Құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, құрылатын банк жарияланған акциялар шығарылымын тіркеуден бас тартылуына байланысты құжаттарды қайта ұсынған кезде уәкілетті орган құжаттарды осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мерзімде қарайды.»;
23-тармақтың 2) тармақшасы 2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) 11-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Осы тармақтың екінші бөлігі 1) тармақшасының талабы құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, құрылатын банкке қолданылмайды.
Құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, құрылатын банк сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға немесе банк ашуға рұқсат алуға құжаттарды берген кезде жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге құжаттарды ұсынуға міндетті.»;
4-тармақтың 4) тармақшасы және 6) тармақшасындағы «құжаттар;» деген сөз «құжаттар негізінде жүзеге асырылады.» деген сөздермен ауыстырылып, 7) тармақшасы алып тасталсын;
3) 48-баптың 1-тармағында:
1) тармақшаның сегізінші абзацындағы «өтініш берушінің» деген сөздер «инвестициялық комитет пен ішкі аудит қызметін қоса алғанда, өтініш берушінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) тармақша алып тасталсын;
4) 72-1-бапта:
6-тармақта:
бірінші бөлікте:
1) тармақшаның бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1) акцияларды сатып алу тәртібі мен шарттарын растайтын құжаттардың көшірмелері.»;
2) тармақша алып тасталсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) өзі ірі қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалар жөнінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген нысан бойынша мәліметтер;»;
5) тармақша алып тасталсын;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) білімі, еңбек қызметі, мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді қоса алғанда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысан бойынша өтініш беруші туралы қысқаша деректер. Бейрезидент-жеке тұлғалар мінсіз іскерлік беделін растау үшін өздері азаматы болып табылатын елдің, ал азаматтығы жоқ адамдар үшін - өздері тұрақты тұратын елдің тиісті мемлекеттік органы берген алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының жоқ екенін растайтын құжатты ұсынады (көрсетілген құжатты беру күні өтініш берілген күннің алдындағы үш айдан аспауға тиіс);»;
мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) Қазақстан Республикасының бейрезидент-жеке тұлғасы тұратын елдің тиісті мемлекеттік органының Қазақстан Республикасы резиденті-инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сатып алуға осы елдің заңнамасында рұқсат етілгені туралы не мұндай рұқсаттың талап етілмейтіні туралы жазбаша растамасы.»;
екінші бөлік алып тасталсын;
6-1-тармақтың бірінші бөлігінде:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сыйға тарту шарттары мен тәртібін растайтын құжаттың көшірмелерін;»;
2) тармақшадағы «6-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3), 4), 5), 6) және 7)» деген сөздер «6-тармағының 3), 4), 6), 7) және 8)» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақта:
1) тармақша «тізімін» деген сөзден кейін «(қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында мәліметтер болмаған жағдайда)» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақша «пайызын» деген сөзден кейін «тікелей немесе жанама» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақшадағы «6-тармағы бірінші бөлігінің 1) - 4)» деген сөздер «6-тармағының 1), 3) және 4)» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) және 5) тармақшалар алып тасталсын;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) білімі, еңбек қызметі, мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді қоса алғанда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысан бойынша өтініш берушінің басшы қызметкерлері туралы қысқаша деректерді ұсынады. Бейрезидент-жеке тұлғалар мінсіз іскерлік беделін растау үшін өздері азаматы болып табылатын елдің, ал азаматтығы жоқ адамдар үшін - өздері тұрақты тұратын елдің тиісті мемлекеттік органы берген алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының жоқ екенін растайтын құжатты ұсынады (көрсетілген құжатты беру күні өтініш берілген күннің алдындағы үш айдан аспауға тиіс);»;
7) тармақшадағы «қаржылық есептілігін;» деген сөздер «қаржылық есептілігін ұсынады.» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында жылдық қаржылық есептілік орналастырылған жағдайда, өтініш беруші осы есептілікті ұсынбайды.»;
8) тармақша алып тасталсын;
8-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы баптың 6-тармағының 1), 3) және 4) тармақшаларында және 7-тармағының 1), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды ұсынады;»;
16-тармақтың үшінші бөлігінде:
«Инвестициялық портфельді басқарушы» деген сөздер «Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының өтініші бойынша инвестициялық портфельді басқарушы» деген сөздермен ауыстырылып, «өзгерген жағдайда» деген сөздерден кейін «не уәкілетті орган берілген келісімнің күшін жою үшін негіз болып табылатын фактілерді дербес анықтаған жағдайда» деген сөздермен толықтырылсын;
«инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының өтініші бойынша уәкілетті орган көрсетілген өтінішті алған» деген сөздер «уәкілетті орган көрсетілген өтінішті алған не уәкілетті орган берілген келісімнің күшін жою үшін негіз болып табылатын фактілерді анықтаған күннен кейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 102-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 8) тармақшасындағы «есепті жария етуді жүзеге асыруға міндетті.» деген сөздер «есепті;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) акционерлік қоғам ұйымдастырылмаған нарықта акцияларды сатып алған кезде олардың құнын айқындау әдістемесін ашып көрсетуді жүзеге асыруға міндетті.».
24. «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 87-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 18, 143-құжат; № 19, 149-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 21-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат):
1) 8-1-бапта:
3-тармақтың екінші және үшінші бөліктері алып тасталсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Кредиттік бюроның қызметін жүзеге асыруға уәкілетті органның рұқсаты болған кезде ғана жол беріледі.»;
2) 9-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;
2-тармақтағы «жиырма бес» деген сөздер «жиырма» деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақ алып тасталсын;
3) 10-бапта:
2) тармақшадағы «8-бабында, 9-бабының 1-тармағында» деген сөздер «8-бабында» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы «болған жағдайларда жүргізіледі.» деген сөздер «болған;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) кредиттік бюро уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, кредиттік тарих дерекқорын жасау үшін пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді және көрсетілген ақпараттық жүйелерді қорғау құралдарын қалыптастыру және пайдалану кезінде қолданылатын бағдарламалық қамтылымды қорғау жөніндегі ұйымдастырушылық, техникалық шараларды және технологиялық талаптарды орындамаған жағдайларда жүргізіледі.».
25. «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 12, 44-құжат; 2007 ж., № 24, 178-құжат; 2009 ж., № 23, 111-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 6, 28-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 19-ІІ, 106-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; 2018 ж., № 14, 42-құжат; 2019 ж., № 7, 39-құжат):
5-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жәрдемақы тағайындау туралы өтінішті беру «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес оны проактивті көрсетілетін қызмет арқылы тағайындаған кезде талап етілмейді.».
26. «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 3, 19-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 101-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 15, 78-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; 2016 ж., № 22, 116-құжат; 2017 ж., № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат):
1) 1-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бақылау разряды - жеке сәйкестендіру нөмірін құрайтын цифрлық символдардың реттілігін аяқтайтын, оның қалыптастырылуының дұрыстығын бақылауға арналған цифрлық символ;»;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) бизнес-сәйкестендіру нөмірі - заңды тұлға (филиал мен өкілдік) және қызметін бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір;»;
2) 6-баптың 3) тармақшасындағы «жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын туу туралы куәліктерді беру кезінде жеке тіркеу нөмірлерін қалыптастыруды қоспағанда,» деген сөздер алып тасталсын;
3) 7-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері тек мемлекеттік органдардың, өзге де мемлекеттік мекемелердің және әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ақпараттық жүйелері үшін электрондық ақпараттық ресурс болып табылады.»;
4) 9-бапта:
3-тармақтың 8) тармақшасындағы «жеке басты куәландыратын құжаттары болмаған жағдайда,» деген сөздер алып тасталсын;
5-тармақтың екінші бөлігіндегі «сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру алгоритміне сәйкес» деген сөздер «қалыптастыру алгоритміне сәйкес бизнес-сәйкестендіру нөмірінің және (немесе) есептеу алгоритміне сәйкес жеке сәйкестендіру нөміріндегі бақылау разрядының» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақта:
бірінші бөлікте:
1) тармақшаның бірінші абзацы «азаматтары үшін» деген сөздерден кейін «бірінші рет» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін бірінші рет:
тіркеу куәлігін;
Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат;
азаматтығы жоқ адамның куәлігін беру кезінде;»;
2-1) тармақшадағы «кезінде;» деген сөз «кезінде жүзеге асырылады.» деген сөздермен ауыстырылып, 3) тармақша алып тасталсын;
екінші бөлік «Бала асырап алу» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ жеке сәйкестендіру нөміріндегі бақылау разрядының есептеу алгоритміне сәйкес келмеу» деген сөздермен толықтырылсын;
10-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) нақты болатын жері бойынша:
жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру үшін;»;
2) тармақша алып тасталсын;
5) 10-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөліктің 1) тармақшасындағы «қайтыс болғанда;» деген сөздер «қайтыс болғанда алып тасталады.» деген сөздермен ауыстырылып, 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшалары алып тасталсын;
екінші бөлік алып тасталсын;
2-тармақта:
бірінші бөліктің 3) тармақшасындағы «кейін Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен шартты түрде алып тасталады.» деген сөздер «кейін;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:
«4) соттың жеке тұлғаны қайтыс болды деп жариялау туралы шешімі күшіне енгеннен кейін;
5) жеке тұлға республиканың шегінен тыс жерге тұрақты тұрғылықты тұруға кеткен жағдайда;
6) бейрезидент-жеке тұлға резидент-банктегі ағымдағы шотын жапқан жағдайда;
7) бейрезидент-жеке тұлғаның салық салу объектілеріне және салық салуға байланысты объектілерге құқықтары тоқтатылған кезде;
8) бейрезидент-жеке тұлға Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметін тоқтатқан жағдайда;
9) соттың бала асырап алу туралы шешімінің күші жойылған жағдайда, Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен шартты түрде алып тасталады.»;
екінші бөліктегі «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қайтадан және одан кейін тіркеу кезінде, сондай-ақ бала асырап алу жарамсыз деп танылған жағдайда,» деген сөздер «Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларда, жеке тұлғаларды қайтадан және кейіннен тіркеу кезінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда жеке тұлғалардың жеке сәйкестендіру нөмірі соттың бала асырап алу туралы не жеке тұлғаны қайтыс болды деп жариялау туралы шешімінің күші жойылғаннан кейін қалпына келтіруге жатады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 9) тармақшасында көзделген жағдайда жеке тұлғалардың жеке сәйкестендіру нөмірі соттың бала асырап алу туралы шешімінің күшін жою туралы сот шешімінің күші жойылғаннан кейін қалпына келтіруге жатады.»;
6) 11-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3-2) тармақшамен толықтырылсын:
«3-2) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің ақпараттық жүйесінің және электрондық ақпараттық ресурстарының деректерін қалыптастыру мақсатында әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына;»;
7) 13-баптың 5-тармағы алып тасталсын.
27. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 18, 142-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 8, 41-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 95-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 15, 50-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат):
1) 1-баптың 31) тармақшасы «электрондық көшірмесі негізінде» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ осы Заңда белгіленген өзге де жағдайларда» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 6-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру сипаттамаларының мемлекеттік органдардың шешімі бойынша, оның ішінде елді мекендердің атауы, көше аттары, сондай-ақ ғимараттар мен өзге де құрылыстардың реттік нөмірі (мекенжайы) өзгерген кезде болған өзгерістерін мемлекеттік тіркеу мемлекеттік ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Құқық иеленуші мәліметтерінің өзгеруін мемлекеттік тіркеу тіркеуші органға өтініш жасамастан, құқық иеленушіні хабардар ете отырып, мемлекеттік ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы өтеусіз негізде жүзеге асырылады.»;
3) 20-бапта:
1-1-тармақта:
«Құқықтар» деген сөз «Электрондық тіркеу құқықтар» деген сөздермен ауыстырылсын;
«жағдайларда, электрондық тіркеу» деген сөздер «жағдайларда, сондай-ақ осы Заңда белгіленген өзге де жағдайларда» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Екінші деңгейдегі банктермен жасалатын банктік қарыз шартын қамтамасыз етуге берілген кепілді электрондық тіркеу уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүргізілуі мүмкін.»;
4) 22-баптың 5-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын.
28. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; № 18, 142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 7-құжат; № 7, 34-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 10, 50-құжат; № 14, 72-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-І, 140-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 8-ІІ, 67-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 9, 17, 18-құжаттар; № 13, 45-құжат; № 14, 50, 53-құжаттар; № 16, 56-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 9, 31-құжат; № 10, 32-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47, 48-құжаттар; № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 3-4, 16-құжат; № 7, 36-құжат; № 8, 46-құжат; 2019 жылғы 5 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
5-баптың бірінші бөлігінің 21-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«21-1) білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу рәсімін жүзеге асырады;».
29. «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 16, 127-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 21-22, 114-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 11, 64-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-ІІ, 102-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-І, 143-құжат; № 22-V, 154, 158-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 131-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 7-8, 22-құжат; № 9, 27-құжат; № 15, 50-құжат; № 22, 83-құжат):
1-баптың 3) тармақшасы «құжатындағы белгісі» деген сөздерден кейін «не осыған уәкілеттік берілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйедегі белгісі» деген сөздермен толықтырылсын.
30. «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» 2013 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 2, 12-құжат; 2014 ж., № 16, 90-құжат; 2016 ж., № 24, 131-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат):
1) 1-баптың 11) тармақшасы алып тасталсын;
2) 8-баптың 2-тармағының 1) және 2) тармақшалары алып тасталсын;
3) 19-баптың 5) тармақшасы алып тасталсын;
4) 20-баптың 4-тармағы алып тасталсын.
31. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 5-6, 29-құжат; 2014 ж., № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 21-І, 121-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; № 22-V, 154, 156-құжаттар; № 23-ІІ, 170-құжат; 2016 ж., № 7-І, 50-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 36-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат):
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:
«1-2) «бір өтініш» қағидаты - бір өтініш негізінде көрсетілетін бірнеше мемлекеттік қызметтер жиынтығын көздейтін мемлекеттік қызметті көрсету нысаны;»;
5) тармақшадағы «өтініші бойынша» деген сөздер «өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақша алып тасталсын;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты - мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі;»;
мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
«10-1) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы пилоттық жоба - перспективаларын зерттеу, талдау және тәуекелдерді барынша азайту мақсатында мемлекеттік қызметтер көрсету саласында жаңа тәсілдерді енгізу;»;
13) тармақша «тексеру» деген сөзден кейін «, профилактикалық бақылау» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 17-1) және 17-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«17-1) проактивті көрсетілетін қызмет - қызмет көрсету субъектісінің бастамасы бойынша берілетін, қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алу субъектісінің ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы берілген келісімі міндетті түрде қажет болатын, электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет;
17-2) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы - абонент берген ақпаратты беру немесе қабылдау үшін электр байланысы сигналдарын қалыптастыратын және ұялы байланыс операторының желісіне қосылатын, қызмет көрсетілетін аумағы шеңберінде географиялық тұрғыдан айқындалатын тұрақты орналасқан жері жоқ, ұялы байланыс желілерінде жұмыс істейтін жеке-дара пайдаланылатын байланыс құралы;»;
2) 4-баптың 1-тармағында:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіге сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға;»;
5) тармақшадағы «мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының» деген сөздер «мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 5-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) орталық мемлекеттік органдардан, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарынан, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерінен мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті ақпаратты алуға;»;
2-тармақта:
бірінші бөлікте:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуге;»;
5) тармақшадағы «көрсетілетін қызмет стандартында» деген сөздер «қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіде» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) және 10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«8) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтің орындалу сатысы туралы ақпаратты алу мүмкіндігін қамтамасыз етуге;»;
«10) мемлекеттік қызметтер көрсету үшін пайдаланылатын, сондай-ақ оларды көрсету үшін қажет болатын өзекті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелердің іркіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге;»;
12) тармақша «жазбаша келісімін» деген сөздерден кейін «немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен расталған келісімін не ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы келісімін» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлікте:
1) тармақшадағы «құжаттарды» деген сөз «құжаттар мен мәліметтерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақша «көрсетілетін қызметті берушінің» деген сөздерден кейін «Мемлекеттік корпорацияның» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 6-бапта:
2) тармақша алып тасталсын;
2-1) тармақшадағы «Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу жөніндегі» деген сөздер «мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 8-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекітеді және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органмен және мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;»;
4) тармақша алып тасталсын;
5), 6) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«5) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келісуді жүзеге асырады;
6) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша орталық мемлекеттік органдардың қызметіне мониторинг жүргізеді;»;
«9) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;»;