2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
11-1) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-2-бабына сәйкес облыстық маңызы бар қалаларда жер учаскесіне құқық берудің мүмкін екенін (мүмкін емес екенін) айқындау;
2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 11-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
11-2) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-2-бабына сәйкес облыстық маңызы бар қалаларда жер учаскесіне құқық берудің мүмкін емес екені туралы уәжді бас тарту түріндегі қорытындыны беру;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
12) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
3. Халқының есептік саны жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің ведомстволық бағынысты аумақта белгіленген шекара шегінде жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы құзыретіне:
1) қаланың заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспарын, заңнамада белгіленген тәртіппен қала ықпал ететін аймаққа жатқызылған іргелес жатқан аумақтарда қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын (аудандық жоспарлау жобасын) іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;
2) қаланың бас жоспарының жобасын, қала шегі мен қала маңы аймағының шекараларын, сондай-ақ ведомстволық бағынысты әкімшілік аудандардың және серіктес елді мекендердің шекараларын белгілеу және өзгерту жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру және қала мәслихатының мақұлдауына ұсыну;
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 3) тармақша жаңа редакцияда
3) кешенді қала құрылысы сараптамасынан өткен қала құрылысы жобаларын, сондай-ақ қала аумағын абаттандыру және инженерлік жағынан қамтамасыз ету қағидаларын осы Заңның 22-бабына сәйкес тиісті мәслихатқа бекітуге ұсыну;
2019.26.12. № 289-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4) қалалық мәслихатқа тұрғын үй қорын, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы өзге де ғимараттар мен құрылысжайларды, инженерлік коммуникацияларды, мемлекеттік табиғи-қорық қорының жергілікті маңызы бар объектілерін сақтау және күтіп-ұстау қағидаларын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу;
5) құрылыс салу не өзге де қала құрылысы өзгерістері туралы халыққа хабарлап отыру;
2014.21.01. № 167-V ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпарат және (немесе) мәліметтер беру;
2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
6) кешенді қала құрылысы сараптамасынан өткен қала құрылысы жобаларын (қала және қала маңы аймағының егжей-тегжейлі жоспарлау және құрылыс салу жобаларын) бекіту және іске асыру;
7) ведомстволық бағынысты аумақта құрылыс салуға немесе өзге де қала құрылысын игеруге арналған жер учаскелерін таңдау, беру, ал заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда, мемлекеттік қажеттер үшін алып қою жөнінде шешімдер қабылдау;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) аумаққа құрылыс салу, құрылыстарды, ғимараттарды, құрылысжайларды, инженерлiк және көлiктік коммуникацияларды кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу), қалпына келтiру және күрделi жөндеу туралы, сондай-ақ аумақты инженерлiк жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған құрылыс объектілерін консервациялау, жергілікті маңызы бар объектілерді кейiннен кәдеге жарату жөнiндегі жұмыстар кешенiн жүргiзу туралы шешiмдер қабылдау;
2021.26.01. № 412-VI ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды
8-1) жергілікті маңызы бар ғимараттар мен құрылысжайларды бұзу туралы актілердің есебін жүргізу және тіркеу;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.07.04. № 487-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9) тармақша жаңа редакцияда
9) объектілерді пайдалануға қабылдау актілерін, сондай-ақ пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) есепке алуды жүргізу;
10) тұрғын үй қорын, коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткіштерін, мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін сақтауды және олардың нормативтік күтіп-ұсталуына (қолданылуына, пайдаланылуына) бақылау ұйымдастыру;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 11) тармақша өзгертілді
11) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізу;
2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
11-1) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-2-бабына сәйкес облыстық маңызы бар қалаларда жер учаскесіне құқық берудің мүмкін екенін (мүмкін емес екенін) айқындау;
2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 11-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
11-2) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-2-бабына сәйкес облыстық маңызы бар қалаларда жер учаскесіне құқық берудің мүмкін емес екені туралы уәжді бас тарту түріндегі қорытындыны беру;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
12) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 26-бап өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 26- бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
26-бап. Аудан әкiмдiктерiнiң сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы құзыретi
1. Аудан әкiмдiктерiнiң қарамағындағы аумақта жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы құзыретiне:
1) заңдарда белгiленген тәртiппен бекітілген аудан аумағының қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемасын (аудандық жоспарлау жобасын), селолық елдi мекендердiң бас жоспарларын iске асыру жөніндегi қызметтi үйлестiру;
2014.21.01. № 167-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпарат және (немесе) мәліметтер беру;
2) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5) аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерістерi туралы халыққа хабарлап отыру;
6) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 7) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
7) аудандық маңызы бар құрылыс, аумақты инженерлiк жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған объектiлер құрылысын тоқтатып қою, объектiлердi кейiннен кәдеге жарату жөнiнде жұмыстар кешенiн жүргiзу туралы шешiмдер қабылдау;
