ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 29 тамыздағы № 162-ө өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 4, 37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13, 15-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61, 63-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 42, 45-құжаттар; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-I, 110-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 70-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 15, 55-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 50-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат):
1) 59-баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде:
«микроқаржы ұйымдары» деген сөздер «микроқаржылық қызмет» деген сөздермен ауыстырылсын;
«микроқаржы ұйымдарын» деген сөздер «, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 64-баптың екінші бөлігінде:
«микроқаржы ұйымдарының» деген сөздер «, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
«микроқаржы ұйымдары» деген сөздер «микроқаржылық қызмет» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 74-баптың 2-тармағының екінші бөлігінде:
«микроқаржы ұйымдарының» деген сөздер «, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
«микроқаржы ұйымдары» деген сөздер «микроқаржылық қызмет» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 78-баптың екінші бөлігінде:
«микроқаржы ұйымдарының» деген сөздер «, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
«микроқаржы ұйымдары» деген сөздер «микроқаржылық қызмет» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 282-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі «микроқаржы ұйымдары» деген сөздер «микроқаржылық қызмет» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 328-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қысқа мерзімді микрокредиттерді қамтамасыз ету үшін азаматтардан жеке пайдалануға арналған жылжымалы мүлікті кепілге қабылдауды қызметі Қазақстан Республикасының микроқаржылық қызмет туралы заңнамасымен реттелетін, ломбардтар ретінде тіркелген заңды тұлғалар кәсіпкерлік қызмет ретінде жүзеге асыра алады.»;
2-тармақтағы «талап» деген сөз «талап, сондай-ақ кепіл нысанасының соттан тыс өткізілуіне кепіл берушінің келісімі» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1. Ломбардта заттарды кепілге салу туралы шарт кепіл нысанасының өткізілуіне немесе мұндай мүліктің кепіл ұстаушының меншігіне өтуіне байланысты тоқтатылады.
Кепілге салынған мүлікті өткізу кезінде, сондай-ақ мұндай мүлік кепіл ұстаушының меншігіне өткен кезде ломбардта заттарды кепілге салу туралы шарттың тоқтатылуымен бірге бір мезгілде кепіл беруші болып табылатын қарыз алушының міндеттемесі және микрокредит беру туралы шарт тоқтатылады.
Микрокредит беру туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету үшін жасалған, ломбардта заттарды кепілге салу туралы шарт бойынша кепіл нысанасын өткізу ломбардта заттарды кепілге салу туралы шартта осындай талап болған кезде микрокредитті өтеу мерзімі өткен соң бір айдан кейін сауда-саттық өткізілместен жүзеге асырылуы мүмкін.»;
5 және 7-тармақтар алып тасталсын.
2. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 14, 15-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 85-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 11, 61, 69-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 42, 45-құжаттар; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 19-II, 102-құжат; № 20-VII, 117, 119-құжаттар; № 22-I, 143-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат; № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 12, 87-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 13, 45-құжат; № 21, 98-құжат; 2018 ж., № 11, 37-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47, 50-құжаттар; № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат):
2-тармақтың 1) тармақшасы 2020 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
1) 715-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың азаматтарға қарыз түрінде ақша беруіне тыйым салынады және мұндай шарттар маңызсыз болып табылады.
Бұл тыйым салу осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктік қарыздар мен микрокредиттер, жұмыс берушінің өз жұмыскеріне, бұрын осы жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұрған зейнеткерге қарыз, сондай-ақ заңды тұлғаның өз құрылтайшысына (акционеріне, қатысушысына) қарыз түрінде ақша беру жағдайларына қолданылмайды.»;
2) 718-баптың 2-тармағында:
бірінші бөліктегі «, микроқаржы ұйымдарының және кредиттік серіктестіктердің» және «қарыз беруші» деген сөздер алып тасталып, «алатын» деген сөз «алынатын» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қарыз алушыларының құқықтарын қорғау Қазақстан Республикасының микроқаржылық қызмет туралы заңнамасында көзделген шаралармен қамтамасыз етіледі.»;
екінші бөліктегі «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісімен» деген сөздер «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 725-1-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінің 5) тармақшасындағы «берілген қарыз сомасының жүз пайызынан» деген сөздер «жүз пайыздан» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің» деген сөздер «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 728-баптың бірінші бөлігінде:
2) тармақшадағы «микроқаржы ұйымы» деген сөздер «микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы «микроқаржы ұйымының» деген сөздер «микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы «микроқаржы ұйымдары» деген сөздер «микроқаржылық қызмет» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) ломбардтың кепілге салу билетін беруі микрокредит беру туралы шарт жасасуға теңестіріледі.»;
5) 760-баптың 1-2-тармағының төртінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің» деген сөздер «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 765-бапта:
2-1-тармақтың бірінші бөлігі «мерзімді» деген сөзден кейін «немесе шартты» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтағы «2-тармағында» деген сөздер «2-1-тармағының бірінші бөлігінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтағы «2-3-тармақтарында» деген сөздер «2-1-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 766-баптағы «заң актiлерiмен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiмен» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңдарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 830-бапта:
3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган арасында ақпарат, оның ішінде сақтандыру құпиясын құрайтын мәліметтер алмасуды жүзеге асыру сақтандыру құпиясын жария ету болып табылмайды.
