26-3) уəкілетті мемлекеттік орган басшысының ұсынуы бойынша Қарулы Күштердің əскери бөлімдеріне жəне ұйымдарға, азаматтық қорғау саласындағы уəкілетті органның азаматтық қорғанысты басқару органдарына, ұлттық қауіпсіздік органдарына, сыртқы барлау саласындағы уəкілетті органға, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің əскери бөлімдеріне шартты атаулар береді;
26-4) əскери бөлімдер мен ұйымдарға нақты жəне шартты атаулар беру жəне Қарулы Күштерде хат-хабар алмасу кезінде оларды қолдану қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
26-5) аумақтық əскерлер туралы ережені, аумақтық қорғаныс мəселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді əзірлейді жəне бекітеді, жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып аумақтық əскерлерге басшылықты жүзеге асырады, орталық жəне жергілікті атқарушы органдардың аумақтық қорғаныс мəселелері бойынша ақпарат беру тəртібі мен мерзімдерін айқындайды;
26-6) Қарулы Күштерде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
26-7) Қорғаныс министрлігі орталық аппаратының əскери қызметшілеріне қызметтік куəлік беру қағидаларын жəне оның сипаттамасын əзірлейді жəне бекітеді;
26-8) Қарулы Күштердегі қаржылық жəне шаруашылық қызметті ұйымдастыру қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
26-9) Қарулы Күштерде жұмылдыру, жедел жəне жауынгерлік дайындық, шифрланған, кодталған, құпияландырылған байланыс, мемлекеттік құпияларды қорғау, ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету мəселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді əзірлейді жəне бекітеді;
26-10) Қарулы Күштердің арсеналдарында, базалары мен қоймаларында зымырандарды жəне оқ-дəріні сақтауды ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды əзірлейді жəне бекітеді;
26-11) қару мен оқ-дəрінің ұрлануы, жоғалуы не əскери қызметшінің əскери бөлім орналасқан жерді қаруымен өз бетінше тастап кетуі туралы ақпаратқа Қарулы Күштердің əскери бөлімдері қолбасшылығының жəне əскери полиция органдарының ден қою қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
26-12) Қарулы Күштерде əскери-тарихи жəне мəдени жұмысты ұйымдастырады;
26-13) бастапқы əскери дайындық қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
26-14) қосымша білім беру бағдарламалары бойынша əскери дайындық қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
26-15) əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша дайындық қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
26-16) запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша əскери дайындық қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
26-17) Қорғаныс министрлігінің əскери оқу орындарынан шығарып жіберу қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
26-18) денсаулық сақтау саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша əскери интернатурадағы дайындық қағидаларын жəне мамандықтар тізбесін əзірлейді жəне бекітеді;
26-19) қорғанысты ғылыми қамтамасыз етуді, оның ішінде қорғаныстық зерттеулерді ұйымдастырады жəне үйлестіреді;
26-20) білім беру саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша əскери оқу орындары мен əскери кафедралардағы оқу-материалдық базаны ұйымдастыру жəне пайдалану қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
26-21) шетелдік əскери оқу орындарында даярлау үшін Қарулы Күштердің əскери қызметшілерін іріктеу қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
26-22) Қарулы Күштердегі дене шынықтыру дайындығы қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді.»;
12) 23-баптың 1-тармағында:
1), 2) жəне 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жедел-стратегиялық жоспарлауды, Қарулы Күштердің жауынгерлік жəне күнделікті қызметін қолдану мен оған басшылықты жүзеге асырады, олардың жауынгерлік құрамын айқындайды;
2) Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың құрылысы мен даму жоспарын, Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарын жəне Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас Қолбасшысының директиваларын əзірлейді, əскерлерді жоспарлауды, дайындауды жəне жұмылдыра өрістетуді жүзеге асырады;»;
«6) қорғанысты ұйымдастыру саласында Қарулы Күштердің басқа да əскерлермен жəне əскери құралымдармен өзара іс-қимыл жасауын ұйымдастырады жəне жүзеге асырады;»;
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) қорғаныс мүддесінде Қазақстан Республикасының аумағын жедел жабдықтау жоспарын, Қарулы Күштерді қолдану қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағын жедел жабдықтау қағидаларын əзірлейді;»;
7) тармақша алып тасталсын;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) аумақтық қорғаныс жоспарларын əзірлеуді, аумақтық қорғаныс міндеттерін орындауға қатысатын күштер мен құралдардың іс-қимылдарын үйлестіреді;»;
мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
«12-1) Қарулы Күштерге əскери мақсаттағы автоматтандырылған басқару жүйелерін енгізуді ұйымдастырады;»;
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«14) жеке құрамның жоғары жауынгерлiк жəне моральдық-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру мақсатында əскерлерді моральдық-психологиялық жəне идеологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;»;
мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
«15-1) Қарулы Күштерде шифрланған, кодталған, құпияландырылған байланысты, мемлекеттік құпияларды қорғауды, ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастырады;»;
13) мынадай мазмұндағы 23-1 жəне 23-2-баптармен толықтырылсын:
«23-1-бап. Қарулы Күштердің түрлері
Қарулы Күштердің түрлері:
1) Қарулы Күштерді қолдануды стратегиялық жоспарлау шеңберінде Қарулы Күштердің түрін жедел-стратегиялық жоспарлауды жүзеге асырады;
2) əскери басқару органдарының, əскерлер (күштер) түрінің жауынгерлік, жұмылдыру əзірлігін жəне жауынгерлік қабілеттілігін қамтамасыз етеді;
3) əскери басқару органдарын, əскерлер (күштер) түрін дайындауды ұйымдастырады;
4) əскерлердің моральдық-психологиялық дайындығын, əскерлер (күштер) түрінде əскери тəртіптің жəне құқық тəртібінің сақталуын қамтамасыз етеді;
5) əскерлер (күштер) түрінде алға қойылған міндеттердің орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
23-2-бап. Əскери атташелер аппараты
1. Əскери атташелер аппараты Қарулы Күштердің қарамағында жəне штат санында болады.
2. Шет мемлекетте əскери атташелер аппаратында əскери қызмет өткеріп жүрген əскери қызметшілер Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет туралы заңнамасында көзделген дипломатиялық артықшылықтар мен иммунитет, еңбекке ақы төлеу жəне оның шарттары, əлеуметтік қамсыздандыру жəне медициналық қамтамасыз ету мəселелерінде дипломатиялық қызмет қызметкерлерінің тиісті лауазымдарына теңестіріледі.
3. Əскери атташелер аппаратының қызметін қаржыландыру қорғаныс мұқтажы үшін бөлінген бюджет қаражаты есебінен, теңестірілген лауазымдар бойынша Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет туралы заңнамасында белгіленген көлемде жəне тəртіппен жүзеге асырылады.
4. Əскери атташелер аппараты əскери қызметшілерінің лауазымдарын Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелер персоналына теңестіру Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жəне Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірлескен шешімімен жүзеге асырылады.»;
14) 24-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қарулы Күштердiң спорт саласында маманданатын мемлекеттік мекемелерi өздерінің жарғылық мақсаттарына сəйкес келетін жəне өздерінің негізгі қызметіне жатпайтын қызметтерді көрсетуге жəне осындай көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін ақшаны Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі айқындайтын тəртіппен пайдалануға құқылы.
Қарулы Күштердің мəдениет, сондай-ақ жылу энергиясын өндіру, беру, тарату жəне (немесе) онымен жабдықтау саласында, сумен жабдықтау жəне (немесе) су бұру саласында маманданатын мемлекеттік мекемелерi өздерінің жарғылық мақсаттарына сəйкес келетін жəне өздерінің негізгі қызметіне жатпайтын қызметтерді көрсетуге құқылы. Осындай көрсетілетін қызметтердi өткізуден түсетін кірістер Қазақстан Республикасының Үкiметі айқындайтын тəртіппен бюджетке есепке жатқызылуға тиіс.»;
мынадай мазмұндағы 3 жəне 4-тармақтармен толықтырылсын:
«3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Қарулы Күштердiң мəдениет аясында жəне спорт саласында маманданатын мемлекеттік мекемесiнің бірінші басшысының ұсынысы негізінде ақылы негізде көрсетілетін қызметтерге тарифтерді бекітеді.
4. Қорғаныс министрлігі ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің жанынан олар орналасқан жерден тыс, уəкілетті органда есептік тіркеуге жатпайтын өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелер құруы мүмкін.
Өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелер Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі белгілеген өкілеттіктердің бір бөлігін орындайды.»;
15) 26-баптың 2-тармағының 5) жəне 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«5) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының қорғанысты ұйымдастыру мəселелерi бойынша нұсқауларын уəкілетті мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының бірлескен бұйрығымен айқындалған тəртіппен орындайды;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда Қарулы Күштермен бірлескен жедел жəне жұмылдыру дайындығына тартылады.»;
16) 31-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«31-бап. Аумақтық қорғаныс
1. Аумақтық қорғанысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ұйымдастырады.
2. Аумақтық қорғаныс іс-шараларын жоспарлауға жəне орындауға өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары тартылады.
3. Жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде, соғыс уақытында аумақтық қорғанысқа жалпы басшылықты Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшылығының Ставкасы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы арқылы жүзеге асырады.
4. Аумақтық қорғаныстың жалпы міндеттерін жəне оны ұйымдастыру жүйесін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.
5. Аумақтық қорғаныс міндеттерін орындау үшін жергілікті атқарушы органдар аумақтық əскерлерді ұстауды қамтамасыз етеді.
6. Төтенше жағдай режимін енгізу жəне қамтамасыз ету, сондай-ақ табиғи жəне техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жəне олардың салдарын жою мақсатында аумақтық əскерлерді арнайы өрістету жүзеге асырылады.
7. Аумақтық қорғанысты қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдар жəне меншік нысанына қарамастан ұйымдар арнаулы құралымдарды құрады.».
11. «Əскери полиция органдары туралы» 2005 жылғы 21 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 5, 4-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 15-16, 73-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 22-ІІ, 148-құжат):
1) 4-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы əскери полиция органдарының қызметіне басшылықты жүзеге асырады, ұйымдастырушылық-штаттық іс-шараларды жүргізу туралы шешімдер қабылдайды, құрылымы мен штат санын бекітеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес заңға тəуелді нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды.»;
3-тармақ алып тасталсын;
2) 5-бапта:
бірінші бөлікте:
7-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7-1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Объектілерді қорғау қызметін қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлері мен əскери құралымдарының механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін тиісті құжаттарды жəне мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін бере отырып, мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру;»;
мынадай мазмұндағы 7-3) тармақшамен толықтырылсын:
«7-3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреті шегінде əкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу;»;
екінші бөліктің 2) тармақшасындағы «іс жүргізу болып табылады.» деген сөздер «іс жүргізу;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайтын тəртіппен жəне шектерде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің объектілерін, оның ішінде қару-жарақты, арнайы құралдарды, қауіпсіздік жүйелерін жəне өзге де техникалық құралдарды пайдалана отырып күзету, сондай-ақ көрсетілген объектілерде рұқсаттамалық жəне объектішілік режимдерді қамтамасыз ету болып табылады.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əскери бөлімдеріндегі тəуліктік наряд қызметін, ішкі жəне гарнизондық қызметтерді ұйымдастыруға ішкі бақылауды жүзеге асыру да Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əскери полиция органдарының міндеті болып табылады.»;
3) 7 жəне 7-1-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«7-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының əскери полиция органдарының өкілеттіктері
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының əскери полиция органдарының сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісін жүргізу бөлiгiндегi өкiлеттiктері азаматтық қорғау саласындағы уəкілетті органның азаматтық қорғанысты басқару органдары мен əскери бөлімдерінің əскери қызметшiлерiне қолданылады.
7-1-бап. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің əскери полиция органдарының өкілеттіктері
1. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің əскери полиция органдарының сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісін жүргізу бөлігіндегі өкілеттіктері арнаулы мемлекеттік органдардың əскери қызметшілері мен қызметкерлеріне қолданылады.
2. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің əскери полиция органдары өздеріне жүктелген міндеттерді орындау үшін өкілеттіктері шегінде жəне заңда белгіленген тəртіппен ұлттық қауіпсіздік органдарының көлік құралдарын тоқтатып кідіртуге, тыйым салуға негіз болған себептер жойылғанға дейін, сондай-ақ тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін ақаулар мен жағдайлар болған кезде оларды пайдалануға тыйым салуға, тораптары мен агрегаттарының нөмірлері не мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері жасырылған, қолдан жасалған, өзгертілген, сол сияқты көлік құралдарының таңбалануы тіркеу құжаттарында көрсетілген деректерге сəйкес келмеген кезде ұлттық қауіпсіздік органдарының көлік құралдарын пайдалануға тыйым салуға, алкогольдік, есiрткiлік жəне уытқұмарлық масаң күйдегi адамдарды ұлттық қауіпсіздік органдарының көлiк құралдарын басқарудан шеттетуге жəне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тəртiппен жəне жағдайларда оларды медициналық зерттеп-қарауға жіберуге құқылы.»;
4) 8-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əскери полиция органдары өздеріне жүктелген міндеттерді орындау үшін құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əскери бөлімдеріндегі тəуліктік наряд қызметін, ішкі жəне гарнизондық қызметтерді ұйымдастыруға ішкі бақылауды жүзеге асыруға құқылы.»;
5) мынадай мазмұндағы 9-1-баппен толықтырылсын:
«9-1-бап. Уəкілетті органдардың құзыреті
1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі:
1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əскери полиция органдарының Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері көлік құралдарының жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметін ұйымдастыру қағидаларын;
2) əскери көлік құралдарының жəне арнайы мақсаттағы көлік құралдарының колонналарына ілесіп жүруді ұйымдастыру жəне қамтамасыз ету, автомобиль жолдарымен көшелерде осы колонналар өтетін уақытта жол жүрісін реттеу қағидаларын;
3) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əскери полиция органдарының гауптвахтасындағы ішкі тəртіптеме жəне онда күдіктілер мен айыпталушыларды ұстау тəртібі қағидаларын;
4) əскери қызметшілердің Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əскери полиция органдарының гауптвахтасында əкімшілік қамаққа алуды өтеу қағидаларын;
5) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əскери полиция органдарының гауптвахтасындағы ішкі тəртіптеме жəне онда сотталғандарды ұстау тəртібі қағидаларын;
6) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əскери полиция органдарының патрульдік-бекеттік қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын;
7) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əскери полиция органдарының қауіпсіздік шараларын жүзеге асыруы қағидаларын;
8) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əскери полиция органдары əскери қызметшілерінің қызметтік əдеп қағидаларын;
9) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде əскерлер қызметін ұйымдастыру қағидаларын;
10) анықтау, тергеу органдарынан жəне соттан жасырынып жүрген, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əскери бөлімдері орналасқан жерді өз бетінше тастап кеткен əскери қызметшілерді іздестіруді ұйымдастыру қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді.
2. Ұлттық қауіпсіздік комитеті:
1) əскери қызметшілердің Ұлттық қауіпсіздік комитетінің əскери полиция органдарының гауптвахтасында əкімшілік қамаққа алуды өтеу қағидаларын;
2) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің əскери полиция органдарының патрульдеуді ұйымдастыру жəне жүргізу қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді.»;
6) 12-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы «ұстауға құқығы бар.» деген сөздер «ұстағанда;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды заңсыз сақтау, қаруды, оқ-дəріні, жарылғыш заттарды ұрлау жəне жоғалту, сондай-ақ əскери қызметшілерді іздестіру фактілерінің алдын алуға жəне оларды анықтауға бағытталған профилактикалық іс-шараларды жүргізгенде құқығы бар.»;
7) 13-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Əскери қызмет өткеруді немесе құрылымына əскери полиция кіретін тиісті органдарда қызмет өткеруді регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда адамдар əскери полиция органдарына қызметке қабылданбайды.».
12. «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» 2010 жылғы 29 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 8, 40-құжат; № 24, 149-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 5, 41-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 21-құжат; № 14, 84-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 21-I, 125-құжат; 2017 жылғы 20 сəуірде «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-атқару заңнамасын жетілдіру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 18 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
мынадай мазмұндағы 9-2 жəне 23-1-баптармен толықтырылсын:
«9-2-бап. Əскери басқару органдарының құзыреті
Əскери басқару органдары:
1) əскерлерде тəрбие, əлеуметтік-құқықтық жəне насихат жұмысын ұйымдастыруды жүзеге асырады;
2) құқық бұзушылық профилактикасы мəселелері бойынша азаматтармен жəне ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды, оларды көтермелеу түрлері мен тəртібін айқындайды;
3) құқық бұзушылық профилактикасы бойынша əскери басқару органдарында ведомствоаралық комиссияларды құрады;
4) құқық бұзушылық профилактикасы бойынша қызметті үйлестіруді жүзеге асырады;
5) жеке құрамның моральдық-психологиялық жай-күйін жəне əскери тəртіпті нығайту жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
6) əскери полиция органдарына өздеріне белгілі болған дайындалып жатқан немесе жасалған құқық бұзушылықтар фактілері туралы хабарлайды;
7) құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі шараларды қолданады;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
«23-1-бап. Əскери қызметшілерге қатысты қолданылатын құқық бұзушылық профилактикасы шаралары
1. Əскери басқару органдары əскери қызметшілерге қатысты қауіп-қатер тобында тұрған əскери қызметшілерді қорғау (бақылау) жөніндегі шараларды, сондай-ақ жалпы адамзаттық құндылықтарға, заңға мойын ұсынушылық мінез-құлыққа, құқыққа қайшы мінез-құлыққа төзбеушілікке бағдарланған, жалпы жəне құқықтық мəдениетті арттыратын адамгершілік қасиеттерін əскери қызметшілердің бойына сіңіру жолымен криминогендік факторларды болғызбайтын идеологиялық шараларды қолдану арқылы іске асырылатын құқық бұзушылық профилактикасының жалпы шараларын қолданады.
2. Мыналар:
1) əскери қызметшілердің жəне өзге де адамдардың хабарламалары немесе арыздары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарламалар;
2) құқық бұзушылықты жасау не жасауға əрекеттену фактісін тікелей байқап қалу;
3) мемлекеттік органдардан жəне жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан келіп түскен материалдар əскери қызметшілерге қатысты құқық бұзушылық профилактикасының жалпы шараларын қолдану үшін негіздер болып табылады.
3. Осы бапта көзделген құқық бұзушылық профилактикасы шараларын əскери басқару органдарының қолдануы үшін құқық бұзушылықтардың мəн-жайларын анықтау туралы, сондай-ақ қолданылған шаралардың нəтижелері туралы олар бір тəулік ішінде тиісті əскери полиция органдарына хабарлайды.».
13. «Қазақстан Республикасының əуе кеңістігін пайдалану жəне авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 17-18, 113-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-І, 100-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 8-І, 65-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 жылғы 12 мамырда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне əуе кеңістігін пайдалану жəне авиация қызметі мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 10 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 63-3) тармақшамен толықтырылсын:
«63-3) мемлекеттік авиация қызметін бақылау жəне қадағалау органы - мемлекеттік авиация қызметіне мемлекеттік бақылауды жəне қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік авиация саласындағы уəкілетті органның құрылымдық бөлімшесі;»;
2) 10-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Ұшу қауіпсіздігі мəселелері бойынша мемлекеттік авиацияның қызметіне мемлекеттік бақылауды жəне қадағалауды жүргізу тəртібін мемлекеттік авиация саласындағы уəкілетті орган айқындайды.»;
3) 15-бапта:
12), 18) жəне 21) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«12) Мемлекеттік авиацияда авиациялық оқиғаларды болғызбау жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;»;
«18) Мемлекеттік авиацияның əуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын) мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекітеді;»;
«21) ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады жəне жүргізеді;»;
мынадай мазмұндағы 28-1), 28-2), 28-3), 28-4), 28-5) жəне 28-6) тармақшалармен толықтырылсын:
«28-1) Мемлекеттік авиацияның əуеайлақтарында (тікұшақ айлақтарында) автомобиль жəне электр-газ техникасын пайдалану жөніндегі нұсқаулықты əзірлейді жəне бекітеді;
28-2) Мемлекеттік авиацияның əуеайлақтарында (тікұшақ айлақтарында) автокөліктің, ұшуды жерүсті қамтамасыз ету құралдарының жəне жаяу жүргіншілердің қозғалысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты əзірлейді жəне бекітеді;
28-3) мемлекеттік авиацияның ұшуын əуеайлақтық-техникалық қамтамасыз ету құралдарының атқарым нормаларын (қызмет ету мерзімдерін) əзірлейді жəне бекітеді;
28-4) Мемлекеттік авиацияның əуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын), қону алаңдарын, ұшуды қамтамасыз ету жəне басқару құралдарын бірлесіп пайдалану туралы нұсқаулықты əзірлейді жəне бекітеді;
28-5) Мемлекеттік авиацияда авиациялық жанар-жағармай материалдарының жəне арнайы сұйықтықтардың сапасын қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты əзірлейді жəне бекітеді;