2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтiк құжаттар жүйесi:
1) мемлекеттік қала құрылысы нормативтерi мен регламенттерiн;
2009.10.07. № 180-IV ҚР Заңымен 28-бап 1-1) тармақшамен толықтрылды
1-1) объектілерді (ғимараттарды, құрылыстарды, олардың кешендерін, коммуникацияларды) жобалау және салу жөніндегі техникалық регламенттерді;
2) мемлекеттік құрылыс нормалары мен ережелерiн, құрылыс нормаларын, жобалау және құрылыс жөніндегі ережелер жинағын, технологиялық жобалау нормаларын;
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда
3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды;
4) құрылыста басшылыққа алынатын республикалық құжаттарды;
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау нормативтерiн;
6) құрылыстағы өзге де мемлекеттік қадағалау органдарының нормативтерiн қамтиды.
3. Халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында қолданысқа енгiзiлген мемлекеттік нормативтiк құжаттар жүйесi, сондай-ақ:
1) мемлекетаралық құрылыс нормалары мен ережелерін;
2) құрылыстағы мемлекетаралық стандарттарды;
3) жобалау және құрылыс жөніндегі мемлекетаралық ережелер жинағын қамтиды.
4. Мыналар мемлекеттік нормалау объектiлерi болып табылады:
1) қоныстандыру жүйелерi, елдi мекендер мен олардың бөлiктерi;
2) үйлердiң, ғимараттардың және өзге де құрылыстардың, сондай-ақ жекелеген үй-жайлардың сәулеттiк, технологиялық, инженерлiк және құрылыстық бөлiгi;
3) үйлердiң, ғимараттардың және өзге де құрылыстардың инженерлiк және (немесе) технологиялық жабдықтары;
4) құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкциялары;
5) қала құрылысы, сәулет-құрылыс және өзге де жобалау-сметалық, құжаттамасы.
5. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердi сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң барлық субъектiлерiнiң, сондай-ақ жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң оларды пайдалану және күтiп ұстау бөлігiнде меншiк иелерi мен пайдаланушыларының (жалдаушылардың, жалға алушылардың) сақтауы мiндеттi болып табылады.
6. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi субъектiлерiнiң құқықтары, мiндеттерi мен жауапкершiлiгi мәселелерi жөнiнде орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, өзге де мемлекеттік басқару және бақылау органдарының заңдарда белгiленген тәртiппен шешiмдер шығаруына негiз болып табылады.
7. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтiк құжаттарды бекiткен мемлекеттік басқару органдары нормативтiк талаптардың техникалық, экономикалық және әлеуметтiк жағынан негiздiлiгi мен олардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкестiгi үшiн заңдарда белгiленген тәртiппен жауапты болады.
8. Мемлекеттік нормативтердi әзiрлеу, келiсу, бекіту, тiркеу және қолданысқа енгізу (қолданылуын тоқтата тұру, күшiн жою) тәртібін аталған мәселелер құзыретiне кiретiн басқа орталық атқарушы органдармен келісім бойынша, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейдi.
29-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтiк құжаттардың түрлерi
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер:
1) құрылыс өнімдерiн стандарттау және сертификаттау, геодезиялық жұмыс, жобалау мен құрылыс салуға арналған инженерлiк iздену, құрылыс жүргiзудi ұйымдастыру, пайдалануға қабылдау, құрылыстағы қауiпсiздiк техникасы нормативтерiн қамтитын ұйымдастыру-әдiстемелiк нормативтiк құжаттарға;
2) ғимараттар берiктiгiнiң, өрт және жарылыс қауiпсiздiгiнiң негiзгi ережелерiн, табиғи, антропогендiк және техногендiк сипаттағы қауiптi (зиянды) әсерлерден қорғауды, құрылыс материалдарының, бұйымдары мен конструкцияларының технологиялық рұқсат шегiн және өзара ауыстыруға біркелкілігі мен сәйкестігін қамтитын жалпы нормативтік-техникалық құжаттарға;
3) елдi мекендердiң аумағын және азаматтардың бағбандық бiрлестiктер аумақтарын ұйымдастыру, жоспарлау, құрылыс салу және абаттандыру, өнеркәсiптiк және ауыл шаруашылық кәсiпорындарының бас жоспарларын әзiрлеу жөніндегі талаптарды, ережелер мен шектеулерді қамтитын қала құрылысы нормативтерiне;
4) тұрғын үй-азаматтық және өндiрiстiк мақсаттағы үйлер мен ғимараттарды, көлiктiк, гидротехникалық, мелиорациялық құрылыстарды, сондай-ақ магистральдық және кәсiпшiлiк труба құбырлары мен коммуникацияларды қоса алғанда, жобалау және салу жөніндегі нормативтiк-техникалық құжаттарға;
5) елдi мекендердi немесе олардың бөліктерiн, жеке үйлердi, ғимараттарды және олардың кешендерiн инженерлiк жағынан қамтамасыз етуге арналған нормативтiк құжаттарға;
6) құрылыс материалдарына, бұйымдары мен конструкцияларына арналған нормативтiк-техникалық құжаттарға;
7) құрылыс және құрылыс-монтаж ұйымдарын жарақтандыруға, уақытша және оңтайлы құрылыстар салу мен оларды жабдықтауға арналған нормативтiк-техникалық құжаттарға;
8) баға белгiлеу және смета жөніндегі нормативтiк құжаттарға;
9) мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргiзу жөніндегі нормативтiк құжаттарға;
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы (мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау, азаматтық қорғау саласындағы, мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызмет, қоршаған ортаны қорғау саласындағы) мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдарының нормативтiк құжаттарына;
11) құрылыстағы мердiгерлiк жұмыстарға конкурстар (тендерлер) ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы нормативтiк құжаттарға бөлінедi.
