7-тарау. Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялар
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 40-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
40-бап. Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекцияның міндеттері мен функциялары
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялар (бұдан әрі - бассейндік инспекциялар) - уәкілетті орган ведомствосының облыстарда бөлімдері бар, негізгі міндеті тиісті бассейн аумағында су қорын пайдалану мен қорғау саласында мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру болып табылатын (екі және одан көп облыстың аумағында қызметі жүзеге асырылатын және өкілеттіктері қолданылатын) аумақтық бөлімшелері.
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Бассейндік инспекциялар мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) бассейндiк принцип негiзiнде гидрографиялық бассейннiң су ресурстарын кешендi басқару;
2) оң экономикалық әсерге, орынды, әдiл және экологиялық жағынан тұрақты су пайдалануға қол жеткізу мақсатында су қатынастары субъектiлерiнiң су ресурстарын пайдалану жөніндегі қызметiн үйлестiру;
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) тиiстi бассейн шегiнде су объектiлерiн қалпына келтiру мен қорғау туралы бассейндiк келiсiмдерді дайындау және iске асыру;
4) су қорын пайдалану мен қорғауға, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының су заңдарын сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
5) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органмен бiрлесiп бассейндер бойынша мемлекеттік есепке алуды, мемлекеттік су кадастрын және су объектiлерiнiң мемлекеттік мониторингін жүргізу;
2007.12.01. № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6) тармақша өзгертілді; 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) осы Кодексте белгiленген тәртiппен арнайы су пайдалануға рұқсат беру, оның қолданысын тоқтата тұру, оны ұзарту және қайта ресімдеу, сондай-ақ арнайы су пайдалану құқығын тоқтату;
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды
6-1) салық органына ұсынғанға дейін жерүсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем бойынша салық есептілігін растау;
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.10.07 № 180-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 7) тармақша өзгертілді
7) мыналарды:
тиiстi бассейннiң су объектiлерiн ұтымды пайдалану жөніндегі облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының жоспарларын;
судың жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындардың және басқа да құрылыстардың құрылыс орнын айқындау жөніндегі ұсыныстарды;
су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде кәсіпорындар мен басқа да құрылыстарды орналастыруды, сондай-ақ құрылыс және басқа да жұмыстарды жүргізу шарттарын;
су объектiлерiнде, су қорғау белдеулерi мен аймақтарында құрылыс, түбiн тереңдету, пайдалы қазбалар, су өсiмдiктерiн өндiру жөніндегі жарылыс жұмыстарын, кабельдер, труба құбырларын және басқа да коммуникацияларды төсеу, ағаш кесу, сондай-ақ бұрғылау, ауыл шаруашылығы және басқа да жұмыстарды жүргiзу туралы құжаттарды;
су пайдаланушылардың су объектiлерiн сақтау, олардың жай-күйiн жақсарту жөніндегі iс-шаралар жоспарларын;
жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп жиынтық экологиялық пайданы талдау негізінде айқындалатын мұнайдың төгілуін жоюдың оңтайлы әдістерін келісу;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың басталуы салдарынан туындаған зардаптарды жою жөніндегі жұмыстарға қатысу;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандар және бастапқы су пайдаланушылар бөлінісінде су пайдалану лимиттерін белгілеу;
2009.10.07 № 180-IV ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды
9-1) су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға беру жөніндегі конкурстарды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;
10) 2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11) бiрлесiп пайдаланылатын су қоймаларының салааралық, облысаралық және мемлекетаралық маңызы бар iрi су қоймаларының жұмыс режимiн бақылауды жүзеге асыру;
2009.10.07 № 180-IV ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды
11-1) оқшау немесе бірлесіп пайдалануға берілген су объектілерін пайдаланған кезде жеке және заңды тұлғалардың белгіленген су сервитуттарын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
12) облысаралық, аймақаралық, мемлекетаралық су объектiлерi бойынша су алу мен су бөлу жоспарларын әзiрлеу және олардың сақталуын бақылау;
13) тиiстi бассейн суларын кешендi пайдалану мен қорғау схемасын, су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану ережелерiн келiсу;
14) тиiстi бассейн бойынша су шаруашылығы баланстарын әзiрлеуге қатысу;
15) cу объектiлерiн оқшау және бiрлесiп пайдалануға беру туралы ұсыныстарды және оларда су пайдалану шарттарын келiсу;
2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
16) судың жай-күйiне әсер ететiн, су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласында белгiленген нормалар мен ережелердi бұзып жүзеге асыратын су шаруашылығы объектiлерi мен өзге де объектiлердi қаржыландыруды, жобалауды және салуды тоқтату туралы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен талаптар қою;
17) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кiнәлiлердi жауапкершiлiкке тарту үшiн Қазақстан Республикасы су заңдарының бұзылуы туралы материалдарды құқық қорғау органдарына және сотқа беру;
18) Қазақстан Республикасының су заңдары бұзылған жағдайда мемлекетке келтiрiлген залалды өтеу туралы сотқа талап-арыз беру;
19) су қорын ұтымды пайдалану мен қорғау жөнiнде жүргiзiлiп жатқан жұмыс туралы, судың жай-күйi мен сапасын жақсарту жөнiнде қолданылып жатқан шаралар туралы халықты хабардар ету;
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 20) тармақша өзгертілді
20) су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру мәселелерi бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарымен және басқа да мүдделi мемлекеттік органдармен өзара iс-қимыл жасау;
21) су қорын ұтымды пайдалану мен қорғау iсiнде халық арасында ағарту және тәрбие жұмыстарын жүргiзу;
22) 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен 23) тармақшамен толықтырылды (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 23) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
23) арнайы су пайдалану құқығын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың суды алу немесе ағызу құрылыстарында немесе құрылғыларында орнатылатын суды есепке алу аспаптарын пломбалайды;
2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен тармақ 24) тармақшамен толықтырылды
24) бассейндік кеңестің жұмысын ұйымдастыру, бассейндік кеңестің мүшелерімен бассейн аумағындағы су қорын пайдалану және қорғау мәселелері бойынша консультациялар өткізу, бассейндік кеңес дайындаған ұсынымдарды талдау, оларды іске асыру жөнінде шаралар қабылдау, бассейндік кеңестің ұсынымдарын мүдделі мемлекеттік органдар мен су пайдаланушыларға жеткізу;
2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 25) тармақшамен толықтырылды
25) тіркеу шифрларын беру үшін бөгеттердің қауіпсіздігі декларациясын тіркейді.
41-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық органдарының су ресурстарын басқарудың бассейндiк принципiн iске асыруға қатысуы
1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган аумақтық органдарының су ресурстарын басқарудың бассейндiк принципiн iске асыруда:
1) жасалған су шаруашылығы баланстары, тиiстi бассейннiң су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғау схемалары негiзiнде су объектiлерiн ұтымды пайдалану мен қорғау жоспарларын келiсуге;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) бассейндік инспекциялармен бiрлесiп тиiстi бассейннiң су объектiлерiнiң мониторингiн жүргiзуге;
3) өз құзыретi шегiнде су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға;
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) бассейндiк келісімдер әзiрлеуге және ведомстволық бағыныстағы аумақтарда олардың жүзеге асырылуын бақылауға қатысады.
5) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық органдары су объектiлерiн кешендi пайдалану мен қорғаудың бекітілген бас схемаларына сәйкес су ресурстарын басқарудың бассейндiк принципiн жүзеге асыруға қатысады.
42-бап. Су объектiлерiн қалпына келтiру мен қорғау туралы бассейндiк келісімдер
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Су объектiлерiн қалпына келтiру мен қорғау туралы бассейндiк келісімдер (бұдан әрi - бассейндiк келісімдер) бассейндік инспекциялардың, облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының және су объектiсi бассейнiнiң шегiнде орналасқан басқа да субъектiлердiң арасында олардың қызметiн бiрiктiру және үйлестiру, сондай-ақ су объектiлерiн қалпына келтiру мен қорғау жөніндегі iс-шараларды iске асыру мақсатында жасалады.
2. Бассейндiк келісімдерде тараптардың орындау мерзiмi көрсетiлiп, нақты су қорғау iс-шараларын iске асыру үшiн қажеттi күштер мен құралдарды кооперациялау жөніндегі мiндеттемелер болады.
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Бассейндiк келiсiмдердi дайындау су шаруашылығы баланстары, су объектiлерiн кешендi пайдалану және қорғау схемалары, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары, ғылыми және жобалық әзiрлемелер негiзiнде жүзеге асырылады.
4. Бассейндiк келісімдердiң мақсаттары мен мiндеттерiн iске асыру үшiн жеке және заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шарттармен және тәртiппен, қаражаты су объектiлерiн қалпына келтiру мен қорғау жөніндегі iс-шараларды жүзеге асыруға арналған қорлар құруы мүмкін.
43-бап. Бассейндiк кеңес
2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Бассейндiк кеңес тиісті бассейн шегінде құрылатын консультациялық-кеңесшi орган болып табылады.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара);2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Тиiстi бассейндік инспекцияның басшысы басқаратын бассейндiк кеңес облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының басшыларынан, мемлекеттік органдардың аумақтық органдарының басшыларынан және су пайдаланушылардың өкiлдерiнен тұрады. Бассейндiк кеңестiң құрамына қоғамдық бiрлестiктердiң және олардың қауымдастықтарының өкiлдерi де кiруi мүмкiн. Бассейндiк кеңестiң жұмысын ұйымдастыру бассейндік инспекцияға жүктеледi.
2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Бассейндiк кеңес су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы көкейкестi мәселелердi қарайды, бассейндiк келісімге қатысушылар үшiн ұсыныстар мен ұсынымдар енгізеді.
2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 8 тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
8-тарау. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы
мемлекеттік жоспарлау
2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 44-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
44-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік жоспарлаудың мiндеттерi
2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік жоспарлаудың мiндеттерi:
халықтың ауыз су мен шаруашылық қажеттерiнiң бiрiншi кезекте қанағаттандырылуын ескере отырып, су пайдаланушылардың арасында суларды ғылыми негiзделген түрде бөлудi қамтамасыз ету;
сулардың қорғалуын және олардың зиянды әсерiнiң алдын алуды қамтамасыз ету болып табылады.
2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 2 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Су қорын пайдалану мен қорғауды, сумен жабдықтауды және су бұруды мемлекеттік жоспарлау үшiн су шаруашылығы баланстары, суларды кешендi пайдалану мен қорғау схемалары жасалады, сондай-ақ өндiргiш күштердi және экономика салаларын дамыту мен орналастыру схемаларының құрамында су ресурстарын пайдалану мен қорғау болжамы әзiрленедi.
45-бап. Су шаруашылығы баланстары
1. Су шаруашылығы баланстары су объектiлерiнiң бассейндерi, экономикалық аудандар және тұтас республика бойынша су ресурстарының болуын және оларды пайдалану мүмкiндiгiн бағалауға арналған.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Негiзгi өзендердiң бассейндерiне арналған және тұтас республика бойынша су шаруашылығы баланстары уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен әзiрленедi.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
3. Су шаруашылығы баланстарын әзiрлеуге байланысты шығындар бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
46-бап. Су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғау схемалары
1. Cу ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғау схемалары су ресурстарын ықпалдасып басқару мәселелерi бойынша шешiмдер қабылдау мақсатында әзiрленедi.
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғау схемаларын уәкілетті органның ведомствосы мүдделi мемлекеттік органдардың қатысуымен ғылыми және мамандандырылған жобалау ұйымдарын тарта отырып әзiрлейдi.
3. Кешендi схемаларда көзделетiн iс-шаралар:
1) өндiрiс технологиясын жетiлдiру негiзiнде су ресурстарын ұтымды әрi үнемдi пайдалануға;
2) суы аз және сусыз процестердi қолдануға;
3) суару жүйелерiнде және сумен жабдықтау жүйелерiнде су ресурстарының қайтарымсыз ысырабын азайтуға;
4) су ресурстарын реттеу, өзен ағындысын бассейнаралық қайта бөлу, тазартылмаған ағынды сулар ағызу көлемiн азайту есебiнен жергiлiктi су ресурстарын мүмкiндiгiнше барынша пайдалануға;
5) қалаларды, елдi мекендердi, ауыл шаруашылығы алқаптары мен басқа да объектiлердi су басуының және топан су басуының алдын алуға бағытталуға тиiс.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғау схемалары уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен әзiрленедi және бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылады.
47-бап. Өндiргiш күштердi және экономика салаларын дамыту мен орналастыру схемаларының құрамында су ресурстарын пайдалану мен қорғау болжамы
1. Өндiргiш күштердi және экономика салаларын дамыту мен орналастыру схемалары құрамында су объектiлерiне экологиялық жағынан жол берiлетiн деңгейде су ресурстарын пайдалану мен қорғау болжамы әзiрленедi.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
2. Су ресурстарын өндiргiш күштер мен экономика салаларын дамыту мен орналастыру схемаларының құрамында пайдалану және қорғау болжамын орталық атқарушы органдар әзiрлейдi.
3. Орталық атқарушы органдар әзiрлеген өндiргiш күштердi және экономика салаларын дамыту мен орналастыру схемаларының құрамында су ресурстарын пайдалану және қорғау болжамдары су ресурстарын пайдаланудың жол берiлетiн деңгейi нысанасында уәкілетті органда келiсуден өтедi.
9-тарау. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы бақылау мен сараптама
48-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы бақылаудың мiндеттерi мен түрлерi
1. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы бақылаудың мiндеттерi:
шаруашылық және өзге де қызметтiң әсерiнен сулардың жай-күйi мен өзгеруiн қадағалау;
су қорғау iс-шараларының орындалуын тексеру болып табылады.
