8-1) белгіленген тәртіппен бекітілген инвестициялық бағдарламаларда (жобаларда) көзделген қаражатты мақсатсыз пайдалануға жол беруге;
9) мемлекеттік органдар өздерiнiң құзыретi шегiнде белгiлеген, реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) сапасына қойылатын талаптарға сәйкес келмейтiн реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) ақы талап етуге;
10) мыналар:
тарифтік сметада қамтылатын;
реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтердің есептеу аспаптарын сатып алу мен орнату шығындары және ақы алу тетігі, реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтердің есептеу аспаптарын сатып алу және орнату туралы;
ұсынылатын реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) туралы ақпаратты коммерциялық құпия деп тануға тыйым салынады.
1-1. Осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген шектеулер қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілеріне қолданылмайды.
1-2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген шектеулер әуежайлар қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілеріне қолданылмайды.
2. Осы баптың 1-тармағының 5-1) тармақшасында көзделген шектеулер осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсынатын табиғи монополиялар субъектiлерiне қолданылмайды.
26.12.02 ж. № 364-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 166-III (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 316-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен; 2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-бап өзгертілді
6-бап. Табиғи монополия субъектiсiнiң құқықтары
Табиғи монополия субъектiсiнiң:
1) заңдарға сәйкес тұтынушылар сақтауға мiндеттi техникалық талаптар белгiлеуге;
1-1) барлық тұтынушылар үшiн реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) қолданылуы кезеңiнде уәкiлеттi орган бекiткен тәртiппен төмендетуге;
1-2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен техникалық қызмет көрсетудi жүргiзуге және есептеу аспаптарын тексерудi ұйымдастыруға;
1-3) реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтi (бағаны, алым ставкасын) немесе оның шектi деңгейiн бекітуге арналған өтiнiмдi уәкiлеттi органның қарауына уәкілетті орган белгілеген жағдайларда және тәртіппен ұсынуға;
1-4) реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді есептеу аспаптарын сатып алу мен орнату үшін тұтынушылардан уәкілетті органмен келісілген ақы алуға;
2) уәкiлеттi орган шешiмдер қабылдаған кезде өзiнiң iс-әрекетi мен құқықтық мәртебесi мәселелерiн қозғайтын ұсыныстар енгізуге;
3) уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетiн әрекетiне (әрекетсiздiгiне) сотқа шағымдануға;
4) басқа субъектiлердiң өз iс-әрекетiне, табысына, меншiгiне немесе құқықтық мәртебесiне әсер ететiн әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) уәкiлеттi органға немесе сотқа шағымдануға;
5) заң белгiленген тәртiппен өзiн Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң мемлекеттік тiркелiмiнен шығару туралы уәкiлеттi органға өтiнiш жасауға;
5-1) Қазақстан Республикасының салық заңдары тиiсiнше өзгертiлiп, нәтижесiнде табиғи монополия субъектiсi шығынының құны көбейтiлсе, барлық тұтынушылар үшiн реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсынуға тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен өсiруге;
5-2) шығындарды оңтайландыру немесе реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың неғұрлым тиімді әдістері мен технологияларын қолдану нәтижесінен туындаған, тарифтік сметаға салынған шығындардың түбегейлі пайдаланылмаған бөлігін жаңа өндірістік активтерді жасауға, кеңейтуге, қалпына келтіруге, жаңартуға, қолдауға, реконструкциялауға және қайта жарақтандыруға бағыттауға;
6) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де құқықтарының болуына хақылы.
