2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 4-тарау 18-2-баппен толықтырылды
18-2-бап. Сақтандыру агентінің құқықтары мен міндеттері
1. Сақтандыру агенті өз қызметінде:
1) осы Заңның 18 және 18-1-баптарында көзделген шектеулерді ескере отырып, бір немесе бірнеше сақтандыру ұйымдарының атынан және оның тапсырмасы бойынша делдалдық қызметті жүзеге асыруға;
2) сақтандыру ұйымынан лицензиясының бар екендігі және қаржылық есептілік деректері туралы дұрыс ақпарат алуға;
3) сақтандыру бойынша консультативтік қызметті жүзеге асыруға;
4) өзінің делдалдық қызметін қолма-қол ақшасыз төлеммен жүзеге асырғаны үшін сақтандыру ұйымынан сыйақы алуға құқылы.
2. Сақтандыру агенті өз қызметінде:
1) сақтанушыға тапсырма шартын, сондай-ақ:
оның жеке басын куәландыратын;
сақтандыру агенттерінің тізілімінде оның деректерінің бар екендігін растайтын құжаттарды көрсетуге;
2) сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына арналған сақтандыру ұйымы лицензиясының көшірмесін қоса алғанда, өзі сақтандыру агенті болып табылатын сақтандыру ұйымы туралы ақпарат беруге;
3) жасасатын сақтандыру шарты бойынша сақтандыру қағидаларымен сақтанушыны таныстыруға және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 828-бабында көзделген жағдайларда қағидалардың көшірмесін беруге;
4) ақпарат және, бар болса, - жасасатын сақтандыру шарты бойынша барлық қажетті құжаттарды беруге;
5) сақтандыру шартын жасасу кезінде құжаттарды дұрыс және уақтылы ресімдеуді қамтамасыз етуге;
6) делдалдық қызметті жүзеге асыру кезінде алынған ақпараттың жабықтығын қамтамасыз етуге міндетті.
5-тарау. Актуарийлік қызмет және аудит
19-бап. Актуарийлiк қызмет
1. Актуарийлiк қызметтi жүзеге асыруға уәкiлеттi орган берген лицензиясы бар жеке адам актуарий болуға құқылы.
2. Актуарийлiк қызмет осы Заңға және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілеріне сәйкес, сондай-ақ актуарийлiк қызметтi жүзеге асырудың халықаралық принциптерi (стандарттары) ескерiле отырып жүзеге асырылуға тиiс.
3. Актуарийлiк есептеулер мынадай негiздер бойынша:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бастамасы бойынша бастамашылық актуарийлiк есептеулер;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда мiндеттi актуарийлiк есептеулер жүргiзiледi.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Актуарийлiк есептеулер жүргiзу кезiнде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мiндеттi актуарийлiк есептеулер мен қорытындыларды жасау және дайындау үшiн қажеттi, актуарий талап еткен қолда бар құжаттар мен мәлiметтердiң бәрiн беруге мiндеттi.
2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Актуарий өзi жасаған актуарийлiк есептеулер мен қорытындылардың дұрыстығы мен дәлдiгiне Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен жауап бередi.
6. Актуарий, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру резервтерiн қалыптастыру жөніндегі талаптарды сақтамағандығы туралы өзi анықтаған фактiлердi уәкiлеттi органға дереу хабарлауға мiндеттi.
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7. Тәуелсіз актуарий сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарий жүргізген есептердің дұрыстығын тексеру нәтижесін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімде уәкілетті органға жібереді.
ҚР 2005.12.23 № 107-III (бұр. ред. қара); 2006.20.02. № 128-III (бұр. ред. қара ); 2006.05.05. № 139-III (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 164-III (бұр.ред.қара); 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2008.23.10. № 72-IV (бұр. ред. қара) Заңдарымен 20-бап өзгертілді; 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
20-бап. Аудит
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аудитін Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес аудит жүргізуге құқығы бар аудиторлық ұйым жүргізеді.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру холдингі және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйымдар, сондай-ақ сақтандыру тобына кіретін ұйымдар өз қызметiнiң аудитiн қатарынан жетi жылдан астам - бiр аудиторлық ұйымда не қатарынан бес жылдан астам - аудиторлық ұйымда жұмыс iстейтiн аудиторда жүргiзуге құқылы емес.
Осы тармақтың талабы банк конгломератының құрамына кіретін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қолданылмайды.
3. Сақтандыру тобына бас ұйым және Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын оның еншілес ұйымдары ретінде кіретін ұйымдардың аудитін белгілі бір аудиторлық ұйым жүзеге асырады. Сақтандыру тобының құрамына кіретін бас ұйымның және Қазақстан Республикасының резиденттері емес оның еншілес ұйымдарының аудитін, осындай аудит жүргізу олар резидент болып табылатын ел заңнамасының талаптарына қайшы келмейтін жағдайларда, белгілі бір аудиторлық ұйым жүзеге асыруға тиіс.
4-тармақ 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4. Аудиторлық ұйым сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аудитін тәуелсіз актуарийді тарту арқылы жүргізуге құқылы.
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының құрамына кіретін басқа да заңды тұлғалардың қаржылық есептілігінің аудиторлық есебі коммерциялық құпияны құрамайды.
6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз құрылымында қызметі лицензиялауға жатпайтын ішкі аудит қызметі (аудитор) болуы міндетті.
7. Ішкі аудит жүргізу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын ескере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тиісті ішкі құжаттарында айқындалады.
8. Қаржы жылының қорытындылары бойынша аудит жүргізу сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру холдингтері және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйымдар, сақтандыру брокерлері үшін міндетті. Аудиторлық ұйымның жүргізілген аудит туралы есебі мен ұсынымдарының көшірмелерін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру холдингтері, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйымдар мен аудиторлық ұйымдар осы құжаттарды алған күннен бастап немесе оларды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, сақтандыру холдингтеріне және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйымдарға берген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде уәкілетті органға табыс етуге тиіс.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы аудиторлық есептің көшірмесін алғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының капиталында қомақты қатысуы бар басқа заңды тұлғаға табыс етуге міндетті.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру холдингінің шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігін аудиторлық ұйым растауға тиіс.
9. Өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын, Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру холдингі аудиторлық есептің көшірмесін және аудиторлық ұйымның ұсынымдарын өзі осы құжаттарды қазақ немесе орыс тілдерінде алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде уәкілетті органға табыс етеді.
Өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру холдингінің шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігін өзі орналасқан елдегі қаржы ұйымдарына аудит жүргізуге құқылы аудиторлық ұйым растауға тиіс.
10. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру холдингі және сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйым аудиторлық есепте көрсетілген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының қаржылық жағдайына әсер ететін бұзушылықтарды аталған тұлғалар аудиторлық есепті алған күннен бастап үш ай ішінде жоймаған жағдайда, уәкілетті орган бұзушылықтар жойылғанға дейін:
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты осы Заңның 54-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасы негізінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының лицензиясының қолданысын тоқтата тұруға;
сақтандыру холдингіне, сақтандыру холдингінің құрамына кіретін ұйымға қатысты осы Заңның 53-1-бабының 2-тармағында көзделген шараларды қолдануға құқылы.
Осы есепті алған күннен бастап бір жыл ішінде бұзушылықтар жойылмаған жағдайда уәкілетті орган:
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты - осы Заңның 55-бабы 1-тармағының 1) тармақшасы негізінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын лицензиядан айыруға;
сақтандыру холдингіне қатысты - осы Заңның 53-1-бабының 3-тармағында көзделген шараларды қолдануға құқылы.
6-тарау. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын құру
2005.08.07 ж. № 72-IІІ (бұр. ред. қара); 2006.20.02. № 128-III (бұр. ред. қара ); 2006.07.07. № 178-III (бұр. ред. қара); 2008.23.10. № 72-IV (бұр. ред. қара); 2009.13.02. № 135-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 21-бап өзгертілді
21-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының құрылтайшылары мен акционерлерi
1. Жеке және заңды тұлғалар - Қазақстан Республикасының резиденттерi мен резидент еместерi осы Заңда және уәкілетті органның өзге де нормативтiк құқықтық актілерінде көзделген талаптарды ескере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының құрылтайшылары және акционерлерi бола алады.
2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Мемлекет Қазақстан Республикасының Үкіметі және уәкілетті орган арқылы ғана сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшысы және акционерi бола алады.
Ұлттық басқарушы холдингті қоспағанда, жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң немесе орналастырылған акцияларының елу процентiнен астамы мемлекетке тиесiлi ұйымдар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының құрылтайшылары және акционерлерi бола алмайды.
3. 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Тізбесін уәкілетті орган белгілейтін, оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының резиденттері - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының дауыс беретін акцияларын тікелей немесе жанама түрде иелене алмайды және (немесе) пайдалана алмайды және (немесе) оларға билік ете алмайды.
Аталған шектеу рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төменгі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резиденттері емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының еншілес ұйымдары болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қолданылмайды.
Рейтингтік агенттіктердің тізбесі және талап етілетін ең төменгі рейтинг уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
5. Акционерлердің жалпы жиналысына қатысатын акционер (Қазақстан Республикасының резидент банкі болып табылатын акционерді қоспағанда) өтініш табыс етеді, онда, егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында мұндай акционерлердің (қатысушылардың) тіркелген елі туралы ақпарат жоқ болған жағдайда, оның акционерлерінің (қатысушыларының) осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің талаптарын орындауы туралы көрсетеді.
Аталған өтінішті табыс етпеген акционер акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға жіберілмейді.
Өтініште көрсетілген ақпараттың дәйексіз екені анықталған не осы баптың 4-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген талаптарды бұзу анықталған кезде:
1) егер дауыс беретін акциялардың көпшілігі (өтінішті табыс еткен акционердің дауыс беретін акциялары ескерілмей) шешімді жақтап дауыс берсе, онда акционерлердің жалпы жиналысының шешімі осы акционердің дауыстары ескерілмей қабылданған болып есептеледі;
2) егер өтінішті табыс еткен акционердің дауысы шешуші болса, онда бұл мән-жай Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті органның не өзге де мүдделі тұлғалардың талабы бойынша акционерлердің жалпы жиналысының шешімін жарамсыз деп тануға негіз болып табылады.
ҚР 16.05.03 ж. № 416-11 Заңымен; 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара ) 22- бап өзгертілді; ҚР 2006.05.07. № 164-III Заңымен 22-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 22-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
22-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құқықтық мәртебесi
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық ұйым болып табылады және өз қызметiн осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құқықтық мәртебесi заңды тұлғаның әдiлет органдарында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ретiнде мемлекеттік тiркелуiмен және сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензиясының болуымен айқындалады.
23-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өз жарғысында жазылған атауды өз атауы ретiнде пайдаланады.
2. «Жалпы сақтандыру» саласындағы қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының толық атауында мiндеттi түрде «сақтандыру» деген сөз немесе содан туындаған сөз болуға тиiс.
3. «Өмiрдi сақтандыру» саласындағы қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының толық атауында мiндеттi түрде «өмiрдi сақтандыру» деген сөздер немесе содан туындаған сөздер болуға тиiс.
4. Тек қана қайта сақтандыру қызметiн жүзеге асыратын қайта сақтандыру ұйымының толық атауында мiндеттi түрде «қайта сақтандыру» деген сөздер немесе содан туындаған сөз болуға тиiс.
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз атауында «ұлттық», «орталық», «бюджеттік», «республикалық» деген сөздердi пайдалануына тыйым салынады.
6. Атау ретiнде бұрынғы құрылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, оның iшiнде Қазақстан Республикасының резидентi емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының атауындағы белгiлермен бiрдей немесе онымен араластыру дәрежесiне дейiн соған ұқсас сөздердi белгi атауы ретiнде пайдалануға жол берiлмейдi. Мұндай тыйым салу, еншiлес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары негiзгi ұйымның атауын пайдаланған жағдайда қолданылмайды.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ (бұр. ред. қара); 2006.20.02. № 128-III (бұр. ред. қара ); 2006.05.05. № 139-III (бұр. ред. қара); 2008.23.10. № 72-IV (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 24-бап өзгертілді
24-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының органдары
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мiндеттi түрде мынадай алқалық органдар құрады:
1) директорлар кеңесi - басқару органы;
2) басқарма - атқарушы орган;
3) iшкi аудит қызметi - бақылау органы.
«Жалпы сақтандыру» саласында қызметті жүзеге асыратын жаңадан құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уәкілетті органның лицензиясын алған кезден бастап екі жыл ішінде, ал «өмірді сақтандыру» саласында - үш жыл ішінде бір аудиторы болуы мүмкін.
2. Қазақстан Республикасының заңдарында акционерлік қоғамның тек қана директорлар кеңесiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелерге қосымша, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесi аудиторлық ұйымның аудиторлық есебінің, ішкі аудит қызметінің немесе актуарийдiң негiзiнде белгiленген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабiлеттiлiгi жөніндегі заң талаптарының бұзылуына байланысты мәселелердi қарауға құзыреттi.
16.05.03 ж. № 416-11; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07 ж. № 72-IІІ (бұр. ред. қара); 2005.23.12 № 107-III (бұр. ред. қара); 2006.20.02. № 128-III (бұр. ред. қара ) ҚР Заңдарымен 25-бап өзгертілді; 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 25-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
25-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғылық капиталын қалыптастыру
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын қайта ұйымдастыру кезінде оның акцияларына ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, орналастырған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларына ақы тек қана Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ақшамен төленуге тиіс.
2. 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. 2005.12.23 № 107-III ҚР Заңымен алып тасталды ( бұр. ред. қара)
4. Құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғылық капиталының ең аз мөлшерiн оның құрылтайшылары оны мемлекеттік тiркеуден өткiзген кезге дейiн толық төлеуге тиiс.
2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мәмiле нәтижесiнде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабiлетi мәселелерiне қатысты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары бұзылмайтын жағдайда, акционерлерден меншiктi акцияларын сатып алуға құқылы.
