Тез бүлiнетiн жүктi сатудан түскен сома тасымалдаушыға тиесiлi барлық төлемдердi шегергеннен кейiн жүк жөнелтушi үшiн нотариустың атына депозит шартымен салынады.
3. Тасымалдаушы жүк жөнелтушiнiң жүкке иелiк ету туралы нұсқауын алған кезге дейiн жүктi жүк алушыға беруге құқылы.
4. Жүк жөнелтушiнiң жүкке иелiк ету туралы нұсқауын осы баптың 1-тармағында белгiленген мерзiмде алмаған жағдайда тасымалдаушы жүктi жүк жөнелтушiге оның есебiнен қайтаруға құқылы.
54-бап. Жүктiң тиiстi емес жүк алушының атына келуi
1. Жүк алушының атына берiлуi шартта көзделмеген жүк келген, сондай-ақ атауы теміржол көлiгі жүкқұжатында көрсетілген атауға сәйкес келмейтiн жүк келген жағдайда:
1) жүк алушы жүктiң келгенi жөнiнде хабарлама алған кезден бастап бір тәулiк iшiнде тасымалдау шарты бойынша өзiнiң тиiстi тарап еместiгi туралы тасымалдаушыға жазбаша хабарлама жiберуге мiндеттi;
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) тасымалдаушы жүк жөнелтушiнi жүкке иелiк ету қажеттiгi туралы дереу хабардар етуге мiндеттi, ал жүк жөнелтушi төрт тәулiк (тез бүлiнетiн, қауіпті жүктерге қатысты - екi тәулiк) iшiнде жүкке иелiк ету туралы жазбаша нұсқау беруге мiндеттi.
2. Теміржол жүкқұжатында көрсетiлген жүк алушы тасымалдаушыға тиiстi барлық төлемдердi төлеген жағдайда, оның жүктi алуға құқығы бар.
3. Жүк жөнелтушiнiң жүкке иелiк ету туралы нұсқауын осы баптың 1-тармағында көзделген мерзiмде алмаған жағдайда, тасымалдаушы жүктi жүк жөнелтушiге оның есебiнен қайтаруға, ал тез бүлiнетiн жүктi осы Заңның 53-бабының 2-тармағына сәйкес сатуға құқылы.
55-бап. Жүк тасымалдауға кедергiлер
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Тасымалдаушы жүк жөнелтушiнi немесе экспедиторды олардың кiнәсiнен жүктi тасымалдауға кедергiлер туындағаны (мемлекеттік кіріс органдарының және өзге де мемлекеттік органдардың кiдiртуi) және мұндай жүктi одан әрi тасымалдау үшiн басқа тасымалдаушыларға тапсыру мүмкiн еместiгi туралы дереу телеграф арқылы немесе өзге де тәсiлмен жүк жөнелтушінi немесе экспедиторды жасалған шартқа сәйкес хабардар етуге мiндеттi.
Жүк жөнелтушi, сондай-ақ экспедитор, егер шартта оған осындай мiндеттемелер жүктелген болса, жүк тасымалдауға кедергiлердi жою жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi.
2. Тасымалдаушы үшiн белгiленген жүктi жеткiзiп беру мерзiмдерi жүк жөнелтушiнiң, экспедитордың кiнәсiнен жүктi кiдiрткен уақытқа ұзартылады.
3. Экспорттық және импорттық жүктi кiдiрткен уақыты үшiн кiнәлi тұлға тасымалдаушыға - вагондар мен контейнерлердi пайдаланғаны үшiн ақы, ал транзиттiк жүктi кiдiрткен уақыты үшiн Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгiленген мөлшерде ақы төлейдi.
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 4-тармақ толықтырылды; 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Жүк жөнелтушi немесе жүк алушы тасымалдаушыдан хабарлама алған кезден бастап сегiз тәулiк (тез бүлiнетiн, қауіпті жүктерге қатысты - төрт тәулiк) iшiнде кідіртілген жүктерге қатысты шара қолданбаған жағдайда, тасымалдаушы жүктi жүк жөнелтушiге оның есебiнен қайтаруға, немесе көлік құралынан жүкті босатуды талап етуге ал тез бүлiнетiн жүктi осы Заңның 53-бабының 2-тармағына сәйкес сатуға құқылы.
2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен 55-1-баппен толықтырылды
55-1-бап. Алдын ала ақпараттың мәліметтерін ұсыну
Жүк жөнелтушілер, жүк алушылар, экспедиторлар, кеден өкілдері не жүктің тасымалдануына байланысты көрсетілетін қызметтерді ұйымдастыруға тартылатын өзге де тұлғалар мемлекеттік кіріс органдарын алдын ала хабардар етуді жүзеге асыру үшін тасымалдаушыға Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) халықаралық шартта белгіленген көлем мен мерзімдерде қажетті мәліметтерді ұсынуға міндетті.
8-тарау. Кірме жолдар
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 56-бап өзгертілді
56-бап. Кiрме жолдарды пайдалану шарттары
2017.05.05. № 59-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Кiрме жолдар, олардың құрылыстары мен құрылғылары құрылыс нормалары мен қағидаларына, сондай-ақ Теміржол көлігін техникалық пайдалану қағидаларына сәйкес келуге, жылжымалы составты магистральдық жолдарда рұқсат етiлетiн техникалық жүктеме нормасымен өткiзудi қамтамасыз етуге тиiс.
2. Кiрме жолдар, олардың құрылыстары мен құрылғылары жүктi ырғақты тиеудi, түсiрудi (жүктен босатуды), жүк айналымына сәйкес маневрлiк жұмысты, сондай-ақ жылжымалы құрамды ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге тиiс.
3. Кiрме жолды оны салу немесе шұғыл жөндеу жұмыстарын жүргiзу кезеңiнде пайдалану қысқа мерзiмдi шарт талаптарымен жүзеге асырылуы мүмкiн.
4. Кiрме жолды пайдалану тасымалдау қағидаларына сәйкес тармақ иеленуші әзірлейтін және Ұлттық инфрақұрылым операторы бекiтетiн кiрме жолдағы қозғалысқа қызмет көрсету және оны ұйымдастыру тәртібі туралы нұсқаулық негізінде жүзеге асырылады.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды
5. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне бекітіліп берілген кірме жолдарды, олардың құрылыстары мен құрылғыларын техникалық күтіп-ұстауды жəне жөндеуді Ұлттық инфрақұрылым операторы шарттық негізде жүзеге асырады.
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 57-бап өзгертілді
57-бап. Кiрме жолдардың жалғасуы
2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Кiрме жолдардың магистральдық және станциялық жолдарға жалғасуы Ұлттық инфрақұрылым операторының немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру кезінде жекеше әріптестің не концессиялық жобаны іске асыру кезінде концессионердің келісімімен жүзеге асырылады.
Ұлттық инфрақұрылым операторы немесе концессионер кiрме жолдарды магистральдық және станциялық жолдарға жалғастырудан бас тартқан жағдайда, табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган шағымдарды қарауды жүзеге асырады.
2017.05.05. № 59-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Жаңадан салынып жатқан кiрме жолдардың жұмыс iстеп тұрған кiрме жолдарға жалғасуына тармақ иеленушiнiң келісімiмен рұқсат берiледi.
Жаңадан салынып жатқан жолдардың жұмыс iстеп тұрған кiрме жолдарға жалғасуын келісу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
3. Жаңа салынып жатқан кiрме жолдар жалғасқан немесе пайдаланылып жүрген кiрме жолда тасымалдау көлемi ұлғайған жағдайда, кiрме жолдар, теміржол станцияларын салу, магистралдық теміржол желісінiң бұрыннан бар теміржол станцияларын дамыту құрылыс бастамашысының қаражаты есебiнен жүзеге асырылуы мүмкiн.
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 57-1-баппен толықтырылды
57-1-бап. Кiрме жолдар қызметтерiн көрсету
1. Тармақ иеленушiлер жылжымалы құрамды өткізу, оның тұруы, вагондарды, контейнерлердi беру-алып кету және кiргiзу-шығару үшiн, жүктердi қабылдау, тиеу (түсiру), беру жөніндегі операцияларды, маневрлiк жұмыстарды және өзге де операцияларды жүзеге асыру үшiн тасымалдау процесiне қатысушыларға кiрме жолдар қызметтерiн көрсету жөніндегі шарттың негiзiнде кiрме жолдар қызметтерiн көрсетуге құқылы.
