4. Мемлекеттік архивтің немесе ведомстволық архивтің уәкілетті қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған архивтік құжаттың электрондық көшірмесі архивтік құжаттың бастапқы түпнұсқасына тең болып табылады.».
12. «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 5 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 8, 238-құжат; № 23, 925-құжат; 2000 ж., № 23, 411-құжат; 2001 ж., № 2, 14-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2004 ж., № 24, 157-құжат; 2005 ж., № 23, 98-құжат; 2006 ж., № 12, 69-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 23, 111-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; 2014 ж., № 6, 28-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат):
1) 1-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға.»;
2) мынадай мазмұндағы 3-1 және 3-2-баптармен толықтырылсын:
«3-1-бап. Орталық атқарушы органның құзыреті
Орталық атқарушы орган:
1) жәрдемақылар тағайындау, төлеу тәртібін және оларды тағайындау үшін қажетті құжаттар тізбесін айқындайды;
2) қаржылық және өзге де есептіліктің тізбесін, нысандарын және Мемлекеттік корпорацияның оларды ұсыну мерзімдерін айқындайды;
3) құзыреті шегінде Мемлекеттік корпорация қызметін тексеруді жүзеге асырады;
4) жәрдемақылар алуға құқығы бар азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ақпараттық жүйелерді қолдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
5) жәрдемақылар алуға құқығы бар азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ақпараттық жүйелер мен дерекқорларға қол жеткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
3-2-бап. Мемлекеттік корпорацияның құзыреті
Мемлекеттік корпорация:
1) уәкілетті мемлекеттік органға беру үшін құжаттарды қабылдауды және жинақталуын тексеруді жүзеге асырады;
2) құжаттарды қабылдау, жәрдемақыларды тағайындау, тоқтата тұру, тоқтату, қайта бастау және қайта есептеу істерінің макеттерін қалыптастыру мәселелері бойынша уәкілетті мемлекеттік органмен өзара іс-қимыл жасайды;
3) алушыларға жәрдемақылардың уақтылы төленуін қамтамасыз етеді;
4) ақпараттық жүйелерді жүргізуді және жаңартып отыруды жүзеге асырады;
5) жәрдемақылар төлеуге қажеттілікті есептеу бойынша болжамды деректерді қалыптастырады;
6) жәрдемақы төлемдеріне ай сайынғы қажеттілікті және оны төлеу графиктерін қалыптастырады және жәрдемақылар төлеуге қаражат қажеттілігі туралы өтінімдерді орталық атқарушы органға жібереді;
7) жәрдемақылар алуға құқығы бар азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ақпараттық жүйелерден алынған ақпаратты уәкілетті мемлекеттік орган мен орталық атқарушы органға береді.»;
3) 5-баптың 2 және 2-2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Заңның 4-бабында аталған адамдар жәрдемақы тағайындау үшін тізбесін орталық атқарушы орган айқындайтын құжаттарды қоса бере отырып, Мемлекеттік корпорацияға жүгінеді.»;
«2-2. Жәрдемақыларды тағайындау мерзімі өтінішті барлық қажетті құжаттарымен қоса Мемлекеттік корпорацияда тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күнінен аспайды.».
13. «Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 19, 647-құжат; 2002 ж., № 10, 105-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 23, 98-құжат; 2006 ж., № 12, 69-құжат; 2007 ж., № 24, 178-құжат; 2014 ж., № 6, 28-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат):
1) 1-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға.»;
2) 5-бапта:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тізбесін орталық атқарушы орган айқындайтын құжаттарды қоса бере отырып, жәрдемақы тағайындау туралы өтінішті жәрдемақы алуға құқығы бар адам Мемлекеттік корпорацияға береді.
3. Жәрдемақылар тағайындау мерзімі өтініш барлық қажетті құжаттарымен қоса Мемлекеттік корпорацияда тіркелген күннен бастап сегіз жұмыс күнінен аспайды.»;
4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Өтініштің барлық қажетті құжаттарымен қоса Мемлекеттік корпорацияда тіркелген күні жәрдемақылар тағайындау үшін өтініш жасалған күн болып есептеледі.»;
3) 6-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жәрдемақы алушыға зейнеткерлік жасқа толған кезде осы Заңға сәйкес жәрдемақы алу немесе Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау арасында таңдау жасау құқығы беріледі.»;
4) 7-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жәрдемақылар төлеу Мемлекеттік корпорация арқылы алушылардың банк шоттарына ағымдағы ай үшін жүргізіледі. Жәрдемақы алушы қайтыс болған жағдайда, жәрдемақы қайтыс болған айына қоса төленеді.».
14. «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 20, 379-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат; 2007 ж., № 12, 86-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 24, 144-құжат):
13-бап мынадай мазмұндағы 5 және 6-тармақтармен толықтырылсын:
«5. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларға жататын мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелерді қоспағанда, мемлекеттік органдар ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде ақпараттық жүйелерді интеграциялауды жүргізеді.
6. Мемлекеттік органдар мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру және мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде қағаз жеткізгіштегі құжаттарды пайдалануды және оларды ұсыну бойынша талаптарды қысқарту (болғызбау) жөніндегі шаралар қабылдайды.
Әкімшілік рәсімдерді орындау процесінде қағаз жеткізгіштегі құжаттар пайдаланылған жағдайда, мемлекеттік органдар қағаз жеткізгіштегі құжаттарды электрондық құжаттар нысанына аудару жөніндегі шаралар қабылдайды.».
15. «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» 2000 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 20, 381-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 3, 19-құжат; № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 23, 97-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат):
1) 2-бап мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:
«16-1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;»;
2) 6-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«6-1-бап. Мемлекеттік корпорацияның салық салу объектілерінің құнын айқындау саласындағы қызметі
1. Салық салу объектілерінің (тұрғынжайдың, саяжай құрылысының, аяқталмаған құрылыс объектісінің, салқын жапсаржайдың, шаруашылық (қызметтік) құрылыстың, ірге қабаттың, тұрғынжай жертөлесінің, гараждың) құнын айқындау жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны Мемлекеттік корпорация Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік корпорация өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын уәкілетті органмен және монополияға қарсы органмен келісу бойынша орталық мемлекеттік органдар арасынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уәкілетті орган белгілейді.».
16. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 247-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 23, 117-құжат; 2011 ж., № 10, 86-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 10, 50-құжат):
1) 3-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Адам (бұдан әрі - өтініш беруші) атаулы әлеуметтік көмек тағайындалуы үшін өз атынан немесе отбасы атынан белгіленген үлгідегі өтінішпен және тізбесін орталық атқарушы орган айқындайтын құжаттарды қоса бере отырып, тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына, ал ауылдық жерлерде - кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне де өтініш жасайды.»;
2) 4-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Уәкілетті орган, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімі құжаттарды тіркейді және өтініш берушіге құжаттарды қабылдағаны туралы растама береді.»;
3) 7-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу орталық атқарушы орган айқындайтын тәртіппен, осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Атаулы әлеуметтік көмекті көрсету кезінде ақпараттық жүйелерді қолдау және ақпараттық жүйелер мен дерекқорларды пайдалануға қол жеткізу қағидаларын орталық атқарушы орган әзірлейді және бекітеді.».
17. «Әділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 6, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 18, 143-құжат; 2008 ж., № 10-11, 39-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 15-16, 75-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 128-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 24, 145, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 23, 143-құжат):
1) 3-бапта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлікке құқықтарды, орталық мемлекеттiк органдардың және ведомстволардың, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк есепке алуды қамтамасыз ету;»;
мынадай мазмұндағы 3-2) тармақшамен толықтырылсын:
«3-2) жылжымалы мүлік кепілін тіркеу, жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау және жылжымалы мүлік кепілінің тізілімін жүргізу саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;»;
2) 18-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу, құқықтық кадастрды жүргiзу.».
18. «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 15, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 123-құжат; № 23, 143-құжат):
13-1-баптың 7-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Құжаттар «электрондық үкіметтің» веб-порталы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы берілген кезде құжаттар электрондық нысанда ұсынылады.».
19. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 9, 41-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 9-10, 50-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 15-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 1, 4-құжаттар; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат):
1) 1-бапта:
5) және 10) тармақшалар алып тасталсын;
11) тармақшадағы «әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган» деген сөздер «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» деген сөздермен ауыстырылсын;
14-1) тармақшадағы «әлеуметтік төлемдер тағайындау» деген сөздер «міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы бақылау» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) тармақшадағы «әлеуметтiк аударымдарды шоғырландыруды және мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы болған асыраушысынан айырылған жағдайда, оның асырауындағы отбасы мүшелерiн қоса алғанда, оған қатысты әлеуметтiк қатер жағдайы басталған мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыларға төлемдер жүргiзетiн» деген сөздер «міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы - асыраушысынан айырылған жағдайда, асырауындағы отбасы мүшелерін қоса алғанда, өздеріне қатысты әлеуметтік тәуекел жағдайы төнген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушыларына әлеуметтік аударымдарды шоғырландыруды, әлеуметтік төлемдерді тағайындауды және жүзеге асыруды жүргізетін» деген сөздермен ауыстырылсын;
19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«19) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар - төлеушi; өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы; алушы; «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы; Қор; Қазақстан Республикасының Үкiмeтi; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi; өзге де уәкiлеттi органдар;»;
мынадай мазмұндағы 20-1) және 24) тармақшалармен толықтырылсын:
«20-1) міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы бақылау жөніндегі уәкілетті орган - халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыратын мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі;»;
«24) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға.»;
2) 8 және 9-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«8-бап. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға жататын адамдар
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында көзделген жасқа толған адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасының аумағында кіріс әкелетін қызметтi жүзеге асыратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қоса алғанда, қызметкерлер, өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адамдар мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға жатады.»;
«9-бап. Міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы бақылау жөніндегі уәкілетті органның құзыреті
Міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы бақылау жөніндегі уәкілетті орган:
1) еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілейді;
2) Қордың әлеуметтік төлемдерді уақтылы және дұрыс тағайындауын бақылауды қамтамасыз етеді;
3) Мемлекеттік корпорацияның алушыға әлеуметтік төлемдерді уақтылы және толық аударуын бақылауды қамтамасыз етеді;
4) Қордың әлеуметтік төлемдерді тағайындауы, тағайындаудан бас тартуы, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның әлеуметтік төлемдерді уақтылы және толық аударуы мәселелері бойынша міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың шағымдарын қарайды.»;
3) 10-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«10-бап. Мемлекеттік корпорацияның құқықтары мен міндеттері»;
1-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік корпорацияның:»;
1) тармақшадағы «әлеуметтiк төлемдердi тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органға» деген сөздер «Қорға» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) тармақша алып тасталсын;
2-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік корпорация:»;
1) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жеке сәйкестендiру нөмiрi негiзiнде әлеуметтiк аударымдар мен әлеуметтiк төлемдердi есепке алуды жүзеге асыруға және мемлекеттік кіріс органдарымен бiрге әлеуметтiк аударымдардың түсiмін салыстырып-тексеруді жүргiзуге;»;
«3) артық төленген сомаларды Мемлекеттік корпорация арқылы қайтару қажет болған жағдайда, бұл туралы алушыға хабарлауға;»;
6) тармақшадағы «әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органға» деген сөздер «Қорға» деген сөзбен ауыстырылсын;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) артық төленген әлеуметтiк аударымдар сомаларын осы қаражат Қордан Мемлекеттік корпорацияның шотына аударылған кезден бастап банктiк үш күн iшiнде төлеушiлерге аударуды жүзеге асыруға;»;
10) тармақшадағы «әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөнiндегi» деген сөздер алып тасталсын;
4) 10-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«10-1-бап. Мемлекеттік корпорацияның міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы құзыреті
1. Мемлекеттік корпорация міндетті әлеуметтік сақтандыру саласында мемлекеттік монополияға жататын қызметтің мынадай түрлерін:
1) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың әлеуметтік аударымдары мен әлеуметтiк төлемдерін дербестендірілген есепке алуды және олардың орталықтандырылған дерекқорын қалыптастыруды;
2) Қордың қаражатынан әлеуметтік төлемдерді ұйымдастыруды;
3) міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы ақпараттық жүйелерді жүргізуді және жаңартып отыруды;
4) Қордан төленетін әлеуметтік төлемдерге қажеттілікті есептеу бойынша болжамды деректерді қалыптастыруды;
5) әлеуметтік төлемдерге ай сайынғы қажеттіліктерді, олардың графиктерін қалыптастыруды және Қорға әлеуметтік төлемдерге қаражаттар қажеттілігі туралы өтінім жіберуді;
6) уәкілетті органға және Қорға міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы ақпараттық жүйелерден ақпарат беруді;
7) құжаттар қабылдау, әлеуметтік төлемдерді тағайындау, тоқтата тұру, тоқтату, қайта бастау және қайта есептеу істерінің макеттерін қалыптастыру мәселелері бойынша Қормен өзара іс-қимыл жасауды;
8) әлеуметтiк аударымдар мен әлеуметтiк төлемдердiң жай-күйi мен қозғалысы туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, Мемлекеттік корпорацияның қызмет түрлеріне сәйкес, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға ақпараттық көрсетілетін қызметтер ұсынуды;
9) төлеушiлерден түскен әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтiк аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдарды Қорға аударуды, әлеуметтiк аударымдардың артық (қате) төленген сомаларын және (немесе) олар бойынша өсiмпұлдарды төлеушiлерге қайтаруды жүзеге асыруды;
10) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға төлеушілердің келіп түскен және қайтарылған әлеуметтік аударымдарының тізілімдерін ұсынуды;
11) жеке сәйкестендіру нөмірі жоқ және (немесе) деректемелерінде қателер жіберілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы үшін аударылған әлеуметтік аударымдардың сомаларын төлеушіге қайтаруды жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік корпорация әлеуметтік аударымдарды есепке алу, аудару, қайтару мәселелері бойынша Қормен өзара іс-қимыл жасайды.
3. Мемлекеттік корпорация өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша орталық мемлекеттік органдар арасынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уәкілетті орган белгілейді.»;
5) 11-бапта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) қаржылық және өзге де есептіліктің тізбесін, нысандарын, Қордың және Мемлекеттік корпорацияның оларды ұсыну мерзімдерін айқындайды;»;
мынадай мазмұндағы 12-1), 12-2), 12-3), 12-4) және 12-5) тармақшалармен толықтырылсын:
«12-1) құзыреті шегінде Мемлекеттік корпорация қызметіне тексеруді жүзеге асырады;
12-2) міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы ақпараттық жүйелерді қолдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
12-3) міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы ақпараттық жүйелер мен дерекқорларға қол жеткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
12-4) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларды дербестендірілген есепке алуды және олардың әлеуметтік аударымдары мен әлеуметтiк төлемдерін жүргізу тәртібін айқындайды;
12-5) Мемлекеттік корпорацияның міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы статистикалық және өзге де есептік ақпаратты ұсыну қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
6) 12-бапта:
1-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Мемлекеттік корпорацияға еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда (егер өтініш берген кезде адамның жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі белгіленсе), асыраушысынан айырылған жағдайда, жұмысынан айырылған жағдайда (егер адам жұмыссыз ретінде тіркелсе), жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты, бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланысты кірісінен айырылған жағдайларда әлеуметтік төлем тағайындау туралы өтініш беруге;»;
1-1) тармақша алып тасталсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) төлеушiден, Мемлекеттік корпорациядан және Қордан әлеуметтiк аударымдар мен әлеуметтiк төлемдердi аудару мен есепке жатқызудың толықтығы және уақтылығы туралы, сондай-ақ әлеуметтiк төлемдердi тағайындау және оны алу тәртiбi туралы ақпаратты сұратуға және тегiн алуға;»;
4) тармақшадағы «әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі уәкілетті орган мен» деген сөздер «Қордың және» деген сөздермен ауыстырылсын;