ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру,
тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 19 наурыздағы № 33-ө Өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 6-бап мынадай мазмұндағы 2-14-тармақпен толықтырылсын:
«2-14. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының құзыретіне тиісті аумақтың білім беруді дамыту жоспарын әкімнің ұсынуы бойынша бекіту жатады.»;
2) 27-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 15-2) тармақшамен толықтырылсын:
«15-2) мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, бастауыш, негізгі орта және кешкі (ауысымды) оқу нысанын қоса алғанда, жалпы орта білім беру және интернат үлгісіндегі ұйымдар арқылы ұсынылатын жалпы орта білім беру, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымдарында (қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) білім берудің сапасын қамтамасыз етеді;»;
3) 29-баптың 1-тармағында:
15) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 16) және 17) тармақшалармен толықтырылсын:
«16) мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарды, бастауыш, негізгі орта және кешкі (ауысымды) оқу нысанын қоса алғанда, жалпы орта білім беру ұйымдарын, интернат үлгісіндегі ұйымдар арқылы ұсынылатын орта білім беру, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымдарын (қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдайды, сондай-ақ авариялық жағдайға жол бермеу және (немесе) сейсмикалық беріктігін арттыру мақсатында олардың жай-күйін бақылауды жүзеге асырады;
17) тиісті аумақтың білім беруді дамыту жоспарының жобасын әзірлейді және мәслихаттың бекітуіне ұсынады.».
2. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 27-2-бапта:
2-тармақтағы «Ғимараттарды жобалау кезінде» деген сөздер «Құрылысжайларды жобалау кезінде терезелердің қауіпсіздік құлыптарымен және (немесе) механизмдерімен қамтамасыз етілуі ескеріле отырып,» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ «құрылыс салушы» деген сөздерден кейін «терезелердің қауіпсіздік құлыптарымен және (немесе) механизмдерімен қамтамасыз етілуін ескере отырып,» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 49-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Тұрғын аймақтарда әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің (білім беру және денсаулық сақтау объектілерінің) орналастырылуын ескерусіз көппәтерлі тұрғын ғимараттарды (үйлерді) салуға жол берілмейді.».
3. «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 8-1) және 8-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«8-1) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тәлімгерлік (бұдан әрі - тәлімгерлік) - жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарындағы он жасқа толған жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз бетінше өмір сүруге дайындауға жеке қолдау мен көмек көрсетуге бағытталған қызмет;
8-2) жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тәлімгері (бұдан әрі - тәлімгер) - тәлімгерлік туралы үлгілік шарт негізінде тәлімгерлікті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының кәмелетке толған азаматы;»;
2) мынадай мазмұндағы 28-2-баппен толықтырылсын:
«28-2-бап. Тәлімгерлік
1. Жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарындағы он жасқа толған жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тәлімгерлікті өтеусіз негізде жүзеге асыратын тәлімгер бекітілуі мүмкін. Тәлімгерлікті ұйымдастыру тәртібін Қазақстан Республикасының балалар құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы айқындайды.
2. Тәлімгер жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарындағы жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға өз бетінше өмір сүруге дайындалуға жеке қолдау мен көмек көрсетеді.
3. Мыналар тәлімгер бола алмайды:
1) Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ және кәмелетке толмаған адам;
2) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адам;
3) жұбайын (зайыбын) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адам;
4) сот ата-ана құқықтарынан айырған немесе сот ата-ана құқықтарын шектеген адам;
5) өзіне Қазақстан Республикасының заңымен жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін қорғаншы немесе қамқоршы міндеттерінен шеттетілген адам;
6) бұрынғы бала асырап алушы, егер оның кінәсінен сот бала асырап алудың күшін жойса;
7) денсаулық жағдайына байланысты ата-ана құқықтарын жүзеге асыра алмайтын адам (адам бала асырап ала алмайтын, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдай алмайтын аурулардың тізбесін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейді);
8) тұрақты тұрғылықты жері жоқ адам;
9) дәстүрлі емес сексуалдық бағдарды ұстанатын адам;
10) тәлімгер болып тағайындалған кезде қасақана қылмыс жасағаны үшін өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар адам;
11) тәлімгерлік белгіленген кезде өзін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейімен қамтамасыз ететін кірісі жоқ адам;
12) наркологиялық немесе психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұрған адам;
13) адам өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру сияқты, халық денсаулығына және адамгершілікке, жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін, экстремистік немесе террористік қылмыстар, адам саудасы үшін сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауға ұшырап отырған немесе ұшыраған адам (Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 1) және 2) тармақшаларының негізінде өздеріне қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған адамдарды қоспағанда) тәлімгер бола алмайды.
Егер тәлімгер болып тағайындалатын адам некеде тұрса (ерлі-зайыпты болса) не өзге адамдармен бірге тұрып жатса, жұбайына (зайыбына) не бірге тұратын адамдарға осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) - 6), 10), 12) және 13) тармақшаларында белгіленген талаптар қолданылады.
4. Тәлімгердің:
1) жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тұрып жатқан балаға баруға, сондай-ақ баланың және осы білім беру ұйымы басшысының келісімімен баламен тұрып жатқан жерінен тыс жерде қарым-қатынас жасауға;
2) білім беру процесіне байланысты емес кезеңдерде (каникулдар, демалыс және мереке күндері) баланың қосымша білім беру қызметтерін, тәрбиелік және медициналық қызметтерді алуына көмек көрсетуге құқығы бар.
5. Тәлімгердің:
1) баланы Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерге әкетуге;
2) медициналық көмек көрсету үшін баланы медициналық ұйымға орналастыру немесе оны ішкі істер органдарына жеткізу жағдайларын қоспағанда, баламен оның тұрып жатқан жерінен тыс жерде қарым-қатынас жасаған кезде баланы үшінші тұлғалардың (жеке және (немесе) заңды тұлғалардың) қарауына қалдыруға;
3) тәлімгерлік туралы шарттың өзге де талаптарын бұзуға құқығы жоқ.
6. Тәлімгер:
1) баламен бірге болу кезеңінде оның өмірі мен денсаулығына жауапты болуға;
2) қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарға немесе жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған, бала тұрып жатқан білім беру ұйымына баланың өміріне және (немесе) денсаулығына қауіп төндіретін жағдайдың туындағаны, оның ауырып қалғаны, жарақат алғаны, медициналық көмек көрсету үшін баланың медициналық ұйымға орналастырылғаны немесе ішкі істер органдарына жеткізілгені туралы дереу хабарлауға;
3) тәлімгерлік туралы шарттың өзге де талаптарын сақтауға міндетті.».
4. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
2-1) тармақша «оқытушының» деген сөзден кейін «(педагогтің) білім беру бағдарламасының оқу нәтижелеріне қол жеткізу үшін қажетті» деген сөздермен толықтырылсын;
2-3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2-3) аккредиттеу органы - аккредиттеу стандарттарының (регламенттерінің) негізінде білім беру ұйымдарын институционалдық және (немесе) мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеуді жүргізетін заңды тұлға;»;
мынадай мазмұндағы 10-3) және 13-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«10-3) білім беру жүйесі мен білім беру процесін әдіснамалық және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету - мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының, үлгілік оқу бағдарламаларының, үлгілік оқу жоспарларының, білім беру (оның ішінде эксперименттік) бағдарламаларының, нормативтік-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік және оқу-әдістемелік материалдардың жобаларын дайындауды, оларды сынақтан өткізуді, ендіруді, мониторингілеуді, сондай-ақ білім беру саласындағы зерттеулерді қамтитын іс-шаралар кешені;»;
«13-2) білім беру сапасы - білім беру қызметі тиімділігінің кешенді сипаттамасы, сондай-ақ білім алушы мен тәрбиеленуші даярлығының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына, жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қажеттіліктеріне сәйкестігі;»;
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«14) білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі - білім беру сапасына сәйкестікті белгілеудің институционалдық құрылымдарының, рәсімдерінің, нысандары мен әдістерінің жиынтығы;»;
мынадай мазмұндағы 14-1) және 21-8) тармақшалармен толықтырылсын:
«14-1) білім беру сапасының мәдениеті - ішкі және сыртқы бағалау рәсімдерінің көмегімен қалыптастырылатын және білім беру ұйымдарында білім беру қызметінің субъектілері қолдайтын, білім беру процесіне қатысушылардың құндылықтары мен сенімдерінің жүйесі;»;
«21-8) желілік мектептер - орналасқан жеріне қарамастан бірыңғай мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламасын іске асыратын орта білім беру ұйымдары;»;
26) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«26) институционалдық аккредиттеу - мәлімделген мәртебесіне және белгіленген аккредиттеу стандарттарына (регламенттеріне) сәйкес білім беру ұйымында сапаны ішкі қамтамасыз ету жүйесі процестерінің тиімділігін аккредиттеу органының бағалау рәсімі;»;
36) тармақша «пәндерді» деген сөзден кейін «және (немесе) модульдерді» деген сөздермен толықтырылсын;
42) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«42) мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеу - білім беру ұйымы іске асыратын жекелеген білім беру бағдарламаларының сапасын бағалау рәсімі;»;
мынадай мазмұндағы 52-1) тармақшамен толықтырылсын:
«52-1) сапаны ішкі қамтамасыз ету жүйесі - білім беру ұйымдарында білім беру процесі мен білім беру ортасының сапасын қамтамасыз ету қағидаларының, стандарттарының (регламенттерінің), құралдарының жиынтығы;»;
2) 5-бап мынадай мазмұндағы 46-1) тармақшамен толықтырылсын:
«46-1) білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
3) 6-бапта:
2-тармақта:
1-2), 1-3) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1-2) бастауыш, негізгі орта және кешкі (ауысымды) оқу нысанын қоса алғанда, жалпы орта білім беру және интернат үлгісіндегі ұйымдар арқылы ұсынылатын жалпы орта білім беретін мемлекеттік білім беру ұйымдарында (қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) білім берудің сапасын қамтамасыз етеді;
1-3) тірек мектептердің (ресурс орталықтарының) жұмыс істеуін, оның ішінде олардың шағын жинақты мектептермен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
2) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің сапасын қамтамасыз етеді;»;
мынадай мазмұндағы 6-2) тармақшамен толықтырылсын:
«6-2) отыз жылдан көп пайдаланылып отырған мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымдарының (қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) жай-күйін әрбір бес жыл сайын авариялығы тұрғысынан зерттеп-қарауды, сондай-ақ сейсмикалық қауіпті өңірлерде орналасқан мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарды, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымдарын сейсмикалық беріктігі тұрғысынан зерттеп-қарауды қамтамасыз етеді;»;
13-2), 14), 15) және 24-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«13-2) мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың сапасын қамтамасыз етеді, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қалалардағы аудандарда, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту ұйымдарында медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
14) облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қала) деңгейлерде жүзеге асырылатын, балаларға қосымша білім берудің сапасын қамтамасыз етеді;
15) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрларын қайта даярлау және қызметкерлерінің біліктілігін арттыру сапасын қамтамасыз етеді;»;
«24-2) мемлекеттік білім беру ұйымдарының сапалы кадрмен қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;»;
24-7) тармақша алып тасталсын;
24-8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«24-8) дуальды оқыту бойынша білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын даярлаудың сапасын қамтамасыз етеді;»;
3-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) кешкі (ауысымды) оқу нысанын қоса алғанда, орта білім беру және интернат үлгісіндегі білім беру ұйымдары (қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) арқылы ұсынылатын орта білім берудің сапасын қамтамасыз етеді;»;
4) тармақшадағы «білім алуды қамтамасыз етеді» деген сөздер «білім беруді ұйымдастырады және оның сапасын қамтамасыз етеді» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) балаларға арналған қосымша білім берудің сапасын қамтамасыз етеді;»;
мынадай мазмұндағы 12-1) және 12-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«12-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражаты есебінен орта білім беру объектілерін салуды, реконструкциялауды қамтамасыз етеді;
12-2) отыз жылдан көп пайдаланылып отырған мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымдарының (қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) жай-күйін әрбір бес жыл сайын авариялығы тұрғысынан зерттеп-қарауды, сондай-ақ сейсмикалық қауіпті өңірлерде орналасқан мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарды, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымдарын сейсмикалық беріктігі тұрғысынан зерттеп-қарауды қамтамасыз етеді;»;
18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«18) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрларын қайта даярлау және қызметкерлерінің біліктілігін арттыру сапасын қамтамасыз етеді;»;
24-2) тармақша алып тасталсын;
25-4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«25-4) мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілу сапасын қамтамасыз етеді;»;
4) 7-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілері техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізілімдерін, білім беру мониторингінің деректерін, әкімшілік деректерді және білім беру саласындағы уәкілетті орган мен ғылым және жоғары білім беру саласындағы уәкілетті орган, жергілікті атқарушы органдар, білім беру ұйымдары өз қызметін жүзеге асыру процесінде алған өзге деректерді де қамтиды.
Білім беру саласындағы уәкілетті орган мен ғылым және жоғары білім беру саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен ақпараттандыру объектілерінің деректеріне азаматтардың еркін қол жеткізуін қамтамасыз етуге міндетті.»;
5) мынадай мазмұндағы 8-3-баппен толықтырылсын:
«8-3-бап. Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары қызметкерлерінің штат саны мен штат кестесі
Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының штат саны мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгілік штаттарында айқындалады.
Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бірінші басшылары штат саны мен штат кестесін бекітеді.
Бірінші басшылар штат санының бекітілген лимиті шеңберінде басқарушы, әкімшілік және көмекші персоналдың штат саны мен штат кестесін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен, бірақ қаржы жылы ішінде бір реттен асырмай өзгертуге құқылы.»;
6) 9-1-баптың 5-тармағы «мамандандырылған» деген сөзден кейін «(бағдарламалық)» деген сөзбен толықтырылсын;
7) 17-бапта:
2-тармақта:
1) тармақшаның екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Білім беру бағдарламаларының мазмұны жалпы білім беретін, жалпы гуманитарлық, жалпы кәсіптік, арнаулы пәндерді зерделеуді, өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өтуді немесе жалпы білім беретін пәндер модулін және жалпыға міндетті, базалық және кәсіптік модульдерге интеграцияланған жалпы гуманитарлық, жалпы кәсіптік, арнаулы пәндерді зерделеуді, оқыту нәтижелеріне бағдарланған жұмысшы біліктіліктері беріле отырып, өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өтуді көздейді;»;
2) тармақшаның екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Білім беру бағдарламаларының мазмұны жалпы білім беретін, әлеуметтік-экономикалық, жалпы гуманитарлық, жалпы кәсіптік, арнаулы пәндерді зерделеуді, өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өтуді немесе жалпы білім беретін пәндер модулін және жалпыға міндетті, базалық және кәсіптік модульдерге интеграцияланған әлеуметтік-экономикалық, жалпы гуманитарлық, жалпы кәсіптік, арнаулы пәндерді зерделеуді, оқыту нәтижелеріне бағдарланған «орта буын маманы» біліктілігі және (немесе) жұмысшы біліктіліктері беріле отырып, өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өтуді көздейді.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Дуальды оқыту пайдаланылатын техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары білім беру ұйымдарындағы теориялық оқытуды және кәсіпорын (ұйым) базасында кәсіптік практика нысанындағы жалпы кәсіптік, арнаулы пәндердің және (немесе) базалық, кәсіптік модульдердің оқу уақыты көлемінің кемінде алпыс пайызын құрайтын өндірістік оқытуды көздейді.»;
8) 30-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының аумағындағы мектепке дейінгі ұйымдарға балаларды қабылдау білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілері арқылы есепке алудың, кезектіліктің және жолдама берудің бірыңғай базасы арқылы жүзеге асырылады.»;
9) 31-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. 1-сыныпқа оқуға балалар тестілік немесе конкурстық рәсімдерді қолданусыз, білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен алты жастан қабылданады.»;
2-тармақ «лицей,» деген сөзден кейін «желілік мектеп,» деген сөздермен толықтырылсын;
10) 37-2-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, медициналық, фармацевтикалық және педагогикалық білім беру бағдарламаларын іске асыруды жүзеге асыратын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында қашықтан оқытуға жол берілмейді.»;
11) 38-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Практиканың базалары болып табылатын кәсіпорындар (ұйымдар) өндірістік практикадан өту кезінде білім алушыға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбекақы төлеуді жүзеге асыруы мүмкін.»;
12) 39-бапта:
3-тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және мемлекеттік аттестаттаудан өткен білім беру ұйымдары;»;
мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
«9. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыларға білім туралы құжатпен қоса бір мезгілде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және нысан бойынша олардың практикалық дағдылар мен құзыреттерді меңгергенін растайтын құжат берілуі мүмкін.»;
13) 43-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 2-6) тармақшамен, 18) тармақшасындағы «енгізу жатады.» деген сөздер «енгізу;» деген сөзбен ауыстырылып, 19), 20), 21) және 22) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-6) оқу мақсаттарында қысқа мерзімді оқу жоспарларында көзделген жағдайларда орта білім беру ұйымдарында ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын пайдалану қағидаларын бекіту;»;
«19) білім беру сапасының мәдениетін қалыптастыруды қамтамасыз ету және сапаны ішкі қамтамасыз ету жүйесін құру;»;
20) білім беру ұйымдарында:
зорлық-зомбылықты насихаттайтын;
рухани (діни) білім беру ұйымдарында діни сипаттағы ақпаратты таратуды қоспағанда, осындай сипаттағы;
балаларды өз өміріне және (немесе) денсаулығына қатер төндіретін әрекеттер жасауға, оның ішінде суицидке итермелейтін;
балаларды қоғамға жат және құқыққа қарсы әрекеттерге арандататын;
қазақстандық қоғамның мәдени, адамгершілік және рухани құндылықтарына сәйкес келмейтін;
оқу процесіне қатысы жоқ өзге де ақпараттың таралуына жол бермеу шараларын қабылдау;
21) кәсіпорындарда (ұйымдарда) өндірістік оқытудан және кәсіптік практикадан өту кезеңінде ақылы қызметтерден алынған кірістер есебінен білім алушыларды жазатайым оқиғалардан ерікті негізде сақтандыру;
22) білім беру ұйымының ішкі тәртіптемесі қағидаларын сақтау жатады.»;
14) 45-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Педагогтерді мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарға, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымдарына жұмысқа қабылдау білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған білім беру саласындағы ақпараттандыру объектісі арқылы жүзеге асырылады.»;
15) 47-бап мынадай мазмұндағы 5-1 және 10-1-тармақтармен толықтырылсын:
«5-1. Ішкі істер органдарында есепте тұрған девиантты мінез-құлықты балалар басым тәртіппен проактивті форматта балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарына қабылданады және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен мемлекеттік спорттық және (немесе) шығармашылық тапсырысты орналастыру үшін ақпараттық жүйеде тіркеледі.»;
«10-1. Оқу мақсаттарында қысқа мерзімді оқу жоспарларында көзделген жағдайларды қоспағанда, орта білім беру ұйымдарында білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу процесі кезінде ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын пайдалануына жол берілмейді.»;
16) 49-бапта:
1-тармақ 5) тармақшасындағы «қызмет көрсетулер алуына құқығы бар.» деген сөздер «көрсетілетін қызметтер алуына;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) баланың оқу жетістіктерінің ағымдағы бағаларына және үй тапсырмаларына тегін электрондық қолжетімділікті алуына құқығы бар.»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) балалардың ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын пайдалануын, сондай-ақ балалардың өз денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпаратты орналастыратын интернет-ресурстарға кіруін бақылауды жүзеге асыруға;»;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларды белгілі бір академиялық кезеңге (семестрге немесе оқу жылына) басқа білім беру ұйымына (ел ішінде немесе шетелге) ауыстыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің жазбаша келісімімен, сондай-ақ академиялық кредиттер түрінде және (немесе) басқа білім беру ұйымында оқуды жалғастыру үшін меңгерген оқыту нәтижелерін (модульдерін), оқу бағдарламаларын, пәндерін міндетті түрде қайта сынақ есебіне жаза отырып жүзеге асырылады.»;
17) 55-баптың 7-тармағында:
2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: