2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 39-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
39-бап. Екінші санаттағы рұқсатты беру туралы өтініштерді қарау мерзімдері
Екінші санаттағы рұқсат нормативтік құқықтық актілерде белгіленген мерзімде беріледі. Екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті орган белгіленген мерзім ішінде екінші санаттағы рұқсатты беруге не оны беруден уәжді түрде бас тартуға міндетті.
40-бап. Рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру кезінде алынатын алымдар немесе төлемдер
Рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру кезінде алынатын алымдардың немесе төлемдердің мөлшері, оларды есептеу мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді.
41-бап. Екінші санаттағы рұқсатты беруден бас тарту
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2016.06.04. № 484-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.рд.қара)
1. Екінші санаттағы рұқсатты беруден бас тарту Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылады.
2. Өтініш берушіге екінші санаттағы рұқсатты беруден уәжді түрде бас тартуды екінші санаттағы рұқсатты беруге уәкілетті орган екінші санаттағы рұқсатты беру үшін белгіленген мерзімдерде береді.
3. Екінші санаттағы рұқсатты беруден уәжді түрде бас тарту жазбаша түрде, оның ішінде электрондық құжат түрінде немесе қағаз жеткізгіште беріледі.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 42-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
42-бап. Екінші санаттағы рұқсаттың қолданысын тоқтату
Екінші санаттағы рұқсат нормативтік құқықтық актілерде айқындалатын жағдайларда және тәртіппен өз қолданысын тоқтатады.
Бұл ретте екінші санаттағы рұқсаттардан айыру (оларды қайтарып алу) осы Заңның 45-бабының 5-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
7-тарау. РҰҚСАТТЫҢ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) РҰҚСАТҚА ҚОСЫМШАНЫҢ ТЕЛНҰСҚАЛАРЫН БЕРУ, ҚАТЕЛЕРІН ТҮЗЕТУ ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫСЫН ТОҚТАТА ТҰРУ, ҚАЙТА БАСТАУ ЖӘНЕ ОДАН АЙЫРУ (ОНЫ ҚАЙТАРЫП АЛУ)
43-бап. Рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның телнұсқаларын беру, сондай-ақ электрондық форматқа көшіру
1. Қағаз нысанында берілген рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша жоғалған, бүлінген кезде лицензиаттың немесе екінші санаттағы рұқсатты иеленушінің рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның телнұсқаларын алуға құқығы бар.
2. Егер рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша қағаз нысанында берілген болса, лицензиат немесе екінші санаттағы рұқсатты иеленуші өтініші бойынша оларды электрондық форматқа көшіруге және рұқсаттың электрондық нысанын алуға құқылы.
Осы тармақтың күші тек қағаз нысанында ғана берілетін рұқсаттарға қолданылмайды.
3. Рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның жоғалған, бүлінген бланкілері рұқсат беру органы оның жоғалғаны немесе бүлінгені туралы өтінішті алған күннен бастап жарамсыз болып есептеледі.
4. Рұқсат беру органы өтініш берілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышында «телнұсқа» деген жазуымен және олардың алғаш берілген күні мен қайта ресімделген күнін көрсете отырып, рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның телнұсқаларын береді.
44-бап. Берілген рұқсаттардағы және (немесе) рұқсаттарға қосымшалардағы қателерді түзету
Берілген рұқсатта және (немесе) рұқсатқа қосымшада қателер анықталған жағдайда, лицензиат немесе екінші санаттағы рұқсатты иеленуші оларды түзету туралы еркін нысанда өтініш беруге құқылы.
Рұқсат беру органы өтініш беруші тиісті өтінішті берген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне қажетті өзгерістерді енгізеді және тиісті түзетулері бар рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны береді.
45-бап. Рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданысын тоқтата тұру, қайта бастау, одан айыру (оны қайтарып алу)
1. Рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданысын тоқтата тұру Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен және негіздер бойынша жүзеге асырылады.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Лицензиат немесе екінші санаттағы рұқсатты иеленуші болып табылатын жеке немесе заңды тұлғаның рұқсат беру органына ерікті түрде өтініш жасауы рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданысын тоқтата тұруға негіз бола алады.
2. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жүзеге асыру үшін берілген, қолданысы тоқтатыла тұрған рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша жекелеген қызмет түрлерін (кіші түрлерін) немесе әрекеттерді (операцияларды) лицензиаттардың немесе екінші санаттағы рұқсатты иеленушілердің жүзеге асыруына жол берілмейді.
3. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны тоқтата тұру үшін негіз болған бұзушылықтар жойылған кезде лицензиат немесе екінші санаттағы рұқсатты иеленуші рұқсаттың және (немесе) оған қосымшаның қолданысын тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін рұқсат беру органына растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, бұзушылықтардың жойылғаны туралы өтініш беруге құқылы.
Рұқсат беру органы өтініш берушінің бұзушылықтардың жойылғаны туралы өтініш берген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде осы Заңның 51-бабы 2-тармағында көзделген тәртіппен бұзушылықтардың жойылғанын тексереді.
Өтініш берушінің бұзушылықтарды жойған фактісі расталған жағдайда, рұқсат беру органы осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мерзімде рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданысын қайта бастау туралы шешім қабылдайды.
Бұл ретте рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданысы осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген шешім қабылданған кезден бастап қайта басталады.
4. Лицензиат немесе екінші санаттағы рұқсатты иеленуші тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны тоқтата тұру үшін негіз болған бұзушылықтардың жойылғаны туралы өтінішті бермеген жағдайда, рұқсат беру органдары тоқтата тұру мерзімі өткен кезден бастап он жұмыс күні ішінде рұқсаттан және (немесе) рұқсатқа қосымшадан айыру (оны қайтарып алу) рәсіміне бастамашылық жасайды.
Рұқсаттан және (немесе) оған қосымшадан айыру (оны қайтарып алу) туралы мәселені қарау процесінде лицензиат немесе екінші санаттағы рұқсатты иеленуші бұзушылықтың жойылған фактісін дәлелдеуге құқылы. Бұл жағдайда рұқсат беру органы осы баптың 3-тармағының екінші және үшінші бөліктерін басшылыққа алуға тиіс.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Рұқсаттан айыру (оны қайтарып алу) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен және (немесе) негіздер бойынша жүзеге асырылады.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды
6. Лицензиаттың, екінші санаттағы рұқсатты иеленушінің ерікті түрде өтініш жасауына байланысты рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданысы тоқтатыла тұрған кезден бастап Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жыл сайынғы лицензиялық алымды немесе төлемді төлеу жөніндегі барлық міндеттемелер тоқтатылады.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды
7. Осы баптың 1-1-тармағында көзделген негіз бойынша тоқтатыла тұрған рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданысын қайта бастау лицензиаттың немесе екінші санаттағы рұқсатты иеленушінің рұқсат беру органына өтініш жасауы бойынша жүзеге асырылады.
Рұқсат беру органы осы өтініштің негізінде үш жұмыс күні ішінде рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданысын қайта бастау туралы шешім қабылдайды.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды
8. Рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданысын қайта бастау туралы шешім қабылданған кезден бастап лицензиат, екінші санаттағы рұқсатты иеленуші үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жыл сайынғы лицензиялық алымды немесе төлемді төлеу жөніндегі міндеттемелер қайта басталады.
8-тарау. ХАБАРЛАМА ЖАСАУ ТӘРТІБІ
46-бап. Хабарлама жасау тәртібі
1. Хабарламалардың толық тізбесі осы Заңға 3-қосымшада көзделеді.
2. Өтініш берушілер рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға хабарламаларды жібереді.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Нормативтік құқықтық актілерде көзделген жағдайларда мәліметтер нысанын ұсыну арқылы өтініш берушілер хабарлама жасау тәртібі енгізілген қызметті немесе әрекеттерді жүзеге асыруға нормативтік құқықтық актілерде қойылатын талаптарға өздерінің сәйкестігін мәлімдейді.
4. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, өтініш беруші тиісті хабарлама жіберілгеннен кейін қызметті немесе белгілі бір әрекеттерді жүзеге асыруға бірден кірісуге құқылы немесе оларды тоқтатуға міндетті.
Жекелеген қызмет түрлерінің немесе әрекеттердің ерекшеліктері ескеріле отырып, жекелеген жағдайларда Қазақстан Республикасының заңдарында хабарламаны жіберу мерзімдері белгіленуі мүмкін.
5. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда қажетті құжаттар хабарламаға қоса беріледі, бұл ретте Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардан алынуы мүмкін құжаттарды және өзге де ақпаратты өтініш берушілерден талап етуге тыйым салынады.
Хабарламада және (немесе) хабарламаға қоса берілетін құжаттарда қамтылған мәліметтердің анықтығы үшін өтініш беруші жауапты болады.
