1) мазмұны 342-1-баптың мынадай мазмұндағы тақырыбымен толықтырылсын:
«342-1-бап. Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу саласындағы бұзушылықтар»;
2) 91-бапта:
екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына мiндеттi зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылған салымшылар туралы мәлiметтердi ұсынбауы, уақтылы ұсынбауы, сол сияқты аталған салымшылар туралы анық емес мәлiметтердi ұсынуы - »;
төртінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген, зейнетақыларды толық мөлшерде және белгiленген мерзiмдерде төлеу жөнiндегi мiндеттердi «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының лауазымды адамдарының орындамауы - »;
сегізінші бөліктің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен өсiмпұлдар сомаларын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына аудару кезiнде банктiң немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның кiнәсiнен аудармау (есепке жатқызбау), уақтылы аудармау (банк шоттарынан ақшаны есептен шығару бойынша операциялар жасалған күннен немесе қолма-қол ақшаны банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға енгiзгеннен кейінгі күннен кеш) не төлем құжатының деректемелерiн толтыру кезiнде қателер жiберу;»;
3) 92-бапта:
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамасында белгiленген мерзiмдерде әлеуметтiк төлемдердi төлемеуi -»;
төртінші бөліктің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) әлеуметтiк аударымдар мен өсiмпұлдар сомаларын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына аудару кезінде банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның кiнәсiнан аудармау (есепке жатқызбау), уақтылы аудармау (банк шоттарынан ақшаны есептен шығару бойынша операциялар жасалған күннен немесе қолма-қол ақшаны банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға енгiзгеннен кейінгі күннен кеш) не төлем құжатының деректемелерiн толтыру кезiнде қателер жiберу;»;
4) мынадай мазмұндағы 342-1-баппен толықтырылсын:
«342-1-бап. Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу саласындағы бұзушылықтар
Мыналарға:
1) жер учаскесінің кадастрлық ісін қалыптастыруға;
2) жерді экономикалық бағалауды және оған мониторинг жүргізуді қамтитын, жерлердің сапасын есепке алуға, топырақтық, геоботаникалық, агрохимиялық зерттеп-қарауларды және топырақты бонитирлеуді жүргізуге;
3) мемлекеттік тіркеу мақсаттары үшін жердің көлемін, жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушыларды, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерін есепке алуға;
4) жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындауды; елді мекендерде жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін белгілей отырып, бағалау аймақтары шекараларының схемаларын жасауды; жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелерін есептеуді; ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою кезінде ауыл шаруашылығы өндірісінің ысырабын айқындауды қамтитын жерлерді мемлекеттік кадастрлық бағалауға;
5) қағаз жеткізгіштерде және электрондық нысанда жер учаскелері мен олардың субъектілері туралы деректер банкін, сондай-ақ басқа да жер-кадастрлық ақпаратты жинақтауға, өңдеуге және жүргізуге;
6) мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жүргізуге;
7) жер-кадастрлық карталарды, оның ішінде цифрлық карталарды дайындауға және жүргізуге;
8) жер кадастры кітабын және жердің бірыңғай мемлекеттік тізілімін жүргізуге;
9) жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарын дайындауға және беруге;
10) жер-кадастрлық жоспарын дайындауға;
11) жер учаскелеріне кадастрлық нөмірлер беруге;
12) жер учаскелерінің паспорттарын дайындауға байланысты мемлекеттік жер кадастрын жүргізу саласындағы бұзушылық -
лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
5) 647-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«647-бап. Азаматтардың әскери есепке алу жөнiндегi мiндеттерді орындамауы
Әскери есепте тұрған немесе тұруға мiндеттi азаматтың жергiлiктi әскери басқару органының шақыруы бойынша көрсетілген мерзiмде дәлелді себепсіз келмеуi не елді мекенге (әкімшілік ауданға) тұрақты тұрғылықты жерге немесе уақытша (үш айдан астам мерзiмге) тұруға келуі, сондай-ақ қызметтік іссапарларға, оқуға, демалысқа немесе емделуге (үш айдан астам мерзiмге) келіп, келген жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына жеті жұмыс күні ішінде әскери есепке қою туралы өтінішпен жүгінуге міндетті азаматтың белгіленген мерзімде дәлелді себептерсіз келмеуі - бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
6) 710-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы «342» деген цифрлардан кейін «, 342-1» деген цифрлармен толықтырылсын.
