Қазақстан Республикасының
Заңы
Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы
(2023.01.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII Кодексімен 2023 ж. 1 шілдеден бастап күші жойылды
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
3-бап. Қазақстан Республикасының балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы заңнамасы
3-1-бап. Уәкілетті мемлекеттік органның құзыреті
3-2-бап. Мемлекеттік корпорацияның құзыреті
4-бап. Жәрдемақылар алу құқығы
5-бап. Жәрдемақыларды тағайындауға өтініш жасау
6-бап. Жәрдемақыларды тағайындау мен төлеудің тәртібі
7-бап. Бала туғанда берiлетiн жәрдемақыны тағайындау мен төлеу
8-бап. Бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақыны тағайындау мен төлеу
8-1-бап. Көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақыны тағайындау және төлеу
9-бап. Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу
9-1-бап. Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны тағайындау және төлеу
9-2-бап. Алып тасталды
10-бап. Жәрдемақылар мөлшері
11-бап. Жәрдемақыларды төлеуді тоқтату немесе тоқтата тұру
11-1-бап. Жәрдемақыларды алушының өзгеруі
12-бап. Қазақстан Республикасының балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
12-1-бап. Өтпелі ережелер
13-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «ауыл (село), ауылдық (селолық)», «ауылдың (селоның), ауылдық (селолық)» деген сөздер тиісінше «ауыл, ауылдық», «ауылдың, ауылдық» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара);
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «мүгедек баланы», «мүгедек балаларды», «Мүгедек баланы», «мүгедек бала», «мүгедек балаға», «мүгедек балалары» деген сөздер тиісінше «мүгедектігі бар баланы», «мүгедектігі бар балаларды», «Мүгедектігі бар баланы», «мүгедектігі бар бала», «мүгедектігі бар балаға», «мүгедектігі бар балалары» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Осы Заң балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар түрiнде әлеуметтік қолдау көрсетуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi.
2009.02.12. № 211-ІV ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2015.28.10. № 369-V ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.26.12. № 287-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.26.12. № 168-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттік жәрдемақылар (бұдан әрi - жәрдемақылар):
бала тууына байланысты тағайындалатын және төленетін бiржолғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрi - бала туғанда берілетiн жәрдемақы);
бала бір жарым жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты тағайындалатын және төленетiн ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрi - бала күтімi жөнiндегі жәрдемақы);
бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі - көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақы);
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналарға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі - көп балалы анаға берілетін жәрдемақы);
мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі - мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы) түріндегі ақшалай, оның ішінде электрондық ақшамен төленетін төлемдер;
2015.28.10. № 369-V ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда
2) жәрдемақылар тағайындау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері;
3) 2015.28.10. № 369-V ҚР Заңымен алып тасталды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2017.20.06. № 76-VI ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі - уәкілетті мемлекеттік органның медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізетін құрылымдық бөлімшесі;
2017.20.06. № 76-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) отбасы - некеден (ерлі-зайыптылықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысанынан туындайтын және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға септігін тигізуге арналған мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге байланысты адамдар тобы;
5) 2015.28.10. № 369-V ҚР Заңымен алып тасталды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) 2015.28.10. № 369-V ҚР Заңымен алып тасталды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2015.28.10. № 369-V ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) өтiнiш берушi - жәрдемақылар тағайындату үшін өтiнiш беретін адам;
8) 2015.28.10. № 369-V ҚР Заңымен алып тасталды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) уәкілетті мемлекеттік орган - халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2013.08.01. № 64-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 10) тармақша жаңа редакцияда
10) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
11) 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2015.28.10. № 369-V ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.13.05. № 327-VІ Заңымен (2021 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-бап өзгертілді
2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
Осы Заңның күші Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына және қандастарға қолданылады.
Көп балалы анаға берілетін жәрдемақыны тағайындау кезінде Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей жәрдемақы алу құқығын пайдаланады.
