21-тармақтың 13) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтары 2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Азаматтық авиация саласындағы сертификаттау үшін азаматтық авиация саласындағы төлемдерді алу қағидаларында, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы көрсетілетін қызметтерінің тізбесінде және азаматтық авиация саласындағы төлемдер мөлшерлемелерінде айқындалған тәртіппен және мөлшерлерде азаматтық авиация саласындағы төлемдер алынады. Азаматтық авиация саласындағы сертификаттау көрсетілген төлемдер азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның бюджетіне төленгеннен кейін жүзеге асырылады.»;
21-тармақтың 13) тармақшасының бесінші - жиырма үшінші абзацтары 2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
6-тармақта:
бірінші бөліктегі «1-санат, 2-санат және 3-санат болып үш санатқа» деген сөздер және «1-деңгей, 2-деңгей және 3-деңгей болып үш деңгейге» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1-деңгейге қызметті жүзеге асыруға кедергі келтіретін сертификаттау талаптарына сәйкессіздік жатады.»;
үшінші бөліктегі «санатқа» деген сөз «деңгейге» деген сөзбен ауыстырылсын;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3-деңгейге қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін және өндірісті жетілдіру кезінде жойылуға тиісті сертификаттау талаптарына сәйкессіздік жатады.»;
7-тармақтағы «3-санаттағы» деген сөздер «1-деңгейдегі» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтың бірінші бөлігінде:
бірінші абзацтағы «санаттағы» деген сөз «деңгейдегі» деген сөзбен ауыстырылсын;
1) тармақшадағы «мерзім белгілейді» деген сөздер «мерзімді келіседі» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «бекітеді» деген сөз «келіседі» деген сөзбен ауыстырылсын;
9-тармақта:
бірінші бөлік «тексеру» деген сөзден кейін «немесе бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарын» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлікте:
«ұйым белгілеген» деген сөздер «ұйыммен келісілген» деген сөздермен ауыстырылсын;
«2-санаттағы» деген сөздер «2-деңгейдегі» деген сөздермен ауыстырылсын;
«3-санаттағы» деген сөздер «1-деңгейдегі» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктегі «1-санаттағы» деген сөздер «3-деңгейдегі» деген сөздермен ауыстырылсын;
21-тармақтың 14) - 17) тармақшалары 2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
14) 16-3-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бірінші деңгейдегі бұзушылыққа:
1) авиация инспекторын құжаттамаға, пайдаланушының және (немесе) азаматтық авиация ұйымдарының объектілеріне (әуе кемелерін, ғимараттарды, құрылысжайларды, әуежайларды (әуеайлақтарды), аэронавигациялық қызмет көрсету объектілерін, авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымдарды, ұшуға жарамдылық ұйымдарын, шеберханаларды, перрондарды, жүктерді өңдеу аймақтарын, авиациялық оқу орталықтарын, ангарларды, отын сақтау қоймаларын, қызметтік үй-жайларды қоса алғанда) жіберуден бас тарту;
2) ұсынылған құжаттарды бұрмалау арқылы пайдаланушының немесе азаматтық авиация ұйымының сертификат (авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлік) алуы, сертификаттау талаптарына сәйкестікте ұстап тұруы;
3) пайдаланушының немесе азаматтық авиация ұйымының заңға қайшы іс-қимылдар жасауы немесе сертификатты (авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікті) заңсыз пайдалануы;
4) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның бекітуіне жататын құжаттамаға осындай ұйымның тиісті бекітуінсіз өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;
5) екінші деңгейдегі бұзушылық кезінде пайдаланушының немесе азаматтық авиация ұйымының түзету іс-қимылдарының жоспарын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға оған бағалау жүргізу үшін белгіленген мерзімде ұсынбауы немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым келіскен немесе ұзартқан мерзімдерде түзету іс-қимылдарын орындамауы;
6) әуе кемесін пайдаланушының азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға авиациялық оқиға туралы деректерді белгіленген мерзімде ұсынбауы;
7) осы Заңға сәйкес сертификаттың (авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәліктің) қолданылуын тоқтата тұруға не сертификатты (авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікті) кері қайтарып алуға негіз болған өзге де жағдайлар кіреді.»;
5-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы баптың 2-тармағы екінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында көзделген бірінші деңгейдегі бұзушылықтарға жол берілген жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым сертификатты (авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікті) кері қайтарып алады.»;
6-тармақтың бірінші бөлігінде:
1) тармақшадағы «мерзім белгілейді. Азаматтық авиация пайдаланушысы немесе ұйымы» деген сөздер «мерзімді келіседі. Пайдаланушы немесе азаматтық авиация ұйымы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «азаматтық авиация пайдаланушысы немесе ұйымы», «бекітеді», «Азаматтық авиация пайдаланушысы немесе ұйымы» деген сөздер тиісінше «пайдаланушы немесе азаматтық авиация ұйымы», «келіседі», «Пайдаланушы немесе азаматтық авиация ұйымы» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақта:
бірінші бөліктегі «азаматтық авиация пайдаланушысының немесе ұйымының», «тексеру» деген сөздер тиісінше «пайдаланушының немесе азаматтық авиация ұйымының», «тексеру немесе бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «азаматтық авиация пайдаланушысы немесе ұйымы», «ұйым белгілеген» деген сөздер тиісінше «пайдаланушы немесе азаматтық авиация ұйымы», «ұйыммен келісілген» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтағы «азаматтық авиация пайдаланушылары мен ұйымдары», «белгіленген» деген сөздер тиісінше «пайдаланушылар мен азаматтық авиация ұйымдары», «келісілген» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 16-4-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «, сондай-ақ авиациялық қауіпсіздіктің жай-күйін шолу» деген сөздер алып тасталсын;
16) 16-6-бапта:
2-тармақтың 2) тармақшасындағы «авиация персоналының біліктілігі туралы ақпаратты қоса алғанда, азаматтық авиацияның пайдаланушылары мен ұйымдарынан ақпарат, құжаттар сұратуға, сондай-ақ оларды ұсыну мерзімдерін белгілей отырып, өз функцияларын орындау үшін қажетті түсініктемелер мен материалдарды талап етуге» деген сөздер «пайдаланушылардан және азаматтық авиация ұйымдарынан ұсыну мерзімдерін белгілей отырып, авиация персоналының біліктілігі туралы ақпаратты қоса алғанда, ақпарат, құжаттар сұратуға, сондай-ақ өз функцияларын орындау үшін қажетті түсініктемелер мен материалдарды талап етуге, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ықтимал кемшіліктерді анықтау мақсатында авиация персоналына сауалнама жүргізуге» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың 3) тармақшасы «тексеру» деген сөзден кейін «немесе бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарын» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақтағы «Азаматтық авиацияның пайдаланушысы немесе ұйымы», «қызметтік куәлікті» деген сөздер тиісінше «Пайдаланушы немесе азаматтық авиация ұйымы», «авиация инспекторы куәлігін» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтың бірінші абзацы «үшін» деген сөзден кейін «азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның қаражаты есебінен» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 8 және 9-тармақтармен толықтырылсын:
«8. Авиация инспекторлары өздерінің қызметтік міндеттерін атқармағаны немесе тиісінше атқармағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
9. Авиация инспекторларының:
1) өздерінің материалдық мүдделерін, жұбайының (зайыбының), жақын туыстарының, жекжаттарының және (немесе) өзге де тұлғалардың материалдық мүдделерін қанағаттандыруға байланысты мәселелерді шешу кезінде өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін пайдалануына;
2) шешімдер дайындау мен қабылдау кезінде жеке және (немесе) заңды тұлғаларға құқыққа сыйымсыз артықшылық беруіне;
3) осы Заңға сәйкес жүктелген функцияларды орындау кезінде алынған ақпаратты, егер мұндай ақпарат ресми таратуға жатпайтын болса, жеке немесе топтық мүдделерде пайдалануына;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында берілуі көзделмеген ақпаратты жеке немесе заңды тұлғалардан талап етуіне тыйым салынады.
Авиация инспекторының осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптарын бұзуы, егер онда бұл қылмыстық құқық бұзушылық не әкімшілік құқық бұзушылық белгілері болмаса, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түрінде тәртіптік жаза қолдануға не жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзуға алып келеді.»;
17) 16-9-баптың 2-тармағында:
4) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасына сәйкес нұсқамалық материалдарды әзірлейді және бекітеді, сондай-ақ ұшуға жарамдылығы жөніндегі директивалар мен өзге де директивалар шығарады;»;
«6) Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының пилотсыз авиациялық жүйелерінің тізілімін жүргізеді;»;
9) тармақшада:
«пайдаланушының сертификатын,» деген сөздерден кейін «пилотсыз авиациялық жүйелерді пайдаланушы сертификатын,» деген сөздермен толықтырылсын;
«орталығының сертификатын,» деген сөздерден кейін «тренажердің сәйкестік сертификатын,» деген сөздермен толықтырылсын;
«ұшуға жарамдылығы сертификатын,» деген сөздерден кейін «пилотсыз авиациялық жүйелердің ұшуға жарамдылығы сертификатын,» деген сөздермен толықтырылсын;
«жете тексеруді ұйымдастыруы жөніндегі сертификатты» деген сөздер «сертификатын» деген сөзбен ауыстырылсын;
«орталықтың сертификатын» деген сөздерден кейін «, азаматтық әуе кемесі данасының ұшуға жарамдылығы нормаларына сәйкестігі куәлігін» деген сөздермен толықтырылсын;
10) тармақшада:
«(авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәліктерге)» деген сөздерден кейін «, елді мекендердің халық тығыз орналасқан аудандарының үстінен пилотсыз авиациялық жүйелерді қолданып ұшуды орындауға арналған рұқсаттарға, пилотсыз авиациялық жүйелерді қолданып авиациялық жұмыстарды орындауға арналған рұқсаттарға» деген сөздермен толықтырылсын;
«енгізеді, сертификаттарды (авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәліктерді)» деген сөздерден кейін «, елді мекендердің халық тығыз орналасқан аудандарының үстінен пилотсыз авиациялық жүйелерді қолданып ұшуды орындауға арналған рұқсаттарды, пилотсыз авиациялық жүйелерді қолданып авиациялық жұмыстарды орындауға арналған рұқсаттарды» деген сөздермен толықтырылсын;
«сертификаттау талаптарын» деген сөздер «белгіленген талаптарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
«кезде сертификаттарды (авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәліктерді)» деген сөздерден кейін «, елді мекендердің халық тығыз орналасқан аудандарының үстінен пилотсыз авиациялық жүйелерді қолданып ұшуды орындауға арналған рұқсаттарды, пилотсыз авиациялық жүйелерді қолданып авиациялық жұмыстарды орындауға арналған рұқсаттарды» деген сөздермен толықтырылсын;
15) тармақшадағы «жете тексеруді жүзеге асыратын» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
«15-1) осы Заңда белгіленген жағдайларда әуе кемесін пайдалануға шектеулер белгілейді (тыйым салуды енгізеді) не әуе кемесін жерде кідіртеді;»;
16) тармақша «қамтамасыз етілуін» деген сөздерден кейін «, аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз етілуін, аспаптар арқылы ұшу схемаларының әзірленуін және аэронавигациялық карталардың жасалуын» деген сөздермен толықтырылсын;
27) тармақшадағы «мен оқыс оқиғалар» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 30-1), 30-2), 30-3), 30-4), 30-5), 30-6) және 30-7) тармақшалармен толықтырылсын:
«30-1) елді мекендердің халық тығыз орналасқан аудандарының үстінен пилотсыз авиациялық жүйелерді қолданып ұшуды орындауға арналған рұқсат береді;
30-2) пилотсыз авиациялық жүйелерді қолданып, авиациялық жұмыстарды орындауға арналған рұқсатты береді;
30-3) авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау және қайта даярлау бағдарламасына сәйкес авиациялық қауіпсіздік жөніндегі персоналды жұмысқа жіберуді жүзеге асырады;
30-4) авиация персоналының куәліктерін беруге байланысты даярлау мен бағалаудың құзыреттілік жүйесін іске асыруды жүзеге асырады;
30-5) ұшу қауіпсіздігі және авиациялық қауіпсіздік мәселелері бойынша шет мемлекеттердің авиациялық билігімен және мамандандырылған халықаралық ұйымдармен халықаралық ынтымақтастықты, оның ішінде ынтымақтастық туралы екіжақты келісімдер жасасу, тәжірибе және ақпарат алмасу, сондай-ақ халықаралық азаматтық авиация ұйымдарында Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ету арқылы жүзеге асырады;
30-6) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасынан орын алған айырмашылықтар туралы Халықаралық азаматтық авиация ұйымын (ИКАО) уақтылы хабардар етуді және оларды аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жариялауды қамтамасыз етеді;
30-7) жеке және заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратады;»;
21-тармақтың 18) тармақшасы 2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
18) 16-10-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның қызметін қаржыландыру азаматтық авиация саласындағы төлемдердің түсімдері есебінен жүзеге асырылады, олар қызметтер көрсетуге арналған шығыстарды өтеу, оның қызметінің шығынсыз болуын қамтамасыз ету және өз кірістері есебінен қаржыландыру үшін жеткілікті болуға тиіс.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым азаматтық авиация саласындағы төлемдерді алу қағидаларында айқындалатын тәртіппен азаматтық авиация саласындағы төлемдерді алуға құқылы.»;
21-тармақтың 19) тармақшасы 2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
19) 16-11-бап алып тасталсын;
21-тармақтың 20) - 28) тармақшалары 2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
20) 2-1-тарау мынадай мазмұндағы 16-13-баппен толықтырылсын:
«16-13-бап. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның бірінші басшысы
1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметінен босатылады.
