ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
баланың құқықтарын қорғау, білім беру, ақпарат және ақпараттандыру
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 16 шілдедегі № 113-ө өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне:
1) мазмұны алып тасталсын;
2) 122-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Егер кәмелетке толмаған адамға туысы, өгей әкесі (өгей шешесі) тұлғасында дереу қорғаншы немесе қамқоршы тағайындау қажет болса, ол баланы отбасына тәрбиелеуге қабылдаған кезден бастап күнтізбелік бір жыл ішінде психологиялық даярлықтан өткен жағдайда, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдар психологиялық даярлықтан өткізбестен қорғаншылықты немесе қамқоршылықты белгілеуге құқылы. Қорғаншы немесе қамқоршы белгіленген мерзімде психологиялық даярлықтан өтпеген жағдайда, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган қорғаншылықтың немесе қамқоршылықтың күшін жою туралы мәселеге бастамашылық жасайды.».
2. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Кодексіне:
12-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру стандартына, медициналық көмек көрсету қағидаларына сәйкес оңалту қызметтерін көрсету мақсатында республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада, сондай-ақ аудан орталықтарында, оның ішінде осы елді мекендердің денсаулық сақтау субъектілерінің қолданыстағы инфрақұрылым объектілерінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған медициналық оңалту орталықтарын (бөлімшелерін) құрады;».
3. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
71-баптың 1-тармағының төртінші бөлігіндегі «алты ай» деген сөздер «үш ай» деген сөздермен ауыстырылсын.
4. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
мынадай мазмұндағы 18-4-баппен толықтырылсын:
«18-4-бап. Интернет-ресурстардағы балаға қатысты кибербуллинг фактілерін қарау мәселелері бойынша өтініштер
1. Балаға қатысты кибербуллинг фактілері анықталған жағдайда, азамат не баланың заңды өкілі құқыққа қарсы әрекеттер орын алған интернет-ресурстың атауын көрсете отырып, балаға қатысты жасалып жатқан кибербуллинг фактілері туралы өтінішпен уәкілетті органға жазбаша түрде немесе электрондық құжат нысанында жүгінуге құқылы.
Жазбаша түрде немесе электрондық құжат нысанында берілген өтініштер қол қойылып жіберіледі және (немесе) электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылады.
Балаға қатысты кибербуллинг фактілері бойынша өтінішті сараптама тобы ол келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қарайды.
Сараптама тобын құру, сондай-ақ балаға қатысты кибербуллинг фактілері бойынша өтінішті қарау тәртібін уәкілетті орган айқындайды. Жауап мемлекеттік тілде немесе өтініш жасалған тілде ұсынылады.
Сұратылатын ақпарат бірнеше ақпарат иеленушінің құзыретіне кіретін және өтінішке жауап беру кезінде өзге ақпарат иеленушілерден ақпарат алу талап етілетін жағдайларда, уәкілетті орган қарау мерзімін күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімге бір рет ұзартуы мүмкін, ал өтініш берушіге қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде хабарланады.
2. Егер өтініш мазмұнында балаға қатысты кибербуллинг фактілері жасалып жатқан интернет-ресурс көрсетілмесе, өтінішті қараудан бас тартылады.
3. Кибербуллинг фактілері бойынша азамат не баланың заңды өкілі өтінішіне жауап ұсынбағаны немесе уақтылы ұсынбағаны үшін уәкілетті органның лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
4. Өтінішті қараудан бас тартуға азамат не баланың заңды өкілі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасай алады.
Ескертпе. Осы баптың мақсатында кибербуллинг деп интернет-ресурс пайдаланыла отырып балаға қатысты қорлау сипатындағы жүйелі (екі және одан көп) әрекеттер, баланы қудалау және (немесе) қорқыту, оның ішінде қандай да бір әрекетті жасауға немесе жасаудан бас тартуға мәжбүрлеуге бағытталған әрекеттер түсініледі.».
