2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 5) және 6) тармақшалармен толықтырылды (2015 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
5) техникалық және авторлық қадағалаулар қызметіне бақылауды жүзеге асыру;
6) объектiлерді салу кезiнде тапсырыс берушiнiң (меншiк иесiнiң) техникалық және авторлық қадағалауларды ұйымдастыруына және жүзеге асыруына бақылауды жүзеге асыру жүктеледі.
4. Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясына (мемлекеттік құрылыс инспекторына):
1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінен Қазақстан Республикасының аумағында салынуы белгіленген және салынып (реконструкцияланып, кеңейтіліп, жаңғыртылып, күрделі жөндеуден өткізіліп) жатқан объектілер мен кешендер туралы ақпарат сұрау және алу;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыратын тұлғалардан танысу үшін осы құрылыс бойынша қажетті жобалау және атқарушылық техникалық құжаттаманы, сондай-ақ тиісті жобалардың сараптама қорытындысын сұрату және олардан алу;
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді
3) салынып (реконструкцияланып, кеңейтіліп, жаңғыртылып, күрделі жөндеуден өткізіліп) жатқан объектілер мен кешендерге кедергісіз бару және оларда жүргізіліп жатқан құрылыс-монтаж жұмыстарын жедел инспекциялауды жүргізу;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды; 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2015 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіле басталғаны туралы хабарламаны алғаннан кейін, осы хабарлама алынған кезден бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей объектілер мен кешендерге бару;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2015 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
5) салынып жатқан объектілер конструкцияларының және қолданылатын құрылыс материалдарының, бұйымдары мен конструкцияларының жобаның және мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтердің талаптарына сәйкестігіне зертханалық сынақтар жүргізу үшін тәуелсіз зертханаларды тарту құқығы беріледі.
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Мемлекеттік нормативтерді бұзуға және (немесе) бекітілген жобалардан (жобалық шешімдерден) ауытқуға жол берілгендігі анықталған жағдайда мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы жол берілген бұзушылықтарды тапсырысшының (құрылыс салушының) және (немесе) мердігерлік құрылыс-монтаждау ұйымының (кәсіпорнының) белгіленген мерзімде жоюы туралы нұсқама шығарады.
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды; 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 5-1-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5-1. Инспекциялау нәтижелері бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша анықтама және анықталған ақаулардың сипаттамасы бар объектілер ведомосі жасалады, бұл жұмысы тексерілген, техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғаларға, сондай-ақ тапсырыс берушіге (меншік иесіне) беріледі.
6. Мыналар:
2007.21.07. № 297-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда
1) сейсмикалық қауіптілігі жоғары аймақтардағы немесе іске асыру кезінде арнайы жобалық шешімдер мен іс-шараларды талап ететін өзге де ерекше геологиялық (гидрогеологиялық) және геотехникалық жағдайлары бар құрылыстан, Қазақстан Республикасының астанасында салынып жатқан, сондай-ақ бюджет қаражаты есебінен салынып жатқан жеке тұрғын үйлер құрылысынан басқа, азаматтардың жеке пайдалануына арналған жеке тұрғын үйлер мен басқа да техникалық жағынан күрделі емес құрылыстар салу;
2) жеке үй жанындағы учаскелерде немесе бау-бақша серіктестіктері учаскелерінде орналасқан уақытша құрылыстар, сондай-ақ маусымдық жұмыстар мен шалғайдағы мал шаруашылығы үшін тұрғын және (немесе) шаруашылық-тұрмыстық үй-жайлар тұрғызу;
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3) тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертпей, сондай-ақ үй-жайлардың функционалдық мақсатын өзгертпей қолданыстағы үйлердегі үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы тарапынан инспекциялауға жатпайды.
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 542-IV Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-тармақ жаңа редакцияда
7. Лауазымдық мiндеттерiне бақылауды жүзеге асыру кiретiн, сәулет, қала құрылысы, құрылыс істері және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметіне мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын уәкiлеттi органның басшысы, оның орынбасарлары мен штаттық жұмыскерлерi тиiсiнше - Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк құрылыс инспекторы, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк құрылыс инспекторының орынбасарлары және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құрылыс инспекторлары болып табылады.
Лауазымдық мiндеттерiне құрылыстарды жедел инспекциялау кіретін, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың өздеріне ведомстволық бағынысты аумақтардағы объектілер құрылысының барысына және сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын органдарының басшылары, олардың орынбасарлары мен штаттық жұмыскерлерi тиiсiнше, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бас мемлекеттiк құрылыс инспекторлары, бас мемлекеттiк құрылыс инспекторының орынбасарлары және мемлекеттiк құрылыс инспекторлары болып табылады.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарау және әкiмшiлiк жазалар қолдану құқығы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк құрылыс инспекторы мен оның орынбасарларына, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бас мемлекеттiк құрылыс инспекторларына берiледi.