2021.26.01. № 412-VI ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды
7-1) аудандық маңызы бар ғимараттар мен құрылысжайларды бұзу туралы актілердің есебін жүргізу және тіркеу;
8) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.07.04. № 487-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9) тармақша жаңа редакцияда
9) объектілерді пайдалануға қабылдау актілерін, сондай-ақ пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) есепке алуды жүргізу;
2004.20.12. № 13-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ); 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 10) тармақша өзгерді
10) аудандық маңызы бар тұрғын үй қорын, коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткiштерiн, сақтауды және олардың күтiп ұсталуына (қолданылуына, пайдаланылуына) бақылау жүргiзудi ұйымдастыру;
11) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
12) аудан аумағында қала құрылысын дамыту схемаларын, сондай-ақ кешенді қала құрылысы сараптамасынан өткен, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің және өзге де ауылдық елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеуді ұйымдастыру және аудандық мәслихатқа бекітуге ұсыну;
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 13) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
13) елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (аумақтық даму схемаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жобаларын іске асыру;
2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды
13-1) жергілікті бюджет, сондай-ақ жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаны қаржыландыруға бөлінген республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын объектілердің және кешендердің құрылысының жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаларын қарау және бекіту;
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 14) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
14) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізу;
2023.01.01. № 182-VІІ ҚР Заңымен 14-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 16 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
14-1) агломерация аумағындағы жер учаскелерінің бөлінуі және нысаналы мақсаттарының өзгеруі жөніндегі ай сайынғы есептерді облыс әкімдігіне ұсыну;
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 15) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
15) ведомстволық бағынысты аумақта құрылыс салуға немесе өзге де қала құрылысын игеруге арналған жер учаскелерін таңдау, беру, заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда, мемлекеттік қажеттер үшін алып қою жөнінде шешімдер қабылдау;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 16) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
16) бұрыннан бар үйлердің үй-жайларын қайта жоспарлау арқылы рекуонструкциялау туралы шешім қабылдау;
2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 16-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
16-1) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-2-бабына сәйкес аудандық маңызы бар қалаларда жер учаскесіне құқық берудің мүмкін екенін (мүмкін емес екенін) айқындау;
2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 16-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
16-2) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-2-бабына сәйкес аудандық маңызы бар қалаларда жер учаскесіне құқық берудің мүмкін емес екені туралы уәжді бас тарту түріндегі қорытындыны беру;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 17) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
17) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен тақырыбы өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 27-бап жана редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.10.07. № 180-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 542-IV Заңымен (бұр.ред.қара) 27-бап өзгертілді; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 27-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
27-бап. Сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет- құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар тиісті әкімдіктердің құрылымдық бөлімшелері болып табылады және:
2014.21.01. № 167-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1) тармақша өзгертілді
1) облыстық (республикалық маңызы бар қалалар, астана):
сәулет және қала құрылысы;
құрылыс (бірыңғай тапсырыс беруші қызметі);
мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарына;
2014.21.01. № 167-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2) аудандық (облыстық маңызы бар қалалар):
сәулет және қала құрылысы;
құрылыс (бірыңғай тапсырыс беруші қызметі) органдарына бөлінеді.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың құзыреті осы Заңның 24, 25 және 26-баптарына сәйкес белгіленеді.
2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының сәулет және қалалар құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерінің басшылары лауазымы бойынша қалалардың бас сәулетшілері болып табылады.
Ауданның жергілікті атқарушы органдарының сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерінің басшылары лауазымы бойынша аудандардың бас сәулетшілері болып табылады.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 4-1-тараумен толықтырылды
4-1-тарау. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы қауіпсіздіктің жалпы талаптары
2013.03.12. № 151-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.27.10. № 362-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 27-1-бап өзгертілді
27-1-бап. Техникалық реттеу және стандарттау объектілері
Ғимараттар, құрылысжайлар, оларды жобалау, салу, реконструкциялау, техникалық қайта жарақтандыру, кеңейту, күрделі жөндеу және пайдалану процестері, сондай-ақ құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкциялары сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы техникалық реттеу және стандарттау объектілері болып табылады.
Арнайы экономикалық аймақтардың, ерекше индустриялық аймақтардың аумағындағы, сондай-ақ бірыңғай индустрияландыру картасына енгізілген өнеркәсіптік кәсіпорындардың объектілерін жобалау, салу, реконструкциялау, оларға техникалық қайта жарақтандыруды, кеңейтуді, күрделі жөндеуді жүргізу және оларды пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасына сәйкес халықаралық құрылыс нормалары мен қағидаларын, сондай-ақ халықаралық, өңірлік стандарттар мен шет мемлекеттердің стандарттарын тікелей қолдануға жол беріледі. Арнайы экономикалық аймақтардың, ерекше индустриялық аймақтардың аумағындағы, сондай-ақ бірыңғай индустрияландыру картасына енгізілген объектілерді салу кезінде Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасына сәйкес халықаралық құрылыс нормалары мен қағидаларының, сондай-ақ халықаралық, өңірлік стандарттар мен шет мемлекеттер стандарттарының талаптарына сәйкес келетін құрылыс материалдары мен конструкцияларын қолдануға жол беріледі.
27-2-бап. Ғимараттарға қойылатын қауіпсіздік талаптары
1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерін жобалау адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін құрылыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіс.
2024.23.02. № 64-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2024 ж. 27 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Құрылысжайларды жобалау кезінде терезелердің қауіпсіздік құлыптарымен және (немесе) механизмдерімен қамтамасыз етілуі ескеріле отырып, өмірлік циклдің барлық сатыларындағы, оның ішінде қалыпты пайдалану, төтенше жағдайлар, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде көзделетін бұзушылықтар және рұқсат етілмейтін құрылыс кезіндегі адам өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға төнетін барлық ықтимал тәуекелдер сәйкестендірілуге және ескерілуге тиіс.
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.23.02. № 64-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 27 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде құрылыс салушы терезелердің қауіпсіздік құлыптарымен және (немесе) механизмдерімен қамтамасыз етілуін ескере отырып, жобалық құжаттамада белгіленген қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың бүкіл кешенін орындауға және ғимарат құрылысын жүргізудің түрлі сатыларында олардың орындалуына бақылау және қадағалау жасау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
4. Салынып жатқан ғимараттар өзге объектілерден белгіленген нормаларға сәйкес қажетті арақашықтықта аулақ орналастырылуға тиіс.
5. Тапсырыс берушілер құрылысты салуға, реконструкциялауға және жөндеуге құрылыс мердігерлігінің шартын жасасу кезінде онда техникалық реттеу саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін техникалық регламенттердің және басқа да нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарын көрсетуге тиіс.
6. Қауіптілігі жоғары аймақтар болып табылатын құрылыс объектілерінде тапсырыс беруші және мердігер құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға зиян келтіру мүмкіндігін болғызбауға міндетті.
7. Ғимараттарды жобалау және салу кезінде мынадай құбылыстарға:
1) ғимараттың тұтастай немесе оның бір бөлігінің опырылып құлауына;
2) жол берілмейтін шамада бүлінуіне;
3) көтергіш элементтердің айтарлықтай бүлінуі салдарынан құрылыстың басқа бөліктерінің немесе оларда орнатылған қондырғылар мен жабдықтардың бұзылуына;
4) бастапқы себептермен салыстыруға болмайтын, кездейсоқ жағдайлардан туындаған залалға әкеп соқтыратын жүктемелерді есепке алу қажет.
8. Өрт болған жағдайда ғимараттар:
1) белгілі бір мерзім ішінде көтергіш элементтердің беріктігі қамтамасыз етілетіндей;
2) ғимарат ішінде өрт пен түтіннің пайда болуын және таралуын шектейтіндей;
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
3) адамдарды, оның ішінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарын авариялық шығу жолдары арқылы дереу эвакуациялауды қамтамасыз ететіндей;
4) құтқарушы топтар жану ошақтарына қауіпсіз кіре алатындай етіп жобалануға және салынуға тиіс.