5. «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) баланы жәбірлеу (буллинг) – қорлау сипатындағы жүйелі (екі және одан көп) әрекеттер, қудалау және (немесе) қорқыту, оның ішінде қандай да бір әрекетті жасауға немесе жасаудан бас тартуға мәжбүрлеуге бағытталған әрекеттер, сол сияқты жария түрде немесе бұқаралық ақпарат құралдары және (немесе) телекоммуникация желілері пайдаланыла отырып жасалған дәл сол әрекеттер (кибербуллинг);»;
2) 10-баптың 2-тармағындағы «оны тәнiн және (немесе) жанын жәбiрлеуден, адамдық қадiр-қасиетiн қатыгездiкпен, дөрекiлiкпен қорлаудан, кемсiтуден,» деген сөздер «оны физикалық және (немесе) психикалық күш көрсетуден, адамның қадір-қасиетіне қатыгездікпен, дөрекілікпен қараудан немесе оны қорлаудан, баланы жәбірлеуден (буллингтен),» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 30-баптың 1-тармағының оныншы бөлігіндегі «ата-анасын немесе басқа заңды өкілдерiн анықтау үшiн» деген сөздер «ата-анасын немесе басқа да заңды өкілдерін анықтау және оларға беру үшін» деген сөздермен ауыстырылсын.
6. «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 8-баптың 1-тармағының 6-9) тармақшасы алып тасталсын;
2) 41-1-бапта:
бүкіл мәтін бойынша «ақпарат саласындағы», «байланыс, ақпарат саласындағы», «байланыс және ақпарат саласындағы», «Ақпарат саласындағы» деген сөздер тиісінше «бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы», «байланыс, бұқаралық ақпарат құралдары салаларындағы», «байланыс, бұқаралық ақпарат құралдары салаларындағы», «Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақ «қатысуға шақыруды қамтитын» деген сөздерден кейін «, балаға қатысты кибербуллинг мақсатында» деген сөздермен толықтырылсын;
1-1-тармақ:
6-тармақтың 2) тармақшасының бесінші абзацы 2022 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
«байланыс операторлары және (немесе)» деген сөздерден кейін «онлайн-платформалардың меншік иелері және (немесе) заңды өкілдері және (немесе)» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті орган телекоммуникациялар желілерінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекітеді.»;
6-тармақтың 2) тармақшасының сегізінші абзацы 2022 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
2-тармақ «байланыс операторларына» деген сөздерден кейін «, онлайн-платформалардың меншік иелеріне және (немесе) заңды өкілдеріне» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақта:
6-тармақтың 2) тармақшасының оныншы, он бірінші абзацтары 2022 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
бірінші абзац «Байланыс операторлары» деген сөздерден кейін «, онлайн-платформалардың меншік иелері және (немесе) заңды өкілдері» деген сөздермен толықтырылсын;
1) тармақшадағы «ақпарат» деген сөз «егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, бұқаралық ақпарат құралдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, қажет болған жағдайда, құқық қорғау органдарымен бірлесіп» деген сөздер алып тасталып, «адамды анықтайды» деген сөздер «адамды анықтауда Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына және Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына жәрдем көрсетеді» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ «шақыруды қамтитын» деген сөздерден кейін «, балаға қатысты кибербуллинг мақсатында» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақтың 2) тармақшасының он төртінші - он жетінші абзацтары 2022 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген хабарламаны алғаннан және оның анықтығын тексергеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті орган байланыс операторларына және (немесе) онлайн-платформалардың меншік иелеріне және (немесе) заңды өкілдеріне және (немесе) мемлекеттік техникалық қызметке осы баптың 1-1 және 2-тармақтарында көрсетілген нұсқаманың күшін жою және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен интернет-ресурсқа қол жеткізуді қайта бастау туралы тапсырма береді.»;
6-тармақтағы «және (немесе)», «орындауы тиіс» деген сөздер тиісінше «және (немесе) онлайн-платформалардың меншік иелері және (немесе) заңды өкілдері және (немесе)», «орындауға міндетті» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақ «байланыс операторлары» деген сөздерден кейін «, онлайн-платформалардың меншік иелері және (немесе) заңды өкілдері» деген сөздермен толықтырылсын.
7. «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 11-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) ата-анасын немесе басқа да заңды өкiлдерiн анықтау және оларға беру үшiн үш жастан он сегiз жасқа дейiнгi қадағалаусыз және панасыз қалған;»;
2) 14-1-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) ата-анасы немесе басқа да заңды өкілдері анықталғанда және оларға берілгенде;».
8. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 4-2) тармақшамен толықтырылсын:
«4-2) баланы жәбірлеу (буллинг) – қорлау сипатындағы жүйелі (екі және одан көп) әрекеттер, қудалау және (немесе) қорқыту, оның ішінде қандай да бір әрекетті жасауға немесе жасаудан бас тартуға мәжбүрлеуге бағытталған әрекеттер, сол сияқты жария түрде немесе бұқаралық ақпарат құралдары және (немесе) телекоммуникация желілері пайдаланыла отырып жасалған дәл сол әрекеттер (кибербуллинг);»;
13-1) тармақшадағы «тапсырысты және жекеменшік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды» деген сөздер «тапсырысты, жекеменшік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды және мемлекеттік атаулы стипендияларды қоспағанда, мемлекеттік стипендиялар төлеуді» деген сөздермен ауыстырылсын;
28-2) тармақшадағы «ата-анасын немесе басқа да заңды өкiлдерiн анықтау үшiн» деген сөздер «ата-анасын немесе басқа да заңды өкiлдерiн анықтау және оларға беру үшiн» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 48-4) тармақшамен толықтырылсын:
«48-4) онлайн-оқыту – білім алушы кеңістік және уақыт арақашықтығына қарамастан, педагог пен білім алушы арасында өзара әрекет болуға арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және Интернет арқылы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімді алатын кадрлар даярлаудың нақты бағыттары бойынша оқыту нысаны;»;
2) 5-бапта:
бірінші бөлікте:
мынадай мамзұндағы 3-1), 4-2) және 4-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-1) білім беру сапасына халықаралық салыстырмалы зерттеулердің жүргізілуін үйлестіруді және білім беруді дамытудың жай-күйі туралы жыл сайынғы ұлттық баяндама дайындауды, сондай-ақ «Ұлттық білім беру дерекқоры» ақпараттық жүйесін қалыптастыруды, қолдап отыруды, жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді, интеграциялауды және оның ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаны айқындайды;»;
«4-2) «Ұлттық білім беру дерекқоры» ақпараттық жүйесін қалыптастыру, қолдап отыру, жүйелік-техникалық қызмет көрсету, интеграциялау және оның ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
4-3) білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілеріне қойылатын ең төмен талаптарды әзірлейді және бекітеді;»;
5-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5-2) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін жалпы білім беретін пәндер циклінің немесе модулінің үлгілік оқу бағдарламаларын әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 5-3) тармақшамен толықтырылсын:
«5-3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізілімдерін жүргізу қағидаларын, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының тізілімдеріне енгізу және олардан алып тастау негіздерін әзірлейді және бекітеді;»;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлерінің үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларын әзірлейді және бекітеді;»;
8) тармақшаның жетінші және сегізінші абзацтары «бағыттары» деген сөзден кейін «және оқыту нысандары» деген сөздермен толықтырылсын;
14-3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«14-3) экстернат оқыту және онлайн-оқыту нысанында жол берілмейтін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлар даярлау бағыттарының тізбесін бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 19-5) тармақшамен толықтырылсын:
«19-5) мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтерінің оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді таңдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
23-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«23-1) орта білім беру ұйымдары үшін жекелеген пәндер бойынша базалық оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді айқындайды және бекітеді;»;
23-2) және 23-3) тармақшалар алып тасталсын;
25) тармақша «қашықтан оқыту бойынша» деген сөздерден кейін «және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша онлайн-оқыту нысанында» деген сөздермен толықтырылсын;
29-1) тармақша «тізбесін» деген сөзден кейін «және оларды іріктеу өлшемшарттарын» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 29-3), 29-4), 29-5), 46-25) және 46-26) тармақшалармен толықтырылсын:
