3. Пайдаланушылар мен азаматтық және эксперименттік авиация ұйымдары авиациялық жағдайлар туралы ақпаратты:
1) авиациялық жағдайлар туралы хабарлайтын немесе есептерде аталатын адамдарға кінәні немесе жауаптылықты жүктеу;
2) ұшу қауіпсіздігін қолдаудан немесе арттырудан басқа кез келген өзге де мақсаттар үшін бермеуге немесе пайдаланбауға тиіс.
4. Авиациялық жағдай туралы есепте аталатын және дәл сол жағдайлар туралы өзіне белгілі болған кезден бастап хабарлауға міндетті болған, жұмыс берушінің ішкі қағидаларында белгіленген мерзімде қасақана хабарламаған азаматтық және эксперименттік авиация саласының жұмыскері жауаптылыққа тартылуы мүмкін.
5. Егер тәртіптік немесе әкімшілік іс жүргізу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қозғалған болса, авиациялық жағдайлар туралы есептерде қамтылған ақпарат авиациялық жағдайлар туралы құлақтандырған азаматтық және эксперименттік авиация саласының жұмыскеріне немесе авиациялық жағдайлар туралы есепте аталған адамға қарсы пайдаланылмайды.
6. Пайдаланушылар мен азаматтық және эксперименттік авиация ұйымдары жұмыскерлермен консультациядан кейін әділ мәдениетті іске асыру тәртібін белгілейтін ішкі қағидаларды қабылдайды. Әділ мәдениетті іске асыру осы Заңның 92-1 және 92-3-баптарының және осы баптың ережелеріне, сондай-ақ азаматтық және эксперименттік авиациядағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалардың деректерін ұсыну және оларды тергеп-тексеру қағидаларында көзделген талаптарға сәйкес жүзеге асырылуға тиіс.
7. Авиациялық жағдайлар туралы хабарлайтын немесе есептерде аталатын авиация персоналы мен азаматтық және эксперименттік авиация саласының жұмыскерлері туралы ақпаратқа, олардың дербес деректеріне авиациялық жағдайлар туралы есептерді жинауға, бағалауға, өңдеуге, талдауға және сақтауға тікелей тартылған пайдаланушының және азаматтық және эксперименттік авиация ұйымының жұмыскерлері ғана қол жеткізе алады.
8. Авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру талаптарына сәйкес талап етілетін жағдайларды қоспағанда, авиациялық жағдайлар туралы хабарлайтын немесе есептерде аталатын адамдардың дербес деректері жария етілмейді, дерекқорларға енгізілмейді және қолжетімділігі шектеулі ақпарат болып табылады.
9. Авиация персоналы мен азаматтық және эксперименттік авиация саласының өзге де жұмыскерлері осы бап ережелерінің бұзылуы туралы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға хабарлауға құқылы және бұл үшін жұмыс беруші оларды жауаптылыққа тартпауға тиіс.
92-3-бап. Авиациялық жағдайларды талдау және тиісті (түзетуші) шараларды қабылдау
1. Пайдаланушылар мен азаматтық және эксперименттік авиация ұйымдары анықталған авиациялық жағдайларға байланысты ұшу қауіпсіздігіне төнетін қатерлерді анықтау мақсатында авиациялық жағдайларды талдау процесін әзірлейді.
2. Талдау нәтижелері бойынша пайдаланушы мен азаматтық және эксперименттік авиация ұйымы ұшу қауіпсіздігі саласындағы нақты немесе ықтимал кемшіліктерді жою үшін қажетті кез келген тиісті түзету немесе алдын алу іс-қимылдарын:
1) осы іс-қимылдарды уақтылы орындай отырып;
2) іс-қимылдардың іске асырылуы мен тиімділігін мониторингтеу процесін белгілей отырып айқындайды.
3. Пайдаланушылар мен азаматтық және эксперименттік авиация ұйымдары авиация персоналы мен азаматтық және эксперименттік авиация саласындағы өзге де жұмыскерлерге авиациялық жағдайлар туралы деректерді міндетті және ерікті түрде ұсыну жүйесі шеңберінде талдау нәтижелері бойынша қолданылған шаралар туралы ақпаратты ұдайы беруге тиіс.
4. Пайдаланушылар мен азаматтық және эксперименттік авиация ұйымдары өз талдауларының алдын ала нәтижелерін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға жіберуге, сондай-ақ түпкі нәтижелерді, егер бұл нәтижелер ұшу қауіпсіздігі үшін нақты немесе ықтимал тәуекелді сәйкестендірсе, жіберуге тиіс.
5. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым пайдаланушылар мен азаматтық және эксперименттік авиация ұйымдары ұшу қауіпсіздігі саласындағы нақты немесе ықтимал кемшіліктерді жою үшін қажетті түзету немесе алдын алу іс-қимылдарын талдау және орындау бойынша жүргізетін жұмыстарға мониторингті жүзеге асырады.»;
64) 93-бапта:
2-тармақтың төртінші бөлігінде:
«оқыс оқиғаларды» деген сөздер «оқыс оқиғалардың деректерін ұсыну және оларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші сөйлем «органға» деген сөзден кейін «және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтың бірінші бөлігіндегі және 5-тармақтағы «оқиғаларды» деген сөз «оқиғалардың деректерін ұсыну және оларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
65) 93-1-баптың 4-тармағында:
3) тармақша «оқиғаларды тергеп-тексеру» деген сөздер «оқиғалардың деректерін ұсыну және оларды тергеп-тексеру» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақша «оқиғаларға тергеп-тексеру жүргізу» деген сөздер «оқиғалардың деректерін ұсыну және оларды тергеп-тексеру» деген сөздермен ауыстырылсын;
66) 94-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«94-бап. Мемлекеттік авиация саласындағы авиациялық оқиғаларды немесе оқыс оқиғаларды сыныптау және есепке алу
1. Мемлекеттік авиация саласындағы авиациялық оқиғаларды немесе оқыс оқиғаларды сыныптауды және есепке алуды мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік авиациядағы авиациялық оқиғаларды немесе оқыс оқиғаларды сыныптау және есепке алу Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясындағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидаларында айқындалады.
3. Мемлекеттік авиация саласындағы авиациялық оқиғаларды немесе оқыс оқиғаларды есепке алу үшін мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі нақты немесе ықтимал кемшіліктер туралы ақпарат жинауға жәрдемдесу мақсатында авиациялық оқиғалар немесе оқыс оқиғалар туралы деректерді ұсыну жүйесін құрады.
Осы жүйені құру тәртібі Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясындағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидаларында айқындалады.»;
67) 105-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігінің жетінші абзацы «кемесін» деген сөзден кейін «адамды» деген сөзбен толықтырылсын;
2-тармақта:
мынадай мазмұндағы 1-1) және 2-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) авиациялық жұмыстарды орындау кезінде пилотсыз авиациялық жүйеге бөгде адамдардың кіруін болғызбау;»;
«2-1) пилотсыз әуе кемесін сақтау орнына заңсыз кіру және бағдарламалық қамтылымның және (немесе) жабдықтың конфигурациясын заңсыз өзгерту мүмкіндігін болғызбайтын пилотсыз авиациялық жүйені тиісінше сақтау;»;
3) тармақша «кемелерінде» деген сөзден кейін «, оның ішінде пилотсыз әуе кемелерінде» деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақша «кемелерін» деген сөзден кейін «, пилотсыз авиациялық жүйелерді» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-3) және 6-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«6-3) азаматтық авиация мақсаттары үшін пайдаланылатын ақпараттық технологиялар мен байланыс технологияларының және деректердің маңызды жүйелерінің қауіпсіздік шаралары;
6-4) пилотсыз авиациялық жүйелерді құқыққа қарсы пайдалануды болғызбайтын бағдарламалық-техникалық құралдармен пилотсыз авиациялық жүйелерді жарақтандыру;»;
3-тармақтағы «нұсқаулықтың» деген сөз «нұсқаулықтан үзінді көшірменің» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-2-тармақпен толықтырылсын:
«3-2. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде пилотсыз авиациялық жүйелерді пайдалану қағидаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, пилотсыз авиациялық жүйені бөгде адамға беруге тыйым салынады.»;
4-1-тармақтағы «, сынақтар мен шолулар» деген сөздер «мен сынақтар» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақта:
1) тармақшада:
«пайдаланушылар мен» деген сөздер «пайдаланушыларды,» деген сөзбен ауыстырылсын;
«пайдаланушыларды және» деген сөздер «, авиациялық жұмыстарды орындайтын пилотсыз авиациялық жүйелерді пайдаланушыларды және» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы «қызметінің қарап тексеруін ұйымдастыруды» деген сөздер «қызметін» деген сөзбен ауыстырылсын;
7) тармақшадағы «жүргізу;» деген сөз «жүргізу арқылы жүзеге асырылады.» деген сөздермен ауыстырылып, 8) тармақша алып тасталсын;
10-тармақтағы «және авиациялық қауіпсіздіктің жай-күйіне шолуларды» деген сөздер алып тасталсын;
68) 106-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігіндегі «бірінші басшысына тікелей бағынатын және оның Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша тағайындалатын орынбасары (аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысын қоспағанда) болып табылатын» деген сөздер «, сондай-ақ аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің бірінші басшысына тікелей бағынатын және оның орынбасары болып табылатын, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша тағайындалатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ 5) тармақшасындағы «басшысына жүктеледі.» деген сөздер «басшысына;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) пилотсыз авиациялық жүйелерді пайдаланушыға жүктеледі.»;
69) 107-баптың 3-тармағындағы «сыныпталмайтын әуеайлақта, уақытша әуеайлақта,» деген сөздер «сертификатталмайтын әуеайлақта (тікұшақ айлағында), уақытша әуеайлақта (тікұшақ айлағында) және» деген сөздермен ауыстырылсын.
22. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 134-баптың 2-тармағының 4-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1) автомобиль жолдары туралы заңнамаға сәйкес жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жасау, сондай-ақ жол активтерін басқару;»;
22-тармақтың 2) тармақшасы 2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
2) 140-баптың 2-1-тармағы алып тасталсын.
23. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 2-бапта:
1) және 1-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
23-тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацы 2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
«1) автоматтандырылған электрондық кезек жүйесі (бұдан әрі - электрондық кезек жүйесі) - автомобиль көлігі құралдарының Қазақстан Республикасынан шығу кезінде автомобиль өткізу пункттеріне кіру уақытын броньдауға арналған бағдарламалық-аппараттық кешен;
1-1) арнаулы құралдар - құқыққа қайшы әрекеттердің жолын кесу не әскери қызметшілерді, уәкілетті органдардың қызметкерлерін және Мемлекеттік шекараны қорғауға қатысатын азаматтарды жеке қорғау және бүркемелеу мақсатында құқық бұзушыларға, олар пайдаланатын көлік пен объектілерге дене күшімен, жарақаттау арқылы, химиялық, электрлік, психологиялық, назарын басқа жаққа аудару жолымен немесе өзге де әсер етуге арналған құралдар;»;
мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:
«1-2) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қамтамасыз ету - пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруге тартылған және арналған адамдарды, багажды және жүктерді кемелермен тасымалдау жөніндегі қызмет, сондай-ақ пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру жөніндегі операцияларды қолдап отыру үшін пайдаланылатын Қазақстан Республикасының порттарына, теңіз терминалдарына, айлақтық құрылысжайларына және арналарға қызмет көрсетуге және оларды пайдалануға кемелерді пайдаланумен байланысты қызмет;»;
23-тармақтың 2) тармақшасы 2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
2) 14-баптың 6-тармағының 2) тармақшасындағы «пилотсыз ұшу аппаратын» деген сөздер «пилотсыз әуе кемесін» деген сөздермен ауыстырылсын;
23-тармақтың 3) тармақшасы 2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
3) 15-баптың 5-тармағының 3) тармақшасындағы «пилотсыз ұшу аппаратын» деген сөздер «пилотсыз әуе кемесін» деген сөздермен ауыстырылсын;
23-тармақтың 4) тармақшасы 2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
4) 19-бап мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
«8-1. Автомобиль көлігі құралдарын, жүктер мен тауарларды Мемлекеттік шекара арқылы, оның ішінде электрондық кезек жүйесін пайдалана отырып өткізу Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен келісу бойынша салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган және кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен ақылы негізде жүзеге асырылуы мүмкін.
Бұл ретте айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолдану туралы уақтылы орындалмаған қаулысы және (немесе) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамасы, ақылы автомобиль жолдарымен (учаскелерімен) жүріп өткені үшін берешегі бар автомобиль көлігі құралдарының иелері - бейрезиденттер және электрондық кезек жүйесін пайдаланушылар - бейрезиденттер мұндай төлемдер мен айыппұлдарды төлегенге дейінгі электрондық кезек жүйесінде тіркелуге жатпайды.
Электрондық кезек жүйесін әзірлеуді, ендіруді және оның жұмыс істеуін, сондай-ақ автомобиль көлігі құралдарын, жүктер мен тауарларды Мемлекеттік шекара арқылы өткізгені және электрондық кезекті брондағаны үшін төлемақы алу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен келісу бойынша салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган және кеден ісі саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін қолдану не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де тетіктерді қолдану арқылы жүзеге асырады.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі шеңберінде электрондық кезек жүйесін пайдалана отырып, автомобиль көлігі құралдарын, жүктер мен тауарларды Мемлекеттік шекара арқылы өткізу кезінде ақы төленетін өзге де көрсетілетін қызметтерді ұсынуға тыйым салынады.
Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, автомобиль көлігі құралдарын, жүктер мен тауарларды Мемлекеттік шекара арқылы өткізгені, сондай-ақ олардың электрондық кезек бойынша өткені үшін төлемақы мөлшерін монополияға қарсы органмен келісу бойынша салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган және кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайды.»;
23-тармақтың 5) - 8) тармақшалары 2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
5) 30-баптың 4) тармақшасындағы «өзге де, оның ішінде пилотсыз ұшу аппараттары» деген сөздер «өзге де ұшу аппараттары, оның ішінде пилотсыз әуе кемелері» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 49-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы «аппаратты» деген сөз «әуе кемесін» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 56-баптың 36-1) тармақшасындағы «ұшу аппараттарын» деген сөздер «әуе кемелерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 73-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 3), 4) және 5) тармақшаларындағы «аппараттарға», «аппараттар», «аппараттарды» деген сөздер тиісінше «әуе кемелеріне», «әуе кемелері», «әуе кемелерін» деген сөздермен ауыстырылсын.
24-тармақ 2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
24. «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
77-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарын есепке алу және оқу топтарын тіркеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.».
25-тармақ 2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
25. «Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы» 2015 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 5-баптың 2-тармағының 20-1) тармақшасындағы «ұшу аппараттарын» деген сөздер «әуе кемелерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 23-бапта:
1-тармақтың 11) тармақшасындағы «ұшу аппараттарының» деген сөздер «әуе кемелерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 9) тармақшасындағы «ұшу аппараттарына» деген сөздер «әуе кемелеріне» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 24-баптың 1-тармағының 15) тармақшасындағы «ұшу аппараттарының» деген сөздер «әуе кемелерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 25-баптың 1-тармағының 6) тармақшасындағы «ұшу аппараттарының» деген сөздер «әуе кемелерінің» деген сөздермен ауыстырылсын.
26-тармақ 2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
26. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты ендіру және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жекелеген функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1-баптың 3-тармағы 21) тармақшасының жиырма екінші абзацындағы «жүру жолында» деген сөздер алып тасталсын.
2-бап. Осы Заң:
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағының 1) тармақшасын, 15-тармағы 1) тармақшасының алтыншы және жетінші абзацтарын, 3) тармақшасының төртінші - оныншы абзацтарын;
2) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 1) тармақшасын, 2) тармақшасының үшінші абзацын, 3) тармақшасын, 2-тармағын, 3-тармағының 2) тармақшасын, 4, 5, 6, 8, 9, 10, 11 және 12-тармақтарын, 13-тармағының 1) тармақшасын, 14-тармағы 1) тармақшасының үшінші абзацын, 6) тармақшасының үшінші абзацын, 8) тармақшасының бірінші - үшінші абзацтарын, 11) тармақшасын, 12) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 15-тармағы 1) тармақшасының бірінші - бесінші абзацтарын, 2) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 3) тармақшасының бірінші - үшінші абзацтарын, 4) - 9) тармақшаларын, 16-тармағын, 17-тармағы 1) тармақшасының екінші - алтыншы абзацтарын, 2) - 12), 14) және 15) тармақшаларын, 18, 19 және 20-тармақтарын, 21-тармағы 1) тармақшасының бірінші - он екінші, он төртінші - жиырма төртінші, жиырма алтыншы - қырық екінші абзацтарын, 2) - 10) тармақшаларын, 11) тармақшасының бірінші - он сегізінші, жиырма бірінші - жиырма үшінші абзацтарын, 12) тармақшасын, 13) тармақшасының бірінші, екінші, бесінші - жиырма үшінші абзацтарын, 14) - 17), 20) - 28) тармақшаларын, 29) тармақшасының бірінші - он екінші, он төртінші - он жетінші абзацтарын, 30) - 32) тармақшаларын, 33) тармақшасының бірінші - үшінші, бесінші - тоғызыншы абзацтарын, 34) - 45) тармақшаларын, 46) тармақшасының бірінші - тоғызыншы, он бірінші абзацтарын және 47) - 69) тармақшаларын, 23-тармағының 2), 3), 5) - 8) тармақшаларын, 24, 25 және 26-тармақтарын;
3) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 13-тармағының 2) тармақшасын, 23-тармағы 1) тармақшасының үшінші абзацын және 4) тармақшасын;
4) 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 21-тармағы 1) тармақшасының он үшінші абзацын, 11) тармақшасының он тоғызыншы және жиырмасыншы абзацтарын, 13) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын, 18) және 19) тармақшаларын, 33) тармақшасының төртінші абзацын және 22-тармағының 2) тармақшасын;
5) 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 14-тармағы 8) тармақшасының төртінші - алтыншы абзацтарын, 21-тармағы 1) тармақшасының жиырма бесінші абзацын, 29) тармақшасының он үшінші абзацын және 46) тармақшасының оныншы абзацын;
6) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 17-тармағы 1) тармақшасының сегізінші және тоғызыншы абзацтарын және 13) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2022 жылғы 29 желтоқсан
№ 174-VІІ ҚРЗ