2. Тармақ иеленушiлер кiрме жолдар қызметтерiн көрсеткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес төлем алады.
2019.27.12. № 295-VІ ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. Кірме жолдың жылжымалы құрамды бір жолдан екінші жолға ауыстыруға арналған құрылысжайларын, құрылғылары мен элементтерін пайдаланғаны үшін жеке төлемақы алуға тыйым салынады.
3. Тармақ иеленушiлер кiрме жолдар қызметтерiн көрсетудi тасымал процесiне қатысушылардың тең құқықпен пайдалануын қамтамасыз етуге мiндеттi.
2019.27.12. № 295-VІ ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4. Тармақ иеленушілер бәсекелес кірме жол болмаған кезде, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, тасымалдау процесіне қатысушыларға кірме жол қызметтерін көрсетуді тоқтатуға алып келетін әрекеттерге (әрекетсіздікке) жол бермеуге міндетті.
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 58-бап өзгертілді; 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 58-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
58-бап. Кiрме жол бойынша жүру қауiпсiздiгi талаптарының сақталуын тексеру ерекшелiктерi
2017.05.05. № 59-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік көлiктік бақылау органы кiрме жолда жүру қауiпсiздiгiне, жылжымалы составтың, контейнерлердiң, жүктердiң сақталуына қатер төндiретiн ақауларды байқаған кезде анықталған бұзушылықтар туралы акт жасалады.
Тармақ иеленушi көрсетілген актiнiң негiзiнде кiрме жолдар қызметтерін көрсетуді тоқтата тұруға мiндеттi.
Уәкілетті органның жазбаша хабарламасы негізінде Ұлттық инфрақұрылым операторы кiрме жолдарға вагондарды беруді-алып кетуді тоқтатады.
2. Тармақ иеленушi анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы уәкілетті органды жазбаша хабардар етеді.
Кiрме жолды пайдалануды қайта бастауға уәкiлеттi органның шешiмi негiзiнде жол берiледi.
Уәкілетті орган кiрме жолды пайдалануды қайта бастау туралы шешім қабылданған кезден бастап Ұлттық инфрақұрылым операторын жазбаша хабардар етеді.
3. Анықталған бұзушылықтарды актiде көрсетiлген мерзiмдерде жоймағаны үшін тармақ иеленушi Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
Аталған жағдайда тармақ иеленушi шарттар бойынша, оның iшiнде контрагентпен жасалған шарт бойынша мiндеттемелердi орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн толық мүлiктiк жауаптылықта болады.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 59-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
59-бап. Ұлттық инфрақұрылым операторының өкiмдерiн кiрме жолдарда орындаудың мiндеттілігi
Кiрме жолдарда қызметтiк мiндеттерiн атқаратын қызметкерлер Ұлттық инфрақұрылым операторының маневрлiк жұмыстарды ұйымдастыру мәселелерi жөніндегі өкімін орындауға мiндеттi.
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 60-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
60-бап. Кiрме жолдар қызметтерiн көрсетуге жасалатын шарттар
1. Тасымалдау процесiне қатысушылардың кiрме жолдар қызметтерiн көрсету жөніндегі өзара қатынастары шартпен айқындалады.
2. Тармақ иеленушi бір жақты тәртiппен:
1) кiрме жолдар қызметтерiн көрсетуге жасалатын шарт талаптарын өзгертуге;
2) кiрме жолдар қызметтерiн көрсетуге жасалатын шартты бұзуға;
3) тасымалдау процесiне қатысушылар кiрме жолдар қызметтерiн көрсету шартын өздерi бұзған жағдайларды қоспағанда, олардың тең қол жеткізу принципiн бұзатын өзге де iс-әрекеттер жасауға құқылы емес.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 61-бап қөзгертілді (бұр.ред.қара)
61-бап. Келiспеушiлiктердi сотқа дейiн реттеу
Вагондарды беруге-алып кетуге шарт жасасу кезiнде туындаған дауларды, сондай-ақ оларды өзгерту мен толықтыру жөніндегі келiспеушiлiктердi сотқа дейiн реттеу тасымалдау ережелерiнде көрсетiлген тәртiппен және мерзiмдерде жүзеге асырылады.
62-бап. Кiрме жолдарда вагондар мен контейнерлердiң сақталуы үшiн жауапкершiлiк
Кiрме жолдарда жүктер мен жылжымалы құрамның сақталуына қабылдаушы тарап жауапты болады. Тармақ иеленушiнiң алдындағы контрагенттiң жауаптылығы тармақ иеленушiнiң тасымалдаушы алдында жауап беретiн ережелерi сияқты ережелермен белгiленедi.
63-бап. Вагондар мен контейнерлердiң кiрме жолдарда тұру уақытын есепке алу
Вагондар мен контейнерлердiң кiрме жолдарда тұру уақытын есепке алу тасымалдау ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады. Вагондар мен контейнерлердi кiрме жолдарда қабылдау орны және тәртібі шартпен белгiленедi.
9-тарау. Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерiн тасымалдау
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 64-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 295-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 64-бап қөзгертілді
64-бап. Жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру
Халықаралық және облысаралық қатынастарда жолаушылар тасымалын ұйымдастыруды уәкілетті орган айқындайды.
Ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қала маңындағы қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдаудың ұйымдастырылуын жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар немесе тасымалдаушы айқындайды.
Жолаушылар тасымалдаушыларының әлеуметтік маңызы бар жолаушылар қатынастарына жатпайтын жаңа теміржол қатынастарын ашуы уәкілетті органмен келісу бойынша жүзеге асырылады.
Уәкілетті органның жолаушылар тасымалдаушыларының әлеуметтік маңызы бар жолаушылар қатынастарына жатпайтын жаңа теміржол қатынастарын ашуын келісу тәртібі Магистральдық теміржол желісін пайдалану қағидаларында айқындалады.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 65-бап өзгертілді
65-бап. Жолаушыны, багажды және жүк-багажды тасымалдау шарты
1. Жолаушыны тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы оған жол жүру құжатына (билетiне) сәйкес поезда орын берiп, оны баратын жерiне жеткізуге мiндеттенедi, ал жолаушы жол жүру ақысын төлеуге мiндеттi.
2. Багажды, жүк-багажды тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы багажды, жүк-багажды баратын жерiне жеткiзiп беруге, ал жөнелтушi оның тасымалдау ақысын төлеуге мiндеттi.
3. Жолаушыны тасымалдау шарты - жол жүру құжатымен (билетпен), багажды тасымалдау - багаж квитанциясымен, жүк-багажды тасымалдау жүк-багаж квитанциясымен ресiмделедi.
2016.09.04. № 494-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Тасымалдаушы жолаушы көрсеткен межелі станцияға дейiн жол жүру құжатының (билеттiң) сатылуын қамтамасыз етуге мiндеттi. Тасымалдаушы жол жүру құжаттарын (билеттердi) сатуды жолаушы агенттіктерінің билет кассалары, электрондық терминалдар, интернет-ресурстар арқылы және Қазақстан Республикасында теміржол көлігінде жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды ұйымдастыру қағидаларында белгіленген тәртіппен басқа да тәсілдермен ұйымдастыра алады.
2016.09.04. № 494-V ҚР Заңымен 4-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4-1. Жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату және орындарды резервке қою жолаушы тасымалдауларын басқарудың автоматтандырылған жүйесі арқылы жүзеге асырылады, Ұлттық теміржол компаниясы оған қол жеткізуді уәкілетті органмен келісім бойынша ұйымдастырады.
Поездың жүру жолында жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды тасымалдаушы Қазақстан Республикасында теміржол көлігінде жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды ұйымдастыру қағидаларына сәйкес жолаушылар тасымалын басқарудың автоматтандырылған жүйесі арқылы жүзеге асырады.
5. Жолаушыға жол жүру құжатына (билетiне) сәйкес орын бермеген немесе тасымалдауды жалғастырудан бас тартқан тасымалдаушы өз есебiнен жолаушыны баратын жерiне жеткізуге немесе жолаушыға шартты тиiсiнше орындамаудан келтiрiлген барлық залалды өтеуге мiндеттi.
6. Жол жүру құжаттарының (билеттерiнiң) нысаны, оларды сату тәртібі мен қолданылу мерзiмдерi тасымалдау ережелерiмен белгiленедi.
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 66-бап толықтырылды; 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 66-бап өзгертілді
66-бап. Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдау ережелерi
Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдау ережелерiнде:
1) жол жүру құжаттарын (билеттердi) сату, олардың қолданылу мерзiмiн ұзарту және билет кассаларының жұмысын ұйымдастыру;
2) жолаушылар вагонының санаты, оның iшiнде жайлылық деңгейi бойынша санаты;
3) жолаушыларға жолаушылар поездары мен вокзалдарда жедел медициналық көмек көрсетудi қоса алғанда, мiндеттi түрде көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесi;
4) жолаушылардың жол жүру жағдайының өзгеру, поездарда төсекорын жабдықтарын беру және басқа қызметтер көрсету шарттары мен тәртібі;
5) жолаушының жол бойында аялдама жасауын (он күнге дейiн) ресiмдеудiң тәртібі;
6) қол жүгiн алып жүру тәртібі мен шарттары;
7) багажды, жүк-багажды қабылдаудың және берудiң талаптары мен тәртібі;
8) тасымалдау құжаттарының нысандары және оларды ресiмдеудiң тәртібі;
9) тасымалдауға рұқсат етiлетiн жануарлардың тiзбесi, оларды тасымалдаудың тәртібі мен талаптары;
10) жол бойында багаж бен жүк-багажды берудiң тәртібі;
11) багаж бен жүк-багажды қайта жөнелтудiң тәртібі мен талаптары;
12) багаж бен жүк-багажды сақтау, ұстап қалу, беру тәртібі;
13) қауiптi заттарды тасымалдаудың тәртібі;
14) пайдаланылмаған жол жүру құжаттары (билеттер) үшiн төлемдердi қайтару тәртібі;
15) кәмелетке толмаған жолаушылардың жол жүру ережелерi;
15-1) жолаушы платформаларын пайдалану тәртібі;
16) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес өзге де жағдайлар белгiленедi.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 66-1-баппен толықтырылды; 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 66-1-бап өзгертілді; 2016.09.04. № 494-V ҚР Заңымен 66-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
66-1-бап. Жолаушылар поездарының жүру жолында Жолаушылар, багаж және жүк-багаж тасымалдау қағидаларының сақталуына бақылау жүргізу тәртібі
1. Жолаушылар поездарының Қазақстан Республикасы аумағымен жүру жолында Жолаушылар, багаж және жүк-багаж тасымалдау қағидаларының сақталуына бақылауды уәкілетті орган жүргізеді.
2. Жолаушылар поездарында тасымалдаушылардың Жолаушылар, багаж және жүк-багаж тасымалдау қағидаларын сақтауын тексеруді уәкілетті органның лауазымды адамы (адамдары) тексеруді тағайындау туралы актiнің негiзiнде жүргiзедi.
Тексеруді тағайындау туралы актiде:
1) актінің күні және нөмірі;
2) уәкілетті органның атауы;
3) тексеруді жүргiзуге уәкілеттілік берілген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) және лауазымы;
4) жолаушылар поездарын тексеруді тағайындау туралы актілерді есепке алу журналындағы тіркеу күні мен нөмірі;
5) тексерілетін субъектінің атауы мен жолаушылар поезының нөмірі;
6) тексерілетін субъектінің сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН);
7) тексеру мәселелері;
8) тексеру жүргiзу мерзімі;
9) актілерге қол қоюға уәкілеттілігі бар адамның қолы мен уәкілетті органның мөрі көрсетіледі.
3. Тексеруді тағайындау туралы акт жолаушылар, багаж және жүк-багажды тасымалдауды жүзеге асыратын, тексерілетін әрбір субъектіге жолаушылар поездарының нөмірлері көрсетіле отырып толтырылады.
Тексеруді тағайындау туралы акт тексеруді тағайындау туралы актілерді есепке алу журналында тіркеледі.
Жолаушылар поездарын тексеруді тағайындау туралы актіні есепке алу журналын жүргізу тәртібі мен нысанын уәкілетті орган бекітеді.
2019.26.11. № 273-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2020 ж. 30 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Лауазымды адамдар жолаушылар поезын тексеруді бастаудың алдында қызметтік куәлігін не сәйкестендіру картасын және осы поезды тексеруді тағайындау туралы актіні көрсетеді, бұл ретте тексерудің басталғаны туралы жолаушылар поезының бастығын немесе аға жолсерiгiн (вагон-мейрамхана директорын, жүк вагонын қабылдап-тапсырушыны, қызметтік вагон жолсерiгiн) қол қойғыза отырып, таныстырады.
5. Мемлекеттік бақылаудың объектісі болып табылатын жолаушылар поезына лауазымды адамды жіберуге кедергі келтірілген жағдайда, ол хаттама толтырады. Тексерілетін объектіге жіберуден бас тарту, тексеруді болдырмау үшін негіз болып табылмайды.
6. Жолаушылар поезын Жолаушылар, багаж және жүк-багаж тасымалдау қағидаларының сақталуы тұрғысынан тексеруді лауазымды адамдар жолаушылар поезы жөнелтілгеннен кейін бастайды.
7. Тексерілетін жолаушылар поезының барлық вагондарында Жолаушылар, багаж және жүк-багаж тасымалдау қағидаларының сақталуы бөлігінде тексеру жүзеге асырылады.
8. Жолаушылар поезын тексеру нәтижелері бойынша лауазымды адамдар тексеру нәтижелері туралы акт жасайды.
Тексеру нысанасына қойылған талаптарды бұзушылықтар анықталмаған жағдайда, тексеру нәтижелері туралы актіде тиісті жазба жасалады.
9. Тексеру нәтижелері туралы акт екі данада жасалады.
Тексеру нәтижелері туралы актіде:
1) тексеру күні, уақыты және учаскесі;
2) уәкілетті органның атауы;
3) негізінде тексеру жүргізілген тексеруді тағайындау туралы актінің күні және нөмірі;
4) тексеруді жүргізген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) және лауазымы;
5) тексерілетін субъектінің атауы, жолаушылар поезының нөмірлері мен қатынастары, тексеру жүргізу кезінде қатысқан жолаушылар поезы бастығының немесе аға жолсерiгiнің (вагон-мейрамхана директорының, жүк вагонын қабылдап-тапсырушының, қызметтік вагон жолсерiгiнің) тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде);
6) тексеру нәтижелері, оның ішінде анықталған бұзушылықтар туралы мәліметтер;
7) тексеру жүргізу кезінде қатысқан жолаушылар поезы бастығының немесе аға жолсерiгiнің (вагон-мейрамхана директорының, жүк вагонын қабылдап-тапсырушының, қызметтік вагон жолсерiгiнің) тексеру нәтижелері туралы актімен танысқандығы немесе танысудан бас тартқандығы жөніндегі мәліметтер, оның қолы немесе қол қоюдан бас тартуы;
8) тексеру жүргізген лауазымды адамның (адамдардың) қолы көрсетіледі.
Тексеру нәтижелері туралы актіге бар болған жағдайда тексеру нәтижелерімен байланысты құжаттар немесе олардың көшірмелері қоса беріледі.
10. Тексеру нәтижелері бойынша ескертпелері және (немесе) қарсылықтары болған жағдайда, тексеру жүргізу кезінде қатысқан жолаушылар поезы бастығы немесе аға жолсерiгi (вагон-мейрамхана директоры, жүк вагонын қабылдап-тапсырушы, қызметтік вагон жолсерiгi) оларды жазбаша нысанда баяндайды.
Ескертпелер және (немесе) қарсылықтар тексеру жүргізу нәтижелері туралы актіге қоса беріледі, бұл жөнінде тиісті белгі жасалады.
