Әуежайлар қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілері тарапынан осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген талаптарды бұзушылықтар анықталған кезде әуежайлар қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің өзге қызметті жүзеге асыруына тыйым салынады.
4. Егер өтiнiштi қанағаттандыру осы баптың 1-тармағының бірiншi абзацында аталған салдарларға әкеп соғуы мүмкiн болса, сондай-ақ, егер өтiнiш берушi барлық қажеттi құжаттарды табыс етпеген не оларда ұсынылған ақпарат дұрыс болмаған жағдайларда, уәкiлеттi орган оны қабылдамайды.
5. Уәкiлеттi орган өтiнiмдi оны алған күннен бастап отыз күннен кешiктiрмей қарайды және өтiнiш берушiге қабылданған шешiм туралы жазбаша нысанда хабарлайды.
Егер шешiм қабылдау үшiн қосымша ақпарат қажет болған жағдайда, уәкiлеттi орган оны өтiнiш берушiден сұратуға және өтiнiштi алған күннен бастап он бес күннен кешiктiрмей өтiнiштi қарау мерзiмiн ұзарту туралы хабарламамен бірге осындай сауал салу өтiнiш берушiге жiберiлген жағдайда өтiнiштi қарау мерзiмiн отыз күнге ұзартуға құқылы.
6. Өтiнiштi қанағаттандырудан бас тартуға өтiнiш берушi сот тәртібімен шағымдана алады.
ҚР 26.12.02 ж. № 364-II Заңымен 18-2-баппен толықтырылды
18-2-бап. ҚР 09.12.04 ж. № 9-III Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР 26.12.02 ж. № 364-II Заңымен 18-3-баппен толықтырылды; ҚР 09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара) Заңымен; 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 18-3-бап өзгертілді
18-3-бап. Табиғи монополия субъектiсiн қайта ұйымдастыру және тарату
1. Табиғи монополия субъектiсiне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қайта ұйымдастыру және тарату рәсiмдерi қолданылуы мүмкін.
2. Табиғи монополия субъектiсiн - заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тiркеудi, сондай-ақ оның қызметiн тоқтатуды тiркеушi орган уәкiлеттi органмен алдын ала келiсу арқылы ғана жүзеге асырады.
3. Табиғи монополия субъектiсiне ұсынылатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (өндiрiлетiн тауарлар, жұмыстар) үзiлiсiн немесе көлемi едәуiр азайып кетуiн болдырмау мақсатында оңалту рәсiмдерi қолданылуы мүмкiн.
ҚР 26.12.02 ж. № 364-II Заңымен 18-4-баппен толықтырылды; 09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара); 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.05.07. № 166-III (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 316-III (бұр.ред.қара); 2009.04.07. № 166-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 18-4-бап өзгертілді; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 18-4-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2010.15.03. № 255-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.01.02. № 551-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 128-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 18-4-бап өзгертілді
18-4-бап. Табиғи монополия субъектісінің сатып алуды жүзеге асыруының ерекшеліктері
1. Шығындары табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк сметаларды бекіту кезiнде ескерiлетiн қызмет көрсетулердi (тауарларды, жұмыстарды) сатып алу осы баптың 4, 4-1 және 5-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тендер нысанында жүзеге асырылады.
2. Тендердi табиғи монополия субъектiсi:
1) тендер рәсiмдерiн өткізудiң ашықтығы мен жариялылығы;
2) тендерге қатысу үшiн барлық ықтимал берушiлерге тең мүмкiндiктi қамтамасыз ету;
3) ықтимал берушiлер арасында адал бәсекелестік;
4) отандық тауар өндірушілерді және жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерді қолдау принциптерін сақтай отырып өткізіледі.
2-1. Табиғи монополия субъектісі:
электр энергиясы мен қуаттылықтың орталықтандырылған сауда нарығына қол жеткізу жағдайы болмаған кезде тиісті тауар нарығында электр энергиясы тапшы болған;
тұтынушыларға ұсынылатын электр энергиясының көтерме нарығына қатысудың шарттарына табиғи монополиялар субъектісінің сай келмеуі;
электр энергиясын беру және бөлу салаларындағы табиғи монополиялар субъектілерінің шаруашылық мұқтаждарына электр энергиясын сатып алу;
газ тапшы болған кезде оның импортын жүзеге асырушы ұйымнан газ сатып алу;
Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес электр энергиясын сатып алу жағдайларын қоспағанда, стратегиялық тауарларды сатып алуды тiкелей стратегиялық тауар өндiрушiлерден жүзеге асырады.
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Сатып алуды өткізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Бұл тәртіп сатып алуды:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес;
дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп проценті ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама тиесілі табиғи монополия субъектілері жүргізген жағдайларға қолданылмайды.
Жанама тиесілілік табиғи монополия субъектілері акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында келесі ұйым арқылы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі екенін білдіреді.
3-1. Табиғи монополия субъектiсi өзiнiң аффилиирленген тұлғалары үшiн конкурстың бірыңғай ұйымдастырушысы ретiнде өкiлдiк етуге құқылы.
4. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда, табиғи монополия субъектісі екі кезеңдік рәсімдерді, баға ұсыныстары сауалын қолдану арқылы бір көзден, жабық тендерден, тендерден сатып алуды жүзеге асыра алады.
2009.04.07. № 166-IV ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды
4-1. Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымнан электр және (немесе) жылу энергиясын сатып алу Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
5. Табиғи монополия субъектiсi тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi), егер сатып алудың құнмен алынған жылдық көлемi Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген шектi мөлшерден асып кетпесе, тендер өткiзбей сатып алуды жүзеге асыруға құқылы.
5-1. Табиғи монополия субъектiсiнiң екi және одан да көбірек аффилиирленген тұлғаларының, Қазақстан Республикасы Yкіметі белгiлеген жағдайларды қоспағанда, аталған табиғи монополия субъектiсi өткiзетiн тендерге (лотқа) қатысуға құқығы жоқ.
6. Тендерге қатысушының талап етуi бойынша оған тендер нәтижелерi және жеңiмпазды таңдаудың себептерi туралы түбегейлi жазбаша ақпарат берiлуге тиiс.
7. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасын бұза отырып өткiзiлген тендердiң жеңiмпазымен табиғи монополия субъектiсi шарт жасасқанға дейiн оның нәтижесiнiң күшiн жоюға және табиғи монополия субъектiсiн қайта тендер өткізуге мiндеттеуге құқылы.
8. Уәкiлеттi орган табиғи монополия субъектiсiнiң тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекітуге берген өтiнiмiн, ол Қазақстан Республикасы заңдарында белгiленген тендер өткізу туралы талаптарды бұзған жағдайда, қабылдамай тастауға құқылы.
9. Осы бапта көзделген талаптар теңгерiмдеушi электр энергиясын, орталықтандырылған сауда-саттықтардағы, спот рыногындағы электр энергиясын Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес сатып алуды жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектiлерiне, сондай-ақ қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілеріне және өңірлік электр желілері компанияларына қолданылмайды.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 18-5-баппен толықтырылды; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 18-5-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 18-5-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
18-5-бап. Табиғи монополиялар саласындағы және реттелетін нарықтардағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру
1. Табиғи монополиялар саласындағы және реттелетін нарықтардағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
2. Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 18-6-баппен толықтырылды; 2007.12.01. № 224-III ҚР Заңымен 18-6-бап өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
18-6-бап. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 18-7-баппен толықтырылды; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.15.03. № 255-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 18-7-бап өзгертілді
18-7-бап. Табиғи монополия субъектісін және реттелетін нарық субъектісін тексеру нәтижелерi бойынша уәкілетті органның шешімi
Уәкілетті орган табиғи монополия субъектісін немесе реттелетін нарық субъектісін тексеру қорытындылары туралы актісін қарау нәтижелері бойынша:
1) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға негіздердің жоқтығы туралы қорытынды жасайды;
2) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғайды;
3) табиғи монополия субъектісіне немесе реттелетін нарық субъектісіне Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасын бұзушылықтардың анықталған фактілерін жою туралы нұсқама шығарады;
4) материалдарды қылмыстық іс қозғау туралы мәселені қарау үшін құқық қорғау органдарына береді;
5) материалдарды қарау және тиісті шаралар қабылдау үшін өзге де мемлекеттік органдарға береді.
ҚР 26.12.02 ж. № 364-II Заңымен (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара); 2010.15.03. № 255-IV (бұр.ред.қара) Заңдарымен; 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 19-бап өзгертілді
19-бап. Осы Заңды бұзудың салдарлары
1. Осы Заңды бұзған жағдайда табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектiлерi, мемлекеттік органдар, олардың басшылары:
1) осы Заңды бұзуды тоқтатуға және оның салдарларын жоюға;
2) бастапқы жағдайды қалпына келтiруге немесе нұсқамада көрсетiлген өзге iс-әрекеттердi жасауға;
3) келтiрiлген залалды және (немесе) зиянды тiкелей немесе тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) уақытша төмендету арқылы өтеу үшiн шаралар қолдануға;
4) осы Заңға сәйкес келмейтiн актiлердi жоюға немесе өзгертуге мiндеттi.
2. Уәкілетті орган табиғи монополия субъектісіне өзі жүргізген тексерулер материалдарының негізінде, табиғи монополия субъектісінің тарифтік сметаны орындауын талдау және (немесе) табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы туралы ақпаратын талдау нәтижелері бойынша, шешім қабылданған күнгі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ескере отырып, уақытша өтемдік тарифті белгілейді. Табиғи монополия субъектісінің тарифтік сметаны орындауын тексеру, талдау және (немесе) табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы туралы ақпаратына талдау жүргізілген айдан кейінгі екінші айдың бірінші күнінен бастап уақытша өтемдік тарифті енгізу жүзеге асырылады.
Қабылданған шешім туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
ҚР 09.12.04 ж. № 9-III Заңымен 19-1-баппен толықтырылды
19-1 бап. Уәкiлеттi органның ұйғарымдары
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Уәкiлеттi органның ұйғарымдарын табиғи монополиялар, реттелетін нарықтар субъектiлерi, мемлекеттік органдар, олардың басшылары шешiмдерде (ұйғарымдарда) көзделген мерзiмде, бірақ оларды алған күннен бастап отыз күннен кешiктiрмей орындайды.
2. Мемлекеттік органдар осы Заңды бұза отырып қабылданған актiлердi жою немесе өзгерту туралы, не бастапқы жағдайдағы қалпына келтiру жөніндегі ұйғарымдарды орындамаған жағдайда, уәкiлеттi орган осы актiлердi (толық немесе iшiнара) жарамсыз деп тану туралы және (немесе) бастапқы жағдайдағы қалпына келтiруге мәжбүрлеу туралы талап-арызбен сотқа жүгiнуге құқылы.
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Табиғи монополия, реттелетін нарық субъектiсi ұйғарымды орындамаған жағдайда, уәкiлеттi орган табиғи монополия, реттелетін нарық субъектiсiн ұйғарымда көрсетiлген iс-әрекеттердi жасауға мәжбүрлеу туралы талап-арызды сотқа ұсынуға құқылы.
ҚР 26.12.02 ж. № 364-II Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
20-бап. Осы Заңды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
Осы Заңның бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
ҚР 26.12.02 ж. № 364-II Заңымен 21-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР 09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара) Заңымен; 2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 21-бап өзгертілді
21-бап. Табиғи монополия, реттелетін нарық субъектiсiнiң осы Заңды бұзудан келтiрiлген залалды өтеуi
Табиғи монополия, реттелетін нарық субъектiсiнiң осы Заңға қайшы келетiн және басқа жеке немесе заңды тұлғаға залал келтiрген, соның iшiнде тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн көтеру, реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) ұсынуға және оларды орындауға арнап шарттар жасасудан негiзсiз бас тарту жолымен залал келтiрген әрекеттерi (әрекетсiздiгi) Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес табиғи монополия субъектiсiнiң оларды өтеуiне әкеп соғады.
ҚР 26.12.02 ж. № 364-II Заңымен 22-баппен толықтырылды; 2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 22-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
22-бап. Табиғи монополия, реттелетін нарық субъектiсiне уәкiлеттi органның, сондай-ақ оның лауазымды адамдарының заңсыз шешiмдерiмен, әрекеттерiмен (әрекетсiздiгiмен) келтiрiлген залалды өтеу
Егер табиғи монополия, реттелетін нарық субъектiсiне уәкiлеттi органның және оның лауазымды адамдарының заңсыз шешiмдерiмен, сондай-ақ әрекеттерiмен (әрекетсiздiгiмен) залал келтiрiлген жағдайда, ол бұл залалды Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген тәртiппен өтеудi талап етуге құқылы.
2006.05.07. № 166-III ҚР Заңымен 23-баппен толықтырылды; 2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен 23-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 23-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2010.15.03. № 255-IV ҚР Заңымен 23-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
23-бап. Өтпелі ережелер
Реттелетін коммуналдық қызметтер көрсететін табиғи монополиялар субъектілері есепке алу аспаптары жоқ тұтынушыларды жасалған шарттарға сәйкес реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді есепке алу аспаптарымен (суды есепке алатын жеке аспаптармен) 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін қамтамасыз етуге міндетті.
Табиғи монополия субъектілері нормативтен тыс ысырап болған кезде оларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын 2009 жылғы 1 наурызға дейін әзірлеуге міндетті.
Реттелетін коммуналдық қызметтер көрсететін табиғи монополиялар субъектілері және реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді тұтынушылар 2009 жылғы 1 тамызға дейін үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптарын орнатуға міндетті.
Мыналар:
Белгіленген тәртіппен бекітілген инвестициялық бағдарламасы жоқ өңірлік электр желісі компаниялары 2010 жылғы 31 наурызға дейін 2011-2012 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламаның жобасын әзірлеуге және оны бекітуге табыс етуге міндетті;
Тарифтердің шекті деңгейлерін қолданбастан қызметтер көрсететін өңірлік электр желісі компаниялары 2010 жылғы 1 шілдеге дейін 2011-2012 жылдарға арналған тарифтің шекті деңгейін бекітуге арналған өтінімді белгіленген тәртіппен беруге міндетті.
Осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасында, 7-бабының 4), 7-2) және 11) тармақшаларында, 13-бабы 1-тармағының 5-1) және 5-4) тармақшаларында, 14-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында және 18-4-бабының 9-тармағында көзделген, өңірлік электр желісі компанияларына арналған ерекшеліктер салыстырмалы талдау әдісін қолдана отырып тариф қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының