Қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында жылдық қаржылық есептілік орналастырған жағдайда, өтініш беруші осы есептілікті ұсынбайды.»;
9) тармақша алып тасталсын;
8-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы баптың 6-тармағының 1), 1-1), 3) және 4) тармақшаларында және 7-тармағының 1), 2), 3), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;»;
9-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9-1. Сақтандыру холдингі болуға ниет білдірген тұлға осы баптың 7, 8, 9 және 10-тармақтарында көзделген құжаттар мен мәліметтерден басқа, егер өтініш берушінің сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуі сақтандыру тобын қалыптастыруға алып келетін болса, сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің болжамды есеп-қисабын ұсынады.»;
12-тармақтың бірінші бөлігіндегі «үш ай» деген сөздер «елу жұмыс күні» деген сөздермен ауыстырылсын;
18-тармақтың үшінші бөлігінде:
«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының» деген сөздер «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының, сақтандыру холдингінің өтініші бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының» деген сөздермен ауыстырылып, «өзгерген жағдайда» деген сөздерден кейін «не уәкілетті орган берілген келісімнің күшін жою үшін негіз болып табылатын фактілерді дербес анықтаған жағдайда,» деген сөздермен толықтырылсын;
«сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының, сақтандыру холдингінің өтініші бойынша уәкілетті органның бұрын берілген жазбаша келісімі уәкілетті орган көрсетілген өтінішті алған» деген сөздер «уәкілетті органның бұрын берілген жазбаша келісімі уәкілетті орган көрсетілген өтінішті алған не уәкілетті орган берілген келісімнің күшін жою үшін негіз болып табылатын фактілерді анықтаған күннен кейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын;
15-тармақтың 4) тармақшасы 2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4) 27-бапта:
1-тармақта:
2) тармақша алып тасталсын;
4), 5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4) аудиторлық ұйым куәландырған, аяқталған соңғы екі қаржы жылына қаржылық есептілік, құжаттарды ұсынар алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы бухгалтерлік баланс және пайдалар мен шығындар туралы есеп қамтылатын құрылтайшы - заңды тұлғалар (мұндай құрылтайшылар болған кезде) туралы мәліметтер. Қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында аяқталған соңғы екі қаржы жылына қаржылық есептілік орналастырылған жағдайда, осы есептілік ұсынылмайды.
5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құру үшін пайдаланылатын көздер мен ақша сомасының сипаттамасын қоса алғанда, құрылтайшы - жеке тұлғалар (мұндай құрылтайшылар болған кезде) туралы мәліметтер. Осы Заңның 26-бабы 6-тармағы 1) тармақшасының екінші бөлігінде көрсетілген қаражат сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын қаражат көзі болып табылады;
6) бизнес-жоспар.»;
7) тармақша алып тасталсын;
1-1, 4, 5, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Өтінішке мыналар да қоса беріледі:
1) өтініш берушінің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушы немесе сақтандыру холдингі мәртебесін, еншілес ұйым құруға немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының капиталына қомақты қатысуға ие болуға рұқсат алуы қажет болған жағдайда, осы Заңның 26 және 32-баптарында көзделген құжаттар мен мәліметтер;
2) осы Заңның 34-бабының талаптарына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерлері лауазымына ұсынылатын адамдардың құжаттары;
3) «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4-тармағының 2) және 5) тармақшаларында көзделген жарияланған акциялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеуге арналған құжаттар. Өтініш беруші акционерлік қоғамның құрылтайшылары арасында орналастырылатын жарияланған акцияларға ақы төленгенін растайтын құжаттарды заңды тұлға мемлекеттік тіркелген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады;
4) «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабында көзделген заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуге арналған құжаттар;
5) «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия берілгені үшін алым төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.»;
«4. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүргізуге лицензия беру туралы шешім қабылдағанға дейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсаттың заңдық күші болады.
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға берілген рұқсат:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қайта ұйымдастыру немесе тарату арқылы өз қызметін ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдаған;
2) сот сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат берілген күннен бастап үш ай ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алынбаған жағдайларда күші жойылды деп есептеледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген жағдайда еншілес ұйым құруға, ұйымның капиталына қомақты қатысуға бұрын берілген рұқсаттардың және сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісімнің күші жойылды деп есептеледі.
6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру туралы өтінішті уәкілетті орган өтініш берілген күннен бастап елу жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.
7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру туралы хабарлама өтініш беруші мен тіркеуші органға жіберіледі.»;
5) 28-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы «қатысушысы» деген сөзден кейін «немесе сақтандыру холдингі» деген сөздермен толықтырылсын;
15-тармақтың 6) тармақшасы 2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
6) 29-бап алып тасталсын;
15-тармақтың 7) тармақшасы 2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
7) 30-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
8) 32-бапта:
1-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына немесе сақтандыру холдингіне еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат беру тәртібі, рұқсат алу үшін қажетті құжаттарға қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.»;
4-тармақта:
1) тармақша алып тасталсын;
1-1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1) «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, рұқсат бергені үшін алым төленгенін растайтын құжаттың көшірмесін;
2) еншілес ұйымды құрған жағдайда - оны құру туралы шешімді не еншілес ұйымды иеленген жағдайда - оны иелену туралы шешімді (қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында мәліметтер болмаған жағдайда);»;
4) тармақшаның бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4) өтініш берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтерді (қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында мәліметтер болмаған жағдайда) қоса беру қажет.»;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) еншілес ұйымның бизнес-жоспарын;»;
7) тармақша алып тасталсын;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) иеленетін еншілес ұйымның аудиторлық ұйым куәландырған, аяқталған соңғы қаржы жылына қаржылық есептілігін қоса беру қажет.
Қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында жылдық қаржылық есептілік орналастырған жағдайда, өтініш беруші осы есептілікті ұсынбайды;»;
10) және 13) тармақшалар алып тасталсын;
7-тармақтың бірінші бөлігіндегі «үш ай» деген сөздер «елу жұмыс күні» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақ алып тасталсын;
12-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Мазмұнына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат алуға арналған өтініш осы баптың 4-тармағының 1-1), 2), 3), 4), 5), 6) және 11) тармақшаларында көзделген құжаттар қоса беріле отырып ұсынылады.»;
15-тармақтың 9) тармақшасы 2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
9) 34-баптың 6-тармағы мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы бөліктермен толықтырылсын:
«Осы Заңның 27-бабы 1-1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерлері лауазымына ұсынылатын адамдарға келісім беру үшін құжаттар ұсынылған кезде уәкілетті орган өтініш берушіге аталған адамдарға келісім беру не келісім беруден бас тарту туралы шешімді заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттарды алған күннен бастап тоғыз жұмыс күні ішінде жібереді.
Құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерлері лауазымына ұсынылатын адамдарға келісім беруден бас тартылуына байланысты құжаттар қайта ұсынылған кезде уәкілетті орган құжаттарды осы тармақтың төртінші бөлігінде көзделген мерзімде қарайды.»;
15-тармақтың 10) тармақшасы 2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
10) 37-бапта:
1-тармақ, 2-тармақтың 3) тармақшасы және 4) тармақшасындағы «көшірмесін;» деген сөз «көшірмесін ұсынады.» деген сөздермен ауыстырылып, 5) және 6) тармақшалары, 7-тармақтың 3) тармақшасы, 7-3-тармақтың 4) және 5) тармақшалары, 8-тармақтың 6) және 7) тармақшалары, 8-1-тармақтың 3) және 4) тармақшалары алып тасталсын;
10-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Осы Заңның 27-бабы 1-1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына лицензия беру туралы құжаттар ұсынылған кезде уәкілетті орган өтініш берушіге лицензия беру не беруден бас тарту туралы шешімді заңды тұлға мемлекеттік тіркелген күннен бастап тоғыз жұмыс күні ішінде жібереді.
Құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына лицензия беруден бас тартылуына байланысты құжаттар қайта ұсынылған кезде уәкілетті орган құжаттарды осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мерзімде қарайды.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін лицензиялау тәртібі, сондай-ақ осы баптың 2, 3, 6, 7, 7-3, 8, 8-1 және 8-3-тармақтарында көрсетілген құжаттардың мазмұнына, оның ішінде сақтандыру тарифтерін есептеу тәртібі мен олардың экономикалық негіздемесіне қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.»;
15-тармақтың 11) тармақшасы 2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
11) 38-баптың 1-тармағында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптар сақталмаса;»;
3) тармақша алып тасталсын;
5) тармақшадағы «қоғам органдары сайлағандардың қатарынан» деген сөздер «тағайындауға (сайлауға) ұсынылып отырған кандидаттардың арасынан» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 40-баптың 2-тармағында:
бірінші бөлікте:
2) тармақша алып тасталсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін (Қазақстан Республикасының бейрезидент-жеке тұлғалары үшін);»;
екінші бөлікте:
«бір ай» деген сөздер «жиырма жұмыс күні» деген сөздермен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
13) 52-1-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Сақтандыру холдингі тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуын, оның ішінде еншілес ұйымның немесе сақтандыру холдингі қомақты қатысатын ұйымдардың қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты болуын қамтамасыз етеді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге ниет білдірген тұлғаларға қолданылады.»;
15-тармақтың 14) тармақшасы 2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
14) 53-5-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы алып тасталсын;
15) 62-бапта:
4-тармақта:
1) тармақша «шешімі» деген сөзден кейін «(қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында мәліметтер болмаған жағдайда)» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) қайта ұйымдастырылуын жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспары.»;
3) тармақша алып тасталсын;
5-тармақтағы «екі ай» деген сөздер «отыз бес жұмыс күні» деген сөздермен ауыстырылсын.
16. «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 246-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 15, 125-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-І, 100-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2017 ж., № 14, 49-құжат; 2018 ж., № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 8, 45-құжат):
1) 23-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) кірме жолдардың және халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланылатын жолдарға жалғасатын жолдардың құрылысын жобалау үшін Ұлттық оператордан техникалық шартты алуға;»;
2) 30-баптың 9-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9-2) халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын байланыс және электр беру арналарының, желілерінің, мұнай құбырларының, газ құбырларының, су құбырларының және теміржолдардың, басқа да инженерлік желілердің, коммуникациялардың кесіп өтуін жобалау үшін, сондай-ақ кірме жолдарды және халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына жалғасатын жолдарды салу үшін техникалық шартты беру;».
17. «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 2, 16-құжат; 2004 ж., № 20, 116-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 11, 36-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95, 96-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 19-І, 100-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 17-құжат; № 11, 29-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 8, 45-құжат):
212-баптың 6-1-тармағы алып тасталсын.
18. «Геодезия және картография туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; 2016 ж., № 7-І, 50-құжат; № 7-ІІ, 56-құжат; 2018 ж., № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 5-6, 27-құжат; 2019 жылғы 5 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
12-баптың 5-тармағының бірінші бөлігіндегі «және пайдалану» деген сөздер «, пайдалану және беру» деген сөздермен ауыстырылсын.
19. «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 1-2, 1-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2009 ж., № 11-12, 53-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2017 ж., № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 9, 31-құжат):
1) 4-баптың 4) тармақшасы алып тасталсын;
2) 5-баптың 1-тармағының 11) тармақшасы «әзірлейді» деген сөзден кейін «және бекітеді» деген сөздермен толықтырылсын.
20. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 9, 41-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 9-10, 50-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 15-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 1, 4-құжаттар; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 13, 45-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 7-8, 22-құжат; № 14, 42-құжат; № 22, 83-құжат):
20-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Әлеуметтік төлемдерді тағайындау туралы өтінішті беру «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес олар проактивті көрсетілетін қызмет арқылы тағайындалған кезде талап етілмейді.»;
2 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік корпорация әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін қажетті құжаттар қабылданған күннен бастап немесе әлеуметтік төлемдерді проактивті көрсетілетін қызмет арқылы тағайындауға келісім алынған күннен бастап төрт жұмыс күні ішінде оларды Қорға береді.»;
«7. Өтініштің осы Заңның 12-бабының 1-тармағында көрсетілген органда немесе ұйымда тіркелген күні немесе «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әлеуметтік төлемдерді проактивті көрсетілетін қызмет арқылы тағайындауға келісім алынған күн Қордан әлеуметтік төлемдер тағайындауға өтініш жасалған күн деп есептеледі.
Әлеуметтік төлемдер тағайындау мерзімі өтініштің барлық қажетті құжаттарымен қоса Мемлекеттік корпорацияда тіркелген күнінен бастап немесе «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әлеуметтік төлемдерді проактивті көрсетілетін қызмет арқылы тағайындауға келісім алынған күннен бастап сегіз жұмыс күнінен аспайды.».
21-тармақ 2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
21. «Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 8, 44-құжат; № 14, 84-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; 2017 ж., № 23-ІІІ, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат):
8-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сақтандыру ұйымы тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алғанға дейін «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртіппен Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорымен қатысу шартын, міндетті сақтандырудың көрсетілген түрі бойынша лицензия алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде осы шартты жасасатын жаңадан құрылатын сақтандыру ұйымын қоспағанда, жасасуға міндетті.».
22-тармақ 2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
22. «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 25-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 8-І, 65-құжат; 2017 ж., № 23-ІІІ, 111-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат):
8-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сақтандыру ұйымы көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алғанға дейін «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртіппен Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорымен қатысу шартын, міндетті сақтандырудың көрсетілген түрі бойынша лицензия алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде осы шартты жасасатын жаңадан құрылатын сақтандыру ұйымын қоспағанда, жасасуға міндетті.».
23. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 119-құжат; 2004 ж., № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 125-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14, 15-құжаттар; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21- 22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 50-құжат; № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат):
23-тармақтың 1) тармақшасы 2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) 8-баптың 3-тармағында:
бірінші бөліктегі «табыс етілген күннен кейін» деген сөздер «ұсынылған күннен бастап» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, құрылатын банк «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-1-тармағының 3) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 3-тармағының 8) тармақшасына сәйкес жарияланған акцияларды шығару туралы құжаттарды ұсынған кезде уәкілетті орган жарияланған акцияларды шығару туралы құжаттарды қарау нәтижесін заңды тұлға мемлекеттік тіркелген күннен бастап тоғыз жұмыс күні ішінде жібереді.