10) банктің атқарушы органы орналасқан елді мекенде автоматтандырылған банктік ақпараттық жүйеге орталықтандырылған қолжетімділік бар меншікті үй-жайының болуын растайтын мәліметтер мен құжаттар қоса берілуге тиіс, бұл жүйеге қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделеді.»;
8-тармақтың 7) тармақшасы 2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
7) 20-баптың 6-тармағында:
төртінші бөлік «Уәкілетті орган» деген сөздерден кейін «, осы тармақтың бесінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Уәкілетті орган өтініш берушіге жаңадан құрылатын банктің басшы қызметкерлері лауазымына ұсынылатын адамдарға келісім беру не келісім беруден бас тарту туралы шешімді заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттарды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жібереді.»;
8-тармақтың 8) тармақшасы 2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
8) 23-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Банк ашуға рұқсат беру туралы өтінішті уәкілетті орган өтініш берілген күннен бастап алпыс бес жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.
2. Банк ашуға рұқсат беру туралы хабарлама өтініш беруші мен тіркеуші органға жіберіледі.»;
8-тармақтың 9) тармақшасы 2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
9) 24-баптың 1-тармағында:
а) және в) тармақшалар алып тасталсын;
г) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«г) банк құрылтайшыларының қаржылық жағдайының тұрақсыздығы. Қаржылық жағдайдың тұрақсыздығы деп осы Заңның 17-1-бабының 10-тармағында белгіленген белгілердің болуы түсініледі;»;
д-1) тармақша «банктің ірі қатысушысы» деген сөздерден кейін «, банк холдингі» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы д-2) тармақшамен толықтырылсын:
«д-2) банктің еншілес ұйымын құруға (иеленуге) рұқсат беруден бас тарту;»;
8-тармақтың 10) тармақшасы 2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
10) 25-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Банкті мемлекеттік тіркеуді Корпорация уәкілетті органның банк ашуға рұқсаты негізінде жүзеге асырады.»;
екінші бөлік алып тасталсын;
8-тармақтың 11) тармақшасы 2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
11) 26-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабында көзделген құжатты алғаннан кейін және осы Заңның 16-бабының 4-тармағына сәйкес жарғылық капиталға ақы төлегеннен кейін өтініш беруші жарғылық капиталға ақы төленген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға көрсетілген талаптың орындалғанын растайтын құжаттарды, сондай-ақ «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, банк ашуға арналған өтініште көрсетілген жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжатты ұсынуға міндетті.
Өтініш беруші банк қызметін жүзеге асыруды бастағанға дейін барлық ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды орындауға, оның ішінде уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келетін үй-жайды, жабдықтарды және бухгалтерлік есепке алу мен бас бухгалтерлік кітапты автоматтандыру бойынша бағдарламалық қамтылымды дайындауға, тиісті персоналды жалдауға, банк қызметін және өзге де қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекітуге, банктің директорлар кеңесінің ішкі аудит қызметі туралы, кредит комитеті туралы ережелерді бекітуі міндетті.
Банк банктің атқарушы органы орналасқан елді мекенде автоматтандырылған банктік ақпараттық жүйеге орталықтандырылған қолжетімділік бар меншікті үй-жайының болуын қамтамасыз етуге міндетті, бұл жүйеге қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделеді.»;
5-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Уәкілетті орган жаңадан құрылатын банкке заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттарды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде лицензия не лицензия беруден уәжді бас тарту береді.»;
8-тармақтың 12) тармақшасы 2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
12) 27-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«27-бап. Банк операцияларын немесе өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беруден бас тарту негіздері
1. Банк операциясын немесе өзге де операцияны жүргізуге лицензия беруден бас тарту:
1) осы Заңның 26-бабының 2 және 3-тармақтарында, 52-17-бабының 5-тармағында белгіленген талаптардың кез келгені сақталмаған;
2) құрамына банк кіретін банк конгломераты белгіленген пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді өтініш берілгенге дейін алты ай кезеңінде сақтамаған;
3) банктің жарғылық капиталының мөлшері, құрамы және құрылымы осы Заңның 16-бабының талаптарына сәйкес келмеген;
4) ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген;
5) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға лицензия алуға ниет білдірген заңды тұлғаның басшы қызметкері осы Заңның 20-бабының талаптарына сай болмаған, қоғам органдары сайлағандардың арасынан басшы қызметкерге келісім берілмеген (жаңадан құрылатын банк үшін) жағдайларда жүргізіледі.
2. Осы баптың 3-тармағында белгіленген жағдайды қоспағанда, лицензия беруден бас тартуды алған жағдайда, банк болуға ниет білдірген заңды тұлға сәйкессіздіктерді жояды және лицензия беруден бас тартуды жіберуге негіз болған түзетілген құжаттарды ұсына отырып, лицензия алуға өтінішпен қайта өтініш жасайды.
Уәкілетті орган осы тармаққа сәйкес ұсынылған құжаттарды лицензия беруден бас тартуды жіберуге негіз болған түзетілген құжаттар ұсынылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.
3. Осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген негіз бойынша лицензия беруден бас тартуды алған жағдайда, банк болуға ниет білдірген заңды тұлға сәйкессіздіктерді жояды және келісім беруден бас тартылған адамдардың орнына осы Заңның 20-бабының талаптарына сәйкес, банктің басшы қызметкерлері лауазымына ұсынылатын адамдардың құжаттарын ұсына отырып, лицензия алуға өтінішпен қайта өтініш жасайды.
Уәкілетті орган осы тармаққа сәйкес ұсынылған құжаттарды уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарайды.»;
8-тармақтың 13) тармақшасы 2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
13) 29-баптың 6-тармағындағы «47-2-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында» деген сөздер «47-2-бабының 1-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтың 14) тармақшасы 2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
14) 30-баптың 13-тармағында:
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жаңадан құрылған банк осы бапқа сәйкес банк операцияларын жүргізуге лицензия алған күннен бастап күнтізбелік бір жыл ішінде банктің жұмыс істеуі осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген банк операцияларын жүргізуге лицензия алу шарты болып табылады.»;
үшінші бөлік алып тасталсын;
8-тармақтың 15) тармақшасы 2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
15) 47-2-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Уәкілетті орган, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өздерінің құзыреті шегінде банкке, банк холдингіне, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдарға, банктің ірі қатысушыларына, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға бұрын оларға қолданылған қадағалап ден қою шараларына қарамастан, осы Заңның 48-бабында белгіленген негіздер бойынша барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргізуге лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысын тоқтата тұру не одан айыру түрінде санкция қолдануға құқылы.»;
8-тармақтың 16) тармақшасы 2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
16) 49-бап алып тасталсын;
17) 52-14-баптың 2-тармағында:
3) тармақша алып тасталсын;
4) тармақшаның бірінші абзацындағы «бизнес-жоспары, онда мынадай ақпарат қамтылуға тиіс» деген сөздер «арналған, мазмұнына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін бизнес-жоспар, төмендегілерді қоса алғанда» деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 69-баптың 1-1-тармағының екінші бөлігіндегі «, тарату комиссиясының мүшелеріне кандидаттардың, оның ішінде филиалдарында не өкілдіктерінде құрылатын бөлімшелерінің тізімі» деген сөздер алып тасталсын.
9. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 8, 84-құжат; 1999 ж., № 13, 431-құжат; № 23, 921-құжат; 2001 ж., № 15-16, 228-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 17, 101-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 15, 106, 108-құжаттар; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-V, 154, 158-құжаттар; № 23-ІІ, 170-құжат; 2016 ж., № 8-І, 65-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 11, 29-құжат; № 21, 98-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 16, 56-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 7, 39-құжат; № 9-10, 52-құжат):
2-баптың 44-1) тармақшасындағы «бастапқы» деген сөз алып тасталсын.
10. «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 11, 154-құжат; 1999 ж., № 8, 239-құжат; № 23, 925-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 1-2, 13-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 157-құжат; 2005 ж., № 23, 98-құжат; 2006 ж., № 12, 69-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 6, 28-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 8, 45-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-ІІ, 106-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; 2018 ж., № 14, 42-құжат; № 22, 83-құжат):
1) 3-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мүгедектік алғаш рет белгіленген жағдайда мүгедектігі бойынша жәрдемақы және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы тағайындау туралы өтінішті беру «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес проактивті көрсетілетін қызмет арқылы жәрдемақы тағайындалған кезде талап етілмейді.»;
2) 5-бапта:
1-1-тармақ «күннен бастап» деген сөздерден кейін «немесе «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес проактивті көрсетілетін қызмет арқылы жәрдемақы тағайындауға келісім алынған күннен бастап» деген сөздермен толықтырылсын;
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мүгедектігі бойынша жәрдемақылар мүгедектік белгіленген күннен бастап, бірақ оны тағайындауға өтініш жасалған күнге дейін немесе «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес проактивті көрсетілетін қызмет арқылы жәрдемақы тағайындауға келісім алынған күнге дейін үш айдан аспайтын мерзім үшін тағайындалады.
3. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақылар жәрдемақыға құқығы туындаған күннен бастап, бірақ барлық қажетті құжаттармен бірге жәрдемақы тағайындауға өтініш жасалған күнге дейін немесе «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес проактивті көрсетілетін қызмет арқылы жәрдемақы тағайындауға келісім алынған күнге дейін он екі айдан аспайтын мерзім үшін тағайындалады.».
11. «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 24, 448-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 19, 150-құжат; № 20, 152-құжат; 2010 ж., № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2013 ж., № 12, 57-құжат; 2014 ж., № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 5-6, 27-құжат):
1) 14-баптың 2-тармағында:
бірінші бөліктегі «сақтау мен алып жүруге» деген сөздер «сақтауға, сақтау мен алып жүруге» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қарудың иесі қару тіркелген жердегі ішкі істер органына рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жаңасын алу үшін өтініш жасайды.»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Рұқсаттың нысанын рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша қару айналымын бақылау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.»;
2) 15-бапта:
2-тармақта:
екінші бөлікте:
екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
«Рұқсат бес жыл мерзімге беріледі.»;
үшінші сөйлем алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Қарудың иесі қару тіркелген жердегі ішкі істер органына рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жаңасын алу үшін өтініш жасайды.
Рұқсаттың нысанын рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша қару айналымын бақылау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.»;
3-тармақтағы «рұқсат алу» деген сөздер «сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсат алу» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 29-баптың 1-тармағының 4-1) тармақшасы алып тасталсын.
12. «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 8, 238-құжат; № 23, 925-құжат; 2000 ж., № 23, 411-құжат; 2001 ж., № 2, 14-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2004 ж., № 24, 157-құжат; 2005 ж., № 23, 98-құжат; 2006 ж., № 12, 69-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 23, 111-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; 2014 ж., № 6, 28-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 19-ІІ, 106-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; 2018 ж., № 14, 42-құжат; № 22, 83-құжат):
5-бап мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
«8. «Халық қаһарманы» атағына ие болған адамдарға және «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болған адамдарға жәрдемақы тағайындау туралы өтінішті беру «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес проактивті көрсетілетін қызмет арқылы жәрдемақы тағайындалған кезде талап етілмейді.».
13. «Күзет қызметі туралы» 2000 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 14-15, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 12, 51-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 24, 149-құжат; № 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; 2014 ж., № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; 2016 ж., № 23, 118-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 16, 56-құжат):
18-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Рұқсаттың нысанын рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша қару айналымын бақылау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.».
14. «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 20, 379-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат; 2007 ж., № 12, 86-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 21-ІІ, 130-құжат; № 22-І, 141-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 7-І, 47-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; 2019 ж., № 8, 46-құжат):
1) 1-баптың 2-20-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын ішінара беру деп орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын аутсорсинг, мемлекеттік тапсырма және (немесе) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы жүзеге асыру түсініледі. Бұл ретте, функция орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың құзыретінен алып тасталмайды.»;
2) 9-3-баптың 8-тармағында:
«қоғамдық тәртіпті сақтауға, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын қорғауға» деген сөздер «қоғамдық тәртіпті сақтауға және қамтамасыз етуге, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын қорғауға және қамтамасыз етуге» деген сөздермен ауыстырылсын;
«капиталды сыртқа шығаруды, жоғары қадағалауды,» деген сөздер алып тасталсын;
«, сот төрелігін» деген сөздер алып тасталсын;
3) 9-5-бапта:
тақырыптағы «және (немесе) жергілікті» деген сөздер алып тасталсын;
1-тармақтағы «және (немесе) жергілікті» деген сөздер алып тасталсын.
15. «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2005 ж., № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; № 8, 52-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-І, 143-құжат; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 22- ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 7, 37, 39-құжаттар; № 15-16, 67-құжат):
1) 11-1-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«11-1-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асырудың жалпы шарттары»;
2-тармақтың 10) тармақшасындағы «өкілеттіктерін айқындауға тиіс.» деген сөздер «өкілеттіктерін;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) және 12) тармақшалармен толықтырылсын:
«11) қайта сақтандыруға (қайта сақтандыру қызметін жүзеге асырған жағдайда) сақтандыру тәуекелдерін қабылдаған кезде бағалау тәртібіне қойылатын талаптарды;
12) қайта сақтандыру (қайта сақтандыру қызметін жүзеге асырған жағдайда) жөнінде шешімдер қабылдау бойынша құжаттар мен рәсімдердің өту тәртібін айқындауға тиіс.»;
15-тармақтың 2) тармақшасы 2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) 25-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғылық капиталының ең төмен мөлшерін оның құрылтайшылары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мемлекеттік тіркелгеннен кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей толық төлеуге тиіс.»;
3) 26-бапта:
4-тармақ «қоса бере отырып,» деген сөздерден кейін «сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын, оның ішінде бұрын сатып алынғандарын сатып алу шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді, сондай-ақ акцияларды сатып алу үшін пайдаланылатын көздер мен қаражат сипаттамасын қоса алғанда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мәліметтер қамтылатын» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақта:
1) тармақшаның бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1) акцияларды сатып алу тәртібі мен шарттарын растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.»;
1-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1) «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, келісім бергені үшін алым төленгенін растайтын құжаттың көшірмесін;»;
2) тармақша алып тасталсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген нысан бойынша ірі қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалар жөніндегі мәліметтерді;»;
5) тармақша алып тасталсын;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) білімі, еңбек қызметі, мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді қоса алғанда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысан бойынша өтініш беруші туралы қысқаша деректерді ұсынады. Бейрезидент-жеке тұлғалар мінсіз іскерлік беделін растау үшін өздері азаматы болып табылатын елдің, ал азаматтығы жоқ адамдар - өздері тұрақты тұратын елдің тиісті мемлекеттік органы берген алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының жоқ екенін растайтын құжатты ұсынады (көрсетілген құжатты беру күні өтініш берілген күннің алдындағы үш айдан аспауға тиіс);»;
8) тармақшадағы «жазбаша растауын не тиісті мемлекеттің уәкілетті органының аталған құрылтайшы мемлекетінің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіні туралы өтінішін табыс етеді» деген сөздер «не мұндай рұқсаттың талап етілмейтіні туралы жазбаша растамасын ұсынады» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-1-тармақтың бірінші бөлігінде:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сыйға тарту шарттары мен тәртібін растайтын құжаттардың көшірмелерін;»;
2) тармақшадағы «2), 3), 4), 5), 6),» деген цифрлар «3), 4), 6),» деген цифрлармен ауыстырылсын;
7-тармақта:
1) тармақша «шешімінің» деген сөзден кейін «(қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында шешім болмаған жағдайда)» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақшадағы «пайызына ие» деген сөздер «пайызын тікелей немесе жанама иеленетін» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақша «тізімін» деген сөзден кейін «(қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында тізім болмаған жағдайда)» деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақшадағы «2),» деген цифр алып тасталсын;
5) және 6) тармақшалар алып тасталсын;
7) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«7) білімі, еңбек қызметі, мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді қоса алғанда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысан бойынша өтініш берушінің басшы қызметкерлері туралы қысқаша деректерді ұсынады. Бейрезидент-жеке тұлғалар мінсіз іскерлік беделін растау үшін өздері азаматы болып табылатын елдің, ал азаматтығы жоқ адамдар - өздері тұрақты тұратын елдің тиісті мемлекеттік органы берген алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының жоқ екенін растайтын құжатты ұсынады (көрсетілген құжатты беру күні өтініш берілген күннің алдындағы үш айдан аспауға тиіс);
8) аудиторлық ұйым куәландырған аяқталған соңғы екі қаржы жылына жылдық қаржылық есептілікті, сондай-ақ тиісті өтінішті ұсынар алдында аяқталған соңғы тоқсанға қаржылық есептілікті ұсынады.