Уважаемый пользователь, документ к которому Вы обратились, не входит в Ваш комплект.
Для того чтобы получить документ, Вам необходимо заполнить расположенную ниже форму запроса,
и тогда документ будет отправлен Вам по электронной почте.
Так же Вы можете обратиться в центр обслуживания по тел.: +7 (495) 972-24-02 (в рабочие дни с 9:00 до 18:00 МСК).
Руководитель отдела по работе с клиентами: +7 (926) 108-92-64
ФИО или название орагинизации:
E-mail для ответа:
Сообщение:
Примечание: Название и реквизиты необходимого документа можно не указывать,
они вычисляются автоматически при нажатии вами на ссылку и передаются в вашем запросе.
Отправить
Отмена
С уважением к Вам, Служба поддержки «ИС Континент».
(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «РҰҚСАТТАР ЖӘНЕ ХАБАРЛАМАЛАР ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУ...
Введите текст
Наверх
Сравнение редакций
Показать изменения
3. Лицензиаттардың және екінші санаттағы рұқсаттарды иеленушілердің рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгеннен кейін (қызметті жүзеге асыру процесінде) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасын сақтауын рұқсаттық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексерулер арқылы жүзеге асырылады.
Поставить закладку
Посмотреть закладки
Добавить комментарий
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Показать изменения
4. Хабарламаны алғаннан кейін мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бақылау мен қадағалау қызметін жүзеге асыру процесінде өтініш берушінің Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде қызметті жүзеге асыру үшін белгіленген талаптарды сақтауын дербес тексереді.
Поставить закладку
Посмотреть закладки
Добавить комментарий
11-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер
52-бап. Өтпелі ережелер
Поставить закладку
Посмотреть закладки
Добавить комментарий
1. Осы Заңның 3-бабының 2-тармағында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін қолданылған және осы Заңға 1, 2 және 3-қосымшаларда көзделген рұқсаттар мен хабарламалар тізбелеріне енбеген рұқсаттар мен хабарламалардың болуы міндетті болып табылмайды және осы рұқсаттарсыз және хабарламаларсыз қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру жеке немесе заңды тұлғалар үшін жауаптылыққа әкеп соқпайды.
Поставить закладку
Посмотреть закладки
Добавить комментарий
2. «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 4-бабының 8-тармағына сәйкес лицензиялануға жатпаған қызмет түрлеріне осы Заң қолданысқа енгізілген кезден бастап, олар осы Заңға 1, 2 және 3-қосымшаларда болған жағдайда, рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібі жалпы негіздерде қолданылады.
Поставить закладку
Посмотреть закладки
Добавить комментарий
3. Рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімі пайдаланыла отырып, электрондық нысанда мұндай мүмкіндік болған жағдайда жүргізіледі.
Рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімі пайдаланыла отырып, электрондық нысанда ғана жүргізіледі.
Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган мен рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органның бірлескен бұйрығымен бекітілетін, автоматтандыруға жатпайтын тізбеге енгізілген екінші санаттағы рұқсаттарды қоспағанда, 2015 жылғы 31 желтоқсанға дейін рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінде рұқсаттарды жинау мен сақтауды немесе рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыруды автоматтандыру енгізілмейтін және қамтамасыз етілмейтін екінші санаттағы рұқсаттардың күші жойылуға жатады.
Поставить закладку
Посмотреть закладки
Добавить комментарий
4. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін берілген атом энергиясын пайдалану саласындағы лицензиялар осы Заң қолданысқа енгізілген күннен кейін алты ай ішінде осы Заңға 1-қосымшаға сәйкес мерзімі шектеулі лицензияларға қайта ресімделуге жатады.
Поставить закладку
Посмотреть закладки
Добавить комментарий
53-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Поставить закладку
Посмотреть закладки
Добавить комментарий
1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.07.04. № 487-V ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнiнен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізiлдi) (бұр.ред.қара); 2016.09.04. № 496-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.09.04. № 502-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2019.26.12. № 289-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.02.07. № 356-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан, 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.25.02. № 12-VІІ ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан, 2021 ж. 9 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен (2021 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 405-VІ ҚР Заңымен (2021 ж. 16 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.03.05. № 118-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.28.12. № 173-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.06.02. № 194-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-қосымша өзгертілді
Лицензияның және оны жүзеге асыру үшін лицензияның болуы талап етілетін қызмет түрінің атауы
Оны жүзеге асыру үшін лицензияның болуы талап етілетін қызметтің кіші түрінің атауы
Ескертпе
1
2
3
4
Телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметті лицензиялау
Показать изменения
1.
Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия
Иеліктен шығарылмайтын; 1-сынып
Показать изменения
Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы қызметті лицензиялау
Показать изменения
2.
Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензия
1. Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру.
2. Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру.
Иеліктен шығарылмайтын;1-сынып
Білім беру саласындағы қызметті лицензиялау
Показать изменения
3.
Білім беру қызметімен айналысуға лицензия
1. Бастауыш білім беру.
Иеліктен шығарылмайтын;
1-сынып
2. Негізгі орта білім беру.
Иеліктен шығарылмайтын;
1-сынып
3. Жалпы орта білім беру.
Иеліктен шығарылмайтын;
1-сынып
Показать изменения
4. Біліктіліктері бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандық топтары бойынша техникалық және кәсіптік білім беру.
Иеліктен шығарылмайтын;
1-сынып
Показать изменения
5. Біліктіліктері бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандық топтары бойынша орта білімнен кейінгі білім беру.
Иеліктен шығарылмайтын;
1-сынып
6. Кадрларды даярлау бағыттары және оқыту нысандары бойынша жоғары білім беру.
Иеліктен шығарылмайтын;
қолданылу мерзімі 5 жыл
(әскери, арнаулы оқу орындарына берілген, сондай-ақ «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 57-бабының 3-1-тармағы қолданысқа енгізілгенге дейін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына берілген лицензияларды және (немесе) лицензияға қосымшаларды қоспағанда);
1-сынып
7. Кадрларды даярлау бағыттары және оқыту нысандары бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру.
Иеліктен шығарылмайтын;
қолданылу мерзімі 5 жыл
(Сот төрелігі академиясына, әскери, арнаулы оқу орындарына берілген, сондай-ақ «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 57-бабының 3-1-тармағы қолданысқа енгізілгенге дейін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына берілген лицензияларды және (немесе) лицензияға қосымшаларды қоспағанда);
1-сынып
8. Діни білім беру.
Иеліктен шығарылмайтын;
1-сынып
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметті лицензиялау
Показать изменения
4.
Іздестіру қызметіне лицензия
1. Инженерлiк-геодезиялық жұмыстар, оның iшiнде:
1) геодезиялық орталықтарды салу және қалау;
2) жоспарлы-биiктiк түсiру желiлерiн құру;
3) жобалау мен салуға арналған топографиялық жұмыстар (1:10000-нан 1:200-ге дейінгі масштабтағы түсiрулер, сондай-ақ жерасты коммуникациялары мен құрылыстарын түсiрулер, жердегi желiлiк құрылыстар мен олардың элементтерiн трассалау және түсiру);
4) инженерлiк-геологиялық әзiрлемелердi, геофизикалық және басқа да iздестiру нүктелерiн бекiту арқылы нақтыға көшірумен байланысты байланысты геодезиялық жұмыстар.
2. Инженерлiк-геологиялық және инженерлiк-гидрогеологиялық жұмыстар, оның iшiнде:
1) геофизикалық зерттеулер, шолып байқау және түсiру;
2) жер қабаттарын далалық зерттеулер, гидрогеологиялық зерттеулер
Иеліктен шығарылмайтын; 1-сынып
Показать изменения
5.
Жобалау қызметіне лицензия
1. Қала құрылысын жобалау (тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі ғылыми-реставрациялау жұмыстарын қоспағанда, тарихи құрылыс аудандарында қала құрылысын қалпына келтiру үшiн жобалау құқығымен) және жоспарлау, оның iшiнде:
1) жоспарлау құжаттамасын (аумақтарда қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемаларын - аудандық жоспарлау жобаларын, елдi мекендердiң бас жоспарларын, аудандарды, шағын аудандарды, орамдарды, жекелеген учаскелердi егжей-тегжейлi жоспарлау жобалары мен салу жобаларын);
2) елдi мекендердiң (елдi мекендер шекараларының шегiнде орналасатын көше-жол желiлерi мен қалаiшiлiк және сыртқы көлiк объектiлерiнің) және қонысаралық аумақтардың (елдi мекендердiң көше-жол желiсiнен тысқары орналасатын сыртқы көлiк объектiлерi мен коммуникацияларының) көлiк инфрақұрылымын дамыту схемаларын;
3) құрылыс салу жүйесiнде жылу энергиясын өндiру және тасымалдау объектiлерін орналастыра отырып, елдi мекендердi жылумен жабдықтау, сондай-ақ қонысаралық аумақтарда орналасатын өндiрiстiк кешендердi жылумен жабдықтау схемаларын;
4) ауыз су және (немесе) техникалық су көздерiн орналастыра отырып және су ағызарларды трассалай отырып, елдi мекендердi сумен жабдықтау схемаларын, сондай-ақ қонысаралық аумақтарда орналасатын өндiрiстiк кешендердi сумен жабдықтау схемаларын;
5) тұрмыстық, өндiрiстiк және жауын-шашынның сарқынды суларын жинау мен ағызудың орталықтандырылған жүйесiн, бас тазартқыш құрылыстарды, сарқынды суларды буландырғыштар мен қайта генерациялау объектiлерін орналастыруды қоса алғанда, елдi мекендер мен өндiрiстiк кешендердiң кәрiз схемаларын;
7) құрылыс салу жүйесiнде электр энергиясын өндiру және тасымалдау объектiлерін орналастыра отырып, елдi мекендердi электрмен жабдықтау, сондай-ақ қонысаралық аумақтарда орналасатын өндiрiстiк кешендердi электрмен жабдықтау схемаларын;
8) инфрақұрылым объектiлерi мен ақпарат көздерiн орналастыра отырып, елдi мекендер үшiн телекоммуникация және байланыс схемаларын әзiрлеу.
2. Ғимараттар мен құрылыстар үшін сәулеттiк жобалау (тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі ғылыми-реставрациялау жұмыстарын қоспағанда, сәулеттiк-реставрациялау жұмыстары үшiн жобалау құқығымен), оның iшiнде объектiлердiң бас жоспарларын, аумақтың инженерлiк дайындығын, жер бедерiн көркейтуді және ұйымдастыруды
3. Құрылыстық жобалау (ғимараттар мен құрылыстарды күрделi жөндеу және (немесе) реконструкциялау үшiн жобалау, сондай-ақ төменде аталған жұмыстардың әрқайсысы үшiн конструкцияларды нығайту құқығымен) және конструкциялау, оның iшiнде:
1) негiздер мен iргетастарды;
2) бетон және темір-бетон, тас және арматура-тас конструкцияларды;
3) металл (болат, алюминий және қорытпа) конструкцияларды.
4. Инженерлiк жүйелер мен желiлердi, оның iшiнде:
1) жылытудың iшкi жүйелерiн (электрмен жылытуды қоса алғанда), желдетудi, кондиционерлеуді, салқын ауамен жабдықтауды, газдандыруды (төмен қысымды газбен жабдықтауды), сондай-ақ олардың қосалқы объектiлерi бар сыртқы желiлерiн;
2) су құбыры (ыстық және суық су) мен кәрiздiң iшкi жүйелерiн, сондай-ақ олардың қосалқы объектiлерi бар сыртқы желiлерiн;
3) тогы әлсiз құрылғылардың (телефондандырудың, өрттен қорғау дабыл құралының) iшкi жүйелерiн, сондай-ақ олардың сыртқы желiлерiн;
4) iшкi және сыртқы электрмен жарықтандыру, 0,4 кВ-ға дейiн және 10 кВ-ға дейiн электрмен жабдықтау жүйелерiн;
5) 35 кВ-ға дейiн, 110 кВ-ға дейiн және одан жоғары электрмен жабдықтауды;
6) магистральдық мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын, газ құбырларын (орта және жоғары қысымды газбен жабдықтауды) жобалау.
5. Тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы, оның iшiнде:
1) мектепке дейiнгi білім беруге, жалпы және арнаулы білім беруге, интернаттарға, кадрлар даярлайтын орындарға, ғылыми-зерттеу, мәдени-ағарту және ойын-сауық мекемелерiне, сауда (дәрiханаларды қоса алғанда), денсаулық сақтау (ауруларды емдеу және олардың профилактикасы, оңалту және санаториялық емдеу), қоғамдық тамақтану мен тұрмыстық қызмет көрсету, дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық жаттығулар, демалыс пен туризм кәсiпорындарына, сондай-ақ түрлi қоғамдық мақсаттағы үй-жайлары бар өзге де көп функциялы ғимараттар мен кешендерге арналған;
2) көлiк инфрақұрылымына (халыққа тiкелей қызмет көрсетуге арналған) және коммуналдық шаруашылыққа арналған (көлiк құралдарына қызмет көрсетуге арналған, сондай-ақ өзге де өндiрiстiк-шаруашылық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстардан басқа) ғимараттар мен құрылыстарды технологиялық жобалау (құрылыс жобаларының технологиялық бөлiгiн әзiрлеу).
