2016.30.06. № 5-VI ҚР Заңына сәйкес 4-тармақтың қолданысы 2026 ж. 31 желтоқсанға дейін тоқтатылды
4. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген жер учаскелерiн сатып алған кезде оның сомасын төлеу осы Кодекстің 49-бабында белгіленген тәртіппен төлеу мерзiмiн ұзарту арқылы жүргiзiлуi мүмкiн.
2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2021.13.05. № 39-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ жаңа редакцияда
5. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінің меншік иесі болып табылатын адамның Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған кезде азаматтығы тоқтатылған кезден бастап үш ай ішінде жер учаскесі иеліктен шығарылуға не жергілікті атқарушы органның келісуімен осы учаскенің мемлекеттен (меншік иесінен) сатып алынған жер учаскесі бағасы төлене отырып, мемлекеттік меншiкке қайтарылуға тиіс.
2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды; 2018.04.05. № 151-VI ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2021.13.05. № 39-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді; 2021.30.06. № 59-VII ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының шекаралық аймағы шегінде орналасқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері Қазақстан Республикасының азаматтарына, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, және шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына уақытша жер пайдалану құқығымен беріледі.
2021.30.06. № 59-VII ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7. Осы баптың 1-тармағының нормалары орман өсіру мақсаттары үшін берілген (берілетін) жер учаскелеріне қатысты да қолданылады.
25-бап. Жеке меншiк құқығын iске асыру
1. Егер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде өзгеше көзделмесе, жер учаскесiнiң меншiк иесi мемлекеттік органдардың қандай да бiр рұқсатын алмай, жер учаскесiн өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын жүзеге асырады.
2. Меншiк иесi өзiнiң жер учаскесiне қатысты оның нысаналы мақсатын өзгертпей, Қазақстан Республикасының заң актілерінде тыйым салынбаған кез келген мәмiлелердi жасасуға құқылы.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiнiң меншiк иелерi аталған құқықтарды осы Кодекстiң ережелерiн ескере отырып iске асырады.
Жер учаскесiне меншiк құқығы басқа адамға мәмiле жасалған кездегi барлық ауыртпалықтарымен берiледi.
2020.02.07. № 355-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Жер учаскесiнiң меншiк иесi оның нысаналы мақсатын өзгертпей, жер учаскесiн уақытша пайдалану туралы шарттың негiзiнде оны уақытша пайдалануға беруге құқылы. Жер учаскесiн уақытша пайдалану туралы шарт жалдау шарты (жалға алушымен) немесе өтеусiз пайдалану туралы шарт (өтеусiз пайдаланушымен) нысанында жасалады.
Жер учаскесі және (немесе) оның бір бөлігі ұялы немесе спутниктік байланыс жабдығына арналған антенна-діңгекті құрылыстар және (немесе) тіреуіштер салу үшін жалға берілген кезде бүкіл жер учаскесі үшін де, оның бір бөлігі үшін де нысаналы мақсатын өзгерту талап етілмейді.
26-бап. Жерге мемлекеттік меншiк
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2018.04.05. № 151-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Мемлекеттiк билiк органдарына, мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерге берiлген, қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтаждары үшін пайдаланылатын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар алып жатқан, сауықтыру және тарихи-мәдени мақсаттағы, орман және су қорларының, елдi мекендер жерiндегi ортақ пайдаланудағы, босалқы жер қорындағы, оның iшiнде арнайы жер қорының жер учаскелерi, жайылымдық және шабындық алқаптар, сондай-ақ жеке меншiкке берiлмеген шалғайдағы жайылымдар мен басқа да жерлер мемлекеттiк меншiкте болады.
