2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) әлеуметтік төлемдерді алу кезеңінде әлеуметтік төлемдер бойынша Қор міндеттемелерінің орындалуына әсер ететін барлық өзгерістер туралы, осындай өзгерістер туындаған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Мемлекеттік корпорацияны хабардар етуге міндетті.»;
7) 13-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) аударылған сомалар туралы қажеттi ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Мемлекеттік корпорациядан сұратуға және тегiн алуға;»;
8) 16-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, төлеушi Мемлекеттік корпорацияның банк шоты арқылы төлемдерді жүзеге асыру жолымен есептi айдан кейiнгi айдың 25-iнен кешiктiрмей Қорға әлеуметтiк аударымдарды төлейдi.»;
9) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«19-бап. Артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдарды қайтару
Төлеуші артық (қате) төлеген әлеуметтік аударымдар және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдар сомалары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен, төлеушінің банк шотына банктік үш күн ішінде Мемлекеттік корпорацияның кейіннен аударуы үшін, төлеушінің өтініші Қорға келіп түскен күннен бастап банктік жеті күн ішінде Мемлекеттік корпорацияның банк шотына аударылуға жатады.»;
10) 20-бапта:
1-тармақта:
«өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша», «әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі» деген сөздер алып тасталсын;
«халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы орган» деген сөздер «уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік корпорация әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін қажетті құжаттар қабылданған күннен бастап төрт жұмыс күні ішінде оларды Қорға береді.
3. Қор құжаттар келіп түскен күннен бастап төрт жұмыс күні ішінде оларды қарайды және әлеуметтік төлемдерді тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Әлеуметтік төлемдерді тағайындаудан бас тартылған жағдайда, ол өтініш берушіні бас тарту себептері туралы хабардар етеді және ұсынылған құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы өтініш берушіге қайтарады.»;
4-тармақтағы «Әлеуметтiк төлемдердi тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органның» деген сөздер «Қордың» деген сөзбен ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Кейiнгi өтiнiштер берiлген кезде Қор өтiнiш қайталап берiлген кезден бастап бес жұмыс күнi iшiнде тағайындау немесе бас тарту туралы шешiм қабылдайды және бас тарту себептерi мен шағымдану тәртiбiн көрсете отырып, бұл жөнінде Мемлекеттік корпорация арқылы өтiнiш берушiге жазбаша нысанда хабарлайды.
Қордың шешiмiне сот тәртiбiмен шағым жасалуы мүмкiн.»;
6-тармақтың екінші бөлігінің төртінші абзацындағы «әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі уәкілетті органға» деген сөздер «Қорға» деген сөзбен ауыстырылсын;
7-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Әлеуметтік төлемдер тағайындау мерзімі өтініштің барлық қажетті құжаттарымен қоса Мемлекеттік корпорацияда тіркелген күнінен бастап сегіз жұмыс күнінен аспайды.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) Қордың кiнәсiнен уақтылы алынбаған не толық алынбаған әлеуметтiк төлемдер сомасы өткен уақыт үшiн мерзiмi шектелмей төленедi және уәкілетті орган айқындайтын тәртiппен, мерзiмi өткен әрбiр күн үшiн (төлеу күнiн қоса алғанда) осы сомаларды төлеу күнiне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың 2 еселенген ресми мөлшерлемесінен аспайтындай мөлшерде индекстелуге жатады.»;
11) 21-бапта:
4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Еңбек ету қабiлетiнен айырылу дәрежесi өзгерген жағдайда, әлеуметтiк төлем еңбек ету қабiлетiнен айырылу дәрежесi өзгерген күннен бастап еңбек ету қабiлетiнен айырылудың жаңадан белгiленген дәрежесiне сәйкес келетiн мөлшерде жүзеге асырылады. Бұл ретте Қор әлеуметтiк төлемдер мөлшерiнiң өзгергенi туралы шығарылған шешiмге қатысты Мемлекеттік корпорацияны үш жұмыс күнi iшiнде хабардар етеді.»;
6-тармақта:
1) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) алушы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында көзделген жасқа толған күннен бастап;»;
«3) алушыны әрекетке қабілетті деп тану туралы МӘС бөлімшесі шешім шығарған күннен бастап тоқтатылады.»;
12) 22-баптың 6-тармағының екінші бөлігіндегі және 7-тармағындағы «әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органға», «әлеуметтiк төлемдерді тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган» деген сөздер тиісінше «Қорға», «Қор» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 23-баптың 6-тармағы алып тасталсын;
14) 25-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«25-бап. Қордан төленетін әлеуметтік төлемдер
Әлеуметтік төлемдер ағымдағы ай үшін Мемлекеттік корпорация арқылы алушының банктік шоттарына аудару жолымен жүргізіледі. Төлемдердің кешіктірілгені үшін осы Заңның 20-бабының 8-тармағына сәйкес өсімпұл есебіне жазылады.»;
15) 29-бапта:
1-тармақта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Мемлекеттік корпорациядан қаржы қозғалысы туралы ақпарат алуға;»;
6) тармақшадағы «жүзеге асыруға құқығы бар.» деген сөздер «жүзеге асыруға;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7), 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:
«7) әлеуметтік төлемдер тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдауға;
8) уәкілетті мемлекеттік органдар мен әлеуметтік аударымдарды төлеушілер арқылы тиісті ақпаратты сұрату жолымен әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін ұсынылған құжаттардың анықтығын тексеруге;
9) Қазақстан Республикасының аумағында филиалдар ашуға құқығы бар.»;
2-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Мемлекеттік корпорацияның әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыруы үшін қаражаттардың уақтылы аударылуын қамтамасыз етуге;»;
4) тармақшасындағы «атқаруға міндетті.» деген сөздер «атқаруға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:
«5) әлеуметтік төлемдердің уақтылы және толық тағайындалуын қамтамасыз етуге;
6) әлеуметтік төлемдер тағайындау және алу мәселелері бойынша қажетті түсініктемелер беруге міндетті.»;
16) 33-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«33-бап. Дауларды шешу
Қордың, Мемлекеттік корпорацияның, мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың арасында осы Заңды орындау жөнiнде туындайтын барлық даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешiледi.».
