Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 30 қазандағы № 1631 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 сәуірдегі № 387 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 231 Қаулысымен күші жойылды
"Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы Заңын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі
Қаулы етеді:
1. "Туризм жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 30 қазандағы № 1631 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 44-45, 534-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсiн:
1) тақырыптағы және мәтiндегі "үйлестiру кеңесiн", "үйлестiру кеңесi" деген сөздер "кеңес" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) көрсетiлген қаулыға қосымшада:
тақырыптағы және мәтіндегі "Үйлестiру кеңесiнiң" деген сөздер "Кеңестiң" деген сөзбен ауыстырылсын;
Туризм жөніндегі кеңестiң құрамына мыналар енгiзiлсiн: Кәрменова - "Астана қаласының туризм орталығы" Альмира Нұрқасқызы еншiлес мемлекеттік коммуналдық
кәсiпорнының директоры
көрсетiлген Кеңестiң құрамынан: Жидебай Құдайбергенұлы Көпенов, Асқар Алтынбекұлы Құлыбаев, Мұрат Арзаұлы Мұртазаев, Өмiрбай Көпбайұлы Мұсаев, Нұрлан Құсайынұлы Рахметов, Анатолий Александрович Белоног, Нұрлан Әбдiлдаұлы Ысқақов, Владимир Викторович Шнейдмюллер шығарылсын;
3) көрсетiлген қаулымен бекітілген Туризм жөніндегі үйлестiру кеңесi туралы ережеде:
тақырыптағы және мәтіндегі "үйлестiру кеңесi" деген сөздер "кеңес" деген сөзбен ауыстырылсын;
1-бөлiмде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Туризм жөніндегі кеңес (бұдан әрi - Кеңес) "Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабын iске асыру мақсатында құрылды";
4-тармақтағы "Туризм туралы" деген сөздер "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
"5-1. Туризм жөніндегі кеңестiң он бес мүшесi болады, оның жетеуі уәкілетті орган мен өзге де мемлекеттік органдардан, сегіз мүшесi қауымдастықтар мен өзге де туристiк ұйымдардың бiрлестiктерiнен өкiлдiк етедi";
2-бөлімде:
тақырыптағы "мiндеттерi" деген сөзден кейiн "функциялары" деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
"6-1. Кеңестiң функциялары мынадай мәселелер бойынша ұсыныстарды әзiрлеу болып табылады:
1) Қазақстан Республикасында туризмді дамыту 2) экономиканың осы салаларына инвестициялар тарту;
3) Қазақстан Республикасына келудiң қолайлы режимiн қамтамасыз ету және туристердiң шет елдерге шығуы үшiн жағдайлар жасау;
4) республиканың туристік беделiн қалыптастыру;
5) туристiк қызмет саласында мамандар даярлау;
7-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1)тармақшамен толықтырылсын:
"6-1) туристік қызметтердi тұтынушыларды қызметтер көрсетудiң сапасы туралы ақпараттандыру мақсатында оларға бекітілген тәртiп бойынша туристiк ұйымдардың рейтингiн жүргiзедi";
9-тармақтағы "орынбасарларының бiрi" деген "орынбасары" деген сөзбен ауыстырылсын;
10-тармақ алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |