28-6) Мемлекеттік авиацияда əуе тасымалдарын ұйымдастыру қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;»;
4) 58-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші, төртінші жəне бесінші бөліктермен толықтырылсын:
«Мемлекеттік авиация қызметін бақылау жəне қадағалау органының əскери қызметшілеріне олардың жеке басын жəне өкілеттіктерін растау үшін мемлекеттік авиация саласындағы уəкілетті орган қызметтік куəліктер береді.
Қызметтік куəлікті беру, пайдалану тəртібін жəне оның сипаттамасын мемлекеттік авиация саласындағы уəкілетті органның басшысы бекітеді.
Мемлекеттік авиация қызметін бақылау жəне қадағалау органы əскери қызметшісінің қызметтік куəлігі оның мемлекеттік авиацияның ұшу қауіпсіздігінің жай-күйін тексерулерге жəне авиациялық оқиғаларды тергеп-тексерулерге қатысу құқығын растайды.»;
5) 66-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мемлекеттік авиация мүддесінде пайдаланылатын сыныпталмайтын əуеайлақты, уақытша əуеайлақтар мен қону алаңдарын əуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын), автомобиль жолдарының əуеайлақтық учаскелерін пайдаланудың жарамдылық нормаларына жəне мемлекеттік авиацияның əуеайлақтарына (тікұшақ айлақтарына) қойылатын тактикалық-техникалық талаптарға сəйкес пайдалануға рұқсат етіледі.».
14. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 19-І, 99-құжат; № 19-ІІ, 103, 105-құжаттар; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 21-І, 124-құжат; № 21-ІІ, 130-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-ІІ, 145, 148-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 7-I, 47-құжат; № 7-II, 56-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2017 жылғы 12 мамырда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне əуе кеңістігін пайдалану жəне авиация қызметі мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 10 мамырдағы Қазақстан РеспубликасыныңЗаңы):
1) 1-баптың 22) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«22) мемлекеттік мүлік тізілімі - Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының, Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлері мен əскери құралымдарының жедел басқаруындағы мүлікті жəне мемлекеттік материалдық резервті қоспағанда, мемлекеттік мүлікті есепке алудың бірыңғай ақпараттық автоматтандырылған жүйесі;»;
2) 100-баптың 1-тармағының бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Пайдаланылмайтын қару-жарақ пен əскери техниканы өткізу жөніндегі жабық тендерлерді қоспағанда, аукцион мен тендер мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы пайдаланыла отырып, электрондық нысанда өткізіледі.»;
3) 134-баптың 2-тармағының 20-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«20-1) қаруды, əскери техниканы жəне өзге де пайдаланылмайтын əскери мүлікті жəне арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарының пайдаланылмайтын мүлкін құртып жіберу, кəдеге жарату, көму арқылы жою, қорғаныс объектілерін жалға беру, пайдаланылмайтын əскери мүлікті жəне арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарының пайдаланылмайтын мүлкін өткізу (оның ішінде экспорттау), Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлері мен əскери құралымдарының, арнаулы мемлекеттік органдарының мұқтаждары үшін қаруды, əскери техниканы, оқ-дəріні, оларға қосалқы жəне жинақтауыш бұйымдарын, өнімді, жабдықты, қосарланып қолданылатын технологияларды сатып алу (оның ішінде импорттау);».
15. «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 4, 31-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 15, 78-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 148-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 154-құжат; 2016 ж., № 7- I, 49-құжат; № 24, 126-құжат):
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1) жəне 9-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) адъюнкт - жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын шет мемлекеттің білім беру ұйымына халықаралық шарттарға сəйкес оқуға жіберілген қызметкер;»;
«9-1) еңбек сіңірген жылдары - қызметкердің күнтізбелікпен де, жеңілдікпен де есептеп шығарылатын, əскери қызметте, арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда болу ұзақтығы;»;
11) жəне 16-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
11) курсант - жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша арнаулы (əскери) оқу орнында білім алып жатқан немесе халықаралық шарттарға сəйкес шет мемлекеттің білім беру ұйымына оқуға жіберілген қызметкер;»;
«16-1) тыңдаушы - қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша арнаулы (əскери) оқу орнында білім алып жатқан немесе халықаралық шарттарға сəйкес шет мемлекеттің білім беру ұйымына оқуға жіберілген қызметкер;»;
2) 3-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Арнаулы мемлекеттік органдардың жанынан консультативтік-кеңесші органдар құрылуы мүмкін, олардың ережесі мен құрамын арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекітеді.»;
3) 6-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Арнаулы мемлекеттік органдардың əскери қызметшілері осы Заңның 7, 10 (11-тармағын қоспағанда), 12, 15, 16, 17, 18, 19, 22, 24, 29, 30 (8-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда), 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 40, 50, 75, 77 (4-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда) жəне 85 (4-2-тармағын қоспағанда)-баптарында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының əскери қызмет жəне əскери қызметшілердің мəртебесі туралы заңнамасына сəйкес қызмет өткереді.»;
4) 7-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігіндегі «арнаулы (əскери) оқу орындарының курсанттарын, тыңдаушыларын» деген сөздер «курсанттарды, тыңдаушыларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Əскери немесе құқық қорғау қызметін өткерген азамат арнаулы мемлекеттік органға қызметке кірген кезде əскери немесе құқық қорғау қызметінен шығарылған күнінен бастап арнаулы мемлекеттік органға қызметке қабылданған күніне дейін үш айдан аспаса, оның көрсетілген кезеңде өзге де жеке жəне заңды тұлғалармен еңбек қатынастары болмаған жағдайда қызметте болуы үзіліссіз деп есептеледі.»;
5) 8-баптың 14-тармағындағы «Арнаулы (əскери) оқу орындарының курсанттарын, тыңдаушыларын» деген сөздер «Курсанттарды, тыңдаушыларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 9-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Қызметті өткеру туралы келісімшарт:
1) үш жылға;
2) бес жылға;
3) он жылға;
4) қызметте болудың шекті жасына толғанға дейін;
5) курсанттар, тыңдаушылар үшін - арнаулы (əскери) оқу орнында не шет мемлекеттің білім беру ұйымында оқу мерзіміне жəне оны бiтiргеннен кейiн күнтізбелік есептеумен он жыл қызметке;
6) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан қызметкерлер үшін - арнаулы (əскери) оқу орнында не шет мемлекеттің білім беру ұйымында оқу мерзіміне жəне оны бітіргеннен кейін күнтізбелік есептеумен бес жыл қызметке жасалуы мүмкін.
Қызметкер жүктілікке жəне баланы (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыста немесе бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыста болған уақытта қолданыстағы келісімшарттың мерзімі өткен жағдайда, қызметкер демалыстан шыққаннан кейін екі ай ішінде осы Заңда айқындалатын тəртіппен жаңа келісімшарт жасасады немесе қызметтен шығарылады.»;
7) 10-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«10-бап. Қызметкерлерді білім беру ұйымдарына оқуға іріктеу, қабылдау жəне жіберу
1. Арнаулы (əскери) оқу орындарына немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарына оқуға түсуге:
1) жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша:
əскери қызмет өткермеген, оқуға түсетін жылы он жеті жасқа толған, бірақ жиырма бір жастан аспаған Қазақстан Республикасы азаматтарының;
əскери қызмет не арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткерген Қазақстан Республикасы азаматтарының жəне əскерге шақыру бойынша мерзімді əскери қызмет өткеріп жүрген əскери қызметшілердің оқуға түсетін жылы жиырма төрт жасқа толғанға дейін;
келісімшарт бойынша əскери қызмет өткеріп жүрген əскери қызметшілердің не арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеріп жүрген қызметкерлердің оқуға түсетін жылы жиырма бес жасқа толғанға дейін;
2) қысқартылған оқу мерзімімен жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша, əскери, арнаулы атақтары, офицерлік құрамның сыныптық шендері бар адамдарды қоспағанда, жоғары білімі бар Қазақстан Республикасы азаматтарының оқуға түсетін жылы кемінде жиырма екі жасқа толғанға дейін;
3) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша офицерлік құрам қатарынан жоғары білімі бар қызметкерлер мен əскери қызметшілердің құқығы бар.
2. Арнаулы мемлекеттік органдардың офицерлік құрамы қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының əскери қызмет жəне əскери қызметшілердің мəртебесі туралы заңнамасына сəйкес Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетіне кадр органдарының жіберуі бойынша оқуға түсуге құқығы бар.
3. Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын арнаулы (əскери) оқу орындарына қабылдау тəртібін арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы белгілейді.
4. Халықаралық шарттарға сəйкес шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарына оқуға іріктеу жəне жіберу тəртібі арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының бірлескен бұйрығымен белгіленеді.
5. Курсанттың, тыңдаушының қызметтік міндеттерді атқарудың басталуы болып олардың арнаулы (əскери) оқу орнына қабылданған күні есептеледі.
6. Əскери қызмет өткермеген азаматтар арнаулы (əскери) оқу орындарына қабылданған немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарына оқуға жіберілген кезде қызметкерлер мəртебесiне ие болады жəне олар он сегіз жасқа толғаннан кейiн, бiрақ кемiнде бiрiншi курсты бітірген соң қызмет өткеру туралы келiсімшарт жасасады.
7. Қызметкерлер арнаулы (əскери) оқу орындарына қабылданған не шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарына оқуға жіберілген кезде қызмет өткеру туралы жаңа келiсімшарт жасасады.
8. Əскери қызмет өткерген, сондай-ақ келісімшарт, əскерге шақыру бойынша əскери қызмет өткерiп жүрген азаматтар арнаулы (əскери) оқу орындарына қабылданған немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарына оқуға жіберілген кезде курсант, тыңдаушы лауазымына тағайындау туралы бұйрық шығарылған күннен бастап қызмет өткеру туралы келiсімшарт жасасады.
9. Арнаулы (əскери) оқу орындарына оқуға түскен немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарына оқуға жіберілген азаматтар оқу мерзіміне жəне сонымен бір мезгілде оқуды бітіргеннен кейін қызметкерлер лауазымдарында күнтізбелік есептеумен он жылға арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасады.
10. Келісімшартта тараптардың (оқуға түсуші азаматтың жəне арнаулы мемлекеттік органның лауазымды адамының) өзара міндеттемелері мен жауапкершілігі белгіленеді жəне оқуды бітіргеннен кейін арнаулы мемлекеттік органдарда қызметті одан əрі өткеру шарттары мен мерзімдері көзделеді.
11. Осы Заңда белгiленген тəртiппен қызмет өткеру туралы келiсiмшарт жасасудан бас тартқан қызметкерлер арнаулы (əскери) оқу орындарынан немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарынан шығарып жіберуге жатады.
12. Қызметкерлердің арнаулы (əскери) оқу орындарында, сондай-ақ шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарында оқу уақыты мерзімді əскери қызмет өткеру мерзіміне теңестіріледі.
Арнаулы (əскери) оқу орындарынан немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарынан шығарып жіберілген, сондай-ақ қызмет өткеру туралы келісiмшарт жасасудан бас тартқан қызметкерлер, егер олар əскерге шақыру бойынша əскери қызметтің белгіленген мерзiмін өткермесе, тұрғылықты жерi бойынша əскери есепке қоюға жiберіледi жəне кейiннен жалпы негіздерде əскери қызметке шақырылады.
Бұл ретте арнаулы (əскери) оқу орындарынан жəне шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарынан үлгерімсіздігі үшін, теріс себептермен немесе өз бастамасы бойынша шығарып жіберілген қызметкерлер өздерін оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеуге міндеттi.
Арнаулы (əскери) оқу орындарынан немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарынан үлгерімсіздігі үшін, теріс себептермен немесе өз бастамасы бойынша шығарып жіберілген, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан қызметкерлер өздерін оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеуге міндетті.
Оқытуға кететін шығындар сомасы қызмет өткеру туралы келісімшартта жəне (немесе) шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарымен білім беру қызметтерін көрсетуге жасалған шарттарда (келісімшарттарда) айқындалады.