34-бап. Авторлық қадағалау
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгерді; 2014.21.01. № 167-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Авторлық қадағалауды жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеушілер, осы Заңның 33-бабының 6-тармағында және 74-бабының 1-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, барлық құрылыс объектілерінде жүзеге асырады.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Объектiлердi салу барысында жүргiзiлетiн авторлық қадағалау шарт негiзiнде жүзеге асырылады.
Авторлық қадағалау міндетті түрде объектіні салудың (реконструкциялаудың, реставрациялаудың, кеңейтудің, техникалық қайта жарақтандырудың, жаңғыртудың, күрделi жөндеудің) не аяқталмаған объектiлер құрылысын консервациялаудың бүкiл кезеңi iшiнде қолданыстағы нормативтерге сәйкес объектілерді салуға арналған жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасында көзделетін қаражат есебінен жүзеге асырылады.
Құрылыс объектісі аяқталған кезде авторлық қадағалауды жүзеге асыратын тұлға тапсырыс берушіге (құрылыс салушыға) орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытынды береді.
2009.10.07. № 180-IV ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды; 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 2-1-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-1. Жобаны әзірлеуші объектінің құрылысына авторлық қадағалау жүргізуді (жүзеге асыруды):
1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында инжинирингтік қызметті жүзеге асыру құқығына арналған аттестаты бар сарапшыға;
2) тиісті аттестаты бар авторлық қадағалауды жүргізу жөніндегі инжинирингтік қызмет көрсетушіні дербес таңдау үшін тапсырыс берушіге беруге құқығы бар.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды (2015 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
2-2. Авторлық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалардың:
1) салынып жатқан тиісті объектіге еркін кіруге;
2) салынып жатқан объектіге қатысы бар құжаттамамен танысуға;
3) авторлық қадағалау журналына енгізілген өз нұсқауларының орындалуына бақылауды жүзеге асыруға;
4) тапсырыс берушіден және мердігерден (бас мердігерден) бекітілген жобада көзделген жобалық шешімдердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасы мен мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтер талаптарының мүлтіксіз сақталуын талап етуге;
5) мердігердің (бас мердігердің) құрылыс барысында өзі жол берген мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтерді бұзушылықтарды және (немесе) бекітілген жобада көзделген жобалық шешімдерден ауытқуларды міндетті түрде жоюы туралы жазбаша нұсқаулар беруге құқығы бар.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 2-3-тармақпен толықтырылды (2015 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
2-3. Авторлық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалар:
1) құрылыс барысында бекітілген жобада көзделген жобалық шешімдердің дәл орындалуын қамтамасыз етуге;
2) авторлық қадағалау журналын тұрақты және тиісінше жүргізуді жүзеге асыруға;
3) жасырын жұмыстарды куәландыру мен жауапты конструкцияларды аралық қабылдау актілерін ресімдеуге және оларға қол қоюға қатысуға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына негізделген өзгерістер енгізу жөнінде шешімдерді уақтылы қабылдауға;
5) мердігер (бас мердігер) нұсқауды орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, бұл жөнінде тапсырыс берушінің назарына жеткізуге, сондай-ақ мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органының тиісті бөлімшесіне хабарлауға міндетті.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 2-4-тармақпен толықтырылды (2015 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
2-4. Авторлық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалар жүктелген міндеттерді орындамағаны (тиiсiнше орындамағаны) не өз қызметін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып жүзеге асырғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
3. 2014.21.01. № 167-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2005.12.04. № 38-III ҚР Заңымен 34-1-баппен толықтырылды
34-1-бап. Техникалық қадағалау
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Осы Заңның 33-бабының 6-тармағында және 74-бабының 1-тармағында көрсетілген объектілерді қоспағанда, барлық құрылыс объектілерінде міндетті түрде техникалық қадағалау жүзеге асырылады.
Құрылыс объектісі аяқталған кезде техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалар тапсырыс берушіге (құрылыс салушыға) құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қорытынды береді.
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Техникалық қадағалауды тапсырысшы объектiлер құрылысына жобалық-сметалық құжаттамада көзделген қаражат есебiнен дербес және (немесе) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтiк қызметтерді жүзеге асыру құқығына тиісті аттестаты бар сарапшыларды тарта отырып, қолданыстағы нормативтерге сәйкес жүзеге асырады.
