9) əскери басқару органдары - стратегиялық, жедел- стратегиялық, жедел-аумақтық, жедел-тактикалық, тактикалық жəне жергілікті əскери басқару органдары;
10) əскери бөлім - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың ұйымдық-дербес бірлігі болып табылатын, шартты жəне (немесе) нақты атау берілетін республикалық мемлекеттік мекеме;
11) əскери мақсаттағы автоматтандырылған басқару жүйесі - бейбіт кезде жəне соғыс уақытында əскерлерді (күштерді) басқару мақсатында шешімдер қабылдау, міндеттерді жоспарлау, белгілеп алу жəне оларды əскерлерге (күштерге) жеткізу, олардың орындалуын бақылау үшін аппараттық-бағдарламалық кешенді қолдана отырып, ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, іздеуге, таратуға, беруге жəне ұсынуға арналған жүйе;
12) əскери мүлік - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың мемлекеттік мекемелерінің жедел басқару құқығындағы қорғаныс объектілері, қару-жарақтың, əскери техниканың барлық түрі, оқ-дəрі, арнайы құралдар жəне басқа да мүлік;
13) əскери техника - Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да əскерлер мен əскери құралымдар жарақтандырылатын қару, жауынгерлік машиналар, аспаптар жəне басқа да техникалық құралдар;
14) əскерлер түрі - өзіне ғана тəн негізгі қаруы мен əскери техникасы, сондай-ақ оларды ұрысқа қолдану тəсілдері бар, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің дербес не құрамдас бөлігінің құрамына кіретін түрі;
15) басқа да əскерлер мен əскери құралымдар - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, əскери қарсы барлау жəне əскери полиция органдары, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Объектілерді қорғау қызметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің əскери- тергеу органдары, азаматтық қорғау саласындағы уəкілетті органның азаматтық қорғаныстың басқару органдарымен əскери бөлімдері, əскери прокуратура органдары;
16) жабдықтау нормалары - бейбіт кезде немесе соғыс уақытында əскери қызметшілерге, бөлімшелерге, əскери бөлімдерге (корабльдерге) жəне құрамаларға беруге белгіленген материалдық құралдардың саны;
17) жауынгерлік əзірлік - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың өздеріне жүктелген міндеттерді белгіленген мерзімдерде орындауға дайындығының дəрежесін айқындайтын жағдай;
18) жауынгерлік қабілеттілік - Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да əскерлер мен əскери құралымдар əскерлерінің (күштерінің) мақсатқа сай жауынгерлік (əскери, арнайы) іс-қимылдар жүргізуіне жəне өздерінің жауынгерлік мүмкіншіліктерін іске асыруына мүмкіндік беретін жай-күйі;
19) жауынгерлік міндет - ұрыста (операцияда) белгілі бір мақсатқа белгіленген мерзімде қол жеткізу үшін жоғары тұрған командир (бастық) қойған міндет;
20) жоғары қолбасшылық (жоғары қолбасшылық құрам) - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, оның орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері түрлерінің бас қолбасшылары жəне Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын өзге де лауазымды адамдар;
21) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің əскери барлау органдары - Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес барлау жəне жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бөлімшелері;
22) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері (бұдан əрі - Қарулы Күштер) - қорғанысты қамтамасыз ету, агрессияға тойтарыс беру немесе тікелей сыртқы қатерді болғызбау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерінен туындайтын міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасы құратын жəне ұстайтын, мемлекеттің əскери ұйымының негізі;
23) қару-жарақ - əртүрлі қару, оқ-дəрі түрлерінің кешені, оларды қолдануды қамтамасыз ететін тасығыштары мен құралдары;
24) қару-жараққа жəне əскери техникаға жинақтауыштар - жиынтықтағанда қару-жарақ пен əскери техниканың конструктивтік тұтастығын құрайтын құрамдас бөліктер жəне қару-жарақ пен əскери техникаға қосалқы бөлшектер мен керек-жарақтар;
25) Қарулы Күштердің арнаулы операциялары - Қарулы Күштердің əскерлерін бейбіт кезде жəне соғыс уақытында қолданудың ерекше нысаны;
26) Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақ (бұдан əрі - тыйым салынған аймақ) - Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың оқ-дəрі арсеналдарының, базалары мен қоймаларының өртке қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бөлінген, Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың арсеналдарына, базалары мен қоймаларына тікелей шектесіп жатқан аумақ;
27) Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аудан (бұдан əрі - тыйым салынған аудан) - Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың оқ-дəрі арсеналдарының, базалары мен қоймаларының диверсияға қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бөлінген аумақ;
28) Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың қару-жарағы мен əскери техникасының кадастры - жарақтандыруда тұрған қару-жарақ пен əскери техника, олардың сапалық сипаттамасы, мақсаты, дайындаушы кəсіпорын, дайындалған, қарулануға қабылданған жəне қаруланудан шығарылған күні туралы деректер негізінде кезең-кезеңмен жасалатын мəліметтердің жүйеленген жинағы;
29) Қарулы Күштердің түрі - мемлекеттің белгілі бір салада (құрлықта, теңізде, əуе кеңістігінде) соғыс қимылдарын жүргізуге арналған Қарулы Күштерінің бір бөлігі;
30) қорғаныс - əскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету, егемендікті, аумақтық тұтастықты жəне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасына қолсұғылмаушылықты қарулы қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі саяси, əскери, экономикалық, ақпараттық, экологиялық, əлеуметтік-құқықтық жəне өзге де сипаттағы мемлекеттік шаралар жүйесі;
31) қорғаныс объектілері - Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың мемлекеттік мекемелеріне жедел басқару құқығымен бекітіліп берілген жылжымайтын мүлік;
32) қорғаныстық зерттеулер - мемлекеттің əскери ұйымын, əскери өнерді дамыту, қару-жарақ пен əскери техниканы жаңғырту, олардың жаңа түрлерін əзірлеу жəне енгізу, Қарулы Күштердің, аумақтық қорғаныстың құрылысы мен оларды қамтамасыз ету мəселелерін шешуге бағытталған, стратегиялық, қолданбалы, талдамалық жəне əлеуметтік зерттеулерді қамтитын қорғаныс жəне əскери қауіпсіздік саласындағы зерттеулер;
33) қорғаныстық-өнеркəсіптік кешен - Қарулы Күштер, басқа да əскерлер мен əскери құралымдар, арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдары үшін əскери жəне арнайы техниканы, амуницияны, оқ-дəрі мен өзге де əскери мүлікті əзірлеуді, өндіруді, сақтауды, қарулануға беруді, жөндеуді жəне қалпына келтіруді, сондай-ақ əскери жəне арнайы техниканы, амуницияны, оқ-дəрі мен өзге де əскери мүлікті экспорттауды орындайтын кəсіпорындар мен ұйымдар кешені;
34) материалдық запастар - Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың арсеналдарында, базалары мен қоймаларында сақталатын əскери мүліктің белгілі бір саны;
35) материалдық-техникалық қамтамасыз ету - Қарулы Күштерді, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарды қаружарақпен, əскери техникамен, оқ-дəрімен жəне басқа да мүлікпен қамтамасыз ету, оларды жөндеу жəне қалпына келтіру, Қарулы Күштерді, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарды жауынгерлік əзірлікте ұстап тұру жəне ұрысқа қолдану үшін олардың материалдық, медициналық, көліктік, тұрмыстық жəне өзге де қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын іс-шаралар кешені;
36) мемлекеттің əскери ұйымы - бірлескен қызметі Қазақстан Республикасының əскери қауіпсіздігін жəне қорғанысын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді шешуге бағытталған Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың жəне қорғаныстық-өнеркəсіптік кешеннің жиынтығы;
37) мүлікті кəдеге жарату - пайдаланылмайтын əскери мүлікті жəне арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарының пайдаланылмайтын мүлкін олардың ұрысқа тəн қасиеттерін пайдалануды немесе тікелей мақсаты бойынша қолдануды болғызбайтын жай-күйге келтіру, сондай-ақ олардың компоненттерін кейіннен пайдалану мақсатында бөлшектеу;
38) мүлікті көму - одан əрі пайдалануға жатпайтын пайдаланылмайтын əскери мүлікті жəне арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарының пайдаланылмайтын мүлкін зиянды заттардың қоршаған ортаға түсуін болғызбау мақсатында арнайы белгіленген орындарда оқшаулау;
39) мүлікті қайта өңдеу - пайдаланылмайтын əскери мүлікті жəне арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарының пайдаланылмайтын мүлкін тауарларды немесе өзге де өнімді өндіруде (дайындауда) одан əрі пайдаланылатын шикізатты немесе өзге де материалдарды ала отырып, оларды тікелей мақсаты бойынша пайдалануды болғызбайтын жай-күйге келтіру, сондай-ақ олармен жұмыс істеуді жеңілдету, олардың көлемін немесе қауіпті қасиеттерін азайту мақсатында қасиеттерін өзгерту;
40) мүлікті құртып жіберу - пайдаланылмайтын əскери мүлікті жəне арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарының пайдаланылмайтын мүлкін толығымен жойып жіберу;
41) пайдаланылмайтын əскери мүлік - қаруланудан шығарылған, тікелей мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз, есептен шығарылған, запаста сақтаудың кепілді мерзімдері өткен, Қарулы Күштердегі, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардағы басы артық жəне олар қолданбайтын мүлік;
42) соғыс жағдайы - мемлекеттер арасындағы соғыс жарияланған (соғыс қимылдары нақты басталған) кезден бастап ол аяқталғанға (нақты тоқтатылғанға) дейінгі қарым-қатынастар;
43) соғыс қатері - орын алған қайшылықтарды əскери-күш қолдану əдістерімен шешуге, Қазақстан Республикасына қарсы соғыс қақтығысын (соғысты) бастауға нақты қалыптасқан ниет;
44) соғыс қаупі - саяси жəне өзге де мақсаттарға қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасына қарсы əскери күш көрсету құралдарын қолдану мүмкіндігін көздейтін тұрақсыздық факторы;
45) соғыс қимылдары - агрессияға тойтарыс беру кезінде алға қойылған жауынгерлік міндеттерді орындау үшін Қарулы Күштердің барлық түрі қолданылатын стратегиялық ауқымдағы (ұрыс қимылдарын қоса алғанда) іс-қимылдар кешені;
46) соғыс уақыты - соғыс жағдайы жарияланған немесе соғыс қимылдары іс жүзінде басталған кезден бастап соғыс қимылдарының тоқтатылғаны туралы жарияланған кезге дейінгі, бірақ олардың іс жүзінде тоқтатылуынан бұрынғы кезең;
47) тыл - Қарулы Күштерді, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарды тыл жəне материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын əскери бөлімдер;
48) ұрыс қимылдары - тиісті əскери басқару органдарының басқаруымен жауынгерлік міндеттерді орындау кезіндегі əскери бөлімдердің, құрамалар мен бөлімшелердің ұйымдасқан іс-қимылдары.»;
2) 4-бапта:
1-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«11) мемлекеттік құпияларды құрайтын мəлiметтердiң қорғалуын ұйымдастыруды жəне ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді;»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың мемлекеттік мекемелерiне бекiтiліп берiлген мүлiк республикалық меншік болып табылады.»;
3) 5-баптың 2-тармағының 2), 3) жəне 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасының Əскери доктринасын, Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың құрылысы мен даму тұжырымдамасын, сондай-ақ əскери қауіпсіздік жəне қорғаныс мəселелері жөніндегі тұжырымдамаларды бекiтеді;
3) Қарулы Күштерді, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарды қолдану жоспарын, қорғаныс мүддесінде Қазақстан Республикасының аумағын жедел жабдықтау жоспарын, Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың құрылысы мен даму жоспарын, Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарын, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас Қолбасшысының директиваларын, сондай-ақ мемлекеттің жұмылдыру жоспарын бекiтедi;»;
«5) Қарулы Күштердің құрылымын, штат санының лимитін бекітеді;»;
4) 7-бапта:
мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
«14-1) Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша əскери қызметшілер мен мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу жүйесін бекітеді;»;
15), 17), 19) жəне 20) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«15) əскери қызметке шақырылуға жататын азаматтардың санаттары мен санын айқындайды;»;
«17) мемлекеттің азаматтық жəне аумақтық қорғанысын жоспарлауды жəне оларға жалпы басшылықты жүзеге асырады;»;
«19) пайдаланылмайтын əскери мүлікті берудің, өткізудің, құртып жіберу, кəдеге жарату, көму арқылы жоюдың, сондай-ақ қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) берудің тəртібiн белгілейді;
20) əскери, əскери-техникалық жəне əскери-экономикалық ынтымақтастық мəселелері бойынша халықаралық келіссөздер жүргізу жəне үкіметаралық келісімдерге қол қою туралы шешімдерді қабылдайды;»;
мынадай мазмұндағы екінші жəне үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Үкіметі əскери-саяси ахуалдың кез келген жағдайында мемлекеттің əскери ұйымының орнықты жұмыс істеуін ұйымдастырады.
Соғыс уақытында жəне соғыс жағдайы енгізілген кезеңде Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) экономиканы соғыс уақыты жағдайларында жұмыс істеу немесе соғыс жағдайы режиміне көшіруді;
2) Қарулы Күштер мен арнаулы мемлекеттік органдар үшін резервтер дайындауды, адами жəне материалдық ресурстарды жұмылдыруды;
3) Қарулы Күштерді жəне арнаулы мемлекеттік органдарды қарулы күрес жүргізу үшін күштермен жəне құралдармен қамтамасыз етуді;
4) ақпараттық қауіпсіздікті жəне тайталасты ұйымдастыруды жүзеге асырады.»;
5) 9-бап мынадай мазмұндағы 6-1) жəне 7-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«6-1) аумақтық қорғаныстың əскери бөлімінің, құралымының бірінші басшысын қамтамасыз етуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі (бұдан əрі - Қорғаныс министрлігі) бекіткен саны мен құрылымы шегінде аумақтық əскерлерді ұстауды қамтамасыз етеді;»;
«7-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес облыстың жəне қаланың қорғаныс кеңестерін құрады;»;
6) 15-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың республикалық мемлекеттік мекемелері алдында жеке жəне заңды тұлғалардың тамақтандыруды жəне монша-кір жуу қызметін көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі шарттық міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету мақсатында олардың басшылары тиісті мемлекеттік органның басшысы айқындаған тəртіппен, тамақтандыруды немесе монша-кір жуу қызметін көрсетуді ұйымдастыру туралы шарттың мерзімі шегінде ғимараттарды, асханалардың, монша-кір жуу комбинаттарының үй-жайларын жəне олардағы əскери мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) өтеусіз уақытша беруді жүзеге асырады.»;
7) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«17-бап. Қорғанысты ғылыми қамтамасыз ету жəне кадрларды даярлау
1. Қорғанысты ғылыми қамтамасыз ету мемлекеттің əскери ұйымының проблемаларын жан-жақты зерттеуге, елдің қорғаныс қабілеттілігін арттыру міндеттерін ғылыми əдістермен шешуге, тəжірибелік-конструкторлық, оның ішінде қосарланған мақсаттағы жұмыстарды орындауға, сондай-ақ ұлттық əскери-ғылыми əлеуетті дамытуға бағытталған.
2. Қазақстан Республикасының ғылыми жəне (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері қорғаныс қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында қорғаныстық зерттеулерді жүзеге асырады.
3. Қорғаныстық зерттеулерді қаржыландыру тəртібін Қорғаныс министрлігі айқындайды.
4. Əскери, əскери-ғылыми кадрларды даярлау жəне қайта даярлау Қазақстан Республикасының əскери оқу орындарында, білім беру ұйымдарында, сондай-ақ халықаралық шарттар негізінде шетелдік білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.»;
8) 18-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қарулы Күштер құрамының бiр бөлiгі Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сəйкес бiрiккен (ұжымдық) əскерлерге (күштерге) кiруi немесе бiрiккен қолбасшылық қарамағында болуы мүмкiн.»;
9) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«19-бап. Қарулы Күштердің жалпы құрамы
Қарулы Күштер əскери басқару органдарын, Қарулы Күштер түрлерiн, əскерлер түрін, арнаулы əскерлердi, материалдық-техникалық қамтамасыз ету əскерлерін, аумақтық əскерлерді, əскери оқу орындарын, əскери-ғылыми мекемелер мен басқа да ұйымдарды қамтиды.
Қарулы Күштердің арнаулы əскерлерінің құрамына Қарулы Күштердің жауынгерлік қызметін қамтамасыз ету жөніндегі арнайы міндеттерді орындауға арналған инженерлік, геоақпараттық жəне гидрометеорологиялық қамтамасыз ету, барлау, радиациялық, химиялық жəне биологиялық қорғау, байланыс, радиоэлектрондық күрес, ақпараттық тайталас əскери бөлімдері мен бөлімшелері, əскери полиция кіреді.
Жұмылдыру жарияланған кезде Қарулы Күштердің құрамына Ұлттық қауіпсiздiк комитетінің Шекара қызметі, Ұлттық ұлан жəне азаматтық қорғау саласындағы уəкілетті органның азаматтық қорғанысты басқару органдары, сондай-ақ арнаулы құралымдар кiредi. Басқа да əскерлер мен əскери құралымдарды, арнаулы құралымдарды Қарулы Күштердің құрамына беру мүдделі мемлекеттік органмен немесе ұйыммен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі айқындайтын тəртіппен жүзеге асырылады.»;
10) 21-баптың 2 жəне 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшылығының Ставкасы соғыс уақытында жəне соғыс жағдайы енгізілген кезеңде Қазақстан Республикасының əскери-саяси басшылығының жоғары органы болып табылады, мемлекеттің əскери ұйымын басқаруды, қорғаныс жөніндегі міндеттерді орындау кезінде Қазақстан Республикасының орталық жəне жергілікті атқарушы органдарының қызметін бақылауды жəне үйлестіруді жүзеге асырады.
3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшылығының Ставкасы Қарулы Күштердi басқаруды өзінің жұмыс органы болып табылатын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы арқылы жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы бейбіт кезде Қорғаныс министрлігінің ведомствосы болып табылады.»;
11) 22-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қорғаныс министрлігі қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты, Қарулы Күштердi əскери-саяси жəне əскери-экономикалық басқаруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган, сондай-ақ мемлекеттік авиация саласындағы уəкілетті орган болып табылады.»;
2-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Əскери доктринаны, Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың құрылысы мен даму тұжырымдамасын, сондай-ақ əскери қауіпсіздік жəне қорғаныс мəселелері жөніндегі тұжырымдамаларды əзiрлейдi;»;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың құрылысы мен даму жоспарын, Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарын жəне Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас Қолбасшысының директиваларын үйлестіреді жəне бекітуге ұсынады;»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қарулы Күштердің, Қорғаныс министрлігінің жəне Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің Қазақстан Республикасының Президенті жəне Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен штат санының лимиттері шегінде Қорғаныс министрлігінің құрылымын, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының жəне Қорғаныс министрлігі мен оның ведомствосының қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің құрылымын жəне штат санын, штаттарды, штаттарға табельдерді əзірлейді жəне бекітеді, əскери басқару органдарының штаттарын жəне штаттарға табельдерін есепке алуды жүргізеді;»;
