6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Пилотсыз авиациялық жүйелер пайдалану мақсатында меншік құқықтарын иемденген кезден бастап Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларында айқындалған тәртіппен азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымда немесе Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуе кемелерін тіркеу қағидаларында айқындалған тәртіппен мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органда есепке алуға немесе тіркелуге жатады.
Есепке алуға немесе тіркелуге жататын пилотсыз авиациялық жүйелердің санаттары Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларында немесе Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуе кемелерін тіркеу қағидаларында айқындалады.
Пилотсыз авиациялық жүйелерді пайдалану мақсатында иемденетін тұлғалар азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға есепке қою немесе тіркеу туралы өтінішпен жүгінеді.
7. Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген азаматтық әуе кемелері туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының пилотсыз авиациялық жүйелері тізілімінде тіркелген немесе есепте тұрған пилотсыз авиациялық жүйелер туралы мәліметтер мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органға беріледі.»;
21-тармақтың 34) - 45) тармақшалары 2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
34) 46-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 4-1) тармақшасындағы «бір» деген сөз «екі» деген сөзбен ауыстырылсын;
35) 47-бапта:
тақырып «кемелерін» деген сөзден кейін «, пилотсыз авиациялық жүйелерді» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақта:
бірінші бөліктегі «ұшуға жарамды» деген сөздер «ұшуды орындау үшін жарамды» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлікте:
«жарақтандырылған» деген сөзден кейін «, ұшуға жарамдылықта ұсталған» деген сөздермен толықтырылсын;
«ұшуға» деген сөз «ұшуды орындау үшін» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
«Тиісті санаттар үшін пилотсыз авиациялық жүйелердің ұшуға жарамдылығын сертификаттауды Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде пилотсыз авиациялық жүйелерді пайдалану қағидаларында айқындалған тәртіппен пилотсыз авиациялық жүйелерді пайдаланушыларды біріктіретін коммерциялық емес ұйымдарды тарта отырып, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым жүзеге асырады.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Пилотсыз авиациялық жүйе ұшуды орындау үшін жарамды болуға тиіс және Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде пилотсыз авиациялық жүйелерді пайдалану қағидаларына сәйкес пайдалануға жіберіледі.»;
5-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Пилотсыз авиациялық жүйелердің ұшуға жарамдылығын ұстап тұру Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде пилотсыз авиациялық жүйелерді пайдалану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.»;
6-тармақтың екінші бөлігінде:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргізу қағидаларына сәйкес әуе кемесін ұшу алдында қарап-тексеру (дайындау) орындалмаған;»;
4) тармақшадағы «(регламентке) сәйкес» «орындалмаған жағдайларда ұшуды орындауға тыйым салынады.» деген сөздер тиісінше «сәйкес», «орындалмаған;» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:
«5) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым бекіткен жабдықтың ең аз тізбесін және конфигурацияның ауытқулар тізбесін ескере отырып, қауіпсіз пайдалануға әсер ететін ақаулар мен зақымданулар жойылмаған;
6) әуе кемесі авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі талаптар бұзыла отырып пайдалануға жіберілген;
7) бекітілген техникалық қызмет көрсету бағдарламасының және сенімділік бағдарламасының тиімділігін жыл сайынғы бағалау орындалмаған;
8) ұшу қауіпсіздігіне қатысты азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның хабарламасын қоса алғанда, әуе кемесіне, оның бөлшектері мен құрамдастарына қатысты ұшуға жарамдылық жөніндегі директива мерзімінде орындалмаған;
9) әуе кемесінің массасы мен оны орталықтау жөніндегі деректер әуе кемесінің ағымдағы конфигурациясына сәйкес келмеген жағдайларда ұшуды орындауға тыйым салынады.»;
8-тармақта:
үшінші бөліктің бірінші абзацы және 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«Әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын бағалау:
1) әуе кемесінің пайдалану-техникалық құжаттамасын, ұшуға жарамдылықты ұстап тұру жөніндегі есептік деректерді тексеруді;»;
төртінші және бесінші бөліктер алып тасталсын;
8-1-тармақта:
бірінші бөліктің бірінші абзацында:
«Арнайы ұшуға рұқсат» деген сөздер «Арнаулы ұшуды орындауға рұқсат (ұшуға жарамдылықтың арнайы сертификаты)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«қолданыстағы ұшуға» деген сөздер «, осы Заңның 44-бабында көзделген жағдайлардан басқа, Қазақстан Республикасының Азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген және қолданыстағы ұшуға» деген сөздермен ауыстырылсын;
«сертификаты жоқ» деген сөздерден кейін «немесе ұшуға жарамдылық сертификатын беру үшін белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік алып тасталсын;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Арнаулы ұшуды орындауға арналған рұқсатты беру алдында азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым ұшуды қауіпсіз орындау үшін әуе кемесінің жай-күйіне бағалау жүргізуге және оны пайдалануға қажетті шектеулер белгілеуге міндетті. Арнаулы ұшуды орындау кезінде әуе кемесінің бортында жолаушылар тасымалдауға тыйым салынады.»;
12-тармақта:
«Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және оның ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінен шығарылған азаматтық әуе кемесін экспорттау үшін» деген сөздер «Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінен алып тастауға жататын азаматтық әуе кемесін экспорттау үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және оның ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидаларына сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл құжат ұшуды орындау мақсаты үшін жарамды болып табылмайды және экспорттаушы мемлекеттің әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы жай-күйінің соңғы тексеруінің оң нәтижелерін растауы болады.»;
36) 48-бапта:
2-тармақта:
бірінші бөлікте:
«(регламенттері)» деген сөз алып тасталсын;
«жүзеге асырылады» деген сөздерден кейін «, бұлар, егер кемені тіркеген мемлекет болып табылмаса, пайдаланушының мемлекетімен келісіледі» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші және үшінші бөліктердегі «(регламентін)» деген сөз алып тасталсын;
4-тармақтың бірінші бөлігі «сертификаттауды» деген сөзден кейін «авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымдарға қойылатын сертификаттау талаптарына сәйкес» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақ «ұйым» деген сөзден кейін «толық немесе ішінара» деген сөздермен толықтырылсын;
37) 49-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Пилотсыз авиациялық жүйелерді тіркеу кезінде оларға мемлекеттік белгілер және тіркелетін танылым белгілері беріледі, олар пилотсыз әуе кемелеріне азаматтық және эксперименттік әуе кемелеріне мемлекеттік белгілер, тіркелетін танылым белгілері мен қосымша белгілерді салу тәртібіне сәйкес салынады.»;
38) 54-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қызметі әуе кемелерінің ұшуын орындаумен байланысты азаматтық авиацияның сертификатталған авиациялық оқу орталығы өз қызметтерін көрсету барысында ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі үлгілік нұсқаулыққа сәйкес орындалатын жұмыстардың көлемі мен күрделілігіне қарай ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін ендіруге міндетті.»;
мынадай мазмұндағы 2-3-тармақпен толықтырылсын:
«2-3. Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының нұсқаушы және емтихан алушы персоналы азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларында айқындалатын тәртіппен азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен келісіледі. Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының нұсқаушы және емтихан алушы персоналына қойылатын біліктілік талаптары авиациялық оқу орталықтарына қойылатын сертификаттау талаптарында белгіленеді.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Авиация персоналына жататын адамдар кәсіптік қызметті жүзеге асыру үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен келісілген бағдарламалар бойынша кәсіптік даярлықтан өтуге міндетті.
Әуе кемелерінің ұшуын орындаумен және қамтамасыз етумен және оларға техникалық қызмет көрсетумен, әуе қозғалысына қызмет көрсетумен тікелей байланысты адамдар кәсіптік қызметке осындай қызметті жүзеге асыру құқығына арналған қолданыстағы куәлігі, қолданыстағы біліктілік белгілері және (немесе) тиісті сыныптағы медициналық сертификаты болған кезде жіберіледі.
Авиация персоналы куәлігін беру және оның қолданылу мерзімін ұзарту, сондай-ақ біліктілік белгілері мен арнайы белгілер енгізу және олардың қолданылу мерзімін ұзарту азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен авиация персоналы куәліктерін беру және олардың қолданылу мерзімін ұзарту тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.
