33) келісімшарт бойынша əскери қызмет өткеретін əскери қызметшілер - осы Заңда айқындалатын мерзімге Қарулы Күштерге, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарға əскери қызметке ерікті түрде тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары;
34) курсант - жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери оқу орнында немесе шетелдік əскери оқу орнында білім алып жатқан, оны бітіргеннен кейін офицерлік құрамның бірінші əскери атағы берілетін əскери қызметші;
35) курстық даярлық - халықаралық шарттарға немесе шақыруларға сəйкес шет мемлекеттердің əскери оқу орындарында, оқу орталықтарында немесе білім беру ұйымдарында жүзеге асырылатын, Қарулы Күштердің əскери қызметшілері мен азаматтық персонал адамдарына қосымша білім беру нысаны;
36) қолданыстағы резерв - барлау қызметі шеңберінде жүктелген жедел міндеттерді орындайтын əскери қызметшілер;
37) Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымы - əскерге шақырылушыларды, əскери міндеттілерді өтеусіз, өтеулі негіздерде оқыту мақсатында əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша, сондай-ақ шаруашылық қызметі негізінде көлік құралдарын басқару бойынша жəне техникалық жəне кəсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша азаматтарды даярлауды, қайта даярлауды жүзеге асыратын ұйым;
38) магистрант - магистратурада білім алып жатқан əскери қызметші;
39) мерзімді əскери қызмет - ер азаматтарды осы Заңда айқындалған тəртіппен Қарулы Күштерге, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарға қатардағы жəне сержанттық құрамдардың əскери лауазымдарына шақыруға негізделген əскери қызмет;
40) отставка - əскери қызметтен шығарылған немесе əскери есептен алып тасталған, запаста болудың шекті жасына толған адамдардың не əскери есептен алып тасталып, əскери қызметке жарамсыз деп танылған адамдардың жағдайы;
41) офицерлер - офицерлік құрамның тиісті əскери атақтары берілген əскери қызметшілер;
42) психофизиологиялық жəне полиграфологиялық зерттеулер - Қазақстан Республикасының əскери қызметшілері мен азаматтарының жеке психологиялық жəне психофизиологиялық қасиеттерін жан-жақты бағалауға бағытталған, тізбесін уəкілетті органның басшысы бекітетін лауазымдарда əскери қызмет өткеру үшін іріктеу кезінде жүзеге асырылатын тексеру іс-шараларының жиынтығы;
43) ротация - əскери қызметшілерді Қарулы Күштердегі, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардағы тең жəне өзге де лауазымдарға ауыстыру;
44) сарбаздар (матростар) - сарбаздар (матростар) құрамының əскери лауазымдарын атқаратын əскери қызметшілер;
45) сержанттар (старшиналар) - сержанттық (старшиналық) лауазымдарды атқаратын əскери қызметшілер;
46) тəрбиеленушілер - əскери даярлық бойынша қосымша білім беру бағдарламалары бар жалпы орта, техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алып жатқан Қазақстан Республикасының азаматтары;
47) теңізге шығу - міндеттерді орындау үшін корабльдер мен кемелер экипаждарының, əскери қызметшілердің ашық теңізге шығуы;
48) уəкілетті лауазымды адам - Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Қарулы Күштерде, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарда əскери қызмет өткеру қағидаларында (бұдан əрі - Əскери қызмет өткеру қағидалары) белгіленген тəртіппен əскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасу құқығы берілген лауазымды адам;
49) уəкілетті орган - құрылымында əскери қызмет өткеру көзделген мемлекеттік орган;
50) ұйымдастырушылық-штаттық іс-шаралар - Қарулы Күштерде, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарда мемлекеттік мекемелерді жəне олардың құрылымдық бөлімшелерін құру, тарату, қайта ұйымдастыру, орнын ауыстыру, бағыныстылығын өзгерту, штаттарын өзгерту бойынша, сондай-ақ Қарулы Күштердің, басқа да əскерлермен əскери құралымдардың құрамы мен штат санын өзгерту бойынша жүргізілетін іс-шаралар;
51) ұлан - негізгі орта білім беру базасында техникалық жəне кəсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын, əскери оқу орнының бірінші немесе екінші курсында білім алып жатқан адам.»;
2) 2-баптың 1-тармағындағы «Қарулы Күштердегі» деген сөздер «Қарулы Күштердегі, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 4-баптың төртінші бөлігіндегі «Қарулы Күштердегі» деген сөздер «Қарулы Күштердегі, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 5-бапта:
1-тармақта:
үшінші бөлікте:
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі жəне жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери оқу орындарына түскендер, егер бұған дейін олар əскери қызметшілер болып табылмаса - əскери оқу орындары үшін, ұландарды қоспағанда, оқу құрамының тізімдеріне қабылдау туралы əскери оқу орны бастығының бұйрығы шыққан күннен бастап, ал шетелдік əскери оқу орнына түскен кезде - уəкілетті орган басшысының оқуға жіберу туралы бұйрығы шыққан күннен бастап;»;
мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«негізгі орта білім беру базасында техникалық жəне кəсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери оқу орындарында оқудың екінші курсын аяқтаған ұландар əскери оқу орны бастығының оқуды жалғастыру, үшінші курсқа ауыстыру жəне ауыспалы құрамның кадеті əскери лауазымына тағайындау туралы бұйрығы шыққан күннен бастап ие болады.»;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Азамат əскери қызметтен шығарылуға (əскери жиындардың аяқталуына) байланысты əскери бөлімнің тізімдерінен алып тасталған күннен бастап, сондай-ақ Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарына ауыстырылған жағдайда əскери қызметші мəртебесін жоғалтады.»;
3-тармақтың 5) жəне 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«5) төтенше жағдайларды жоюға қатысқан;
6) далалық шығуда (теңізге шығуда) болған оқу-жаттығуларға немесе корабльдердің жорықтарына қатысқан;»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Əскери қызметшілерге олардың мəртебесін куəландыру үшін уəкілетті орган белгілеген тəртіппен жеке нөмірлері бар жетондар, əскери қызметшінің жеке куəліктері (əскери билеттер) жəне (немесе) қызметтік куəліктер беріледі.»;
мынадай мазмұндағы 6 жəне 7-тармақтармен толықтырылсын:
«6. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің əскери барлау органдарының жедел-іздестіру жəне барлау қызметін жүзеге асыруға уəкілеттік берілген офицерлік құрамының əскери қызметшілеріне олардың жеке басын жəне өкілеттіктерін растау үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі əскери барлау органдарының қызметтік куəліктері беріледі.
Қызметтік куəлікті беру, пайдалану тəртібін жəне оның сипаттамасын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі айқындайды.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің əскери барлау органы əскери қызметшісінің қызметтік куəлігі оның қаруды, арнайы құралдарды алып жүру жəне сақтау құқығын, Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес оған берілген өзге де өкілеттіктерін растайды.
7. Заңнамалық тұрғыдан бекітіп берілген міндеттерді орындау мақсатында əскери полиция, əскери прокуратура органдарының жəне əскери-тергеу органдарының əскери қызметшілері мен қызметкерлеріне өздерінің жеке басын жəне өкілеттіктерін растау үшін қызметтік куəліктер мен жетондар беріледі.
Қызметтік куəліктер мен жетонды беру, пайдалану тəртібін жəне олардың сипаттамасын уəкілетті органның басшысы айқындайды.
Əскери полиция, əскери прокуратура органдарының жəне əскери-тергеу органдарының əскери қызметшілері мен қызметкерлерінің қызметтік куəлігі олардың қаруды, арнайы құралдарды алып жүру жəне сақтау құқығын, Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес əскери қызметшілер мен қызметкерлерге берілген өзге де өкілеттіктерді растайды.»;
5) 6-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігінде:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын Қазақстан Республикасы органдары жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесі негізінде уəкілетті органдардың бірінші басшылары көздеген тəртіппен мемлекет есебінен ақшалай ризықпен қамтамасыз етілуге;»;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) өздерінің құқықтарының бұзылғаны туралы білген күннен бастап өздеріне қатысты қабылданатын шешімдер мен əрекеттерге үш айдан кешіктірмей жоғары тұрған лауазымды адамдарға жəне (немесе) сотқа шағым жасауға;»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен, уəкілетті лауазымды адаммен келісу бойынша əскери оқу орындарына түсуге, курстық даярлаудан, кəсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан жəне біліктілігін арттырудан өтуге, сондай-ақ техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына əскери емес мамандықтар бойынша түсуге (мерзімді қызметтегі əскери қызметшілерден, курсанттар мен кадеттерден басқа);»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Əскери қызметшілердің өзге де құқықтары Қазақстан Республикасының заңдарында жəне Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленуі мүмкін.»;
6) 7-бапта:
1-тармақта:
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) Əскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалатын тəртіппен жəне мерзімдерде өзін ротациялау туралы уəкілетті орган басшысының шешімін орындауға;»;
4) тармақшадағы «Қарулы Күштердің» деген сөздер «Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) əскери киім нысанын киіп жүру қағидаларын сақтауға;»;
2-тармақтағы «Қарулы Күштер» деген сөздер «Қарулы Күштер, басқа да əскерлер мен əскери құралымдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Əскери қызметшілердің өзге де міндеттері Қазақстан Республикасының заңдарында жəне Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленуі мүмкін.»;
7) 8-баптың 8) тармақшасындағы «атқаруға құқылы емес.» деген сөздер «атқаруға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) уəкілетті басшының жіберуі бойынша мамандандырылған медициналық мекемелерде (наркологиялық диспансерлерде) алкогольдік, есірткілік немесе өзге де масаң күйді туғызатын заттарды тұтыну тұрғысынан медициналық куəландырудан өтуден бас тартуға немесе жалтаруға құқылы емес.