мынадай мазмұндағы 5-1), 5-2) жəне 5-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«5-1) экономиканы, мемлекеттік органдарды жəне меншік нысанына қарамастан ұйымдарды жұмылдыру дайындығын ұйымдастыруға қатысады;
5-2) Қарулы Күштерді топогеодезиялық қамтамасыз ету қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
5-3) Қарулы Күштерді навигациялық қамтамасыз ету қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;»;
7) жəне 13) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«7) қорғаныстық зерттеулерге, əскери қауіпсіздік жəне қорғаныс саласындағы ғылыми-зерттеу, тəжірибелік-конструкторлық жəне басқа да жұмыстарға басшылықты жүзеге асырады, олардың сапасын бақылауды ұйымдастырады;»;
«13) əскери қызмет өткеру, қорғаныс жəне Қарулы Күштер мəселелерi бойынша өз құзыретi шегінде нормативтік құқықтық актілер қабылдайды жəне олардың орындалуын бақылайды;»;
мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
«13-1) өз құзыреті шегінде əскери қауіпсіздік саласындағы ақпараттық кеңістікке мониторингті жəне оған қатер төндіретін көздерге қарсы іс-қимылды жүргізеді;»;
16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«16) Қарулы Күштерде бірыңғай мемлекеттік кадр саясатын іске асыруды қамтамасыз етеді;»;
мынадай мазмұндағы 16-1) жəне 16-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«16-1) Қарулы Күштердің кадр саясаты тұжырымдамасын əзірлейді жəне бекітеді, өз құзыреті шегінде кадрларды орналастыруды жəне əскери атақтар беруді жүзеге асырады, Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына лауазымдар тізбесіне сəйкес лауазымдарға тағайындау жəне əскери атақтар беру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
16-2) Қарулы Күштерде əскери тасымалдарды ұйымдастыру қағидаларын жəне Қарулы Күштерде əскери тасымалдарды ресімдеу жəне оларға ақы төлеу қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;»;
17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«17) пайдаланылмайтын əскери мүлікті берудің, өткізудің, құртып жіберу, кəдеге жарату, көму арқылы жоюдың, сондай-ақ қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) берудің тəртібіне сəйкес пайдаланылмайтын əскери мүлікке иелік етеді;»;
мынадай мазмұндағы 17-1) жəне 17-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«17-1) қарулануды бақылау саласындағы халықаралық шарттарды сақтау мəселелері бойынша орталық жəне жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасайды жəне басқа да қатысушы мемлекеттердің осы шарттарды орындауын байқайды;
17-2) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасады;»;
мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:
«18-1) Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың қарулануынан қару-жарақ пен əскери техниканы шығару қағидаларын бекітеді;»;
25) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«25) əскери атташе аппараты əскери қызметшілерінің қызметін жəне қызмет өткеру шарттарын ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 26-1), 26-2), 26-3), 26-4), 26-5), 26-6), 26-7), 26-8), 26-9), 26-10), 26-11), 26-12), 26-13), 26-14), 26-15), 26-16), 26-17), 26-18), 26-19), 26-20), 26-21) жəне 26-22) тармақшалармен толықтырылсын:
«26-1) дербестендірілген белгілердің, омырауға тағатын белгілердің жəне өзге де əскери-геральдикалық белгілердің, əскери оқу орындарын бітіргені туралы, сыныпты мамандарға арналған белгілердің, əскери-қолданбалы, қызметтік-қолданбалы, техникалық жəне басқа да спорттық іс-шаралардың жүлдегерлеріне арналған наградалық медальдардың (белгілердің) сипаттамасын, сондай-ақ оларды беру жəне Қарулы Күштер əскери қызметшілерінің тағып жүру тəртібін бекітеді;
26-2) Қарулы Күштердің əскери қалашықтары мен оқу орталықтары аумағында орналасқан объектілерде ветерина- рия жəне санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы ішкі бақылауды жүзеге асырады;