84-бап. Ұйымға тіркелу
Осы Заңның 80-бабының 3-тармағында көрсетілген ақпарат берушілер ұйымға тіркелу үшін мынадай құжаттарды:
1) ұйымға тіркеу туралы өтінішті;
2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы;
3) ұйым белгілеген тәртіппен дерекқорға сауал салуды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген лауазымды адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде) туралы ақпаратты табыс етеді.
Қажет кезінде көрсетілген ақпарат аталған адамдардың электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 85-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
85-бап. Ұйымды қайта ұйымдастыру және тарату
Ұйымды қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Ұйымды қайта ұйымдастыру кезінде дерекқор бөліну, бірігу, қосылу, бөлініп шығу немесе қайта құру нәтижесінде құрылған құқық мирасқорына берілуге жатады.
Ұйымды тарату кезінде дерекқор осы Заңның 79-бабының талаптарына сәйкес өтеусіз негізде дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі басқа ұйымға беруге жатады.
Қазақстан Республикасының