Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 ақпандағы № 173 Қаулысы
(2016.23.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 231 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2005 жылғы 28 ақпандағы
№ 173 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 2007.04.04. № 266 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред.қара)
2. ҚР Үкіметінің 2010.30.09. № 992 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3. «Туризм жөнiндегі кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 30 қазандағы № 1631 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., № 44-45, 534-құжат):
1) Туризм жөнiндегі кеңестің құрамына мыналар енгізiлсiн:
Мыңбаев - Қазақстан Республикасы Премьер- Сауат Мұхаметбайұлы Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрi, төраға Исекешев - Қазақстан Республикасының Индустрия Әсет Өрентайұлы және сауда вице-министрi, төрағаның орынбасары Өскенбаев - Қазақстан Республикасы Индустрия және Қайырбек Айтбайұлы сауда министрлігінiң Сауда және туристiк қызметтi реттеу комитетiнiң төрағасы Қайсаров - Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Уәлихан Әбiшұлы Сенаты Әлеуметтiк-мәдени даму комитетiнің хатшысы, Спорттық туризм және туристiк көпсайыс республикалық федерациясы қауымдастығының төрағасы (келісім бойынша) Елеусiзов - Қазақстанның «Табиғат» қауымдастықтар Мэлс Хамзаұлы мен кәсiпорындар экологиялық одағының төрағасы (келiсім бойынша)
мына:
«Никитинский - Қазақстан Республикасының Туризм және Евгений Сергеевич спорт жөнiндегі агенттігi төрағасының орынбасары Зәкiриянов - Спорттық туризм және туристiк көпсайыс Қайрат Хайроллаұлы республикалық федерациясының президенті, Қазақстан Республикасының Туризм және спорт академиясының ректоры (келісім бойынша) Казанцев - Қазақстан Республикасы Yкіметінiң Павел Олегович жанындағы Кәсiпкерлiктi дамыту жөніндегі комиссияның мүшесi, Астана қаласы кәсiпкерлердiң құқықтарын қорғау қауымдастығының президентi»
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«Никитинский - Қазақстан Республикасы Индустрия және Евгений Сергеевич сауда министрлігінiң Сауда және туристiк қызметтi реттеу комитетi төрағасының орынбасары Зәкiриянов - Орталық Азия бейiндi жоғары оқу орындары Қайрат Хайроллаұлы қауымдастығының президентi (келісім бойынша) Казанцев - Астана қаласы кәсiпкерлердiң құқықтарын Павел Олегович қорғау қауымдастығының президентi (келісім бойынша)»;
көрсетiлген құрамнан Есiмов Ахметжан Смағұлұлы, Кәрменова Альмира Нұрқасқызы, Савченко Светлана Юрьевна, Тұрлыханов Дәулет Болатұлы, Уажанов Тұрсын Үшбайұлы шығарылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Туризм жөніндегі кеңес туралы ережеде:
19-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттiгi» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Сауда және туристiк қызметтi реттеу комитетi» деген сөздермен ауыстырылсын.
4. ҚР Үкіметінің 2016.23.08. № 476 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы. № 621 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)