«23-5) сертификаттау орталығы - 1970 жылғы Халықаралық автомобиль тасымалын жүргізетін автокөлік құралдары экипаждарының жұмысына қатысты Еуропалық келісім (ЕСТР) ережелеріне сәйкес электрондық (цифрлық) тахографтарға электрондық карточкаларды цифрлық сертификаттауды жүзеге асыратын заңды тұлға;
23-6) спутниктік навигация аппаратурасы - автокөлік құралына жаһандық навигациялық спутниктік жүйелердің сигналдары арқылы оның ағымдағы орналасқан жерін, жүру бағыты мен жылдамдығын айқындау, қосымша борт жабдығымен деректер алмасу үшін, сондай-ақ жылжымалы радиотелефон байланысы желілері арқылы ақпарат алмасу үшін орнатылатын аппараттық- бағдарламалық құрылғы;»;
31) тармақша алып тасталсын;
17-тармақтың 2) - 12) тармақшалары 2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
2) 11-бапта:
4-тармақтың бірінші бөлігінің 7) тармақшасындағы «арнайы автоматтандырылған өлшеу құралы» деген сөздер «автоматтандырылған өлшеу станциясы» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Автоматтандырылған өлшеу станциялары арқылы жүріп өту тәртібі автоматтандырылған өлшеу станцияларының жұмысын ұйымдастыру қағидаларында айқындалады.»;
3) 13-бапта:
13-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13-1) автоматтандырылған өлшеу станцияларының жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 13-2) және 23-21) тармақшалармен толықтырылсын:
«13-2) автомобиль көлігі құралдарының салмағын өлшеу станцияларының жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;»;
«23-21) автоматтандырылған өлшеу станцияларының тізілімін жүргізеді;»;
4) 19-4-баптың 1-тармағындағы «арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдары» деген сөздер «автоматтандырылған өлшеу станциялары» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 19-5-баптың 3-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) автоматтандырылған өлшеу станцияларын пайдалана отырып жүргізіледі.»;
6) 19-16-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органда тіркеу есебінен шығарылмаған автокөлік құралдарын кәдеге жаратуға тапсыруға тыйым салынады.»;
7) 19-17-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
«12) автомобиль көлігі құралдарының салмағын өлшеу станцияларының операторлары.»;
10-тармақтағы «тоқсандық» деген сөз «жартыжылдық» деген сөзбен ауыстырылсын;
8) 2-2-тарау мынадай мазмұндағы 19-18-баппен толықтырылсын:
«19-18-бап. Автомобиль көлігі құралдарының салмағын өлшеу станциялары
1. Автомобиль көлігі құралдарының салмағын өлшеу станцияларында автокөлік құралдарының салмақтық және габариттік параметрлерін өлшеу меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде автомобиль көлігі құралдарының салмағын өлшеу станцияларының операторындағы метрологиялық салыстырып тексеруден өткен өлшеу құралдарымен жүзеге асырылады.
Салмақтық және габариттік параметрлердің өлшемдері туралы деректер автомобиль көлігі құралдарының салмағын өлшеу станцияларының жұмысын ұйымдастыру қағидаларында айқындалатын тәртіппен зияткерлік көлік жүйесіне беріледі.
2. Автомобиль көлігі құралдарының салмағын өлшеу станцияларының операторлары өз қызметтерін жария шарт негізінде көрсетеді.»;
9) 20-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Әлеуметтік маңызы бар қатынастарда, сондай-ақ жолаушылар мен багажды қалалық (ауылдық), қала маңындағы қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауларда «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналардың, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдардың тегін жол жүруге, ал 15 жастан 18 жасқа дейінгі адамдардың жол жүру құжатының (билетінің) толық құнының елу пайызын төлей отырып, жол жүру құжатын (билетін) сатып алуға құқығы бар.»;
10) 22-бапта:
2-тармақтың 1-1) тармақшасы алып тасталсын;
3-тармақтың 1) тармақшасындағы «1-1),» деген цифрлар алып тасталсын;
11) 37-баптың 1-1-тармағы алып тасталсын;
12) 38-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен және ескертумен толықтырылсын:
«2-1. Техникалық жол берілетін ең жоғары массасы он екі тоннадан асатын автокөлік құралдарының иелері автоматтандырылған өлшеу станциялары жұмыс істейтін аймақ арқылы жүріп өткен кезде автоматтандырылған өлшеу станцияларының жұмысын ұйымдастыру қағидаларында айқындалған тәртіппен автоматтандырылған өлшеу станциясында осындай автокөлік құралының нақты салмақтық және габариттік параметрлерін өлшеуді қамтамасыз етуге міндетті.»;
«Ескерту. Автокөлік құралдарының меншік иелері, шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқару құқығында автокөлік құралдарын иеленетін тұлғалар, сондай-ақ автокөлік құралын экипажымен қоса жалдау шарты бойынша беру жағдайларын қоспағанда, автокөлік құралдары уақытша иеленуге және пайдалануға берілген тұлғалар; егер автокөлік құралы Қазақстан Республикасының аумағымен халықаралық тасымалдарды жүзеге асырса, көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан сақтанушылар осы баптың 2-1-тармағындағы автокөлік құралдарының иелері деп танылады.»;
17-тармақтың 13) тармақшасы 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
13) мынадай мазмұндағы 38-2-баппен толықтырылсын:
«38-2-бап. Жүктерді өзі аударғыш автомобильмен тасымалдау
Рұқсат етілген ең жоғары массасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген автокөлік құралының жол берілетін жалпы массасынан асатын жүктерді өзі аударғыш автомобильмен Қазақстан Республикасының жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарымен және елді мекендерінің көшелерімен тасымалдауға жол берілмейді.»;
17-тармақтың 14) тармақшасы 2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
14) 47-баптың 5-тармағындағы «Қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық облысаралық», «он» деген сөздер тиісінше «Ауданаралық (облысішілік қалааралық) облысаралық қалааралық», «сегіз» деген сөздермен ауыстырылсын;
17-тармақтың 15) тармақшасы 2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
15) 54-1-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Осы Заңның 11-бабының 4 және 5-тармақтарының қолданысы 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.».
18-тармақ 2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
18. «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 9-баптың 1-тармағында:
16) тармақшадағы «қадағалау қызметкерлері» деген сөздер «бақылау мен қадағалау жұмыскерлері және ішкі су көлігі саласындағы жұмыскерлер» деген сөздермен ауыстырылсын;
26-11) тармақшадағы «біліктілік комиссиялары туралы ережені,» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 26-33) тармақшамен толықтырылсын:
«26-33) уәкілетті органның кәсіпорны орындайтын жұмыстар мен көрсететін қызметтердің көлемдері мен құнын айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту;»;
2) 12-баптың 1 және 3-тармақтарындағы «құрылыстарын» деген сөз «құрылысжайларын (шлюздерді)» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 15-баптың 4-тармағы 1) тармақшасының бірінші бөлігі «ішкі су жолдарын» деген сөздерден кейін «және кеме қатынасы гидротехникалық құрылысжайларын (шлюздерді)» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 17-баптың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркелуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидаларына сәйкес жүргізілетін кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру;»;
5) 94-баптағы «құрылыстарын» деген сөз «құрылысжайларын (шлюздерді)» деген сөздермен ауыстырылсын.
19-тармақ 2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
19. «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
31-1-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі «(оның ішінде пилотсыз)» деген сөздер «, оның ішінде пилотсыз әуе кемелерін» деген сөздермен ауыстырылсын.
20-тармақ 2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
20. «Экспорттық бақылау туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1-баптың 3) тармақшасындағы «ұшқышсыз ұшу аппараттары» деген сөздер «пилотсыз әуе кемелері» деген сөздермен ауыстырылсын.
21. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
21-тармақтың 1) тармақшасының бірінші - он екінші абзацтары 2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлік - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым берген, пайдаланушының авиациялық жұмыстарға жіберілуін куәландыратын, белгіленген нысандағы құжат;»;
6-1) тармақша алып тасталсын;
10-1), 10-2), 10-3) және 10-4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«10-1) авиациялық медицина - авиациялық ұшуды медициналық қамтамасыз ету мәселелерін зерделеуге арналған медицина саласы;
10-2) авиациялық медициналық инспектор - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның авиациялық медицина саласында біліктілігі мен жұмыс тәжірибесі бар және азаматтық және эксперименттік авиация саласында сертификаттауды, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген авиация инспекторы;
10-3) авиациялық медициналық орталық - азаматтық авиация саласында медициналық куәландыруды жүзеге асыратын заңды тұлға;
10-4) авиациялық медициналық орталықтың сертификаты - авиациялық медициналық орталықтың сертификаттау талаптарына сәйкестігін куәландыратын, белгіленген үлгідегі құжат;»;
мынадай мазмұндағы 10-5), 10-6), 15-1) және 29-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«10-5) авиациялық медициналық сарапшы - авиациялық медициналық сарапшы сертификаты бар, авиациялық медицина саласында даярлықтан өткен және практикалық дағдылары мен еңбек өтілі бар, әуе кемелерінің ұшуын орындауға және қамтамасыз етуге және оларға техникалық қызмет көрсетуге, әуе қозғалысына қызмет көрсетуге тікелей байланысты адамдарды куәліктерді немесе біліктілік белгілерін алуға медициналық куәландырудан өткізу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым тағайындайтын дәрігер;
10-6) авиациялық медициналық сарапшының сертификаты - авиациялық медициналық сарапшыға медициналық куәландыру жүргізу және медициналық сертификат беру құқығын беретін, белгіленген үлгідегі құжат;»;
21-тармақтың 1) тармақшасының он үшінші абзацы 2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
«15-1) азаматтық авиация саласындағы төлемдер - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым көрсететін қызметтер үшін жеке және заңды тұлғалардың төлемақысы, сондай-ақ азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның бюджетіне ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тұрақты қадағалауды жүзеге асырғаны үшін заңды тұлғалардың міндетті аударымдары;»;
21-тармақтың 1) тармақшасының он төртінші - жиырма төртінші абзацтары 2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
«29-2) әділ мәдениет - осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, авиация персоналы және азаматтық авиация саласындағы өзге де жұмыскерлер азаматтық авиация саласындағы қателіктер немесе теріс қылықтар туралы хабарлайтын және жасалған қателіктер немесе теріс қылықтар үшін жауаптылықта болмайтын ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаты;»;
31) тармақшадағы «оларды пайдалануға жарамдылығының нормаларына» деген сөздер «сертификаттау талаптарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
38) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«38) әуежайдың (әуеайлақтың) авиациялық қауіпсіздік қызметінің сертификаты - әуежайдың (әуеайлақтың) авиациялық қауіпсіздік қызметінің сертификаттау талаптарына сәйкестігін куәландыратын, белгіленген үлгідегі құжат;»;
мынадай мазмұндағы 53-3) тармақшамен толықтырылсын:
«53-3) даярлаудың және бағалаудың құзыреттілік жүйесі - авиация персоналын даярлау және бағалау жүйесі, оған нәтижелерге бағдарлану, операцияларды орындау тиімділігінің стандарттарына және осы стандарттарды өлшеуге ерекше назар аудару, сондай-ақ белгіленген тиімділік стандарттары негізінде оқу курсын әзірлеу тән;»;
54-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«54-1) жерде қызмет көрсету - әуе қозғалысына қызмет көрсетуді қамтымайтын, әуе кемесі әуежайға (әуеайлаққа) келген немесе әуе кемесі әуежайдан (әуеайлақтан) жөнелтілген кезде қажетті қызмет көрсету;»;
мынадай мазмұндағы 54-2), 61-1) және 61-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«54-2) жерде қызмет көрсету қызметтерін беруші - әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушыны және өз әуе кемелеріне, жолаушыларға, багажға, жүктер мен поштаға өз бетінше қызмет көрсететін авиакомпанияны қоспағанда, әуежай (әуеайлақ) аумағында жерде қызмет көрсету қызметтерін көрсететін жеке немесе заңды тұлға;»;
«61-1) қауіпті жүктер - адамның өмірі мен денсаулығына, қауіпсіздігі мен мүлкіне немесе қоршаған ортаға қатер төндіретін, Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) қауіпті жүктерді әуемен қауіпсіз тасымалдау жөніндегі техникалық нұсқаулықтарында айқындалатын қауіпті жүктер тізбесінде көрсетілген бұйымдар немесе заттар;
21-тармақтың 1) тармақшасының жиырма бесінші абзацы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
61-2) қашықтан сәйкестендіру жүйесі - ұшуды орындау процесінде пилотсыз әуе кемесі туралы ақпаратты жергілікті трансляциялауды қамтамасыз ететін жүйе;»;
21-тармақтың 1) тармақшасының жиырма алтыншы - қырық екінші абзацтары 2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
65-1) тармақшадағы «санаттарға» деген сөз «деңгейлерге» деген сөзбен ауыстырылсын;
66-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«66-1) пилотсыз авиациялық жүйе - пилотсыз әуе кемесі және пилотсыз әуе кемесін әуе кеңістігінде қауіпсіз және тиімді пайдалану үшін қажетті онымен байланысты (пилотсыз әуе кемесін басқаратын байланыс арналары мен құрамдастарды қоса алғанда) элементтер;»;
мынадай мазмұндағы 66-2), 66-3), 66-4), 66-5), 66-6), 67-1) және 76-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«66-2) пилотсыз әуе кемелерінің ұшуына шектеу қойылған аймақ - Қазақстан Республикасы аумағының үстінде белгіленген мөлшерлердегі әуе кеңістігінің бір бөлігі, оның шегінде пилотсыз әуе кемелерінің ұшуына белгілі бір шарттармен шектеу қойылады;
66-3) пилотсыз әуе кемесі - дербес жұмыс істеуге және (немесе) бортында пилотсыз қашықтан басқаруға пайдаланылатын немесе арналған әуе кемесі;
66-4) рейс мәртебесінің өзгеруі - маршруттың жоспарланған бағыттан өзгеруі, рейстің кідіруі, рейс кестесінің өзгеруі, рейстің орындалмауы немесе рейстің ұшу (ұшып келу) уақытына немесе маршрутқа әсер ететін өзге де өзгеріс;
66-5) сараптамалық медициналық қорытынды - авиациялық медициналық инспектор даулы жағдайлар бойынша, қажет болған кезде авиация саласындағы басқа да мамандарды тарта отырып берген құжат;
66-6) сертификатталған әуеайлақ (тікұшақ айлағы) - пайдаланушысына әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификаты берілген әуеайлақ (тікұшақ айлағы);»;
«67-1) тип сертификаты - әуе кемелерін сертификаттауды жүзеге асыратын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым, азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйым немесе азаматтық әуе кемесі типінің конструкциясын, қозғалтқышты немесе әуе бұрандасын айқындау үшін шет мемлекет берген және конструкцияның ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігін растайтын құжат;»;
«76-2) ұшуға шектеу қойылған аймақ - Қазақстан Республикасы аумағының үстіндегі белгіленген мөлшерлердегі әуе кеңістігі, оның шегінде әуе кемелерінің ұшуына белгілі бір шарттармен шектеу қойылады;»;
78) тармақшадағы «ұшудың қауіпсіз жүргізілуін қамтамасыз ететін шаралар кешені, бұл ретте адамдардың өміріне немесе денсаулығына зиян келтіру немесе мүлкіне залал келтіру тәуекелі қолайлы деңгейге дейін төмендетіледі және қауіптілік көздерін анықтаудың және тәуекел факторларын бақылаудың үздіксіз процесі арқылы осындай не бұдан да төмен деңгейде сақталады» деген сөздер «адамдардың өміріне немесе денсаулығына зиян келтіру немесе мүлікке залал келтіру тәуекелі қолайлы деңгейге дейін төмендетілген және қауіптілік көздерін анықтаудың және тәуекел факторларын бақылаудың үздіксіз процесі арқылы осы не бұдан да төмен деңгейде тұратын жай-күй» деген сөздермен ауыстырылсын;
78-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«78-1) ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесі - ұйымдастырушылық құрылымды, жауапкершілік иерархиясын, міндеттерді, басшылық қағидаттары мен рәсімдерді қоса алғанда, ұшу қауіпсіздігін басқаруға арналған жүйелі тәсіл;»;
мынадай мазмұндағы 78-2) тармақшамен толықтырылсын:
«78-2) ұшу сынақтары - әуе кемесінің, күш қондырғыларының, авиациялық және арнаулы жабдықтың, қару-жарақтар мен басқа да авиациялық техниканың, аэродинамика және әуе кемелерінің, сондай-ақ олардың жүйелерінің беріктігі саласындағы зерттеулердің сипаттамаларын айқындау үшін және (немесе) азаматтық авиациялық техниканың ұшуға жарамдылығы талаптарына сәйкестігін айқындау үшін орындалатын ұшу;»;
80) және 81) тармақшалар алып тасталсын;
21-тармақтың 2) - 10) тармақшалары 2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
2) 3-баптың тақырыбындағы «пайдалануды және авиация қызметін реттейтін» деген сөздер «пайдалану және авиация қызметі туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 6-баптың 3-тармағының төртінші бөлігіндегі «сексен» деген сөз «жетпіс бес» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 7-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Егемендігі айқындалмаған, Қазақстан Республикасы әуе қозғалысына қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге жауапты болатын әуе кеңістігінде Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіпке сәйкес Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасы қолданылады.»;
5) 10-баптың 6-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жолданымдары бойынша не өз бастамасы бойынша азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның қызметшілері жасаған тексерулердің және бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарының қорытынды құжаттарының (актілердің, инспекторлық нұсқамалардың) күшін жоюға, оларды кері қайтарып алуға, тоқтата тұруға немесе өзгертуге құқылы.»;
6) 10-2-бапта:
3) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету, аспаптар арқылы ұшу схемаларын әзірлеу және аэронавигациялық карталарды жасау;»;
«9) құстар мен өзге де жануарлар туындататын қауіптерді басқару;»;
13) тармақша алып тасталсын;
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«14) жерде қызмет көрсету;»;
17) тармақшадағы «қамтамасыз ету жатады.» деген сөздер «қамтамасыз ету;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын:
«18) авиациялық оқиғалар туралы деректерді міндетті және ерікті түрде ұсыну жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету жатады.»;
7) 11-баптың 4-тармағындағы «қызметтік куәлігін» деген сөздер «авиация инспекторының куәлігін» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 12-баптың 5-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Авиация инспекторлары беретін инспекторлық нұсқамаларға азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға немесе сотқа шағым жасалуы мүмкін.»;
9) 12-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«12-1-бап. Азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігі жөніндегі бағдарлама
1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын мемлекеттік органдармен бірлесіп, Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасына сәйкес азаматтық авиация жүйесінің ауқымы мен күрделілігіне сәйкес келетін азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігі жөніндегі бағдарламаны әзірлейді және іске асырады, ол:
1) ұшу қауіпсіздігінің деңгейін арттыруға бағытталған қағидалар мен іс-шаралардың бірыңғай кешенін білдіреді;
2) пайдаланушылар мен азаматтық авиация ұйымдарының ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін тиімді іске асыруға және олармен тиісінше өзара іс-қимыл жасауға ықпал етеді;
3) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету тиімділігінің көрсеткіштерін мониторингтеуді және бағалауды қамтамасыз етеді;
4) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету тиімділігінің жалпымемлекеттік көрсеткіштерін қолдайды және жақсартады.
2. Азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігі жөніндегі бағдарлама:
1) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты, мақсаттар мен ресурстарды;
2) ұшу қауіпсіздігі үшін тәуекел факторларын мемлекеттік деңгейде басқаруды;
3) ұшу қауіпсіздігін мемлекеттік деңгейде қамтамасыз етуді;
4) ұшу қауіпсіздігі мәселелерін мемлекеттік деңгейде танымал етуді қамтиды.
3. Азаматтық авиациядағы ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету әуе кеңістігін пайдалануға байланысты қоғамдық қатынастардың барлық субъектілері қызметінің негізгі басымдығы және міндеттемесі болып табылады.»;
10) 12-2-бап мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) бағдарламаның негізгі бағыттары мен оны іске асыру тетігін, қажетті ресурстар мен оларды қаржыландыру көздерін, іске асырудан күтілетін нәтижені және индикаторларды қамтиды.»;
21-тармақтың 11) тармақшасының бірінші - он сегізінші абзацтары 2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
11) 14-бапта:
1-тармақта:
2-1) тармақша алып тасталсын;
14) тармақша «пайдаланушылардың» деген сөзден кейін «қызметі көрсетілетін қызметтерді ұсыну барысында әуе кемелерінің ұшуын орындаумен байланысты азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталықтарының» деген сөздермен толықтырылсын;
25) және 41-3) тармақшалар алып тасталсын;
41-14) тармақшадағы «мен оқыс оқиғалар» деген сөздер алып тасталсын;
41-20) тармақшадағы «үлгі» деген сөз «тип» деген сөзбен ауыстырылсын;
41-40) тармақшадағы «әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) азаматтық әуе кемелерін пайдалануға жарамдылығы» деген сөздер «азаматтық авиация әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын) пайдалануға жарамдылық» деген сөздермен ауыстырылсын;
41-46) және 41-53) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«41-46) Қазақстан Республикасында азаматтық әуе кемелерінің ұшуына құстар мен өзге де жануарлар туындататын қауіптерді басқару қағидаларын бекітеді;»;
«41-53) әуежайдың (әуеайлақтың) авиациялық қауіпсіздік қызметін сертификаттау және сертификат беру қағидаларын, сондай-ақ әуежайдың (әуеайлақтың) авиациялық қауіпсіздік қызметіне қойылатын сертификаттау талаптарын бекітеді;»;
41-60) тармақша алып тасталсын;
41-72) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«41-72) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде пилотсыз авиациялық жүйелерді пайдалану қағидаларын бекітеді;»;
41-73) тармақшадағы «әуежай аумағында» деген сөздер «әуежай (әуеайлақ) аумағында» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 41-74), 41-75), 41-76), 41-77) және 41-78) тармақшалармен толықтырылсын:
«41-74) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша жылына екі жүз мың жолаушыдан аз жолаушылар легімен операциялық шығындарды жабу үшін кірістердің жеткілікті деңгейін қамтамасыз етпейтін коммуналдық меншіктегі әуежайларды субсидиялау тәртібін бекітеді;
41-75) әуе кемесін жерде мұз қатуға қарсы қорғау жөніндегі қағидаларды бекітеді;
21-тармақтың 11) тармақшасының он тоғызыншы және жиырмасыншы абзацтары 2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
41-76) азаматтық авиация саласындағы төлемдерді алу қағидаларын бекітеді;
41-77) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы көрсетілетін қызметтерінің тізбесін және азаматтық авиация саласындағы төлемдер мөлшерлемелерін бекітеді;
21-тармақтың 11) тармақшасының жиырма бірінші - жиырма үшінші абзацтары 2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
41-78) монополияға қарсы органмен келісу бойынша инфрақұрылымдық алымдарды есептеу әдістемесін бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомствосы өз құзыреті шегінде осы Заңның 16-6-бабы 2-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген шараларды қолдануға құқылы.»;
21-тармақтың 12) тармақшасы 2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
12) 15-1-баптың 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 17), 18), 19), 20), 21), 22), 23), 24), 25), 26), 27), 28), 29), 30) және 31) тармақшалары алып тасталсын;
21-тармақтың 13) тармақшасының бірінші, екінші абзацтары 2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
13) 16-бапта:
1-тармақтағы «азаматтық авиация пайдаланушылары мен ұйымдарының, әуе кемелерінің,» деген сөздер «пайдаланушылардың және азаматтық авиация ұйымдарының, әуе кемелерінің, пилотсыз авиациялық жүйелердің,» деген сөздермен ауыстырылсын;