Куəландырудан өтуден бас тарту немесе жалтару əскери қызметтен шығаруға алып келеді.»;
8) 9-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Азаматтарды əскери қызметке даярлау - бұл мемлекеттік органдар əскерге шақыру жасына дейінгі жəне əскерге шақыру жасындағы азаматтармен оларды əскери қызмет негіздеріне оқыту мақсатында, сондай-ақ əскери қызмет өткеру үшін əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша даярлау жəне қайта даярлау мақсатында əскери міндеттілермен жүргізетін міндетті іс-шаралар кешені.»;
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша даярлауды;»;
9) 12-бапта:
тақырып, 1, 2, 3, 4, 5 жəне 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«12-бап. Азаматтарды əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша даярлау
1. Азаматтарды əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша даярлау Қарулы Күштердің қажеттілігіне сəйкес өтеусіз негізде жəне оқуға арналған шығыстар толық немесе ішінара өтеле отырып, өтеулі негізде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында жүргізіледі.
Оқуға арналған шығыстарды ішінара өтеу кезінде оқу-жаттығу атыстарын өткізу жəне жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің (бұдан əрі - Қорғаныс министрлігі) есебінен жүзеге асырылады.
2. Өтеусіз негізде əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша даярлауға денсаулық жағдайы бойынша əскери қызметке жарамды, он жеті жас алты айдан жиырма алты жасқа дейінгі, даярлықты бітіргеннен кейін мерзімді əскери қызметке шақырылуға жататын немесе жұмылдыру резервіне алынатын азаматтар тартылады. Кіші мамандарды даярлауға бөлінген тапсырысты Қорғаныс министрлігі қалыптастырады.
3. Өтеулі негізде əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша даярлауға:
денсаулық жағдайы бойынша əскери қызметке жарамды əскери міндеттілер;
денсаулық жағдайы бойынша əскери қызметке жарамды немесе шектеулі жарамды, соның ішінде əскери қызметке шақыру кейінге қалдырылған жиырма төрт жастан жиырма жеті жасқа дейінгі əскерге шақырылушылар тартылады.
4. Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша əскерге шақырылушыларды, əскери міндеттілерді жинау, оларды жіберу жəне өтеусіз жəне өтеулі негіздерде оқыту, оқу-тəрбие процесін ұйымдастыру тəртібін, сондай-ақ оқу мерзімдерін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі айқындайды.
5. Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша білім алатын əскерге шақырылушылардың, əскери міндеттілердің санын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі жұмылдыру ресурстарына не кіші мамандарға қажеттілікті негізге ала отырып айқындайды.
6. Əскерге шақырылушыларды, əскери міндеттілерді əскери- техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша оқытудың басталуы мен аяқталуы болып Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымы басшысының оқуға қабылдау жəне оны бітіру туралы бұйрықтары шыққан күн есептеледі.
Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында оқып жатқан азаматтар оқу кезеңінде əскери қызметші мəртебесіне ие болмайды.»;
7, 8, 9 жəне 10-тармақтар алып тасталсын;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша оқу кезеңінде əскерге шақырылушылардың, əскери міндеттілердің жұмыс орны (лауазымы) сақталады. Осы кезеңде олар, заңды тұлға таратылған жағдайларды қоспағанда, жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыстан шығарылмайды, сондай-ақ білім беру ұйымы басшысының бастамасы бойынша білім беру ұйымынан шығарып жіберілмейді.»;
10) 13-баптың 1-тармағындағы «Қарулы Күштердің» деген сөздер «Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 15-баптың 4-тармағындағы «Қарулы Күштерде» деген сөздер «Қарулы Күштерде, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарда» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 16-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Азаматтарды əскерге шақыру учаскелеріне тіркеуді жəне медициналық куəландыруды Қорғаныс министрлігі бекітетін Əскери міндеттілер мен əскерге шақырылушыларды əскери есепке алу қағидаларына жəне Қарулы Күштерде əскери-дəрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сəйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың əкімдері ұйымдастырады жəне қамтамасыз етеді.»;
4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Медициналық (əскери-дəрігерлік) комиссия əскери қызметке жарамсыз деп танып, əскери есептен алып тасталған азаматтар əскери есепке қабылданбайды.»;
6-тармақта:
бірінші бөліктің 1), 2), 3), 4) жəне 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) комиссия төрағасы - ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы басшысының (əкімінің) орынбасары;
2) комиссия мүшелері:
ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті əскери басқару органының өкілі;
ішкі істер органдарының тиісті аумақтық бөлімшесінің өкілі; мемлекеттік денсаулық сақтау басқармасының тиісті жергілікті органы бастығының (бас дəрігердің) орынбасары - медициналық комиссияның төрағасы;
хатшы.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Азаматтарды əскерге шақыру пункттеріне (учаскелеріне) тіркеу графигін жергілікті атқарушы органның басшысы бекітеді.»;
13) 17-баптың 1-тармағында:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің əкімдері, сондай-ақ əскери міндеттілер мен əскерге шақырылушылар жұмыс істейтін ұйымдардың басшылары өз құзыреті шегінде:»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) əскерге шақыру жасына дейінгілерді тіркеген жəне азаматтарды əскери қызметке шақырған кезде азаматтарды басқа жергілікті жерлерден облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың əскерге шақыру (жиын) пункттеріне жеткізуді қамтамасыз етуге міндетті.»;
мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
«10. Құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы уəкілетті орган жергілікті əскери басқару органдарының сұрау салулары бойынша адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мəліметтердің бар-жоғы туралы анықтаманы жеті жұмыс күні ішінде ұсынуға міндетті.»;
14) 18-баптың 1-тармағы үшінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) əскери оқу орындары кадеттерінің, курсанттарының, адъюнкттерінің, магистранттарымен докторанттарының, əскери интерндерінің əскери қызметі жəне оқуы жатады.»;
15) 20-бапта:
төртінші бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) сержанттар (старшиналар) құрамына:
кіші сержанттарға - бір жыл;
сержанттарға - екі жыл;
аға сержанттарға - үш жыл;
3-сыныпты сержанттарға - төрт жыл;
2-сыныпты сержанттарға - бес жыл;
1-сыныпты сержанттарға - алты жыл;»;
бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Сарбаздар (матростар) құрамына, жоғары сержанттық құрамға, полковниктерге (бірінші дəрежелі капитандарға) жəне жоғары офицерлік құрамға əскери атақтарындағы еңбек сіңірген жылдары белгіленбейді.»;
алтыншы бөліктегі «Қарулы Күштердегі» деген сөздер «Қарулы Күштердегі, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 21-бапта:
1-тармақтағы «Қарулы Күштердің» деген сөздер «Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «Қарулы Күштердегі» деген сөздер «Қарулы Күштердегі, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Əскери қызметшiлерді жасақтау, əскери лауазымдарға тағайындау, орнын ауыстыру, əскери лауазымдарынан босату, мемлекеттік, арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарына ауыстыру жəне қызметтен шығару Əскери қызмет өткеру қағидаларына сəйкес жүргiзіледi.
Тізбесін уəкілетті органның басшысы бекіткен лауазымдарға тағайындалатын Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың əскери қызметшілері мен азаматтық персонал адамдарына қатысты уəкілетті органның басшысы айқындаған тəртіппен психологиялық-физиологиялық жəне полиграфологиялық зерттеулер қолданыла отырып, тексеру жүргізіледі.»;
мынадай мазмұндағы 4-2-тармақпен толықтырылсын:
«4-2. Оқудың үшінші курсына ауыстырылған ұлан, сондай-ақ жалпы орта білім беру базасындағы азамат немесе техникалық жəне кəсіптік, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери оқу орындарына қабылданған əскери қызметші Қарулы Күштердің кадеті не курсанты немесе əскери интерні ауыспалы құрамының əскери лауазымына тиісінше тағайындалады.
Қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып білім алушыларды қоспағанда, жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери оқу орнына келісімшарт бойынша қабылданған əскери қызметші бұрын атқарған əскери лауазымынан босатылады жəне Қарулы Күштердің магистранты не докторанты немесе адъюнкті ауыспалы құрамының əскери лауазымына тағайындалады.»;
5-тармақта:
бірінші бөлікте:
4) жəне 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Əскери қызмет өткеру қағидаларына сəйкес мемлекеттің қорғанысы мен қауіпсiздігі мүддесінде жұмыстарды орындау мақсатында мемлекеттік органдарға, халықаралық жəне басқа да ұйымдарға iссапарға жiберілуіне байланысты уəкілетті орган басшысының қарамағында болған;»;
«6) шетелге қызметке, оқуға жіберілген əскери қызметші жұбайымен (əскери қызметші зайыбымен) бірге болған кезде уəкілетті орган басшысының қарамағында болған;»;
7) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 8), 9) жəне 10) тармақшалармен толықтырылсын:
«8) əскери тағылымдама аяқталғанға дейін - оқып жатқан елдің заңнамасына сəйкес оқу бағдарламасы əскери тағылымдаманы көздейтін шет мемлекеттің жоғары əскери оқу орнын бітіруіне байланысты офицерлік құрамның «лейтенант» бірінші əскери атағы берілген əскери қызметшілер уəкілетті органның бірінші басшысының қарамағында болған;
9) оқу уақытында - күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына жіберілген жəне түскен əскери қызметшілер командирдің (бастықтың) қарамағында болған;
10) жиындар өткізу уақытында - əскери жиындар кезеңінде уəкілетті органның бірінші басшысының қарамағында болған жағдайларда, əскери емес лауазымдарда əскери қызмет өткереді.»;
екінші бөлік алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6 жəне 7-тармақтармен толықтырылсын:
«6. Əскери лауазымдарда болу мерзімдері Əскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалады.
7. Əскери қызметші жыл сайынғы негізгі демалыстарда, əскери-медициналық (медициналық) мекемелерде емделуде болған кезеңдер қарамағында болу мерзіміне есептелмейді.»;
17) 22-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Басқа жергілікті жерге ауыстыруға байланысты ротациялауға мүгедек зайыбы (жұбайы) бар, мүгедек балалары (қамқоршысы болып табылатын), оның ішінде асырап алған мүгедек балалары бар немесе асырауында қартайған ата-анасы болатын адамдар жатпайды. Көрсетілген мəн-жайлар Əскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалған тəртіппен актімен расталуы тиіс.»;
18) 22-1-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөліктегі «Қарулы Күштердің» деген сөздер «Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Əскери прокуратура органдарының əскери қызметшілері Əскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалатын тəртіппен жəне мерзімдерде уəкілетті орган басшысының шешімі бойынша аттестаттау кезінде полиграфологиялық зерттеуден өтеді.»;
2-тармақтың бірінші бөлігіндегі «Қарулы Күштердің» деген сөздер «Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
19) 23-баптың 1-тармағында:
бірінші бөліктегі «Қарулы Күштердің» деген сөздер «Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың əскери киiм нысанын киіп жүру жəне айырым белгілерін, сондай-ақ басқа да белгілерді тағып жүру қағидаларын - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi, ал əскери киiм нысанының жекелеген заттарын киіп жүру жəне айырым белгiлерiн тағып жүру ерекшелiктерiн уəкілетті органдардың бiріншi басшылары белгілейдi.»;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы Заңның 26-бабы 1-тармағының 13) жəне 14) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша қызметтен шығарылған адамдардан басқа, Қарулы Күштерде, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарда күнтізбелік есептеумен жиырма бес жəне одан көп жыл мінсіз қызмет еткен азаматтарға запасқа немесе отставкаға шығарылған кезде əскери киім нысанын киіп жүруге рұқсат етіледі.»;
20) 24-баптың 2-тармағында:
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Əскери қызметші жұбайының (əскери қызметші зайыбының) одан əрі əскери қызмет өткеруіне (оқуға түсуіне) байланысты шетелге кеткен əскери қызметшілердің шетелде болу уақыты еңбек сіңірген жылдарына есептеледі.»;
мынадай мазмұндағы бесінші жəне алтыншы бөліктермен толықтырылсын:
«Мемлекеттік қызмет, соның ішінде құқық қорғау қызметі өтіліне мемлекеттік қызметші, құқық қорғау органының қызметкері құрылымында əскери қызмет өткеру көзделген мемлекеттік органда əскери лауазымға уақытша тағайындалған кезеңдегі уақыт, сондай-ақ олардың бір мемлекеттік органнан басқа мемлекеттік органға ауысу уақыты есептеледі.
Мемлекеттік қызметке кірген адамдар үшін əскери қызмет өткеру уақыты мен əскери лауазымға тағайындалу кезеңі мемлекеттік қызмет өтіліне есептеледі.»;
21) 25-бапта:
1-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) майорға (үшіншi дəрежелi капитанға) дейiнгіні қоса алғанда, аға сержанттық құрамның жəне офицерлік құрамның əскери қызметшілеріне - қырық жеті жас;»;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын: