1) 1-баптың 8-тармағы алып тасталсын;
2) 3-баптың 2) тармақшасындағы «8, 9,» деген цифрлар «9,» деген цифрмен ауыстырылсын.
38. «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-І, 138-құжат; 2016 ж., № 7-І, 50-құжат; № 24, 124-құжат):
16-бапта:
3-тармақтың 5) тармақшасының бесінші абзацындағы «көрсетілетін қызметтер стандарттарының» деген сөздер «қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді;»;
7-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер;».
39. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-ІІІ, 149-құжат; 2016 ж., № 22, 116-құжат; 2017 ж., № 14, 50-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат):
1-баптың 6-тармағының 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«Көрсетілген мәліметтерге өтініш берушінің қаржылық жағдайын талдау үшін жеткілікті растайтын құжаттар қоса беріледі;».
40. «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-V, 155-құжат; 2016 ж., № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 20, 96-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 15, 50-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 5-6, 27-құжат; № 15-16, 67-құжат):
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 38-1) тармақшамен толықтырылсын:
«38-1) биометриялық сәйкестендіру - жеке басты физиологиялық және биологиялық өзгермейтін белгілері негізінде сәйкестендіретін шаралар кешені;»;
61) тармақша «өтініш білдірген» деген сөздерден кейін «не проактивті қызмет көрсетуге келісім берген» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 7-баптың 60), 61) және 63) тармақшаларындағы «жылжымалы желінің» деген сөздер «ұялы байланыс» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 9-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын:
«17-1) операторға «электрондық үкімет» веб-порталын ақпараттық толықтырып отыру үшін қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды береді;»;
4) 10-бап мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:
«16-1) операторға «электрондық үкімет» веб-порталын ақпараттық толықтырып отыру үшін қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды береді;»;
5) 12-бапта:
20) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын:
«20-1) «электрондық үкімет» ақпараттандыру объектілерінде қамтылатын толық емес және өзекті емес мәліметтерді анықтау бөлігінде олардың интеграциялануына талдауды жүзеге асырады және оларды жою жөнінде ұсынымдар әзірлейді;»;
21) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 23) тармақшамен толықтырылсын:
«23) мемлекеттік органдардың, мемлекеттік заңды тұлғалардың, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың ашық деректерін қалыптастыру бойынша талдау жүргізеді.»;
6) 13-бапта:
9) тармақшадағы «мемлекеттік органдардың» және «интеграциялауды және қосуды жүзеге асырады» деген сөздер тиісінше «интеграциялау кезінде «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін «электрондық үкімет» шлюзіне және Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзіне қосуды, сондай-ақ мемлекеттік органдардың» және «қосуды жүзеге асырады» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) мемлекеттік органдар және электрондық нысанда қызметтер көрсететін өзге де субъектілер берген электрондық ақпараттық ресурстармен «электрондық үкімет» веб-порталын ақпараттық толықтырып отыруды жүзеге асырады;»;
мынадай мазмұндағы 14) және 15) тармақшалармен толықтырылсын:
«14) «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерін дамыту кезінде мемлекеттік органдарға консультациялық көмек көрсетеді;
15) «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерін және Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзін дамыту жөніндегі жобаларды басқаруды жүзеге асырады.»;
7) 19-баптың 2-тармағында:
бірінші бөліктің 4) тармақшасындағы «композиттік болып табылады.» деген сөздер «композиттік;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) проактивті болып табылады.»;
мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
«Қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алу субъектісінің ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы берілген келісімі міндетті түрде қажет болатын, қызмет көрсету субъектісінің бастамасы бойынша берілетін қызмет электрондық нысанда көрсетілетін проактивті қызмет болып табылады.»;
8) 27-бапта:
2-тармақтағы «жылжымалы желінің» деген сөздер «ұялы байланыс» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
«жылжымалы желінің» деген сөздер «ұялы байланыс» деген сөздермен ауыстырылсын;
«бір реттік парольді» деген сөздерден кейін «немесе биометриялық сәйкестендіруді» деген сөздермен толықтырылсын;
9) 35-баптың 6-тармағының екінші бөлігіндегі «электрондық үкіметтің» сервистік интеграторы» деген сөздер «оператор» деген сөзбен ауыстырылсын.
41. «Атом энергиясын пайдалану туралы» 2016 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 1, 1-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):
26-баптың 4-тармағындағы «отыз» деген сөз «жиырма» деген сөзбен ауыстырылсын.
42. «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» 2016 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 1, 3-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; 14, 44-құжат; № 19, 62-құжат):
7-баптың 4-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын.
43. «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 7-І, 46-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 44-құжат; № 16, 53, 55-құжаттар; № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 15-16, 67-құжат):
1) 1-бапта:
22) және 23) тармақшалар алып тасталсын;
27) тармақшадағы «жазбаша» деген сөз алып тасталсын;
2) 7-баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшалары алып тасталсын;
3) 38-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Әділет органдары тіркеген орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін әділет органдары ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне олар Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне енгізілген кезден бастап бір күн ішінде электрондық құжат нысанында автоматты түрде жібереді.»;
4) 39-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Әділет органдары тіркеген, мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулыларын, тексеру комиссияларының нормативтік құқықтық қаулыларын және әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерін әділет органдары ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне олар Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне енгізілген кезден бастап бір күн ішінде электрондық құжат нысанында автоматты түрде жібереді.».
44. «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» 2016 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 7-ІІ, 52-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат):
18-баптың 4-тармағындағы «он» деген сөз «сегіз» деген сөзбен ауыстырылсын.
45. «Пошта туралы» 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 8-І, 64-құжат; № 24, 124, 126-құжаттар; 2017 ж., № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; 2019 ж., № 7, 39-құжат; № 15-16, 67-құжат):
23-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) жасалған шарт негізінде бюджеттен көрсетілген қызметтер үшін сыйақы алу құқығымен, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бекіткен кірістер тізбесі бойынша салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу үшін жеке тұлғалар мен мемлекеттік мекемелер өкілдерінен қолма-қол және қолма-қол емес ақша қабылдағаны үшін төлемақы алмай қызметтер көрсетуге;».
46. «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 12, 86-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 53-құжат; № 21, 98-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат):
1) 11-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі көрсетілетін төлем қызметтерін берушілерді көрсетілетін төлем қызметтері нарығына жүргізілген талдау қорытындысы бойынша көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілерге өзі дербес жатқызады.»;
2) 16-бапта:
2-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайтын нысан бойынша, оның ішінде атқарушы орган басшысы (мүшелері) туралы мәліметтерді (дипломның (дипломдардың) және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмелерін қоса бере отырып) қамтитын өтінішті;»;
4), 5), 6), 8), 9) және 10) тармақшалар алып тасталсын;
3-тармақтағы «он бес» деген сөздер «он» деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 17-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі «он бес» деген сөздер «он» деген сөзбен ауыстырылсын;
4) 20-бапта:
2-тармақтың 3) және 6) тармақшалары алып тасталсын;
3-тармақтағы «он бес» деген сөздер «он» деген сөзбен ауыстырылсын.
47. «Коллекторлық қызмет туралы» 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 9, 20-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат):
1) 7-бапта:
2-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) өтініш ұсынылған күннің алдындағы күнгі жағдай бойынша құрылтайшылар (қатысушылар) туралы, басшы қызметкерлер туралы, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекет қатысатын кредиттік бюромен жасалған ақпарат беру жөніндегі шарт туралы мәліметтер ескерілген өтінішті;»;
2), 3) және 4) тармақшалар алып тасталсын;
5-тармақтағы «он бес» деген сөздер «он» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 15-баптың 1-тармағының 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«13) уәкілетті органды осы Заңның 7-бабы 2-тармағының 5) және 6) тармақшаларында көзделген құжаттарға, сондай-ақ коллекторлық агенттіктің құрылтайшылары (қатысушылары) туралы және басшы қызметкерлері туралы мәліметтерге енгізілген өзгерістер туралы он бес жұмыс күні ішінде жазбаша хабардар етуге;».
2-бап.
Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін лицензия алған және осы Заңның 1-бабы 8-тармағы 11) тармақшасының бесінші абзацында белгіленген талапқа сәйкес келмейтін банктер көрсетілген талапты 2022 жылғы 2 қаңтарға дейінгі мерзімде орындауға міндетті.
3-бап.
Осы Заң:
1) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 6-тармағының 1) тармақшасын, 7) тармақшасының екінші - жетінші, тоғызыншы - он үшінші, он бесінші - жиырма бірінші абзацтарын;
2) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 6-тармағы 7) тармақшасының сегізінші, он төртінші және жиырма екінші абзацтарын;
3) 2020 жылғы 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 7-тармағы 12) тармақшасының бесінші абзацын, 8-тармағының 3), 4) тармақшаларын, 5) тармақшасының елу төртінші және елу бесінші абзацтарын, 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15) және 16) тармақшаларын, 15-тармағының 2), 4), 6), 7), 9), 10), 11) және 14) тармақшаларын, 21 және 22-тармақтарын, 23-тармағының 1) және 2) тармақшаларын, 36-тармағының 3) тармақшасын, 4) тармақшасының үшінші, төртінші және бесінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 25 қараша
№ 272-VІ