26.12.02 ж. № 364-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара); 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.14.01 № 120-III (бұр. ред. қара); 2006.05.05 № 139-III (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 166-III (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 316-III (бұр.ред.қара); 2008.29.12. № 116-IV (бұр.ред.қара); 2009.08.06. № 163-IV (бұр. ред. қара); 2010.15.03. № 255-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 7-бап өзгертілді; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.22.06. № 21-V ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.12.06. № 209-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-бап өзгертілді
7-бап. Табиғи монополия субъектiлерiнiң мiндеттерi
Табиғи монополия субъектiсi:
1) уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн шешiмдерiн орындауға;
2) осы бөліктің 2-3) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) уәкілетті орган бекіткен тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) бойынша ұсынуға;
2-1) тұтынушыларға реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) жасағаны үшiн олардан өз кассалары, сондай-ақ банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы төлемдер қабылдауды қамтамасыз етуге мiндеттi. Бұл талап осы Заңның 15-бабының 3-тармағында көрсетiлген табиғи монополиялар субъектiлерiне қолданылмайды;
2-2) реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) тұтынушыларына реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) сапасына қойылатын, мемлекеттік органдар өздерінің құзыреті шегінде белгілеген талаптарға сәйкес жалпыға бірдей қызмет көрсетілуін қамтамасыз етуге;
2-3) уәкілетті орган бекіткен тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейлері бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтер ұсынуға;
3) тәртібі «Магистральдық құбыр туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленетін өнімді магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жеңiлдiктер мен артықшылықтар ескеріле отырып, реттелiп көрсетiлетiн қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жағдайларынан басқа кезде, реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушыларға тең жағдайларды, оның iшiнде уәкілетті орган бекiткен тәртiппен реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұсынуға;
3-1) тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) шектi деңгейi бекітілген жағдайда, барлық тұтынушылар үшiн реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) шектi деңгейiнен аспайтын бірыңғай тарифтер (бағалар, алым ставкалары) деңгейлерi бойынша ұсынуға;
4) өңірлік электр желісі компаниясын қоспағанда, осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгiленген тәртiппен шығындары табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтi (бағаны, алым ставкасын) немесе оның шектi деңгейiн және тарифтiк сметаларды бекіту кезiнде ескерiлетiн қызметтердi (тaуapлapды, жұмыстарды) сатып алуды жүзеге асыруға;
5) уәкiлеттi органның талап етуi бойынша қаржы есептiлiгi мен өзге де қажеттi ақпаратты уәкiлеттi орган белгілеген, табиғи монополия субъектісі тиісті талапты алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кем болмайтын мерзімде қағазға түсiрiлген және (немесе) электрондық жеткiзгiштер түрiнде беруге;
6) қоғамдық, экологиялық қауiпсiздiк және азаматтар денсаулығы үшiн қауiпсiздiк принциптерiн сақтай отырып, табиғи монополияның қызметтер өндiруi мен ұсынуының неғұрлым тиiмдi әдiстерi мен технологияларын таңдап алуға;
7) осы Заңның 15-бабының 3-тармағында көрсетiлген, үш жылда бір рет мiндеттi аудит жүргiзетiн табиғи монополиялар субъектiлерiн қоспағанда, аудиторлық ұйымдардың жыл сайынғы мiндеттi аудит жүргiзуге. Аудиторлық есеп және жылдық қаржы есептiлiгi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен аудиторлық есеп бекітілген кезден бастап күнтізбелік отыз күннен кешiктiрмей, табиғи монополия субъектiсi өзiнiң қызметiн жүзеге асыратын әкiмшiлiк-аумақтық бірлiктiң тиiстi аумағында таратылатын мерзiмдi баспасөз басылымдарында жариялануға тиiс;
7-1) реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбір түрi бойынша және тұтас алғанда уәкiлеттi орган бекiткен тәртiппен өзге де қызмет бойынша кiрiстердiң, шығындар мен қолданысқа енгiзiлген активтердiң бөлек есебiн жүргiзуге;
7-2) өңірлік электр желісі компаниясын, сондай-ақ осы Заңның 6-бабының 5-2) тармағында көзделген, жағдайды қоспағанда, тарифтiк сметаны орындауға;
7-3) уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен тұтынушыларға және өзге де мүдделi тұлғаларға реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жөнiндегi қызметі туралы жыл сайын есеп беруге;
7-4) тариф салыстырмалы талдау әдісін қолдана отырып бекітілген жағдайда тоқсан (жыл) қорытындылары бойынша қызмет туралы ақпаратты есепті тоқсаннан (жылдан) кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмей уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша беруге;
7-5) инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру кезеңінде жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей, уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы туралы ақпарат ұсынуға және осы ақпаратты табиғи монополия субъектісі өз қызметін жүзеге асыратын әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыруға;
8) уәкілетті орган бекiткен үлгi шарттарға сәйкес реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрiне, сондай-ақ реттелiп көрсетiлетiн өзге де қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрiне және (немесе) жиынтығына тұтынушылармен жеке шарттар жасасуға;
8-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен ынтымақтастықтың үлгі шарттарына сәйкес кондоминиум объектісін басқару органымен оларға реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) әрбір түріне ынтымақтастық шарттарын жасасуға;
9) тұтынушылармен жасалған шарттарға сәйкес реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) есептеу аспаптарын сатып алуға және оларды тұтынушыларға орнатуға;
9-1) есептеу аспабы iстен шыққан жағдайда, есептеу аспаптарының орташа айлық көрсеткiштерi бойынша реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшін уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен ақы өндiрiп алуға;
10) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен негiзгi құралдарға қайта бағалау жүргiзудi уәкiлеттi органмен келiсуге;
11) өңірлік электр желісі компаниясын қоспағанда, тарифтік сметаның орындалуы туралы есепті жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей табыс етуге;
12) реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) ұсынуға шарттар жасасу кезiнде тұтынушылар құқықтарының бұзылуына жол бермеуге;
13) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) төмендету туралы оларды қолданысқа енгiзгенге дейiн он күннен кешiктiрмей уәкiлеттi орган мен тұтынушыларды хабардар етуге;
14) 2006.14.01 № 120-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
14-1) тарифті, оның шекті деңгейін және инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту үшін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен қаржылық және техникалық сараптама қорытындыларын беруге;
15) Қазақстан Республикасының салық заңдары тиiсiнше өзгертiлiп, соның нәтижесiнде табиғи монополия субъектiсi шығындарының құны азайған жағдайда, барлық тұтынушылар үшiн реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн аталған өзгерістер қолданысқа енгiзiлген күннен бастап уәкiлеттi орган бекiткен тәртiппен төмендетуге;
16) мүлiктi мемлекет меншiгiне беру жағдайларын қоспағанда, өндiрiске және реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсынуға арналған мүлiктi тендер нысанындағы сауда-саттықта иелiктен айыруға;
17) уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетiн қызмет түрлерi бойынша кiрiстердi, шығындар мен тартылған активтердi бөлек есепке алу әдiстемесiн әзiрлеуге әрi келісуге;
18) белгіленген тәртіппен бекітілген инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) орындауға;
19) көрсетілетін қызметтердің көлемі ұлғайған кезде және еңсерілмейтін күштің, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың және технологиялық бұзушылықтардың алдын алуға немесе мемлекеттік органдардың нұсқамаларын орындауға бағытталған жұмыстардың салдарынан шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормалары ұлғайтылатын жағдайларды қоспағанда, уәкілетті орган бекіткен, реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшін тікелей пайдаланатын шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бес проценттен астам көтеруге жол бермеуге;
20) нормативтен тыс ысыраптар болған жағдайда оларды жою жөнінде іс-шаралар жоспарын әзірлеуге және іске асыруға міндетті, бұл ретте іс-шаралар жоспарын іске асыру нәтижесіндегі нормативтен тыс ысыраптарды жою мерзімі бес жылдан аспауға тиіс;
21) нормативтік техникалық ысыраптардың деңгейін уәкілетті орган белгілеген шамаға және мерзімге төмендетуге;
22) нормативтен тыс ысырап болған кезде оларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру туралы есепті жыл сайын 1 желтоқсанға қарай уәкілетті органға табыс етуге міндетті.
Осы баптың бірінші бөлігінің 4), 7-1), 10), 14-1), 17) және 18) тармақшаларында көзделген міндеттер қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілеріне қолданылмайды.
Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 2-3) тармақшасында көзделген мiндет қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектiлерiне, жаңадан құрылған табиғи монополиялар субъектілеріне және өңірлік электр желісі компанияларына қолданылмайды.
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 7-1-баппен толықтырылды; 2011.20.07. № 462-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.09.01. № 533-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-1-бап өзгертілді
7-1-бап. Реттелетін нарықтардағы бағаларды мемлекеттік реттеу
1. Бағаларды мемлекеттік реттеу темір жол көлігі, электр және жылу энергетикасы, мұнай өнімдерін өндіру, мұнайды тасымалдау, азаматтық авиация, порттық қызмет, телекоммуникациялар және пошта байланысы, сондай-ақ «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, газ саласындағы реттелетін нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) қолданылады.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілетті органның ұсынысы бойынша осы баптың 1-тармағында көзделмеген тауар нарықтарында мемлекет реттейтін бағалар қолданылатын өнімдердің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің номенклатурасын белгілейді.
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 7-2-баппен толықтырылды; 2010.15.03. № 255-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-2-бап өзгертілді
7-2-бап. Реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу тәртібі
1. Реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
2. Уәкілетті орган осы Заңның 7-3-бабы 1) тармақшасының екінші абзацында және 2) тармақшасында көзделген жағдайларда реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу тәртібіне сәйкес бағаға сараптама жүргізеді.
Реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу тәртібінің сақталуын бақылау мақсатында, сондай-ақ осы Заңның 7-3-бабы 1) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарында көзделген жағдайларда уәкілетті орган реттелетін нарық субъектілері бағаларының мониторингін жүзеге асырады.
Бағаларға мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша және (немесе) негізсіз баға белгіленгенін көрсететін шағымдардың, ақпараттың, мәліметтердің негізінде, сондай-ақ реттелетін нарық субъектісі осы Заңның 7-3-бабының 3) және 3-1) тармақшаларында белгіленген міндеттерді орындамаған жағдайларда уәкілетті орган реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу тәртібіне сәйкес бағаға сараптама жүргізеді.
2-1. Уәкілетті орган шекті бағада ескерілген инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы туралы тоқсан сайынғы ақпаратты қарайды және ол жыл қорытындысы бойынша орындалмаған жағдайда реттелетін нарық субъектісіне алынған және шекті бағада ескерілген инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыруға пайдаланылмаған табысты қайтару туралы нұсқама енгізеді. Осы тармақта көрсетілген, реттелетін нарық субъектісіне енгізілген нұсқама туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
3. Сараптама нәтижелері бойынша уәкілетті орган босатылатын бағалар туралы хабарламаны немесе ақпаратты немесе реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу тәртібінің сақталуын бақылау шеңберінде берілген ақпаратты алған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, реттелетін нарық субъектісіне:
1) бағаны көтеруге тыйым салу;
2) қолданыстағы немесе жобаланған бағаны реттелетін нарықтардағы баға белгілеу тәртібіне сәйкес негізделген баға деңгейіне дейін төмендету туралы дәлелді қорытынды жібереді.
Уәкілетті орган дәлелді қорытынды шығару үшін негіздер болмаған жағдайда бұл туралы реттелетін нарық субъектісін осы тармақта белгіленген мерзімде хабардар етеді.
Дәлелді қорытынды реттелетін нарық субъектісіне пошта арқылы хабарламамен жіберіледі немесе оның өкіліне апарып беріп, қолын қойғызып табыс етіледі.
Реттелетін нарық субъектісі алған дәлелді қорытындының негізінде уәкілетті органға жіберілген хабарламада көрсетілген күннен не реттелетін нарық субъектісі осы Заңның 7-3-бабы 1-тармағының екінші абзацына сәйкес ақпаратты не реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу тәртібінің сақталуын бақылау шеңберінде берілген ақпаратты табыс еткен жағдайда, уәкілетті орган белгілеген күннен бастап тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) тиісті бағаны белгілейді.
4. Реттелетін нарық субъектісі шекті бағаны көтерместен, уәкілетті органға бағаның төмендеу немесе көтерілу себептерін көрсететін ақпаратты баға төмендеген немесе көтерілген күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей бере отырып, өндірілетін (өткізілетін) тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды дербес төмендетуге және көтеруге құқылы.
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 7-3-баппен толықтырылды; 2010.15.03. № 255-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-3-бап өзгертілді
7-3-бап. Реттелетін нарық субъектілерінің міндеттері
1. Реттелетін нарық субъектілері:
1) уәкілетті органға:
бағаларды мемлекеттік реттеу енгізілген немесе өнімдердің, тауарлардың және көрсетілетін қызметтердің номенклатураға енгізілген күнінен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, баға деңгейін растайтын негіздемелік материалдарды қоса бере отырып, босату бағалары туралы ақпаратты;
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес есепті тоқсаннан кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмей тоқсан сайынғы қаржылық есептілікті;
уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша есепті айдан кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмей өндіру (өткізу) көлемдері, табыстылық деңгейі және өндірілетін (өткізілетін) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) босатылу бағалары туралы ай сайынғы ақпаратты;
оның талап етуімен бағаға сараптама жүргізу үшін қажетті ақпаратты уәкілетті орган белгілеген, реттелетін нарық субъектісі тиісті талапты алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кем болмайтын мерзімде қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде;
осы ақпаратты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ұсынатын реттелетін нарық субъектілерін қоспағанда, шекті бағада ескерілген, кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылатын инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы не орындалмауы туралы тоқсан сайынғы ақпаратты уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырма бесінен кешiктiрмей;
бағаның негізді болуына әсер ететін қажетті ақпаратты беруге;
2) алдағы уақытта тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалардың шекті бағадан жоғары өсетіні және өсу себебін растайтын (реттелетін нарықтарда үстем немесе монополиялы жағдайға ие емес бөлшек сауда нарығы субъектілерін қоспағанда) негіздемелік материалдарды табыс ете отырып, өсу себептері туралы кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын жазбаша түрде уәкілетті органға хабарлауға;
3) реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу тәртібін сақтауға;
3-1) реттелетін нарықтарда баға белгілеу тәртібіне сәйкес шекті бағаларда ескерілген инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) орындауға;
3-2) алынған және шекті бағаларда ескерілген инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) іске асыруға пайдаланылмаған табысты тікелей тұтынушыларға не тұтынушылардың толық тізбесін белгілеу мүмкін болмаған жағдайда, реттелетін нарықтарда баға белгілеу тәртібіне сәйкес алдағы кезеңге шекті бағаның деңгейін төмендету арқылы қайтаруға;
4) шекті бағаны негізсіз көтеру нәтижесінде алынған табысты тікелей тұтынушыларға не тұтынушылардың толық тізбесін белгілеу мүмкін болмаған жағдайда реттелетін нарықтарда баға белгілеу тәртібіне сәйкес алдағы кезеңге шекті бағаның деңгейін төмендету жолымен қайтаруға міндетті.