9. Ғимараттар адам денсаулығы мен гигиенасы үшін, атап айтқанда:
1) уытты газдардың және өзге де зиянды химиялық заттардың бөлінуі;
2) ауада қауіпті бөлшектердің немесе газдардың болуы;
3) қауіпті радиацияның сәуле шығаруы;
4) судың немесе топырақтың ластануы немесе залалдануы;
5) судың, түтіннің немесе қатты немесе сұйық қалдықтардың бөлінуі арқылы бұзылуы;
6) ғимарат бөліктерінде немесе ғимараттың ішкі беттерінде ылғалдың болуы салдарынан қауіп төндірмейтіндей болып жобалануға және салынуға тиіс.
10. Ғимараттар оларды пайдалану тайып кету, құлау, соққы алу, күю, электр тогымен зақымдану, жарылыс салдарынан жарақаттану сияқты жазатайым оқиғалардың жол беруге болмайтын тәуекелін тудырмайтын болып жобалануға және салынуға тиіс.
11. Ғимаратты шудан оқшаулау адам өмірі мен денсаулығы үшін жол беруге болмайтын тәуекелді болғызбауды есепке ала отырып жобалануға және салынуға тиіс.
12. Ғимарат, сондай-ақ оның жылыту, салқындату және желдету қондырғылары ғимаратты пайдалануға қажетті энергияны тұтыну жергілікті климаттық жағдайларды есепке алғанда қалыпты болатындай, бірақ адам денсаулығына зиян келтірілмейтіндей етіп жобалануға және салынуға тиіс.
27-3-бап. Құрылыс материалдарының қауіпсіздік талаптары
Құрылыс материалдары міндетті қауіпсіздік талаптарының кешенін, оның ішінде экономикалық аспектілер тұрғысынан пайдалануға жарамды етіп ғимараттар салуға мүмкіндік беретін радиациялық және химиялық қауіпсіздік нормаларын белгілейтін нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келуге тиіс және оларды пайдалану осы Заңның 27-2-бабында белгіленген талаптардың орындалуын қамтамасыз етуі керек.
2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 27-4-баппен толықтырылды
27-4-бап. Инженерлік ізденістер мен жобалау құжаттамаларының нәтижелеріне қойылатын талаптар
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Инженерлік ізденістер нәтижелері дұрыс болуға және құрылыс объектісі параметрлерінің жобалық мәндерін және басқа жобалық сипаттамаларын, сондай-ақ оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жобаланған іс-шараларды белгілеу үшін қажетті көлемде орындалуға тиіс.
Инженерлік ізденістер нәтижелерінің құрамындағы есептік деректер инженерлік ізденістерді орындаушы адаммен негізделуге және объектінің құрылысы мен оны пайдалану процесінде олардың мәнінің өзгеруі туралы болжамды қамтуы тиіс.
Сараптама ұйымдары құрылыс жобаларының сапасына талдау жəне бағалау жүргізген кезде инженерлік ізденістердің өзектілігін жəне осы нəтижелерді жасаудың қолданыстағы нормаларға, оның ішінде инженерлік-геологиялық ізденістер өндірісінің толықтығына, құрамына, көлеміне, əдістері мен технологияларына сəйкестігін тексеруге міндетті.
2. Объект параметрлері жобалық мәндерінің және басқа да сипаттарының қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі, сондай-ақ оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жобаланған іс-шаралар осы Заңның және Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы өзге де нормативтік және нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына жасалған сілтемелермен негізделуге тиіс.
Талаптар болмаған жағдайда, ғимараттар мен құрылыстардың жобалық мәндерінің және сипаттамаларының қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі, сондай-ақ оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жобалау іс-шаралары:
1) зерттеулер нәтижелері;
2) сертификатталған немесе сынамаланған өзге де әдістемелер тәсілдері бойынша орындалған есептер және (немесе) сынақтар;
3) қауіпті табиғи процестер мен құбылыстар және (немесе) техногендік әсерлердің туындауын, оның ішінде қауіпті табиғи процестер мен құбылыстардың және (немесе) техногендік әсерлердің қолайсыз ұштасуы кезінде сценарийлерді модельдеу;
4) қауіпті табиғи процестер мен құбылыстардың және (немесе) техногендік әсерлердің туындау тәуекелдерін бағалау секілді бір немесе бірнеше тәсілдермен негізделуге тиіс.
Негіздеген кезде инженерлік ізденістердің нәтижелері ескерілуі тиіс.
5-тарау. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер
2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 28-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
28-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтiк құжаттардың мемлекеттiк жүйесi
1. Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн мемлекеттiк реттеу Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңнамасының, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттiк нормативтiк құжаттар жүйесiнiң қолданылуымен қамтамасыз етiледi.