Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы
1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы
(2015.17.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2015 жылғы 24 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен актінің нысаны мен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
Түпнұсқада мазмұны жоқ
2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен кіріспе алып тасталды (бұр. ред. қара)
2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «Жарлықта», «Жарлықты», «Жарлықпен», «Жарлықтың», «Жарлық» деген сөздер тиісінше «Заңда», «Заңды», «Заңмен», «Заңның», «Заң» деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара)
1-тарау. Жалпы ережелер
03.06.03 ж. № 427-II (бұр. ред. қара); 2005.23.12. № 107-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1-бап өзгертілді
1-бап. Негiзгi терминдер мен анықтамалар
Осы Заңда қолданылатын терминдер мен анықтамалар мыналарды бiлдiредi:
1) сенiм бiлдiрiлген тұлға - соттан тыс тәртiппен ипотеканы өткізудi жүргiзетiн тұлға;
2) кепiл берушi - жылжымайтын мүлкi немесе ондағы үлесi ипотеканың мәнi болып табылатын тұлға;
3) кепiл ұстаушы - негiзгi міндеттеме бойынша мүдделерi ипотекамен қамтамасыз етiлген тұлға;
4) жылжымайтын мүлiк ипотекасы (ипотека) - кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiк немесе ондағы үлесi кепiл берушiнiң немесе үшiншi тұлғаның иелiгi мен пайдалануында қалатын кепiл түрi;
4-1) ипотекалық ұйым - қызметінің айрықша түрі осы Заңда көзделген қызмет болып табылатын заңды тұлға;
5) ипотекалық шарт - тараптардың негiзгi мiндеттеменi қамтамасыз етуде ипотеканы белгiлеу туралы келісімi;
5-1) ипотекалық қарыз - жылжымайтын мүлiк ипотекасымен қамтамасыз етiлген банк қарызы;
5-2) ипотекалық тұрғын үй қарызы - тұрғын үй салу не оны сатып алу және (немесе) жөндеу мақсатында берiлетiн ипотекалық қарыз;
6) жылжымайтын мүлiк - жер учаскелерi, сондай-ақ үйлер, ғимараттар және жермен берiк байланыстағы өзге де мүлiктер, яғни ауыстырылуы олардың мақсатына шектен тыс зиян келтiрусiз мүмкiн болмайтын объектiлер;
7) негiзгi мiндеттеме - ипотекамен толық немесе iшiнара қамтамасыз етiлген борыштық немесе өзге де мiндеттеме;
8) ипотеканы өткізу - ипотеканың мәнi болып табылатын мүлiктi өткізу.
9) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі.
2-бап. Осы Заңды қолданылу аясы
1. Осы Заңмен мiндеттемелердi қамтамасыз ету жолы ретiнде мүлiк ипотекасын қолдану кезiнде туындайтын қатынастар реттеледi. Егер осы Заңмен өзге ережелер белгiленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көрiнiс тапқан кепiл туралы жалпы ережелер мүлiк ипотекасына қолданылады. Осы Заң мен басқа да заң актілері арасында мүлiк ипотекасын реттеу бөлiгiнде қайшылықтар туындаған жағдайда осы Заңның нормалары қолданылады.
2. Шартқа байланысты туындайтын ипотека туралы осы Заңның ережелерi тиiсiнше заң актiсiнiң негiзiнде туындайтын ипотекаға қолданылады.
3. Жер учаскелерiнiң ипотекасы мен оларға құқықтардың ерекшелiктерi жер туралы заңдарда көзделуi мүмкiн.
2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Ипотекалық ұйымдарға осы Заңда көзделген банк операцияларын жүзеге асыру үшін лицензия алуға, сондай-ақ олардың қызметін реттеуге байланысты қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
ҚР 11.07.97 ж. № 154; 03.06.03 ж. № 427-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 3-бап өзгертiлдi
3-бап. Негiзгi мiндеттеменi ипотекамен қамтамасыз етудiң шектерi
1. Ипотека ипотекалық қарыз шарты немесе өзге де мiндеттеме бойынша кепiл ұстаушыға қарыздың негiзгi сомасының толық немесе ипотека шартында көзделген бөлiгiнде төленуiн қамтамасыз етедi.