11. Тексеру нәтижелері туралы актінің бір данасы тексеру жүргізу кезінде қатысқан жолаушылар поезының бастығына немесе аға жолсерiгiне (жолаушылар поезының құрамындағы вагон-мейрамхана, жүк вагоны және қызметтік вагон тексерілген жағдайда тексеру нәтижелері туралы актінің бір-бір данасы тиісінше вагон-мейрамхана директорына, жүк вагонын қабылдап-тапсырушыға, қызметтік вагон жолсерiгiне табыс етіледі) танысуы және анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдауы үшін табыс етіледі.
12. Лауазымды адамның (адамдардың) жолаушылар поездарында Қазақстан Республикасының аумағымен жүру жолында Жолаушылар, багаж және жүк-багаж тасымалдау қағидаларының сақталуына бақылауды жүргізу кезінде:
1) тексерілетін жолаушылар поезының құрамындағы барлық типтегі жолаушылар вагондарына кедергісіз кіруге;
2) тексеру нәтижелерінің актісіне қоса беру үшін тексеру мәселелерімен байланысты құжаттарды (мәліметтерді) қағаздағы жеткізгіште не олардың көшірмелерін алуға;
3) мемлекеттік органдардың мамандарын, консультанттарын және сарапшыларын тартуға құқығы бар.
13. Тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамға (адамдарға) тексеру мәселелеріне жатпайтын талаптарды қоюына және өтініштер жасауына тыйым салынады.
14. Уәкілетті органның лауазымды адамдары тексеру жүргізу кезінде:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, тексерілетін субъектілердің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;
2) тексерулерді осы Заңмен белгіленген тәртіпке қатаң сәйкестікте жүргізуге;
3) тексеру жүргізу кезінде қатысқан жолаушылар поезының бастығына немесе аға жолсерiгiне (вагон-мейрамхана директорына, жүк вагонын қабылдап-тапсырушыға, қызметтік вагон жолсерiгiне) жүргізілген тексеру нәтижелері туралы актіні ол аяқталған күні табыс етуге міндетті.
15. Жолаушылар поезының бастығы немесе аға жолсерiгi (вагон-мейрамхана директоры, жүк вагонын қабылдап-тапсырушы, қызметтік вагон жолсерiгi) бақылау жүргізу кезінде:
1) тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген мерзімдер өтіп кеткен;
2) тексеру жүргізу үшін келген лауазымды адамның (адамдардың) деректерінің тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген лауазымды адамның (адамдардың) деректерімен сәйкес келмеген жағдайларда объектіге тексеру жүргізу үшін келген уәкілетті органның лауазымды адамын (адамдарын) тексеруге жібермеуге құқылы.
16. Жолаушылар поезының бастығы немесе аға жолсерiгi (вагон-мейрамхана директоры, жүк вагонын қабылдап-тапсырушы, қызметтік вагон жолсерiгi) уәкілетті орган Жолаушылар, багаж және жүк-багаж тасымалдау қағидаларының сақталуына бақылау жүргізген кезде:
1) осы Заңның 66-1-бабы 4-тармағының талаптары сақталған кезде, лауазымды адамның (адамдардың) тексерілетін жолаушылар поезының құрамындағы барлық типтегі жолаушылар вагондарына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
2) тексеру нәтижелері туралы актіге қоса беру үшін лауазымды адамға (адамдарға) тексеру мәселелерімен байланысты құжаттарды (мәліметтерді) қағаздағы жеткізгіште не олардың көшірмелерін ұсынуға;
3) тексеру тағайындалғаны туралы актімен танысқандығы жөнінде белгі жасауға;
4) актінің екінші данасында тексеру аяқталған күні жүргізілген тексерудің нәтижелері туралы актіні алғандығы туралы белгі жасауға міндетті.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 66-2-баппен толықтырылды
66-2-бап. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 67-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
67-бап. Жолаушының құқықтары мен мiндеттерi
1. Жолаушының:
1) поездар жүретiн маршруттар бойынша жолаушылар операциялары үшiн ашық, өзi атаған баратын станциясына дейiн кез келген поезға және кез келген вагонға жол жүру құжатын (билет) сатып алуға;