6) су объектiлерiне белгiленген талаптарды бұза отырып жүргiзiлген ағынды су ағызуды шектеу, тоқтата тұру және оған тыйым салу туралы, сондай-ақ су объектiлерiнiң жай-күйiне терiс әсер ететiн жекелеген өндiрiс объектiлерiнiң, цехтар мен кәсiпорындардың қызметiн тоқтату жөнiнде ұсыныстар енгізуге;
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
7) лауазымды адамдарға, ұйымдардың басшыларына су объектiлерiн пайдалану мен қорғаудың белгiленген нормалары мен ережелерiн бұзуға жол берген адамдарды жауапкершiлiкке тарту туралы ұсыныс енгізуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кiнәлi адамдарды жауапкершiлiкке тарту туралы мәселенi шешу үшiн қажет болған жағдайда материалдарды құқық қорғау органдарына беруге;
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 7-1 тармақшамен толықтырылды
7-1) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы қатынастарды регламенттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізуге құқығы бар.
8) 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың өз өкiлеттiгi шегiнде қабылдаған шешiмдерiн барлық жеке және заңды тұлғалар орындауға мiндеттi және оған жоғары тұрған мемлекеттік органға және (немесе) лауазымды адамға немесе сотқа шағымдануға болады.
52-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың мiндеттерi
Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:
1) Қазақстан Республикасының су заңдары талаптарының сақталуына бақылауды жүзеге асыруға;
2) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы бақылауды жүзеге асыру кезiнде жеке және заңды тұлғалармен өзара iс-қимыл жасауға;
3) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылу фактілері туралы өз құзыретi шегiнде мемлекеттік органдарды хабардар етуге;
4) су ресурстарын ұтымды пайдалану мен қорғау жөніндегі iс-шараларды әзiрлеу кезiнде жеке және заңды тұлғаларға жәрдем көрсетуге мiндеттi.
5) 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
53-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы өндiрiстiк бақылау
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1-тармақ өзгертілді; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы өндiрiстiк бақылау суды бастапқы есепке алу қағидалары негiзiнде жүзеге асырылады.
2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы өндірістік бақылауды арнайы су пайдалану құқығын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар қамтамасыз етеді.
2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы өндірістік бақылау «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен типін бекітуден немесе метрологиялық аттестаттаудан өткен суды есепке алу аспаптары негізінде жүзеге асырылады.
2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Ауызсудың және тазартылған сарқынды сулардың сапасына өндірістік бақылауды сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымның аттестатталған зертханалары, сондай-ақ жасасылған шарттарға сәйкес басқа да аттестатталған зертханалар жүзеге асырады.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
54-бап. Су қорын пайдалану және қорғаусаласындағы сараптама
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Су қорын пайдалану және қорғау саласында мынадай сараптама түрлерi жүзеге асырылады:
1) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн шаруашылық және басқа да объектiлердi салуға және реконструкциялауға, пайдалануға, консервациялауға және жоюға арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама;
3) жер асты суларының қорларына және жер асты су объектiлерi туралы геологиялық ақпаратқа мемлекеттік сараптама;
4) 2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
5) мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық сараптамалар.
2. 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн шаруашылық және басқа да объектiлердi салуға және реконструкциялауға, пайдалануға, консервациялауға және жоюға арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама оның Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен бекітілген бастапқы деректерге, техникалық шарттар мен талаптарға, сондай-ақ нормативтiк құжаттардың ережелеріне сәйкестiгiн тексеру мақсатында жүзеге асырылады.
4. Жер асты су қорларына және жер асты су объектiлерi туралы геологиялық ақпаратқа мемлекеттік сараптаманы жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
5. 2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
6. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық сараптамаларды тиiсiнше халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Жаңа объектілерді салуға, сондай-ақ бұрыннан бар ғимараттар мен құрылыстарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын реконструкциялауға (кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға) немесе күрделі жөндеуге арналған жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге, жобалау-сметалық құжаттамаға) ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен жүзеге асырылады.
10-тарау. Суды ұтымды пайдалануды, қорғауды және оның жай-күйін жақсартуды қамтамасыз ететін талаптар
2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.10.07 № 180-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 55-бап өзгертілді
55-бап. Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар
1. Су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындар мен басқа да объектілерді (ғимараттарды, құрылыстарды, олардың кешендерін, коммуникацияларды) орналастыру экологиялық талаптар, жер қойнауын қорғау, санитарлық-эпидемиологиялық, өнеркәсiп қауiпсiздiгi, су ресурстарын ұдайы молайту және ұтымды пайдалану шарттары мен ережелерi сақтала отырып, сондай-ақ аталған объектiлер қызметiнiң экологиялық салдары ескерiле отырып жүргiзiледi.
2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн объектілерді салу, реконструкциялау, (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, қайта бейіндеу) пайдалану, консервациялау, жою (кейіннен кәдеге жарату) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның және азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi органның оң қорытындысы болған жағдайда жүзеге асырылады.
3. Құрылыс жұмыстарын орындау кезiнде жерлердi қайта өңдеу, су ресурстарын ұдайы молайту мен ұтымды пайдалану, аумақтарды абаттандыру және қоршаған ортаны сауықтыру жөнiнде шаралар қолданылады.
56-бап. Су объектiлерiне ластаушы заттардың ағызылуын азайту жөніндегі талаптар
1. Cу ресурстарын пайдалану мен қорғау ластаушы заттарды ағызылу нүктелерiнде нормалауға тиiстi бассейн, ағын су немесе учаске шегiнде барлық ұйымдардың су шаруашылығы қызметiн жинақтап нормалауға негiзделедi.
2. Ағызылатын суды тазарту дәрежесiне және сапасына қойылатын талаптар су объектiсiн ықтимал мақсатты пайдалану бағыттары бойынша айқындалып, есептеулермен негiзделедi және онда су объектiсiнiң нақты жай-күйi, техникалық және экономикалық мүмкiндiгi, жоспарланатын көрсеткiштерге қол жеткізу мерзiмдерi ескерiлуге тиiс.
2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Уәкілетті органның ведомствосы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жерүсті су объектілері үшін уәкілетті органның ведомствосы бекіткен су объектілеріндегі су сапасын жіктеудің бірыңғай жүйесі негізінде олардағы су сапасының стандарттарын әзірлейді және бекітеді.
2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың қоршаған ортаны қорғау саласындағы жергілікті атқарушы органдары қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен бірлесе отырып, уәкілетті орган бекіткен әдістеме негізінде жерүсті су объектілеріндегі су сапасының нысаналы көрсеткіштері мен оларға қол жеткізу жөніндегі іс-шараларды әзірлейді.
57-бап. Экономика салалары және қоршаған ортаны қорғау талаптарын қамтамасыз ету үшiн кешендi су жiберудi негiздеу
2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Кешендi су жiберу санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарды қамтамасыз ету жағдайларын негiзге алып, сондай-ақ экономика салаларының қажеттерi ескерiле отырып белгiленедi.
2. Табиғат қорғау және санитарлық-эпидемиологиялық су жiберу басым бағыт болып табылады.
3. Табиғат қорғау су жiберуi су объектiсiнiң табиғи жағдайының сақталуын қамтамасыз етуге тиiс. Ең төменгi шығысты сақтаудан басқа, табиғат қорғау су жiберуi су жайылуы мен су тасуы кезiнде су объектiлерiнiң кезеңдiк шайылуын қамтамасыз етуге тиiс.
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Табиғат қорғау және санитарлық-эпидемиологиялық су жiберудiң көлемiн уәкілетті органның ведомствосы және бассейндік инспекциялар су объектiлерi бассейндерi бойынша белгiлейдi.
5. Авариялық су жiберу су тасыған және су жайылған кезде су объектiсіндегі судың қалыпты деңгейде ұсталуын және су объектiлерi арналарының шайылуын қамтамасыз етуге тиiс.
2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 11-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
11-тарау. Жер үсті және жер асты суларын мемлекеттік есепке алу, мемлекеттік су кадастры, су объектілерінің
мемлекеттік мониторингі. Су қорын ұтымды пайдалану мен қорғауды, сумен жабдықтауды және су бұруды ғылыми және инновациялық-ақпараттық қамтамасыз ету
58-бап. Жер үстi және жер асты суларын мемлекеттік есепке алу
1. Жер үстi және жер асты суларын мемлекеттік есепке алу Қазақстан Республикасының аумағындағы су ресурстарының сандық және сапалық көрсеткiштерiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүйелi түрде анықтау және тiркеу болып табылады.
2. Жер үстi және жер асты суларын мемлекеттік есепке алу деректерi жер үстi және жер асты су объектiлерiнiң сапалық және сандық көрсеткiштерi бойынша, олардың адам өмiрi мен денсаулығы үшiн өнеркәсiптiк және экологиялық қауiпсiздiк дәрежесi, зерттелуi мен пайдаланылуы бойынша жай-күйiн сипаттайды.
2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Жерүсті және жерасты суларын мемлекеттік есепке алуды уәкілетті органның ведомствосы жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органмен және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесе отырып жүзеге асырады.
59-бап. Мемлекеттік су кадастры
1. Мемлекеттік су кадастры су объектiлерiнiң жай-күйiмен пайдаланылуы туралы, олардың су ресурстары туралы, су пайдаланушылар туралы жүйелендiрiлген ресми деректер жиынтығы болып табылады.
2. Мемлекеттік су кадастры бiрыңғай жүйе бойынша жүргiзiледi және суларды мемлекеттік есепке алу деректерiне негiзделедi.
3. Мемлекеттік су кадастрына енгiзiлген су объектiсiнiң паспорты болады, онда тiркеу нөмiрi, атауы және физикалық-географиялық, геологиялық-гидрологиялық, техникалық, құқықтық және экономикалық көрсеткiштерi қамтылатын кешендi сипаттамасы көрсетiледi.
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Мемлекеттік су кадастрын жүргiзудi уәкілетті органның ведомствосы жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен және гидрометеорологиялық қызметтермен бiрлесiп жүзеге асырады.
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Су пайдаланушылар бассейндік инспекцияларға және жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға мемлекеттік су кадастрына енгiзiлуге тиiс қажеттi деректердiң бәрiн ұсынуға мiндеттi.
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Уәкілетті органның ведомствосы мемлекеттік су кадастрында қамтылған ақпаратқа мүдделi жеке және заңды тұлғалардың қол жеткізуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
60-бап. Су объектiлерiнiң мемлекеттік мониторингi
1. Су объектiлерiнiң мемлекеттік мониторингi қоршаған ортаның және табиғи ресурстардың мемлекеттік мониторингi жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылады.
2016.08.04. № 490-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Су объектiлерiнің мемлекеттік мониторингi теріс процестердi уақтылы анықтау, олардың дамуын бағалау мен болжау, жүзеге асырылатын су шаруашылығы iс-шараларының зиянды салдарларын болғызбау және тиiмдiлiк дәрежесiн айқындау жөнiнде ұсынымдар тұжырымдау мақсатында олардың жай-күйiнің гидрологиялық, гидрогеологиялық, гидрогеохимиялық, санитариялық-химиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, радиологиялық және токсикологиялық көрсеткiштерін тұрақты байқаулар жүйесін, алынған ақпаратты жинауды, өңдеуді және беруді, оның ішінде Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау деректерін пайдалана отырып жүргізуді білдіреді.
2016.08.04. № 490-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Су объектiлерiнiң мемлекеттік мониторингiн уәкілетті органның ведомствосы бiрлесiп әзiрленген әдiстеме бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органмен, ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті органмен бiрлесiп жүзеге асырады.
2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 6- бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
61-бап.Су қорын ұтымды пайдалану мен қорғауды, сумен жабдықтауды және су бұруды ғылыми және инновациялық-ақпараттық қамтамасыз ету
2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Су қорын ұтымды пайдалану мен қорғауды, сумен жабдықтауды және су бұруды ғылыми қамтамасыз ету мiндеттерi мыналар болып табылады:
1) су ресурстарын кешендi және ұтымды пайдалануды негiздеу;
2) су шаруашылығы кешенiн дамытуды бағалау мен болжау;
3) су үнемдеудiң ғылыми-әдiстемелiк және технологиялық негiздерiн әзiрлеу;
4) су шаруашылығы жүйесiнiң нормативтiк құқықтық базасын әзiрлеу;
5) басқару шешiмдерiн қабылдау үшiн ұсынымдар әзiрлеу.
2. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 3 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы инновациялық қызмет Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес iске асырылады және:
1) ұйымдастыру жағдайларын қалыптастырумен;
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы мемлекеттiк қолдаумен қамтамасыз етiледi.
4. Су ресурстарын кешендi және ұтымды пайдалану мен қорғауды ұзақ мерзiмдi және орташа мерзiмдi жоспарлау, су шаруашылығы ұйымдары мен су пайдаланушыларды ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында уәкiлеттi орган мүдделi мемлекеттік органдармен бiрлесiп су ресурстарын пайдаланудың республикалық ақпараттық-талдау жүйесiн құруы мүмкiн.
5. Деректер қорын қалыптастыру үшiн су пайдаланушы жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бекітілген нысандар бойынша қажеттi мәлiметтер бередi.
6. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
12-тарау. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы жеке тұлғалардың құқықтары мен міндеттері және
қоғамдық бірлестіктердің қызметі
62-бап. Жеке тұлғалардың су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы құқықтары мен мiндеттерi
1. Жеке тұлғалардың:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен су объектiлерiн пайдалануға, оларды қорғау мен ұдайы молайту жөніндегі шараларды жүзеге асыруға;
2) су объектiлерiн пайдалану мен қорғау мәселелерi бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдарға сауалдармен, шағымдармен, өтiнiштермен және ұсыныстармен жүгiнуге;
3) су қорын пайдалану мен қорғау саласында қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзу туралы ұсыныстар енгізуге және оған қатысуға;
4) әкiмшiлiк немесе сот тәртібімен су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы талаптарға сай келмейтiн кәсiпорындарды және басқа да құрылыстарды орналастыру, салу, қайта жаңғырту және пайдалануға беру туралы, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың су объектiлерiне терiс әсер ететiн шаруашылық және өзге қызметiн шектеу мен тоқтату туралы шешiмдердiң күшiн жоюды талап етуге;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы өзге де құқықтарды iске асыруға құқықтары бар.
2. Жеке тұлғалар су қорын пайдалану мен қорғау, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласында Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауға мiндеттi.
63-бап. Қоғамдық бiрлестiктердiң су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы қызметi
1. Қоғамдық бiрлестiктердiң су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы қызметi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен олардың жарғыларына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi бассейндiк кеңестердiң жұмысына қатыса алады.
3. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы қоғамдық бақылауды қоғамдық бiрлестiктер өз бастамасы бойынша жүргiзе алады.
4. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы қоғамдық бақылауды жүргiзу тәртібін қоғамдық бiрлестiктер өздерiнiң жарғыларына сәйкес су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттік органдармен келiсе отырып айқындайды.
4-Бөлім. Су пайдалану
13-тарау. Су пайдалану құқығы
2007.12.01. № 222-III ҚР Заңымен 64-бап өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 64-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
64-бап. Су пайдалану құқығының түрлерi
1. Субъектілердің тобы бойынша:
1) ортақ су пайдалану құқығы;
2) арнайы су пайдалану құқығы;
3) оқшау су пайдалану құқығы;
4) бірлесіп су пайдалану құқығы болып бөлінеді.
2. Туындау негіздемелері бойынша:
1) бастапқы су пайдалану құқығы;
2) қосалқы су пайдалану құқығы болып бөлінеді.
3. Қолдану мерзімдері бойынша:
1) тұрақты су пайдалану құқығы;
2) уақытша су пайдалану құқығы болып бөлінеді.
4. Азамат үшiн ортақ су пайдалану құқығы ол туған кезден бастап туындайды және ешбір жағдайда да шеттетілуі мүмкін емес.
5. Осы Кодексте белгiленген тәртiппен берiлген рұқсат алынған кезден бастап арнайы су пайдалану құқығы туындайды.