6. Қызметтің нақты түріне немесе әрекетке қатысты рұқсат беру тәртібінің орнына хабарлама жасау тәртібі енгізілген кезде, хабарлама жасау тәртібін енгізу кезіне қызметтің осы түріне немесе әрекетке арналған жарамды рұқсаты болған жеке және заңды тұлғалар хабарламаны жіберген болып есептеледі және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне автоматты түрде енгізіледі.
7. Жеке тұлғаның заңды мекенжайы, заңды тұлғаның орналасқан жері, хабарламада көрсетілген қызметті немесе әрекеттерді жүзеге асыру мекенжайы, сондай-ақ, олар туралы ақпарат хабарламада толтыру үшін міндетті болып табылатын тіркеу деректері өзгерген жағдайда, өтініш беруші өзгеріс болған күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы бапта белгіленген тәртіппен көрсетілген өзгерістер туралы хабарлама жіберуге міндетті.
47-бап. Хабарлама жіберілгенін растау
Өтініш берушілердің өтініштері бойынша хабарламаны қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар өтініш жасалған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш берушілерге рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен өтініш берушілердің жіберген хабарламалары туралы үзінді көшірмелер береді.
Мемлекеттік органдар мен үшінші тұлғалар өтініш берушінің хабарламаны жібергенін растауды хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардан немесе рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен алады.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 9-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
9-тарау. ЛИЦЕНЗИЯЛАУДЫ, РҰҚСАТ БЕРУ РӘСІМДЕРІН ЖӘНЕ ХАБАРЛАМАЛАР ЖАСАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ КЕЗІНДЕГІ ақпараттық-коммуникациялық ТЕХНОЛОГИЯЛАР
48-бап. Лицензиялауды, рұқсат беру рәсімдерін және хабарламалар жасауды электрондық нысанда жүзеге асыру
1. Лицензиялау және хабарламаларды жіберу рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімі пайдаланыла отырып, электрондық нысанда жүзеге асырылады.
Рұқсат беру рәсімдері рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімі пайдаланыла отырып, осы Заңның 52-бабы 3-тармағының ережелері ескеріліп, электрондық нысанда жүзеге асырылады.
Электрондық құжат нысанында берілген рұқсаттардың қағаз жеткізгіштегі рұқсаттармен мәні бірдей.
Рұқсат беру органдары қағаз нысанында жүзеге асырылған рұқсат беру рәсімдері туралы ақпаратты рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне рұқсат беру рәсімін жүзеге асырумен бір мезгілде енгізуге міндетті.
Осы тармақтың төртінші бөлігінде белгіленген талаптардың орындалмағаны үшін рұқсат беру органы жауапты болады.
Осы тармақтың күші автоматтандыруға жатпайтын рұқсаттарға қолданылмайды.
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Қаржы саласындағы және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметке берілетін рұқсаттарды қоспағанда, Мемлекеттік корпорация арқылы рұқсат алу үшін өтініш беруші орналасқан жеріне қарамастан Мемлекеттік корпорацияға өтініш жасауға құқылы.
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Өтініш беруші Мемлекеттік корпорация арқылы рұқсат беру рәсімінен өту үшін өтініш жасаған жағдайда - Мемлекеттік корпорацияның қызметкері электрондық өтінішті немесе өзге де осыған ұқсас құжатты өзінің қызмет бабында пайдалану үшін берілген электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырады. Мұндай куәландыру өтініш берушінің жазбаша келісімі негізінде жүзеге асырылады.
4. Өтініш беруші рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны қағаз жеткізгіште алуға өтініш жасаған жағдайда, рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады және рұқсат беру органының мөрімен және рұқсат беру органы басшысының қолымен куәландырылады.
5. Рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны электрондық нысанда беру мүмкіндігі болмаған жағдайда, рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша қағаз жеткізгіште беріледі.
6. Өтініш рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда берілген жағдайда, лицензиар және екінші санаттағы рұқсатты беруге уәкілетті орган өтінішті тіркеуді бір жұмыс күні ішінде жүргізеді.
49-бап. Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімі
1. Рұқсат беру органдары рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін тұрақты негізде жүргізеді.
Хабарламалар бойынша рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар жүргізеді.
2. Мемлекеттік органдар өз өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін рұқсаттар мен хабарламалар туралы ақпаратты рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен, көрсетілген ақпаратты растауды жеке және заңды тұлғалардан қосымша талап етпестен алуға міндетті.
