «Туристі мiндеттi сақтандыру туралы» 2003 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 179-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 24, 134-құжат; 2011 ж., № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-ІV, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 13, 41-құжат):
5-баптың 2-тармағында:
«мемлекеттік» деген сөзден кейін «бақылау мен» деген сөздермен толықтырылсын;
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» деген сөздер «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын.
31. «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., № 5, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 16, 100-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 24, 93-құжат):
1) 5-бапта:
2-тармақтың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«12) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға қоғамдардың атауын және орналасқан жерін көрсете отырып, олардың тізілімін ұсынады;»;
4-тармақта:
«мемлекеттік» деген сөзден кейін «бақылау мен» деген сөздермен толықтырылсын;
«Ұлттық Банк» деген сөздер «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 12-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «Ұлттық Банкте» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде (бұдан әрі - Ұлттық Банк)» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 17-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі «Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актісімен» деген сөздер «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде» деген сөздермен ауыстырылсын.
32. «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 6, 44-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 23, 141-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 52-құжат; № 19-І, 101-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 8-II, 70-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 12, 34-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат):
7-баптың 4-2) тармақшасы алып тасталсын.
33. «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 87-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 18, 143-құжат; № 19, 149-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 21-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 44-құжат):
1) 1-бапта:
5) тармақшадағы «микроқаржы ұйымына» деген сөздер «микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымға» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес ресімделетін басқа тұлғаларға беруге жазбаша» деген сөздер «басқа тұлғаларға беруге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес ресімделетін» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» деген сөздер «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 2-баптың 2-1-тармағында:
«Кредиттік бюроларға және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес енгізілген ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметін жүзеге асыратын» деген сөздер «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес енгізілген ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметін жүзеге асыратын кредиттік бюроларға және» деген сөздермен ауыстырылсын;
«уәкілетті органның» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 5-бапта:
тақырыптағы «органның», «өкiлеттiгi» деген сөздер тиісінше «органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің», «өкiлеттiктерi» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Есептіліктің тізбесі, нысандары, кредиттік бюроның оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсыну мерзімдері мен тәртібі уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.»;
4) 6-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі «уәкілетті органға тиесілі бір ғана» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі жалғыз» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 11-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөліктегі «микроқаржы ұйымына» деген сөздер «микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымға» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлікте:
орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
«микроқаржы ұйымына» деген сөздер «микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымға» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-3-тармақта:
бірінші бөліктегі «микроқаржы ұйымы» деген сөздер «микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «микроқаржы ұйымына» деген сөздер «микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымға, коллекторлық агенттікке» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 17-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдері мен тәртібін уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейтін есептілікті ұсынуға;»;
7) 18-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы «микроқаржы ұйымдары» деген сөздер «микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 20-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасындағы «микроқаржы ұйымдары» деген сөздер «микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 23-баптың 6-тармағындағы «қағаз түрiндегi жеткiзушiмен табыс етуге» деген сөздер «қағаз жеткiзгіште немесе электрондық нысанда ұсынуға» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 24-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы «микроқаржы ұйымдары» деген сөздер «микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-1-тармақтың бірінші абзацындағы «микроқаржы ұйымдарынан» деген сөздер «микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардан» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 25-баптың 1-тармағындағы «жазбаша түрде» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 29-баптың 3-1-тармағында:
«3.1. Кредиттік» деген сөздер «3-1. Егер осы тармақтың екінші бөлігінде өзгеше көзделмесе, кредиттік» деген сөздермен ауыстырылсын;
«жеткізгіште» деген сөзден кейін «немесе электрондық нысанда» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Кредиттік тарих субъектісінің банктік қарыз шартын, микрокредит беру туралы шартты жасасу кезінде алынған кредиттік есепті беру туралы келісімін кредиттік есептерді алушылар тиісті шарттың қолданылуы аяқталған күннен бастап кемінде бес жыл, бірақ кредиттік тарих субъектісінің келісімін алған күннен бастап кемінде он жыл сақтауға тиіс.».
34. «Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 16, 90-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 33-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; 2011 ж., № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2018 ж., № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 50-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат):
1) 1-баптың 20) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» деген сөздер «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 7-баптың 1-тармағының екінші бөлігі «аудитін» деген сөзден кейін «, егер акционерлік инвестициялық қор және осы басқарушы компания бір-біріне қатысты үлестес болып табылатын болса,» деген сөздермен толықтырылсын;
34-тармақтың 3) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
3) 37-баптың 6-тармағының екінші бөлігі «қорларға» деген сөзден кейін «және негізгі қызмет түрі жылжымайтын мүлік қорларының активтері есебінен сатып алынған жылжымайтын мүлікке қызмет көрсету болып табылатын еншілес ұйымдарды құру бөлігінде жылжымайтын мүлік қорларына» деген сөздермен толықтырылсын;
34-тармақтың 4) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
4) 41-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 4) тармақшасындағы «өзіне» деген сөз «қор биржасының сауда жүйесінде ашық сауда-саттық әдісімен жасалған мәмілелерді қоспағанда, өзiне» деген сөздермен ауыстырылсын.