65-бап. Ортақ су пайдалану
1. Ортақ су пайдалану халықтың мұқтаждарын қанағаттандыру үшiн су объектiлерi жекелеген жеке немесе заңды тұлғаларға бекітілiп берiлмей және судың жай-күйiне әсер ететiн құрылыстар немесе техникалық құрылғылар қолданылмай жүзеге асырылады.
2009.10.07 № 180-IV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Ортақ су пайдалануды жүзеге асыру үшін арнайы рұқсат талап етілмейді.
Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың ортақ су пайдалану объектілеріне халықтың кіруін қоршаулар, күзет пункттерін, тыйым салатын белгілер орнату жолымен шектеуіне тыйым салынады.
3. Экологиялық, техникалық және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық қауiпсiздiгi мақсатында ортақ су пайдалану шектелуi немесе оған тыйым салынуы мүмкiн.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2009.10.07 № 180-IV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Ортақ су пайдаланудың шарттары мен ережелерін облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті өкілді органдары белгілейді.
Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті өкілді органдары азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында өңірдегі жағдайлардың ерекшеліктерін ескере отырып, ортақ су пайдалану ережелерінде тиісті өңірдің аумағында орналасқан су объектілерінде шомылу, ауыз су және шаруашылық қажеттіліктерге су алу, мал суару, шағын кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу тыйым салынған жерлерді айқындауы мүмкін.
2007.12.01. № 222-III ҚР Заңымен 66-бап жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 66-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 66-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 66-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
66-бап. Арнайы су пайдалану
1. Мынадай құрылыстар мен техникалық құрылғыларды:
1) суды жер үсті қабатынан және теңіз суларынан механикалық және өз ағысымен тарту жөніндегі стационарлық, жылжымалы және жүзбелі құрылыстарды;
2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2) өнеркәсіптік, шаруашылық-тұрмыстық, коллекторлы-сорғыту, жауын-шашынды және басқа да қалдық суларды жер үсті және теңіз суларына ағызуға арналған су бұру құрылыстарын;
2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3) сарқынды суларды табиғи биологиялық тазартуға арналған жасанды су объектілеріне және жергілікті жер бедеріне сарқынды суларды бұруға арналған құрылыстарды;
4) бөгеттерді және басқа да суды тежейтін және суды реттейтін құрылыстарды (соның ішінде уақытша бөгеу құрылыстарын);
5) гидравликалық электр станцияларын;
6) сумен жабдықтауға, пайдаланылған суды ағызуға, сондай-ақ суды суытуға арналған жылу және атом электр станцияларының су шаруашылығы құрылыстарын;
7) суару, суландыру, суару-суландыру және құрғату жүйелерін;
8) жер асты суларын алу және өзге де мақсаттар, соның ішінде жерасты суларының жай-күйіне әсер ететін құрғату, су деңгейін төмендету және табиғат қорғау іс-шараларын жүргізу үшін сорғы қондырғыларымен және басқа да суды көтеру құралдарымен жабдықталған су тарту құрылыстарын;
9) қалдық суларды және басқа да суды жер қойнауына ағызуға арналған су ағызу құрылыстарын (ұңғымалар, құдықтар, шахталар);
10) шахталардан, карьерлерден, штольнялардан, разрездерден алу үшін пайдаланылатын тау-кен қазындыларының су бұру құрылыстарын;
11) су деңгейін мәжбүрліктен төмендетпей жұмыс істейтін, жер асты суларын алу үшін өздігінен шығатын ұңғымаларды, шахта құдықтарын, бұлақтар шегендеулерін және басқа да шағын құрылыстарды;
2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
12) жер асты су тұтқыш қабаттарға және тау-кен жыныстары қуыстарына өнеркәсіптік, шаруашылық-тұрмыстық, сорғыту және басқа да қалдық суларды, технологиялық ерітінділерді ағызуға арналған сіңіргіш ұңғылар мен құдықтарды;
13) қатты пайдалы қазбалар кен орындарын игеру кезінде көмірсутегі шикізатын әзірлеу және жерасты қабатын шаймалау кезінде жер қыртысы қысымын ұстау үшін қысым айдағыш ұңғымаларды;
2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)