12) тез бүлiнетiн жүк тасымалдаудың шектi мерзiмi және температуралық режим сақталған кезде бүлiнген;
2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
13) көлiк ыдысының немесе олардың қасиеттерiнiң көзге көрiнбейтiн кемшiлiктерiнен багаж, жүк, жүк-багаж сақталмаған;
2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен 14) тармақшамен толықтырылды
14) тығыздап тиеу нәтижесiнде вагондардың, контейнерлердiң санын өтiнiмде көзделген мөлшерден аз пайдаланған жағдайларда жауаптылықтан босатылады.
2. Тасымалдаушының кiнәсiнен багаждың бүлiну жағдайларын қоспағанда, жолаушы қол жүгi ретiнде өзiмен бірге алып жүретiн багаждың сақталуына тасымалдаушы жауапты болмайды.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 88-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
88-бап. Жүк жөнелтушiнi, жүк алушыны жауапкершiлiктен босату
Жүк жөнелтушi немесе жүк алушы, оның ішінде əскери тасымалдарды орындау кезінде, осы Заңның 86-бабының 2-тармағын дакөрсетiлген негiздерден басқа, мынадай:
1) өзiнiң алдын ала келісімiнсiз берiлген вагондар, контейнерлер пайдаланылмаған;
2) онкүндiктiң жекелеген күндерiнде жүктiң жол берiлген кем тиелуiн осы күнтiзбелiк онкүндiк iшiнде тасымалдаушының келісімiмен толтырған;
3) тығыздап тиеу нәтижесiнде вагондарды, контейнерлердi өтiнiмде көзделген мөлшерден аз пайдаланған;
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда(бұр.ред.қара)
4) тасымалдаушыны вагондарды, контейнерлердi пайдаланбайтыны туралы - тиейтiн күнге дейін кемінде жеті тəулiк бұрын, ал əскери тасымалдар бойынша тиейтін күні хабардар еткен жағдайларда жауапкершіліктен босатылады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 10-1-тараумен толықтырылды; 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 10-1-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
10-1-тарау. Теміржол көлігі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 88-1-бап өзгертілді
88-1-бап. Теміржол көлiгi саласындағы мемлекеттік бақылаудың мәні мен мақсаты
2016.09.04. № 494-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Теміржол көлiгi саласындағы мемлекеттік бақылау (бұдан әрі - көлiктiк бақылау) теміржол көлiгiнің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауына, оларды бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша шаралар қабылдау үшін жүргiзiледi.
2. Көліктік бақылауды жүргізудің мақсаты Қазақстан Республикасының теміржол көлігі саласындағы заңнамасының теміржол көлігін қауіпсіз пайдалану және оның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарын сақтау болып табылады.
2017.05.05. № 59-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Уәкілетті орган орталық және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасасады, бірлескен бақылау шараларын қабылдайды, өзара ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік органдар уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес теміржол көлігі саласында қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуіне көліктік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді орындауда жәрдемдесуге міндетті.
Тасымалдау процесіне қатысушылар және жылжымалы теміржол составының иелері жылжымалы теміржол составына, сондай-ақ магистральдық, станциялық, кірме жолдарға жүргізілген жоспарлы жөндеу туралы ақпаратты Теміржол көлігін техникалық пайдалану қағидаларында белгіленген нысан бойынша жөндеу аяқталған кезден бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей уәкілетті органға береді.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 88-2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 88-2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 88-2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
88-2-бап. Теміржол көлігі саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Теміржол көлігі саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
2. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
88-3-бап. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
88-4-бап. Уәкілетті органның құқықтары
Уәкілетті орган алға қойылған міндеттерді іске асыру үшін:
1) жеке және заңды тұлғалардан уәкілетті органның құзыретіне кіретін барлық мәселелер бойынша қажетті ақпараттар, материалдар, анықтамалық деректер сұратуға;
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.05.05. № 59-VI ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) темiржол көлiгiнде тасымалдау және басқа да қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың қызметiн, оның ішінде бақылау-өлшеу техникалық құралдары мен аспаптарын қолдана отырып, олардың:
теміржол желісінің станциялық және магистралдық жолдар мен теміржолдағы кірме жолдарды күтіп-ұстауды;
жылжымалы құрамды күтіп-ұстауды, пайдалануды және жөндеуді;
белгіленген жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және пошта жөнелтілімдерін теміржол көлігімен тасымалдау қағидаларын, сондай-ақ жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау қағидаларын;
теміржол көлігінде жүру қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған техникалық құралдарды күтіп-ұстауды, пайдалануды және жөндеуді;
жасанды құрылыстарды, сондай-ақ теміржол өткелдерін күтіп-ұстауды, пайдалануды және жөндеуді сақтау бөлігінде тексеруге;
3) 2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) өз құзыреті шегінде тексерулердің нәтижелері бойынша актілер жасауға және Қазақстан Республикасының теміржол көлігі туралы заңнамасының, теміржол көлігінің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын стандарттау жөніндегі құжаттардың және нормалардың анықталған бұзушылықтарын жою туралы нұсқама енгізуге;
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен уәкілетті органның лауазымды адамдарының әкімшілік құқық бұзушылықтар және әрекеттер жасау фактілерін тіркеп алу үшін техникалық құралдарды пайдалануға;
5) хаттамалар толтыруға, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыруға;
6) 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7) өз құзыреті шегінде заңды тұлғаға тиесілі аумақты, үй-жайларды, тауарларды, өзге де мүлікті қарап шығуға, сондай-ақ тиісті құжаттарды тексеруге;
8) уәкілетті органның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша сараптамаларға қатысу үшін тиісті мамандарды тартуға;
9) мемлекеттік органдарға көлік оқиғаларының, көлікті пайдалану ережелерін бұзушылықтың алдын алу жөніндегі шаралар туралы ұсыныстар енгізуге;
10) жүру қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғаудың белгіленген талаптарына жай-күйі сай келмейтін магистралдық теміржол желісінің, теміржолдар мен жылжымалы құрамның объектілерін, сондай-ақ жолаушыларды, жүктерді және қауіпті жүктерді тасымалдау кезінде пайдалануды тоқтата тұруға және тоқтатуға құқылы.
88-5-бап. Актілердің нысандары
Тексеру жүргізуге, жүргізілген тексеру нәтижелерін ресімдеуге арналған актілердің, жүру қауіпсіздігін бұзушылық жағдайларын есепке алу жөніндегі қажетті есеп құжаттарының, анықталған бұзушылықты жоюға нұсқамалардың нысандарын уәкілетті орган белгілейді.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 88-6-баппен толықтырылды
88-6-бап. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды жүргізу тәртібі
1. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды уәкілетті орган ақпараттық жүйелер деректерін, сондай-ақ бақылау субъектісінің (объектісінің) қызметі туралы басқа да мәліметтерді талдау негізінде жүзеге асырады.
Мыналар бақылау субъектілері болып табылады:
1) ұлттық инфрақұрылым операторы;
2) тасымалдаушылар;
3) вагондар операторлары;
4) локомотивтік тартқыш операторлары;
5) тармақ иеленушілері;
6) теміржол көлігінің көмекші қызметтері.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары бұзушылықтардың дер кезінде жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын бақылау субъектісіне беру және бақылау субъектісіне әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.
Бақылау субъектілеріне бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын беру үшін бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салдарын жою мүмкін болатын бұзушылықтар бойынша ғана жүргізіледі.
2. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бақылау субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бұзушылықтар анықталған жағдайда, уәкілетті орган бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынымды ресімдейді және жібереді.
3. Ұсыным бақылау субъектісіне қол қойғызып, жеке өзіне немесе жөнелту және алу фактілерін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс.
Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол - ұсынымға алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;
2) поштамен - тапсырысты хатпен;
3) электрондық тәсілмен - уәкілетті орган сұрау салған кезде хатта көрсетілген бақылау субъектісінің электрондық мекенжайына уәкілетті орган жөнелткен күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
4. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.
5. Бақылау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсынымды жіберген уәкілетті органға ол табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.
6. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу жолымен бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындауға алып келеді.
7. Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты бармай профилактикалық бақылау жылына бір реттен жиілетпей жүргізіледі.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 10-2-тараумен толықтырылды
10-2-тарау. Жол жүрісі қауіпсіздігін бұзушылықтарды тергеп-тексеру
88-7-бап. Жол жүрісі қауіпсіздігін бұзушылықтарды тергеп-тексерудің жалпы ережелері
1. Жол жүрісі қауіпсіздігін бұзушылықтар теміржол көлігіндегі жол жүрісі қауіпсіздігін бұзушылықтарды тергеп-тексеру қағидаларында айқындалған тәртіппен міндетті тергеп-тексеруге жатады. Жол жүрісі қауіпсіздігін бұзушылықтарға апаттар, авариялар, оқиғалар және оқыс оқиғалар жатады.
2. Тергеп-тексерудің мақсаттары себептерді және (немесе) ілеспе факторларды анықтау, жол жүрісі қауіпсіздігін бұзушылықты болашақта болғызбау және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдарды әзірлеу болып табылады.
3. Апаттарды және аварияларды тергеп-тексеруді уәкілетті орган құратын комиссия жүзеге асырады. Апаттарды және аварияларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссия құрамына уәкілетті органның лауазымды адамы болып табылатын тергеп-тексеру жөніндегі уәкіл, тасымалдау процесіне қатысушылар және мүдделі тұлғалар кіреді.
Оқиғаларды және оқыс оқиғаларды тасымалдау процесіне қатысушылар тергеп-тексереді.
4. Апаттарды және аварияларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның жұмысы тергеп-тексеру жөніндегі уәкілдің төрағалық етуімен жүргізіледі.
5. Тергеп-тексеру жөніндегі уәкіл апаттарды және аварияларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның жұмысын, сондай-ақ олармен байланысты барлық аспектілерді апаттар, авариялар болған жерде ұйымдастырады және үйлестіреді.
6. Тергеп-тексеру жөніндегі уәкіл кәсіптік деңгейін ұстап тұру және біліктілігін арттыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мерзімділікпен оқудан өтеді.
7. Жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік органдар апаттарды және аварияларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның сұрау салулары бойынша жүргізілетін тергеп-тексеруге қатысы бар ақпаратты және (немесе) құжаттаманы беруге міндетті.
8. Апаттарды және аварияларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссия апаттарды және аварияларды тергеп-тексеруді жеке және басқа да мемлекеттік органдар жүргізетін басқа тергеп-тексеру түрлерінен тәуелсіз жүргізеді.
9. Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайлардан басқа кезде, тергеп-тексеру жүргізу кезінде апаттарды және аварияларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның қызметіне жеке және (немесе) заңды тұлғалардың, басқа да мемлекеттік органдардың араласуына жол берілмейді.
88-8-бап. Апаттарды және аварияларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның құқықтары мен міндеттері
1. Апаттарды және аварияларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссия:
1) тергеп-тексеру жүргізудің тәуелсіздігі мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ тергеп-тексеруге қатысы бар дәлелдемелердің жоғалуын немесе өзгертілуін болғызбау үшін басқа да мемлекеттік органдардың өкілдерімен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыруға;
2) апат және авария болған жерге, жылжымалы құрамды пайдаланумен байланысты барлық құжаттамаға, оған қызмет көрсетуге және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тартылған персоналға кедергісіз қолжетімділігі болуға, оқиға орындарын, объектілер мен сынықтарды, қосалқы бөлшектерді және апаттың және аварияның туындауына себепші болған немесе ықпал етуі, әсер етуі мүмкін кез келген басқа да объектілерді қарап-тексеруді және одан әрі зерттеп-қарауды жүргізуге;
3) жылжымалы құрамдағы объективті бақылау аспаптарының немесе ақпарат жеткізгіштің кез келген басқа да құрылғысының деректерін, сондай-ақ жол жүрісіне қызмет көрсететін техникалық құралдардың жазбаларын іздеуді, қалпына келтіруді, шығарып алуды, оқуды және алынған деректердің сақталуына толық бақылауды жүзеге асыруға құқылы. Объективті бақылау немесе ақпарат жеткізгіштің кез келген басқа да құрылғысы жазбаларын шығарып алу және оқу Қазақстан Республикасындағы тиісті құралдарды пайдалана отырып қандай да бір кідіріссіз жүргізілуге тиіс;
4) оқиғаны көргендерден, персоналдан және апатқа және аварияға қатысы бар басқа да адамдардан сұрауға, апаттың және аварияның себептерін және (немесе) ілеспе факторларды анықтау үшін қажетті зерттеулер мен сынақтар жүргізуді тағайындауға;
5) сарапшыларды жұмысқа тартуға, олардың апатты және аварияны тергеп-тексеруге қатысты есептерін сұратуға;
6) жылжымалы құрамның меншік иесімен келісу бойынша апат және авария болған жерге жүру жолындағы жолаушылар вагонында немесе локомотивте болуға құқылы.