Қылмыстық қудалау органына қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабар жіберу кезінде мемлекеттік органның лауазымды адамының немесе ұйымда басқарушылық функцияларды орындайтын адамның сақтандыру құпиясын құрайтын құжаттар мен мәліметтерді растаушы құжаттар мен материалдар ретінде ұсынуы сақтандыру құпиясын жария ету болып табылмайды.»;
5-тармақта:
бірінші бөліктің 5) тармақшасындағы «уәкiлеттi мемлекеттiк органға» деген сөздер «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» деген сөздер «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 121, 124-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 119-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 6, 11-құжат; № 9, 18-құжат; № 10, 23-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51-құжат; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 31-құжат; № 10, 32-құжат; № 12, 39-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47, 50-құжаттар; № 16, 55-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат):
1) 49-баптың 1-тармағының 40) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«40) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды есептік тіркеуден өткізгені және оларды микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тізіліміне енгізгені үшін алым;»;
2) 53-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы он тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
«қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қызметі;»;
3) 67-баптың 12-2-тармағындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» деген сөздер «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 216-баптың 3) тармақшасының бірінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісімі» деген сөздер «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 229-баптың 2) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен» деген сөздер «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен» деген сөздермен ауыстырылсын.
4. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 13-І, 13-ІІ, 83-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 21-ІІІ, 137-құжат; № 22-І, 140-құжат; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 8-ІІ, 67-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 9, 21-құжат; № 14, 50-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46-құжат; № 16, 56-құжат; № 23, 88, 91-құжаттар; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 36-құжат; № 8, 45-құжат):
1) мазмұнындағы 214-баптың тақырыбы «банктік» деген сөзден кейін «, микроқаржылық» деген сөзбен толықтырылсын;
2) 3-баптың 28) тармағы «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қызметшілері;» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 50-баптың екінші бөлігінің төртінші абзацы «ведомстволарында,» деген сөзден кейін «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органда,» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 214-бапта:
тақырып «банктік» деген сөзден кейін «, микроқаржылық» деген сөзбен толықтырылсын;
бірінші бөліктің бірінші абзацы «(банк операцияларын)» деген сөздерден кейін «, микроқаржылық» деген сөзбен толықтырылсын.
5. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-І, 18-ІІ, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-І, 101-құжат; № 19-ІІ, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 115-құжат; № 21-І, 124, 125-құжаттар; № 21-ІІ, 130-құжат; № 21-ІІІ, 137-құжат; № 22-І, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-ІІ, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; № 22-VІІ, 161-құжат; № 23-І, 166, 169-құжаттар; № 23-ІІ, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-І, 49, 50-құжаттар; № 7-ІІ, 53, 57-құжаттар; № 8-І, 62, 65-құжаттар; № 8-ІІ, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 9, 17, 18, 21, 22-құжаттар; № 12, 34-құжат; № 14, 49, 50, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 114, 115-құжаттар; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 27-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 36, 37-құжаттар; № 12, 39-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 16, 53-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 23, 91-құжат; № 24, 93, 94-құжаттар; 2019 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 36, 37-құжаттар; № 8, 45, 46-құжаттар):
1) мазмұнында:
мынадай мазмұндағы 210-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«210-1-бап. Уәкілетті банктің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасы валюта заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою туралы талабын орындамауы»;
211-баптың тақырыбындағы «микроқаржы ұйымдары» деген сөздер «микроқаржылық қызмет» деген сөздермен ауыстырылсын;
212-баптың тақырыбындағы «қаржылық және» деген сөздер «қаржылық немесе» деген сөздермен ауыстырылсын;
215-баптың тақырыбы алып тасталсын;
223-баптың тақырыбындағы «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің» деген сөздер «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
232-баптың тақырыбындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін» деген сөздер «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды» деген сөздермен ауыстырылсын;
239-баптың тақырыбындағы «Заңды тұлғаның» деген сөздер алып тасталып, «бұзуы» деген сөз «бұзу» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 724-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«724-1-бап. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган»;
2) 47-бапта:
үшінші бөліктегі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» деген сөздер «құзыреттері шегінде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тiзiлiмiнен алып тастауды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының микроқаржылық қызмет туралы заңнамасында белгiленген негiздер бойынша және тәртiппен жүзеге асырады.»;
алтыншы бөліктегі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» деген сөздер «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-1-бөлікпен толықтырылсын:
«6-1. Төлем ұйымдарының тізілімінен алып тастауды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен жүзеге асырады.»;
3) мынадай мазмұндағы 210-1-баппен толықтырылсын:
«210-1-бап. Уәкілетті банктің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасы валюта заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою туралы талабын орындамауы
1. Уәкілетті банктің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасы валюта заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою туралы талабын орындамауы -
ескерту жасауға алып келеді.
2. Осы баптың бірiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет -
төрт жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпе. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін жауаптылық уәкілетті банк осы баптың бірінші бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылғанға ұқсас бұзушылықты уәкілетті банк жасаған жағдайда басталады.»;
4) 211-бапта:
тақырыптағы «микроқаржы ұйымдары» деген сөздер «микроқаржылық қызмет» деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделмеген қызмет түрлерін жүзеге асыруы -»;
екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күніне шындыққа сәйкес келмейтін жарнаманы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының микроқаржылық қызмет туралы заңнамасына сәйкес келмейтін талаптармен микрокредит ұсынуға байланысты жарнаманы таратуы немесе орналастыруы, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, -»;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың анық емес қаржылық немесе өзге де есептілікті ұсынуы -
ескерту жасауға алып келеді.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-бөлікпен толықтырылсын:
«3-1. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.»;
төртінші бөліктің бірінші абзацындағы «Микроқаржы ұйымдарының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген» деген сөздер «Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгiлеген сол бір» деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғалардың клиенттермен жасалатын микрокредит беру туралы шарттарда сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен есептелген мөлшерін көрсетпеуі, анық емес көрсетуі, сол сияқты сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған шекті мөлшерінен асыруы -»;