техникалық регламенттердің және құрылыс нормаларының міндетті талаптарын дамытуға және қамтамасыз етуге тәжірибемен тексерілген ережелерді белгілейтін немесе міндетті нормалармен регламенттелмеген жекелеген дербес мәселелер бойынша оқу құралдары мен әдістемелік ұсыныстарды қамтиды.
3. Нормативтік құжаттардың мемлекеттік жүйесі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық шарттарға сәйкес қолданысқа енгiзiлген:
1) мемлекетаралық құрылыс нормаларын;
2) құрылыстағы мемлекетаралық стандарттарды;
3) жобалау және құрылыс жөнiндегi қағидалардың мемлекетаралық жинағын қамтиды.
4. Мыналар:
1) қоныстандыру жүйелерi, елдi мекендер мен олардың бөлiктерi;
2) үйлердiң, ғимараттардың және өзге де құрылыстардың, сондай-ақ жекелеген үй-жайлардың сәулеттiк, технологиялық, инженерлiк және құрылыстық бөлiктерi;
3) үйлердiң, ғимараттардың және өзге де құрылыстардың инженерлiк және (немесе) технологиялық жабдықтары;
4) құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкциялары;
5) қала құрылысы, сәулет-құрылыс және өзге де жобалау-сметалық құжаттамасы мемлекеттiк нормалау объектiлерi болып табылады.
5. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтiк құжаттарды бекiткен мемлекеттiк басқару органдары нормативтiк талаптардың техникалық, экономикалық және әлеуметтiк жағынан негiздiлiгi мен олардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестiгi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен жауаптылықта болады.
6. Мемлекеттiк нормативтердi әзiрлеу, келiсу, бекiту, тiркеу және қолданысқа енгiзу (қолданылуын тоқтата тұру, күшiн жою) тәртiбiн, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, аталған мәселелер құзыретiне кiретiн басқа орталық атқарушы органдардың келiсiмі бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлейдi.
29-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтiк құжаттардың түрлерi
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер:
1) құрылыс өнімдерiн стандарттау және сертификаттау, геодезиялық жұмыс, жобалау мен құрылыс салуға арналған инженерлiк iздену, құрылыс жүргiзудi ұйымдастыру, пайдалануға қабылдау, құрылыстағы қауiпсiздiк техникасы нормативтерiн қамтитын ұйымдастыру-әдiстемелiк нормативтiк құжаттарға;
2) ғимараттар берiктiгiнiң, өрт және жарылыс қауiпсiздiгiнiң негiзгi ережелерiн, табиғи, антропогендiк және техногендiк сипаттағы қауiптi (зиянды) әсерлерден қорғауды, құрылыс материалдарының, бұйымдары мен конструкцияларының технологиялық рұқсат шегiн және өзара ауыстыруға біркелкілігі мен сәйкестігін қамтитын жалпы нормативтік-техникалық құжаттарға;
3) елдi мекендердiң аумағын және азаматтардың бағбандық бiрлестiктер аумақтарын ұйымдастыру, жоспарлау, құрылыс салу және абаттандыру, өнеркәсiптiк және ауыл шаруашылық кәсiпорындарының бас жоспарларын әзiрлеу жөніндегі талаптарды, ережелер мен шектеулерді қамтитын қала құрылысы нормативтерiне;
4) тұрғын үй-азаматтық және өндiрiстiк мақсаттағы үйлер мен ғимараттарды, көлiктiк, гидротехникалық, мелиорациялық құрылыстарды, сондай-ақ магистральдық және кәсiпшiлiк труба құбырлары мен коммуникацияларды қоса алғанда, жобалау және салу жөніндегі нормативтiк-техникалық құжаттарға;
5) елдi мекендердi немесе олардың бөліктерiн, жеке үйлердi, ғимараттарды және олардың кешендерiн инженерлiк жағынан қамтамасыз етуге арналған нормативтiк құжаттарға;
6) құрылыс материалдарына, бұйымдары мен конструкцияларына арналған нормативтiк-техникалық құжаттарға;
7) құрылыс және құрылыс-монтаж ұйымдарын жарақтандыруға, уақытша және оңтайлы құрылыстар салу мен оларды жабдықтауға арналған нормативтiк-техникалық құжаттарға;
2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) құрылыстағы баға белгiлеу жөнiндегi нормативтiк құжаттарға;
9) мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргiзу жөніндегі нормативтiк құжаттарға;
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы (мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау, азаматтық қорғау саласындағы, мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызмет, қоршаған ортаны қорғау саласындағы) мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдарының нормативтiк құжаттарына;
11) құрылыстағы мердiгерлiк жұмыстарға конкурстар (тендерлер) ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы нормативтiк құжаттарға бөлінедi.
2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 29-1-баппен толықтырылды
29-1-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс каталогі
1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс каталогы:
сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік техникалық құжаттар;
кәсіпорындардың, ғимараттар мен құрылыстардың үлгілік жобалары және үлгілік жобалық шешімдері;
құрылыс конструкциялары мен бұйымдары;
құрылыс материалдары;
жұмыс жүргізу технологиялары;
құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттар тізбесінің ақпараттық жүйесін білдіреді.
2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс каталогін қалыптастыру және оны жүргізу тәртібін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 30-бап өзгертілді; 2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 30-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
30-бап. Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидалары
1. Елдi мекендердiң аумақтарында жергiлiктi жерлердегі сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн реттейтiн құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидалары қолданылады.
2. Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидалары сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi субъектiлерiнiң жер учаскелерiн пайдалануы, елдi мекендер аумақтары мен қала маңындағы аймақтарды жобалауы және онда құрылыс салуы жөнiндегi шарттар мен талаптарды айқындайды, жаңа жылжымайтын мүлiк объектiлерiн орналастыруға және салуға, қазіргі барларын өзгертуге (қайта бейiндеуге, қайта жабдықтауға, қайта жоспарлауға, реконструкциялауға, кеңейтуге, күрделi жөндеуге), жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын, үй-жайлардың функционалдық мақсатын өзгертуге, жылжымайтын мүлiк объектiлерiн пайдалануға беруге рұқсат беру рәсiмдерiнен өту тәртiбiн белгiлейдi.
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
3. Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидалары немесе оларға енгiзiлген өзгерiстер қолданысқа енгiзiлгенге дейiн жобаларды келiсу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бұрын берiлген рұқсат беру құжаттарында көрсетiлген мерзiм iшiнде қолданылады.
Бұл ереже осының алдындағы қолданыстағы ережелерге жаңа талаптардың енгiзілуіне байланысты адамдардың денсаулығы мен өмiрiне қауiп төндiрудi жоймайтын жағдайларда қолданылмайды.
Құрылыс салуды ұйымдастыру және құрылыс саласында рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларында мүгедектер мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптар ескерілуге тиіс.
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 6-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
6-тарау. Сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 31-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
31-бап. Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын ұйымдастыру
2012.13.01. № 542-IV Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Сәулет-құрылыс бақылау мен қадағалауды:
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.10.07. № 180-IV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 542-IV Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда
1) құрылыс объектілеріне бару, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылау арқылы сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) объектілердің құрылысына инспекциялау жүргізу арқылы орындалатын бақылау функциялары шегінде жергілікті атқарушы органдар;
2) 2012.13.01. № 542-IV Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) құрылысты техникалық қадағалауды және объектiнi пайдалануға қабылдауды ұйымдастыру жолымен тапсырысшы;
2012.13.01. № 542-IV Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) құрылысқа авторлық қадағалау енгізу жолымен жобалық құжаттаманы әзірлеушілер жүзеге асырады.
5) 2012.13.01. № 542-IV Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Шешілуі мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау мен қадағалау органдары құзыретінің шегінен тыс қалатын жағдай туындаған кезде бақылау мен қадағалау мыналарды:
1) құрылыс өнімдерiн стандарттау және сертификаттау бөлігiнде - стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегi уәкiлеттi мемлекеттік органды;
2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтау бөлігінде - өнеркәсiп қауiпсiздiгі саласындағы уәкiлеттi органды;
3) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2005.13.04 № 40-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 4) тармақша өзгертілді
4) объектiлердi немесе олардың бөліктерiн салу және (немесе) пайдалану салдарынан аумақтың экологиялық жай-күйіне олардың әсер етуіне бақылау жүргізу бөлігінде - қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органды.
2009.10.07. № 180-IV ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) су қорғау аймақтарының аумағындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіне бақылау жүргізу бөлігінде - су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органды;
2005.13.04 № 40-III ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (бұр. ред. қара)
5) мүгедектер мен халықтың қауқары аз топтары үшiн әлеуметтiк, көлiктiк және рекреациялық инфрақұрылым объектiлерiне қол жеткізудi қамтамасыз ету бөлiгiнде - халықты әлеуметтiк қорғау уәкiлеттi органын тарта отырып жүзеге асырылады.
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарының, сондай-ақ осы баптың 2-тармағында аталған мемлекеттік органдардың заңдарда белгiленген тәртiппен берiлген ұйғарымдары, нұсқаулары мен өзге де шешiмдерi Қазақстан Республикасы аумағында жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң барлық субъектiлерi үшiн мiндеттi.
4. 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң субъектiлерi мен сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы органдарының (қызметтерiнiң, лауазымды адамдарының) арасындағы өзара талаптар мен даулы мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шешiледi.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 31-1-баппен толықтырылды; 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 31-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
31-1-бап. Сәулет-құрылыс бақылауы және қадағалауы
1. 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Тапсырысшы (меншік иесі) және мердігер (бас мердігер) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органы немесе мемлекеттік құрылыс инспекторы сұратқан осы объект жөніндегі жобалау және атқару техникалық құжаттамасын, сондай-ақ тиісті жобалар бойынша сараптама қорытындысын ұсынады.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Мыналарды:
1) жер учаскесіне тиісті құқықтың, бекiтiлген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының, жобалар сараптамасының оң қорытындысының бар-жоғына, сондай-ақ мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарға құрылыс-монтаждау жұмыстарының жүргізіле бастағаны туралы хабарлануына;
2) хабарламада көрсетілген деректердің анықтығына;
3) лицензияланатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң тиiстi түрлерiн жүзеге асыру құқығына лицензияның бар-жоғына;
4) орындалған (орындалып жатқан) құрылыс-монтаждау жұмыстарының, қолданылатын құрылыс материалдарының (бұйымдарының, конструкцияларының) және жабдықтардың бекiтiлген жобалық шешiмдерге және мемлекеттiк (мемлекетаралық) нормативтерге, оның iшiнде тiреу және қоршау конструкцияларының берiктiгін, орнықтылығын, сенiмдiлiгiн және үйлердің (ғимараттардың) пайдалану сапасын қамтамасыз ету жөнiндегi нормативтерге сәйкестiгiне;
5) мердiгердiң (бас мердiгердiң) құрылыс сапасын өзiндiк өндiрiстiк бақылаудың және қадағалаудың барлық (кiру, операциялық, қабылдау, зертханалық, геодезиялық және басқа да) түрлерi мен нысандарын ұйымдастыруы мен жүзеге асыруына;
6) атқарушылық құжаттаманың уақтылы және дұрыс ресiмделуiне;
7) объектiлерді салу кезiнде тапсырыс берушiнiң (меншiк иесiнiң) техникалық және авторлық қадағалауларды ұйымдастыруы мен жүзеге асыруына;
8) техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыратын тұлғалардың Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауына мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауы және қадағалауы жүзеге асырылады.
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Мемлекеттік нормативтерді бұзуға және (немесе) бекітілген жобалардан (жобалық шешімдерден) ауытқуға жол берілгендігі анықталған жағдайда мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдары:
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
1) ұлттық стандарттар мен техникалық талаптарға сәйкес келмейтін құрылыс материалдарын, бұйымдарын, конструкциялары мен жабдықтарын қолдануға тыйым салу туралы;
2) жол берілген бұзушылықтарды тапсырысшының (құрылыс салушының) және (немесе) мердігерлік құрылыс-монтаж ұйымының (кәсіпорнының) белгіленген мерзімде жоюы туралы;
3) құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды (нұсқама береді).
2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды
4-1. Тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды заңсыз қайта жабдықтау және қайта жоспарлау анықталған кезде мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдары:
1) тапсырыс берушінің жол берілген бұзушылықтарды белгіленген мерзімдерде жоюы туралы;
2) құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды (нұсқама береді).
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Сәулет-құрылыс бақылауының және қадағалауының мемлекеттік органдарының немесе мемлекеттік құрылыс инспекторларының нұсқамаларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы.
6. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен мазмұн 7-тармақпен толықтырылды; 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен мазмұн 8-тармақпен толықтырылды; 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды (2015 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
9. Осы баптың 3-тармағының 1), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген талаптарды сақтауды техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалардың қызметін бақылау арқылы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдары қамтамасыз етеді.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 10-тармақпен толықтырылды (2015 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
10. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген нормалар мен талаптарды бұзушылықтар анықталған немесе анықталған бұзушылықтар объектіде жойылмаған жағдайда, техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шараларды қолдану үшін мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарына бұл жөнінде хабарлайды.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.12.01. № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 32-бап өзгертілді; 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 32-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
32-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы лицензиялау
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жекелеген қызмет түрлері Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялануға жатады.
2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобалау қызметін және құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыру үшін жеке және заңды тұлғалар мынадай санаттарға бөлінеді:
I санат - осы тармақта аталған, қолда бар лицензиясы шеңберінде барлық жауапкершілік деңгейлеріндегі объектілерде қызметті жүзеге асырады;
II санат - осы тармақта аталған, екінші және үшінші жауапкершілік деңгейлеріндегі объектілерде қызметті, сондай-ақ қосалқы мердігерлік шарттары бойынша қолда бар лицензиясы шеңберінде бірінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілерде жұмыстарды жүзеге асырады;
III санат - осы тармақта аталған, техникалық қиын емес екінші және үшінші жауапкершілік деңгейлеріндегі объектілерде қызметті, сондай-ақ қосалқы мердігерлік шарттары бойынша қолда бар лицензиясы шеңберінде бірінші және екінші жауапкершілік деңгейлеріндегі объектілерде жұмыстарды жүзеге асырады.
Жеке және заңды тұлғаларды белгілі бір санаттарға жатқызуды лицензиар сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобалау қызметіне және құрылыс-монтаж жұмыстарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес лицензияны берген кезде жүзеге асырады және лицензияның қолданылуының ерекше жағдайларында көрсетіледі.
2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Жобалау қызметіне және құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия алу үшін өтініш берген өтініш иелерінің және осы қызмет түрін жүзеге асыратын лицензиаттардың құрамында аттестатталған инженер-техник жұмыскерлер болуы тиіс.
Жобалау және құрылыс процесіне қатысушы аттестатталған инженер-техник жұмыскерлердің аталған қызмет түрлерін жүзеге асыратын басқа да ұйымдарда жұмысты қоса атқаруына жол берілмейді.
2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды
2-2. Өндірушілер не өзге де тұлғалар тиісті біліктіліктерін және (немесе) өкілеттіліктерін растайтын құжаттамаларға сәйкес технологиялық жабдықтарды монтаждау, іске қосу-жөндеу жұмыстарын «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларда және тәртіппен, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы лицензиясыз жүзеге асырады.
2012.13.01. № 542-IV Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы жұмыстарды лицензиялауды облыстардың, республикалық маңызы қалалардың, астананың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.
2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 32-1-баппен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
32-1-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы аккредиттеу
1. Аккредиттеуге:
жобалау және құрылыс процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттауды;
бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық жағынан күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша техникалық қадағалау және сараптама жұмыстары жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді;
сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлғалар жатады.
2. Жобалау және құрылыс процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі аккредиттелген аттестаттау орталықтары берілген аттестаттар туралы сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органға ай сайын ақпарат ұсынады.
2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 33-бап жаңа редакцияда
33-бап. Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы
1. 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (2015 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2012.13.01. № 542-IV Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы:
1) сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметіне мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінен;
2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органынан тұрады.
3. Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясына:
1) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) салынып (реконструкцияланып, кеңейтіліп, жаңғыртылып, күрделі жөндеуден өткізіліп) жатқан және пайдалануға берілген объектілердің мониторингі;
3) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (2015 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2015 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) жойылмайтын бұзушылықтарға жол берген, не жол берілген бұзушылықтарды белгіленген нормативтік мерзімде жоймаған заңды және лауазымды тұлғаларға қатысты заңнамада белгіленген шараларды қолдану;