13. Қызметкер арнаулы (əскери) оқу орнын немесе шет мемлекеттің білім беру ұйымын бiтіргеннен кейiн қызмет өткеруден бас тартқан жəне осы Заңның 49-бабы 1-тармағының 4), 5), 6), 7), 11), 12) жəне 13) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша қызметтен шығарылған жағдайда, ол өзін оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеуге міндеттi.
Өтеуге жататын сома келісімшарт мерзімі аяқталғанға дейін əрбір толық өткермеген айға пропорционалды түрде есептеледі.
14. Шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарымен білім беру қызметтерін көрсетуге арналған шартта (келісімшартта), егер халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, тараптардың ұлттық заңнамасына сəйкес білім алушылар үшін көзделген тараптардың (орындаушының жəне тапсырыс берушінің) өзара міндеттемелері мен құқықтары, қызметкерлердің құқықтарымен міндеттері, оқуға ақы төлеу мөлшері мен тəртібі, оқу мерзімдері жəне тұру жағдайлары, оқыту, ақшалай, заттай жəне өзге де ризықпен қамтамасыз ету, медициналық қызмет көрсету жəне сақтандыру мəселелері белгіленеді.»;
8) 13-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы «арнаулы (əскери) оқу орындарының курсанттары, тыңдаушылары» деген сөздер «курсанттар, тыңдаушылар» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 15-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Қызметкерлердiң өздерiне қатысты қабылданатын шешiмдер мен əрекеттерге жоғары тұрған лауазымды адамдарға жəне (немесе) сотқа өздерінің құқықтарының бұзылғаны туралы білген күннен бастап үш айдан кешіктірмей шағым жасауға құқығы бар.»;
10) 17-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) жеке iсiне енгiзiлгенге дейiн өздерiнiң қызметтік жұмысы туралы пiкiрлермен жəне басқа да құжаттармен, жеке iс материалдарымен (мемлекеттік құпияларды құрайтын мəліметтерді қамтитын арнайы тексеру материалдарын қоспағанда) танысуға, сондай-ақ өздерiнiң жазбаша түсiнiктемелерiн жəне басқа да құжаттар мен материалдарды жеке iске қосуға;»;
11) 18-баптың 1-тармағының 4) жəне 14) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«4) арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысының бұйрығымен бекітілетін арнаулы мемлекеттік органдар ішкі қызмет жарғысының талаптарын, сондай-ақ қызмет жəне еңбек тəртібін сақтауға;»;
«14) тікелей басшысына:
шет мемлекеттің азаматтығын қабылдау ниеті;
Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы өтініш бергені;
егер өздеріне белгілі болса, зайыбының (жұбайының) немесе өзінің жақын туыстарының шет мемлекеттің азаматтығын қабылдау ниеті жəне (немесе) олардың Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы өтініш бергені туралы жазбаша нысанда дереу хабарлауға;»;
12) 21-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қызметкерлердiң əрекеттеріне (əрекетсiздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тəртiппен жоғары тұрған лауазымды адамдарға жəне (немесе) сотқа шағым жасалуы мүмкiн.»;
13) 23-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен қызметте болудың шекті жасына толуына, денсаулық жағдайына немесе штаттың қысқартылуына байланысты шығарылған адамдардың, жиырма жəне одан көп еңбек сіңірген жылдары болған кезде, ерекше салтанатты жəне салтанатты арнаулы киім нысанын кию құқығы сақталады.»;
14) 24-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Арнаулы мемлекеттік органдардың кадр құрамына қатысты жеке істер жүргізіледі, оларды ресімдеу, есепке алуды жүргізу жəне сақтау тəртібін арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайды.»;
15) 26-баптың 4-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Оқу мерзімі бес жыл жəне одан көп болатын арнаулы (əскери) оқу орындарын немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарын бітірген қызметкерлер үшін лейтенант арнаулы атағында еңбек сіңіру мерзімі бір жыл болып белгіленеді.»;
16) 27-бапта:
4-тармақтың 1) жəне 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) офицерлік құрамның арнаулы атағы жоқ, жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша арнаулы (əскери) оқу орнын немесе арнаулы мемлекеттік органдардың жіберуі бойынша шет мемлекеттің білім беру ұйымын бітірген немесе оқу мерзімі кемінде алты ай болатын қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған қызметкерге;
2) офицерлік құрамның арнаулы атағы жоқ, тиісті мамандығына ұқсас жоғары кəсіптік білімі бар жəне штатпен офицерлік құрам атағы көзделген лауазымға келісімшарт бойынша қызметке кірген қызметкерге тиісті лауазымға тағайындалған кезде беріледі.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. «Кіші сержант» арнаулы атағы əскери атағы жоқ, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар азаматқа штатпен сержанттық құрам атағы көзделген лауазымға келісімшарт бойынша қызметке кірген кезде, тиісті лауазымға тағайындалған кезде беріледі.»;
8-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) арнаулы (əскери) оқу орнына қабылданған немесе шет мемлекеттің білім беру ұйымына жіберілген кезде беріледі.»;
9-тармақта:
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұрынғы сыныптық шенде, арнаулы немесе əскери атақта болу мерзiмi кезектi арнаулы атақты беру үшiн еңбек сiңiру мерзiміне есептеледі.»;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бір арнаулы мемлекеттік органның ішінде қызмет бойынша ауыстырылған қызметкерлер мен əскери қызметшілер қайта аттестаттауға жатпайды.»;
12-тармақ алып тасталсын;
17) мынадай мазмұндағы 27-1-баппен толықтырылсын:
«27-1-бап. Жоғары офицерлік құрамның арнаулы атағы
Жоғары офицерлік құрамның арнаулы атағы:
генерал-майор қызметкерге жоғары офицерлік құрам лауазымының алдындағы лауазымда полковник атағында болғанына үш жыл өткеннен кейін жəне жоғары офицерлік құрамның лауазымында кемінде бір жыл қызмет еткеннен кейін берілуі мүмкін;
генерал-лейтенант кемінде үш жыл генерал-майор арнаулы атағында болған қызметкерге берілуі мүмкін;
генерал-полковник кемінде үш жыл генерал-лейтенант арнаулы атағында болған қызметкерге берілуі мүмкін. Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша жоғары арнаулы атақ мерзімінен бұрын берілуі мүмкін.»;
18) 29-бап алып тасталсын;
19) 30-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қызметкер арнаулы атағы сəйкес келуге тиіс лауазымға тағайындалады.»;
мынадай мазмұндағы 1-1 жəне 1-2-тармақтармен толықтырылсын:
«1-1. Арнаулы мемлекеттік органдардағы лауазымдар жəне оларға сəйкес келетін арнаулы жəне əскери атақтар тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
1-2. Арнаулы мемлекеттік органдардағы типтік емес лауазымдар жəне оларға сəйкес келетін арнаулы жəне əскери атақтар тізбесін осы органдардың бірінші басшылары бекітеді.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Офицерлік құрамның атағы бар, жоғары оқу орнынан кейiнгi білімнің бiлiм беру бағдарламалары бойынша оқуға арнаулы (əскери) оқу орнына қабылданған немесе халықаралық шартқа сəйкес шет мемлекеттің білім беру ұйымына жіберілетін қызметкер бұрын атқарған лауазымынан босатылады жəне арнаулы (əскери) оқу орнының магистранты не докторанты немесе адъюнкті лауазымына тағайындалады.
Офицерлік құрамның атағы жоқ, жоғары жəне қосымша білім беру бағдарламалары бойынша арнаулы (əскери) оқу орнына қабылданған немесе халықаралық шартқа сəйкес шет мемлекеттің білім беру ұйымына жіберілетін қызметкер бұрын атқарған лауазымынан босатылады жəне арнаулы (əскери) оқу орнының курсанты немесе тыңдаушысы лауазымына тағайындалады.
Жоғары жəне қосымша білім беру бағдарламалары бойынша арнаулы (əскери) оқу орнына қабылданған немесе халықаралық шартқа сəйкес шет мемлекеттің білім беру ұйымына жіберілетін Қазақстан Республикасының азаматы арнаулы (əскери) оқу орнының курсанты немесе тыңдаушысы лауазымына тағайындалады.
Арнаулы (əскери) оқу орнына қабылданған кезде тыңдаушының (Қазақстан Республикасы азаматының) бұрын өзіне берiлген атағы сақталады.»;
7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Арнаулы (əскери) оқу орындарын немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарын бітірген қызметкерлер қажетті бiлiм деңгейi бар адамдар алмастыруға жататын жəне Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетін арнаулы мемлекеттік органдағы лауазымдар жəне оларға сəйкес келетiн арнаулы атақтар тiзбесiнде (бұдан əрі - лауазымдар тiзбесi) көзделген офицерлік құрам лауазымдарына тағайындалады.»;
15-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) бір сатыдан төмен емес лауазымға уəкілетті басшы бекіткен аттестаттау комиссиясының ұсынымы бойынша қызметкердің келісімінсіз жүргізіледі.»;
20) 31-бапта:
1-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) бiр арнаулы мемлекеттік органнан басқасына не Қарулы Күштерден, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардан құрылымында əскери қызмет өткеру көзделген арнаулы мемлекеттік органға ауыстырылған;»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ұйымдастырушылық-штаттық іс-шараларға сəйкес жүзеге асырылатын бөлімшенің тұрақты орналасу пункті өзгерген, сондай-ақ бөлімшенің тұрақты орналасу пунктіне қарамастан тең немесе жоғары тұрған лауазымға тағайындалған кезде қызметкерді ауыстыру арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы осы құқықты берген уəкілетті басшының шешімімен оның келісімінсіз жүргізіледі.»;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Қызметкерлерді ауыстыру қағидаларын арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы бекітеді.»;
21) 33-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың 4-тармағында айқындалған жағдайларда жəне мерзімдерге қызметкерді уəкілетті басшының қарамағына жіберуге жол беріледі.
Қарамағында болу мерзіміне демалыстарда, əскери-медициналық (медициналық) мекемелерде емделуде болған кезеңдер есептелмейді.»;
22) 40-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жыл сайынғы негізгі демалыстар қызметкерлерге оларды пайдалану кезеңдері, сондай-ақ бөлімшені жауынгерлік əзірлікте ұстау ескеріле отырып жəне уəкілетті басшы бекіткен жəне барлық қызметкердің назарына жеткізілген демалыстар графигіне сəйкес жылдың кез келген мезгілінде беріледі. Демалыстар графигі Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес жеңілдіктерді пайдаланатын қызметкерлер санаттары ескеріле отырып, əрбір күнтізбелік жылға жасалады жəне барлық қызметкердің назарына жеткізіледі.»;
5 жəне 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Толық емес тəуліктердің санын дөңгелектеу ұлғайту жағына қарай жүргізіледі. Қызметкерді қызметтен уақтылы шығару (арнаулы мемлекеттік органның жеке құрамы тізімдерінен алып тастау) мүмкін болмаған жағдайда, оны қызметтен шығару күні жыл сайынғы демалыстың пайдаланылмаған уақытына есеп айырысу жүргізіліп, ол қызметкерге беріледі. Мерзімінен бұрын (келісімшарт мерзімі өткенге дейін) қызметтен шығару кезінде, егер демалыстар графигіне сəйкес демалыс бұрын пайдаланылмаса, қызметкердің жыл сайынғы демалыс ұзақтығы осындай тəртіппен есептеледі.
6. Арнаулы (əскери) оқу орнын немесе шет мемлекеттің білім беру ұйымын бітірген қызметкерлерге жыл сайынғы демалыс көрсетілген оқу орнын бітіргеннен кейін беріледі.»;
23) 41-баптың 1-тармағының 1) жəне 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) зайыбының (жұбайының), жақын туыстарының, зайыбының (жұбайының) жақын туыстарының денсаулық жағдайы ауыр болған немесе қаза тапқан (қайтыс болған);
2) жақын туыстары, зайыбының (жұбайының) жақын туыстары табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға тап болған;»;
24) 43-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Ұрыс қимылдарына, терроризмге қарсы жəне бітімгершілік операцияларға қатысатын (қатысқан) қызметкерлерге ұзақтығы екі апта қосымша демалыс беріледі, ол жыл сайынғы демалысқа қосылады.»;