Жеңіл және аса жеңіл авиацияның авиация персоналы куәлігіне біліктілік белгілері мен арнайы белгілер енгізуді әуе кемелерін пайдаланушыларды біріктіретін коммерциялық емес ұйым авиация персоналы куәліктерін беру және олардың қолданылу мерзімін ұзарту тәртібіне сәйкес жүзеге асырады.»;
5-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым авиация персоналы куәліктерін шет мемлекеттердің авиациялық билігі куәліктерде берілетін құқықтарды және біліктілік белгілері мен арнайы белгілердің қолданылу мерзімдерін қиындықсыз айқындай алатындай етіп ресімдеуді қамтамасыз етеді.»;
6-4-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) авиация персоналының куәлігі жоғалған, ұрланған, бүлінген немесе оның иесі тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) ауыстырған;»;
3) тармақшадағы «қайтыс болған;» деген сөздер «қайтыс болған жағдайларда, тоқтатылады.» деген сөздермен ауыстырылып, 4) тармақша алып тасталсын;
7-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Әуе қозғалысына қызмет көрсетумен тікелей байланысты авиация персоналының жұмыс уақыты режимінің ерекшеліктері әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықта айқындалады.»;
10-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Психикалық белсенді заттарды тұтынатын (тұтынған) барлық куәлік иелері анықталады және ұшу қауіпсіздігіне әсер ететін функцияларды орындаудан босатылады.»;
39) мынадай мазмұндағы 54-1-баппен толықтырылсын:
«54-1-бап. Азаматтық авиация саласындағы медициналық қамтамасыз ету
1. Авиация персоналына, сондай-ақ міндетті медициналық куәландыруға және медициналық қарап-тексеруге жататын адамдар санатына қойылатын азаматтық авиация саласындағы медициналық куәландыру, медициналық қарап-тексеру жөніндегі талаптар Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасы негізінде әзірленген және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы медициналық куәландыру және қарап-тексеру қағидаларында белгіленеді.
2. Авиация персоналын медициналық куәландыруды авиациялық медициналық орталықтарда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым сертификаттаған авиациялық медициналық сарапшылар жүргізеді. Жеңіл және аса жеңіл авиация пилоттарын медициналық куәландыруды авиациялық медициналық сарапшы жүргізе алады, оған қойылатын талаптар азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекітетін авиациялық медициналық сарапшыларды тағайындау қағидаларында белгіленеді.
Авиациялық медициналық сарапшылар медициналық куәландыру жөніндегі талаптарды бұзғаны үшін жауаптылықта болады.
Авиациялық медициналық орталықтарға қойылатын сертификаттау талаптарын бұзушылық анықталған жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым:
1) авиациялық медициналық орталық сертификатының иесінен осы Заңның 16-3-бабына сәйкес түзету іс-қимылдарының жоспарын ұсынуды және оны орындауды талап етеді;
2) егер түзету іс-қимылдарының жоспарында келісілген мерзімдерде сертификаттау талаптарын бұзушылық жойылмаса, авиациялық медициналық орталықтың осындай сертификатының (немесе сертификатта көрсетілген қызметтің рұқсат етілген түрлерінің (кіші түрлерінің) қолданылу аясын толық не ішінара тоқтата тұрады;
3) авиациялық медициналық орталық сертификатын, егер оның қолданылуы тоқтатыла тұрған күннен бастап бір жыл ішінде сертификаттау талаптарын бұзушылық жойылмаса, кері қайтарып алады.
Авиациялық медициналық орталық сертификатының қолданылуына авиациялық медициналық орталықтарды сертификаттау қағидаларына сәйкес оның иесінің өтініші бойынша да толық не ішінара шектеу қойылуы мүмкін.
Авиациялық медициналық сарапшыларға қойылатын сертификаттау талаптарын бұзушылық анықталған жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым:
1) авиациялық медициналық сарапшыларға қойылатын сертификаттау талаптарын бұзушылықтар жойылғанға дейін үш айға дейінгі мерзімге авиациялық медициналық сарапшының осындай сертификатының (немесе сертификатта көрсетілген қызметтің рұқсат етілген түрлерінің (кіші түрлерінің) қолданылуы аясын толық не ішінара тоқтата тұрады;
2) авиациялық медициналық сарапшы сертификатын, егер оның қолданылуы тоқтатыла тұрған күннен бастап үш ай ішінде сертификаттау талаптарын бұзушылық жойылмаса, кері қайтарып алады.
Авиациялық медициналық сарапшы сертификатының қолданылуы:
1) медициналық куәландыру және сертификаттау талаптары бөлігінде Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары бұзылған;
2) авиациялық медициналық сарапшы сертификатының иесі өтінішті үш айдан аспайтын мерзімге берген жағдайларда тоқтатыла тұрады.
Авиациялық медициналық сарапшының сертификаты:
1) авиациялық медициналық сарапшы сертификатының қолданылуы тоқтатыла тұрған күннен бастап үш ай ішінде сәйкессіздік жойылмаған;
2) авиациялық медициналық сарапшы сертификатының иесі өтініш берген жағдайларда кері қайтарып алынады.
Авиациялық медициналық сарапшы сертификатын тоқтата тұру және кері қайтарып алу тәртібі авиациялық медициналық сарапшыларды тағайындау қағидаларында айқындалады.
Авиациялық медициналық сарапшы сертификатының қолданылуына авиациялық медициналық сарапшыларды тағайындау қағидаларына сәйкес оның иесінің өтініші бойынша да толық не ішінара шектеу қойылуы мүмкін.