2. Апаттарды және аварияларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға міндетті.
11-тарау. Актілер, кінә қою, талап қою
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 89-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 89-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
89-бап. Кiнә қоюдың шарттары мен тәртібі
1. Тасымалдаушыға тасымалдау шартынан туындайтын кiнә қоюға жолаушының, жөнелтушiнiң (жүк жөнелтушiнiң), алушының (жүк алушының) құқығы бар.
Меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде вагондарға, контейнерлерге иелік ететін тұлға вагондар, контейнерлер жоғалған, бүлінген жағдайларда тасымалдаушыға кінә қоюға құқылы.
2. Жеке немесе заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тасымалдау шарты бойынша кінә қою құқығы бар тұлғалардың атынан кінә қоя алады.
3. Өтiнiш берушiде кінә қою құқығы бар екендігін куәландыратын құжаттар кiнә қоюға қоса берілуге тиiс.
4. Өтiнiш берушiнiң талаптарын растайтын мына құжаттар түпнұсқа түрiнде кiнә қоюға қоса берілуге тиiс:
1) жолаушының өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы талап қойылған жағдайда - жол жүру құжаты (билет) және жазатайым оқиға туралы акт;
2) жолаушылар поезының жөнелтiлуi кiдiртiлген немесе ол кешiгiп келген, жол жүргені үшін төлемді қайтару туралы талап қойылған жағдайда - жол жүру құжаты (билет);
3) багажды, жүк-багажды жоғалтқан, жеткiзiп беру мерзiмiн бұзған, багажды, жүк багажды тасымалдағаны үшін тасымалдау ақысын қайтару туралы талап қойылған жағдайда - багаждың, жүк-багаждың түбіртегі;
4) багаж, жүк-багаж жетiспеген, бұзылған (бүлiнген) жағдайда - багаж, жүк-багаж түбіртегі мен коммерциялық акт;
5) жолаушыны, багажды, жүк-багажды тасымалдағаны үшін тариф дұрыс қолданылмаған, багаждың, жүк-багаждың салмағы қате анықталған, тасымалдау төлемдерін айқындау кезіндегі есептеуде қате жіберілген жағдайларда - жол жүру құжаты (билет), багаждың, жүк-багаждың түбіртегі;
6) жүк түгелдей жоғалған жағдайда - жүктің келіп түспегені туралы межелі станцияның белгісі қойылған жүкті қабылдау туралы түбіртек және жөнелтілген жүктің саны мен құнын растайтын құжат;
7) жүк жетiспеген, бұзылған (бүлiнген) жағдайда - теміржол көлiгi жүкқұжаты, межелі станция берген коммерциялық акт және жөнелтілген, жетiспеген, бұзылған (бүлiнген) жүктің саны мен құнын растайтын құжаттар.
Жүк жөнелтуші мен жүк алушы арасындағы есеп айырысу нормаланған және іс жүзіндегі ылғалдылық ескеріле отырып, жүргізілетін жүк жетіспеген жағдайда, кінә қоюға жүкті жөнелту және беру кезіндегі оның ылғалдылығын растайтын құжаттар қоса беріледі.
Жүкті беру кезінде оның бағасын арзандату немесе сортын төмендету жүргізілген жүк бұзылған (бүлiнген) жағдайда кінә қою актісіне сараптама актісі қоса беріледі;
8) жүктi жеткiзiп беру мерзiмдерi бұзылған жағдайда - теміржол көлiгi жүкқұжаты;
9) тариф артық төленген жағдайда - теміржол көлiгi жүкқұжаты немесе жүкті тасымалдауға қабылдау туралы түбіртек және төленгенін растайтын құжаттар;
10) тасымалдау орындалмаған жағдайда - тасымалдаушының жүкті қайтарғаны туралы белгісі қойылған жүкті тасымалдауға қабылдау туралы түбіртек;
11) жүк тасымалдаумен байланысты алымдар мен айыппұлдар артық төленген жағдайда - олардың есептелгенін және төленгенін растайтын құжаттар;
12) тасымалдаушы заңды немесе жеке тұлғаларға тиесілі немесе олар жалға алған вагондарды, контейнерлерді жоғалтқан, зақымдаған жағдайда - межелі станциядағы тасымалдаушының вагондардың, контейнерлердің жеткізілмегені туралы белгісімен жүкті тасымалдауға қабылдау туралы түбіртек, техникалық паспорттар мен оларға меншік құқығын немесе жалға алынғанын растайтын құжаттар.
5. Бір кінә қоюда осы бапта көрсетілген әртүрлі жағдайлар бойынша талаптар біріктірілмеуі тиіс.
Жүктің жоғалғаны, жетіспеуі, бүлінгені немесе бұзылғаны үшін кінә қою әрбір жөнелтілім бойынша жеке қойылады.
Бір атаудағы, бір станцияда бір ғана жүк жөнелтуші бір межелі станцияға бір жүк алушының мекенжайына жөнелткен жүктер бойынша тасымалдауды ресімдеу кезінде тасымалдаушы олар бойынша бір коммерциялық акт жасаған жүк жөнелтілімдері тобы бойынша бір кінә қоюды ресімдеуге рұқсат етіледі.
Маршруттық немесе топтап тасымалданған жүктер бойынша кінә қою коммерциялық актіде көрсетілген вагондар санына қойылады.
Жүкті жеткізу мерзімі асып кеткен кезде олар бір тәулік ішінде келсе, бірнеше жүк жөнелтілімін бір кінә қоюда біріктіруге рұқсат етіледі.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 89-1-баппен толықтырылды; 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 89-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
89-1-бап. Кінә қоюды ресімдеу
1. Кінә қоюда мынадай мәліметтер көрсетіледі:
1) кінә қоюшы өтінім берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) немесе толық атауы, почталық деректемелері, оның жасалған күні;
2) олардың негізінде кінә қойылған мән-жайлар;
3) өтінім берушінің талаптары, кінә қойылған сома және оның есептеулері, банктік деректемелері;
4) кінә қоюға қоса берілетін құжаттардың, сондай-ақ басқа да дәлелдемелердің тізбесі.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Жеке тұлғадан түсетін кінә қоюға өтініш иесі өзінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, қол қояды.
Заңды тұлғадан түсетін кінә қоюға ұйымның басшысы немесе ол уәкілеттік берген адам қол қояды және ол мөрмен куәландырылады.
Егер заңды тұлға жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылған жағдайда, құжаттарды мөрмен бекемдеу талап етілмейді.
3. Жүк жөнелтушіге жүктің қабылданғаны туралы түбіртек және жүк алушыға жүкқұжат электрондық деректер алмасу жүйесі арқылы берілген жағдайда, өтініш беруші жөнелтілім нөмірін, жүктің тасымалдауға қабылданған күнін және тасымалдаушының ақпараттық жүйелеріндегі электрондық досьесінің тіркеу деректерін көрсетеді.
90-бап. Кiнә қоюдың мерзiмдерi
1. Тасымалдау шартынан туындайтын кiнәнi тасымалдаушыға талап қою мерзiмi iшiнде қоюға болады.
Кiнә қою мерзiмдерi мыналарға қатысты:
1) багаждың, жүктiң, жүк-багаждың жоғалғаны үшiн шығынды өтеуге жеткiзiп беру мерзiмi аяқталғаннан жетi тәулiк өткеннен кейiн;
2) багаждың, жүктiң, жүк-багаждың жетiспеушiлiгi, бұзылғаны (бүлiнгенi), жеткiзiп беру мерзiмiнiң өтiп кеткенi үшiн шығынды өтеуге берiлген күннен бастап;
3) багаж, жүк, жүк-багаж тасымалына артық төленген тасымал төлемдерiн қайтаруға - берiлген күннен бастап;
4) багаж бен жүк-багажды жеткiзiп беру мерзiмi өтiп кетуiне берiлген күннен бастап;
5) жүк тасымалына қабылданған өтiнiмдi орындамағаны үшiн айыппұл өндiрiп алуға - өтiнiмдi орындау үшiн тасымалдау ережелерiнде белгiленген мерзiм аяқталған соң есептеледi.
Өзге жағдайларда - талап қоюға негiз болған оқиға туындаған күннен бастап есептеледi.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Почтамен жөнелту үшін кінә қою почтамен жөнелтілген күн немесе тасымалдаушының қолына берілген күн кінә қойылған күн болып есептеледі.
Егер кінә қоюды берудің соңғы күні жұмыс істемейтін күнге дәл келсе, кінә қоюды берудің соңғы күні одан кейінгі жұмыс күні болып есептеледі.
2. Тасымалдаушы, егер кiнә қою мерзiмi өтiп кетуiнiң себебiн дәлелдi деп таныса, қойылған кiнәнi белгiленген мерзiм өткеннен кейiн де қарауға құқығы бар.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 91-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 91-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
91-бап. Кiнә қоюды қараудың тәртібі мен мерзiмдерi
1. Кiнә қою ол алынған күннен бастап бір ай мерзiмде қаралуға тиiс.
Қараудың нәтижесі туралы тасымалдаушы өтініш берушіні жазбаша нысанда хабардар етеді.
2. Кiнә қоюға жауапта:
1) жауап берілетін кінә қоюшы өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) немесе толық атауы, почталық деректемелері, жауап берілетін кінә қоюдың күні;
2) кінә қою толық немесе ішінара танылған жағдайда, танылған сома және кінә қоюды қанағаттандыру тәсілі;
3) кінә қою толық немесе iшiнара қабылданбаған жағдайда, кінә қоюдан бас тартуды негіздейтін, тиiстi нормативтiк құқықтық актiлер мен құжаттарға сiлтеме жасалып, бас тартудың дәлелдері;
4) жауапқа қоса берілген құжаттар мен өзге де дәлелдемелердің тізбесі көрсетіледі.
3. Кінә қою толық сомада қанағаттандырылған жағдайда өтініш беруші ұсынған құжаттарды тасымалдаушы қайтармайды.
Кiнә қою толығымен немесе iшiнара қабылданбаған жағдайда, өтініш берушіге кiнә қоюға қоса берілген құжаттар, сондай-ақ егер өтініш берушіде олар жоқ болса, бас тартуды негіздейтін құжаттар жіберілуге тиіс.
4. Егер өтініш беруші берген кінә қою осы Заңның талаптары бұзылып ресімделсе, онда осындай кінә қою қайтарудың себептері көрсетіліп, тасымалдаушыға келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей өтініш берушіге қайтарылады. Осындай кінә қоюды қайтару оны қанағаттандырудан бас тарту болып табылмайды.
5. Жүк жоғалған және бүлінген жағдайда кінә қоюды қанағаттандыру кезінде өтелуі тиіс сома оның сатушының шотында көрсетілген немесе шартта көзделген бағасы, ал шот болмаған немесе шартта баға көрсетілмеген кезде - салыстырмалы мән-жайлар кезінде әдетте осыған ұқсас тауарлар үшін алынатын баға негізге алынып айқындалады.