41) 242-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Белгіленген мерзімдерде жауаптың болмауы, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзудан бас тарту некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу үшін кедергілер болып табылмайды.»;
42) 243-бап мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Соттың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы шешімі негізінде тегін өзгерткен кезде азамат жеке басын куәландыратын құжаттарды бір айлық мерзімде ауыстыруға міндетті.
Тегі өзгертілген жеке басын куәландыратын құжаттарды уәкілетті мемлекеттік орган соттың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы шешімі негізінде береді.»;
43) 247-бапта:
бірінші бөліктің 7) тармақшасындағы «нөмірін қамтиды.» деген сөздер «нөмірін;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған тіркеуші органның атауын қамтиды.»;
екінші бөлік алып тасталсын;
44) 29-тарау алып тасталсын;
45) 257-баптың екінші бөлігінің 12) тармақшасындағы «және әкесінің атын» деген сөздер «және (немесе) әкесінің атын» деген сөздермен ауыстырылсын;
46) 258-бапта:
бірінші бөліктегі «тіркеуші органға өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша» деген сөздер «өтініш берушінің таңдауы бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген тіркеуші органға» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «азаматтың тұрғылықты» деген сөздер «өтініш беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
47) 266-баптың 6) тармақшасындағы «нөмірін қамтиды.» деген сөздер «нөмірін;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) құжат берген тіркеуші органның атауын қамтиды.»;
48) 267-бап алып тасталсын;
49) 269-баптағы «қайтыс болған адамның тұрған жері бойынша немесе ол қайтыс болған жер бойынша тіркеуші органдарда» деген сөздер «Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген тіркеуші органда» деген сөздермен ауыстырылсын;
50) 270-баптың 1-тармағында:
«немесе ауызша» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Осы Кодекстің 268-бабында көзделген қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу үшін негіздер акт жазбаларын мемлекеттік тіркеуге арналған ақпараттық жүйеге электрондық түрде келіп түседі.
Егер мәлімдеме беруге уәкілеттік берілген адамдар медициналық ұйым белгіленген нысандағы құжатты берген немесе соттың қайтыс болу фактісін анықтау немесе адамды қайтыс болды деп жариялау туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш бермесе, онда тіркеуші орган акт жазбаларын мемлекеттік тіркеуге арналған ақпараттық жүйеге келіп түскен қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу негізіне сәйкес қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы жазбаны өз бетінше жүргізеді.»;
51) 274-баптың 4) тармақшасындағы «нөмірін қамтиды.» деген сөздер «нөмірін;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) қайтыс болуды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған тіркеуші органның атауын қамтиды.».
4. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-І, 18-ІІ, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-І, 101-құжат; № 19-ІІ, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 115-құжат; № 21-І, 124, 125-құжаттар; № 21-ІІ, 130-құжат; № 21-ІІІ, 137-құжат; № 22-І, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-ІІ, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; № 22-VІІ, 161-құжат; № 23-І, 166, 169-құжаттар; № 23-ІІ, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-І, 49, 50-құжаттар; № 7-ІІ, 53, 57-құжаттар; № 8-І, 62, 65-құжаттар; № 8-ІІ, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 9, 17, 18, 21, 22-құжаттар; № 12, 34-құжат; № 14, 49, 50, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 114, 115-құжаттар; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 27-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 36, 37-құжаттар; № 12, 39-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 16, 53-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 23, 91-құжат; № 24, 93, 94-құжаттар; 2019 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 36, 37-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; 2019 жылғы 5 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
486-баптың бірінші бөлігінде:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жеке тұлғаның қаруды сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсатты тіркеу және (немесе) алу;»;
2) тармақша алып тасталсын.
5. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-ІІ, 20-ІІІ, 112-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 55-құжат; № 8-І, 62, 65-құжаттар; № 8-ІІ, 72-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126-құжаттар; 2017 ж., № 9, 21-құжат; № 14, 50, 51-құжаттар; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; 2019 жылғы 5 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 282-баптың 1-тармағы «қолдауды» деген сөзден кейін «, арнайы инвестициялық келісімшарттарды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 295-1-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, арнайы инвестициялық келісімшарттарды жасасу жөніндегі уәкілетті орган арнайы инвестициялық жоба үшін инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінім келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, арнайы инвестициялық келісімшарттарды жасасу жөніндегі уәкілетті орган бекітетін үлгілік арнайы инвестициялық келісімшарттың ережелерін ескере отырып, арнайы инвестициялық келісімшартты қол қою үшін дайындайды.
3. Арнайы инвестициялық келісімшартты жасасу және бұзу тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, арнайы инвестициялық келісімшарттарды жасасу жөніндегі уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.».
6. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 22-І, 22-ІІ, 107-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 42, 44-құжаттар; № 15, 50-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 93, 94-құжаттар; 2019 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; 2019 жылғы 5 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
6-тармақтың 1) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) мазмұнында 656-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«656-бап. Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелмеген бейрезидент-заңды тұлға Қазақстан Республикасына жіберген шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың кірістеріне салық салу тәртібі»;
2) 209-баптың 1-тармағындағы «көрсетілетін қызметтер стандарттарында» деген сөздер «қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 609-баптың 1-тармағының 13) тармақшасы алып тасталсын;
4) 612-бапта:
2) тармақшаның үшінші абзацы алып тасталсын;
4) тармақша «жазбаларын» деген сөзден кейін «, әке болуды анықтауға және бала асырап алуға байланысты өзгерістер, толықтырулар енгізуді қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
6) тармақшадағы «ұл бала (қыз бала) асырап алуын тіркегені үшін» деген сөздер «бала асырап алуы кезінде тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізгені үшін немесе дербес деректерінің өзгеруіне байланысты тууды мемлекеттік тіркегені үшін» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 615-бапта:
3) тармақшаның үшінші абзацындағы «, уақытша жеке куәлік» деген сөздер алып тасталсын;
4) тармақшасының сегізінші және он алтыншы абзацтары алып тасталсын;
6) 623-баптың 1-тармағы 5) тармақшасының оныншы абзацындағы «, сондай-ақ комиссиялық сатуға жолдама» деген сөздер алып тасталсын;
7) 656-бапта:
6-тармақтың 7) тармақшасының екінші - жетінші абзацтары 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«656-бап. Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелмеген бейрезидент-заңды тұлға Қазақстан Республикасына жіберген шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың кірістеріне салық салу тәртібі»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы бапта белгіленген салық салу тәртібі Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелмеген бейрезидент-заңды тұлға Қазақстан Республикасына жіберген шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың кірістеріне, оған қоса осы Кодекстің 322-бабында айқындалған:
жұмыс беруші болып табылатын осындай бейрезидент-заңды тұлғамен жасалған еңбек шарты (келісімі, келісімшарты) бойынша Қазақстан Республикасындағы қызметтен;
осындай бейрезидент-заңды тұлғамен жасалған азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт (келісімшарт) бойынша Қазақстан Республикасындағы қызметтен;
6-тармақтың 7) тармақшасының сегізінші абзацы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
жұмыс беруші болып табылмайтын тұлғадан алынған, материалдық пайда түрінде Қазақстан Республикасындағы қызметтен алынған (алынуға жататын) кірістерге;
6-тармақтың 7) тармақшасының тоғызыншы - он үшінші абзацтары 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
Қазақстан Республикасында тұруға байланысты осындай бейрезидент-заңды тұлға төлейтін үстемеақыларға қолданылады.
Осы баптың мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелмеген бейрезидент-заңды тұлға деп резидент-банктерде ағымдағы шот ашуына байланысты және (немесе) осы Кодекстің 650-бабына сәйкес міндеттемелердің туындауына байланысты Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелген бейрезидент-заңды тұлға да танылады.
Осы баптың ережелері, егер осы Кодекстің 655-бабының 7-тармағында өзгеше белгіленбесе, мынадай шарттар бір мезгілде орындалған:
1) шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелмеген бейрезидент-заңды тұлғаның жұмыскері және (немесе) мердігері (қосалқы мердігері) не аталған бейрезидент-заңды тұлға мердігерінің (қосалқы мердігерінің) жұмыскері болып табылған;
2) шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам осы Кодекстің 217-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасында тұрақты болады деп танылған кезде, Қазақстан Республикасына жіберілген шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның осы бапта көрсетілген кірістеріне қолданылады.
6-тармақтың 7) тармақшасының он төртінші абзацы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
Бұл ретте, егер шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам осы Кодекстің 217-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасында тұрақты болады деп танылмаса, онда жұмыс беруші болып табылмайтын тұлғадан алынған, материалдық пайда түрінде Қазақстан Республикасындағы қызметтен түскен кірістер осы Кодекстің 646-бабында белгіленген мөлшерлеме бойынша салық салуға жатады.»;
6-тармақтың 7) тармақшасының он бесінші - жиырма бірінші абзацтары 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3-тармақта:
екінші бөлікте:
«кірістің» деген сөз «кіріс сомасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
«жатады» деген сөзден кейін «, бұл барлық шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға тең үлестермен бөлінеді» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте осы тармақта көрсетілген кіріс:
осы тармақта айқындалған құжаттарда көрсетілген кіріс сомасына, олар ұсынылған жағдайда;
6-тармақтың 7) тармақшасының жиырма екінші абзацы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
жұмыс беруші болып табылмайтын тұлғадан алынған, материалдық пайда түрінде Қазақстан Республикасындағы қызметтен түскен кіріс сомасына, егер мұндай кіріс шарттың (келісімшарттың, келісімнің) талаптарында көзделген болса, азайтылуға жатады.».
7. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 35-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180-құжат; № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 12, 183-құжат; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 63, 64-құжаттар; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 1-құжат; № 8, 52-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 18, 157-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2009 ж., № 24, 122, 125-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; № 23- І, 169-құжат; 2016 ж., № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 13, 41-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат):
1) 6-бапта:
бірінші бөлікте:
«тіркеуші органға Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша өтініш беріледі және» деген сөздер «тіркеуші органға» деген сөздермен ауыстырылсын;
«үш данада ұсынылатын құрылтай құжаттары қоса беріледі» деген сөздер «екі данада ұсынылатын құрылтай құжаттары қоса беріле отырып, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша өтініш беріледі» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Акционерлік қоғамдар мен мемлекеттік кәсіпорындардың құрылтай құжаттарын қоспағанда, коммерциялық ұйымдарға жататын заңды тұлғалардың құрылтай құжаттары мемлекеттік тіркеу кезінде ұсынылмайды. Акционерлік қоғамдарды мемлекеттік тіркеу үшін қазақ және орыс тілдерінде жасалған, нотариат куәландырған жарғы қоса беріле отырып, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша өтініш беріледі.»;
төртінші бөлікте:
«тіркеу үшін» деген сөздер «тіркеу кезінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банк) рұқсаты қосымша» деген сөздер «Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі (бұдан әрі - Ұлттық Банк) рұқсатының бар-жоғы туралы мәліметтерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
«талап етіледі» деген сөздер «электрондық хабарлама арқылы алады» деген сөздермен ауыстырылсын;
сегізінші бөлікте:
бірінші абзацта:
«Шетелдік» деген сөз «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сәйкестендіру нөмірлері жоқ тұлғаларды қоспағанда, шетелдік» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы «заңдастырылған үзінді көшірмесі» деген сөздер «заңдастырылған үзінді көшірмесінің көшірмесі» деген сөздермен ауыстырылсын;
тоғызыншы бөлік «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» деген сөздерден кейін «және «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 6-1-бапта:
төртінші бөлікте:
бірінші абзацтағы «Шетелдік» деген сөз «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сәйкестендіру нөмірлері жоқ тұлғаларды қоспағанда, шетелдік» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы «заңдастырылған үзінді көшірмесі» деген сөздер «заңдастырылған үзінді көшірмесінің көшірмесі» деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші және алтыншы бөліктер алып тасталсын;
3) 6-2-бапта:
төртінші бөліктегі «үш» деген сөз «екі» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:
«Акционерлік қоғамдардың филиалдары (өкілдіктері) үшін заңды тұлға бекіткен, қазақ және орыс тілдеріндегі филиал (өкілдік) туралы ереже, жарғы (ереже) және филиалдың (өкілдіктің) басшысына берілген заңды тұлғаның сенімхаты қосымша қоса беріледі.»;
4) 7-бапта:
бірінші және екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер осы Заңда немесе Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше көзделмесе, тіркеуші органға құрылтай құжаттары ұсынылады.
Мыналар заңды тұлғалардың құрылтай құжаттары болып табылады:
1) мекеме үшін - меншік иесі (меншік иелері) бекіткен ереже (жарғы);
2) қор, тұтыну кооперативі, заңды тұлғалар бірлестігі, дара кәсіпкерлер бірлестігі, қауымдастық (одақ) нысанындағы дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар бірлестігі үшін - құрылтайшылар бекіткен жарғы мен құрылтай шарты (меншік иелер (құрылтайшылар) саны біреуден көп болған кезде);
3) қоғамдық бірлестік, діни бірлестік және акционерлік қоғам үшін - жарғы.»;
жетінші бөлік алып тасталсын;
5) 9-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«9-бап. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), филиалдарды (өкілдіктерді) есептік тіркеу (қайта тіркеу), заңды тұлғалардың, филиалдардың (өкілдіктердің) құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу және құжаттарды беру мерзімдері;»;
бірінші және екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Акционерлік қоғамдарды, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу электрондық өтініш берілген кезден бастап бір сағат ішінде жүргізіледі.
Акционерлік қоғамдарды, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік қайта тіркеу өтініш берілген кезден бастап бір жұмыс күні ішінде жүргізіледі.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сәйкестендіру нөмірлері жоқ шетелдік тұлғалар қатысатын коммерциялық заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу өтініш берілген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.»;
үшінші бөлікте:
«олардың филиалдарын (өкілдіктерін)» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ шетелдік коммерциялық емес ұйымдардың филиалдарын (өкілдіктерін)» деген сөздермен толықтырылсын;
«он» деген сөз «бес» деген сөзбен ауыстырылсын;
төртінші бөлік алып тасталсын;
бесінші бөліктегі «он төрт» деген сөздер «бес» деген сөзбен ауыстырылсын;
6) 11-бапта:
бірінші бөлікте:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы, мүшесі) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлға әрекет етпейтін заңды тұлғалардың жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы, мүшесі) және (немесе) басшысы болып табылса;»;
4-1) тармақшадағы «(қатысушысы)» деген сөз «(қатысушысы, мүшесі)» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-2), 4-3), 4-4), 4-5) және 4-6) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-2) егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы, мүшесі) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлға әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектелуі деп танылса;
4-3) егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы, мүшесі) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлға хабар-ошарсыз кеткен деп танылса, қайтыс болды деп жарияланса, қайтыс болған ретінде тіркелсе не оның мәртебесі айқындалмаса;
4-4) егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы, мүшесі) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлғаның Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 237, 238 және 240-баптары бойынша қылмыстары үшін жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар болса;
4-5) егер мемлекеттік тіркеу кезінде, мерзімдік төлемдерді өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылатын және мерзімдік өндіріп алулар туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша үш айдан астам берешегі жоқ тұлғаны қоспағанда, құрылтайшы (жеке тұлға және (немесе) заңды тұлға), оның құрылтайшылары, заңды тұлғаның басшысы, заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы, мүшесі) болып табылатын заңды тұлғаның құрылтайшысы және (немесе) басшысы атқарушылық құжат бойынша борышкерлер болып табылса;
4-6) егер мемлекеттік қайта тіркеу кезінде, мерзімдік төлемдерді өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылатын және мерзімдік өндіріп алулар туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша үш айдан астам берешегі жоқ тұлғаны қоспағанда, жаңа құрылтайшылар (қатысушылар, мүшелер) және (немесе) үлесін иеліктен шығаратын тұлғалар атқарушылық құжат бойынша борышкерлер болып табылса;»;
мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе сот актісінде өзгеше белгіленбесе, тіркеу әрекеттері мерзімді үзу үшін негіз болған мән-жайлар жойылғанға дейін, бірақ бір айдан аспайтын мерзімге үзіледі. Егер мерзімді үзу үшін негіз болған мән-жайлар бір ай ішінде жойылмаса, сарапшының (маманның) қорытындысын алуды қоспағанда, тіркеу әрекеттерінен бас тартылады.
Өтініш беруші (өтініш берушінің уәкілетті өкілі) өтінішті қарауды тоқтату туралы өтінішхатпен тіркеуші органға өтініш жасауға құқылы.
Бұл ретте кері қайтарып алынған өтінішті қарау тоқтатылады.»;
үшінші бөліктегі «құрудың» деген сөз «есептік тіркеудің» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 12-баптың бірінші бөлігіндегі «тіркеуші орган беретін» деген сөздер алып тасталсын;
8) 14-баптың екінші бөлігінде:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу, филиалды (өкілдікті) есептік қайта тіркеу үшін:»;
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу, филиалды (өкілдікті) есептік қайта тіркеу туралы өтініш;»;
2) тармақшадағы «заңды тұлғаның уәкілетті» деген сөздер «электрондық өтініш беруді қоспағанда, заңды тұлғаның уәкілетті» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бар құрылтай құжаттарының екі данасы не құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мәтіні;»;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бар, нотариат куәландырған жарғы (ереже) не акционерлік қоғамның жарғысына, филиалдың (өкілдіктің) ережесіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мәтіні;»;
4) тармақшадағы «жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның бұрынғы құрылтай құжаттарының, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелердің» деген сөздер «акционерлік қоғамдарды қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның бұрынғы құрылтай құжаттарының, филиалдар (өкілдіктер) туралы ережелердің» деген сөздермен ауыстырылсын;