Осы Кодекстің 122-бабы 2-тармағының төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінің ережелері көрсетілген бөліктер қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған не берілген пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған келісімшарт немесе пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия бойынша барлау не геологиялық бөлу учаскесі шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде табылған кен орнында ғана пайдалы қатты қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда) өндіру мақсаттары үшін қолданылады.
Шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, шетелдік қатысуы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына, халықаралық ұйымдарға, халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтарға, сондай-ақ қандастарға жалдау шарттарымен 2016 жылғы 1 шілдеге дейін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне уақытша жер пайдалану құқығы жалдау шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін қолданылады және жаңа мерзімге ұзартылуға жатпайды немесе осы Кодексте көзделген уақытша жер пайдалану құқығын тоқтату үшін өзге де негіздер басталғанға дейін қолданылады.
Қазақстан Республикасының