Авиациялық медициналық сарапшыға қатысты азаматтық авиация саласындағы медициналық куәландыруға қойылатын талаптарды бұзушылық анықталған жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым:
1) азаматтық авиация саласындағы медициналық куәландыруға қойылатын талаптарды бұзушылық анықталған кезде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес шаралар қабылдау үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға материалдарды береді;
2) азаматтық авиация саласындағы медициналық куәландыруға қойылатын талаптарды бұзушылық әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған кезде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес шаралар қабылдау үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға материалдарды қайта береді және авиациялық медициналық сарапшы сертификатын кері қайтарып алады.
3. Медициналық куәландырудан өту кезінде медициналық куәландырудан өтуге өтініш беруші авиациялық медициналық сарапшыға өзіне белгілі және ұшуды орындау үшін қауіп төндіретін ауруларының бар екені туралы ақпаратты хабарлауға міндетті.
Денсаулық жағдайына қойылатын талаптарға сай келмеген жағдайда медициналық сертификат, егер мынадай шарттар сақталса:
1) сараптамалық медициналық қорытындыда өтініш берушінің қандай да бір талапқа сай келмеуі ұшу қауіпсіздігіне қатер төндірмейтіні көрсетілсе;
2) өтініш берушінің тиісті қабілеттері, біліктілігі мен тәжірибесі, сондай-ақ оның жұмыс істеу жағдайлары тиісті түрде ескерілсе;
3) куәлікте арнайы шектеу немесе шектеулер туралы белгі қойылса, беріледі немесе қайта жаңартылады.
Әуе кемелерінің ұшуын орындаумен және қамтамасыз етумен, әуе қозғалысына қызмет көрсетумен тікелей байланысты адамның медициналық куәландырудан өту кезінде өзіне белгілі және ұшуды орындау үшін қауіп төндіретін ауруларының бар екені туралы ақпаратты жасыруы анықталған жағдайда, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым:
1) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес шаралар қабылдау үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға материалдарды береді және бұзушылықтар жойылғанға дейін авиация персоналы куәлігінің қолданылуын тоқтата тұрады;
2) әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде бұзушылық қайталап жасалған кезде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес шаралар қабылдау үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға материалдарды қайта береді және авиация персоналы куәлігін кері қайтарып алады.»;
40) 55-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі «жұмысқа жалдану үшін» деген сөздер алып тасталсын;
41) 58-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«58-бап. Авиация ұйымдарының ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты басшы қызметкерлері
1. Ұшу қызметінің басшысы, ұшу қауіпсіздігі жөніндегі инспекция басшысы, ұшуға жарамдылығын ұстап тұру жөніндегі басшы, авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу басшысы, сапаны бақылау қызметінің басшысы (жеңіл және аса жеңіл авиацияны қоспағанда) азаматтық және эксперименттік авиация ұйымдарының ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты басшы қызметкерлері деп танылады.
Азаматтық авиация ұйымдарының басшы қызметкерлеріне қойылатын біліктілік талаптары азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға және авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымдарға қойылатын сертификаттау талаптарында белгіленеді.
2. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыруға дербес жауапкершілік пайдаланушының және азаматтық авиация ұйымының бірінші басшысына жүктеледі.
Пайдаланушының бірінші басшысы лауазымына кандидаттың Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес құжатпен расталатын, азаматтық авиация саласындағы басшы лауазымдарда кемінде 3 жыл (немесе тағайындалған күннен бастап үш ай ішінде ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі курсты кейіннен өту шартымен басқа салалардағы басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл) жұмыс тәжірибесі болуға тиіс.»;
42) 59-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Пайдаланушы ұшуды қауіпсіз жүргізуге және Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының сақталуына жауапты болады.»;
43) 60-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бастапқы сертификаттау кезінде өтініш беруші жоспарланған қызметті жүзеге асыру және ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін авиация персоналын кәсіптік даярлауға, әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығын ұстап тұруға, жабдықтар, құралдар сатып алуға, еңбекақы қорына қаржы ресурстарын бөлуді және өзге де шығыстарды қамтитын қызметтің толық қаржылық-экономикалық жоспарын ұсынады. Қызметтің қаржылық-экономикалық жоспарын пайдаланушы сертификатын алуға үміткер заңды тұлғаның меншік иесі (қатысушылары, акционерлері) бекітеді. Жеткілікті қаржы ресурстарының болуы өтініш берушінің банктік шотынан соңғы үш айдағы тиісті үзінді көшірмемен расталады.»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым осы Заңның 16-3-бабы 5-тармағының екінші бөлігіне және 39-бабының 5-1-тармағына сәйкес, сондай-ақ:
1) егер өтініш берушіге қатысты соттың заңды күшіне енген, оған осы қызмет түрін көрсетуге тыйым салатын шешімі болған;
2) пайдаланушының жазбаша өтініші болған жағдайларда, пайдаланушы сертификатын және (немесе) авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікті кері қайтарып алады.
Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушының сертификатын және (немесе) авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікті кері қайтарып алу тәртібі тиісінше азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау және оның сертификатын беру қағидаларында және пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жіберу қағидаларында айқындалады.»;
44) 61-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы «сексен» деген сөз «жетпіс бес» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «сексен» деген сөз «жетпіс бес» деген сөздермен ауыстырылсын;
45) 64-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Сертификатталған әуеайлақты (тікұшақ айлағын), азаматтық авиация әуежайын пайдаланушы ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін ендіруге міндетті, ол жүзеге асырылатын әуежай қызметінің көлемі мен күрделілігіне сәйкес келуге тиіс.»;
мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:
«4. Жылына екі жүз мың жолаушыдан кем жолаушылар легімен операциялық шығындарды жабу үшін кірістердің жеткілікті деңгейін қамтамасыз етпейтін коммуналдық меншіктегі азаматтық авиация әуежайлары облыстардың жергілікті атқарушы органдарының шешімдері негізінде бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жатады.
5. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың азаматтық авиация әуежайын пайдаланушының аса маңызды ұшуға жетекшілік ететін лауазымды адамы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметімен келісу бойынша тағайындалады. Әуежайды пайдаланушының бірінші басшысына тікелей бағынатын Қазақстан Республикасының азаматы ғана республикалық маңызы бар қаланың, астананың азаматтық авиация әуежайын пайдаланушының аса маңызды ұшуға жетекшілік ететін лауазымды адамы бола алады.»;
21-тармақтың 46) тармақшасының бірінші - тоғызыншы абзацтары 2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
46) 65-бапта:
1-тармақта:
екінші және үшінші бөліктердегі «әуежайды» «әуежай аумағында», «әуежайдың» деген сөздер тиісінше «әуежайды (әуеайлақты)», «әуежай (әуеайлақ) аумағында» «әуежайдың (әуеайлақтың)» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші бөлікте:
«Әуежайды» деген сөзден кейін «(әуеайлақты)» деген сөзбен толықтырылсын;
«жүзеге асыратын әуежай қызметінің түрі жерде қызмет көрсету деп танылады» деген сөздер «жерде қызмет көрсетуді жүзеге асырады» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «әуежайды», «әуежай аумағына», «әуежай аумағында», «Әуежай» деген сөздер тиісінше «әуежайды (әуеайлақты)», «әуежай (әуеайлақ) аумағына», «әуежай (әуеайлақ) аумағында», «Әуежай (әуеайлақ)» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
«Әуежайды», «әуежайдың» деген сөздер тиісінше «Әуежайды (әуеайлақты)», «әуежайдың (әуеайлақтың)» деген сөздермен ауыстырылсын;
21-тармақтың 46) тармақшасының оныншы абзацы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«өтемақы төлемін төлеу» деген сөздер «инфрақұрылымдық алым» деген сөздермен ауыстырылсын;
21-тармақтың 46) тармақшасының он бірінші абзацы 2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
4 және 5-тармақтардағы «Әуежайды», «әуежайдың» деген сөздер тиісінше «Әуежайды (әуеайлақты)», «әуежайдың (әуеайлақтың)» деген сөздермен ауыстырылсын;
21-тармақтың 47) - 69) тармақшалары 2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
47) 65-1-баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде:
«Ішкі рейстерге» деген сөз «Рейстерге» деген сөзбен ауыстырылсын;
«жоғалған заттарды табу бюросы» деген сөздер «багажды іздестіру пункті, сақтау камералары» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
«Аэровокзалдардағы медициналық пункттерге қойылатын талаптар азаматтық авиацияда жолаушыларға медициналық көмек көрсету қағидаларында белгіленеді.»;
48) 66-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөліктегі «Азаматтық» деген сөз «Сертификатталмайтын әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын), уақытша әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын) және қону алаңдарын қоспағанда, азаматтық» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Азаматтық авиация пайдаланатын сертификатталмайтын әуеайлақтар (тікұшақ айлақтары), уақытша әуеайлақтар (тікұшақ айлақтары) және қону алаңдары азаматтық авиация сала сындағы уәкілетті орган бекіткен сертификатталмайтын әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының), уақытша әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) және қону алаңдарының пайдалануға жарамдылығы нормаларына сәйкес келуге тиіс.»;