2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Мынадай жер учаскелерi:
қорғаныс және мемлекеттік қауiпсiздiк, мемлекеттік меншiктегi қорғаныс өнеркәсiбi қажеттерiне; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғау және күзету үшiн тұрғызылған инженерлiк-техникалық құрылыстар, коммуникациялар орналасқан; кеден қажеттерiне арналған жер учаскелерi;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар;
осы Кодекстiң 128-бабының 4-тармағында санамаланған жер учаскелерiн қоспағанда, орман қорының жерi;
осы Кодекстiң 133-бабының 2-тармағында санамаланған жер учаскелерiн қоспағанда, су қорының жерi;
магистральдық теміржол желiлерi;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясына сатылған ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдары салынған жер учаскелерін қоспағанда, ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдары;
жеке меншiк құқығындағы үйлер мен ғимараттардың және оларға қызмет көрсетуге қажеттi жер учаскелерiн қоспағанда, елдi мекендердегi ортақ пайдаланудағы аумақтар орналасқан жер учаскелерi жеке меншiкте бола алмайды.
Жердің қандай да бір санатқа тиесілігі жерді аймақтарға бөлуге сәйкес нысаналы мақсатына және рұқсат етілген пайдаланылуына қарай айқындалады.
2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2018.04.05. № 151-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2021.30.06. № 59-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың бөлек меншiгiне және жер пайдалануына:
тұрғын халықтың мұқтажына пайдаланылатын және соған арналған, оның ішінде облыстық және аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдық елді мекендер шекарасы шегіндегі шабындық алқаптар;
ортақ пайдаланудағы жолдар, оның iшiнде шаруашылықаралық және мекенаралық маңызы бар, сондай-ақ ортақ пайдаланудағы жер учаскелерiне өтуге арналған жолдар;
жер учаскелерiнiң екi немесе одан көп меншiк иелерi немесе жер пайдаланушылар бiрлесiп пайдаланатын суландыру құрылыстары (суландыру каналдары, суағарлар, құдықтар, суат пункттерi) орналасқан жер учаскелерi берiлмейдi.
«Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің 7-1) тармақшасында көрсетілген жайылым алқаптары жеке меншікке және жер пайдалануға берілмейді және жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін халық мұқтажына ғана пайдаланылады.
2009.04.07 № 166-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 4-тармақ өзгертілді; 2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, магистральдық темiржолдарды, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын және магистральдық құбыржолдарды, байланысты, жер қойнауын пайдалануды, энергетиканы дамыту үшін белгiленген тәртiппен резервке қойылған, сондай-ақ бекiтiлген сәулет-қала құрылысы және (немесе) құрылыс құжаттамасына сәйкес әкiмшiлiк және әлеуметтiк маңызы бар объектiлер (әуежайлар, әуеайлақтар, вокзалдар, станциялар, жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдар, мемлекеттiк органдардың әкiмшiлiк ғимараттары, ауруханалар, мектептер, мемлекеттiк тұрғын үй қоры, парктер, бульварлар, гүлзарлар және қоғамдық пайдаланудағы басқа да объектiлер) салуға арналған жер учаскелерi резервке қойылған мақсаттарда жер учаскелерін игеру басталғанға дейін жер пайдаланушыларға уақытша жер пайдалану құқығымен басқа мақсаттар үшiн берiлуi мүмкiн.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде санамаланған мақсаттар үшін белгіленген тәртіппен резервке қойылған жер учаскелері басқа мақсаттар үшін жеке меншікке берілмейді.
5. Егер осы Кодекске сәйкес мемлекеттік меншiктегi жер учаскелерi жеке меншiкте бола алатын жағдайда, оларды азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншiгiне беруден бас тартуға жол берiлмейдi.
27-бап. Мемлекеттік меншiк құқығын iске асыру
Мемлекеттік меншiктегi жерден жер учаскелерi:
1) жеке меншiкке сатылуы немесе өтеусiз берiлуi;
2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды; 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 1-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1-1) әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жарғылық капиталының (меншігінің) төлеміне берілуі;
2) тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға берiлуi;
3) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде немесе халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда өзге де құқықтық нысандарда iске асырылуы мүмкiн.
4-тарау. Жер пайдалану құқығы
28-бап. Жер пайдалану құқығының режимі
Жер пайдалану құқығы заттық құқық болып табылады. Осы Кодекске немесе заттық құқықтың мәнiне қайшы келмейтiндiктен, жер пайдалану құқығына меншiк құқығы туралы нормалар қолданылады.
29-бап. Жер пайдалану құқығының түрлерi
1. Жер пайдалану құқығы тұрақты немесе уақытша, иелiктен шығарылатын немесе шығарылмайтын, өтеулi немесе өтеусiз алынатын болуы мүмкiн.
2. Осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгiленген негiздерден басқа реттерде ешкiмдi де жер пайдалану құқығынан айыруға болмайды.
30-бап. Жер пайдалану құқығының субъектiлерi
Жер пайдаланушылар:
1) мемлекеттік және мемлекеттік емес;
2) ұлттық және шетелдiк;
3) жеке және заңды тұлғалар;
4) тұрақты және уақытша;
5) бастапқы және кейiнгi болып бөлiнедi.
31-бап. Жер пайдалану құқығының туындауы
1. Жep пайдалану құқығы:
1) жер пайдалану құқығын табыстау;
2) жер пайдалану құқығын беру;
3) жер пайдалану құқығының әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртібімен ауысуы (мұраға қалдыру, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы) арқылы туындайды.
2. Жер пайдалану құқығын табыстау, беру және оның ауысуы жер учаскесiнiң нысаналы мақсаты ескерiле отырып жүзеге асырылуға тиiс.
3. Жер пайдалану құқығы:
1) мемлекеттік органдар актілерінiң;
2) азаматтық-құқықтық мәмiлелердiң негiзiнде;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негiздерде туындайды.
32-бап. Жер пайдалану құқығын табыстау
1. Жер пайдалану құқығын табыстау тұлғаға жер пайдалану құқығын тiкелей мемлекеттiң беретiнiн бiлдiредi.
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); ҚР 2007.06.07. № 275-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2009.10.07 № 180-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 470-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Азаматтарға және заңды тұлғаларға жер пайдалану құқығын табыстау облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының шешімі негізінде жер учаскесіне құқық табыстау жөніндегі құзыретке сәйкес жүргізіледі.
2006.10.01. № 116-III Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.06.07. № 275-III Заңымен (бұр.ред.қара); 2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.10.07 № 180-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.21.07. № 470-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы өз құзыреті шегінде жер пайдаланушыларға уақытша жер пайдалану құқығын табыстаған кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның уақытша жер пайдалану құқығын табыстау туралы тиісті шешімі негізінде осындай жер пайдаланушылармен жер учаскесiн жалға беру шарттары немесе уақытша өтеусiз жер пайдалану шарттары жасалады.
Мемлекеттік әлеуметтік объектілер (мемлекеттік жалпы білім беретін мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдар, ауруханалар мен емханалар) салу үшін алып қойылған жер учаскелерінде уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығын мемлекеттік емес жер пайдаланушыларға беру туралы шарт жасасу үшін оларды, оның ішінде жер учаскелерін сәйкестендіру сипаттамаларын өзгертпей, «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жергілікті атқарушы органның коммуналдық меншігіне одан әрі өтеусіз беру негізгі шарт болып табылады.
2009.11.07. № 183-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2016.07.04. № 487-V ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнiнен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізiлдi) (бұр.ред.қара); 2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Егер жер учаскесi жер қойнауын пайдалануға арналған рұқсатты, лицензияны немесе жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт жасасуды талап ететiн қызметтi жүзеге асыруға немесе iс-қимылдар жасауға арналса, онда осы учаскеге жер пайдалану құқығын беру тиiстi жер қойнауын пайдалануға арналған рұқсат, лицензия алғаннан немесе жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жасалғаннан кейін жүргізіледі.
Осы қағида Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамалық актісіне сәйкес үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үйлер (тұрғын ғимараттар) құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін құрылыс салушыға және (немесе) уәкілетті компанияға жер учаскесі құқығын беру жағдайларына қолданылмайды.
Құзыретті орган жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылуын мерзімінен бұрын тоқтатқан кезде жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттар «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес құзыретті орган ұлттық компаниямен жасасатын жер қойнауы учаскесін сенімгерлік басқару шарты негізінде сенімгерлік басқарушыға қайта ресімделеді.
Пайдалы қатты қазбаларды өндіруге, жер қойнауы кеңістігін пайдалануға немесе кен іздеушілікке арналған лицензияның болуы, көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшартты немесе өндіру учаскесінің және өндіру кезеңінің не дайындық кезеңінің бекітіп берілуі көзделетін көмірсутектерді барлау мен өндіруге арналған келісімшартқа толықтыруды немесе осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген жер қойнауы учаскесін сенімгерлік басқару шартын жасасу осы Кодексте көзделген тәртіппен жер учаскесін дереу беру үшін негіз болып табылады.
33-бап. Жер пайдалану құқығын беру
2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.24.03. № 420-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.21.07. № 470-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Жер пайдалану құқығын беру тұлғаға жер пайдалану құқығын басқа жер пайдаланушының беретiнiн бiлдiредi.
Жер пайдалану құқығын беру азаматтық-құқықтық мәмiлелер негiзiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негiздер бойынша жүргiзiледi.
Жер пайдалану құқығын иелiктен шығару азаматтық-құқықтық мәмiлелер (сатып алу-сату, сыйға тарту, айырбастау және басқалар) негiзiнде жүргiзiледi.
Жер пайдалану құқығын белгiлi бiр мерзiмге басқа тұлғаға беру жалдау немесе жер учаскесiн уақытша өтеусiз пайдалану шартының негiзiнде жүргізіледі.
Жер пайдалану (жалдау) құқығын беру мен оны иелiктен шығаруды уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығын сатып алған тұлғалар ғана жүргiзе алады.
Уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын сатып алу:
1) кепiлге беру кезінде, оның ішінде кепіл беруші өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда кепіл ұстаушының кепілге салынған затты сатуы кезінде, Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен банкроттық процедурасын өткізу барысында кепіл кредиторының талаптарын қанағаттандыру есебіне кепілге салынған затты беру кезінде, сондай-ақ шаруашылық серiктестiгiнiң жарғылық капиталына салым ретiнде, акционерлiк қоғам акцияларының төлемiне немесе өндiрiстiк кооперативке жарна ретiнде беру кезiнде;
2) орман және су қорлары, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер құрамындағы, иеліктен шығарылатын үйлер (құрылыстар, ғимараттар) орналасқан, сондай-ақ оларды пайдалануға арналған жер учаскесіне;
2011.21.07. № 470-ІV ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (2012 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді); 2014.10.06. № 208-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 3) тармақша жаңа редакцияда
3) басқарушы компания жер учаскелерін Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес кейінгі жер пайдалануға (қосалқы жалға) берген кезде;
2015.27.10. № 362-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды; 2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 3-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3-1) арнайы экономикалық аймақтың немесе республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың қатысушысы не арнайы экономикалық аймақтың аумағында қосалқы қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың басқарушы компаниясының пайдасына мемлекеттік меншіктегі жер учаскесін инфрақұрылым объектілерімен қоса иеліктен шығарған кезде;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды
3-2) салынған мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісі мемлекеттік меншікке берілген жағдайда, басқарушы компания жер учаскелерін сонымен бір мезгілде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру шеңберіндегі жекеше әріптес болып табылатын арнайы экономикалық аймаққа қатысушыға иеліктен шығарған кезде;
4) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығы ауысқан кезде;
2021.30.06. № 59-VII ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5-1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердегі жер пайдалану құқығын иеліктен шығарған кезде талап етілмейді.
Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердегі жер пайдалану құқығын иеліктен шығару жер пайдалану құқығы берілген кезден бастап бес жыл жалға алу мерзімі өткеннен кейін азаматтық-құқықтық мәмілелер негізінде жүзеге асырылады.
Бұл ретте ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердегі жер пайдалану құқығын иеліктен шығаруды жасаған жер пайдаланушы азаматтық-құқықтық мәміле жасалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жер учаскесі орналасқан жердегі ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органын хабардар етуге міндетті.
Хабарлама тиісті азаматтық-құқықтық мәміленің нөмірі мен күні көрсетіле отырып, жазбаша нысанда жіберіледі.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердегі жер пайдалану құқығы иеліктен шығарылған кезде уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартын ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органы азаматтық-құқықтық мәмілелер негізінде жаңа жер пайдаланушыға орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен бастапқы жалға алу мерзімі өткенге дейінгі мерзімге қайта ресімдейді.
Жер пайдаланушы ауысқан кезде жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шарты талаптарының өзгерістері тіркелген кезден бастап туындайды.
Көрсетілген жағдайларда жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдалану құқығына ие болған жер пайдаланушы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шарты бойынша жалға берушінің алдында жауапты болады.
Бұл ретте шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін Қазақстан Республикасы азаматының, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уақытша өтеулі жер пайдалану құқығында болуы мүмкін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің жалпы жиынтық мөлшері осы Кодекстің 50-бабының 4-тармағына сәйкес белгіленген жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерінен аспауға тиіс.
Көрсетілген мөлшерден асып кеткен жағдайда, уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы осы Кодекстің 66-бабының нормаларына сәйкес қайта ресімделуге немесе иеліктен шығарылуға жатады;
2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
6) республикалық және (немесе) коммуналдық меншікке өтеусіз берілетін ғимараттар (құрылыстар, құрылысжайлар) орналасқан жер учаскесіне;
2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді); 2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
7) сенімгерлік басқаруға берілетін ғимараттар (құрылыстар, құрылысжайлар) орналасқан жер учаскесіне;
2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды
8) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы құрылыс салушы Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамасына сәйкес уәкілетті компанияға құқықты берген кезде талап етілмейді.
Жер пайдалану құқығын иелiктен шығару және оны беру кезiнде жер пайдаланушылардың жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өз бетiнше өзгертуге құқығы жоқ.
2. Жер пайдаланушылардың:
1) ортақ пайдаланудағы;
2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2) қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтаждары үшін берілген;
3) орман қорының;
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы;
5) қызметтiк жер телiмiнiң;
2011.24.03. № 420-IV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.04.05. № 151-VI ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2020.09.06. № 341-VI ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
6) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы құрылыс салушының уақытша қысқа мерзімді өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамасына сәйкес Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторының кепілдігін алу үшін уәкілетті компанияға беруін қоспағанда, уақытша өтеусіз және уақытша қысқа мерзімді өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығымен берілген жер учаскелерінің;
7) 2021.30.06. № 59-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
8) су қорының жерiнде жер пайдалану құқығына қатысты мәмiлелер жасасуына жол берiлмейдi.
2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды; 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 2-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2-1. Осы баптың 2-тармағында көзделген шектеулер жер пайдаланушылардың орман және су қорлары, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер құрамындағы, иеліктен шығарылатын ғимараттар (құрылыстар, құрылысжайлар) орналасқан және оларды пайдалануға арналған жер учаскесіне жер пайдалану құқығына қатысты жасасатын мәмілелеріне, оның ішінде кепілге салуға, сондай-ақ жер учаскелерін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары, оның ішінде концессия шарты бойынша қорғаныс объектілерін салу, реконструкциялау және пайдалану үшін уақытша өтеусіз пайдалануға беруге қолданылмайды.
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3. Жер пайдаланушының өзіне тиесілі жер учаскесін басқа тұлғаға (кейінгі жер пайдаланушыға) уақытша жер пайдалануға беруі, сондай-ақ уақытша жер пайдалану құқығын иеліктен шығару осы Кодекстің 32-бабының 4-тармағында және 37-бабының 3-тармағында және Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасында көзделген нормалардың ережелері ескеріле отырып жүргізіледі.