Егер шартта өзгеше көзделмесе, ипотекалық қарыз шартын қамтамасыз етуге белгiленген ипотека, сол сияқты кредиторға кредиттiң пайдаланылғаны үшiн өзiне тиесiлi сыйақының (мүдденiң) де төленуiн қамтамасыз етедi.
2. Егер шартта өзгеше көзделмесе, ипотека кепiл ұстаушының талаптарын оларды қанағаттандыру сәтіндегі көлемiне қарай:
1) негiзгi мiндеттеменiң орындалмауынан, мерзiмi кешiктiрiлуiнен немесе өзге де тиiсiнше орындалмауынан келтiрiлген шығындарды өтеудi;
2) негiзгi мiндеттеменiң орындалмауы, орындалу мерзiмiнiң кешiктiрiлуi немесе өзге де тиiсiнше орындалмауы үшiн айып (айыппұл, өсiм) төлеудi;
3) негiзгi мiндеттемеде не заң актілерінде көзделген бөгде адамның ақшаның заңсыз пайдаланғаны үшiн айыпақыны қоса қамтамасыз етедi.
3. Ипотека сонымен қатар:
1) сот шығындарын және кепiлге берiлген мүлiктен айыпақы өндiрiп алуға байланысты өзге де шығыстарды өтеудi;
2) ипотеканы өткізу жөніндегі шығыстардың өтелуiн қамтамасыз етедi.
4. Егер ипотека шартында ипотекамен қамтамасыз етiлген кепiл ұстаушының талаптарының жалпы нақты сомасы көрсетiлсе, борышқордың кепiл ұстаушы алдындағы осы сомадан асатын бөлiгіндегі мiндеттемелерi, осы Заңның осы бабының 3-тармағында және 4-бабында көзделген талаптарды қоспағанда, ипотекамен қамтамасыз етiлген болып саналмайды.
4-бап. Кепiл ұстаушының қосымша шығыстарын ипотекамен қамтамасыз ету
Кепiл ұстаушы ипотека шартының ережелерiне сәйкес немесе кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiктiң сақталуын қамтамасыз ету қажеттiгiне орай, оны ұстау және күзету не осы жылжымайтын мүлiкке байланысты салықтар, алымдар немесе коммуналдық төлемдер бойынша кепiл берушiнiң берешегiн өтеу жөнiнде шығыстар тартқан жағдайларда кепiл ұстаушының мұндай қажеттi шығыстарын өтеу кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiктiң есебiнен қамтамасыз етiледi.
5-бап. Ортақ меншiктегi жылжымайтын мүлiк ипотекасы
1. Бiрлескен ортақ меншiктегi жылжымайтын мүлiкке ипотека бұған барлық меншiк иелерiнiң жазбаша келісімi болған жағдайда белгiленуi мүмкiн.
2. Ортақ үлестiк меншiкке қатысушы ортақ мүлiктегi өз үлесiне құқығын басқа меншiк иелерiнiң келісімiнсiз кепiлге бере алады.
2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен 1-1-тараумен толықтырылды
1-1-тарау. Ипотекалық ұйым
5-1-бап. Ипотекалық ұйымды құру
1. Ипотекалық ұйым Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес акционерлік қоғам нысанында құрылады.
2. Ипотекалық ұйымның атауында «ипотекалық ұйым» деген сөздер болуға тиіс.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ипотекалық ұйым ретінде тіркелмеген заңды тұлға ипотекалық ұйым деп аталына алмайды.
3. Ипотекалық ұйым уәкілетті орган берген лицензияның негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын коммерциялық ұйым болып табылады.
5-2-бап. Ипотекалық ұйымның қызметі
1. Ипотекалық ұйым қызметінің негізгі түрі банктік қарыз операцияларын жүзеге асыруға уәкілетті орган берген лицензияның негізінде ипотекалық қарыз беру болып табылады.