7. «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 11, 154-құжат; 1999 ж., № 8, 239-құжат; № 23, 925-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 1-2, 13-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 157-құжат; 2005 ж., № 23, 98-құжат; 2006 ж., № 12, 69-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 6, 28-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 8, 45-құжат; № 15, 78-құжат):
1) 1-1-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға.»;
2) 3-бапта:
2-тармақтың бірінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Егер өтініш жасаған кезде адамға мүгедектік белгіленген болса, мүгедектігі бойынша жәрдемақы тағайындау туралы өтініш тізбесін орталық атқарушы орган айқындайтын құжаттар қоса беріле отырып, Мемлекеттік корпорацияға беріледі.»;
«Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты жәрдемақылар тағайындауға өтінішті жәрдемақыға құқығы бар өтініш беруші тізбесін орталық атқарушы орган айқындайтын құжаттарды қоса бере отырып, Мемлекеттік корпорацияға береді.»;
4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Өтініш берушіге жәрдемақы тағайындаудан бас тартылған жағдайда, уәкілетті мемлекеттік орган бас тарту себептерін жазбаша уәждеуге және өтініш берушіге құжаттарын Мемлекеттік корпорация арқылы қайтаруға міндетті.»;
3) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«4-бап. Жәрдемақының бір түрінен екіншісіне ауыстыру
Жәрдемақы алатын адамның өтініші негізінде орталық атқарушы орган айқындайтын тәртіппен, өтініш барлық қажетті құжаттармен қоса Мемлекеттік корпорацияда тіркелген күннен бастап жәрдемақының бір түрінен екіншісіне ауыстыру жүргізіледі.»;
4) 5-баптың 1-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Жәрдемақылар тағайындау мерзімі өтініш барлық қажетті құжаттармен қоса Мемлекеттік корпорацияда тіркелген күннен бастап сегіз жұмыс күнінен аспайды.»;
5) 6-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Уәкілетті мемлекеттік органның, Мемлекеттік корпорациясының кінәсінен уақтылы алынбаған жәрдемақылар сомасы мерзімдері шектелмей, өткен уақыт үшін біржолғы төленеді.»;
6) 10-баптың 1-1-тармағындағы «Орталықтан» деген сөз «жасына байланысты» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 12-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Егер жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері мүгедектердің тиісті санаттары үшін белгіленген мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақының мөлшерінен аз болса, мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақы төлеу жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне мүгедектердің осы санаты үшін белгіленген мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақы мөлшеріне дейінгі тиісті қосымша төлемдер түрінде жүргізіледі.»;
8) 16-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Егер отбасының еңбекке қабілетсіз мүшесі алатын жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша алатын айлық жәрдемақының мөлшерінен аз болса, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша айлық жәрдемақы төлеу жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне отбасының еңбекке қабілетсіз осы мүшелері үшін белгіленген, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша айлық жәрдемақы мөлшеріне дейінгі тиісті қосымша төлемдер түрінде жүргізіледі.»;
9) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«17-бап. Жәрдемақыларды тағайындау шарттары
Азаматтарға жасына байланысты жәрдемақылар зейнетақы төлемдерiне құқығы болмаған кезде «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген жасқа толғанда тағайындалады.».
8. «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 2-3, 25-құжат; 2001 ж., № 20, 258-құжат; 2002 ж., № 5, 50-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат; № 13, 74-құжат; 2005 ж., № 17-18, 73-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 12, 86-құжат; № 13, 100-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 13-14, 55-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; № 22, 94-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 5-6, 30-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 23, 143-құжат):
3-баптың 3-тармағының 1-4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-4) мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті - мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын сақтау жөніндегі талаптарды белгілейтін және көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің тәртібін, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық акт;».
9. «Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы» 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 13, 196-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; 2014 ж., № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат):
1) 1-бапта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу - жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмiне кепіл туралы шарттағы немесе кепiл талаптары бар (кепiлдi тiркеу туралы өтiнiш) өзге де шарттағы мәлiметтердi енгiзу жөнiнде жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу кезiнде туындайтын қатынастарға қатысушылардың iс-қимылдары жиынтығын, жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiк берудi және тiркеушi органдардың және (немесе) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерінде белгiленген тәртiппен жасалатын өзге де iс-қимылдарын бiлдiретiн, тiркеушi органның және (немесе) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының жылжымалы мүлiк кепiлiн есепке алу рәсiмi;»;
4), 5), 6) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4) жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiк - тiркеушi орган және (немесе) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының өтiнiш иесiне беретiн және жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу фактiсiн растайтын құжат;
5) жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмi (кепiл тiзiлiмi) - тiркеушi органдар және (немесе) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асыратын ақпаратты есепке алу және сақтау жүйесi;
6) өтiнiш берушi - тiркеушi органға және (немесе) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына кепiлдi тiркеу туралы өтiнiш беретiн адам; кепiл мiндеттемесi тараптарының келiсуi бойынша кепiл берушi де, кепiл ұстаушы да өтiнiш берушi бола алады;»;
«8) уәкілетті орган - жылжымалы мүлік кепілін тіркеу саласында мемлекеттік саясатты іске асыратын уәкілетті орган;»;
мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға.»;
2) 3-бапта:
1-тармақтың 2-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1) Мемлекеттік корпорация;»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тiркеушi органдардың қызметiне жалпы басшылықты және бақылауды - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi мен басқа да мемлекеттiк органдар, ал жылжымалы мүлiктiң жекелеген түрлерiмен кепiлдi тiркеудi жүзеге асыратын заңды тұлғалардың қызметiне жалпы басшылықты және бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасымен уәкiлеттiк берiлген мемлекеттiк орган жүзеге асырады.»;
3) мынадай мазмұндағы 3-1-баппен толықтырылсын:
«3-1-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
1) құзыреті шегінде Мемлекеттік корпорацияның қызметін тексеруді жүзеге асырады;
2) жылжымалы мүлік кепілін тіркеу саласында ақпараттық жүйелерді қолдауға қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;
3) жылжымалы мүлік кепілі саласында ақпараттық жүйелер мен дерекқорларға қол жеткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
4) Мемлекеттік корпорацияның жылжымалы мүлік кепілінің статистикалық және өзге де есептік ақпаратын ұсыну қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
4) 5-баптың тақырыбы, 1, 3 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«5-бап. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу
1. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу, жылжымалы мүлік кепілінің тізілімінен үзінді көшірме беру түрінде ақпараттық қызмет көрсету, өтініш берушінің кінәсінен жіберілген тіркеу құжаттарындағы қателерді түзету жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны Мемлекеттік корпорация жүзеге асырады.»;
«3. Мемлекеттік корпорация міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын тіркелген жылжымалы мүлік кепілінің тізілімін жүргізуге міндетті.»;
«5. Мемлекеттік корпорация өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша орталық мемлекеттік органдар арасынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уәкілетті орган белгілейді.»;
5) 9-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу үшiн өтiнiш беруші не оның өкiлi тiркеушi органға және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға өтiнiштiң толтырылған бланкiсiн бередi.»;
2-тармақта:
бірінші бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тiркеушi органның және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның атауы;»;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Өтінішті тiркеушi органға және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға берген кезде өтініш беруші - жеке басын куәландыратын құжатты, ал тұлғаның өкілі өзінің өкілеттіліктерін растайтын құжатты, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуға міндетті.»;
3 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Өтінішпен бірге кепіл туралы шарт немесе кепіл талаптары қамтылған өзге де шарт ұсынылады, ол өтініште қамтылған мәліметтерді тiркеушi орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация тексергеннен кейін тіркеу туралы белгі соғылып өтініш берушіге қайтарылады.»;
«5. Өтініште қамтылған мәліметтерді тексеруді және жылжымалы мүлік кепілін тіркеуді тіркеуші орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация өтініш келіп түскен кезден бастап екі жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.»;
6) 9-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«9-2-бап. Ақпараттық көрсетілетін қызметтер және өтiнiш берушiнiң кiнәсiнен жіберілген тiркеу құжаттарындағы қателердi түзету үшiн төлемақы
Ақпараттық көрсетілетін қызметтерді ұсынғаны үшiн, сондай-ақ өтiнiш берушiнiң кiнәсiнен жіберілген тiркеу құжаттарындағы қателердi түзеткенi үшiн тiркеушi орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлемақы алады.»;
7) 10-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«10-бап. Тiркеушi органның және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның мiндеттерi»;
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қажеттi құжаттарды алған кезден бастап тіркеуші орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация:»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Тiркеушi орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация ұсынылған жылжымалы мүлiк кепiлi туралы шарттың Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (Жалпы бөлiм) 307-бабына сәйкестігін тек формальды белгiлер бойынша тексередi.»;
8) 11-бапта:
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Тiркеушi орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация:»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тiркеуден бас тартылған жағдайда, тiркеушi орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация құжаттар қабылданған кезден бастап екі жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының бұзылғанына сiлтеме жасай отырып, өтiнiш берушіге жазбаша уәжделген бас тартуды жібереді.»;
9) 13-бапта:
1-тармақтың 1) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тiркеушi органның және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның атауы;»;
«6) тiркеушi орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация берген жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiркеу нөмiрi;»;
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Кепілді тiркеу туралы куәлiкке уәкiлетті лауазымды адам қол қояды және ол тiркеушi органның және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның мөрiмен куәландырылады.
3. Кепiл берушiнiң немесе кепiл ұстаушының өтiнiшi бойынша тіркеуші орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация өздері берген куәліктерге қатысты екі жұмыс күні ішiнде жылжымалы мүлiк кепiлiн тіркеу туралы жоғалған куәліктің орнына оның телнұсқасын беруді жүргізеді.»;
10) 14-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi орындаған кепiл берушi жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмiндегi кепiл туралы жазбаны жоюды талап етуге құқылы. Кепiл берушiнiң талабы бойынша кепiл ұстаушы тіркеуші органға немесе Мемлекеттік корпорацияға жазбаша өтiнiш пен кепiл берушiнiң кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттемелердi орындағанын растайтын қажеттi құжаттарды ұсынуға мiндеттi. Кепiл ұстаушы осы мiндеттердi орындамаған немесе уақтылы орындамаған жағдайда, кепiл берушi өзiне келтiрiлген залалдың өтелуiн талап етуге құқылы.»;
11) 16-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Өтiнiш берушi тiркеушi органға және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға өтiнiш беру арқылы өзгерiстер мен толықтыруларды (оның iшiнде меншiк құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру) және тiркелген кепiлдiң қолданысын тоқтатуды тiркейдi.»;
12) 17-бапта:
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарттың негізінде өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу жағдайларын қоспағанда, тіркеуші орган немесе Мемлекеттік корпорация берген жылжымалы мүлік кепілінің тіркеу нөмірі;»;
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Өтінішпен бірге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шарт (оның ішінде тапсыру актісі немесе одан үзінді көшірме (төлнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі) қоса беріле отырып, меншік құқығының басқа тұлғаға ауысуы туралы не құқықтарды (талаптарды) басқаға беру туралы шарт (активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарт) ұсынылуға тиіс, бұл тіркеуші орган немесе Мемлекеттік корпорация өтініште қамтылған мәліметтерді тексергеннен кейін, тіркелгені туралы белгі қойылып өтініш берушіге қайтарылады.»;
13) 18-баптың 2-тармағында:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Кез келген адамның өтiнiшi бойынша тiркеушi орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу тiзiлiмiнен үзінді көшiрме нысанында ақпарат беруге мiндеттi, ол:»;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) тiркеушi органның уәкілетті лауазымды адамының қолы қойылуға және тiркеушi органның немесе Мемлекеттік корпорацияның мөрiмен куәландырылуға тиiс.»;
14) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«19-бап. Сот шешiмi негiзiнде кепiлдiң тiркелуiн тоқтату
Мүдделi тұлғаның кепiлдi немесе оның тiркелуiн жарамсыз деп тану туралы сот шешiмiнiң негiзiнде кепiлдiң тiркелуiнің күшін жою туралы тiркеушi органға немесе Мемлекеттік корпорацияға өтiнiш беруге құқығы бар.»;
15) 21-бапта:
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Тiркеушi орган немесе Мемлекеттік корпорация:»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тiркеу, ақпарат беру тәртiбiн бұзу, ақпараттың мазмұнын бұрмалау арқылы келтiрiлген залалдарды тiркеушi орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация өтеуге тиiс. Мәлiметтердi қасақана бұрмалау және заң бойынша беруге болатын және берiлуге тиiс ақпаратты жасыруға ықпал жасайтын өзге де әрекеттер заңда белгiленген тәртiппен қудаланады.».
10. «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 16, 220-құжат; 2001 ж., № 23, 318-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат):
16-2-баптың 10-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Құжаттар «электрондық үкімет» веб-порталы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы берілген кезде құжаттар электрондық нысанда ұсынылады.».
11. «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 24, 435-құжат; 2001 ж., № 21-22, 286-құжат; 2003 ж., № 10, 53-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 8, 55-құжат; 2009 ж., № 11-12, 53-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 18) және 19) тармақшалармен толықтырылсын:
«18) архивтік құжаттарды электрондық нысанға аудару - архивтік құжаттардың электрондық көшірмелерін жасау және уәкілетті органмен келісу бойынша ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындаған ақпараттық жүйелерге мәліметтерді көшіру;
19) «электрондық үкiметтiң» сервистік интеграторы - «электрондық үкiметтiң» құрылымын және «электрондық әкімдіктiң» үлгілік құрылымын дамытуды әдіснамалық қамтамасыз ету жөніндегі функциялар, сондай-ақ «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өзге де функциялар жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын заңды тұлға;»;
2) мынадай мазмұндағы 15-1-баппен толықтырылсын:
«15-1-бап. Архивтік құжаттарды электрондық нысанға аудару
1. Мемлекеттік органдар мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін қажетті архивтік құжаттарды электрондық нысанға аударуды тұрақты негізде қамтамасыз етуге міндетті.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген архивтік құжаттарды электрондық нысанға аударуды «электрондық үкiметтiң» сервистік интеграторы жүзеге асырады.
3. Электрондық нысанға аударылған архивтік құжаттарға қол жеткізу мемлекеттік, коммерциялық және өзге де заңмен қорғалатын құпияларды қорғау жөніндегі талаптар сақтала отырып, барлық мүдделі мемлекеттік органдар үшін ашық болып табылады.