Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 30 қазандағы № 1631 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 1155 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 231 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Туризм жөніндегі кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 30 қазандағы № 1631 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 44-45, 534-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулыға қосымшада:
Туризм жөніндегі кеңестің құрамына мыналар енгізілсін:
Орынбаев Ербол Тұрмаханұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға |
Досмұхамбетов Темірхан Мыңайдарұлы | - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі, төрағаның орынбасары |
Қамзебаева Дариға Үсейінқызы | - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Туризм және спортты дамыту стратегиясы департаментінің директоры, хатшы |
Мусин Қобыланды Нұрғалиұлы | - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің жауапты хатшысы |
Айтжанов Дулат Нулиұлы | - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі |
Бектұров Азат Ғаббасұлы | - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі |
Қазыханов Ержан Хозеұлы | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары |
Құсайынов Марат Әпсеметұлы | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі |
Ердәулетов Станислав Рамазанұлы | - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті туризм кафедрасының меңгерушісі, география ғылымдарының докторы, экономика ғылымдарының кандидаты, Қазақстан туристік қауымдастығының мүшесі (келісім бойынша) |
Қалиев Жекен Қалиұлы | - Қазақстан ұлттық туристік ұйымдар конфедерациясының президенті, Қазақстан Республикасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының ықпал ету қауымдастығының төрағасы (келісім бойынша) |
Шаяхметов Асхат Ғалиұлы | - Қазақстан Республикасы Балалар және жастар туристік ұйымдары қауымдастығының президенті (келісім бойынша) |
«Никитинский Евгений Сергеевич - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Сауда және туристік қызметті реттеу комитеті төрағасының орынбасары» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Никитинский Евгений Сергеевич - Қазақстан «АЛАРК» жеңіл авиация қауымдастығының президенті (келісім бойынша)»;
көрсетілген құрамнан мыналар шығарылсын: Мыңбаев Сауат Мұхаметбайұлы, Исекешев Әсет Өрентайұлы, Өскенбаев Қайырбек Айтбайұлы, Қайсаров Уәлихан Әбішұлы, Зәкіриянов Қайрат Хайроллаұлы, Казанцев Павел Олегович, Уәлиев Қазбек Шәкімұлы, Қоңырбаев Уәлихан Сиянбекұлы, Исаев Батырхан Арысбекұлы;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Туризм жөніндегі кеңес туралы ережеде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Кеңес төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, Кеңес мәжілістерінде төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес Кеңес жүзеге асыратын қызметке, сондай-ақ салааралық, ведомствоаралық үйлестіруге және Кеңес әзірлеген шешімдерге дербес жауап береді. Төраға болмаған уақытта оның функциясын орынбасары орындайды.»
19-тармақтағы «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Сауда және туристік қызметті реттеу комитеті» деген сөздер «Туристік қызмет саласындағы уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |