Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі № 365-I Заңы
(2022.27.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII Кодексімен 2023 ж. 1 шілдеден бастап күші жойылды
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2-бап. Жәрдемақыны төлеуге арналған қаражат
3-бап. Азаматтардың жәрдемақыға құқығы
3-1-бап. Орталық атқарушы органның құзыреті
3-2-бап. Мемлекеттік корпорацияның құзыреті
4-бап. Жәрдемақыға құқығы бар азаматтар
2-тарау. Жәрдемақы тағайындаудың және төлеудің тәртібі
5-бап. Жәрдемақы тағайындаудың тәртібі
6-бап. Жәрдемақы төлеу тәртібі
7-бап. Жәрдемақы мөлшері
3-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер
8-бап. Жәрдемақы тағайындаудан бас тарту, төлеуді тоқтату немесе тоқтата тұру
8-1-бап. Жәрдемақы құқығының сақталуы
9-бап. Осы Заңды күшіне енгізу тәртібі
Қазақстан Республикасының осы Заңы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқығы бар азаматтарды мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы қатынастарды реттейді.
1-тарау Жалпы ережелер
ҚР 2001.01.19 № 145-II ; 2006.04.07. № 148-III (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Заңдарымен; 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді; 2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) арнаулы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі - жәрдемақы) - жәрдемақыға құқығы бар азаматтарға жәрдемақылардың өзге түрлеріне қарамастан берілетін ақшалай, оның ішінде электрондық ақшамен төленетін төлем;
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды; 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 1-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1-1) күтімді жүзеге асыратын адам - бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға онымен туыстық байланысына қарамастан күтімді тікелей жүзеге асыратын жеке тұлға;
2) медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі (бұдан әрі - МӘС бөлімшесі) - уәкілетті мемлекеттік органның медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізетін құрылымдық бөлімшесі;
3) орталық атқарушы орган - халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
4) уәкілетті мемлекеттік орган - халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі;
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5) тармақша жаңа редакцияда
5) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға.
2-бап. Жәрдемақыны төлеуге арналған қаражат
Осы Заңға сәйкес жәрдемақы төлеу мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
3-бап. Азаматтардың жәрдемақыға құқығы
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының осы Заңда және Қазақстан Республикасының соған сәйкес қабылданған өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен жәрдемақы алуға құқығы бар.
2. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар жәрдемақы алуға арналған құқықты Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей пайдаланады.
2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Жәрдемақы мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне кіреді және оларды алуға құқығы бар азаматтарға ай сайын ақша, оның ішінде электрондық ақшаның электрондық әмияндарына электрондық ақшамен төлеуді білдіреді.
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген бірнеше негіздемелер бойынша бір мезгілде жәрдемақы алуға құқығы бар адамдарға жәрдемақы олардың қалауы бойынша тек бір негіздеме бойынша ғана төленеді.
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 3-1-баппен толықтырылды (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
3-1-бап. Орталық атқарушы органның құзыреті
Орталық атқарушы орган:
1) жәрдемақылар тағайындау, төлеу тәртібін және оларды тағайындау үшін қажетті құжаттар тізбесін айқындайды;
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) қатысқан кезде Қазақстан Республикасының азаматтарына жәрдемақы тағайындалатын, ұрыс қимылдары жүргізілген қалалар мен кезеңдердің тізбесін бекітеді;
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды
1-2) қатысқан кезде Қазақстан Республикасының азаматтарына жәрдемақы тағайындалатын, басқа мемлекеттердің аумағында ұрыс қимылдары жүргізілген кезеңдердің тізбесін бекітеді;
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 1-3) тармақшамен толықтырылды
1-3) қатысқан кезде Қазақстан Республикасының азаматтарына жәрдемақы тағайындалатын, ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттердің, аумақтар мен кезеңдердің тізбесін бекітеді;
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 1-4) тармақшамен толықтырылды
1-4) наградталған кезде жәрдемақы тағайындалатын, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін наградаларға жатқызылған бұрынғы КСР Одағы медальдарының тізбесін бекітеді;
2) қаржылық және өзге де есептіліктің тізбесін, нысандарын және Мемлекеттік корпорацияның оларды ұсыну мерзімдерін айқындайды;
3) құзыреті шегінде Мемлекеттік корпорация қызметін тексеруді жүзеге асырады;
4) жәрдемақылар алуға құқығы бар азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ақпараттық жүйелерді қолдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
5) жәрдемақылар алуға құқығы бар азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ақпараттық жүйелер мен дерекқорларға қол жеткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 3-2-баппен толықтырылды (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
3-2-бап. Мемлекеттік корпорацияның құзыреті
Мемлекеттік корпорация:
1) уәкілетті мемлекеттік органға беру үшін құжаттарды қабылдауды және жинақталуын тексеруді жүзеге асырады;
2) құжаттарды қабылдау, жәрдемақыларды тағайындау, тоқтата тұру, тоқтату, қайта бастау және қайта есептеу істерінің макеттерін қалыптастыру мәселелері бойынша уәкілетті мемлекеттік органмен өзара іс-қимыл жасайды;
3) алушыларға жәрдемақылардың уақтылы төленуін қамтамасыз етеді;
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) жәрдемақылар алуға құқығы бар азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ақпараттық жүйелерді толтыруды және жаңартып отыруды жүзеге асырады;
5) жәрдемақылар төлеуге қажеттілікті есептеу бойынша болжамды деректерді қалыптастырады;
6) жәрдемақы төлемдеріне ай сайынғы қажеттілікті және оны төлеу графиктерін қалыптастырады және жәрдемақылар төлеуге қаражат қажеттілігі туралы өтінімдерді орталық атқарушы органға жібереді;
7) жәрдемақылар алуға құқығы бар азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ақпараттық жүйелерден алынған ақпаратты уәкілетті мемлекеттік орган мен орталық атқарушы органға береді.
ҚР 1999.11.16 № 482-I; 2000.12.21 № 130-II ; 2004.31.21 № 28-III (бұр. ред. қара); 2006.04.07. № 148-III (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2007.27.07. № 320-III (бұр.ред.қара) Заңдарымен; 2009.02.12. № 211-IV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.28.10. № 369-V ҚР Заңымен (2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-бап өзгертілді
4-бап. Жәрдемақыға құқығы бар азаматтар
1. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалған жеңілдіктер тізбесі негізге алына отырып, жәрдемақы алуға құқығы бар азаматтарға:
2020.06.05. № 323-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
2020.06.05. № 323-VІ ҚР Заңымен 1-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-1) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
2020.06.05. № 323-VІ ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды
1-2) мәртебесі «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 1) тармақшасында айқындалған, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдар;
2020.06.05. № 323-VІ ҚР Заңымен 1-3) тармақшамен толықтырылды; 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 1-3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-3) мәртебесі «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2) тармақшасында айқындалған, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген адамдар;
2) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердiң ата-аналары және екiншi рет некеге тұрмаған жесiрлерi;
2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3) тармақша жаңа редакцияда
3) Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттердегі ұрыс қимылдары кезеңінде қаза тапқан (хабарсыз кеткен) немесе жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасылары; бейбіт уақытта әскери қызметін, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасылары, қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан ішкі істер органдары қызметкерлерінің отбасылары; Чернобыль АЭС-індегі апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарын жою кезінде қаза тапқандардың отбасылары; сәуле ауруының салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен Чернобыль АЭС-індегі апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасылары;
2020.06.05. № 323-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4) тармақша жаңа редакцияда
4) Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адамдар деп танылған қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы);
4-1) Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Даңқ, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлері, «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» құрметті атағына ие болған адамдар;
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4-2) «Халық қаһарманы» атағына ие болған адамдар;
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 4-3) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4-3) «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болған адамдар;
5) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдар , сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдар ;
6) 1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-дағы апаттың зардаптарын жоюға қатысушылардың, қоныс аудару күнінде құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймағынан қоныс аударылғандардың (өз еркімен кеткендердің) және Қазақстан Республикасына қоныстанғандардың қатарындағы адамдар;
2020.06.05. № 323-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5-тармағында көзделген жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақының мөлшеріне дейін қосымша төлем алушыларды қоспағанда, жасына байланысты зейнетақы төлемдері немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері тағайындалған бірінші, екінші және үшінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жағдайда Байқоңыр қаласында тұратын бірінші, екінші және үшінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар;
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жағдайда Байқоңыр қаласында тұратын мүгедектігі бар жеті жасқа дейінгі балалар;
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 8-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 8-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8-1) Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жағдайда Байқоңыр қаласында тұратын жетіден он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтардағы мүгедектігі бар балалар;
9) 2015.28.10. № 369-V ҚР Заңымен алып тасталды (2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) 2015.28.10. № 369-V ҚР Заңымен алып тасталды (2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11) саяси қуғын-сүргін құрбандары, мүгедек болып қалған немесе зейнеткер болып табылатын саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен адамдар;
12) Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдар жатады.