2. Ипотекалық ұйым мынадай қосымша операцияларды:
1) сенімгерлік операцияларды: сенім білдірушінің мүддесіне орай және оның тапсырмасы бойынша ипотекалық қарыздар бойынша талап ету құқықтарын басқаруды;
2) факторингтік операцияларды: тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алушыдан төлемеу тәуекелін қабылдай отырып, төлемді талап ету құқығын сатып алуды;
3) форфейтингтік операцияларды (форфетингтеу): тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алушының борыштық міндеттемелерін сатушыға айналым түспейтін жолмен вексель сатып алу арқылы төлеуді;
4) лизинг қызметін жүзеге асыруға құқылы.
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгетрілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
3. Ипотекалық ұйымға лицензия беру, оны тоқтата тұру және одан айыру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
4. Ипотекалық ұйым мынадай қызмет түрлерін:
1) осы баптың 6-тармағында көзделген шектеулерді ескере отырып, инвестициялық қызметті;
2) кез келген ақпарат тарату түрлерінде ипотекалық кредит беру мәселелері жөніндегі арнайы әдебиетті сатуды;
3) өз мүлкін сатуды;
4) кепілге салынған мүліктерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сатуды;
5) өз қызметіне байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызмет көрсетуді;
6) бағалы қағаздарды, оның ішінде облигацияларды шығару мен орналастыруды;
7) ипотекалық ұйымдардың қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуді іске асыруды;
8) ипотекалық кредит беру саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында оқытуды ұйымдастыру мен жүргізуді жүзеге асыруға құқылы.
5. Ипотекалық ұйым өз қызметін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған қаржыландыру көздерін пайдалануға құқылы.
6. Ипотекалық ұйымға:
1) қаржы ұйымдарының;
2) акциялары Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасының тізіміне листингтің ең жоғарғы санаты бойынша енгізілген, қаржылық ұйымдар болып табылмайтын заңды тұлғалардың;
3) ипотекалық ұйымдардың қызметін автоматтандыруды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін немесе акцияларын сатып алудан басқа жағдайларда, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін немесе акцияларын сатып алуға тыйым салынады.
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 5-3-бап 3-тармақпен толықтырылды; 2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) 5-3-бап өзгертілді
5-3-бап. Уәкілетті органның құзыреті
1. Уәкілетті орган ипотекалық ұйымдарға қатысты мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:
1) ипотекалық ұйымдарға осы Заңда көзделген банк операцияларын жүзеге асыруға лицензиялар береді;
2) ипотекалық ұйымдардың тізілімін жүргізеді;
3) пруденциялық нормативтерді және ипотекалық ұйымдар сақтауға міндетті басқа нормалар мен лимиттерді белгілейді;
4) ипотекалық ұйымдар орындауға міндетті нормативтік құқықтық актілерді шығарады;
5) ипотекалық ұйымдар есептілігінің тізбесін, нысандарын, табыс ету мерзімдері мен тәртібін белгілейді;
6) ипотекалық ұйымдардың қызметіне дербес не басқа ұйымдарды тарта отырып тексеру жүргізеді;
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды
6-1) ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2. Ықпал ету шаралары мен санкцияларды қолдану тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
3. Ипотекалық ұйымдар уәкілетті органның қаржылық және (немесе) өзге де есептілігіндегі деректерді түзету бойынша жазбаша нұсқамасында көрсетілген талаптарын орындамаған жағдайда уәкілетті орган пруденциалдық нормативтерді есептеуді олардың түзетілген есептілігі негізінде жүзеге асырады
5-4-бап. Ипотекалық ұйымдарға қолданылатын ықпал ету шаралары және оларды қолдану негізі
1. Ипотекалық ұйымдар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын бұзған жағдайда оларға осы бапта белгіленген ықпал ету шаралары қолданылуы мүмкін. Ықпал ету шаралары деп ықпал етудің шектеулі шаралары мен санкциялар түсініледі.
2. Уәкілетті орган ықпал етудің шектеулі шаралары ретінде, ипотекалық ұйымға:
1) міндеттеме-хатты талап ету;
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгетрілді (бұр. ред. қара)
2) орындауға міндетті жазбаша нұсқама беру;
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды
3) жазбаша ескерту жасау;
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) ипотекалық ұйыммен жазбаша келісім жасау шектеулі шараларын қолдануға құқылы.
Ипотекалық ұйымның міндеттеме-хатында орын алған кемшіліктерді мойындау фактісі және ипотекалық ұйым басқармасы басшысының жоспарланған іс-шаралар тізбесін көрсете отырып, кемшіліктерді қатаң белгіленген мерзімде жоятындығы туралы кепілдігі болуға тиіс.
Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасы - бұл анықталған кемшіліктерді белгіленген мерзімде жоюға бағытталған түзету шараларын қабылдау туралы ипотекалық ұйымға нұсқау. Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына сотқа шағым жасау оның орындалуын тоқтата тұрмайды.
Уәкілетті орган ипотекалық ұйымның Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзғанын анықтаған жағдайда немесе егер орын алып отырған кемшiлiктер уәкілетті орган белгiлеген мерзiмде жойылмаса, жазбаша ескерту ипотекалық ұйымға осы баптың 4-тармағында көзделген санкцияларды қолдану мүмкiндiгi туралы уәкiлеттi органның хабарламасы болып табылады.
Жазбаша келiсiм ипотекалық ұйым мен уәкiлеттi орган арасында анықталған кемшiлiктердi дереу жою қажеттiгi туралы және осыған байланысты бiрiншi кезектегi шараларды бекiту туралы жасалады.
Ипотекалық ұйым міндеттеме-хаттың немесе жазбаша нұсқаманың құжатта көрсетілген мерзімде орындалғаны туралы уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.
3. Ықпал етудің шектеулі шараларын қолдану тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
4. Уәкілетті орган ипотекалық ұйымға қатысты санкция ретінде:
1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген негіздер бойынша айыппұл салу және оны өндіріп алу;
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгетрілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген негіздер бойынша лицензияны тоқтата тұру не одан айыру;
3) мынадай:
осы Заңда көзделген қызметті жүзеге асыруға байланысты міндеттемелерді тиісінше орындамау;
уәкілетті органның міндеттеме-хатын және жазбаша нұсқамасын орындамау;
уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын бұзу негіздері бойынша ипотекалық ұйым басқармасының бірінші басшысын қызметтік міндеттерін орындаудан ипотекалық ұйымның тиісті органы осы мәселені қарағанға дейін уақытша (үш айдан аспайтын мерзімге) шеттету шараларын қолдануға құқылы.
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 5- тармақ өзгетрілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
5. Уәкілетті орган бұзушылықтың сипатына қарай банк операцияларының барлық не жекелеген түрлерін жүзеге асыруға берілген лицензияны тоқтата тұрады не оны одан айырады.
Уәкілетті орган қабылданған шешім туралы ақпаратты мерзімді баспасөз басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялайды.
6. Уәкілетті органның осы бапта көзделген ықпал ету шараларын ипотекалық ұйымға қолдану туралы шешіміне сотқа шағым жасауға болады.
2-тарау. Ипотека шарты
6-бап. Ипотека шартының нысаны
1. Ипотека шарты жазбаша нысанда жасалып, оған кепiл берушi мен кепiл ұстаушы, сондай-ақ егер кепiл берушi борышқор болмаса (заттай кепiлгер) борышқор да қол қояды.
2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Ипотека шарты ипотеканы тіркеу үшін негіз болып табылады. Ипотека құқығы ол тiркелген кезден бастап туындайды.
3. Ипотека шартын нотариалдық куәландыру тараптардың қалауы бойынша жүзеге асырылады.
4. Кепiл берушiнiң құқықтары ипотека куәлiгiн беру арқылы расталуы (ресiмделуi) мүмкiн.
ҚР 03.06.03 ж. № 427-II Заңымен 7-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
7-бап. Ипотека шартының мазмұны
1. Ипотека шартында мыналар көрсетiлуге тиiс:
1) кепiл берушi мен кепiл ұстаушының, сондай-ақ, егер кепiл берушi (заттай кепiлгер) негiзгi мiндеттеме бойынша борышкер болмаса, борышкердiң аты-жөнi (атауы) және тұрғылықты жерi (орналасқан жерi);
2) негiзгi мiндеттеменiң мәнi, оның мөлшерi мен орындалу мерзiмi;
3) кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiктiң тiзбесi мен мекен-жайы;
4) ипотеканың мәнi болып табылатын жылжымайтын мүлiк сол бойынша кепiл берушiнiң меншiгi болып табылатын құқықтың атауы (меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу құқығы және басқалары);
5) тараптардың кез келгенiнiң өтiнiшi бойынша ипотека шартында келісімге қол жеткiзiлуге тиiс және заңдарда тыйым салынбаған өзге де шарттар.
2. Егер негiзгi мiндеттеме бөлiнiп орындалуға тиiс болса, ипотека шартында тиiстi төлемдердiң мерзiмi мен кезеңдiлiгiн және олардың мөлшерiне осы мөлшердi анықтауға мүмкiндiк беретiн талаптар көрсетiлуге тиiс.
8-бап. Кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiктi иелiктен шығару туралы ережелердi бұзудың салдарлары
1. Ипотека шарты бойынша кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiк Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 315-бабының 2-тармағындағы ережелер бұзылып, иелiктен шығарылған кезде кепiл ұстаушы өз таңдауына қарай:
1) кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiктi иелiктен шығару туралы мәмiленiң күшi жойылған деп танылуын;
2) негiзгi мiндеттеменiң мерзiмiнен бұрын орындалуын және кiмнiң меншiгi екенiне қарамастан, кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiктен айыпақы өндiрiлуiн талап етуге хақылы.
Соңғы жағдайда, егер кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiктi сатып алушы жылжымайтын мүлiктiң ережелері бұзылып иелiктен шығарылуы туралы оны сатып алу сәтiнде бiлсе немесе бiлуге тиiс болса, онда мұндай сатып алушы ипотекамен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң орындалмағаны үшiн кепiл берушiмен бiрге көрсетiлген жылжымайтын мүлiктiң құны шегiнде жауап тартады.
2. Кепiл берушi ипотека куәлiгiн берген кезде оның кепiлдiкке берiлген жылжымайтын мүлiктi иелiктен шығаруына жол берiлмейдi.
Ол жылжымайтын мүлiктi иелiктен шығарған жағдайда осы баптың 1-тармағында көзделген салдарлар туындайды.
9-бап. Ипотека шарты жөніндегі құқықтарды беру
Ипотека шарты бойынша құқықтарды беру, талаптардан бас тарту ережелерi сақтала отырып, ал ипотека куәлiгi берiлген жағдайда осы Заңның 16-бабында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады және мемлекеттік тiркеуге жатады.
2007.26.07. № 311-III ҚР Заңымен 9-1-баппен толықтырылды; 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 9-1-бап өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9-1-бап. Ипотека шартының талаптарын өзгерту
Негізгі міндеттеменің және (немесе) ипотека шартының талаптарын өзгерту, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, кепіл беруші мен кепіл ұстаушының (негізгі міндеттеме туралы шартқа және ипотека шартына қол қойған өзге де адамдардың) негізгі міндеттеме туралы шартқа және ипотека шартына қосымша келісім жасасуы арқылы ресімделеді.
Ипотека куәлігі болған кезде оның мазмұнын өзгертуді болжайтын негізгі міндеттеменің және (немесе) ипотека шартының талаптарын өзгерту ипотека куәлігіне осы Заңның 13-1-бабында көзделген тәртіппен өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу үшін негіз болып табылады.
2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
10-бап. Ипотека затына үшiншi тұлғалардың құқықтары туралы кепiл ұстаушыны ескерту
Ипотека шарты жасалған кезде кепiл берушi, тiптi, бұл құқықтар белгiленген тәртiппен тiркелмесе де, ипотеканы тіркеу сәтiнде өзiне белгiлi ипотека затына барлық үшiншi тұлғалардың құқықтары туралы кепiл ұстаушыны ескертуге тиiс. Бұл ереженiң орындалмауы кепiл ұстаушыға негiзгi мiндеттеменiң мерзiмiнен бұрын орындалуын немесе ипотека шарты уағдаластықтарының өзгертiлуiн талап етуге құқық бередi.