6. алып тасталды
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 26-бап өзгертілді; 2005.23.12 № 107-III ҚР Заңымен 26-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара);2007.19.0 2. № 230-III ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен; 2008.23.10. № 72-IV (бұр. ред. қара); 2009.13.02. № 135-IV (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 338-ІV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 26-бап өзгертілді; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 26-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 26-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
26-бап. Сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы
1. Бірде-бір тұлға уәкілетті органның алдын ала жазбаша келісімін алмай дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларының он немесе одан көп пайызын тікелей немесе жанама түрде иелене, пайдалана және (немесе) оларға билік ете алмайды, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қабылдайтын шешімдерге сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларының он немесе одан көп пайызы мөлшерінде бақылау жасай алмайды немесе ықпал ету мүмкіндігі болмайды. Бұл талап мемлекетке немесе ұлттық басқарушы холдингке, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларға қолданылмайды.
Қазақстан Республикасының резиденттері емес заңды тұлғалар рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төмен рейтингі болған кезде сақтандыру холдингі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы мәртебесін иеленуге уәкілетті органның келісімін ала алады. Талап етілетін ең төмен рейтинг және рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған акцияларының он немесе одан көп пайызын тікелей иеленетін немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызымен дауыс беру мүмкіндігі бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы болып табылатын, талап етілетін ең төмен рейтингі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғаның акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иелену (олармен дауыс беру) арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған акцияларының он немесе одан көп пайызын жанама түрде иеленуді немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызымен жанама түрде дауыс беруді көздейтін Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғасы үшін аталған рейтингтің болуы талап етілмейді.
Өзінің орналасқан елінде шоғырландырылған қадағалауға жататын Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымы ғана сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алғандарын шегере отырып) акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызын тікелей иеленетін немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызымен тікелей дауыс беру мүмкіндігі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру холдингі болып табылуы мүмкін.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім беру, келісімді кері қайтарып алу қағидаларын, аталған келісімді алу үшін ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптарды уәкілетті орган айқындайды.
3. Мыналарды:
мемлекетті немесе ұлттық басқарушы холдингті;
сақтандыру холдингін;
жанама түрде иелену сақтандыру холдингі арқылы жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, өзге қаржы ұйымының орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алғандарын шегере отырып) немесе дауыс беретін акцияларының жиырма бестен кем пайызына тікелей немесе жанама түрде иелік ететін жеке тұлға - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушыны қоспағанда, бірде- бір тұлға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алғандарын шегере отырып) немесе дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызына дербес немесе басқа тұлғалармен бірлесіп тікелей немесе жанама түрде иелене алмайды.
Сақтандыру холдингі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушының мәртебесін алу жөніндегі талаптар аталған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы (сақтандыру холдингі) мәртебесі бар басқа қаржы ұйымы акцияларын иелену (дауыс беру, шешімдерді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігінің болуы) арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын жанама түрде иеленуші (дауыс беру, шешімдерді айқындау және (немесе) шарт негізінде немесе қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал етуге мүмкіндігі бар) деп танылатын тұлғаға қолданылмайды.
Сақтандыру холдингі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушының мәртебесін алу жөніндегі талаптар өзінің орналасқан елінде шоғырландырылған қадағалауға жататын және аталған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы (сақтандыру холдингі) мәртебесі бар басқа қаржы ұйымының - Қазақстан Республикасының резидент емесінің акцияларын иелену (дауыс беру, шешімдерді айқындау және (немесе) шарт негізінде немесе өзге де тәсілмен қабылданатын шешімге әсер ету мүмкіндігінің болуы) арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларына жанама түрде иеленуші (дауыс беру, шешімдерді айқындау және (немесе) шарт негізінде немесе өзге де тәсілмен қабылданатын шешімге әсер етуге мүмкіндігі бар) тұлғаға қолданылмайды.
Сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге уәкілетті органның келісім беруі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы үшін айқындалған шарттарда және тәртіппен жүзеге асырылады.
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы болғысы келетін тұлға келісім алу үшін уәкілетті органға осы баптың 6, 7, 8, 9 және 10-тармақтарында айқындалған құжаттар мен мәліметтерді қоса бере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы мәртебесін иелену туралы өтінішті ұсынуға міндетті.
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушылар - жеке тұлғалар өздеріне меншік құқығында тиесілі мүліктің құнынан аспайтын мөлшерде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларына ақы төлейді. Бұл ретте мүліктің құны сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бұрын сатып алған және сатып алатын акцияларының жиынтық құнынан кем болмауға тиіс.
6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін жеке тұлға мынадай құжаттарды:
1) растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, акцияларды сатып алуға пайдаланылатын ақша көздері мен қаражаттардың сипаттамасын қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын, оның ішінде бұрын сатып алынғандарын сатып алу шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді табыс етеді.