6. Өндiрiстiк мақсаттағы, оның iшiнде:
1) энергетика өнеркәсiбiне арналған;
2) жеңiл және тамақ өнеркәсiбiн қоса алғанда, өңдеу өнеркәсiбiне арналған;
3) ауыр машина жасауға арналған;
4) медицина, микробиология және фармацевтика өнеркәсiбiне арналған;
5) бөгеттер, дамбалар, басқа да гидротехникалық құрылыстарды;
6) мұнара және дiңгек үлгiсiндегi конструкцияларды;
7) көтергіш-көлiктiк құрылғылар мен лифтiлерге арналған объектiлердi технологиялық жобалау (құрылыс жобаларының технологиялық бөлiгiн әзiрлеу).
7. Көлiк инфрақұрылымы, байланыс және коммуникация, оның iшiнде:
1) автомобиль, электр, теміржол және өзге де рельстi, әуе, су көлiгi түрлерiн қоса алғанда, қалаiшiлiк және сыртқы көлiкке;
3) жалпыреспубликалық және халықаралық байланыс (спутниктiк байланысты қоса алғанда) желiлерiне және өзге де телекоммуникация түрлерiне қызмет көрсету объектiлерiн технологиялық жобалау (құрылыс жобаларының технологиялық бөлiгiн әзiрлеу).
8. Мыналарды:
1) теміржол көлiгi қатынасы жолдарын;
2) барлық санаттағы автомобиль жолдарын;
3) қалалық электр көлiгінiң көше-жол желiсiн;
4) көпiрлер мен көпiр өткелдерiн, оның iшiнде көлiк эстакадалары мен көп деңгейлi жолайрықтарын қамтитын технологиялық жобалау (көлiк құрылысы жобаларының технологиялық бөлiгiн әзiрлеу).
9. Өңдеу өнеркәсiбi кәсiпорындарын қоспағанда, ауыл шаруашылығы объектiлерiнiң құрылысын технологиялық жобалау (жобалардың технологиялық бөлiгiн әзiрлеу)
Иеліктен шығарылмайтын;
1-сынып
Показать изменения
6.
Құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензия
1. Жер қабатындағы арнаулы жұмыстар, оның ішінде:
1) іргетас негіздерді орналастыру;
2) жер қабатындағы бұрғылау жұмыстары;
3) суасты-техникалық жұмыстар мен теңiз қайраңындағы жұмыстар.
2. Объектілерді күрделі жөндеу мен реконструкциялауды, оның ішінде:
1) металл конструкцияларды монтаждауды;
2) мұнара және дiңгек үлгiсiндегi құрылыс конструкцияларын, түтiн мұржаларын монтаждауды;
3) көпiрлер мен көпiр өткелдерiнiң тiрек конструкцияларын монтаждауды;
4) гидротехникалық және селден қорғау құрылыстарын, бөгеттердi, дамбаларды;
5) түтiн мұржаларын, күш түсетін құрылыстарды, градирняларды, шахта үстiндегi тоқпақтарды;
6) тау-кен ұңғылау және тоннель жұмыстарын, сүзгілеуге қарсы қалқаларды орналастыруды;
7) көтергіш құрылғылардың (лифтiлердiң, эскалаторлардың, шахта тоқпақтары мен көтергiштерiнiң, аспалы жолдар мен көтергіш құрылыстардың басқа да конструкцияларын) құрылыс конструкцияларын монтаждауды;
8) монолиттi конструкцияларды орналастыру, сондай-ақ құрамабетон және темiр-бетон конструкцияларын монтаждауды, қабырғалар мен аралық қабырғалардың жеке элементтерін қалауды және ойықтарды толтыруды;
9) шатыр жабу жұмыстарын қамтитын ғимараттар мен құрылыстардың (оның iшiнде көпiрлердің, көлiк эстакадаларының, тоннельдер мен жол өткізгілерінің, өзге де жасанды құрылыстардың) тiрек және (немесе) қоршау конструкцияларын салу.
3. Күрделі жөндеу мен реконструкциялауды қамтитын желілік құрылыстарды, оның ішінде:
1) қысыммен жұмыс iстейтiн не жарылу-өрт қаупi бар немесе өзге де қауiптi (зиянды) сұйық немесе газ тектес заттарды сақтауға арналған болат резервуарларды (ыдыстарды);
2) мұнай құбырларының, газ құбырларының кәсiпшiлiк және магистральдық желiлерiн, сондай-ақ мұнай өнiмдерi құбырларының магистральдық желiлерiн;
3) кернеуi 35 кВ-ға дейiнгi және 110 кВ-ға дейiнгi және одан жоғары кернеулі электр беру магистральдық желiлерiн;
4) жалпыреспубликалық және халықаралық байланыс және телекоммуникация желiлерiн салу бойынша арнаулы құрылыс және монтаж жұмыстары.
4. Күрделі жөндеу мен реконструкциялауды, оның iшiнде:
1) теміржол қатынасы жолдарын электрмен жабдықтау желiлерiн, әуе көлiгi кәсiпорындарын электрмен жабдықтау және электрмен жарықтандыру желiлерiн;
2) газбен жабдықтаудың жоғары және орташа қысымды, тұрмыстық және өндiрiстiк газбен жабдықтаудың төмен қысымды желiлерiн, газбен жабдықтаудың iшкi жүйелерiн;
3) суық және ыстық сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау желiлерiн, тұрмыстық, өндiрiстiк және жауын-шашынның сарқынды суларының орталықтандырылған кәрiзiн, су құбырының, жылу беру мен кәрiздiң iшкi жүйелерiнiң құрылғысын;
4) электрмен жабдықтау желiлерiн және сыртқы электрмен жарықтандыру құрылғысын, электрмен жарықтандырудың және электрмен жылытудың iшкi желiлерiн қамтитын инженерлiк желiлер мен жүйелердi орналастыру.
5. Күрделі жөндеу мен реконструкциялауды қамтитын автомобиль және теміржол құрылыстарын, оның ішінде:
1) темір жолдарға арналған негiздерді және оның беткi құрылыстарын;
2) I және II техникалық санаттағы автомобиль жолдарының, сондай-ақ жүрдек және реттелетін қозғалыстың қалаiшiлiк магистральдық жолдарының, үздiксiз және реттелетін қозғалыстың жалпықалалық маңызы бар магистральдық көшелерiнiң көлiк жүретiн бөлiгiнiң негiздерi мен жабындыларын, қорғаныш құрылыстары мен оларды жайластыруды;
3) III, IV және V техникалық санаттағы автомобиль жолдарының, сондай-ақ магистральдық болып табылмайтын елдi мекендер көшелерiнiң көлiк жүретiн бөлiгiнiң негiздерi мен жабындыларын, қорғаныш құрылыстары мен оларды жайластыруды;
4) аэродромдардың ұшу-қону жолақтары мен тiкұшақ алаңдарының негiздерi мен жабындыларын салу.
6. Мыналарға:
1) гидротехникалық және мелиоративтiк құрылыстарға;
2) құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкцияларды өндiруге;
3) театр-ойын-сауық, білім беру, спорт мақсатындағы объектiлерге;
4) байланысқа, авариядан қорғауға, бақылау және дабыл жүйесiне, көлiкте, электр энергетикасы және сумен жабдықтау объектiлерiнде, тiршiлiктi қамтамасыз ететiн өзге де объектiлерде оқшаулауға, сондай-ақ өндiрiстiк мақсаттағы есепке алу және бақылау аспаптарына байланысты технологиялық жабдықты монтаждау, iске қосу-оңдау жұмыстары.
Иеліктен шығарылмайтын; 1-сынып
Показать изменения
7.
2016.07.04. № 487-V ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланған күнiнен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізiлдi) (бұр.ред.қара)
Показать изменения
Көмірсутектер саласындағы қызметті лицензиялау
Показать изменения
8.
Көмірсутектер саласындағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге лицензия
1. Көмірсутектерді барлау және өндіру кезіндегі кәсіпшілік зерттеулер.
2. Көмірсутектерді барлау және өндіру кезіндегі сейсмикалық барлау жұмыстары.
3. Көмірсутектерді барлау және өндіру кезіндегі геофизикалық жұмыстар.
4. Көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде ұңғымалардағы атқылау-жару жұмыстары.
5. Көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде құрлықта, теңізде және ішкі су айдындарында ұңғымаларды бұрғылау.
6. Көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде ұңғымаларды жер астында жөндеу, сынау, игеру, сынамалау, консервациялау, жою.
7. Көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде ұңғымаларды цементтеу.
8. Көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде мұнай қабаттарының мұнай беруін арттыру және ұңғымалардың өнімділігін ұлғайту.
9. Теңіздегі көмірсутектер кен орындарында төгілуді болғызбау және жою жөніндегі жұмыстар.
10. Мұнай-газ-химия өндірістерін пайдалану.
11. Көмірсутектер кен орындарына арналған базалық жобалау құжаттарын жасау және көмірсутектер кен орындарын игеруді талдау.
12. Көмірсутектер кен орындарына арналған техникалық жобалау құжаттарын жасау.
13. Магистральдық құбыржолдарды пайдалану.
Иеліктен шығарылмайтын; 1-сынып
Өнеркәсіп саласындағы қызметті лицензиялау
Показать изменения
9.
Тау-кен және химия өндiрiстерiн пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия
1. Қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда) өндiру.
2. Қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын ашық және жерасты тәсiлдерiмен ашу және әзірлеу.
3. Кен орындарында технологиялық жұмыстарды жүргізу.
4. Пайдалы қазбаларды өндіру үшін жару жұмыстарын жүргізу.
5. Кенiштер мен шахталарды жабу жөніндегі жою жұмыстары
6. Ұңғымаларды жерасты және күрделі жөндеу, жабдықты және агрегаттарды бөлшектеу, ұңғымалар көтергішін орнату.
7. Ұңғымаларды жөндеуден кейін сынау.
8. Ұңғымаларды шаю, цементтеу, сынаудан өткізу және игеру.
9. Химиялық өндірістерді пайдалану.
Иеліктен шығарылмайтын; лицензия беру кезінде осы Заңның 25-бабы 3-тармағы бірінші бөлігінің және 26-бабының 1, 2-тармақтарының күші қолданылмайды; 1-сынып
Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия
Иеліктен шығарылмайтын;
1-сынып
Ақпараттандыру және байланыс саласындағы қызметті лицензиялау
Показать изменения
12.
Байланыс саласында қызметтер көрсетуге лицензия
1. Қалааралық телефон байланысы
2. Халықаралық телефон байланысы
3. Спутниктік жылжымалы байланыс
4. Ұялы байланыс
Иеліктен шығарылмайтын; 1-сынып
Показать изменения
Цифрлық активтер саласындағы қызметті лицензиялау
12-1.
Цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия
1. І кіші түр - меншік құқығында немесе басқа да заңды негіздерде цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығы бар цифрлық майнердің цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруы.
2. ІІ кіші түр - меншік құқығында немесе басқа да заңды негіздерде цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығы жоқ және цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығында орналастырылған, өзіне меншік тиесілі цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешенді пайдалана отырып, цифрлық майнингті жүзеге асыратын цифрлық майнердің цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруы.
Иеліктен шығарылмайтын; қолданылу мерзімі - 3 жыл;
лицензия беру кезінде осы Заңның 25-бабы 3-тармағы бірінші бөлігінің және 26-бабы 1, 2-тармақтарының күші қолданылмайды;
1-сынып
Есірткінің, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті лицензиялау
Показать изменения
13.
Есірткі, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия
1. Есірткі заттарын әзірлеу, өндіру, өңдеу, тасымалдау, жөнелту, сатып алу, сақтау, тарату, өткізу, пайдалану, жою
2. Психотроптық заттар мен прекурсорларды өндіру
Иеліктен шығарылмайтын; қолданылу мерзімі - 5 жыл; лицензия беру кезінде осы Заңның 25-бабы
3-тармағы бірінші бөлігінің және 26-бабы
1, 2-тармақтарының күші қолданылмайды; 1-сынып
3. Психотроптық заттар мен прекурсорларды әзірлеу, өндіру, тасымалдау, жөнелту, сатып алу, сақтау, тарату, өткізу, пайдалану, жою
Иеліктен шығарылмайтын; қолданылу мерзімі - 5 жыл; 1-сынып
Показать изменения
4. Құрамында есірткі заттары бар өсімдіктер мен шөптерді өсіру, жинау, дайындау
Иеліктен шығарылмайтын; қолданылу мерзімі - 5 жыл; лицензия беру кезінде осы Заңның 25-бабы