6) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) облыстың жерді аймақтарға бөлу жобаларын, жерді ұтымды пайдалану жөніндегі жобалары мен схемаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
8) өз құзыреті шегінде жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын, облыстық, қалалық, аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;
2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
10) өз құзыреті шегінде жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
11) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың деректері негізінде облыстың жер балансын жасау;
12) 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13) осы Кодекстің 71-бабына сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;
2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2013.08.01. № 64-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 14) тармақша өзгертілді
14) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
14-1) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
14-2) - 14-6) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
15) 2013.08.01. № 64-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 16) тармақшамен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
16) жер-кадастрлық жоспарды бекіту жатады.
17) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың уәкілетті органының, оның әкімшілік бағынысына берілген аумақтағы құзыретіне:
1) 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) осы Кодекстің 71-бабына сәйкес республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;
3) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4) жерді резервте қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;
5) республикалық маңызы бар қаланың, астананың жер балансын жасау;
6) республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
2018.04.05. № 151-VI ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды
6-1) республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтажы үшін жер учаскелерін беру және алып қою жөніндегі ұсыныстарын және шешімдерінің жобаларын дайындау;
7) 2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
8) 2013.08.01. № 64-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
9) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру;
2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
10) жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11) иесі жоқ жер учаскелерін анықтау және оларды есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
12) мемлекеттік қажеттер үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде ұсыныстар дайындау;
13) жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
14) 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
15) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16) республикалық маңызы бар қаланың, астананың жерді аймақтарға бөлу жобаларын, жерді ұтымды пайдалану жөніндегі жобалары мен схемаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
17) жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 18) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;
2007.21.07. № 297-III ҚР Заңымен 19) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
19) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;
20) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
21) - 25) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
26) 2018.04.05. № 151-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
27) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
3. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уәкілетті органдарының аудан шекарасы, қала шекарасы (шегі) шебіндегі және оның әкімшілік бағыныстылығына берілген аумақтағы құзыретіне:
2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) иесі жоқ жер учаскелерін анықтау және оларды есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды; 2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 2-1) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2-1) геологиялық зерттеуге және пайдалы қазбаларды барлауға байланысты жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін жария сервитуттарды белгілеу бойынша ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы ұсыныстарының және шешімдерінің жобаларын дайындау;
2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
3) мемлекеттік қажеттер үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде ұсыныстар дайындау;
4) жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
5) 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жерді аймақтарға бөлу жобаларын, жерді ұтымды пайдалану жөніндегі жобалары мен схемаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
8) елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
9) жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын, қалалық, аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;
11) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жер балансын жасау;
12) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;
13) 2013.08.01. № 64-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
14) 2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
15) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру;
2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
16) жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
17) осы Кодекстің 71-бабына сәйкес ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;
2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 18) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
18) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 18-1) тармақшамен толықтырылды; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 18-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
18-1) пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерді анықтау;
2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 19) тармақшамен толықтырылды; 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 19) тармақша өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
19) жерді резервке қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 20) тармақшамен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
20) жер-кадастрлық жоспарды бекіту жатады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның құзыретіне:
1) жердiң пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
2) жер заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде орындалуы міндетті нұсқамалар беру;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) Мемлекеттік корпорацияға осы Кодекстің 94-бабы 2-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес жер учаскесіне құқық ауыртпалығын белгілеуге және тоқтатуға нұсқама жіберу;
3) жер заңнамасы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау;
4) осы Кодекстің 148-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген мәселелер бойынша сотқа талап қоюды дайындау және беру;
5) пайдаланылмай жатқан не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерді анықтау және мемлекеттік меншікке қайтару;
2018.04.05. № 151-VI ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
6) егер құрылыс, пайдалы қазбалар кен орындарын қазу, объектілерді пайдалану, геологиялық-барлау және басқа жұмыстар жер заңнамасын, жерді пайдаланудың белгіленген режимін бұза отырып жүзеге асырылып жатса, сондай-ақ бұл жұмыстар сараптамадан өтпеген немесе теріс қорытынды алған жобалар бойынша жүргізіліп жатса, оларды тоқтата тұру.
2018.04.05. № 151-VI ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) орталық уәкілетті органға осы Кодекстің 92 және 93-баптарына сәйкес, заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалар туралы ақпарат беру жатады.
15-бап. Жергiлiктi өкiлдi органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының құзыретi
1. Жергiлiктi өкiлдi органдардың тиiстi аумақтарда жер қатынастарын реттеу саласындағы құзыретiне мыналар жатады:
1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2) облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің қарамағына берiлген ауыл шаруашылығы алқаптарын қоса алғанда, елдi мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын бекіту;
2017.20.02. № 48-VI ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту;
3) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
4) жергiлiктi атқарушы органдар мен ұйымдар басшыларының жер ресурстарының пайдаланылуы мен қорғалуының жай-күйi туралы есептерiн тыңдау;
2017.20.02. № 48-VI ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) ауданның (қалалардағы аудандардан басқа) атқарушы органының немесе облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспардың іске асырылу қорытындылары туралы жыл сайынғы есебін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті өзін-өзі басқару өкілдерінің қатысуымен тыңдау;
5) Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген құзыретi шегiнде әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер арасындағы шекараны белгiлеу туралы шешiмдер қабылдау;
2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) қала маңындағы аймақтардың шекараларын осы Кодекстің 110-бабына сәйкес бекіту;
2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 5-2) тармақшамен толықтырылды; 2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 5-2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
5-2) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шарттардың жобаларын келісу;
2018.04.05. № 151-VI ҚР Заңымен 5-3) тармақшамен толықтырылды
5-3) жер комиссиясының құрамын және комиссия туралы ережені бекіту;
6) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
2. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары жер қатынастарын реттеу саласында Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген өкiлеттiктер шегiнде тұрғын халықтың жергiлiктi маңызы бар мәселелердi шешуге қатысуын қамтамасыз етедi.
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
16-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының құзыреті
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
1. Облыстың жергілікті атқарушы органының құзыретіне мыналар жатады:
1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) аудандық маңызы бар қалалар маңындағы аймақтардың шекараларын облыстың жергілікті өкілді органына бекітуге табыс ету;
2018.04.05. № 151-VI ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды
1-2) жер комиссиясының құрамын қалыптастыру, комиссия туралы ережені әзірлеу және тиісті жергілікті өкілді органға бекітуге жіберу;
2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара ); 2009.13.02. № 135-IV Заңымен 2) тармақша редакцияда жазылды (бұр.ред.қара); 2009.04.07 № 166-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2014.12.06. № 209-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара); 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 2) тармақша жаңа редакцияда
2) жер қойнауын пайдалану (өндіру жөніндегі; бірлескен барлау және өндіру жөніндегі; барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылысжайларын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін), магистральдық құбыржолдарды, мұнай мен газды қайта өңдеу объектілерін салу (реконструкциялау) мақсаттары үшін жер учаскелерін беру, сондай-ақ пайдалы қазбалардың кен орындары табылған кезде және оларды игеру үшін, магистральдық құбыржолдарды салу үшін жер учаскелерін мемлекет мұқтажына мәжбүрлеп иеліктен шығару;
3) ауданаралық маңызы бар уақытша пайдаланылатын мал айдау жолдарына жер учаскелерiн беру;
4) осы Кодекстiң 71-бабының 2-тармағына сәйкес iздестiру жұмыстарын жүргізу үшiн жер учаскелерiн пайдалануға рұқсат беру;
5) мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдары мен олардың тәжiрибе шаруашылықтарына, сондай-ақ мемлекеттік тұқым өсiру шаруашылықтары мен асыл тұқымды мал зауыттарына жер учаскелерiн беру;
2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша жасанды құрылыстар салу үшін аумақтық сулар алып жатқан жер учаскелерін беру;
2017.20.02. № 48-VI ҚР Заңымен 5-2) тармақшамен толықтырылды
5-2) жайылымдық инфрақұрылым объектілерін дамыту және реконструкциялау жөніндегі жоспарларды әзірлеу және бекіту;
2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
6) осы Кодекстің 49-2-бабына сәйкес жерді резервте қалдыру;
2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара )
7) осы Кодекстiң 13-бабының 3) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру мен кеңейтуге байланысты жағдайларда жердiң барлық санаттарынан жер учаскелерiн беру және алып қою, соның iшiнде мемлекет мұқтажы үшін алып қою;
2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
8) бір ауданның, облыстық маңызы бар қаланың аумағындағы жерді басқа ауданға, облыстық маңызы бар басқа қалаға ұзақ мерзімді пайдалануға беру бөлігінде жер қатынастарын реттеу;
2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара )
9) орман қоры жерiн қоспағанда, осы Кодекстiң 90-бабында көзделген жағдайларда, жер учаскелерiн беру және алып қою, соның iшiнде мемлекет мұқтажы үшін алып қою;
2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды
9-1) осы Кодекстің 69-бабына сәйкес қауымдық сервитуттар белгілеу;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
10) жер ресурстарын пайдалану мен қорғау бөлігінде аудандық, қалалық (облыстық маңызы бар) атқарушы органдардың қызметiн үйлестiруді және оған басшылық жасауды жүзеге асыру;
10-1) 2021.13.05. № 39-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2017.20.02. № 48-VI ҚР Заңымен 10-2) тармақшамен толықтырылды
10-2) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органға:
жайылымдарды ұтымды пайдалану;
жайылымдардың тозуымен және шөлейттенуімен күрес жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
жайылымдардың оты-суының молдығы;
жайылымдық инфрақұрылым объектілерінің жай-күйі туралы жартыжылдық және жылдық есептерді ұсыну;
2018.04.05. № 151-VI ҚР Заңымен 10-3) тармақшамен толықтырылды
10-3) осы Кодекстің 120-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде аталған мемлекеттік органдарға қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтажы үшін жер учаскелерін беру және алып қою мәселелері жөніндегі материалдарды келісуге ұсыну;
2018.04.05. № 151-VI ҚР Заңымен 10-4) тармақшамен толықтырылды
10-4) қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтажы үшін жер учаскелерін беру және алып қою;
11) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
12) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
2. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының жер ресурстарын реттеу саласындағы құзыретiне мыналар да жатады:
1) осы Кодекстiң 13-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер учаскелерiн жеке меншiкке және жер пайдалануға беру;
2009.04.07 № 166-IV ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін салу мақсаттары үшін жер учаскелерін беру;
2018.04.05. № 151-VI ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды
1-2) жер комиссиясының құрамын қалыптастыру, комиссия туралы ережені әзірлеу және тиісті жергілікті өкілді органға бекітуге жіберу;
2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара )
2) осы Кодекстiң 13-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер учаскелерін алып қою, соның ішінде мемлекет мұқтажы үшін алып қою;
2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) жер учаскелерін елді мекендер жеріндегі ортақ пайдаланудағы жерлерге жатқызу, сондай-ақ олардың нысаналы мақсатының өзгеруіне байланысты ортақ пайдаланудағы жердің құрамынан шығару;
2-2) 2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
3) тиiстi өкiлдi органның бекітуi үшiн оларға әкiмшiлiк бағыныстағы елдi мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзiрлеу және олардың орындалуын қамтамасыз ету.
2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) осы Кодекстің 69-бабына сәйкес қауымдық сервитуттар белгілеу;
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
4) жерді аймақтарға бөлу жобаларын (схемаларын) республикалық маңызы бар қаланың, астананың өкілді органдарына бекітуге табыс ету;
5) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
5-1) 2021.13.05. № 39-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 5-2) тармақшамен толықтырылды
5-2) елдi мекендердің аумақтарын жер-шаруашылық орналастырудың бекітілген жобаларын тұрғындар үшін қолжетімді орындардағы арнаулы ақпараттық стендтерде орналастыру;
2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 5-3) тармақшамен толықтырылды
5-3) осы Кодекстің 49-2-бабына сәйкес жерді резервте қалдыру;
2018.04.05. № 151-VI ҚР Заңымен 5-4) тармақшамен толықтырылды
5-4) осы Кодекстің 120-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде аталған мемлекеттік органдарға қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтажы үшін жер учаскелерін беру және алып қою мәселелері жөніндегі материалдарды келісуге ұсыну;
2018.04.05. № 151-VI ҚР Заңымен 5-5) тармақшамен толықтырылды
5-5) қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтажы үшін жер учаскелерін беру және алып қою;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
6) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
2018.04.05. № 151-VI ҚР Заңымен 17-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
17-бап. Аудандық (қалалардағы аудандардан басқа) атқарушы органның құзыретi
Аудан шекарасының шегiнде жер қатынастарын реттеу саласында аудандық (қалалардағы аудандардан басқа) атқарушы органның құзыретiне мыналар жатады:
1) осы Кодекстiң 13, 16, 18 және 19-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер учаскелерiн жеке меншiкке және жер пайдалануға беру;
2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды; 2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 1-1) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1-1) геологиялық зерттеуге және пайдалы қазбаларды барлауға байланысты жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін жария сервитуттарды белгілеу;
2018.04.05. № 151-VI ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды
1-2) жер комиссиясының құрамын қалыптастыру, комиссия туралы ережені әзірлеу және тиісті жергілікті өкілді органға бекітуге жіберу;
2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара )
2) осы Кодекстiң 13, 16 және 18-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер учаскелерін алып қою, соның ішінде мемлекет мұқтажы үшін алып қою;
2018.04.05. № 151-VI ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
2018.04.05. № 151-VI ҚР Заңымен 2-2) тармақшамен толықтырылды
2-2) орталық уәкілетті органға осы Кодекстің 92 және 93-баптарына сәйкес, заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалар туралы ақпарат беру;
3) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
4) ауылдық атқарушы органдардың құзырына берiлген ауыл шаруашылығы алқаптарын қоса алғанда, елдi мекендер аумағында жер-шаруашылық орналастыру жобаларын тиiстi өкiлдi органның бекітуiне әзiрлеу және олардың орындалуын қамтамасыз ету;
2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) осы Кодекстің 49-2-бабына сәйкес жерді резервте қалдыру;
5) осы Кодекстiң 71-бабының 2-тармағына сәйкес iздестiру жұмыстары үшiн жер учаскесiн пайдалануға рұқсат беру;
2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) осы Кодекстің 69-бабына сәйкес қауымдық сервитуттар белгілеу;
2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 5-2) тармақшамен толықтырылды
5-2) елдi мекендердің аумақтарын жер-шаруашылық орналастырудың бекітілген жобаларын тұрғындар үшін қолжетімді орындардағы арнаулы ақпараттық стендтерде орналастыру;
6) арнайы жер қорын құру;
7) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)