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 2-тармақпен толықтырылды
2. Күтімді жүзеге асыратын адамның жәрдемақы алуға құқығы бар.
2-тарау. Жәрдемақы тағайындаудың және төлеудің тәртібі
ҚР 2001.01.19 № 145-II; 2004.31.21 № 28-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-бап өзгертілді
5-бап. Жәрдемақы тағайындаудың тәртібі
1. Жәрдемақы тағайындау үшін өтініш жасау, қандай да болмасын мерзіммен шектелместен, жәрдемақы алуға құқық пайда болғаннан кейін кез келген уақытта жүзеге асырыла алады.
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Жәрдемақы тағайындау туралы өтініш тізбесін орталық атқарушы орган айқындайтын құжаттар қоса беріле отырып, Мемлекеттік корпорацияға беріледі.
Бірінші топтағы мүгедектігі бар адам күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы тағайындау үшін:
«электрондық үкімет» веб-порталы арқылы;
бірінші топтағы мүгедектік алғаш рет белгіленген кезде тұрғылықты жері бойынша МӘС бөлімшесіне де өтініш жасауға құқылы.
2-1. 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында жұмыс істегені туралы мәлiметтердi қамтитын еңбек кітапшасы немесе өзге де құжаттар жұмыс стажын растайтын құжат болып табылады.
Осы Заңның 4-бабының 5) тармақшасында аталған адамдардың 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамыр аралығындағы жұмыс істеген фактісін растайтын құжаттары жоқ болса, жұмыс өтілін орталық атқарушы орган белгілеген тәртіппен құрылатын арнайы комиссиялар белгілейді.
2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды; 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 2-2-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 2-2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2-2. Жәрдемақыларды тағайындау мерзімі өтінішті барлық қажетті құжаттарымен қоса Мемлекеттік корпорацияда тіркеген күннен бастап, ал осы баптың 9-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайда - мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелері бірінші топтағы мүгедектігі бар адам туралы немесе күтімді жүзеге асыратын адам туралы мәліметтерді растаған күннен бастап сегіз жұмыс күнінен аспайды.
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 2-3-тармақпен толықтырылды
2-3. Күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы бірінші топтағы мүгедектігі бар адам өтініш жасаған күннен бастап бірінші топтағы мүгедектік белгіленген бүкіл кезеңге тағайындалады және төленеді.
3. ҚР 2001.01.19 № 145-II Заңымен алып тасталды
4. ҚР 2001.01.19 № 145-II Заңымен алып тасталды
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Жәрдемақы мөлшерін қайта қарау республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін айлық есептік көрсеткіштің немесе ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының өзгеруіне байланысты жүргізіледі.
6. ҚР 2001.01.19 № 145-II Заңымен алып тасталды
7. Жәрдемақы тағайындау тәртібін орталық атқарушы орган бекітеді.
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды; 2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. «Халық қаһарманы» атағына ие болған адамдарға, «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болған адамдарға, күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы тағайындау туралы өтінішті беру «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес проактивті көрсетілетін қызмет арқылы жәрдемақы тағайындалған кезде талап етілмейді.
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды
9. Мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдар күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы тағайындау үшін бірінші топтағы мүгедектігі бар адам туралы немесе күтімді жүзеге асыратын адам туралы мәліметтердің ақпараттық жүйелерде жоқ екенін растайтын электрондық құжаттарды ұсынған кезде, сұрау салуды жүзеге асырған Мемлекеттік корпорация ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және мерзімдерде бірінші топтағы мүгедектігі бар адам туралы немесе күтімді жүзеге асыратын адам туралы мәліметтерді ақпараттық жүйелерде сәйкес келтіру үшін құжаттардың түпнұсқаларын ұсыну қажеттігі туралы бірінші топтағы мүгедектігі бар адамды хабардар етеді.
Ақпараттық жүйелер бірінші топтағы мүгедектігі бар адам туралы немесе күтімді жүзеге асыратын адам туралы бұрын болмаған мәліметтердің бар екенін белгіленген тәртіппен растаған кезде бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның жәрдемақы тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға өтініш жасаған күні күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы тағайындау күні болып есептеледі.
2001.01.19 № 145-II; 2002.03.21 № 308-II 2006.04.07. № 148-III (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-бап өзгертілді
6-бап. Жәрдемақы төлеу тәртібі
1. Жәрдемақы төлеу тәртібін орталық атқарушы орган бекітеді.
2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Жәрдемақы төлеу ағымдағы ай үшін және оны алу құқығы туындаған күннен бастап жәрдемақы тағайындалған жағдайлар сақталған кезеңге жүргізіледі. Жәрдемақы алушы қайтыс болған жағдайда, жәрдемақы - қайтыс болған айына қоса, ал жәрдемақы алушы Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұрғылықты жерге кеткен жағдайда кеткен айына қоса төленеді.
Бірінші топтағы мүгедектігі бар адам қайтыс болған жағдайда күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы - қайтыс болған айды қоса алғанда, ал бірінші топтағы мүгедектігі бар адам немесе күтімді жүзеге асыратын адам басқа елді мекенге немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұрғылықты тұруға кеткен жағдайда, кеткен айды қоса алғанда төленеді.
3. Мүгедектік тобы өзгерген жағдайда жәрдемақы төлеу жаңа мөлшерде жәрдемақы алуға құқық пайда болған кезден бастап, заңдарда мүгедектіктің тиісті тобы үшін белгіленген мөлшерде жүзеге асырылады.
4. Егер мүгедектігі бар адам Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде қайта куәландыру үшін МӘС бөлімшесіне келмесе, онда оған жәрдемақы төлеу оны қайтадан мүгедектігі бар адам деп таныған кезге дейін тоқтатыла тұрады.
Қайта куәландыру мерзімін дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда, жәрдемақы төлеу, егер МӘС бөлімшесі оны осы кезеңде мүгедектігі бар адам деп таныса, төлем тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта куәландыру күніне дейін, бірақ алты айдан аспайтын уақыт үшін жүргізіледі. Бұл ретте, егер қайта куәландыру кезінде мүгедектігі бар адам мүгедектіктің басқа (неғұрлым жоғары немесе неғұрлым төмен) тобына ауыстырылса, онда көрсетілген уақыт үшін жәрдемақы бұрынғы топ бойынша төленеді.
5. Жәрдемақы алуға құқылы екі және одан да көп адам бірге тұрған жағдайда жәрдемақы олардың әрқайсысына тағайындалады және төленеді.
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды
6. Отбасында екі және одан да көп бірінші топтағы мүгедектігі бар адам тұратын жағдайда, күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы олардың әрқайсысына тағайындалады және төленеді.
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды
7. Бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтімді бірнеше адам жүзеге асырған жағдайда, күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы осы адамдардың біреуіне тағайындалады және төленеді.
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды
8. Бірінші топтағы мүгедектігі бар адам және күтімді жүзеге асыратын адам бір елді мекенде тұруға тиіс.
1999.11.16 № 482-I ҚР Заңымен; 2000.12.21 № 130-II ҚР Заңымен; 2004.31.21 № 28-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) ; 2005.15.12. № 101-III ҚР Заңымен (2006 ж. 1 қаңтардан бастап күшіне енді) (бұр. ред. қара); 2006.04.07. № 148-III ҚР Заңымен (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.02.12. № 211-IV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-бап өзгертілді; 2014.31.03. № 180-V ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (2014 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.28.10. № 369-V ҚР Заңымен (2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-бап өзгертілді