20. «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 10, 55-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 4, 28, 33-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 4, 30-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 63-құжат; № 16, 90-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42, 45-құжаттар; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
3-бапта:
1-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының міндеттемелерін қоспағанда, қоғам өз міндеттемелері бойынша өз мүлкі шегінде жауаптылықта болады.»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына қатысты, оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі субсидиарлық жауаптылықта болады.».
21. «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 12, 44-құжат; 2007 ж., № 24, 178-құжат; 2009 ж., № 23, 111-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 6, 28-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат):
1) 1-бапта:
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;»;
11) тармақша алып тасталсын;
2) мынадай мазмұндағы 3-1 және 3-2-баптармен толықтырылсын:
«3-1-бап. Уәкілетті мемлекеттік органның құзыреті
Уәкілетті мемлекеттік орган:
1) балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау және төлеу қағидаларын және балаларға арналған жәрдемақыны алуға үміткер отбасының жиынтық табысын есептеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2) қаржылық және өзге де есептіліктің тізбесін, нысандарын және Мемлекеттік корпорацияның оны ұсыну мерзімдерін айқындайды;
3) құзыреті шегінде Мемлекеттік корпорацияның қызметін тексеруді жүзеге асырады;
4) балалы отбасыларды әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ақпараттық жүйелерді қолдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
5) балалы отбасыларды әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ақпараттық жүйелер мен дерекқорларға қол жеткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
3-2-бап. Мемлекеттік корпорацияның құзыреті
Мемлекеттік корпорация:
1) жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі тиісті уәкілетті органға беру үшін құжаттар қабылдауды және олардың жинақталуын тексеруді жүзеге асырады;
2) құжаттарды қабылдау, жәрдемақыларды тағайындау, тоқтата тұру, тоқтату, қайта бастау және қайта есептеу істерінің макеттерін қалыптастыру мәселелері бойынша жәрдемақылар тағайындау жөніндегі тиісті уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл жасайды;
3) балалы отбасыларға жәрдемақыларды уақтылы төлеуді қамтамасыз етеді;
4) балалы отбасыларды әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ақпараттық жүйелерді жүргізуді және жаңартып отыруды жүзеге асырады;
5) бала туғанда, бала күтіміне байланысты және мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы төлеуге қажеттілікті есептеу бойынша болжамды деректерді қалыптастырады;
6) жәрдемақы төлемдеріне ай сайынғы қажеттіліктерді және оны төлеу графиктерін қалыптастырады, бала туғанда, бала күтіміне байланысты және мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыларды төлеуге қаражат қажеттілігі туралы өтінімдерді уәкілетті мемлекеттік органға жібереді;
7) балалы отбасыларды әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ақпараттық жүйелерден алынған ақпаратты уәкілетті мемлекеттік органға береді.»;
3) 5-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Мемлекеттік корпорацияға - бала туғанда берілетін жәрдемақы, бала күтіміне байланысты жәрдемақы, мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы;
2) балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу жөніндегі уәкілетті органға немесе Мемлекеттік корпорацияға - балаларға арналған жәрдемақы алуға құқығы бар отбасының тұрғылықты жерi бойынша беріледі.»;
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік корпорация өтініш қабылданған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде өтініш беруші түпнұсқада ұсынған өтініштің, құжаттар мен мәліметтердің электрондық көшірмелерін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынған электрондық құжаттар мен мәліметтерді балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
4. Мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдар ақпараттық жүйелерде өтініш беруші туралы сұратылып отырған мәліметтердің жоқ екенін растайтын электрондық құжаттарды ұсынған кезде, Мемлекеттік корпорацияға немесе балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу жөніндегі уәкiлеттi органға сұрау салуды жүзеге асырғандар ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және мерзімдерде ақпараттық жүйелердегі өтініш беруші туралы мәліметтерді сәйкес келтіру үшін құжаттардың түпнұсқаларын ұсыну қажеттігі туралы өтініш берушіні хабардар етеді.
Өтініш беруші туралы бұрын болмаған мәліметтердің бар екендігін ақпараттық жүйелер белгіленген тәртіппен растаған кезде бала туғанда берілетін жәрдемақының, бала күтіміне байланысты жәрдемақының, мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақының, балаларға арналған жәрдемақының тағайындалған күні болып өтініш берушінің Мемлекеттік корпорацияға немесе балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу жөніндегі уәкiлеттi органға тағайындау үшін өтініш жасаған күні есептеледі.»;
4) 6-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тиісті уәкілетті орган өтінішті қажетті құжаттарымен, оның ішінде электрондық құжаттарымен қоса, олардың Мемлекеттік корпорацияда немесе балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу жөніндегі уәкілетті органда тіркелген күнінен бастап, ал осы Заңның 5-бабы 4-тармағының бірінші бөлігінде көзделген жағдайда - мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінің өтініш беруші туралы мәліметтерді растаған күнінен бастап жеті жұмыс күні ішінде қарайды.
Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау өтініш беруші ұсынған құжаттар мен мәліметтер, сондай-ақ балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу жөніндегі уәкілетті орган немесе Мемлекеттік корпорация мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алған электрондық құжаттар мен мәліметтер және учаскелік комиссияның қорытындысы негізінде жүзеге асырылады.
Тиісті уәкілетті орган өтініш берушіге бес жұмыс күнінен кешіктірмей тағайындау немесе бас тарту (себебін көрсетіп) туралы қабылданған шешім жөнінде жазбаша не Мемлекеттік корпорация арқылы электрондық құжат жіберу жолымен, ал «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтініш жасаған кезде - бір жұмыс күні ішінде электрондық нысанда хабарлайды.».
22. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 18, 142-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 8, 41-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 95-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 16, 79-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 28-1) тармақшамен толықтырылсын:
«28-1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;»;
2) 18-баптың тақырыбы, 2 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«18-бап. Ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау»;
«2. Ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша Мемлекеттік корпорация жүзеге асырады.»;
«5. Мемлекеттік корпорация өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын уәкілетті органмен және монополияға қарсы органмен келісу бойынша орталық мемлекеттік органдар арасынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уәкілетті орган белгілейді.»;
3) мынадай мазмұндағы 18-1-баппен толықтырылсын:
«18-1. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
1) құзыреті шегінде Мемлекеттік корпорацияның қызметін тексеруді жүзеге асырады;
2) ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау саласындағы ақпараттық жүйелерді қолдауға қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;
3) ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау саласындағы ақпараттық жүйелер мен дерекқорларға қол жеткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
4) Мемлекеттік корпорацияның ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау саласындағы статистикалық және өзге де есептілікті ұсыну қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
4) 58-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Бастапқы және кейінгі объектілерге бұрын туындаған құқықтарды есептік тіркеуді жүзеге асыру кезінде тіркеуші орган құқық иеленушіден жылжымайтын мүлік объектісіне жаңа техникалық паспортты ұсынуды талап етуге құқылы емес. Қажет болған жағдайда, жүйелі тіркеуді жүргізу кезінде мемлекеттік техникалық зерттеп-қарауды Мемлекеттік корпорация өтеусіз жүзеге асырады.».
23. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтарды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
134-бапта:
2-тармақтың 25) тармақшасындағы «багаж тасымалын жүзеге асыру;» деген сөздер «багаж тасымалын іске асыру саласында жүзеге асырады.» деген сөздермен ауыстырылып, 22) және 26) тармақшалары алып тасталсын;
3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, жұмыспен қамту, мәдениет және спорт;».
24. «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 15, 119-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 3, 19-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 11, 63-құжат; № 19-І, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтарды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 8-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. «Бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынуды арнайы экономикалық аймақтың аумағында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
Арнайы экономикалық аймақтың аумағындағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы осы баптың 4-тармағына сәйкес орналастырылуы және жұмыс істеуі үшін қажетті инфрақұрылым объектілерімен қамтамасыз етіледі.»;
2) 18-баптың бірінші бөлігінің 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) «бір терезе» қағидаты бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының жұмыс істеуі үшін қабылдау орнын ұйымдастыру;».
25. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 5-6, 29-құжат; 2014 ж., № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат):
1) 1-баптың 6), 10) және 18) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«6) мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті - мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын сақтау жөніндегі талаптарды белгілейтін және көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің тәртібін, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық акт;»;
«10) мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі - мемлекеттік қызметтер көрсету, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсету процесін автоматтандыруға және мониторингтеуге арналған ақпараттық жүйе;»;
«18) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;»;
2) 4-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) орталық мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен шағымдануға;»;
3) 5-баптың 2-тармағында:
бірінші бөліктің 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, орталық мемлекеттік органдарға, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне, өзге де көрсетілетін қызметті берушілерге, Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметтерді көрсету, оның ішінде ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы көрсету үшін қажетті құжаттар мен ақпаратты ұсынуға;