2. Қазақстан Республикасында су қорын пайдалану мен қорғау саласында мемлекеттік, өндiрiстiк және қоғамдық бақылау жүзеге асырылады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды; 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Уәкілетті орган ведомствосының және бассейндік инспекциялардың мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі басты міндеттері:
1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын барлық министрліктермен, агенттіктермен, ведомстволармен өзара іс-қимыл жасауды және қызметін үйлестіруді;
2) шаруашылық және өзге де қызметтің әсерінен судың жай-күйін және өзгеруін қадағалауды, сондай-ақ су қорғау іс-шараларының орындалуын тексеруді;
3) су қорын пайдалану мен оны есепке алудың белгіленген тәртібін;
4) суларды қорғау жөніндегі міндеттердің орындалуын;
5) су объектілеріне зиянды әсер етудің алдын алуды және жоюды;
2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
6) барлық жеке және заңды тұлғалардың, су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздік критерийлерін сақтауын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы су заңнамасының талаптарын сақтауын бақылауды қамтамасыз ету болып табылады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді; 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
«Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау, бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 19-2/1131 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 809 бірлескен бұйрығын қараңыз
49-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар
1. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды өз құзыретi шегiнде мыналар жүзеге асырады:
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) уәкілетті орган, уәкілетті органның ведомствосы және бассейндік инспекциялар;
2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган
3) жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган;
2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган;
5) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
6) ветеринария саласындағы уәкiлеттi орган;
7) фитосанитарлық қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8) облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары.
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Уәкiлеттi органның ведомствосы мемлекеттiк органдардың су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі қызметiн үйлестiредi.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Уәкілетті органның ведомствосы және бассейндік инспекциялар:
1) су қорғау аймақтары мен белдеулері шекараларын, олардағы және ерекше қорғалатын су объектілеріндегі шаруашылық қызметінің белгіленген режимінің сақталуын;
2) трансшекаралық сулар туралы халықаралық келісімдердің шарттары мен талаптарының орындалуын;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) су тұтыну және су бұру лимиттерінің сақталуын;
4) су тарту құрылыстарын, су шаруашылық жүйелерін және су қоймаларын пайдалану ережелерінің сақталуын;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) су объектiлерiнен алынатын және оларға ағызылатын су мөлшерiнің бастапқы есебін жүргiзудiң дұрыстығын, суды тұтыну мен ағызуды есепке алуға арналған жабдықтар мен аппаратуралардың болуын, жарамды жай-күйiн және мемлекеттiк аттестаттау мерзiмдерiнiң сақталуын, су пайдаланушылардың белгiленген есептiлiк мерзiмдерiн сақтауын;
2007.12.01. № 222-III ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
6) жеке және заңды тұлғалардың арнайы су пайдалануға берілген рұқсаттарда белгіленген шарттар мен талаптарды, сондай-ақ судың зиянды әсеріне (топан су, су басу, су алу, жағалауларды бұзу және басқа да зиянды құбылыстар) қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды орындауын;
7) су объектілерін оқшау және бірлесіп пайдалануға берудің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртібінің сақталуын;
8) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
9) белгіленген тәртіппен бекітілген құжаттаманың болуын және оның экономика салаларының объектілерін салуға, жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта жарақтандыруға су объектілерін, су қорғау аймақтары мен белдеулерін пайдалану мен қорғауға байланысты өзге де қызметіне сай келуін;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10) су объектілерін өз бетімен пайдалануға жол берілмеуін бақылауды жүзеге асырады.
11) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы, азаматтық қорғау, ветеринария, өсімдіктер карантині саласындағы уәкiлеттi органдар, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық cаламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган және жергiлiктi атқарушы органдар:
1) өз құзыретіне сәйкес су қорын пайдалану мен қорғау саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
2) су қорының сапалық және сандық жай-күйінің өзгеруін тексеруді және сараптама жүргізуді ұйымдастырады;
3) су заңнамасының бұзылуын жою шараларын қабылдайды;
4) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мәселелерге қатысты нормативтік құқықтық құжаттар дайындауға қатысады;
5) су объектілеріне белгіленген талаптарды бұза отырып жүргізілген ағынды су ағызуды тоқтата тұру және оған тыйым салу туралы, сондай-ақ су объектілерінің жай-күйіне теріс әсер ететін жекелеген өндіріс объектілерінің, цехтар мен кәсіпорындардың қызметіне тыйым салу туралы белгіленген тәртіппен ұсыныстар енгізеді.
49-1-бап. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
49-2-бап. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
49-3-бап. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2009.10.07 № 180-IV ҚР Заңымен 50-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
50-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар
1. Осы Кодекске сәйкес су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға уәкiлеттi лауазымды адамдар мыналар болып табылады:
Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану мен қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы және оның орынбасары, Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану мен қорғау жөніндегі аға мемлекеттік инспекторлары және Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану мен қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары;
тиiстi бассейннiң су қорын пайдалану мен қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлар және олардың орынбасарлары, тиiстi бассейннің су қорын пайдалану мен қорғау жөніндегі аға мемлекеттік инспекторлары және мемлекеттік инспекторлары.