30-бап. Құрылыс салу ережелерi
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Елдi мекендердiң аумақтарында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн жергiлiктi жерлерде реттейтiн, аумақтық (облыстық, қалалық) құрылыс салу қағидалары қолданылады.
2. Құрылыс салу ережелерi аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемалары және елдi мекендердiң бас жоспарлары негiзiнде әзiрленедi.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3. Құрылыс салу қағидалары сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi субъектiлерiнiң жер учаскелерiн пайдалануы, елдi мекендер аумағы мен қала маңындағы аймақтарды жобалауы және онда құрылыс салуы жөніндегі шарттар мен талаптарды айқындайды, жаңа жылжымайтын мүлiк объектiлерiн орналастыруға және салуға, бұрыннан барын өзгертуге (қайта бейiндеуге, қайта жабдықтауға, қайта жоспарлауға, реконструкциялауға, кеңейтуге, күрделi жөндеуге), жер учаскесінің нысаналы мақсатын, үй-жайлардың функционалдық мақсатын өзгертуге, жылжымайтын мүлік объектілерін пайдалануға беруге, сондай-ақ бұрыннан бар үйлер мен ғимараттарды бұзуға рұқсат беру рәсiмдерiнен өту тәртiбiн белгiлейдi.
4. Құрылыс салудың аумақтық ережелерiн әзiрлеу тәртібін сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейдi.
5. Аумақтарда құрылыс салу ережелерiн бекіту және оларды қолданысқа енгізу немесе оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
Аумақтық құрылыс салу ережелерi экологиялық сараптамадан өткізiлуге тиiс.
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Құрылыс салу қағидалары немесе оларға енгiзiлген өзгерiстер қолданысқа енгізілгенге дейiн жобаларды келiсу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бұрын берiлген рұқсат беру құжаттарында көрсетiлген мерзiм iшiнде қолданылады.
Бұл ереже жаңа талаптарды енгізуге байланысты осының алдындағы ережелердiң қолданылуы адамдардың денсаулығы мен өмiрiне қауiп төндiрудi жоймайтын жағдайларда қолданылмайды.
7. Құрылыс салу ережелерiне осы ережелердiң қолданылуы салдарынан заңды мүдделерi бұзылған жеке және заңды тұлғалар сот тәртібімен шағымдануы мүмкiн.
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 6-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
6-тарау. Сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 31-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
31-бап. Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын ұйымдастыру
2012.13.01. № 542-IV Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Сәулет-құрылыс бақылау мен қадағалауды:
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.10.07. № 180-IV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 542-IV Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда
1) құрылыс объектілеріне бару, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылау арқылы сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) объектілердің құрылысына инспекциялау жүргізу арқылы орындалатын бақылау функциялары шегінде жергілікті атқарушы органдар;
2) 2012.13.01. № 542-IV Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) құрылысты техникалық қадағалауды және объектiнi пайдалануға қабылдауды ұйымдастыру жолымен тапсырысшы;
2012.13.01. № 542-IV Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) құрылысқа авторлық қадағалау енгізу жолымен жобалық құжаттаманы әзірлеушілер жүзеге асырады.
5) 2012.13.01. № 542-IV Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Шешілуі мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау мен қадағалау органдары құзыретінің шегінен тыс қалатын жағдай туындаған кезде бақылау мен қадағалау мыналарды:
1) құрылыс өнімдерiн стандарттау және сертификаттау бөлігiнде - стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегi уәкiлеттi мемлекеттік органды;
2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтау бөлігінде - азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органды;
3) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2005.13.04 № 40-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 4) тармақша өзгертілді
4) объектiлердi немесе олардың бөліктерiн салу және (немесе) пайдалану салдарынан аумақтың экологиялық жай-күйіне олардың әсер етуіне бақылау жүргізу бөлігінде - қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органды.
2009.10.07. № 180-IV ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) су қорғау аймақтарының аумағындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіне бақылау жүргізу бөлігінде - су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органды;
2005.13.04 № 40-III ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (бұр. ред. қара)
5) мүгедектер мен халықтың қауқары аз топтары үшiн әлеуметтiк, көлiктiк және рекреациялық инфрақұрылым объектiлерiне қол жеткізудi қамтамасыз ету бөлiгiнде - халықты әлеуметтiк қорғау уәкiлеттi органын тарта отырып жүзеге асырылады.
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарының, сондай-ақ осы баптың 2-тармағында аталған мемлекеттік органдардың заңдарда белгiленген тәртiппен берiлген ұйғарымдары, нұсқаулары мен өзге де шешiмдерi Қазақстан Республикасы аумағында жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң барлық субъектiлерi үшiн мiндеттi.
4. 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң субъектiлерi мен сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы органдарының (қызметтерiнiң, лауазымды адамдарының) арасындағы өзара талаптар мен даулы мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шешiледi.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 31-1-баппен толықтырылды; 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 31-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
31-1-бап. Сәулет-құрылыс бақылауы және қадағалауы
1. 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Тапсырысшы (меншік иесі) және мердігер (бас мердігер) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органы немесе мемлекеттік құрылыс инспекторы сұратқан осы объект жөніндегі жобалау және атқару техникалық құжаттамасын, сондай-ақ тиісті жобалар бойынша сараптама қорытындысын ұсынады.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 3-тармаққа енгізілетін өзгерістерді қараңыз (2015 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органы (мемлекеттік құрылыс инспекторы) объектілерді тексеру барысында:
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) бекiтiлген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының, жобалар сараптамасының оң қорытындысының, сондай-ақ мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарға құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізе бастағаны туралы жіберілетін хабарламаның болуын;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) хабарламада көрсетілген деректердің анықтығын;
2) лицензияланатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің тиісті түрлерін жүзеге асыру құқығына лицензияның болуын;
3) орындалған (орындалатын) құрылыс-монтаж жұмыстарының, қолданылатын құрылыс материалдары (бұйымдары, конструкциялары) мен жабдықтардың бекітілген жобалау шешімдеріне және мемлекеттік (мемлекетаралық), оның ішінде тіреу және қоршау конструкцияларының беріктігін, орнықтылығын, сенімділігін және ғимараттарды (құрылыстарды) пайдалану сапасын қамтамасыз ету жөніндегі нормативтерге сәйкестігін;
4) мердігердің (бас мердігердің) құрылыс сапасын өзіндік өндірістік бақылаудың барлық түрлері мен нысандарын (кіру, операциялық, қабылдау, зертханалық, геодезиялық және тағы басқа) ұйымдастыруын және жүзеге асыруын;
5) атқару құжаттамаларының уақтылы және дұрыс ресімделуін;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) мемлекеттiк қабылдау және қабылдау комиссиялары пайдалануға қабылдауы тиіс объектiлер құрылысы кезiнде тапсырыс берушiнiң (меншiк иесiнiң) техникалық қадағалауды ұйымдастыруын және жүзеге асыруын;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды
6-1) мемлекеттiк қабылдау және қабылдау комиссиялары пайдалануға қабылдауы тиіс объектілердің құрылысы кезінде тапсырыс берушінің (меншік иесінің) авторлық қадағалауды ұйымдастыруын;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 6-2) тармақшамен толықтырылды
6-2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында техникалық және авторлық қадағалаудың мемлекеттік нормативтермен белгіленген техникалық және авторлық қадағалауларды (инжинирингтік қызметтер көрсетуді) жүзеге асыру тәртібін сақтауын анықтайды.
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Мемлекеттік нормативтерді бұзуға және (немесе) бекітілген жобалардан (жобалық шешімдерден) ауытқуға жол берілгендігі анықталған жағдайда мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдары:
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
1) ұлттық стандарттар мен техникалық талаптарға сәйкес келмейтін құрылыс материалдарын, бұйымдарын, конструкциялары мен жабдықтарын қолдануға тыйым салу туралы;
2) жол берілген бұзушылықтарды тапсырысшының (құрылыс салушының) және (немесе) мердігерлік құрылыс-монтаж ұйымының (кәсіпорнының) белгіленген мерзімде жоюы туралы;
3) құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды (нұсқама береді).
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Сәулет-құрылыс бақылауының және қадағалауының мемлекеттік органдарының немесе мемлекеттік құрылыс инспекторларының нұсқамаларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы.
6. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен мазмұн 7-тармақпен толықтырылды; 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен мазмұн 8-тармақпен толықтырылды; 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 9 және 10-тармақтармен толықтырылады (2015 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.12.01. № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 32-бап өзгертілді; 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 32-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
32-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы лицензиялау
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жекелеген қызмет түрлері Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялануға жатады.
2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобалау қызметін және құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыру үшін жеке және заңды тұлғалар мынадай санаттарға бөлінеді:
I санат - осы тармақта аталған, қолда бар лицензиясы шеңберінде барлық жауапкершілік деңгейлеріндегі объектілерде қызметті жүзеге асырады;
II санат - осы тармақта аталған, екінші және үшінші жауапкершілік деңгейлеріндегі объектілерде қызметті, сондай-ақ қосалқы мердігерлік шарттары бойынша қолда бар лицензиясы шеңберінде бірінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілерде жұмыстарды жүзеге асырады;
III санат - осы тармақта аталған, техникалық қиын емес екінші және үшінші жауапкершілік деңгейлеріндегі объектілерде қызметті, сондай-ақ қосалқы мердігерлік шарттары бойынша қолда бар лицензиясы шеңберінде бірінші және екінші жауапкершілік деңгейлеріндегі объектілерде жұмыстарды жүзеге асырады.
Жеке және заңды тұлғаларды белгілі бір санаттарға жатқызуды лицензиар сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобалау қызметіне және құрылыс-монтаж жұмыстарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес лицензияны берген кезде жүзеге асырады және лицензияның қолданылуының ерекше жағдайларында көрсетіледі.
2012.13.01. № 542-IV Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы жұмыстарды лицензиялауды облыстардың, республикалық маңызы қалалардың, астананың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.
2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 33-бап жаңа редакцияда
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 33-бапқа енгізілетін өзгерістерді қараңыз (2015 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)
33-бап. Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы
1. Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы:
1) тапсырысшыда (құрылыс салушыда) оның осы жер учаскесіне тиісті құқығын растайтын құжаттары және оның мердігермен (бас мердігермен) шартының болуына;
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыру құқығына лицензияның болуына;
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3) тармақша жаңа редакцияда
3) белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманың, жобалар сараптамасының оң қорытындысының, сондай-ақ құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізе бастағаны туралы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарға жіберілген хабарламаның болуына;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) хабарламада көрсетілген деректердің анықтығына;
4) құрылысқа қатысушылардың атқарушылық техникалық құжаттаманы, соның ішінде оны бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізу кезінде уақтылы рәсімдеуіне және жүргізуіне;
5) қолданылатын құрылыс материалдарының, бұйымдары мен конструкцияларының, орнатылатын жабдықтың сапасына, тиісті сертификаттардың болуына;
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) орындалған (орындалатын) құрылыс-монтаждау жұмыстарының, қолданылатын құрылыс материалдары (бұйымдар, конструкциялар) мен жабдықтардың бекітілген жобалау шешімдеріне және мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтерге, оның ішінде негізгі және қоршау конструкцияларының және ғимараттарды (құрылыстарды) пайдалану сапасының беріктігін, орнықтылығын, сенімділігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтерге сәйкестігіне;
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) мердігердің (бас мердігердің) құрылыс сапасын жеке өндірістік бақылаудың барлық түрлері мен нысандарын ұйымдастыруына және жүзеге асыруына;
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8) техникалық және авторлық қадағалаумен бірге құрылыстың ұйымдастырылуына және жүзеге асырылуына;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды
8-1) техникалық және авторлық қадағалаудың сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында техникалық және авторлық қадағалауларды (инжинирингтік қызметтер көрсетуді) жүзеге асырудың мемлекеттік нормативтерде белгіленген тәртібін сақтауына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асырады.
2012.13.01. № 542-IV Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы:
1) сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметіне мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінен;
2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органынан тұрады.
3. Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясына:
1) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілердің мониторингі және салынып (реконструкцияланып, кеңейтіліп, жаңғыртылып, күрделі жөндеуден өткізіліп) жатқан объектілер мен кешендердің сапасын бақылау;