2010.15.03. № 255-IV ҚР Заңымен 7-4-баппен толықтырылды
7-4-бап. Табиғи монополиялар, реттелетін нарықтар субъектілерінің қаржылық есептілігін, есептерін, хабарламалары мен ақпаратын қабылдау
1. Табиғи монополиялар, реттелетін нарықтар субъектілерінің қаржылық есептілігі, есептері, хабарламалары мен ақпараты уәкілетті органға осы Заңда белгіленген мерзімдерде беріледі.
2. Қаржылық есептілікті, есептерді, хабарламалар мен ақпаратты уәкілетті органға берген күн олардың берілу тәсіліне қарай:
1) келу тәртібімен - уәкілетті органның қабылдау туралы белгі қойған күні;
2) пошта арқылы хабарламасы бар тапсырысты хатпен - пошта немесе өзге де байланыс ұйымының қабылдау туралы белгі қойған күні;
3) электрондық түрде - қабылдау туралы электрондық хабарламада көрсетілген уәкілетті органның қабылдау жүйесінің орталық торабы қабылдаған күн болып табылады.
3. Пошта ұйымына немесе өзге де байланыс ұйымына осы Заңда белгіленген мерзімнің соңғы күнінің жиырма төрт сағатына дейін тапсырылған қағаз жеткізгіштегі қаржылық есептілік, есептер, хабарламалар мен ақпарат пошта немесе өзге де байланыс ұйымының қабылдау уақыты мен күнінің белгісі болған кезде мерзімінде берілді деп есептеледі.
Уәкілетті органға осы Заңда белгіленген мерзімнің соңғы күнінің жиырма төрт сағатына дейін электрондық байланыс арналары арқылы берілген қаржылық есептілік, есептер, хабарламалар мен ақпарат мерзімінде берілді деп есептеледі.
4. Қаржылық есептілік, есептер, хабарламалар мен ақпарат электрондық түрде берілген кезде уәкілетті орган электрондық жүйенің орталық торабы қабылдаған кезден бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей табиғи монополия, реттелетін нарық субъектісіне қабылданғаны туралы электрондық хабарлама жіберуге міндетті.
8-бап. ҚР 26.12.02 ж. № 364-II Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
9-бап. ҚР 26.12.02 ж. № 364-II Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
26.12.02 ж. № 364-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара); 2006.14.01 № 120-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 10-бап өзгертілді
10-бап. Табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушының құқықтары
Табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушы:
1) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен және тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) бойынша сатып алуға, есепке алу аспаптарын орнатуды талап етуге не оларды өздерi сатып алуға және орнатуға;
2) шешiмдерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу, жаңа шешiмдер қабылдау немесе қолданылып жүрген шешiмдердiң күшiн жою туралы уәкiлеттi органға өтiнiш беруге;
3) уәкiлеттi органның әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), сондай-ақ ол қабылдаған шешiмдерге сот тәртібімен шағымдануға;
4) уәкiлеттi органға және (немесе) сот тәртібімен табиғи монополия субъектiсiнiң Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетiн әрекеттерiне шағымдануға;
4-1) жария тыңдауларға қатысуға;
4-2) табиғи монополия субъектісінің қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) сатып алуды жүзеге асыруы жөніндегі тендерлерге қатысуға;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарының болуына хақылы.