12) 16-баптың тақырыбы мен 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«16-бап. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн есептеу үшiн кірісті айқындау»;
«3. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу үшін кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 41 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.»;
13) 17 және 18-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«17-бап. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындауға өтiнiш жасау тәртiбi
1. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтініш зейнетақы төлемдерiн есепке жазу үшiн қажеттi еңбек өтілі мен кірісін растайтын құжаттармен қоса Мемлекеттік корпорацияға берiледi.
2. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындауды мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындайтын орган жүргізеді.
3. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындайтын орган зейнетақылар тағайындау мәселелері бойынша түсіндірме беруге және азаматтарға тиісті құжаттарды ресімдеуде жәрдем көрсетуге міндетті.
18-бап. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін құжаттарды қарау мерзімдері
1. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау мерзімі өтініштің қоса берілген құжаттарымен бірге Мемлекеттік корпорацияда тіркелген күнінен бастап он жұмыс күнінен аспайды.
2. Жасына байланысты зейнетақы төлемдері - жасына байланысты зейнетақы төлемін тағайындауға өтініш жасалған күннен бастап тағайындалады. Өтініш пен қажетті құжаттардың Мемлекеттік корпорацияда тіркелген күні - жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш жасалған күн болып есептеледі.
3. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындаудан бас тартылған жағдайда, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындайтын орган Мемлекеттік корпорация арқылы бас тартудың себептерін жазбаша уәждеуге және өтініш берушіге ұсынылған құжаттарды қайтаруға міндетті.
4. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындайтын органның шешіміне сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.»;
14) 20-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«20-бап. Мемлекеттік корпорацияның зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы құзыреті»;
1-тармақта:
бірінші абзац, 1), 7), 8), 9), 10), 13) және 14) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік корпорация мемлекеттік монополияға жататын қызметтің мынадай түрлерін:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін, жәрдемақы төлемдерін, біржолғы және өзге де төлемдерді ұйымдастыруды және жүзеге асыруды;»;
«7) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды агентке және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға оның өтініші бойынша қайтаруды;
8) Мемлекеттік корпорацияның шотына аударылған және Мемлекеттік корпорациядан агентке қайтарылған мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының сомалары және (немесе) олардың өсімпұлдары бойынша агенттердiң төлем құжаттарының тiзiлiмдерін қалыптастыруды және оларды салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсуiн қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органға ұсынуды;
9) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, жәрдемақыларды, біржолғы және өзге де төлемдерді алушылар істерінің макетін қалыптастыруды;
10) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, зейнетақы төлемдерін, жәрдемақыларды, біржолғы және өзге де төлемдерді алушылардың автоматтандырылған орталықтандырылған дерекқорларын толтыруды және жаңартып отыруды және оларды дербестендiрiлген есепке алуды;»;
«13) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген қызметтік, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, автоматтандырылған орталықтандырылған дерекқорлардың пайдаланушылары болып табылатын орталық атқарушы орган мен оның ведомстволарының, жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің қолжетімділігін ұйымдастыруды;
14) Қазақстан Республикасы заңнамасының зейнетақы жинақтарының құпиялылығын сақтауды қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарын ескере отырып, жеке және заңды тұлғаларға Мемлекеттік корпорацияның қызмет түрлерi бойынша ақпараттық көрсетілетін қызметтерді ұсынуды;»;
мынадай мазмұндағы 16-1), 16-2) және 16-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«16-1) зейнетақы төлемдерін, жәрдемақыларды, біржолғы және өзге де төлемдерді жүзеге асыру үшін қажеттілікті есептеу бойынша болжамды деректерді қалыптастыруды;
16-2) зейнетақы төлемдеріне, жәрдемақыларға, біржолғы және өзге де төлемдерге ай сайынғы қажеттілікті, оларды жүзеге асыру графиктерін қалыптастыруды және бюджет қаражатына қажеттілік туралы өтінімді орталық атқарушы органға жіберуді;
16-3) орталық атқарушы орган мен оның ведомстволарына зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы ақпараттық жүйелерден ақпараттар беруді;»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік корпорация өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын орталық атқарушы органмен және монополияға қарсы органмен келісу бойынша орталық мемлекеттік органдар арасынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уәкілетті орган белгілейді.»;
15) 21 және 22-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«21-бап. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі
1. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі және жасына байланысты зейнетақы төлемдері ағымдағы айға төленеді.
2. Жұмыс істейтін зейнеткерлердің осы Заңның 15-бабының 5-тармағында және 64-бабында көзделген шектеулер мен жағдайларды ескере отырып, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін толық мөлшерде алуға құқығы бар.
3. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі және жасына байланысты зейнетақы төлемдері нотариат куәландырған сенімхат бойынша тағайындалуы және төленуі мүмкін.
4. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібін орталық атқарушы орган айқындайды.
22-бап. Өткен уақыт үшін мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алу
1. Тағайындалған, бірақ алушы талап етпеген мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің және жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің сомалары өткен уақыт үшін, бірақ оларды алуға өтініш жасар алдындағы үш жылдан аспайтын уақыт үшін төленеді.
2. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындайтын органның, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның кінәсінен уақытында алынбаған, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің және жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің сомалары өткен уақыт үшін мерзімдері шектелмей төленеді.»;
16) 24-баптың 7-тармағының бірінші абзацы және 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Ұстап қалған (есебiне жазылған) мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын Мемлекеттік корпорацияға:»;
«6) Мемлекеттік корпорация - әлеуметтiк төлемдер жүзеге асырылатын айдан кейiнгi айдың 15-күнiнен кешiктiрмей;»;
17) 28-баптың 1 және 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Нақты төлем жасалған және қызметкер кіріс алған жағдайда, агент уақтылы ұстап қалмаған (есебіне жазбаған) және (немесе) аудармаған міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомаларын мемлекеттік кіріс органдары өндіріп алады немесе оларды мерзімін өткізіп алған әрбір күнге (Мемлекеттік корпорацияға төлейтін күнді қоса алғанда) уәкілетті орган белгілеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 2,5 еселенген мөлшерінде есебіне жазылған өсімпұлмен бірге, міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының пайдасына, өздерінің пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленетін қызметкерлердің пайдасына агенттер аударуға тиіс.»;
«6. Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының сомаларын осы сомаларды агенттердiң банк шоттарынан есептен шығаратын күнi Мемлекеттік корпорация арқылы аударуға мiндеттi.»;
18) 30-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Заңның 31-бабы 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында аталған адамдардың өзінің таңдауы бойынша зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан белгiленген график бойынша зейнетақы төлемдерi түрiнде және (немесе) сақтандыру ұйымынан зейнетақы аннуитетiнiң шартына сәйкес зейнетақы жинақтары есебiнен сақтандыру төлемдерi түрiнде aлуға құқығы бap.»;
3-тармақ алып тасталсын;
19) 31-баптың 1-тармағы 2) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«әйелдер 50 жасқа толғанда;»;
20) 34-баптың 9-тармағының 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«15) Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы айқындайтын тәртіппен салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттары туралы Мемлекеттік корпорациямен ақпарат алмасуды жүзеге асыруға;»;
21) 37-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Салымшының жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтініші негізінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жөніндегі мәліметтерді міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне енгізу үшін Мемлекеттік корпорацияға электрондық хабарлама жібереді.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының Мемлекеттік корпорациядан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жөніндегі мәліметтерді міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне енгізілгені туралы электрондық хабарламаны алған күннен бастап, салымшы міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылған болып есептеледі.»;
22) 39-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Агенттердің Мемлекеттік корпорациядан қызметкердің жеке зейнетақы шотының бар екендігі туралы растаманы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен алуға құқығы бар.»;
23) 50-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Салымшының (алушының), Мемлекеттік корпорацияның, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, кастодиан-банктің және инвестициялық портфельді басқарушының борыштары бойынша міндетті зейнетақы жарналарына, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарына, өсімпұлдарға, зейнетақы активтері мен зейнетақы жинақтарына тыйым салуға немесе өндіріп алуды қолдануға, оның ішінде санамаланған субъектілер таратылған және (немесе) банкрот болған жағдайларда, жол берілмейді.»;
24) 57-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары және Мемлекеттік корпорация зейнетақы жинақтарының құпиялылығына кепiлдiк бередi.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының, Мемлекеттік корпорацияның лауазымды адамдары, қызметкерлерi және өздерінің қызметтік және функционалдық мiндеттерiн жүзеге асыруға байланысты зейнетақы жинақтарының құпиясын құрайтын мәлiметтерге қолжетімділік алған өзге де адамдар, осы баптың 3-5-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, зейнетақы жинақтарының құпиясын құрайтын мәлiметтердi жария етуге құқылы емес және оларды жария еткені үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.»;
4-тармақта:
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) Мемлекеттік корпорацияға - салымшылардың (алушылардың) мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша дерекқорын қалыптастыру және алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты алу кезіндегі инфляция деңгейі ескеріле отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сақталуын есептеу үшiн, сондай-ақ салымшының (алушының) өтініші негізінде не оның өкілінің нотариат куәландырған сенімхаты бойынша немесе соттың шешімі бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету үшін;»;
11) тармақшадағы «аудиторлық ұйымдарға;» деген сөздер «аудиторлық ұйымдарға берілуі мүмкін.» деген сөздермен ауыстырылып, 12) тармақша алып тасталсын;
25) 59-баптың 4-тармағындағы «Орталыққа» деген сөз «Мемлекеттік корпорацияға» деген сөздермен ауыстырылсын;
26) 64-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік органдардың және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлерiне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған, қызметтен шығарылған күні еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің тағайындалуына құқығы болмаған адамдарға, жасына байланысты зейнетақы төлемдерi осы Заңға сәйкес тағайындалады.»;
27) 71-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Заңның 11-бабында белгiленген жағдайлар болған кезде мүгедектiгi бойынша жәрдемақы азаматтың қалауы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жасына байланысты зейнетақы төлемдерiмен ауыстырылуы мүмкiн.».
28. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 27-1) тармақшамен толықтырылсын:
«27-1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;»;
2) 20-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) рұқсат беру органдарының және хабарламалар қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің лицензиялауды және рұқсат беру рәсімдерін немесе хабарламалар қабылдауды жүзеге асыру мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға;»;
3) 21-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) мемлекеттік органдарға және Мемлекеттік корпорацияға лицензиялауды және рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру үшін, оның ішінде ақпараттық жүйелер арқылы жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды және (немесе) ақпаратты ұсынуға;»;
4) 25-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Рұқсатты және (немесе) оған қосымшаны беру үшін тиісті рұқсат беру органына немесе Мемлекеттік корпорацияға ұсынылған барлық құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесі көрсетілген органның құжаттарды қабылдаған күні туралы белгімен өтініш берушіге жіберіледі (тапсырылады). Бұл ретте тізімдемені өтініш беруші жасайды.»;
5) 26-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Рұқсат беру органы рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны бес жұмыс күні өткеннен кейін бермеген жағдайда, рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша алынды деп есептеледі. Мұндай жағдайда, рұқсат алынғанға дейін рұқсат беру органы немесе Мемлекеттік корпорация өтінішті қабылдау кезінде берген рұқсат алуға арналған тиісті өтініштің қабылданғанын растайтын құжат - осы Заңда рұқсат беру тәртібі белгіленген қызметті немесе әрекетті (операцияны) жүзеге асырудың заңдылығын растау болып табылады.»;
6) 34-баптың 8-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін тиісті лицензиарға немесе Мемлекеттік корпорацияға ұсынылған барлық құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесі көрсетілген органның құжаттарды қабылдаған күні туралы белгі қойылып, өтініш берушіге жіберіледі (тапсырылады). Бұл ретте тізімдемені өтініш беруші жасайды.»;
7) 48-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қаржы саласындағы және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметке берілетін рұқсаттарды қоспағанда, Мемлекеттік корпорация арқылы рұқсат алу үшін өтініш беруші орналасқан жеріне қарамастан Мемлекеттік корпорацияға өтініш жасауға құқылы.
3. Өтініш беруші Мемлекеттік корпорация арқылы рұқсат беру рәсімінен өту үшін өтініш жасаған жағдайда - Мемлекеттік корпорацияның қызметкері электрондық өтінішті немесе өзге де осыған ұқсас құжатты өзінің қызмет бабында пайдалану үшін берілген электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырады. Мұндай куәландыру өтініш берушінің жазбаша келісімі негізінде жүзеге асырылады.».
29. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 15, 78-құжат):
1) 1-бапта:
5-тармақтың 47) тармақшасының үшінші абзацындағы «халыққа қызмет көрсету орталығы» деген сөздер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» деген сөздермен ауыстырылсын;
19-тармақта:
2) тармақшаның он жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі жасына байланысты және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін, сондай-ақ мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны алуына қарамастан беріледі.»;
5) тармақшаның он бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен Мемлекеттік корпорация арасындағы жеке зейнетақы шоттары, шартты зейнетақы шоттары бойынша қозғалыстар туралы ақпарат алмасу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
12) тармақшаның тоғызыншы және оныншы абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«7) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды агентке және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға оның өтініші бойынша қайтаруды;
8) Мемлекеттік корпорацияның шотына аударылған және Мемлекеттік корпорациядан агентке қайтарылған мiндеттi зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының және мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының сомалары бойынша және (немесе) олардың өсімпұлдары бойынша агенттердiң төлем құжаттарының тiзiлiмдерін қалыптастыруды және оларды салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсуiн қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органға ұсынуды;»;
13) тармақшаның жиырма бірінші және жиырма жетінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Ұстап қалған (есебiне жазылған) мiндеттi зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын Мемлекеттік корпорацияға:»;
«6) Мемлекеттік корпорация - әлеуметтiк төлемдер жүзеге асырылатын айдан кейiнгi айдың 15-күнінен кешiктiрмей;»;
15) тармақшаның он алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын агенттер жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары аударылатын жеке тұлғалардың тізімдерін қоса бере отырып, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына Мемлекеттік корпорация арқылы төлейді.»;
17) тармақшаның үшінші және он сегізінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Нақты төлем жасалған және қызметкер кіріс алған жағдайда агент уақтылы ұстап қалмаған (есебіне жазбаған) және (немесе) аудармаған міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомаларын мемлекеттік кіріс органдары өндіріп алады немесе оларды мерзімін өткізіп алған әрбір күнге (Мемлекеттік корпорацияға төлейтін күнді қоса алғанда) уәкілетті орган белгілеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 2,5 еселенген мөлшерінде есебіне жазылған өсімпұлмен бірге, міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының пайдасына, өздері үшін жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленетін қызметкерлердің пайдасына агенттер аударуға тиіс.»;
«6. Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар мiндеттi зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының және мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының сомаларын Мемлекеттік корпорация арқылы агенттердiң банк шоттарынан осы сомаларды есептен шығаратын күнi аударуға мiндеттi.»;
23) тармақшаның он тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«15) Мемлекеттік корпорация мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры арасында жасалған шарттың негізінде жеке зейнетақы шоттары, шартты зейнетақы шоттары бойынша қозғалыстар туралы Мемлекеттік корпорациямен ақпарат алмасуды жүзеге асыруға;»;
26) тармақшаның жиырма төртінші және отызыншы абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры осы баптың 5-тармағының бірінші бөлігінде көзделген мәліметтер негізінде, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында атына шартты зейнетақы шоттары ашылған жеке тұлғалар тізіміне қосу үшін Мемлекеттік корпорацияға жеке тұлғаның атына шартты зейнетақы шотының ашылғаны туралы электрондық хабарлама жібереді.»;
«9. Агенттердің Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жеке зейнетақы шотының, шартты зейнетақы шотының бар екенін растауды Мемлекеттік корпорациядан алуға құқығы бар.»;
28) тармақшаның бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, атына шартты зейнетақы шоты ашылған жеке тұлғаның, Мемлекеттік корпорацияның, кастодиан-банктің және инвестициялық портфельді басқарушының борыштары бойынша жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарына, өсімпұлдарға, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтеріне тыйым салуға немесе оларға өндіріп алуды қолдануға, оның ішінде санамаланған субъектілер таратылған және (немесе) банкрот болған жағдайларда, жол берілмейді.»;
32) тармақшаның төртінші, бесінші және он үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, Мемлекеттік корпорация шартты зейнетақы шоттарының құпия болуына кепiлдiк бередi.
2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, Мемлекеттік корпорацияның лауазымды адамдары, қызметкерлерi және өздерінің қызметтік және функционалдық мiндеттерiн жүзеге асыруына байланысты шартты зейнетақы шоттарының құпиясын құрайтын мәліметтерге қолжетімділік алған өзге де адамдар оларды жария етуге құқылы емес.»;
«6) Мемлекеттік корпорацияға - жұмыс беруші бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жеке тұлғалардың дерекқорын қалыптастыру үшін;»;
2) 2-бапта:
1) тармақшаның алтыншы абзацындағы «Орталықтан» деген сөз «жасына байланысты» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы «Орталыққа», «Орталықтың», «Орталықтан» деген сөздер тиісінше «Мемлекеттік корпорацияға», «Мемлекеттік корпорацияның», «Мемлекеттік корпорациядан» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң 2016 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2015 жылғы қарашаның 17-і.
№ 408-V