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік электрондық рұқсаттар мен хабарламалар тізілімі тәуекелдерді бағалау жүйесі мен тексерулер жүргізу кестесін қалыптастыру үшін негіз болып табылады.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Жеке немесе заңды тұлғаның, қызметінің нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлға филиалының қызметі немесе жекелеген қызмет түрлері немесе әрекеттері (операциялары) тоқтатыла тұрған жағдайда рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне тиісті мәліметтер енгізіледі.
5. Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен хабарламаны алып тастау өтініш берушінің өтініші, соттың жеке немесе заңды тұлғаның қызметіне немесе жекелеген қызмет түрлеріне немесе әрекеттеріне тыйым салу туралы шешімі бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда жүзеге асырылады.
6. Рұқсат беру органдарының және хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу мүмкіндігі уақытша немесе тұрақты болмаған кезеңде олар барлық қажетті тарихи деректердің тіркелуін және сақталуын қамтамасыз етуге және осындай мүмкіндік пайда болғаннан кейін рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін тарихи деректермен толықтыруға міндетті.
10-тарау. ЖАУАПТЫЛЫҚ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ
50-бап. Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 51-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
51-бап. Хабарламалар бойынша бақылау және рұқсаттық бақылау
1. Рұқсаттық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгенге дейін өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін рұқсаттық бақылау біліктілік және рұқсат беру талаптарын бекіту туралы нормативтік құқықтық актілерде өтініш берушіге бару қажеттілігі болған жағдайда бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тәртібімен жүзеге асырылады, оның нәтижелері бойынша өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сай келуі немесе сай келмеуі туралы қорытынды жасалады.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Лицензиаттардың және екінші санаттағы рұқсаттарды иеленушілердің рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгеннен кейін (қызметті жүзеге асыру процесінде) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасын сақтауын рұқсаттық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексерулер және профилактикалық бақылау арқылы жүзеге асырылады.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Хабарламаны алғаннан кейін мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бақылау мен қадағалау қызметін жүзеге асыру процесінде өтініш берушінің Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде қызметті жүзеге асыру үшін белгіленген талаптарды сақтауын дербес тексереді.
11-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер
52-бап. Өтпелі ережелер
1. Осы Заңның 3-бабының 2-тармағында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін қолданылған және осы Заңға 1, 2 және 3-қосымшаларда көзделген рұқсаттар мен хабарламалар тізбелеріне енбеген рұқсаттар мен хабарламалардың болуы міндетті болып табылмайды және осы рұқсаттарсыз және хабарламаларсыз қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру жеке немесе заңды тұлғалар үшін жауаптылыққа әкеп соқпайды.
2. «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 4-бабының 8-тармағына сәйкес лицензиялануға жатпаған қызмет түрлеріне осы Заң қолданысқа енгізілген кезден бастап, олар осы Заңға 1, 2 және 3-қосымшаларда болған жағдайда, рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібі жалпы негіздерде қолданылады.
3. Рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімі пайдаланыла отырып, электрондық нысанда мұндай мүмкіндік болған жағдайда жүргізіледі.
Рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімі пайдаланыла отырып, электрондық нысанда ғана жүргізіледі.
Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган мен рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органның бірлескен бұйрығымен бекітілетін, автоматтандыруға жатпайтын тізбеге енгізілген екінші санаттағы рұқсаттарды қоспағанда, 2015 жылғы 31 желтоқсанға дейін рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінде рұқсаттарды жинау мен сақтауды немесе рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыруды автоматтандыру енгізілмейтін және қамтамасыз етілмейтін екінші санаттағы рұқсаттардың күші жойылуға жатады.
4. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін берілген атом энергиясын пайдалану саласындағы лицензиялар осы Заң қолданысқа енгізілген күннен кейін алты ай ішінде осы Заңға 1-қосымшаға сәйкес мерзімі шектеулі лицензияларға қайта ресімделуге жатады.
53-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 10-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 9-10, 47-құжат; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 17, 79, 81, 82-құжаттар; № 18, 84, 85-құжаттар; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 111, 112-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21, 26-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 25-құжат; № 12, 84-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат;№ 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 16, 83-құжат).
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2014 жылғы мамырдың 16-ы.
№ 202-V
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.07.04. № 487-V ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнiнен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізiлдi) (бұр.ред.қара); 2016.09.04. № 496-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.09.04. № 502-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2019.26.12. № 289-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.02.07. № 356-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан, 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.25.02. № 12-VІІ ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан, 2021 ж. 9 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен (2021 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 405-VІ ҚР Заңымен (2021 ж. 16 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.03.05. № 118-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-қосымша өзгертілді