жекелеген жерлер комендатураларының (362, 363-баптар);
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi органдарының: әскери полицияның (әскери қызметшiлер мен жиындарға шақырылған әскери мiндеттiлер жасаған құқық бұзушылықтар туралы (461 (3-1-бөлiгi), 463-3 (үшінші бөлігі), 464-1 (бірінші және екінші бөліктері), 465 (екінші бөлігі), 466 (екінші бөлігі), 467, 468 (бірінші және екінші бөліктері), 468-1, 468-2, 469 (екінші және үшінші бөліктері), 471 (бірінші, төртінші - он бірінші бөліктері), 473 (үшінші бөлігі), 474-1, 475 (үшінші бөлігі), 484 (бірінші бөлігі)-баптар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң көлiк құралдарын басқаратын адамдар (әскери қызметшiлер мен жиындарға шақырылған әскери мiндеттiлерден басқа) жасаған барлық жол жүрісі қағидаларын бұзушылықтар туралы);
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери жол полициясының (арнаулы мемлекеттік органдардың көлік құралдарын жүргізуші адамдар жасаған, осы Кодекстің 461 (3-1-бөлігі), 463-3 (бесінші бөлігі), 464-1 (бірінші және екінші бөліктері), 465 (екінші бөлігі), 466 (екінші бөлігі), 467, 468-2, 469, 477 (үшінші бөлігі)-баптарында көзделген құқық бұзушылықтар туралы);
әскери полиция органдарының (388, 389-1, 512-1 - 512-5-баптар);
су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкілетті органның (124 (бірінші бөлігі), 278 (бірінші бөлігі), 356-баптар);
ветеринария саласындағы уәкілетті органның 317-1-бап (ветеринариялық бақылауға жататын тамақ өнімдеріне қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылық бойынша);
орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы органдардың 147-1 (екінші бөлігі), (283 (бірiншi, үшiншi бөлiктерi), 298 (екiншi, 2-1 және үшiншi бөлiктерi), 298-1 (екiншi бөлiгi), 304 (екiншi бөлiгi), 305 (екiншi бөлiгi), 306 (екiншi бөлiгi), 306-2, 356, 357-1-баптар);
қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның (122, 240-2, 246 (екiншi бөлiгi), 283 (бiрiншi бөлiгi) (бұл бұзушылықтар орман қорына кiрмейтiн аумақтарда жасалған кезде), 304 (екiншi бөлiгi), 305 (екiншi бөлiгi), 306 (екiншi бөлiгi), 306-1 (үшiншi бөлiгi), 306-3 (екiншi және үшiншi бөлiктерi), 317-1 (химиялық өнiмге қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылықтар бойынша), 356-баптар);
жер қойнауын зерделеу және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау органдарының (124 (бұл құқық бұзушылықтар санитариялық-гигиеналық ережелер мен нормаларды, сондай-ақ атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі талаптарды бұзу болмаған кезде), 317-1, 356-баптар);
денсаулық сақтау органдарының (87-2, 317-1 (ойыншықтарға, химиялық өнімдерге қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылық бойынша), 322 (үшінші және төртінші бөліктері), 324, 326-328 -баптар);
мәдениет және ақпарат саласындағы уәкілетті органның (81 (бірінші бөлігі), 82, 130-баптар);
туристік қызмет саласындағы уәкілетті органның (158-3, 356, 357-3-баптар);
ойын бизнесі саласындағы уәкілетті органның (168-3, 338 (бірінші бөлігі), 338-1-баптар);
өсiмдiктер карантинi және оларды қорғау жөніндегі органдардың (308, 317-1 (химиялық өнімдерге қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылық бойынша)-баптар);
тұқым шаруашылығы және астық рыногын реттеу саласындағы органдардың, (356 (үшінші бөлігі)-бап);
биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органның (147-10-бап (екінші, алтыншы, жетінші, он үшінші (биоотын өндірісі бөлігінде) бөліктері);
биоотын айналымы саласындағы уәкілетті органның (147-10-бап (төртінші, бесінші, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші (биоотын айналымы бөлігінде), он төртінші бөліктері);
асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның (310-1 (1-1 және екінші бөліктері), 357-1-баптар);
ауыл шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның (317-1 (машиналар мен жабдықтарға, химиялық өнімдерге қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылық бойынша);
мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарының (231 (екінші бөлігі), 232, 233, 235 (екінші бөлігі), 235-1 (төртінші бөлігі), 237, 278 (бірінші бөлігі), 356, 357-1-баптар);
санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының (85 (төртінші және бесінші бөліктері), 140 (екiншi бөлiгi), 161 (төртінші және бесінші бөліктері), 163 (үшінші және төртінші бөліктері), 222 (бірiншi бөлiгi), 231 (екінші бөлігі), 233, 278 (бірiншi бөлiгi), 304 (екiншi бөлiгi), 315, 317-1 (тамақ өнімдеріне, ойыншықтарға, химиялық өнімдерге қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылық бойынша), 323 (екінші бөлігі), 324, 326-328, 356, 362, 494 (екінші бөлігі) - баптар;
ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкілетті органның (317-1 (байланыс құралдарына қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылық бойынша), 356, 357-1, 357-2 (екінші бөлігі), 492 (екінші бөлігі), 494 (екінші бөлігі), 494-1 (үшінші және бесінші бөліктері), 496 (екінші бөлігі) - баптар);
азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның (356, 443 (бесінші бөлігі) және 484 (үшінші бөлігінде, әуе көлігінде бұзушылықтар жасағаны үшін)-баптар);
көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органның (317-1 (машиналар мен жабдықтарға, химиялық өнімдерге қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылық бойынша), 356, 357-1, 442, 445-баптар);
көліктік бақылау органдарының 317-1 (көлік саласындағы техникалық регламенттердің талаптарын бұзушылықтар бойынша), 356, 357-2 (екінші бөлігі), 453 (екінші бөлігі), 454 (бірінші-үшінші бөліктері), 471 (екінші бөлігі), 484 (әуе көлігі кемелеріндегі бұзушылықтарды қоспағанда), 357-1, баптар);
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі органдарының (158 (бұл бұзушылықтарды аудиторлар, аудиторлық ұйымдар жасаса), 168-3, 168-5, 168-8, 175 (екінші бөлігі) (бұл бұзушылықтарды аудиторлық ұйымдар жасаса), 176 (үшінші бөлігі) 177, 177-1, 177-2, 177-3, 177-4, 177-5, 179 (бірінші және екінші бөліктері), 179-1, 183, 184, 184-1 (үшінші және бесінші бөліктерді қоспағанда), 185-баптар);
ішкі бақылау жөніндегі уәкілетті органның (356-бап);
қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның (158, 167-1 (екінші және үшінші бөліктері), 168-1, 168-3, 184, 184-1 (үшінші және жетінші бөліктері), 190, 192, 200, 202, 356-баптар);
акцизделетiн өнiм өндiрудi және оның айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi органдардың (163 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші және он үшінші бөліктері), 213 (төртінші - алтыншы бөліктері), 214, 357-1, 357-2-баптар);
сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің (143-1, 151, 151-1, 206-2, 275-1, 355, 356, 357-3, 514, 514-3, 515, 516, 516-1, 517, 518, 519, 521, 522, 529, 533, 533-1, 534, 535, 537-1-баптар);
мемлекеттік кіріс органдарының (136-3, 140 (екінші бөлігі), 143, 143-1, 143-2, 144-1, 145, 146-1, 151-1, 154, 154-1, 155, 155-2, 156, 157, 158-4, 159 (үшінші және төртінші бөліктері), 162, 163 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші және он үшінші бөліктері), 179 (бірінші және екінші бөліктері) 179-1, 200, 203, 208-1, 209, 213 (төртінші, бесінші және алтыншы бөліктері), 214, 275-1, 306-2, 355, 356, 357-1, 357-2 (екінші бөлігі), 357-5, 374 (бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы бөліктері), 400-1, 400-2, 405 (бірінші бөлігі), 409, 410, 413, 413-1, 413-2, 414, 415, 417, 417-1, 418, 421, 423, 424, 425-1, 426 - 430, 433, 514, 515, 516, 516-1, 517, 518, 519, 521, 522, 529-баптар, сондай-ақ 323 (екінші бөлігінде), 357-1, 461 (3-1-бөлігінде)-баптарда көзделген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша);
әдiлет органдарының (129, 145, 168-3, 175 (екінші бөлігі) (осы бұзушылықтарды жекеше нотариустар жасаған кезде), 353, 354, 354-2, 354-3 356, 357-4, 357-5, 357-6, 376 баптар);
заңдарға сәйкес лицензиарлар болып табылатын органдардың, 140 (екінші бөлігі) 192, 231 (екiншi бөлiгi), 232, 233, 235 (екiншi бөлiгi), 237, 302 (үшiншi бөлiгi), 342 (екiншi бөлiгi), 342-1 (бесінші бөліктің төртінші, бесінші, алтыншы абзацтары), 343 (бірiншi бөлiгi), 356, 356-1, 357-1, 357-2 (екінші бөлігі), 357-3, 357-5, 477 (үшiншi бөлiгi), - баптар);
табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның (147-6 (2-1-бөлiгi) 356-баптар);
кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның (153, 356, 357-3-баптар);
техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы органдар мен олардың аумақтық органдарының (161 (төртінші бөлігі), 317 (екінші және үшінші бөліктері), 317-1, 317-2, 317-4 (екінші және үшінші бөліктері), 338-1 (үшінші, тоғызыншы, оныншы және он екінші бөліктері), 356, 357-1, 496 (екінші бөлігі), 501-баптар);
мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау органдарының (127 (бiрiншi бөлiгi), 147-13, 219-8 (екінші және үшінші бөліктері), 223- 225, 225-1 (электр мен жылу желiлерi жолдарының күзет аймақтарындағы бұзушылықтар бойынша), 356, 357-1-баптар);
индустриялық саясатты реттеу саласындағы уәкілетті органның (317-1-бап (машиналар мен жабдықтар, химия өнімі, ойыншықтар қауіпсіздігі талаптарын бұзушылықтар бойынша);
сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның (158-бап (бұл бұзушылықтарды биржалық брокерлер және (немесе) биржалық дилерлер, сондай-ақ тауар биржалары қызметкерлері жасаса), 168-3-бап);
заңды тұлғаларды, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу, бағалау қызметін реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның (157-1, 158 (Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасын бұзу бөлігінде), 356, 357-1, 357-4, 376-баптар);
мұнай және газ саласындағы уәкілетті органның (147-11 (жетінші және тоғызыншы бөліктері), 147-12, 356, 357-1, 357-2 (екінші бөлігі)-баптар);
атом энергетикасы жөніндегі органдардың (222, 315, 316-баптар, 317-1 (машиналар мен жабдықтарға қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылық бойынша);
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметiнің (298 (екiншi және үшiншi бөлiктерi), 298-1 (екiншi бөлiгi), 303 (екiншi бөлiгi), 304 (екiншi бөлiгi), 305 (екiншi бөлiгi), 306 (екiншi бөлiгi), 355, 388, 390 (екінші бөлігі), 391 (екінші бөлігі), 391-1 (екінші және үшінші бөліктері), 393, 394 (екінші, үшінші және төртінші бөліктері)-баптар);
мемлекеттік құпияларды қорғау органдарының (344-бап (үшiншi бөлiгi) (мемлекеттік құпияларға байланысты құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн), 386-бап (үшiншi бөлiгі);
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (355, 362-1, 388-баптар);
күзету іс-шараларын жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің (135-1, 336, 160, 220, 323 (екінші бөлігі), 330, 331, 332, 333, 336 (1-1, үшінші және төртінші бөліктері), 355, 356-2, 362-1, 368, 369 (екінші бөлігі), 370, 371 (екінші бөлігі), 373, 388, 463 (1-1-бөлігі) 465, 472, 473, 529-баптар);
Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетiнiң және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының (168-5, 168-8, 176 (үшінші бөлігі), 177-3, 177-4, 177-5, 184-1 (бесінші бөлігі), 309-5 (бірінші бөлігі), 356-баптар);
мемлекеттік еңбек инспекциясы органдарының (87 (бесінші және алтыншы бөліктері), 87-2, 317-1 (химиялық өнімдерге қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылық бойынша), 356-баптар);
білім беру саласындағы уәкілетті органның (87-2, 311-1 (жетінші бөлігі) 356, 357-1-баптар);
облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының 81 (екінші және үшінші бөліктері), 127 (екінші бөлігі), 163-6, 237-1, 309-1 (жетiншi, сегiзiншi бөлiктерi), 309-2 (төртінші бөлігі), 309-4 (сегiзiншi, тоғызыншы бөлiктерi), 309-5 (екінші бөлігі), 342, 342-1 (бірінші, үшінші бөлік, бесінші бөліктің екінші, үшінші абзацтары), 343, 357-1, 357-2 (екiншi бөлiгi), 346 - 352, 374-1, 375-баптар);
атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның (175-бап (екінші бөлігі) (осы бұзушылықтарды жеке сот орындаушылары жасаған кезде);
медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау органдарының (85 (төртінші және бесінші бөліктері), 85-1 (екінші бөлігі), 85-2 (екінші бөлігі), 322 (бесінші бөлігі)- баптар);
монополияға қарсы органның (147, 147-1 (екінші бөлігі)-баптар;
діни қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның (375-бап (екінші, алтыншы және тоғызыншы бөліктері (бұл бұзушылықтарды орталық мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары жасаған кезде);
ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті органның (230-1, 230-2-баптар);
облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілiктi атқарушы органдарының (163-6, 226 (бірінші және екінші бөліктері) 349-баптар);
түзеу мекемелерiнің немесе тергеу изоляторларының (367-бап);
пошта байланысы саласындағы уәкілетті органның (168-3-бап) уәкілетті лауазымды адамдарының құқығы бар;
сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның (356-бап);
2) сот төрағасы немесе сот отырысында төрағалық етушi уәкiлдiк берген мемлекеттік сот орындаушылары, сот приставтары және соттардың басқа да қызметкерлерi (513 - 524, 528 - 531-баптар);
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң уәкiлеттi қызметкерлерi (158, 168-3, 179 (бірінші және екінші бөліктері), 179-1, 183, 187, 188 (екiншi бөлiгi), 356, 357-1, 357-5-баптар);
4) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімдері уәкілдік берген лауазымды адамдар (514-2-бап).
2. Осы Кодекстiң 543 - 576-10-баптарында көрсетiлген органдардың қарауына жатқызылған әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша құқық бұзушылық туралы хаттамаларды жасауға осы органдардың оған уәкiлдiк берiлген лауазымды адамдарының құқығы бар. Одан басқа, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаларды жасауға:
көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдарының (175 (екінші бөлігі) (бұл бұзушылықтарды жолаушыларды тасымалдаушылар жасаған кезде), 451 (екінші бөлігі), 452, 453 (екінші және үшінші бөліктері), 454, 455 (үшінші бөлігі), 457, 477 (төртінші бөлігі), 478, 479, 480 (үшінші және төртінші бөліктері), 481 (автомобиль көлігінде және қалалық рельстік көлікте құқық бұзушылықтар жасағаны үшін)-баптарында);
орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органдардың мамандандырылған ұйымдарының лауазымды адамдарының (121, 125, 126, 250, 252, 282 - 298-1, 299, 302 (екiншi және үшiншi бөлiктерi), 304 (бірiншi және екiншi бөлiктерi), 305 (бірiншi және екiншi бөлiктерi), 306 (бірiншi және екiншi бөлiктерi) - баптар);
жануарлар дүниесiн қорғау мәселелерiмен айналысатын аңшылық және балық аулау шаруашылығы қорықшыларының, директорларының (298, 298-1 (бірiншi және екiншi бөлiктерi) - баптар) құқығы бap.
09.08.02 ж. № 346-II; 13.03.03 ж. № 394-II (бұр. ред. қара); 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) 09.07.04 ж. № 583-II 637-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара ); 2007.21.07. № 308- III (бұр.ред.қара); 2007.27.07. № 314-III (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 637-бап өзгертілді; 2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.02.07. № 111-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 126-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 637-бап өзгертілді
637-бап. Прокурордың әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғауы
1. Прокурор осы Кодекстiң 80-87, 89-110-1, 111-2, 111-3, 151, 158-5, 334-1, 342-344, 346-352, 353, 356-1, 356-2, 357-3, 366, 375, 381-1, 388-1, 513, 516-1,521-1, 531, 537-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау жөнiнде қаулы шығарады.
2. Прокурор өзге де әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау жөнiнде қаулы шығаруға құқылы.
3. Прокурордың әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау жөніндегі қаулысында осы Кодекстiң 635-бабында көзделген мәлiметтер болуы тиiс.
ҚР 12.07.01 ж. № 240-II 09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 174-III (бұр.ред.қара ); 2007.09.01. № 213-III; 2008.04.07 № 55-ІV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 638-бап өзгертілді
638-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасау мерзiмдерi
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жасалу фактiсi анықталғаннан кейiн дереу, «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынған монополистiк қызметті жүзеге асыру кезiнде - тергеу немесе тексеру нәтижелерi бойынша тиiстi шешiм қабылданғаннан кейiн, салық салу не бюджет қаражатын пайдалану саласындағы, техникалық реттеу және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық бойынша - тиiстi тексеру аяқталғаннан кейiн, ал осы Кодекстің 710-1-бабында айқындалған тәртіппен айыппұл төленбеген жағдайда осы Кодекстің осы бабында белгіленген мерзім өткеннен кейін жасалады.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың мән-жайларын, өзiне қатысты iс қозғалған жеке тұлға жеке басын немесе заңды тұлға туралы мәлiметтердi және заңды тұлғаның өкiлiнiң жеке басын қосымша анықтау талап етiлген жағдайларда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама көрсетілген деректер анықталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде, ал осы Кодекстiң 168, 168-6, 168-7, 169-баптарында, 172-2-бабының (бірінші және екінші бөліктерінде), 179-бабының (үшінші және төртінші бөліктерінде), 180, 182, 187, 188, 357-2 (бірінші бөлігі), 447, 447-1, 447-2, 447-3, 447-4, 447-5, 463 (бірінші бөлігінде, бұл бұзушылықтар жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзушылық болып табылған кезде, екінші және үшінші, 3-1, 3-2 және 3-3-бөліктерінде) және 467-1-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық бойынша, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі материалдарды аумақтық филиалдарға беру кезінде құқық бұзушылық немесе оны жасаған адам табылған кезден бастап он жұмыс күні ішінде жасалады.
3. Сараптама жүргiзу талап етiлетiн жағдайда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама сараптама қорытындысы алынған сәттен бастап бір тәулiк iшiнде жасалады.
3-1. 240 (бірінші бөлігінде), 250 (бірінші бөлігінде), 261, 265, 304 (екінші бөлігінде)-баптарда көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша қоршаған ортаға келтірілген зиян сомасының мөлшерін белгілеу талап етілген жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама қоршаған ортаға келтірілген зиян сомасының мөлшері белгіленген кезден бастап бір тәулік ішінде жасалады.
4. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көрсетiлген талаптар жеке адамның анықталмауына байланысты атқарылмауы мүмкiн жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама осы бапта белгiленген мерзiмдерде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау фактiсi бойынша жасалады.
5. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдар бойынша дәлелдеме ретінде сертификатталған, арнайы техникалық бақылау-өлшем құралдарының және аспаптарының деректері пайдаланылған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама құқық бұзушы болмағанда да жасалуы мүмкін.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара ); 2007.02.03. № 270-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.04.07. № 55-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 639-бап өзгертілді
639-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалмайтын жағдайлар
1. Ескерту немесе айыппұл түрiнде әкiмшiлiк жаза қолдануға әкеп соғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған кезде, егер айыппұл бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен аспаса және тұлға (жеке тұлға, орган немесе заңды тұлғаны басқару функцияларын жүзеге асыратын тұлға) құқық бұзушылық жасау фактiсiн мойындаса және осы баптың 1-1, 1-2 және екінші бөлiктерінде көзделген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалмайды. Қаржы және сауда саласындағы құқық бұзушылықты қоспағанда, ескерту түрiндегi жазаны соған уәкiлеттiк берiлген лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде ресiмдейдi. Айыппұл түрiнде жаза қолданылған кезде қатаң қаржылық есептiлiк құжаты болып табылатын, белгiленген үлгiдегi квитанция берудi соған уәкiлеттiк берiлген лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде жүзеге асырады.
Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адам ескертудің немесе төлем құжатының екінші данасына қол қою арқылы қолданылған жазаға өзінің келісетінін растайды.
1-1. Осы Кодекстің 539-бабының үшінші бөлігінде, 639-бабының үшінші бөлігінде аталған жағдайларды қоспағанда, жол жүрісі қауіпсіздігі саласында және автомобиль көлігі саласында әкімшілік құқық бұзушылық жасалған кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалмайды.
Айыппұл түріндегі жазаны оған уәкілетті лауазымды адам осы Кодекстің 710-бабында белгіленген тәртіппен қолданады және төлете алады.
Егер әкімшілік құқық бұзушылық автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдарымен және аспаптарымен тіркелсе, айыппұл арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралының немесе аспабының көрсетулері қоса беріліп, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама түрінде рәсімделеді,
бұл туралы көлік құралының меншік иесі (иесі) тиісінше хабардар етіледі.
1-2. Істерді мемлекеттік кіріс органдары қарайтын әкімшілік құқық бұзушылық жасалған кезде, егер тұлға (заңды тұлғаны басқару функцияларын жүзеге асыратын жеке тұлға, орган немесе тұлға) әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісін мойындаған және жаза қолдануға келіскен, сондай-ақ осы Кодекстің 710-1-бабына сәйкес айыппұл төлеген жағдайда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалмайды.
2. Жеке тұлғалар бұзылған құқықтарын қалпына келтiру туралы арыз жазған жағдайда осы Кодекстiң 80-113-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi сот құқық бұзушылық туралы хаттама жасамай-ақ қарайды. Хаттама әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу прокурор қаулысымен қозғалған жағдайларда да және судья (сот) тікелей сот талқылауы барысында осы Кодекстің 541-бабының үшінші бөлігінде көзделген жағдайларда сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісін анықтаған кезде жасалмайды.
3. Егер адам осы баптың бірінші және 1-1-бөліктерінде белгіленген тәртіппен қолданылатын жазаға дау айтса не әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жерде айыппұл төлеуге мүмкіндігі болмаса, осы Кодекстің 618-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары қолданыла отырып, осы Кодекстің 635-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 640-бап өзгертілді
640-бап. Хаттаманы (прокурордың қаулысын) iстi қарау үшiн жiберу
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама (прокурордың қаулысы) қарау үшiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлдiк берiлген судьяға, органға (лауазымды адамға) жасалған кезден бастап үш тәулiк iшiнде жiберiледi.
2. Жасағаны үшiн жауаптылығы әкiмшiлiк қамауға алуды қолдануға әкеп соғуы мүмкiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама (прокурордың қаулысы) ол жасалғаннан кейiн дереу судьяға жiберiледi.
3. Хаттаманы құқығы жоқ адам жасаған, хаттама дұрыс жасалмаған және iстiң басқа материалдары дұрыс ресiмделмеген жағдайларда, сондай-ақ осы Кодекстiң 646-бабының 4) тармақшасында көзделген өзге де жағдайларда хаттаманың және басқа материалдардың кемшiлiктерi оларды әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қараушы судья, орган (лауазымды адам) алған күннен бастап үш тәулiктен аспайтын мерзiмде жойылады. Түзетiлген хаттама және iстiң басқа материалдары оларға енгiзiлген өзгерістерiмен қоса әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қараушы судьяға, органға (лауазымды адамға) кемшiлiктерi жойылған күннен бастап бір тәулiк iшiнде қайта жiберiледi.
641-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi iстi қарауға бергенге дейiн қысқарту
Осы Кодекстiң 580, 581-баптарында көзделген мән-жайлардың тым болмаса біреуi болған жағдайда iстi жүргiзiп жатқан лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қысқарту жөнiнде қаулы шығарады.
38-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау
05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара ) ҚР Заңдарымен; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 642-бап өзгертілді