35. «Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 16, 94-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 9, 44-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат):
1) 7-баптың 1-тармағында:
«қадағалауды» деген сөз «қадағалау мен бақылауды» деген сөздермен ауыстырылсын;
«заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» деген сөздер «заңнамасына сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 8-1-бапта:
2-тармақ «тәртібі» деген сөзден кейін «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтың үшінші бөлігі «талаптарды» деген сөзден кейін «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі» деген сөздермен толықтырылсын.
36. «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» 2005 жылғы 7 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 3-4, 2-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 22-V, 152-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 13, 45-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат):
1) 4-баптың 1-тармағында:
«мемлекеттік» деген сөзден кейін «бақылау мен» деген сөздермен толықтырылсын;
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» деген сөздер «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 17-1-баптың 5-тармағындағы, 19-баптың 1-тармағының он бірінші бөлігіндегі және 23-баптың 5-тармағындағы «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің» деген сөздер «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның» деген сөздермен ауыстырылсын.
37. «Міндетті экологиялық сақтандыру туралы» 2005 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 23, 90-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат):
1) 6-баптың 2-тармағында:
«мемлекеттік» деген сөзден кейін «бақылау мен» деген сөздермен толықтырылсын;
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 7-1-бапта:
2-тармақ «тәртібі» деген сөзден кейін «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтың үшінші бөлігі «талаптарды» деген сөзден кейін «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі» деген сөздермен толықтырылсын.
38. «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы» 2006 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 4, 23-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 14, 44-құжат):
1-баптың 20) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» деген сөздер «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган» деген сөздермен ауыстырылсын.
39. «Өзара сақтандыру туралы» 2006 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 13, 84-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2016 ж., № 12, 87-құжат):
1-баптың 4) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» деген сөздер «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган» деген сөздермен ауыстырылсын.
40. «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 14, 90-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; 2011 ж., № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 21-22, 115-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2018 ж., № 14, 44-құжат):
1) кіріспе «жеке тұлғалардың» деген сөздерден кейін «, оның ішінде дара кәсіпкерлік субъектілерінің» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 1-баптың 10) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» деген сөздер «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 3-бапта:
тақырыптағы «мақсаттары мен принциптерi» деген сөздер «мақсаты мен қағидаттары» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтағы «мәжбүрлеп таратылған» деген сөздер «барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 4) тармақшасындағы «кепілдік берілген өтемді төлеуге арналған» деген сөздер алып тасталып, «принциптерi» деген сөз «қағидаттары» деген сөзбен ауыстырылсын;
4) 4-баптың 2-тармағындағы «уәкілетті орган» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 5-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасындағы «мәжбүрлеп таратылған» деген сөздер «барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 3), 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) активтерді инвестициялайды;
4) арнайы резерв қалыптастырады;
5) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқарушы органы айқындаған тәртіппен конкурстық негізде агент банкті таңдайды;»;
6) 6-бапта:
1-тармақтағы «қатысушы банктi мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген» деген сөздер «қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
«қатысушы банктi мәжбүрлеп тарату туралы сот шешiмi заңды күшіне енген» деген сөздер «қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші, үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Уәкілетті органның қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айыру туралы шешімінің күші жойылған жағдайда депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның осындай банктің депозиторларына кепілдік берілген өтемді төлеу жөніндегі міндеттемелері тоқтатылады.
Бұл ретте қатысушы банктің депозиторлар алдындағы міндеттемелері депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым төлеген кепілдік берілген өтем сомасына азайтылады.
Уәкілетті органның қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айыру туралы шешімінің күші жойылуына байланысты кепілдік берілген өтемді төлеу жүзеге асырылмаған депозиторлар алдындағы қатысушы банктің міндеттемелері осы Заңның 21-бабының 5-тармағына сәйкес жүргізілген кепілдік берілетін депозит сомасы мен қарсы талаптар сомасын есепке жатқызу нәтижелері ескеріле отырып сақталады.»;
7) 7-бапта:
1-тармақта:
мынадай мазмұндағы 1-1) және 3-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) қатысушы банктердің қосылу шартының талаптарын тиісінше орындауын талап етуге;»;
«3-1) осы Заңның 8-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты алуға;»;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айыру кезеңінде тағайындалатын уақытша әкімшіліктен, қатысушы банктің тарату комиссиясынан кепiлдiк берiлетiн депозиттер бойынша депозиторлардың тiзiмiн, сондай-ақ кепiлдiк берiлетiн депозиттер бойынша кепiлдiк берілген өтемнің есеп-қисабын уақтылы ұсынуды талап етуге;»;
9) тармақшадағы «өтiнiш беруге құқылы.» деген сөздер «өтiнiшхат беруге;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) уәкілетті органның қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айыру туралы шешімінің күші жойылған жағдайда, барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған қатысушы банктен осы банктің депозиторларына төленген кепілдік берілген өтем сомасын қайтаруды талап етуге құқылы.»;
2-тармақта:
3) тармақшадағы «мәжбүрлеп таратылатын» деген сөздер «барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-1) және 5-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«5-1) осы Заңның 8-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты беруге;