11-бап. Ипотека шартына қосымшалар
Ипотека шартына ипотеканың талаптарын және/немесе осы шарт бойынша кепiл ұстаушының құқықтарын жүзеге асыру үшiн қажеттi талаптарды айқындайтын құжаттар қоса берiлуi мүмкiн.
3-тарау. Ипотека куәлiгi
ҚР 03.06.03 ж. № 427-II Заңымен 12-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
12-бап. Ипотека куәлiгi ұғымы
1. Ипотека куәлiгi оның заңды иесiнiң:
1) негiзгi мiндеттеме бойынша орындалуды алуға;
2007.26.07. № 311-III ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Ипотека куәлігі бір данада жасалады және кепіл ұстаушыға беріледі. Ипотека куәлігі оның ажырамас бөлігі болып табылатын қосымша парақтар түрінде ресімделетін қосымшамен толықтырылуы мүмкін.
2. Ипотека куәлiгi бiр данада жасалады және кепiл ұстаушыға берiледi.
3. Ипотека шартының барлық данасында ипотека куәлiгiнiң берiлгенi туралы белгi соғылады.
4. Ипотекалық тұрғын үй қарызы немесе оның бiр бөлiгi бойынша ипотека нысанасы болып табылатын бiр ғана жылжымайтын мүлiкке қатысты бiр ипотека куәлiгiнен артық жасауға жол берiлмейдi.
ҚР 03.06.03 ж. № 427-II Заңымен 13-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
13-бап. Ипотека куәлiгiнiң мазмұны
1. Ипотека куәлiгiнде мыналар көрсетiлуге тиiс:
1) құжаттың атауына енгiзiлген «Ипотека куәлiгi» сөздерi;
2) кепiл берушiнiң аты-жөнi (атауы) және тұрағы (мекен-жайы);
3) кепiл ұстаушының аты-жөнi (атауы) және тұрағы (мекен-жайы);
4) егер борышқор негiзгi мiндеттеме бойынша кепiл берушi болмаса, борышқордың аты-жөнi (атауы) және тұрағы (мекен-жайы);
5) ипотека шарты жасалған күн мен орны;
6) егер олар төленуге тиiс болса, негiзгi мiндеттеменiң сомасы мен сыйақының мөлшерiн көрсету;
7) егер олар төленуге тиiс болса, негiзгi мiндеттеменiң сомасы мен сыйақысын төлеу мерзiмiн көрсету, ал егер бұл сома және немесе сыйақы бөлiнiп төленуге тиiс болса, тиiстi төлемдердiң мерзiмi мен кезеңдiлiгiн және әрқайсысының мөлшерiн немесе оларды айқындауға мүмкiндiк беретiн шарттарды көрсету;
8) кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiктiң тiзбесi мен мекен-жайы;
9) ипотеканың мәнi болып табылатын мүлiктiң кепiл берушiнiң меншiгi болып табылатынын айқындайтын құқықтың атауы;
10) ипотеканың мәнi болып табылатын жылжымайтын мүлiкке немесе осы мүлiктiң бiр бөлiгiне басқа да ипотека куәлiктерi бар екенiн, ипотекалық тұрғын үй қарызы шарттары бойынша ипотека куәлiктерiн қоспағанда, бұл жылжымайтын мүлiк немесе оның бiр бөлiгi жалға берiлген бе немесе оның өзге де ауыртпалығы бар екенiн немесе жоқ екенiн көрсету;
11) кепiл берушiнiң қойған қолы;
12) ипотека куәлiгiнiң берiлу күнi.
2007.26.07. № 311-III ҚР Заңымен 13) тармақшамен толықтырылды
13) ипотекалық куәлікке қосымша.
2. Осы баптың 1-тармағында белгiленген талаптардың сақталмауы, сондай-ақ тазартулар мен түзетулердiң болуы ипотека куәлiгiн жарамсыз етедi.
2007.26.07. № 311-III ҚР Заңымен 13-1-баппен толықтырылды
13-1-бап. Ипотека куәлігіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу
1. Ипотека куәлігіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу негізгі міндеттемеге, ипотекалық займ шартына және (немесе) ипотека шартына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізгеннен кейін ипотека куәлігіне қосымша парақтарды қоса беру арқылы жүзеге асырылады.
Ипотека куәлігіне қосымшада негізгі міндеттемеге, ипотекалық займ шартына және (немесе) ипотека шартына қосымша келісімнің нөмірі мен жасалған күні, сондай-ақ ипотека шартына енгізілген өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың мәні көрсетіледі.
2. Ипотека куәлігінің иесі кепіл берушіден ипотека куәлігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді және оларды мемлекеттік тіркеуді талап етуге құқылы.
3. Кепіл беруші және (немесе) борышкер ауысқан жағдайда, егер борышкер негізгі міндеттеме бойынша кепіл беруші болып табылмаса, ипотека шартына қосымшада жаңа кепіл берушінің және (немесе) борышкердің деректері (атауы) және тұрғылықты жері (орналасқан жері), сондай-ақ жаңа кепіл берушінің қойған қолы көрсетілуге тиіс.
Кепіл ұстаушыны ауыстыру осы Заңда көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
ҚР 03.06.03 ж. № 427-II Заңымен 14-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
14-бап. Ипотека куәлiгi бойынша құқықтарды жүзеге асырудың шарттары және мiндеттемелердiң орындалуы
1. Осы Заңда немесе ипотека шартында көзделген өз құқықтарын жүзеге асыру кезiнде ипотека куәлiгiнiң иесi оны кепiл берушiге көрсетуге мiндеттi.
2007.26.07. № 311-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Негiзгi мiндеттеменi орындаған кепiл берушi өзiне ипотекалық куәлiк берiлуiн талап етуге құқылы. Негiзгi мiндеттеменi iшiнара орындаған кепiл берушi мiндеттеменiң тиiстi бөлiгiнiң орындалғаны туралы ипотекалық куәлiкке кепіл ұстаушы (ипотека куәлігінің иесі) кепіл берушінің жазбаша өтініші бойынша жүргізетін белгiнi талап етуге құқылы. Ипотекалық куәлiк жаңа иесiне берiлген кезде iшiнара орындалғаны туралы белгi мiндеттi түрде қойылады.
3. Ипотека куәлiгiнiң заңды иесiнде болуы не ипотека куәлiгiнде негiзгi мiндеттеменiң iшiнара орындалғаны туралы белгiнiң болмауы, егер өзге жайт дәлелденбесе, осы мiндеттеменiң немесе, тиiсiнше, оның бөлiгiнiң орындалмағанын айғақтайды.
4. Ипотека куәлiгiнiң кепiл берушiде болуы, егер өзге жайт дәлелденбесе, ипотекамен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң орындалғанын айғақтайды.
5. Ипотека куәлiгi бойынша мiндеттемелердi орындау осы баптың 6-тармағында көзделген ерекшелiктердi ескере отырып, Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Ипотека куәлiгi бойынша құқықты беру жазбасын (индоссаменттi) жасау жолымен беретiн ипотека куәлiгiнiң заңды иесi, егер мемлекеттік тiркеуге дейiн ипотекалық куәлiкте ол «маған арналмаған айналым» деген сөздердi жазған жағдайда, ипотека куәлiгi бойынша құқықты жүзеге асырғаны үшiн жауапты болмайды.
2007.26.07. № 311-III ҚР Заңымен 15-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
15-бап. Ипотека куәлiгiн тiркеу
Ипотека куәлiгiн беру, ипотека куәлігіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу және оны кейiннен басқа иелерiне беру ипотеканың мәнi болып табылатын жылжымайтын мүлiк орналасқан жерде, жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тiркеу үшiн белгiленген тәртiппен, мемлекеттік тiркеуге жатады.