ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 29.06.98 ж. № 236-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 21-бап өзгертiлдi; 2005.12.23 № 107-III ҚР Заңымен 21-бап жаңа редакцияда ( бұр. ред. қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 21-бап өзгертiлдi (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
21-бап. Қазақстан Республикасының резидент емес тұлғаларының қатысуымен банк құруға қойылатын қосымша талаптар
Банктің құрылтайшысы болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес-жеке немесе заңды тұлға осы Заңның 19-бабында аталған құжаттардан басқа, банк ашуға рұқсат беру туралы өтінішке тиісті мемлекеттің уәкілетті органының (Қазақстан Республикасының резиденті емес банктер үшін - банктік қадағалау органының) осы тұлғаға Қазақстан Республикасының резидент банкінің акцияларын иеленуге рұқсат берілетіні жөніндегі жазбаша хабарламасын не тиісті мемлекеттің уәкілетті органының (Қазақстан Республикасының резиденті емес банктер үшін - банктік қадағалау органының) аталған құрылтайшы мемлекетінің заңнамасы бойынша мұндай шешім талап етілмейтіні жөніндегі мәлімдемесін қоса тіркеуге міндетті.
Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру шеңберінде құрылған банктің құрылтайшысы болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-жеке немесе заңды тұлғасы микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру туралы өтінішке қосымша тиісті мемлекеттің уәкілетті органының (Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері үшін - банктік қадағалау органының) осы тұлғаға Қазақстан Республикасы резидент-банкінің акцияларын иеленуге рұқсат берілетіні жөніндегі жазбаша хабарламасын не тиісті мемлекеттің уәкілетті органының (Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері үшін банктік қадағалау органының) аталған құрылтайшы мемлекетінің заңнамасы бойынша мұндай рұқсаттың талап етілмейтіні жөніндегі мәлімдемесін қоса беруге міндетті.
22-бап. 2005.12.23 № 107-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 23-бап өзгертiлдi
23-бап. Банк ашуға рұқсат беру жөніндегі өтiнiштi қарау тәртібі
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Банк ашуға рұқсат беру туралы өтінішті уәкілетті орган өтініш берілген күннен бастап алпыс бес жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Банк ашуға рұқсат беру туралы хабарлама өтiнiш берушіге және Корпорацияға жiберiледi.
3. Уәкiлеттi орган банк ашуға берiлген рұқсаттың есебiн жүргiзiп отырады.
11.07.97 № 154-1; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.12.23 № 107-III (бұр. ред. қара); 2007.12.01 № 222-III (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2008.23.10. № 72-IV (қолданысқа енетін мерзімін қара) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 24-бап өзгертiлдi
24-бап. Банк ашуға рұқсат беруден бас тарту
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертiлдi (2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Банк ашуға рұқсат беруден бас тарту төмендегi кез келген негiздер бойынша жүргiзiледi:
а) 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
б) осы Заңның 15-бабы 2-4-тармақтарының талаптарына банк атауының сәйкес келмеуi;
в) 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
г) банк құрылтайшыларының қаржылық жағдайының тұрақсыздығы. Қаржылық жағдайдың тұрақсыздығы деп осы Заңның 17-1-бабының 10-тармағында белгіленген белгілердің болуы түсініледі;
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) г-1) тармақша өзгертілді; 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен г-1) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
г-1) құрылтайшы-жеке тұлғаның не құрылтайшы-заңды тұлғаның атқарушы органы не басқару органы бірінші басшысының:
жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығының болуы;
уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын таратуға және (немесе) олардың қаржы нарығындағы қызметін жүзеге асыруын тоқтатуға алып келген, оларды лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының, оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-қаржы ұйымының басқару органының бірінші басшысы, атқарушы органының бірінші басшысы немесе оның орынбасары, бас бухгалтері, бас бухгалтерінің орынбасары лауазымын атқаруы. Көрсетілген талап уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын таратуға және (немесе) олардың қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруын тоқтатуға алып келген, оларды лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағаннан кейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бес жыл бойы қолданылады. Осы тармақшаның мақсаттары үшін қаржы ұйымы деп Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы да, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы да, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы да түсініледі;
г-2) осы Заңның 17-1-бабы талаптарының сақталмауы;
д) осы Заңның 17-бабында белгiленген шектеулердiң сақталмауы;
д-1) уәкілетті органның банктің ірі қатысушысы, банк холдингі мәртебесін иемденуге келісім беруден бас тартуы;
д-2) банктің еншілес ұйымын құруға (иеленуге) рұқсат беруден бас тарту;
е) 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2009 ж. 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр. ред. қара)
ж) 2005.12.23 № 107-III ҚР Заңымен алып тасталды ( бұр. ред. қара)
з) құрылатын банкінің бизнес-жоспары және өтiнiш берушiнiң өзге де құжаттары:
алғашқы үш қаржы (операциялық) жылы өткеннен кейiн банк қызметiнiң рентабельдi болатынын;
банк тәуекелдi шектеуге қойылатын талаптарды сақтау және тиiстi басқару құрылымын құру ниетiнде екенiн;
банк өзiнiң қызмет жоспарына сәйкес ұйымдық құрылымға ие болғандығын;
банк өз қызметiнiң жоспарына сәйкес есеп және бақылау құрылымына ие болғандығын көрсетпесе.
2. Уәкiлеттi орган бас тарту негiздерi жөнiнде өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар етуге мiндеттi.
3. Осы Заңның 18-21-баптарының шарттары сақталмаған ретте банк ашуға рұқсат беруге жол берiлмейдi.
11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2008.23.10. № 72-IV (бұр.ред. қара) ҚР Заңдарымен 25-бап өзгертiлдi; 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 25-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 25-бап өзгертiлдi
25-бап. Банкті мемлекеттiк тiркеу, микроқаржы ұйымын банк етіп қайта тіркеу
Банкті мемлекеттік тіркеуді Корпорация уәкілетті органның банк ашуға рұқсаты негізінде жүзеге асырады.
Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру шеңберінде микроқаржы ұйымын банк етіп мемлекеттік қайта тіркеуді Корпорация уәкілетті органның микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға берген рұқсаты және микроқаржы ұйымын банкке айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың іске асырылуы туралы өзі мақұлдаған есеп негізінде жүзеге асырады.
Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған банк оның барлық құқықтары (талаптары) мен міндеттемелерінің құқықтық мирасқоры болып табылады.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 16.05.03 ж. № 416-II (бұр. ред. қара); 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.12.23 № 107-III (бұр. ред. қара);2008.23.10. № 72-IV (қолданысқа енетін мерзімін қара) (бұр. ред. қара); 2008.20.11. № 88-IV (бұр.ред.қара); 2009.12.02. № 133-IV (бұр.ред.қара); 2010.19.03. № 258-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 26-бап өзгертiлдi; 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 26-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 26-баптың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
26-бап. Банк операцияларын және өзге де операцияларды лицензиялау
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 1-тармақ өзгертілді; 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Банк операцияларын, сондай-ақ осы Заңда белгiленген өзге де операцияларды жүргiзуге арналған лицензияларды уәкiлеттi орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі осы Заңның талаптарына сәйкес өз құзыреті шегінде және уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi айқындайтын тәртiппен бередi.
Осы Заңның 52-5-бабында көзделген банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензияларды уәкілетті орган ислам банктеріне ғана береді.
Осы Заңның 52-5-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4) 5) және 6) тармақшаларында көзделген банк операцияларын жүргізуге арналған лицензияларды уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктерінің филиалдарына ғана береді.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргiзуге арналған лицензияларды уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген, мәні бойынша ұқсас банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге қолданыстағы лицензиясы болған кезде береді.
Уәкiлеттi орган лицензияны беру немесе қайта ресімдеу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банктердің және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жүзеге асыруына рұқсат берілген операциялардың атауларын нақтылауға құқылы.
Лицензияны беру үшiн алым алынады, оның мөлшерi мен төлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Банк ашуға рұқсат берілген күннен бастап бір жыл ішінде өтініш беруші барлық ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды орындауға, оның ішінде уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келетін үй-жайды, жабдықты және бухгалтерлік есепке алу мен бас бухгалтерлік кітапты жүргізуді автоматтандыру бойынша бағдарламалық қамтылымды дайындауға, тиісті персоналды жалдауға, банк қызметі мен өзге де қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекітуге және уәкілетті органға банк операциялары мен өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алу үшін жүгінуге тиіс.
Банк банктің атқарушы органы орналасқан елді мекенде автоматтандырылған банктік ақпараттық жүйеге орталықтандырылған қолжетімділік бар меншікті үй-жайының болуын қамтамасыз етуге міндетті, оған қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделеді.
Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының деректерді өңдеу орталығы (сервері) бар меншікті үй-жайының болуын қамтамасыз етуге міндетті, оған қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделеді.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. Қазақстан Республикасы резидент-заңды тұлғаларының банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензияны алғаш рет алуы үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) өтініш;
2) өтініш беруші жарғысының (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған) көшірмесі;
3) «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;
4) осы Заңның 20-бабының талаптарына сәйкес банктің басшы қызметкері лауазымдарына ұсынылатын адамдардың құжаттары;
5) банктің директорлар кеңесі бекіткен ішкі аудит қызметі, кредит комитеті туралы ережелер;
6) қызметкерлердің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) көрсетілген штат кестесі;
7) ең төмен мөлшері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттардың көшірмесі;
8) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен осы баптың 2-тармағы талаптарының орындалғанын растайтын құжаттар.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
2-2. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының банк операцияларын және өзге операцияларды жүргізуге лицензияны алғаш рет алуы үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен осы баптың 2-тармағы талаптарының орындалғанын растайтын құжаттар;
2) осы баптың 2-1-тармағының 1), 3), 4) және 6) тармақшаларында көзделген құжаттар;
3) осы Заңның 42-бабы 6-тармағының екінші бөлігіне сәйкес резерв ретінде қабылданатын активтердің қалыптастырылғанын растайтын құжат;
4) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің директорлар кеңесі бекіткен ішкі аудит қызметі, кредит комитеті туралы ережелер.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 2-3-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
2-3. Уәкілетті орган «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат берген күннен бастап бір жыл ішінде өтініш беруші осы баптың 2-тармағында көзделген барлық ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды орындауға және уәкілетті органның рұқсатында көрсетілген айналдыру мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей уәкілетті органға банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алу үшін жүгінуге тиіс.
3. Жұмыс істеп тұрған банк қосымша банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензияны алу үшін:
1) қосымша банк операцияларын жүргізуге арналған лицензияны алу үшін өтініш берген айдың алдындағы қатарынан үш ай ішінде пруденциялық нормативтердің орындалуын қамтамасыз етуге;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) уәкілетті органның талаптарына сәйкес келетін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуын қамтамасыз етуге;
3) банк операцияларының қосымша түрлерін жүргізудің жалпы шарттары туралы қағиданы ұсынуға тиіс.
4. 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 5-тармақ өзгертілді
5. Уәкiлеттi орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргiзуге арналған лицензияны беру туралы өтiнiштi Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай келетін құжаттар ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күні iшiнде қарауға тиiс.
Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру шеңберінде берілген банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру туралы өтінішті уәкілетті орган Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжаттар ұсынылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу туралы өтінішті уәкілетті орган Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжаттар ұсынылған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.
6. Ұлттық және (немесе) шетелдiк валютамен банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензия шектеусiз мерзiмге берiледi.
7. Банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргiзуге арналған лицензия үшiншi адамдарға берiлуге жатпайды.
8. Банк операцияларының және өзге де операциялардың барлық түрлерi оларды жүргiзу құқығы лицензияда тiкелей көрсетiлген кезде ғана жүзеге асырылуы мүмкiн.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 9-тармақ өзгертілді
9. Банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргiзуге арналған лицензияны беру туралы шешiм қазақ және орыс тілдерінде уәкілетті органның немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің интернет-ресурсында орналастырылады.
10. Банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргiзуге арналған лицензияның тиiстi түрде куәландырылған көшiрмесi банк клиенттерiнің көруiне қолжетімді жерге орналастырылуға жатады.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 27-бап өзгертiлдi; 2008.23.10. № 72-IV Заңымен (қолданысқа енетін мерзімін қара) (бұр. ред. қара) 27-бап жаңа редакцияда; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 27-бап өзгертілді; 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 27-бап жаңа редакцияда (2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
27-бап. Банк операцияларын немесе өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беруден бас тарту негіздері
1. Банк операциясын немесе өзге де операцияны жүргізуге лицензия беруден бас тарту:
1) осы Заңның 26-бабының 2 және 3-тармақтарында, 52-17-бабының 5-тармағында белгіленген талаптардың кез келгені сақталмаған;
2) құрамына банк кіретін банк конгломераты белгіленген пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді өтініш берілгенге дейін алты ай кезеңінде сақтамаған;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1) осы Заңның 42-бабы 6-тармағының екінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының резерв ретінде қабылданатын активтерін қалыптастыру жөніндегі талап орындалмаған;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 2-2) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)
2-2) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген, мәні бойынша ұқсас банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге қолданыстағы лицензиясы болмаған;
3) банктің жарғылық капиталының мөлшері, құрамы және құрылымы осы Заңның 16-бабының талаптарына сәйкес келмеген;
4) ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргізуге арналған лицензияны алуды қалайтын заңды тұлғаның басшы қызметкері осы Заңның 20-бабының талаптарына сәйкес келмеген, тағайындауға (сайлауға) ұсынылатын кандидаттардың арасынан басшы қызметкерге келісім берілмеген (жаңадан құрылатын банк, ашылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы үшін);
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)
6) осы Заңның 20-бабының 1-1-тармағында көрсетілген, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерлерінің ішінде кемінде екі Қазақстан Республикасының резидент-басшы қызметкердің болуы жөніндегі талап сақталмаған жағдайларда жүргізіледі.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Осы баптың 3-тармағында белгіленген жағдайды қоспағанда, лицензия беруден бас тартуды алған жағдайда, өтініш беруші сәйкессіздіктерді жояды және лицензия беруден бас тартуды жіберуге негіз болған түзетілген құжаттарды ұсына отырып, лицензия алуға өтінішпен қайта жүгінеді.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген негіз бойынша лицензия беруден бас тартуды алған жағдайда, өтініш беруші сәйкессіздіктерді жояды және келісім беруден бас тартылған адамдардың орнына осы Заңның 20-бабының талаптарына сәйкес банктің басшы қызметкерлері лауазымдарына ұсынылатын адамдардың құжаттарын ұсына отырып, лицензия алуға өтінішпен қайта жүгінеді.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 28-бап өзгертiлдi; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 28-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
28-бап. Банкінің құрылтай құжаттарына енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар
1. 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2. 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 2-1-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2-1. Құрылтай құжаттарына енгізілетін, Корпорацияда қайта тiркелудi талап ететiн өзгерiстердi және (немесе) толықтыруларды мемлекеттiк тiркегеннен кейiн банк қайта тіркеу күнінен бастап күнтiзбелiк он төрт күн iшiнде уәкiлеттi органға Корпорацияның белгiсi мен мөрi соғылған құрылтай құжаттарына өзгерiстердiң және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшiрмесiн ұсынуға мiндеттi.
Құрылтай құжаттарына қайта тіркелуді қажет етпейтін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда банк Корпорацияның банктің хатын қабылдап алғаны туралы белгісі соғылған күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде уәкілетті органға банктің осы хатының көшірмесін, сондай-ақ құрылтай құжаттарына өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшірмесін ұсынуға міндетті.