Туризм жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 30 қазандағы № 1631 қаулысы
(2014.09.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2014 жылғы 4 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 23.04.03 ж. № 387 Қаулысымен тақырыбында және мәтінде сөздер өзгерді (бұр. ред. қара)
Елдің экономикасындағы туризмнің рөлін арттыру және туризмді дамытуды үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес құрамда Туризм жөніндегі кеңес құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Туризм жөніндегі кеңес туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
ҚР Үкіметінің 19.03.01 ж. № 361; 25.09.01 ж. № 1233; 03.04.02 ж. № 397; 23.04.03 ж. № 387 (бұр. ред. қара);16.10.03 ж. № 1059; 19.02.04 ж. № 194;30.07.04 ж. № 807 (бұр. ред. қара); 2005.28.02. № 173 (бұр. ред. қара); 2007.30.11. № 1155 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен құрам өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.22.07. № 844 Қаулысымен құрам жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.13.11. № 1445 Қаулысымен құрамы өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.29.01. № 55 Қаулысымен құрам жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1371 Қаулысымен құрам өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен құрам жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан РеспубликасыҮкіметінiң
2000 жылғы30 қазандағы
№ 1631қаулысына
қосымша
Туризм жөніндегі кеңес құрамы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі, төраға
Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы, хатшы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің жауапты хатшысы
Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары вице-министрі
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі
Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының орынбасары
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істер агенттігі төрағасының орынбасары
Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Туристік одағының президенті, «Жайық - Орал» экологиялық экспедициясының жетекшісі (келісім бойынша)
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары
Ақмола облысы әкімінің орынбасары
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары
Алматы қаласы әкімінің орынбасары
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары
Алматы облысы әкімінің орынбасары
«Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Қазақстан Туристік қауымдастығының президенті (келісім бойынша)
Қазақстан қонақүйлер және мейрамханалар қауымдастығының президенті (келісім бойынша)
«Табиғат» Қазақстан қауымдастықтары мен кәсіпорындарының экологиялық одағының төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан Ұлттық туристік ұйымдар конфедерациясының президенті, Қазақстан Республикасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының ықпал ету қауымдастығының төрағасы (келісім бойынша)
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті география және табиғат ресурстары факультетінің деканы (келісім бойынша)
Қазақстанда қолөнер және этнотуризмді дамыту орталығының директоры (келісім бойынша)
«Менің елім» ішкі туризмді дамыту қауымдастығының директоры (келісім бойынша)
«Көкше» академиясының өкілі (келісім бойынша)
«Арман-Тур» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісім бойынша)
Дүниежүзілік туристік ұйымы іскерлік кеңесінің мүшесі (келісім бойынша)
«Фирма Саят» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
«KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар бойынша ұлттық агенттік» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
«Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Жеңіл авиация қауымдастығының президенті, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Туризм» мамандығы бойынша республикалық оқу-әдістемелік комиссиясының мүшесі (келісім бойынша)
«Елордалық туризм қауымдастығы Астана, Қазақстан» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша)
«Хан Тәңірі» туристік компаниясының бас директоры» (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2000 жылғы 30 қазандағы
№ 1631 қаулысымен
бекітілген
Туризм жөніндегі кеңес туралы ереже
ҚР Үкіметінің 23.04.03 ж. № 387 қаулысымен ереже өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 23.04.03 ж. № 387 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Туризм жөніндегі кеңес (бұдан әрi - Кеңес) "Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабын iске асыру мақсатында құрылды.
2. Кеңес Қазақстан Республикасының Yкіметі жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
3. Кеңес қызметiнiң басты мақсаты туризмдi дамыту жөнiндегі мәселелер бойынша ұсыныстарды, сондай-ақ елдiң туристiк кешенiн дамытуды жандандыруға бағытталған мемлекеттік органдар қызметiн үйлестiру жөніндегі ұсынымдарды әзiрлеу болып табылады.
ҚР Үкіметінің 23.04.03 ж. № 387 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Кеңес өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, өзге де нормативтiк құқықтық кесімдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
5. Кеңестiң шешiмдерi ұсынымдық сипатта болады.
ҚР Үкіметінің 23.04.03 ж. № 387 қаулысымен 5-1-тармақпен толықтырылды (бұр. ред. қара)
5-1. ҚР Үкіметінің 2013.29.01. № 55 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. Кеңестiң негiзгі міндеттері, функциялары мен құқықтары
ҚР Үкіметінің 23.04.03 ж. № 387 қаулысымен тақырып өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Кеңестiң негізгi мақсаттары мен мiндеттерi:
1) туризм саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыруға министрлiктердiң, ведомстволардың және өзге де ұйымдардың қатысуы жөнiнде ұсынымдарды әзiрлеу;
2) туристiк рынокта қалыптасқан процестердi талдау мен болжау негiзiнде шешiмдер қабылдау және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң туризм саласындағы қызметiнiң негiзгi бағыттарын жүзеге асыру жөнiнде ұсыныстарды әзiрлеу;
3) туристiк қызметi экспорттау және импорттау саласындағы демпингке қарсы саясат жөнiнде ұсыныстарды әзiрлеу;
4) туризмнiң басым түрлерi мен туристiк аймақтарды қалыптастыру және дамыту жөнiнде келісілген ұсыныстарды әзiрлеу;
5) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың туризмнiң қауiпсiздiгi және туристiк лектердi бақылауды қамтамасыз ету бойынша қызметтi үйлестiру жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу болып табылады.