2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның бірінші басшысы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға басшылықты жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйымға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларды жүзеге асыруына дербес жауаптылықта болады.»;
21) 17-бапта:
2-тармақта:
1) тармақшада:
«, жергілікті әуе желілерінде» деген сөздер алып тасталсын;
«әуеайлақтар аумағында» деген сөздер «әуеайлақтар (тікұшақ айлақтары) аудандарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
«аэронавигациялық ұйымның» деген сөздер «аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшада:
«және жергілікті әуе желілерінен» деген сөздер алып тасталсын;
«аэронавигациялық ұйымның» деген сөздер «аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың бірінші бөлігіндегі «, сондай-ақ сыныпталмайтын әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) аудандарын» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Егемендігі айқындалмаған әуе кеңістігінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы әуе қозғалысына қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге жауапты болатын шектес мемлекеттердің берілген әуе кеңістігінде әуе қозғалысын ұйымдастыруды және оған қызмет көрсетуді азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші жүзеге асырады.
Жекелеген әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) аудандарында әуе қозғалысына қызмет көрсетуді жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші жүзеге асыра алады.»;
8-тармақтағы «органмен» деген сөз «ұйыммен» деген сөзбен ауыстырылсын;
22) 19-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі «әуе кемелерінің ұшуына шектеу қойылған аймақтар» деген сөздерден кейін «, пилотсыз әуе кемелерінің ұшуына шектеу қойылған аймақтар» деген сөздермен толықтырылсын;
23) 20-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) дүлей зілзалалар кезінде халыққа медициналық және (немесе) гуманитарлық көмек көрсету үшін әуе кемелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халқына медициналық және (немесе) гуманитарлық көмек көрсету үшін сыртқы саяси қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік орган растаған шетелдік әуе кемелері;»;
24) 21-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында, сондай-ақ егемендігі айқындалмаған, Қазақстан Республикасы әуе қозғалысына қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге жауапты болатын әуе кеңістігінде аэронавигациялық ақпарат беруді қамтамасыз етеді.
Аэронавигациялық ақпаратты қамтамасыз ету Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттарына және азаматтық авиацияда аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.»;
25) 24-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«24-бап. Әуе кемесінің ұшу жоспары
Жоспарланған ұшуға немесе ұшудың бір бөлігіне қатысты әуе қозғалысына қызмет көрсету және (немесе) әуе қозғалысын басқару органдарына жіберілуге жататын ақпарат осы Заңда көзделген әуе кеңістігін пайдалануға арналған рұқсаттар болған кезде және:
1) ұшу жоспары ұсынылатын жағдайлар;
2) ұшу жоспарын ұсыну, ұшу жоспарына өзгерістер енгізу және оны жабу тәртібі, сондай-ақ ұшу жоспарының мазмұны;
3) бақыланбайтын әуе кеңістігіндегі ұшу туралы хабарлау тәртібі айқындалатын Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларына сәйкес ұшу жоспары нысанында беріледі.»;
26) 27-бапта:
1-тармақтың 6) тармақшасы «болғызбау жағдайларын» деген сөзден кейін «және (немесе) әуе қозғалысына қызмет көрсету органы әуе трассасынан тыс ұшуды орындауға рұқсат берген кездегі жағдайларды» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтың екінші бөлігі «бойынша» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларына сәйкес» деген сөздермен толықтырылсын;
27) 30-баптың 5-тармағындағы «кезінде радиоалмасу фразеологиясының» деген сөздер «кезіндегі фразеология және радиоалмасу» деген сөздермен ауыстырылсын;
28) 31-бапта:
2-тармақ «Әуе кемелерінің» деген сөздерден кейін «және пилотсыз әуе кемелерінің» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтағы «ұшу аппараттарының» деген сөздер «әуе кемелерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
21-тармақтың 29) тармақшасының бірінші - он екінші абзацтары 2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
29) 33-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«33-бап. Пилотсыз авиациялық жүйелерді қолданып ұшу»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Пилотсыз әуе кемесі Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде пилотсыз авиациялық жүйелерді пайдалану қағидаларында және пилотсыз әуе кемесінің пайдалану құжаттамасында белгіленген шарттар сақталып, адамдардың өміріне немесе денсаулығына зиян келтіру, мүлікті зақымдау (бүлдіру) қатері, басқа әуе кемелері үшін қауіп барынша азайтылып пайдаланылуға тиіс.»;
2-тармақта:
«Қалалардың немесе кенттердің» деген сөздер «Елді мекендердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
«ұшу аппаратының» деген сөздер «әуе кемесінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
«ұшу аппараттарын» деген сөздер «авиациялық жүйелерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «ұшу аппараттарының» деген сөздер «әуе кемелерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «ұшу аппараттары» және «ұшу аппараттарының» деген сөздер тиісінше «әуе кемелері» және «әуе кемелерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5, 6, 7, 8 және 9-тармақтармен толықтырылсын:
21-тармақтың 29) тармақшасының он үшінші абзацы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«5. Қашықтан сәйкестендіру жүйесі жоқ немесе қашықтан сәйкестендіру жүйесі жұмыс істемейтін пилотсыз авиациялық жүйелерді қолданып ұшу Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде пилотсыз авиациялық жүйелерді пайдалану қағидаларында айқындалатын жағдайларда және тәртіппен шектеледі.
21-тармақтың 29) тармақшасының он төртінші - он жетінші абзацтары 2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
6. Осы баптың ережелерін бұзғаны үшін пилотсыз авиациялық жүйелерді пайдаланушылар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жауаптылықта болады.
7. Сериялы шығаруға арналған жаңа конструкциядағы (жаңа типтегі) пилотсыз авиациялық жүйенің зауыттық, мемлекеттік және пайдалану сынақтарынан өткеннен кейін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым берген сәйкестік сертификаты болуға тиіс.
8. Пилотсыз авиациялық жүйенің сәйкестік сертификатын беруді Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде пилотсыз авиациялық жүйелерді пайдалану қағидаларына сәйкес азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым жүзеге асырады.
9. Бекітілген типтік конструкциясы жоқ пилотсыз авиациялық жүйенің әрбір данасында оның конструкциясының, сипаттамаларының және пайдалану-техникалық құжаттамасының Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде пилотсыз авиациялық жүйелерді пайдалану қағидаларына сәйкестігіне азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым берген сәйкестік куәлігі болуға тиіс.»;
21-тармақтың 30) - 32) тармақшалары 2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
30) 41-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігі «ұшу» деген сөзден кейін «, әуе қозғалысына қызмет көрсету органы әуе трассасынан тыс ұшуды орындауға рұқсат берген кездегі жағдайларды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтағы «жергілікті әуе желілері,» деген сөздер алып тасталсын;
4-тармақтың бірінші абзацындағы «тәртіптен» деген сөз «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
31) 42-бапта:
тақырып «кемелерінің» деген сөзден кейін «және пилотсыз авиациялық жүйелердің» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Пилотсыз авиациялық жүйелердің сыныптамасы пилотсыз әуе кемесінің ұшу-техникалық сипаттамалары мен деректеріне қарай Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде пилотсыз авиациялық жүйелерді пайдалану қағидаларында айқындалады.»;
32) 43-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«43-бап. Типті сертификаттау»;
1-тармақта:
орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
«кемесінің» деген сөзден кейін «, қозғалтқыштың және әуе винтінің» деген сөздермен толықтырылсын; «ол» деген сөз «олар» деген сөзбен ауыстырылсын;
«оның» деген сөз «олардың» деген сөзбен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
2-тармақтағы «кемелерінің үлгісін сертификаттау Үлгіні сертификаттау және сертификат» деген сөздер «кемесінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің типін сертификаттау Сертификаттау және тип сертификатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «үлгі» деген сөз «тип» деген сөзбен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Азаматтық әуе кемесінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің бекітілген типтік конструкциясының немесе ұшуға жарамдылығына әсер ететін олардың пайдалану-техникалық құжаттамасының барлық өзгерістері тип сертификатына қосымшаны алу үшін немесе сертификаттау және тип сертификатын беру қағидаларында айқындалатын жағдайларда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның қосымша сертификаттауына, модификацияны немесе жөндеуді бекітуді алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның конструкцияның өзгерістерін бағалауына жатады.»;
21-тармақтың 33) тармақшасының бірінші - үшінші абзацтары 2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
33) 45-бапта:
тақырып «тіркеу» деген сөзден кейін «, пилотсыз авиациялық жүйелерді тіркеу және есепке алу» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтың екінші бөлігінің 3) тармақшасындағы «әуе кемесінің» деген сөздер алып тасталсын;
21-тармақтың 33) тармақшасының төртінші абзацы 2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
3-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
21-тармақтың 33) тармақшасының бесінші - тоғызыншы абзацтары 2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді