2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Арнайы су пайдалануға рұқсаттан айыру үшін осы баптың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау барысында анықталады.
Арнайы су пайдалануға рұқсаттан айыру Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Арнайы су пайдалану құқығын тоқтату туралы шешім су пайдалану шартын бұзу үшін негіз болып табылады.
76-бап. 2007.12.01. № 222-III ҚР Заңымен алып тасталды (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
5-Бөлім. Су шаруашылығын ұйымдастыру
14-тарау. Су шаруашылығы ұйымдары
77-бап. Мемлекеттік су шаруашылығы ұйымдары
Мемлекеттік су шаруашылығы ұйымдарын Қазақстан Республикасының Үкіметі мынадай жұмыстарды орындау мақсатында құрады:
1) су объектiлерiнiң мемлекеттік мониторингiн жүргiзу;
2) мемлекеттік су кадастрын жасау;
3) су объектiлерiнiң жай-күйiн бақылау әдiснамасын әзiрлеу мен жетiлдiру;
4) су пайдалану технологиясын әзiрлеу мен жетiлдiру және экономиканың әртүрлi салаларында оның тиiмдiлiгiн арттыру;
5) су шаруашылығы нормативтерiн әзiрлеу;
2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
6) республикалық меншiктегi су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарын күтіп- ұстау, пайдалану, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
7) республикалық меншiктегi трансшекаралық, мемлекетаралық, облысаралық су объектiлерiнен және су шаруашылығы құрылыстарынан су пайдаланушыларға суды уақтылы және үздiксiз беру;
8) мемлекетаралық су объектiлерiн жөндеуге шектес мемлекеттермен үлес қосып қатысу.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 78-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
78-бап. Коммуналдық су шаруашылығы ұйымдары
Коммуналдық су шаруашылығы ұйымдарын облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары мынадай жұмыстарды орындау мақсатымен құрады:
2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
1) коммуналдық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарын күтіп-ұстау, пайдалану, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
2) су объектiлерiнен су пайдаланушыларға суды уақтылы және үздiксiз беру;
3) пайдаланылған, ағынды және сорғыту суларын жинау, тазарту және ұйымдасып ағызу.
79-бап. Мемлекеттік емес су шаруашылығы ұйымдары
1. Мемлекеттік емес су шаруашылығы ұйымдарын жеке және заңды тұлғалар, соның iшiнде шетелдiк тұлғалар су шаруашылығы құрылыстарына су жеткізу, техникалық қызмет көрсету және су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы кәсiпкерлiк қызметтi қамтамасыз ету жөнiнде қызмет көрсету үшін құрады.
2. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы кәсiпкерлiк қызмет мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) пайдалану үшiн су ресурстарын алып қою;
2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2) су ресурстарын су дайындау және (немесе) су пайдаланушыларға және (немесе) су тұтынушыларға жеткізу үшін алып қою;
3) пайдаланылған, ағынды және сорғыту суларын жинау, тазарту және ағызу;
4) су объектiлерiн олардан су ресурстарын алмай пайдалану;
5) сулардың сапасын және су объектiлерiнiң жай-күйiн жақсарту жөніндегі қызмет;
6) су шаруашылығы-экологиялық маркетинг саласында қызметтер көрсету;
7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де қызмет түрлерi.
3. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы кәсiпкерлiк қызметтi мемлекеттік қолдау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
80-бап. Су шаруашылығы ұйымдарының қызметiне қойылатын талаптар
1. Су шаруашылығы ұйымдары табиғи монополия субъектiлерi болып табылады және өз қызметiн осы Кодекске, Қазақстан Республикасының заңдарына, ұйымның жарғысына және тараптардың шарттарына сәйкес жүзеге асырады.
2. Су шаруашылығы ұйымдары:
2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
1) су шаруашылығы жүйелерi мен құрылыстарының тиiстi техникалық жай-күйiн, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
2) шартқа сәйкес су пайдаланушыларды белгiленген мерзiмде сумен қамтамасыз етуге;
3) су пайдаланушылармен келісім бойынша су бөлетiн орындарда cу өлшеу аспаптарын орнатуға;
4) су объектiлерiнiң ластануын, қоқыстануын және сарқылуын, судың зиянды әсерiн болғызбайтын шаралар қолдануға;
2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
5) су шаруашылығы гидромелиорациялық жүйенің, құрылысының паспортына ие болуға мiндеттi.
2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 15 тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
15-тарау. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік нормалау
2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 81- бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
81-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы нормалау
2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы нормативтiк-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық және метрологиялық қамтамасыз етудiң бiрыңғай жүйесi судың сандық және сапалық көрсеткiштерiне, олардың көрсеткiштерiн дәл өлшеу нормаларына қойылатын талаптарды регламенттеу мақсатында белгiленедi әрi өндiрiстiк және өзге қызметтiң су объектiлерiне ықпал ету шегiн реттейдi.
2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы нормалауды уәкiлеттi орган және басқа да мемлекеттік органдар өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады.
2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 82-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
82-бап. Су пайдалану лимиттері
1. Бассейндер және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бөлігінде су пайдалану лимиттері бассейндік схемаларға сәйкес он жылдық кезеңге белгіленеді және оларды уәкілетті орган бекітеді.
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес белгіленетін су пайдалану лимиттері негізінде бассейндік инспекциялар облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандар және бастапқы су пайдаланушылар бөлігінде ағымдағы жылдың сулылығы болжамын, су объектілерінің экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық жай-күйін, сондай-ақ өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін ескере отырып, су пайдалану лимиттерін белгілейді.
Суға деген қажеттіліктерді жыл сайын қалыптастыру қайталама су пайдаланушылардың су тұтыну және су бұру көлемдерінің негіздемесі бойынша есеп-қисаптарға негізделген бастапқы су пайдаланушылардың өтінімдері бойынша жүзеге асырылады. Қайталама су пайдаланушылар үшін су беру көлемдері белгіленген су пайдалану лимиттері ескеріле отырып, қайталама су пайдалануға арналған шарттарда айқындалады.
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Су аз болған жылдары су пайдалануды жедел реттеу мақсатында бассейндік инспекция бастапқы су пайдаланушыларға ресми хабарлама жіберу арқылы су объектісінен су алуды шектеу не тоқтата тұру жөніндегі шараларды қабылдайды. Су аз болған жылдары кепілдікті қамтамасыз етуге есептелген өнеркәсіп кәсіпорындары, су орташа аз болған жылдары кепілдікті қамтамасыз етуге есептелген суармалы егіншілік және сулылығы орташа жылы кепілдікті қамтамасыз етуге есептелген жайылма суару ауызсумен жабдықтаудан және табиғатты қорғау мақсатында су жіберулерден кейін басымдықты болып табылады.
Жедел реттеу шаралары қабылданғаннан кейін су пайдалану лимиті түзетуге жатады.
83-бап. Суды бақылау мен есепке алуды нормативтiк- техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық және метрологиялық қамтамасыз ету
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Суды бақылау мен есепке алуды нормативтiк-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық және метрологиялық қамтамасыз ету жүйесi ұлттық стандарттарды, санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актілерін қамтиды.
2. Суды бақылау мен есепке алуды нормативтiк-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық және метрологиялық қамтамасыз ету талаптары Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес әзiрленедi.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Суды бақылау мен есепке алуды нормативтiк-техникалық, санитариялық-эпидемиологиялық және метрологиялық қамтамасыз ету талаптары уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен әзiрленедi, келiсiледi және бекiтiледi.
84-бап. Су объектiлерiне жол берiлетiн шектi зиянды әсерлер нормативтерi
2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Жер үстi және жер асты суларын экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сай жағдайда ұстау қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен және азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсу бойынша уәкілетті органның ведомствосы белгiлеген су объектiлерiне жол берiлетiн шектi зиянды әсерлер нормативтерiнiң сақталуымен қамтамасыз етiледi.
2. Су объектiлерiне жол берiлетiн шектi зиянды әсерлердiң нормативтерi:
1) ұзақ уақыт ықпал етуi су объектiсiнiң экологиялық жүйесiнiң өзгеруiне әкеп соқтырмайтын антропогендiк жүктеменiң жол берiлетiн шектi мөлшерiне;
2) су объектiсiне және оның су жинау алаңына түсуi мүмкiн зиянды заттардың жол берiлетiн көлемi мен шоғырлануына сүйене отырып белгiленедi.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Су объектiлерiне жол берiлетiн шектi зиянды әсерлердiң нормативтерiн әзiрлеу мен бекiту тәртiбiн уәкілетті орган белгiлейдi.
2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 85- бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
85-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы стандарттау мен сертификаттау
2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы ұлттық стандарттар және техникалық талаптар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен әзiрленедi, бекітіледi және тiркеледi.
2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы стандарттар мен техникалық талаптарға сәйкестiктi айқындау үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мiндеттi және ерiктi сертификаттау жүзеге асырылады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Бөлшектеп құйылған түрде (бөтелкелерде немесе басқа да ыдыстарда) су тұтынушыларға сатуға арналған ауыз суды, суды тазарту мен зарарсыздандырудың жеке тұрмыстық және топтық техникалық құралдары, сондай-ақ ауыз сумен жабдықтау жүйелерiнде пайдаланылатын материалдар, реагенттер, технологиялық процестер, жабдықтар және өзге де құралдар техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган белгілеген тізбеге сәйкес мiндеттi түрде сертификатталуға тиiс.
86-бап. Су алу мен пайдалану көлемдерiн қысқарту жөніндегі талаптар
2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Су алу және пайдалану көлемдерін азайту жөніндегі талаптарға экономиканың барлық салаларында әртүрлі технологиялық процестерге су жұмсау нормативтерін және су тұтыну мен су бұру нормаларын қайта қарау арқылы қол жеткізіледі.
2. Су ресурстарын алу және пайдалану көлемдерiн қысқарту жөніндегі талаптарға:
1) барлық тасымалдайтын, бөлетiн желiлердегi және су тұтынудың әрбiр нүктесіндегі шығындар мен ысыраптарды қысқарту;
2) су пайдаланудың ұтымды әдiстерi мен технологияларын енгізу және судың нақты пайдаланылуын барлық жерде бiрдей есепке алуды қамтамасыз ету негiзiнде су үнемдеу есебiнен қол жеткiзiледi.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттiк органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары және су пайдаланушылар судың жұмсалуын, тасымалдайтын желiлердегi, су тұтыну нүктелерiндегi судың ысырабын есепке алуды ұйымдастыруды және су объектiлерiнен су алу көлемдерiн қысқарту мүмкiндiгiн жыл сайын талдап отыруға мiндеттi.
Уәкілетті орган экономиканың жекелеген салалары үшін су тұтынудың және су бұрудың ірілендірілген нормаларын бес жылда бір реттен сиретпей әзірлейді және бекітеді. Су тұтынудың және су бұрудың ірілендірілген нормалары су ресурстарын кешенді пайдалану және қорғау схемаларын және Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеу кезінде ескеріледі.
Су пайдаланушылар су тұтынудың және су бұрудың ірілендірілген нормалары негізінде уәкілетті орган бекіткен әдістемеге сәйкес су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормаларын бес жылда бір реттен сиретпей әзірлейді.
Су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормалары су тұтыну мен су бұру көлемдерінің негіздемесі бойынша есеп-қисаптар кезінде ескеріледі.
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 87-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
87-бап. Ауыз судың сапасын жақсарту жөніндегі талаптар
Уәкілетті органның ведомствосы басқа мүдделi мемлекеттік органдармен бiрлесiп ауыз судың сапасын жақсарту жөніндегі талаптарды әзiрлейдi, олар:
1) су объектiсiнiң белгiлi бiр сапасына сай келетiн құрылыстардың технологиясы мен қуатын жұмысқа қабiлеттi күйiнде ұстауды;
2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2) сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiнiң ақауларын қалпына келтiрудi;
3) құрылыс жұмыстарының жоғары сапасын қамтамасыз ете отырып, сенiмдi жабдықтар мен материалдарды пайдалануды;
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
4) тұтынылатын судың нормативтерi мен ұлттық стандарттарын мезгiл-мезгiл жетiлдiрiп отыруды қамтиды.
88-бап. Су объектiлерiнiң жай-күйiне терiс әсер ететiн құрылыстарды пайдалануға беруге тыйым салу
1. Мыналарды:
1) судың зиянды әсерiн, ластануын және қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген, сондай-ақ су тұтынуды және ағынды су ағызуды есепке алу құралдарымен жабдықталмаған жаңа және қайта жаңғыртылып жатқан объектiлердi;
2) балық қорғау құрылғыларынсыз cу тарту және ағызу құрылыстарын;
3) тазарту құрылыстары мен санитарлық-қорғау аймақтары жоқ мал шаруашылығы фермаларын және басқа да өндiрiстiк кешендердi;
4) жердi су басуды, топан су басуды, олардың батпақтануы мен сортаңдануын және топырақ эрозиясын болғызбайтын, жобаларда көзделген iс-шараларды жүргiзуге дейiн суару, суландыру және құрғату жүйелерiн, су қоймаларын, бөгеттердi, каналдарды және басқа да гидротехникалық құрылыстарды;
5) жер асты суларын оларды су реттеу құрылғыларымен, өлшеу құралдарымен жабдықтамай пайдалануға байланысты су тарту құрылыстарын;
6) санитарлық қорғау аймақтарын және су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстары жай-күйiнiң көрсеткiштерiн қадағалау пункттерiн белгiлемей су тарту және өзге де гидротехникалық құрылыстарды;
7) мұнай, химиялық және басқа да өнiмдердi оларды судың ластануын болғызбайтын құралдармен жабдықтамай тасымалдайтын және сақтайтын құрылыстар мен құрылғыларды пайдалануға беруге тыйым салынады.
2. Су объектiлерi жай-күйiнiң көрсеткiштерiн байқау пункттерiн құрмай ағынды сулармен суару объектiлерiн пайдалануға беруге рұқсат етiлмейдi.
3. Су шаруашылығы объектiлерiн - жердi қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды аяқтамай, ал су қоймаларында - олардың табанын су басуға әзiрлеу жөніндегі iс-шараларды жүзеге асырмай пайдалануға беруге рұқсат етiлмейдi.
4. Су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындарды және басқа да құрылыстарды пайдалануға беруге тыйым салу туралы шешiмдер Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қабылданады.
89-бап. Жер үстi су объектiлерiн ағынды суды ағызу үшiн пайдалану
1. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер үстi су объектiлерiн ағынды суды ағызу үшiн пайдалануға тыйым салынады.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Сарқынды суларды жерүстi су объектiлерiне ағызуға қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген шектерге дейiн тазарту шартымен арнайы су пайдалануға рұқсаты болған кезде жол берiледi.
3. Өнеркәсiптiк ластанған ағынды немесе шахталық, карьерлiк кенiш суларын жинағыштары бар ұйымдар оларды тазарту, зарарсыздандыру және кәдеге жарату үшiн қажеттi шаралар қолдануға, сондай-ақ осы жинағыштар орналасқан жерлердi қайта өңдеудi жүзеге асыруға мiндеттi.
Ерекше бөлік
6-Бөлім. Су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану
2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 16-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
16-тарау. Елді мекендерді ауызсумен, техникалық сумен жабдықтау және су бұру
2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 90-баптың тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
90-бап. Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын ауызсумен жабдықтау үшiн пайдалану
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Ауызсумен жабдықтау үшiн олардағы судың сапасы белгiленген ұлттық стандарттарға және гигиеналық нормативтерге сәйкес келетiн, ластану мен қоқыстанудан қорғалған жер үстi және жер асты су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстары берiледi.
2. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың туындау жағдайына арнап халықты ауыз сумен жабдықтауға жарамды сумен қамтамасыз ету үшiн ластану мен қоқыстанудан қорғалған жер асты су объектiлерiнiң негiзiнде ауыз сумен жабдықтау көздерiн резервтеу жүзеге асырылады. Резервтелген сумен жабдықтау көздерiнде Қазақстан Республикасының су заңдары мен өзге де заңдарына сәйкес оларды қорғаудың және жай-күйiн бақылаудың арнайы режимi белгiленедi.
2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Ауызсумен жабдықтауға арналған жер үстi және жер асты суларының қауiпсiздiгiн халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайды.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Су объектiсiн ауыз сумен жабдықтау көздерiне жатқызу халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган белгiлеген тәртiппен оның сенiмдiлiгi және санитариялық қорғау аймақтарын ұйымдастыру мүмкiндігi ескерiле отырып жүзеге асырылады.
2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ жаңа редакцияда
5. Ауызсумен жабдықтау үшін жарамды жерасты суларын, сумен жабдықтаудың өзге көздері болмаған және осы жерасты сулары ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылмайтын жағдайларды қоспағанда, өзге мақсаттар үшін пайдалануға жол берілмейді.
6. 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 7-тармақ өзгертілді
7. Қаладағы аудандарда, аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде сумен жабдықтауды осы аумақтардың әкiмдерi ұйымдастырады.
Қалалық және ауылдық елді мекендердегі ауызсудың сапасына мемлекеттік бақылауды халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі жүзеге асырады.
2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 91-баптың тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
91-бап. Халықты орталықтандырылған ауызсумен жабдықтау
2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Халықты орталықтандырылған ауызсумен жабдықтауды тиiстi су құбырлары желісі бар заңды тұлғалар жүзеге асырады.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Орталықтандырылған ауызсумен жабдықтауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар алынатын суды есепке алуды ұйымдастыруға, сумен жабдықтау көздерi мен жүйелеріндегі судың жай-күйiн үнемi қадағалап отыруға, сумен жабдықтау көздерi мен жүйелеріндегі су сапасының белгiленген ұлттық стандарттар мен гигиеналық нормативтерден ауытқуы туралы облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарына, уәкілетті органның ведомствосына халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға дереу хабарлауға мiндеттi.
2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 92-баптың тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
92-бап. Халықты орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2007.12.01. № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1-тармақ өзгертілді; 2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Халықты орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау кезінде жеке және заңды тұлғалар уәкілетті орган белгілеген тәртіппен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары су пайдалануды міндетті түрде тіркеп, тұтастай алғанда осы су объектілеріне халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның оң қорытындысы болғанда тікелей жерүсті және жерасты су объектілерінен су алуға құқылы.
Өз мұқтаждықтары үшін орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтауды жүзеге асыратын жеке тұлғалар тіркеуді ерікті негізде жүзеге асырады.
Су объектілерінен тәулігіне елу текше метрге дейінгі көлемде су алу кезінде халықты орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау арнайы су пайдалануға рұқсат алуды талап етпейді.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Халықты орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау кезiнде жер үстi және жер асты су объектiлерiнен су алу бассейндік инспекциялармен және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісу бойынша облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының ұсынуымен облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары бекiткен ережелерге сәйкес жүргiзiледi.
2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 92-1-баппен толықтырылды
92-1-бап. Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің құрамы
1. Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелері елді мекендердің тіршілігін қамтамасыз ету объектілеріне жатады.
2. Мыналар елді мекеннің сумен жабдықтау жүйесінің құрамдас элементтері болып табылады:
1) су тарту құрылыстары;
2) су құбырын тазартқыш құрылыстар;
3) реттегіш ыдыстар;
4) сорғы станциялары;
5) оқшау сутартқыштар;
6) тарату желілері;
7) ғимараттарға енгізу орындары;
8) ішкі сумен жабдықтау жүйелері;
9) суды есепке алу тораптары.
3. Мыналар елді мекеннің су бұру жүйесінің құрамдас элементтері болып табылады:
1) ғимараттардың ішкі су бұру жүйелері;
2) ғимараттардан шығару орындары;
3) орамішілік және көшелік желілер;
4) коллекторлар;
5) сорғы станциялары;
6) сарқынды суларды тазартқыш құрылыстар кешендері;
7) су объектілеріне тазартылған сарқынды суларды ағызуға арналған құрылыстар (сужібергіштер).
2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 92-2-баппен толықтырылды
92-2-бап. Елді мекендердің ауызсумен жабдықтау жүйелері
1. Елді мекендердің ауызсумен жабдықтау жүйелері сумен жабдықтау көзінің типі мен жүйелерге кіретін элементтердің құрамы бойынша ерекшеленетін орталықтандырылған, орталықтандырылмаған болып бөлінеді.
2. Ауызсуды алуға, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және су тұтынушыларға беруге арналған инженерлік желілер мен құрылыстар кешені орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі болып табылады.