ҚР Үкіметінің 23.04.03 ж. № 387 қаулысымен 6-1-тармақпен толықтырылды
6-1. Кеңестiң функциялары мынадай мәселелер бойынша ұсыныстарды әзiрлеу болып табылады:
1) Қазақстан Республикасында туризмді дамыту 2) экономиканың осы салаларына инвестициялар тарту;
3) Қазақстан Республикасына келудiң қолайлы режимiн қамтамасыз ету және туристердiң шет елдерге шығуы үшiн жағдайлар жасау;
4) республиканың туристік беделiн қалыптастыру;
5) туристiк қызмет саласында мамандар даярлау;
ҚР Үкіметінің 23.04.03 ж. № 387 қаулысымен 7-тармақ толықтырылды (бұр. ред. қара)
7. Негiзгi мiндеттердi және өз функцияларын iске асыру мақсатында Кеңес заңнамада белгiленген тәртiппен:
өз құзыретi шегiнде:
1) туризмдi дамыту мәселелерi жөнiнде мемлекеттік органдардың және өзге де органдардың қызметiн үйлестiру жөнiнде ұсынымдар әзiрлеуге;
2) туристiк ұйымдармен өзара iс-қимыл жасауды жүзеге асыруға;
3) туризм саласындағы заңдық және нормативтiк құқықтық кесiмдер әзiрлеу қажеттiгi туралы ұсыныстар енгізуге;
4) өз функцияларын орындау үшiн қажетті ақпаратты мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан сұратуға және алуға;
5) Кеңестiң құзыретiне жататын қажетті материалдар әзiрлеуге ғалымдар мен жоғары біліктi мамандарды тартуға;
6) орталық және жергіліктi атқарушы органдардың ақпараттық деректер банкiн пайдалануға;
6-1) туристік қызметтердi тұтынушыларды қызметтер көрсетудiң сапасы туралы ақпараттандыру мақсатында оларға бекітілген тәртiп бойынша туристiк ұйымдардың рейтингiн жүргiзедi;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы ережеге сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асыруға құқылы.
3. Кеңес қызметiн ұйымдастыру
ҚР Үкіметінің 2007.30.11. № 1155 қаулысымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Кеңес төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, Кеңес мәжілістерінде төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес Кеңес жүзеге асыратын қызметке, сондай-ақ салааралық, ведомствоаралық үйлестіруге және Кеңес әзірлеген шешімдерге дербес жауап береді. Төраға болмаған уақытта оның функциясын орынбасары орындайды.
ҚР Үкіметінің 23.04.03 ж. № 387 қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады.
Кеңестің жұмыс органы Кеңес жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде Кеңес отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар Кеңес отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні қалғанда хаттама жобасымен қоса Кеңес мүшелеріне жіберілуі тиіс.
ҚР Үкіметінің 23.04.03 ж. № 387 қаулысымен 10-тармақ алып тасталды (бұр. ред. қара)
11. ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
12. Кеңес мәжілісi қажеттілігiне қарай, бiрақ тоқсанына кемiнде бiр рет өткiзiледi.
13. Кеңестiң кезектi мәжілісiнiң күн тәртібін, сондай-ақ оның өткiзiлетiн орны мен уақытын Кеңестiң Төрағасы белгiлейдi.
14. Кеңестiң кезектен тыс мәжілісiн төраға өз бастамасымен, немесе Кеңес мүшелерi жалпы санының кемiнде үштен екi бөлiгінiң өтiнiшi бойынша шақырылады.
15. Кеңестiң мәжілісi оған Кеңес мүшелерiнің жалпы санының кемiнде үштен екi бөлiгi қатысса, өкiлеттi болып саналады.
ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 16-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16. Кеңес отырысы өткізілгеннен кейін Кеңес хатшысы хаттама ресімдейді.
Хатшы Кеңес мүшесі болып табылмайды.
ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 17-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
17. Кеңес шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оларға қатысып отырған Кеңес мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру Кеңес отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі - Нұсқаулық) қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Кеңес мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, оны білдірген жағдайда, ол жазбаша түрде жазылуы және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген Кеңестің есеп-хатына қоса берілуі тиіс.
Кеңес отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтарының негізінде үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, Кеңес хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын Кеңес мүшелеріне келісу үшін жібереді.
Кеңес мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не себептерін негіздей отырып, келіспеу туралы жауап береді.
18. Қазақстан Республикасының Үкіметі шешiм қабылдауға тиiстi мәселелер бойынша ұсыныстар Қазақстан Республикасы Yкіметінiң Регламентiнде белгiленген тәртiппен ресiмделедi және оның мәжілісiне енгiзiледi.
ҚР Үкіметінің 2005.28.02. № 173 Қаулысымен 19-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2007.30.11. № 1155 Қаулысымен 19-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 19-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
19. Дауыс беру парақтарымен қоса, Кеңес материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды Кеңестің жұмыс органы жүзеге асырады.
4. Кеңес қызметiн тоқтату
ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 20-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
20. Кеңес өз қызметін Нұсқаулықта көзделген негіздер бойынша тоқтатады.