«29-3) соңғы үш жылдағы жеңімпаздары мен жүлдегерлері (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына білім беру гранты беріле отырып қабылданатын, жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың және орындаушылардың халықаралық конкурстарының, спорттық жарыстардың тізбесін және оларды іріктеу өлшемшарттарын қалыптастырады және бекітеді;
29-4) жеңімпаздары, жүлдегерлері және оларды дайындаған педагогтер бюджет қаражаты есебінен біржолғы сыйақымен көтермеленетін жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың тізбесін қалыптастырады және бекітеді;
29-5) жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, оларды дайындаған педагогтерге біржолғы сыйақы төлеу қағидаларын бекітеді, сондай-ақ жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, оларды дайындаған педагогтерге біржолғы сыйақы мөлшерін бекітеді;»;
«46-25) орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
46-26) тиісті саланың уәкілетті органымен келісу бойынша баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
екінші бөліктегі «27),» деген цифрлардан кейін «29-3),» деген цифрлармен толықтырылсын;
3) 6-бапта:
2-тармақтың 24-6) тармақшасы алып тасталсын;
3-тармақтың 24-1) тармақшасы алып тасталсын;
4) 7-бап мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:
«3. «Ұлттық білім беру дерекқоры» ақпараттық жүйесі білім беру саласындағы әкімшілік және өзге де деректерді жинауға, өңдеуге және талдауға, сондай-ақ басқа ақпараттандыру объектілерімен ақпараттық өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз етуге арналған.
4. Білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілеріндегі дербес деректерді жинау, өңдеу және қорғау Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.»;
8-тармақтың 5) тармақшасы 2022 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
5) 14-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жұмыс оқу жоспарлары мен жұмыс оқу бағдарламаларын жалпы білім беретін пәндер циклінің немесе модулінің білім беру бағдарламалары мен үлгілік оқу бағдарламалары негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдар әзірлейді.»;
6) 26-бапта:
3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша, жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың және орындаушылардың халықаралық конкурстарының, спорттық жарыстардың соңғы үш жылдағы жеңімпаздары мен жүлдегерлері (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) өздері таңдаған мамандығы олимпиаданың, конкурстың немесе спорттық жарыстың пәніне сәйкес келген жағдайда, өздерінің өтініштері негізінде жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына білім беру гранты беріле отырып қабылданады.»;
5-тармақтың 3) тармақшасындағы «тiзбесiн» деген сөз «осы баптың 3-тармағының екінші бөлігінде аталған адамдарды қоспағанда, тізбесін» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 27-баптағы «сырттай оқыту және экстернат» деген сөздер «сырттай оқыту, онлайн-оқыту және экстернат» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 35-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқыту күндізгі оқыту және (немесе) онлай-оқыту және (немесе) экстернат нысандарында жүзеге асырылады.»;
9) 36-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі «күндізгі оқу нысанында» деген сөздер «күндізгі оқыту және (немесе) онлайн-оқыту нысандарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 37-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Бiлiм беру ұйымдары басшы кадрларының, педагогтерінің бiлiктiлiгiн арттыру үш жылда бір реттен сиретпей және ғылыми қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру бес жылда бiр реттен сиретпей жүзеге асырылады.»;
11) 40-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) лицензиялауды талап ететін білім беру қызметінің кіші түрлері үшін – егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алған кезден бастап туындайды және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен лицензиядан және (немесе) лицензияға қосымшадан айыру немесе оларды жарамсыз деп тану туралы сот шешімі не білім беру саласындағы уәкілетті органның лицензиядан және (немесе) лицензияға қосымшадан айыру туралы шешімі заңды күшіне енген кезден бастап тоқтатылады;»;
8-тармақтың 12) тармақшасы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне тиісті өзгерістер мен толықтырулар қолданысқа енгізілген күннен кейін қолданысқа енгізілді
12) 42-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына осы тармақтың бірінші бөлігінің талабы қолданылмайды.»;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы білім беру қызметімен айналысуға лицензиясынан және (немесе) лицензияға қосымшасынан айырылған (кері қайтарып алынған), қолданысы тоқтатылған немесе ол таратылған жағдайларда, оның құрылтайшысы (құрылтайшылары) лицензиядан және (немесе) лицензияға қосымшадан айыру (кері қайтарып алу), қолданысын тоқтату туралы шешім қабылданған кезден бастап екі ай ішінде:
1) білім алушыларды оқуын жалғастыру үшін басқа жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына ауыстыруды және олардың жеке істерін беруді;
2) білім алуын аяқтамаған немесе қорытынды аттестаттаудан өтпеген адамдардың жеке істерін, сондай-ақ алдыңғы жылдары білім беру ұйымында оқуын аяқтаған адамдардың жеке істерін және білім туралы құжаттарының көшірмелерін тиісті мемлекеттік архивке беруді қамтамасыз етеді.»;
8-тармақтың 13) тармақшасы 2022 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
13) 43-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 2-5) тармақшамен толықтырылсын:
«2-5) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын әзірлеу және бекіту;»;
14) 57-бапта:
1-тармақ «қызметі» деген сөзден кейін «осы Заңға және» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақта:
екінші бөліктегі «біліктіліктер бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша шифр, атауы, оқыту мерзімі» деген сөздер «әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша шифр, атауы» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтың 14) тармақшасының бесінші - сегізінші абзацтары 2022 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
үшінші бөлік «бағыттары» деген сөзден кейін «және оқыту нысандары» деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші бөлік:
«бағыттары» деген сөзден кейін «және оқыту нысандары» деген сөздермен толықтырылсын;
«коды» деген сөзден кейін «, қолданылу мерзімі (осы баптың 3-1-тармағы қолданысқа енгізілген кезге дейін берілген лицензия қосымшасын қоспағанда)» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Лицензиар білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру, тоқтату, сондай-ақ осы баптың 3-1-тармағының төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде көзделген жағдайларда білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу мәселелерін алқалы және жария қарау үшін консультативтік-кеңесші орган құрады.»;
8-тармақтың 14) тармақшасының он бірінші - жиырма төртінші абзацтары 2022 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Білім беру қызметімен айналысуға лицензиялар және (немесе) лицензияға қосымшалар бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін, сондай-ақ Сот төрелігі академиясы, әскери, арнаулы оқу орындары үшін олардың қолданылу мерзімі шектелмей беріледі.
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім беру қызметімен айналысуға лицензиялар және (немесе) лицензияға қосымшалар бес жыл қолданылу мерзімімен беріледі.
Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылу мерзімі берілген күнінен бастап есептеледі.
Лицензиат лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін олардың қолданылу мерзімі өткенге дейінгі төрт айдан ерте емес, бірақ отыз жұмыс күнінен кешіктірмей мыналармен қоса өтініш береді:
1) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 3-тармағында көзделген құжаттар;
2) білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер мен құжаттар.
Лицензиар өтініш берушінің құжаттары тіркелген күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде:
1) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының лицензиясын және (немесе) лицензияға қосымшасын қайта ресімдеу туралы өтінішті қарайды;
2) білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігіне рұқсаттық бақылауды жүзеге асырады;
3) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының лицензиясын және (немесе) лицензияға қосымшасын қайта ресімдейді не оларды қайта ресімдеуден бас тартады.
Лицензиар білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны мынадай негіздер бойынша қайта ресімдеуден бас тартады:
1) осы тармақтың төртінші бөлігі талабының сақталмауы не құжаттардың тиісінше ресімделмеуі;
2) өтініш берушінің білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сай келмеуі.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Лицензиардың білім беру қызметімен айналысуға лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысын Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген тәртіппен алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға құқығы бар.
Білім беру қызметімен айналысуға лицензияның (және) немесе лицензияға қосымшаның қолданысы тоқтатыла тұрған кезеңде лицензиат:
1) оқу процесін жалғастырады;
2) білім туралы құжатты бере отырып, оқытудың оқу жылын аяқтайды;
3) білім беру қызметімен айналысуға лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысын тоқтата тұруға алып келген бұзушылықтарды жояды.