3-бап. Қазақстан Республикасының балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 3-1-баппен толықтырылды (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
3-1-бап. Уәкілетті мемлекеттік органның құзыреті
Уәкілетті мемлекеттік орган:
2017.20.06. № 76-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау мен төлеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2) қаржылық және өзге де есептіліктің тізбесін, нысандарын және Мемлекеттік корпорацияның оны ұсыну мерзімдерін айқындайды;
3) құзыреті шегінде Мемлекеттік корпорацияның қызметін тексеруді жүзеге асырады;
4) балалы отбасыларды әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ақпараттық жүйелерді қолдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
5) балалы отбасыларды әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ақпараттық жүйелер мен дерекқорларға қол жеткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 3-2-баппен толықтырылды (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
3-2-бап. Мемлекеттік корпорацияның құзыреті
Мемлекеттік корпорация:
2017.20.06. № 76-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) уәкілетті органға беру үшін құжаттар қабылдауды және олардың жинақталуын тексеруді жүзеге асырады;
2017.20.06. № 76-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) құжаттарды қабылдау, жәрдемақыларды тағайындау, тоқтата тұру, тоқтату, қайта бастау және қайта есептеу істерінің макеттерін қалыптастыру мәселелері бойынша уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасайды;
2017.20.06. № 76-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) жәрдемақылардың, оның ішінде электрондық ақшаның электрондық әмияндарына электрондық ақшамен уақтылы төленуін қамтамасыз етеді;
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) балалы отбасыларды әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ақпараттық жүйелердің деректерін толтыруды және жаңартып отыруды жүзеге асырады;
2017.20.06. № 76-VI ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) жәрдемақыларды төлеуге қажеттілікті есептеу бойынша болжамды деректерді қалыптастырады;
2017.20.06. № 76-VI ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) жәрдемақы төлемдеріне ай сайынғы қажеттілікті және оны төлеу графиктерін қалыптастырады, жәрдемақыларды төлеуге қаражат қажеттілігі туралы өтінімдерді уәкілетті мемлекеттік органға жібереді;
7) балалы отбасыларды әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ақпараттық жүйелерден алынған ақпаратты уәкілетті мемлекеттік органға береді.
2009.02.12. № 211-ІV ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4-бап. Жәрдемақылар алу құқығы
1. Туған, асырап алған, сондай-ақ қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алған балалары бар отбасылардың:
1) бала туғанда берілетін жәрдемақы;
ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
2) мынадай жағдайларда:
бала күтімін жүзеге асыратын адам міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылмайтын;
2008 жылғы 1 қаңтарға дейін туған баланың күтімін жүзеге асыратын адам міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылатын жағдайларда бала күтімі жөніндегі жәрдемақы;
2019.26.12. № 287-VІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1) көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақы;
3) 2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4) тармақша өзгертілді
4) мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы алуға құқығы бар.
5) 2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. 2015.28.10. № 369-V ҚР Заңымен алып тасталды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді); 2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған адамдардың көпбалалы анаға берілетін жәрдемақыны алуға құқығы бар.
ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.02.12. № 211-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-бап өзгертілді; 2013.08.01. № 64-V ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
5-бап. Жәрдемақыларды тағайындауға өтініш жасау
1. Жәрдемақыларды тағайындау үшін өтініш жасау жәрдемақы алу құқығы туындағаннан кейін жүзеге асырылады.
2015.28.10. № 369-V ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.20.06. № 76-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді; 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Жәрдемақы тағайындау туралы өтініш тізбесін уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын құжаттар қоса беріле отырып, осы Заңның 4-бабында көзделген жәрдемақыға құқығы бар отбасының (адамның) тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияға беріледі.
Адамдар жәрдемақылар тағайындау үшін «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы өтініш жасауға құқылы.
Балаға мүгедектік бастапқыда белгіленген кезде өтініш беруші мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы тағайындау үшін тұрғылықты жеріндегі медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесіне өтініш жасауға құқылы.
Жеке өзінің өтініш жасау мүмкіндігі болмаған жағдайда, өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен берілген сенімхат негізінде жәрдемақылар тағайындау туралы өтініш жасауға басқа адамдарға уәкілеттік беруге құқылы.
Жәрдемақы тағайындау туралы өтінішті беру «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес оны проактивті көрсетілетін қызмет арқылы тағайындаған кезде талап етілмейді.
3. 2015.28.10. № 369-V ҚР Заңымен алып тасталды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2015.28.10. № 369-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда; 2019.26.12. № 287-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдар ақпараттық жүйелерде өтініш беруші туралы сұратылып отырған мәліметтердің жоқ екендігін растайтын электрондық құжаттарды ұсынған кезде сұрау салуды жүзеге асырған Мемлекеттік корпорация ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және мерзімдерде ақпараттық жүйелердегі өтініш беруші туралы мәліметтерді сәйкес келтіру үшін құжаттардың түпнұсқаларын ұсыну қажеттігі туралы өтініш берушіні хабардар етеді.
Ақпараттық жүйелер өтініш беруші туралы бұрын болмаған мәліметтердің бар екендігін белгіленген тәртіппен растаған кезде өтініш берушінің тиісті жәрдемақы тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға өтініш жасаған күні бала туғанда берілетін жәрдемақы, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы, көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақы, көпбалалы анаға берілетін жәрдемақы тағайындалған күн деп есептеледі.
2022.26.12. № 168-VІІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Бала туғанда берiлетiн жәрдемақы мен бала күтiмiне байланысты жәрдемақыны тағайындауға өтiнiш жасау мерзiмдерi бала туған күннен бастап он сегіз айдан аспауға тиiс.
6. Өтiнiш берушi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес толық және анық мәлiметтер ұсынуға мiндеттi.
2009.02.12. № 211-ІV ҚР Заңымен 6-бап өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6-бап. Жәрдемақыларды тағайындау мен төлеудің тәртібі
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.20.06. № 76-VI ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Жәрдемақыларды тағайындау мен төлеуді уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен уәкілетті орган жүргізеді.
1-2. 2015.28.10. № 369-V ҚР Заңымен алып тасталды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2013.08.01. № 64-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.28.10. № 369-V ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда; 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Уәкілетті орган өтінішті қажетті құжаттарымен, оның ішінде электрондық құжаттарымен қоса - ол Мемлекеттік корпорацияда тіркелген күннен бастап, ал осы Заңның 5-бабы 4-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайда мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелері өтініш беруші туралы мәліметтерді растаған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде қарайды.
Проактивті көрсетілетін қызмет арқылы жәрдемақылар тағайындалған кезде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес проактивті көрсетілетін қызмет арқылы жәрдемақы тағайындауға өтініш берушінің келісімін алған күн қызмет көрсетуге өтініш жасалған күн және оның Мемлекеттік корпорацияда тіркелген күні болып есептеледі.
Уәкілетті орган өтініш берушіге жәрдемақылар тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту (себептерін көрсетіп) туралы қабылданған шешім туралы жазбаша не Мемлекеттік корпорация арқылы электрондық құжат жіберу арқылы бес жұмыс күнінен кешіктірмей, ал «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы өтініш жасаған кезде бір жұмыс күні ішінде электрондық нысанда хабарлайды.
3. 2015.28.10. № 369-V ҚР Заңымен алып тасталды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Өтiнiш берушiнiң уәкiлеттi органның әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) және шешімдерiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқығы бар.
2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Мемлекеттің толық қамтамасыз етуіндегі балаларға жәрдемақылар тағайындалмайды.
6. Төлемдi тағайындайтын немесе төлеудi жүзеге асыратын органның кiнәсiнен уақтылы алынбаған жәрдемақылар сомалары өткен уақыт үшін мерзiмiне шек қойылмай төленедi.
7-бап. Бала туғанда берiлетiн жәрдемақыны тағайындау мен төлеу
1. Бала туғанда берiлетiн жәрдемақы өтiнiш берген күннен бастап тағайындалады.
2. Екi және одан да көп бала туған кезде бала туғанда берiлетiн жәрдемақы әр балаға тағайындалады және төленедi.
8-бап 2006 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
8-бап. Бала күтiмi жөніндегі жәрдемақыны тағайындау мен төлеу
ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2022.26.12. № 168-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Бала күтiмi жөніндегі жәрдемақы бала туған күннен бастап ол бір жарым жасқа толғанға дейiн тағайындалады.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар болып табылатын және 2008 жылғы 1 қаңтарға дейін туған баланың күтімін жүзеге асыратын адамдарға бала күтімі жөніндегі жәрдемақы баланың туған күнінен бастап 2007 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы мерзімге тағайындалады.
2022.26.12. № 168-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Бір жарым жасқа толмаған екi және одан да көп балаға күтімдi жүзеге асырған жағдайда бала күтiмi жөніндегі жәрдемақы әр балаға тағайындалады және төленедi.
2009.02.12. № 211-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Асырап алған, сондай-ақ қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алған балалары бар отбасыларға бала күтімі жөніндегі жәрдемақы бала асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап немесе қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы шешім қабылданған күннен бастап тағайындалады.
4. Бала күтiмi жөніндегі жәрдемақыны тағайындау кезiнде отбасы құрамындағы ата-анасы өздерiне қатысты ата-аналық құқығынан айрылған балалар есепке алынбайды.
2019.26.12. № 287-VІ ҚР Заңымен 8-1-баппен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
8-1-бап. Көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақыны тағайындау және төлеу
1. Көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақыны тағайындауға өтініш жасау кез келген уақытта қандай да бір мерзіммен шектелмей жүзеге асырылады.
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақыны төлеу барлық растаушы құжаттар болған кезде өтініш жасалған күннен бастап ағымдағы айға және осы жәрдемақы тағайындалған шарттар сақталған кезеңге жүргізіледі. Осы Заңның 11-1-бабына сәйкес жәрдемақы алушы өзгерген жағдайларды қоспағанда, алушы қайтыс болған жағдайда көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақы қайтыс болған айды қоса алғанда, ал жәрдемақы алушы Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұрғылықты тұруға кеткен жағдайда - кеткен айды қоса алғанда төленеді.
3. Көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақы растаушы құжаттарды ұсынбаған немесе анық емес деректері бар құжаттарды ұсынған адамдарға тағайындалмайды.