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері (тапсырысшылар) бюджет қаражатынан қаржыландырылатын жобаларды іске асыруға техникалық қадағалауды жүзеге асыру үшін нарықта әрекет ететін, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы инжинирингтік қызметтер көрсету жөніндегі тиісті аттестаты бар сарапшыларды тартуға құқылы.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2015 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
4. Техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалардың:
1) салынып жатқан объектіге еркін кіруге;
2) салынып жатқан объектіге қатысы бар құжаттамамен танысуға;
3) мердігерден (бас мердігерден) бекітілген жобада көзделген жобалық шешімдер мен есептердің, сондай-ақ құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізудің технологиялық процесін айқындайтын ұйымдық-технологиялық құжаттар талаптарының мүлтіксіз сақталуын талап етуге;
4) белгіленген мерзімдерде нұсқауларды орындау үшін құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтата тұру құқығымен, мердігердің (бас мердігердің) құрылыс барысында өзі жол берген мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтерді бұзушылықтарды, бекітілген жобада көзделген жобалық шешімдерден және (немесе) ұйымдық-технологиялық құжаттардың талаптарынан ауытқуларды міндетті түрде жоюы туралы жазбаша нұсқаулар беруге құқығы бар.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2015 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
5. Техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалар:
1) мердігердің (бас мердігердің) құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізудің технологиялық процесін айқындайтын ұйымдық-технологиялық құжаттардың талаптарын сақтауына қадағалауды қамтамасыз етуге;
2) құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапалы орындалуын қамтамасыз етуге;
3) объектіде осы Заңның 31-1-бабы 3-тармағының 1), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген талаптардың сақталуына қадағалауды қамтамасыз етуге;
4) техникалық қадағалау журналын тұрақты және тиісінше жүргізуді жүзеге асыруға;
5) жасырын жұмыстарды куәландыру мен жауапты конструкцияларды аралық қабылдау актілерін ресімдеуге және оларға қол қоюға қатысуға;
6) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органына ай сайынғы негізде объект құрылысының жай-күйі және барысы туралы есепті ұсынуға;
7) мердігер (бас мердігер) нұсқауды орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, бұл жөнінде тапсырыс берушінің назарына жеткізуге, сондай-ақ мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органының тиісті бөлімшесіне хабарлауға;
8) техникалық қадағалау журналына енгізілген өз нұсқауларының орындалуына бақылауды жүзеге асыруға міндетті.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2015 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
6. Техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлға міндеттерді орындамағаны (тиiсiнше орындамағаны) не өз қызметін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып жүзеге асырғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
7. Тиісті жауапкершілік деңгейіндегі техникалық қадағалауды орындау жөніндегі аттестатқа ие, құрамында кемінде үш сарапшысы бар аккредиттелген заңды тұлғалар бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық жағынан күрделі объектілерге техникалық қадағалауды жүргізуге тиіс.
Техникалық қадағалау сарапшысының аттестаты бар жеке тұлғалар қызметін екінші және үшінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық жағынан күрделі емес объектілерде жүзеге асырады.
2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
8. Жеке тұлғалар және аккредиттелген заңды тұлғалар техникалық қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асырған кезде өздерінің меншік немесе жалға алу құқығында өлшем және бақылау құралдары, нормативтік құжаттары және аккредиттелген (тартылған) зертханасы болуы міндетті.
2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
9. Техникалық қадағалауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеуді сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 34-2-баппен толықтырылды (2015 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
34-2-бап. Құрылысқа тапсырыс берушінің құқықтары мен міндеттері
1. Құрылысқа тапсырыс беруші:
1) мердігер (бас мердігер) орындап жатқан жұмыстардың барысы мен сапасына және олардың орындалу мерзімдерінің сақталуына бақылауды жүзеге асыруға;
2) мердігерден талаптар бұзыла отырып орындалған жұмыстарды қабылдамауға;
3) техникалық қадағалау қызметін бақылауға;
4) сәйкессіздіктер анықталған жағдайда техникалық және авторлық қадағалаулардың қорытындыларын алудан бас тартуға;
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
2. Құрылысқа тапсырыс беруші:
1) құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу басталғанға дейін мердігерге (бас мердігерге) бекітілген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын беруге;
2) объектіні Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық қажетті рұқсат беру құжаттарымен қамтамасыз етуге;
3) техникалық және авторлық қадағалаулармен қолдау арқылы объектінің құрылысын қамтамасыз етуге;
4) мердігерге (бас мердігерге) техникалық және авторлық қадағалаулардың нұсқауларын орындамағаны не уақтылы орындамағаны және сапасыз орындағаны үшін шаралар қолдануға;
5) техникалық және авторлық қадағалау үшін жұмыс жағдайларын қамтамасыз етуге;
6) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарының нұсқамаларын орындауды қамтамасыз етуге;
7) техникалық қадағалау қызметін бақылау бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарының объектіге жіберілуін қамтамасыз етуге;
8) объектіні пайдалануға қабылдау актісі бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде объектінің тұрған жері бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарына объектіні пайдалануға қабылдаудың бекітілген актісін, сәйкестік туралы декларацияны және орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және олардың бекітілген жобаға сәйкестігі туралы қорытындыны жіберуге;
9) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 34-3-баппен толықтырылды (2015 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
34-3-бап. Мердігердің (бас мердігердің) құқықтары мен міндеттері
1. Мердігер (бас мердігер) тапсырыс берушіден:
1) жасалған шарт шеңберінде жұмыстарды орындау үшін қажетті жағдайлар ұсынуды;
2) объектіні Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген барлық қажетті рұқсат беру құжаттарымен қамтамасыз етуді талап етуге құқылы.
2. Мердігер (бас мердігер):
1) құрылыс-монтаждау жұмыстарын тапсырыс беруші ұсынған бекітілген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына, Қазақстан Республикасы заңнамасының және нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес жүзеге асыруға;
2) құрылыс сапасын өзіндік өндірістік бақылаудың барлық (кiру, операциялық, аралық, қабылдау, зертханалық, геодезиялық және басқа да) түрлері мен нысандарын жүзеге асыруға;
3) атқарушылық техникалық құжаттаманы тиісінше және уақтылы жүргізуді қамтамасыз етуге;
4) құрылыс процесінде анықталған кемшіліктерді (ақаулар мен шалағайлықтарды) уақтылы жоюға;
5) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарының сауалы бойынша орындалып жатқан (орындалған) құрылыс-монтаждау жұмыстарының және қолданылатын құрылыс материалдарының, бұйымдары мен конструкцияларының сапасына зертханалық бақылау жүргізуге;
6) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарының техникалық қадағалау қызметін бақылау бойынша лауазымды адамдарының объектіге жіберілуін қамтамасыз етуге;
7) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарының нұсқамаларын, техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыратын тұлғалардың нұсқауларын орындауға;
8) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарының жұмысына кедергі келтіруге және араласуға жол бермеуге;
9) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.
2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 34-4-баппен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
34-4-бап. Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау
1. Әртүрлі бағыттағы объектілердің құрылысы, сондай-ақ автомобиль жолдарын не салынған объектілерді жөндеу кезінде қажет болған жағдайда ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау жүзеге асырылады.
2016.07.04. № 487-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Тапсырыс беруші ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды сараптама жұмыстарын жүзеге асыру құқығына тиісті аттестаты бар сарапшыларды шарт негізінде тарта отырып жүзеге асырады.
3. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері (тапсырыс берушілер) ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыру үшін бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобаларды іске асыруға нарықтағы жұмыс істеп тұрған, құрамында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптамалық жұмыстарды ұсыну үшін тиісті аттестатқа ие сарапшылары бар аккредиттелген заңды тұлғаларды тартуға құқығы бар.
4. Ғимарат пен құрылыстың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау кезінде техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын тұлғалар тапсырыс берушіге (құрылыс салушыға) ұсыныстарын көрсете отырып, ғимараттар мен құрылыстардың жай-күйі туралы қорытынды береді.
5. Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды, ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды орындауға арналған аттестатқа ие, құрамында кемінде үш сарапшысы, сондай-ақ конструктивтік бөлік мамандануы бойынша қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттамаға сараптама жасау бойынша аттестатқа ие бір сарапшысы, бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілердегі қызметті жүзеге асыратын инженер-геодезисі бар аккредиттелген заңды тұлғалар жүргізуге тиіс.
Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау сарапшысының аттестаты бар жеке тұлғалар қызметін үшінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілерде жеке жүзеге асырады.
Жеке тұлғалар және аккредиттелген заңды тұлғалар ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау жөніндегі қызметті жүзеге асырған кезде өздерінің меншік немесе жалға алу құқығында әкімшілік-өндірістік базасы, салыстырып тексеру есептерін орындау үшін лицензиялық бағдарламалық қамтылыммен жарақтандырылған компьютерлері, өлшем және бақылау құралдары, нормативтік құжаттары және аккредиттелген (тартылған) зертханасы болуы міндетті.
6. Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеуді сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.
7. Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау: