9) 14-1-бапта:
бірінші бөліктегі «мемлекеттік (есептік) қайта тіркеуге әкеп соқпайтын өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда заңды тұлға, филиал (өкілдік) тіркеуші органға бұл жөнінде жарғыға (ережеге) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай мерзімде хабарлайды» деген сөздер «өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, заңды тұлға, филиал (өкілдік) жарғыға (ережеге) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай мерзімде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша өтініш береді» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлікте:
«Хабарламаға» деген сөз «Өтінішке» деген сөзбен ауыстырылсын;
«заңды тұлғаның мөрімен» деген сөздер «, электрондық өтініш беруді қоспағанда, заңды тұлғаның мөрімен» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші бөлікте:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) заңды тұлғаның мөрімен бекемделген, жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бар құрылтай құжаттарының екі данасы не құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мәтіні;»;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бар, нотариат куәландырған жарғы (ереже) не акционерлік қоғамның жарғысына, филиалдың (өкілдіктің) ережесіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мәтіні;»;
4) тармақшадағы «заңды тұлғаның», «түпнұсқалары» деген сөздер тиісінше «акционерлік қоғамдарды қоспағанда, заңды тұлғаның», «төлнұсқалары» деген сөздермен ауыстырылсын;
алтыншы бөліктегі «жазбаша түрдегі дәлелді» деген сөздер «уәжді» деген сөзбен ауыстырылсын;
жетінші бөлік алып тасталсын;
10) мынадай мазмұндағы 14-2-баппен толықтырылсын:
«14-2-бап. Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) тіркеу және өзге де мәліметтерін өзгерту мен толықтырудың хабарлама тәртібі
Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) тіркеу деректеріне өзгерістер мен толықтырулар мынадай:
1) акционерлік қоғамды, филиалды (өкілдікті) қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) орналасқан жері өзгерген;
2) басшы өзгерген (басшы тағайындалған, басшының міндетін атқарушы тағайындалған, заңды тұлғаның мүлкін және қызметін басқарушы тағайындалған, басшы лауазымынан шеттетілген);
3) осы Заңның 14-1-бабында көзделген талаптарды қоспағанда, құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген;
4) жарғылық капиталдағы үлес сенімгерлік басқаруға берілген;
5) шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталы ұлғайған;
6) экономикалық қызметтің негізгі түрі өзгерген;
7) саяси партияларды қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдар құрылтайшыларының (қатысушыларының, мүшелерінің) құрамы өзгерген кезде енгізіледі.
Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) осы баптың бірінші бөлігінің 2), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген тіркеу деректеріне өзгерістер мен толықтырулар электрондық хабарлама негізінде автоматты режимде енгізіледі.
Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) осы баптың бірінші бөлігінің 1), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген тіркеу деректеріне өзгерістер мен толықтырулар осы бапта көзделген құжаттар қоса беріле отырып, электрондық хабарлама негізінде енгізіледі.
Акционерлік қоғамды, филиалды (өкілдікті) қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) орналасқан жері өзгерген кезде, хабарламаға қосымша заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) орналасқан жерін растайтын құжат қоса беріледі.
Егер үй-жайдың иесі жеке тұлға болып табылса, заңды тұлғаның орналасқан жері үшін үй-жай беру туралы жеке тұлғаның нотариат куәландырған келісімі беріледі.
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес елді мекендер атауының, көше аттарының өзгеру жағдайлары бұған кірмейді.
Заңды тұлғаның орналасқан жерінің өзгергені туралы тіркеуші органға уақтылы хабар бермеу Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жауаптылыққа алып келеді.
Жарғылық капиталдағы үлесті сенімгерлік басқаруға берген кезде, нотариат куәландырған сенімгерлік басқару шарты қосымша ұсынылады.
Коммерциялық емес ұйымдар құрылтайшыларының (қатысушыларының, мүшелерінің) құрамы өзгерген кезде, коммерциялық емес ұйымдар құрылтайшыларының (қатысушыларының, мүшелерінің) тізімі тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), туған күні, айы, жылы, жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері, байланыс телефонының нөмірі, жеке қолтаңбасы көрсетіле отырып, қосымша ұсынылады.
Заңды тұлғалар, филиалдар (өкілдіктер) құрылтай құжаттарына осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені туралы тіркеуші органға құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай мерзімде хабар береді.
Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) тіркеу және өзге де мәліметтеріне өзгерістер мен толықтырулар электрондық хабарлама берілген кезден бастап үш жұмыс күні ішінде енгізіледі.
Сот актілерінің, сот орындаушылары мен құқық қорғау органдары қаулыларының (тыйым салуларының, қамаққа алуларының) болуы, сондай-ақ осы Заңның 11-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 4-1) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайлар, өтініш берушіге бұл туралы хабар бере отырып, электрондық хабарламаны орындамай қалдыру үшін негіз болып табылады.
Заңды тұлға, филиал (өкілдік) енгізілген мәліметтердің толықтығы және анықтығы үшін жауапты болады.»;
11) 15-баптың бірінші бөлігіндегі «үш жұмыс күні» деген сөздер «бір жұмыс күні» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 16-бапта:
бірінші бөлікте:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) заңды тұлғаның таратылуы, кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі мен мерзімдері туралы ақпараттың Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланғанын растайтын құжат;»;
7-тармақтың 12) тармақшасының бесінші абзацы 2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4) тармақша алып тасталсын;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Сот заңды тұлғаға қатысты оны мәжбүрлеп тарату туралы шешім шығарған заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу заңды күшіне енген осындай шешім негізінде жүзеге асырылады.»;
16) 16-1-бапта:
бірінші бөліктің 2) тармақшасындағы «филиал» деген сөз «акционерлік қоғамдарды қоспағанда, филиал» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Сот заңды тұлғаға қатысты оны мәжбүрлеп тарату туралы шешім шығарған заңды тұлғаның филиалын (өкілдігін) есептік тіркеуден шығару заңды күшіне енген осындай шешім негізінде жүзеге асырылады.».
8. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7- 8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 115-құжат; № 21-ІІ, 130-құжат; № 21-ІІІ, 137-құжат; № 22-І, 140, 143-құжаттар; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 55-құжат; № 8-І, 65-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 21-құжат; № 13, 45-құжат; № 21, 98-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат):
1) 11-1-бапта:
1-тармақтың төртінші бөлігіндегі «Еншілес» деген сөз «Банкке немесе банк холдингіне еншілес» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
бірінші абзацтағы «Еншілес» деген сөз «Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша ұсынылатын еншілес» деген сөздермен ауыстырылсын;
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында болмаған немесе уәкілетті органның «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алуға мүмкіндігі болмаған жағдайда - еншілес ұйымның құрылтай құжаттары;
2) еншілес ұйым құрылған жағдайда, оны құру туралы шешім не еншілес ұйымды иеленген жағдайда, оны иелену туралы шешім (қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында мәліметтер болмаған жағдайда), сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асырған жағдайда - лицензияның көшірмесі;»;
4) тармақшаның бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4) қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында мәліметтер болмаған жағдайда, үлестес тұлғалар туралы мәліметтер қоса берілуі қажет.»;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде қойылатын талаптары айқындалатын еншілес ұйымның бизнес-жоспары;»;
7) тармақша алып тасталсын;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) иеленетін еншілес ұйымның аудиторлық ұйым куәландырған, аяқталған соңғы есепті кезеңге қаржылық есептілігі;»;
9), 10 және 13) тармақшалар алып тасталсын;
13-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13-1) «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, рұқсат беру үшін алым төленгенін растайтын құжат;»;
7-тармақтың бірінші бөлігіндегі «үш ай» деген сөздер «елу жұмыс күні» деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат алуға арналған өтініш осы баптың 4-тармағының 2), 3), 5), 6) және 11) тармақшаларында көзделген құжаттар, сондай-ақ «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру үшін алым төленгенін растайтын құжат қоса беріле отырып ұсынылады.»;
2) 11-2-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігіндегі «құруға немесе сатып алуға» деген сөздер «банктің құруына немесе сатып алуына» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың бірінші абзацында:
«Бас банктің» деген сөздер «Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша ұсынылатын бас банктің» деген сөздермен ауыстырылсын;
«7), 9), 10),» деген цифрлар алып тасталсын;
5-1-тармақтың бірінші бөлігінде:
«, 7), 10)» деген цифрлар алып тасталсын;
«сондай-ақ» деген сөзден кейін «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
8-тармақтың 3) тармақшасы 2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3) 13-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Банк ашуға берілген рұқсат:
1) банк қайта ұйымдастыру немесе тарату арқылы өз қызметін ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдаған;
2) сот банктің қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған;
3) банк ашуға рұқсат берілген күннен бастап екі ай ішінде банк ретінде Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу корпорациясынан өтпеген;
4) заңды тұлға банк ретінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап үш ай ішінде банк операцияларын немесе өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған лицензияны алмаған жағдайларда күші жойылды деп есептеледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген жағдайда, еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге, ұйымның капиталына қомақты қатысуға бұрын берілген рұқсаттардың және банктің ірі қатысушысы, банк холдингі мәртебесін иеленуге келісімнің күші жойылды деп есептеледі.»;
8-тармақтың 4) тармақшасы 2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4) 16-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жаңадан құрылған банктің жарғылық капиталының ең төмен мөлшерін оның құрылтайшылары банк мемлекеттік тіркелгеннен кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей толық төлеуге тиіс.»;
5) 17-1-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Банктің ірі қатысушысы болуға ниет білдірген тұлға келісім алу үшін уәкілетті органға осы баптың 4, 4-1, 5, 6, 7 және 7-1-тармақтарында айқындалған құжаттар мен мәліметтерді қоса бере отырып, банк акцияларын, оның ішінде бұрын сатып алынғандарын сатып алу шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді, сондай-ақ акцияларды сатып алу үшін пайдаланылатын көздер мен қаражат сипаттамасын қоса алғанда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мәліметтер қамтылатын банктің ірі қатысушысы мәртебесін иелену туралы өтінішті ұсынуға міндетті.»;
4-тармақта:
1) тармақшаның бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1) акцияларды сатып алу шарттары мен тәртібін, сондай-ақ акцияларды сатып алу үшін пайдаланылатын көздер мен қаражатты растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.»;
2) тармақша алып тасталсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша ірі қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалар жөніндегі мәліметтерді ұсынады. Егер өтініш беруші Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғасының акционері (қатысушысы) болып табылса, Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғасы құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелері қосымша ұсынылады;»;
3-2) тармақша алып тасталсын;
3-3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3-3) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысанға сәйкес кірістері мен мүлкі туралы мәліметтерді, сондай-ақ өтініш берушінің барлық міндеттемелері бойынша орын алған берешек туралы ақпаратты ұсынады.
Көрсетілген мәліметтерге өтініш берушінің қаржылық жағдайын талдау үшін жеткілікті растайтын құжаттар қоса беріледі;»;
4) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4) білімі, еңбек қызметі, мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді қоса алғанда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысан бойынша өтініш беруші туралы мәліметтерді ұсынады. Бейрезидент-жеке тұлғалар мінсіз іскерлік беделін растау үшін өздері азаматы болып табылатын елдің, ал азаматтағы жоқ адамдар - өздері тұрақты тұратын елдің тиісті мемлекеттік органы берген алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының жоқ екенін растайтын құжатты ұсынады (көрсетілген құжатты беру күні өтініш берілген күннің алдындағы үш айдан аспауға тиіс);»;
«6) «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, келісім бергені үшін алым төленгенін растайтын құжатты ұсынады.»;
4-1-тармақта:
бірінші бөлікте:
бірінші абзац:
«жеке» деген сөзден кейін «немесе заңды» деген сөздермен толықтырылсын;
«сыйға тарту шарты» деген сөздерден кейін «немесе сенімгерлік басқару шарты» деген сөздермен толықтырылсын;
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) банк акцияларын сыйға тарту немесе банк акцияларын сенімгерлік басқару шарттары мен тәртібін растайтын құжаттардың көшірмелері;»;
2) тармақшадағы «2), 3), 3-1), 3-2)» деген цифрлар «3), 3-1)» деген цифрлармен ауыстырылсын;
3) тармақша «сыйға тарту шартының» деген сөздерден кейін «немесе сенімгерлік басқару шартының» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөліктің бірінші абзацы «жеке» деген сөзден кейін «немесе заңды» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақта:
1) тармақшаның бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1) өтініш берушінің тиісті органының банк акцияларын сатып алу туралы шешімінің көшірмесін (қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында шешім болмаған немесе уәкілетті органның оны «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алуға мүмкіндігі болмаған жағдайда) ұсынады.»;
1-1) тармақша «одан көп пайызына (дербес немесе басқа тұлғалармен бірлесіп)» деген сөздерден кейін «тікелей немесе жанама» деген сөздермен толықтырылсын;
1-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1-2) өтініш берушінің үлестес тұлғаларының тізімін (қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында тізім болмаған немесе уәкілетті органның оны «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алуға мүмкіндігі болмаған жағдайда);»;
2) тармақшадағы «2), 3), 3-1)» деген цифрлар «3), 3-1)» деген цифрлармен ауыстырылсын;
2-1) тармақша алып тасталсын;
3), 4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында болмаған немесе уәкілетті органның «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алуға мүмкіндігі болмаған жағдайда, құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін;»;
4) білімі, еңбек қызметі, мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді қоса алғанда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысан бойынша өтініш берушінің басшы қызметкерлері туралы қысқаша деректерді ұсынады. Бейрезидент-жеке тұлғалар мінсіз іскерлік беделін растау үшін өздері азаматы болып табылатын елдің, ал азаматтағы жоқ адамдар - өздері тұрақты тұратын елдің тиісті мемлекеттік органы берген алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының жоқ екенін растайтын құжатты ұсынады (көрсетілген құжатты беру күні өтініш берілген күннің алдындағы үш айдан аспауға тиіс);
5) аудиторлық ұйым куәландырған, аяқталған соңғы екі қаржы жылына жылдық қаржылық есептілікті, сондай-ақ тиісті өтінішті ұсынар алдында аяқталған соңғы тоқсанға қаржылық есептілікті ұсынады.
Қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында жылдық қаржылық есептілік орналастырылған немесе уәкілетті органның оны «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алуға мүмкіндігі болған жағдайда, осы есептілік ұсынылмайды;»;
6) тармақша алып тасталсын;
6-тармақтың бірінші бөлігінде:
1) тармақшада:
«1), 2), 3),» деген цифрлар «1), 3),» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«2-1), 3), 4), 5) және 6)» деген сөздер «3), 4) және 5)» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «мәліметтерді табыс етеді.» деген сөздер «мәліметтерді;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) өтініш беруші ірі қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалардың тізімін және олардың құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін, сондай-ақ өтініш берушінің құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынады.»;
6-1-тармақтың бірінші абзацындағы «4-тармағы 3) тармақшасының және 5-тармағы 3) тармақшасының» деген сөздер «6-тармағы 3) тармақшасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Банк холдингі болуға ниет білдірген тұлға тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуы бөлігінде, оның ішінде еншілес ұйымның қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты уәкілетті орган белгілеген талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге тиіс.»;
үшінші бөлік алып тасталсын;
14-тармақта:
бірінші бөліктегі «үш ай» деген сөздер «елу жұмыс күні» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтың 3) тармақшасының елу төртінші және елу бесінші абзацтары 2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Банк ашуға рұқсат алу шеңберінде берілген банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін беру туралы өтінішті уәкілетті орган банк ашуға рұқсат беруге арналған өтінішті қарау үшін белгіленген мерзімдерде қарайды.»;
18-тармақтың үшінші бөлігінде:
«Банк акцияларының» деген сөздер «Банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің өтініші бойынша банк акцияларының» деген сөздермен ауыстырылып, «өзгерген жағдайда» деген сөздерден кейін «не уәкілетті орган берілген келісімнің күшін жою үшін негіз болып табылатын фактілерді дербес анықтаған жағдайда,» деген сөздермен толықтырылсын;
«банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің өтініші бойынша уәкілетті орган көрсетілген өтінішті алған» деген сөздер «уәкілетті орган көрсетілген өтінішті алған не уәкілетті орган берілген келісімнің күшін жою үшін негіз болып табылатын фактілерді анықтаған күннен кейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтың 6) тармақшасы 2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
6) 19-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша берілген банк ашуға рұқсат беру туралы өтінішке мынадай құжаттар:
1) нотариат куәландырған және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген құрылтай жиналысы хаттамасының көшірмесі;
2) банктің жарғылық капиталындағы үлесі он пайыздан аз болатын құрылтайшылар - жеке және заңды тұлғалар (уәкілетті орган айқындаған тізбе бойынша) туралы мәліметтер, оның ішінде құрылтайшы-заңды тұлғаның аудиторлық ұйым куәландырған, аяқталған соңғы екі қаржы жылына қаржылық есептілігі (бар болса, шоғырландырылған есептілікті қоса алғанда) қоса берілуге тиіс.
Қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында қаржылық есептілік болған немесе уәкілетті органның оны «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алуға мүмкіндігі болған жағдайда, осы есептілік ұсынылмайды;
3) осы Заңның 11-1-бабында көзделген тәртіппен құжаттар мен мәліметтер;
4) осы Заңның 17-1-бабында көзделген өтініш пен бизнес-жоспарды қоспағанда, өтініш берушінің банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін иеленуі қажет болған жағдайда, осы Заңның 17-1-бабында көзделген тәртіппен құжаттар мен мәліметтер;
5) акцияларды сатып алу шарттары мен тәртібін, сондай-ақ акцияларды сатып алу үшін пайдаланылатын көздер мен қаражатты растайтын құжаттардың көшірмелері қоса берілуге тиіс. Осы Заңның 17-1-бабы 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қаражат банк акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын қаражат көзі болып табылады;
6) құрылтайшылар құжаттарға қол қоюға уәкілеттік берген тұлға бекіткен, жаңадан құрылатын банктің бизнес-жоспары қоса берілуге тиіс. Бизнес-жоспардың мазмұнына қойылатын талаптарды ашылатын банктің толық құрылымын ашып көрсетуді, қызмет стратегиясын, қызмет бағыттары мен ауқымдарын, қаржылық перспективаларын (бюджетін, есеп-қисап балансын, алғашқы үш қаржы жылындағы (операциялық жылдағы) пайда мен шығындар есебін, маркетинг жоспарын (банк клиентурасын қалыптастыруды), еңбек ресурстарын тарту жоспарын, тәуекелдерді басқаруды ұйымдастыруды қоса алғанда, уәкілетті орган белгілейді;
7) осы Заңның 20-бабының талаптарына сәйкес банктің басшы қызметкерлері лауазымына ұсынылатын адамдардың құжаттары;
8) «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4-тармағының 2) және 5) тармақшаларында көзделген құжаттар қоса берілуге тиіс. Акционерлік қоғамның құрылтайшылары арасында орналастырылатын жарияланған акцияларға ақы төленгенін растайтын құжаттарды өтініш беруші заңды тұлға мемлекеттік тіркелген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады;
9) «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабында көзделген құжаттар;